Қазақстан қорықтары


Жоспар
Кіріспе
- Қазақстан қорықтары
- Биосфералық қорықтар
- Мемлекеттік табиғат ескерткіштері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудын маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінін нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттін орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өнірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі
- Желі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдері сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат сябақтары, ботаникалық сабақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар - табиғатты қорғаудын бір түрі. Қазіргі кезде қорықтыр территориялар Жер шарының шамамен 1. 6-2% құрайды. Дүние жүзінде ең ірі ұлттық саябақ Греландияда. Оның ауданы шамамен 7млн., Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5. 3млн. Вуд - Баффало Канада - 4. 5млн, Үлкен Гобий қорығы Моңғолстан - шамамен 4млн.
Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.
Қорықтар - толық қорғаудың жетілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйенің ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи саябақтар жатады. Олардың негізгі міндетті халықты рекреациялық қамтамасыз ету.
Табиғи тіршілік ортаарын қорғаудын әртүрлі формалардың ішінен қорыөтардың орны ерекше. Себебі, өорықтар алуан түрлілікті қамтамасыз етіп отыратын заено болып табылады. Бірақ, ХХ ғ екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірісті улы қосылыстармен, радиациялық ластанц, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Қазақстан қорықтары.
Қазір қазақстан территориясында келесі қорықтар жұмыс істейді:
Ақсу - Жабағылы 1926ж құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мыңға тең. Територия құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико - географиялық ерекшеліктеріне байланысты 2ге бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне 1000 астам өсімдіктер, құстардың 130 астам түрлері, сүт қоректілерден арұарлар, маралдар, суырлар және т. б. кіреді.
Барса - Келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса - Келмес аралында орналасқан. 1939 ж құрылған. Аралдың ауданы 198 км 2 . Аралдың флорасына 130 дан астам өсімдік кіреді. Жануарлар түрі көп емес. Сүтқоректілердің 6 түрі, амфибиялардың 2 түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайгактар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100мыңға тең. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилийалардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатау тау жұтасының топырақ жабыны Альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62 түрі, амфибиялардың 3 түрі, балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құралған. Ауданы 237 мың. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуынын ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резвар ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976жылы құрылған. 71мың га территорияны алып жатыр, оның 44мың га Марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясынан Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1000мыңңан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі деп өте бай, құстардың 232түрі мекендейді, олардың 25түрі ұя салады.
Бетпақ-дала. Сарысу өзенімен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның 4оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.
Қаратау қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150, 6 мың га 1990жылы Шымкент облысынық атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау тау қорығы тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1, 5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары Республикада бірінші орында тұр.
Биосфералық қорықтар.Соңғы жылдары қорғауға арналған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады. Биосфералық қорық жердің әртүрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің “Биогеоциноздарының” эталоны болып табылады. Олар эко жүйелерге жыл бойы және көп жылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорықтық белдеу “биорезерваттың ядросы”, буферлік белдеумен интенсифті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы біртекті ландшавтта және бір бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
Биосфералық қорықтар туралы концепцияның 1974жылы ЮНЕСКО ның “Адам және биосфера” бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ -ның қоршаған орта туралы бағдарламасын “ЮНЕП”, ФАО, МСОП -ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нітижесінде 1984жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.
1992 жылы Рио-Де-Жанейрода өткен Жердің жоғарғы форумында Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылады. Биосфералық қорықтардың осы концепцияны орындауға көмек беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға территориялары мәселесі бойынша Каракас қаласында өткен 4ші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттарды жаңа формалары жасалды.
Биосфералық қорықтар туралы Халықаралық конференция XXIғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.
Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы 3функцияны атқаруы керек:
- Генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы ;
- Тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;
- Зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық - техникалық қамтамасыз ету функциясы сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.
Әрбір биосфералық қорық 3элементтен тұруы қажет.
- Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми -зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, Мысалы: білім беру саласында жүргізіледі.
- Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
- Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын тұрақты игеруімен тиімді пайдалану мақсатындағы әртүрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.
1996 жылдың мамыр айында Алматыда биосфералық резерваттар туралы Халықаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстанда бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жағдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері
Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жұмыстар, үңгірлер, әсем жартастар және т. б жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т. б жатқызуға болады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.
Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 метр, диаметрі 44 метр баобаб табылған. Секвоялардың биіктігі 100 - 110 метр, 3 - 3. 5 мың жылға дейін жетеді.
Беловеж нуында биіктігі 42 метр, диаметрі 9 метр емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалды және рухани мәдениеттінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz