Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
ЖАЛПЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЖҮЙЕЛЕР КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН ЛАСТАНУЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ
Орындаған:
5 курс студенті З. Т. Бекмағанбетова
Ғылыми жетекшісі:
х. ғ. д., профессор Н. Р. Мажренова
Норма бақылаушы:
х. ғ. к., доцент Каримов А. Н.
Қорғауға жіберілді
Жалпы химия және химиялық
экология
кафедрасының меңгерушісі,
х. ғ. д., профессор А. Г. Сармурзина
Алматы, 2007 жыл
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 48 беттен, үш бөлімнен, 10 кестеден, 36 әдебиет көзінен тұрады.
Кілтті сөздер: АҚАБА СУ, ШЕКТІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ, ТАБИҒИ ОРТА, ЭКОЖҮЙЕ.
Зерттеу объектісі ретінде Қаламқас мұнай өндіріс орынының топырағы, суы, ауасы алынды.
Жұмыс мақсаты: Маңғыстау облысының мұнай өндіру территориясының экожүйе компоненттеріне зиянды әсерін бағалау болып табылады. Мұнайдың химиялық құрамы анықталып, ластанған су, ауа, топырақ үлгілері зерттелді. Нәтижесінде ластануды азайту, болдырмау жолдары көрсетілді.
МАЗМҰНЫ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
46
47
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда қоршаған ортаның басты ластаушы көздері - мұнай және мұнай өнімдері болып табылады. Қазақстан үшін басты мәселелердің бірі болып саналатын табиғи экожүйелерді ластаушы аймақтардың біріне Каспий теңізі жағалауындағы Маңғыстау мұнай кеніші жатады. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану флора мен фаунаның, биоценоз құрамының өзгеруін туғызады. Мұнайдың улылық дәрежесі олардың химиялық құрамының әртүрлі мөлшерімен, әсіресе ұшқыш ароматты көмірсутектердің (толуол, ксилол, бензол) құрамымен анықталады. Белгілі - бір аймақтағы экожүйенің ластануын кешенді зерттеу - біздің жағдайымызда Маңғыстау өңірінің табиғи ортасының әр түрлі құрам бөліктерінің, атап айтқанда атмосфералық ауаның, топырақтың, қар жамылғысының, беттік сулардың, түптік шөгінділердің интенсивті антропогендік ластануға душар болған өндірістік аймақтағы биотаның ластану дәрежесін уақыт және кеңістік бойынша бақылауды, ластануға байланысты қосымша мәліметтерді жинауды қарастыратын, қоршаған ортаның ластануын жан - жақты талдау болып табылады.
Кешенді зерттеу жүргізу мақсатымыз - мұнай өңдеу саласының салдарынан интенсивті антропогендік әсерге душар болған Маңғыстау өңірінің экожүйесінің ластануы жайлы неғұрлым нақты және толық мәліметтер алу.
Кешенді зерттеу жүргізудегі негізгі міндет:
1) Қоршаған табиғи ортаның негізгі компоненттерінің ластану дәрежесіне және оның болашақтағы тенденциясына жан - жақты анализ жасау;
2) Мұнай өңдеу саласының объектілерінің табиғи процестерге кері әсерін бағалау;
3) Зерттеуге алынған аймақтағы экожүйелерге әсер ететін факторлар мен негізгі көздерді анықтау;
4) Басым ластаушы заттарды, сонымен қатар неғұрлым кері әсерге душар болған қоршаған табиғи ортаның құрам компоненттерін анықтау;
5) Қоршаған ортаның ластану себебін зерттеу;
Қоршаған табиғи ортаның ластануын кешенді зерттеудің концептуалды негізі ретінде табиғи және антропогендік көздердің анализін қамтитын геожүйелік бағыт қолданылады. Қазақстан республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу концепциясында дамудың әлеуметтік, саяси, экономикалық, экологиялық факторларының өзара жанаса дамуы және еліміздің халқының өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған бірыңғай процесс екені қарастырылған.
Табиғи ортаның өзін - өзі қайта қалпына келтіру және антропогендік әрекеттің зардаптарын қайтадан орнына толтыруға жеткілікті қабілеттері бар ландшафталық, биологиялық әртүрлілікті сақтап, қайтадан қалпына келтіру үшін елімізде ғылыми негізделген шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру шаралары келесі жолдармен жүзеге асырылады:
-қоршаған ортаның сапасына қарай жүйені басқаруды оптималдау;
-табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік бағыт қолдану;
-мемлекеттік, өндірістік, қоғамдық және өндірістік бақылау жүйелерін, сонымен қатар экологиялық аудитті жетілдіру;
-қоршаған ортаның қадағалау жүйесін дамыту;
-жер және су ресурстарының ауа бассеинінің ластануының алдын-алу;
-климатқа және жердің озон қабатына антропогендік әсерді төмендету;
-биологиялық әртүрлілікті тұрақты дамыту және сақтау;
-аса қорғауға арналған табиғи аймақтарды еліміздің аймағына шаққанда 10 %-ға дейін көлемін кеңейту;
-табиғи жүйелердің тұтастығын қайта қалпына келтіру және сақтау, соның ішінде гидротехникалық құбырларды, жеңіл көлік және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын салуда және ауыл шаруашылық әрекеттер барысында олардың фрагментке бөлінуінің алдын-алу;
-өндірістік объектілердің өмір сүру циклы тоқтағаннан кейін табиғи ландшафтыларды қайта қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
-экологиялық зардапқа ұшыраған зоналарды космостық және әскери сынақ кешеніндегі полигондарды реабилитациялау;
-Каспий теңізі айлағының және оған етене жақын аймақтардың ластануының алдын-алу;
-өндірістік және қолданыс қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу көлемін арттыру;
-халықаралық бірлестіктерді кеңейту.
Қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен халық денсаулығын сақтау, мемлекеттік саясаттың тұрақты даму саласындағы маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Халық денсаулығын зиянды экологиялық факторлардан сақтау мақсатында келесі шаралар жүзеге асады:
-экологиялық қауіп - қатерді бағалау және оны төмендету үшін программалар құру;
-халық қоныстанған аймақтарда қоршаған ортаның сапасына нормативті шартты түрде қамтамасыз ету қажет;
-су құбырларындағы сулардың және ауыз сулардың сапасына талаптарды арттыру;
-тұрғын үйлердегі ортаның жағдайын әсіресе радиоактивті параметрлерді бақылау;
-экологиялық зардаптарға байланысты туындаған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар салу;
-қоршаған ортаны қорғау саласына халықаралық конвенциялармен келісімдерде қарастырылған халықаралық қаржы экономикалық механизмдерді қолдану;
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми негізбен жүргізу. Қазақстан республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми негізде жүргізу еліміздің тұрақты даму жолын анықтайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Қазақстан республикасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым келесі негізгі бағыттармен дамуы тиіс:
-тұрақты даму саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу;
-қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негізін жасау;
-қоршаған орта жағдайының индикаторлар жүйесін қорғау;
-экологиялық аймақтау;
-локальды экологиялық шешу жолдарын қарастыру;
-аз қалдықты ресурстарды үнемдейтін жаңа экологиялық тиімді технологияны жасау.
Қоршаған ортаны қорғауда ғылымды негіз ретінде қолдану елімізде туындаған көптеген экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Себебі, ғылыми зертханаларда туындаған әдістерді қоршаған ортаның құрам компоненттерін қайта қалпына келтіруде қолдану келеңсіз құбылыстарды шешуге мүмкіндік береді.
I. Зерттелетін аймақтың табиғатына және шаруашылығына сипаттама (Қаламқас кен - орны өңірін қамтитын аймақ) .
1. 1. Зерттелетін аймақтың жалпы географиялық сипаттамасы
Маңғыстау облысы Касспий теңізінің солтүстік жағалауында орналасқан. Жер аумағы 165, 7 мың км 2 . Маңғыстау облысына төрт түбек енеді. Олар: Бозашы, Түпқараған, таулы Маңғыстау және Маңғыстау. Тұрғыны 349, 6 мың адам. Жер бедері күрделі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 - ге 2, 1 адамнан келеді. Қала халқының үлесіне бүкіл халықтың 80, 3% келеді. Қалалары Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко. Ақтау қаласы - облыс орталығы, 175600 тұрғыны бар және Қазақстанның жалғыз теңіз порты болып табылады. Қазіргі кезде 2 электр жүйесі, атом энергетика комбинаты, Каспий орта машина жасау, мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктері, пластмасса зауыты, еншілес мемлекеттік және өндірістік кәсіпорындар, ұлутас және басқа құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, Қазақ балық флотының кәсіпорындары, тігін фабрикасы мен сүт зауыты жұмыс істейді.
Маңғыстау облысы республикамыздағы минералды-шикізат ресурстарын қамтитын аймақтың бірі. Мұнда мұнайдың - 24 % сақтаулы, 8 % -табиғи газ, 0, 7 % - конденсат, 3, 2 % - урандық руда, 0, 3 % - фосфориттер, 100 % - сирек кездесетін элементтер бар. Аймақ мұнай, газ және конденсат секілді шикізаттарға аса бай. Облыста көмірсутекті шикізаттардың 69 кен орны белгілі. Атап айтқанда, мұнда мұнай қорының үлесі 735 млн. т., газдың үлесі 164 млрд. м 3 , Ластаушы көзі ретінде Қаламқас, Жетібай, Арман, Доңға, Қаражанбас кен орындары, сонымен қатар, автокөлік және өндірістік кәсіпорындар болып табылады.
1. 2. Зерттелетін аймақтың климатына сипаттама
Маңғыстау өңірі континенталды жартылай шөл климаттық аймаққа кіреді. Негізгі климаттық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
1 кесте - Аймақтың климаттық көрсеткіштері
Орташа айлық температура:
-салқынырақ айдағы, 0 С
-қатты ыстық айдағы, 0 С
-8
+30
Ауаның ылғалдылығы:
-суық мезгілдегі, %
-жылы мезгілдегі, %
75
56
1 кестенің жалғасы
Желдің жылдамдығы:
-қаңтардағы ең жоғары мән, м/с
-шілдедегі ең төменгі мән, м/с
8, 9
5, 1
Желдің бағыты:
-суық мезгілде
-жылы мезгілде
Шығыс, оңтүстік-шығыс
Солтүстік, солтүстік-батыс
Кестеден көрінгендей, ауаның аса жоғары температурасы +43°С, ал аса төмен температурасы - 27°С. Топырақ бойының қату температурасы 0, 8м. Аймақтың климаты ауа массасы күйінің әсеріне қарай өзгеріп отырады. Жылдың суық периодында ауа массасы европа континентінің батыс бөлігінен келсе, жылдың жылы периодында ол Орта Азия және Иран шөлдерінен келетін қызған ауа массаларымен алмасады. Жылы атлантикалық ауа массалары территорияның ылғалдылық дәрежесіне ешқандай әсер етпейді, себебі ауа құрғақ күйде келеді және де өңірдің тегістік сипаты ауа массасының ғайларындағы температуралық режим тұрақсыз. Температура +13°С-дан +15°С-ға дейін көтеріледі, ал ыстық күндер 20-күнге жетеді . Ызғарлы қыс 20-25 жылда бір болады, бұл кездерде ауа температурасы -20° және -30°С дейін төмендейді. Көктем айларында ауа температурасы интенсивті түрде жоғарылайды. Температураның артуындағы тәуліктік ауытқуы 10°С тең. Жаз айы өте ұзақ. Ашық құрғақ ауа басым. Жаз мезгіліндегі орташа айлық температура 30°-31°С, кей кездерде 42°-43°С-қа жетеді. Күз айы жылы және құрғақ. Қыркүйек айының орташа температурасы 25°С, қазан айының орташа температурасы 15°С. Қараша айының орташа температурасы 6°С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы оның температуралық режиміне және атмосфераға ылғалдың түсуіне байланысты. Жылдың суық мерзіміндегі ылғалдылық дәрежесі 80%. Ылғалдылық дәрежесі жаз айларында өте төмен (60-62%) . Қаламқас, Қаражанбас мұнай-кен орындары Маңғышлақ жартылай арал аймағының климаты мен солтүстік шығыс климаттық аймақтың шекарасында орналасқан. Қысы суық, тұрақсыз, бұлтты ауа - райы тән. Ызғарлы, суық қараша айының ортасынан басталады. Жылдың аса суық айында ауа температурасы күндіз 4°С-тан 6°С дейін, ал қыста -7°С тан -15°С-қа дейін болады. Топырақ бойының қату тереңдігі 80 см. Тұманды күндер 6 ай бойы созылады.
1. 3. Зерттелетін аймақтың экожүйесін ластаушы көздер
Жер бетіндегі тіршілік пен жансыз дүниенің арасында гармониялық қатынас бар. Бұл гомеостаз бұзылса адам өміріне зиян келеді. Табиғатта жаратылған тау, өзен, орман, өсімдік әлемі, тағы жануарлар себепсіз жойылмай, бұзылмай қорғанышы болуымызды қажет етеді. Мұнай жерге де, суға да төгіліп зиян келтіреді. Жерде өсімдік өспейді, мұнай буымен ауа бұзылады. Су бетіндегі мұнай ауа мен су буының табиғи алмасуын тоқтатады және тіршілігін жояды. Тек танкерлерді тазартқанда теңізге төгілетін мұнай мыңдаған тоннаға жетеді.
Топырақ қасиеттерінің өзгеру дәрежесі олардың меншікті қарсыласуымен, кескіннің тереңдікте бұзылуына, топырақ қабатының орналасу және алмасуымен тікелей байланысты. Мұнаймен химиялық ластану топырақ кескінінің мұнай өнімдерімен қанығуына және битумды қабаттың түзілуіне әкеледі. Аз ластану дәрежесі кезінде топырақ кескіні 5см аз тереңдікте мұнаймен қанығады, битум қабығы түзілмейді; Орташа - 5-10 см сәйкес, күшті -10-11см (жиі битум қабығы түзіледі) ; өте күшті - 20 см жоғары тереңдікте мұнаймен қанығады, әр түрлі тереңдікте битум қабығы түзіледі. Мұнаймен ластанған топырақ кескіні қою қоңыр және шайырлы қара түсті, битум қабығы жабысқақ, тығыз болып келеді. Ластанған топырақта шірінді мөлшері және сіңірілген негіздер ластануының дәрежесі жоғарылайды. pH-ортасы, азот, нитрат мөлшері, интерфаза және дегидрогеназды белсенділік қарқындылығы төмендеп, улы металдар (қорғасын, кобальт т. б) мөлшері көбейеді. Мұнаймен химиялық ластану жиі топырақ кескінінің техногенді бұзылуы мен тұздануына әкеледі. Мұндай өнеркәсіптік ағын сулармен аккумуляциялану кезінде ерекше техногенді морфологиялық кескінді сортаң және сор топырақтар түзіледі.
Көміртегі, азот және күкірт оксидтерінің қышқылды жаңбырдың ең негізгі құрам бөліктері екенін, олардың табиғи жолмен антропогендік жолмен атмосфераға тарайды.
Күкіртті қышқыл дымқыл ауада біртіндеп күкірт қышқылына айналады. Күкірт және күкіртті қышқылдың атмосферадағы үлесі 2/3, ал қалған бөлігі азот және азотты қышқылдар құрайды. Олар азот (IV) оксидінің су буының әсерінен түзіледі.
Мұнай өнімдерін өндіру және өңдеу кезінде бөлінетін қалдықтар және факельдерде жағылатын леспе газдар қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Озық технологияның жетіспеуінен өндірілетін мұнай мен газдардың көп бөлігі ысырап болуда. Мұнай өнімдерін, мазутты және тас көмірді жаққанда атмосфераға түтінді газдар мен көміртегі оксидтерінен басқа, күкірт (IV) оксиді бөлінеді, ал ауадағы оттегімен және су тамшыларымен әрекеттесіп күкірт қышқылын түзеді, яғни қышқылды жаңбырлар пайда болады. [30]
Озон қабаты адам баласының қорғанышы, күннің ультракүлгін сәулелер артығын ұстайды және кері шағылтады. Жердің де зиянды булануынан қорғайды. Ауаға көтерілетін қатты заттардың түйірлері 10 милимикрон болатындары бір ай бойы ауада болып жерге оралады. Түйірлері 4-10 милимикрон шамасындағылар бұрынғы көтерілген жерінен ұзақ сапар шегеді де едәуір қашықтықта барып жерге түседі. Қатты түйірлердің барлығы да әр мезгілде жерге оралады. Атмосфераның өзінен-өзі тазаланып тұруына икемділігі осындай. [4]
Қаламқас мұнай - газ кен-орны көздері бөлетін зиянды заттардың физико-химиялық және уландырғыш қасиеттерін талдап, олардың ең қауіптілері-күкіртсутегі, азот және күкірт (IV-VI) оксидтері. Күкіртсутегінің қауіптілік деңгейі жоғары, сонымен бірге ауадан ауыр болғандықтан жер бетіне жақын жерге жинақталады. Мұнай кен орындары және тұрмыстық ағынды сулардың көмірсутектері мен улы химиялық қосылыстар жыл сайын қоршаған ортаға түсіп ластайды. Оларды тазартуда механикалық, химиялық, микробиологиялық әдістер қолданылады. Механикалық және химиялық әдістерімен тазалау толық және тиімді емес. Қазіргі таңда микробиологиялық әдістердің тиімділігі жоғары бағалануда. Табиғи ортада организмдердің өзі де органикалық заттарды бөледі, бірақ табиғаттың өздігінен тазалану процесі баяу жүреді. Ластанған сулардың өздігінен қалпына келуі бірқатар факторларға байланысты. Олар физикалық, химиялық және биологиялық факторларға байланысты. Алғашқы екі фактордың әсерінен мұнай мен мұнай өнімдерінің деструкциясы соңына дейін жүрмейді. Биологиялық факторлар су қоймаларының өздігінен тазалану процесінде алдыңғы орынды иеленеді. Онда шешуші рөлді мұнай тотықтарын микроорганизмдер атқарады. Олардың әсерінен мұнай қарапайым қосылыстарға дейін трансформацияланады, одан әрі су қоймаларындағы көміртек айналымына қатысатын және органикалық заттардың жинақталуы жүреді.
Микроорганизмдер негізінде жасалынатын биопрепараттар әлемдік деңгейде қолданылады. Мысалы «Путидойл», «Микозим» бактериалды препараттары Ресейде нәтижелі пайдалынылады. Мұндай тазарту әдістерін қолдану АҚШ-та XX ғасырдың өзінде қолға алынған болатын. Қазақстандық зерттеушілер мұнай және мұнай өнімдерін ыдырататын препараттарын өңдеуде.
1. 3. 1. Атмосфераны ластайтын өндірістік көздерден шығарылатын ластаушы заттар
Қаламқас өңіріндегі МКӨАЦ-да (Мұнайды кешенді өңдеу және айдау цехында) мұнайды дайындау кезінде атмосфералық ауаның ластануы келесі ингриеденттердің әсерінен жүреді:
-резервуардағы мұнайдың ауа клапандары арқылы булану нәтижесінде францалық жалғастырғыштардың және тығыздап-реттеуші арматуралардың мықты бекімегендігінен бөлінетін көмірсутектер;
-мұнай газдарының, сонымен қатар мұнайды қыздыру пештерінде отын ретінде пайдалынылатын серіктес газдардың жану өнімдері болып табылатын көміртегі оксиді, азот оксиді, күл, метан, көмірсутектер.
МКӨАЦ (мұнайды кешенді өңдеу және айдау цехында) атмосфераға лақтырылатын ластаушы заттардың негізгі көздері:
-факель;
-технологиялық резервуарлар;
-ГСМ жинақтамасы;
-су резервуарлары;
-буферлі резервуарлар;
-мұнайды қыздыру пештері;
-пештердегі үрлеуші свечкалар;
-сеператорлар;
-насостар;
-дренажды жинағыштар.
Атмосфераға лақтырылатын ластаушы заттардың мөлшері 2 - кестеде берілген. МКӨАЦ - да пайдаланылған қондырғыдан лақтырылатын ластаушы заттардың жалпы мөлшері 20, 947г/сек немесе 651, 011т/ж.
2- кесте - Атмосфераға лақтырылатын ластаушы заттардың мөлшері
Кестеде көрсетілгендей зерттеліп отырған аймақтың атмосфералық ауасының құрамындағы азот оксидтері және көміртегі оксидтері шекті рұқсат етілген мөлшерден салыстырмалы түрде жоғары. Бұл оксидтердің мөлшерінің ауа құрамында жоғары болуы келеңсіз экологиялық құбылыстардың тууына ғана емес, сондай-ақ, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ал күл, метан, көмірсутектер мөлшері шекті рұқсат етілген мөлшерден аспайды.
Атмосфералық ауаға лақтырылатын заттардың мөлшерін азайту, сондай-ақ ластаушы заттардың жер бетілік концентрациясын төмендету мақсатына кешенді технологиялық және арнайы шаралар ұйымдастырылады:
-құбыр қабырғалары есептеу бойынша алынған қалыңдықтан да одан әрі жұқарған жағдайда ескірген аймақтарын ауыстыру:
-барлық қондырғылардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей мұнай мен газды дайындаудың технологиялық процестерін автоматтандыру;
-мұнайды айдау және дайындау жүйелеріне ауаның енуін болдырмау;
-мұнаймен ластанған жерлерді рекультивациялау;
Сонымен қатар мұнайды айдау және дайындау процестерін жаңа талаптарға сай жаңарту жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Атап айтқанда:
-өңделетін сұйықтықтардың және газдардың қасиетіне қарай белгілі-бір көлемде коррозияның ингибиторларын қолдануды қамтамасыз ету;
-қондырғыларды коррозиядан арнайы қорғаушы сыртқы қаптарды, антикоррозиялық изоляцияларды күшейту секілді шараларды жүзеге асыру;
-құбыр жүйесіндегі ақауларды анықтайтын құбырлардың техникалық жағдайын бақылайтын диагностикалық құралдар дайындау;
-құбырларда тұздардың, асфальт-шайырлардың, парафиндердің жиналуын болдырмау үшін дер кезінде тазалау жұмыстарын жүргізу;
-МКӨАЦ-да атмосфераға лақтырылатын ластаушы заттарды ШМК-да (ПДК) шығару мақсатында жүргізілетін шаралар;
-факельде газдардың күлсіз жануын қамтамасыз ету;
-алдын-ала сақтандырғыш клапандарға тексеру жүргізу;
-мұнайды, суды қыздыру пештеріне, газды қондырғыларға тексеру жүргізу.
Қаламқас өңірі ғана емес, Маңғыстау облысының барлық аймақтарындағы атмосфералық ауа, мұнай-газ кешені, химия өнеркәсіптері салдарынан ластанған. Аймақтағы стационарлық көздерден лақтырылған ластаушы заттардың 1999-2006 жылдардағы жылдық көрсеткіштері 1-суретте көрсетілген.
1сурет - Аймақтағы стационарлық көздерден лақтырылған ластаушы заттардың 1999-2006 жылдардағы жылдық көрсеткіштері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz