Мұнай-газ саласындағы инвестициялық-инновациялық даму проблемалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Теориялық аспектілерді қалыптастырудың инвестициялық.инновациялық стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Ұлттық экономиканың инновациялық факторының өсу бәсекелестігі әлемдік нарықта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Мұнай саласындағы инвестициялық саясат: тиімділікті бағалаудың макроэкономикалық жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2. Мұнай.газ саласындағы инвестициялық.инновациялық даму проблемалары ... ... .23
2.1. Қазақстанның индустриалдық.инновациялық дамуы: аналитикалық шолу.23
2.2. Қазақстанның мұнай.газ кешеніндегі индустриалдық . инновациялық қызметіне баға беру ... ... ... ..42
2.3 Атырау мұнай өңдеу зауытының инвестициялық қызметіне талдау ... ... 54

3. Мұнай.газ саласының дамуындағы инвестициялық.инновациялық проблемаларды шешудің негізгі жолдары ... ... ... ... ... 65
3.1. Қазақстандағы инвестициялық.инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
3.2. Қазақстандағы мұнай.газ өндірісінің инновациялық қызметінің даму бағыттары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..92
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... 98
Қосымша

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Теориялық аспектілерді қалыптастырудың инвестициялық-инновациялық
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Ұлттық экономиканың инновациялық факторының өсу бәсекелестігі әлемдік
нарықта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Мұнай саласындағы инвестициялық саясат: тиімділікті бағалаудың
макроэкономикалық жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2. Мұнай-газ саласындағы инвестициялық-инновациялық даму
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23
2.1. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуы: аналитикалық шолу.23
2.2. Қазақстанның мұнай-газ кешеніндегі индустриалдық - инновациялық
қызметіне баға беру ... ... ... ..42
2.3 Атырау мұнай өңдеу зауытының инвестициялық қызметіне талдау ... ... 54

3. Мұнай-газ саласының дамуындағы инвестициялық-инновациялық проблемаларды
шешудің негізгі жолдары ... ... ... ... ... 65
3.1. Қазақстандағы инвестициялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
65
3.2. Қазақстандағы мұнай-газ өндірісінің инновациялық қызметінің даму
бағыттары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...92
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... 9 8
Қосымша

Кіріспе
Бүгінгі ғаламдану үрдісіне бет бұрған жаңа уақыт талабы табиғи
ресурстарды барынша тиімді пайдаланып, өнімділіктің деңгейін арттыруды
қажет етуде. Мұндай дәрежеге, әрине, ел экономикасының түрлі секторлары мен
әрқилы құрылымдары деңгейінде, аймақтар мен бүкіл әлемдік шаруашылық
көлемінде үзбей жүргізілетін инновациялық әрекеттердің есебінен қол
жеткізіледі. Сондықтан да инновациялық сала әлемдік нарықта экономиканың
бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің басты шарты және оның негізі ретінде
қарастырылады. Инновацияның ең басты белгісі олардың жай ғана дәстүрлі
жүйелерді бұзуында емес, іскер кәсіпкерлерге жай тәуекелдіктен гөрі
әлдеқайда үлкен пайда әкелуінде. Американдықтар 70 жылдары сәтті жасалған
17 жаңашылдықтан түскен пайда көлемі жалпы қордың 56% -ын құрағанын есептеп
шығарған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауында қоғамның дамуының басты басымдылықтарының бірі ретінде шетел
инвестициялары мен ішкі жинақтардың жоғарғы деңгейімен сипатталатын ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді және әлемдік
экономикаға мұнай мен газды, электр жарығын шығаруды атап көрсетті. Бұл
біздің еліміздегі экономиканы дамытудың қайнар көзі болып саналатын мұнай-
газ секторындағы инвестициялық-инновациялық мәселелерді шешудің
маңыздылығын айқындай түсті.
Осы орайда ғылымның іргелі бағыттары мен өнеркәсіптік ҒЗжТКЖ-ны (ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды) қажетті қаржымен
қамтамасыз етіп, ел дамуының тежелуін жоюға көмектесетін ғылыми жаңашыл
идеяларды қолдаудың стратегиялық дұрыс жолын таңдау қажет. Түпкі мақсатында
ақпараттық өнім, жаңа техника, іргелі зерттеулер мен білімді құрауға
арналған барлық еңбектер мемлекет тарапынан жоғары ұлттық басымдылық
ретінде қолдауға ие болуы керек. Сонымен бірге озық жобаларды, жаңа
технологияларды өндіріске енгізуде кең кооперативтік байланысқа арқа
сүйейтін, тұрғындарды өндіріс тауарларымен қамтамасыз ететін, көпшілік
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін мемлекеттік
емес ірі капиталдарды да, шетелдік инвестицияларды да пайдалану тиімді. Ірі
өнеркәсіптік және қаржылық қолдау негізінде көлемді іс жүргізуге бейім
жекелеген кәсіпкерлердің өз ісін жандандыруына қажетті шаруашылық және
қаржылық механизмдерді құрған абзал.
Инновацияның кең өрістеуі үшін бәсекелестік ортаны қалыптастыру да
маңызды шарттың бірі болып саналады. Инновация өнеркәсіпте әрқашан да
пайданың басты көзі, жаңа нарықтық өтімділіктің кілті және экономикалық
дағдарыстарды жоюдың да бірден-бір жолы болып саналады. Еліміздің
халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы инвестициялық-
инновациялық проблемаларды анықтау үшін, біріншіден, оның жаңа, жақсы өнім
немесе өндірістік процесті құрудағы мәнін түсіну, екіншіден, ивестициялық-
инновацияның белгілі бір тауарды өндіруде барынша арзан шикізатты
пайдалануға, маркетинг саясатын өзгертуге, жаңа нарық пен сервистің жаңа
сатысына көтерілуге ықпал ететін рөлін жете білу қажет. Міне, осы бағыттағы
зерттеулердің бүгінгі таңда кең өрістеп келе жатуы да бұл тақырыптың
өзектілігін көрсетеді. Бұл мәселеге арналған арнайы зерттеу еңбектерінің
қатарында М.Б. Кенжеғозин, Ф.М Дінішев, Ф.Г. Әлжановалардың техникалық-
экономикалық дамудың ұлттық моделіне арналған, М.Жанабіловтың Қазақстанның
мұнай-газ саласын өркендетідегі инвестицияның рөлі мен маңызын дәйектеген
зерттеулерін атауға болады.
Мұнай саласындағы инвестициялық саясаттың басым бағыттарын анықтауда
еліміздің көшбасшы зауыт – Атырау мұнай өңдеу зауытының қазіргі
инвестициялық-инновациялық қызметіне кеңінен талдау жасалуы да бір
кәсіпорынның мысалында Қазақстанның қазіргі экономикалық деңгейін танытуға
жол ашатыны белгілі. Сонымен қатар АМӨЗ-де қалыптасқан жағдай еліміздегі
мұнай-газ өндірісінің инвестициялық-инновациялық қызметінің даму бағыттары
мен стратегиясын анықтауға да негіз болды. Міне, бұл да диплом жұмысының
көкейкесті мәселеге арналғанын тағы бір дәлелдейді.
Зерттеу нысанасы: Қазақстанның мұнай-газ саласындағы инвестициялық-
инновациялық қызметтің барысы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ұлттық экономиканың дамуындағы инвестициялық-
инновациялық саясаттың мәнін ашып, оның қазіргі кезеңдегі маңызы мен
болашақтағы даму бағытын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Инвестициялық-инновациялық саясаттың ғылыми-теориялық негіздерін,
бағыттарын анықтау.
2. Қазақстандағы мұнай-газ секторындағы инвестициялық-инновациялық
қызметтің қазіргі жағдайын талдау (АМӨЗ мысалында).
3. Ел экономикасын дамытудағы инвестициялық-инновациялық проблемелерды
шешудің жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдістері: ақпарт көздерінен алынған мәліметтерді талдау,
саралау, ғылыми ой тұжырымдарды жүйелеу; алынған статистикалық
мәліметтерді салыстыру; ізденіс үстінде анықталған мәселелер бойынша ой
қорыту, зерттеу нәтижелерін кесте, сызба түрінде жинақтау, т.б.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс
соңында пайдаланылған әдебиеттер мен қосымша материалдар ұсынылған.
Кіріспеде зерттеу жұмысының нысанасы анықталып, өзектілігі негізделіп,
жұмыстың мақсаты мен одан туындайтын міндеттер белгіленген. Зерттеу
әдістері сараланған.
Диплом жұмысының негізгі бөлімі үш тарауға жіктелген. Теориялық
аспектілерді қалыптастырудың инвестициялық-инновациялық стратегиясы деп
аталатын бірінші тарауда ұлттық экономиканың инновациялық факторының өсу
бәсекелестігінің әлемдік нарықтағы сипатын анықтай отырып, мұнай
саласындағы инвестициялық саясаттың тиімділігін бағалаудың
макроэкономикалық жолдары нақтыланды.
Екінші тарау Мұнай-газ саласындағы инвестициялық-инновациялық даму
проблемалары деп аталды. Онда Қазақстанның өнеркәсіптік-инновациялық
дамуына аналитикалық шолу жасалып, Қазақстан мұнай-газ кешеніндегі
өнеркәсіптік-инновациялық қызмет бағаланды. Осы орайда Қазақстандағы мұнай-
газ саласындағы жетекші кәсірорын Атырау мұнай өңдеу зауытының
инвестициялық қызметіне талдау жасалды.
Үшінші тарауда Мұнай-газ саласының дамуындағы инвестициялық-
инновациялық проблемаларды шешудің негізгі жолдары деген тақырыптың аясына
мұнай-газ өндірісінің дамуының инвестициялық-инновациялық проблемаларын,
оның ішінде инвестициялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу мен
Қазақстандағы мұнай-газ өндірісінің инновациялық қызметінің даму бағыттары
мен перспективалары туралы материалдар шоғырланған.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қорытынды бөлімде жинақталып,
тұжырымдалған.
Диплом жұмысында 5 кесте, 1 диаграмма қамтылған.

1 тарау. Теориялық аспектілерді қалыптастырудың инвестициялық -
инновациялық стратегиясы
1.1. Ұлттық экономиканың инновациялық факторының өсу бәсекелестігі әлемдік
нарықта

Бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары: ішкі макроэкономикалық
әлеует; жаңа тұрғылар негізінде басқару деңгейі; пайдалылық пен
жауапкершілік; ғылыми-техникалық әлеует; халықаралық еңбек бөлінісінде,
саудада, инвестициялар ағымына қатысу деңгейі; бәсекелестік ортаның болуына
үкіметтік саясаттың әсер ету деңгейі; қаржы жүйесінің сапасы мен
тиімділігі; инфрақұрылымның жағдайы; еңбек ресурстарының жағдайы мен
кәсібилігі; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдаяттар.
Қазіргі заманғы әлем шаруашылығы жүйесі ресурстың аз жағдайында
өнімділікті ұдайы ұлғаю қажеттігімен сипатталады. Сондықтан бұл жүйеде оның
құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы байланысты ресурстарды қолдану
тиімділігін арттыру мақсатында қайта құру үнемі жүргізіліп отырылады. Бұған
ел экономикасының түрлі секторлар мен әрқилы құрылымдар деңгейіндегі,
аймақтар мен бүкіл әлемдік шаруашылық көлемінде де үзбей жүргізілетін
инновациялық әрекеттердің есебінен қол жеткізіледі.
Инновациялық сала әлемдік нарықта экономиканың бәсекеге
қабілеттілігінің өсуінің құраушы негізі ретінде қарастырылады.
Қазақстандағы ғылымның іргелі бағыттары мен өнеркәсіптік ҒЗжТКЖ-ны (ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды) қажетті қаржымен
қамтамасыз ете алмай отырған жағдайда ел дамуының тежелуін жоюға
көмектесетін ғылыми жасалымдарды қолдаудың стратегиялық дұрыс жолын таңдау
қажет. Түпкі мақсатында ақпараттық өнім, жаңа техника, іргелі зерттеулер
мен білімді құрауға арналған барлық еңбектер мемлекет тарапына жоғары
ұлттық басымдылық ретінде қолдауға ие болуы керек.
Сондай-ақ, мемлекет қаржысын көзге түскен, болашағы бар жобаларға, жаңа
технологияларға салуды ұйымдастыру қажет, ел ішіндегі кең кооперативтік
байланысқа арқа сүйейтін, тұрғындарды өндіріс тауарларымен қамтамасыз
ететін, көпшілік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал
ететін мемлекеттік емес ірі капиталдарды да пайдалану тиімді. Ірі
өнеркәсіптік және қаржылық қолдау негізінде көлемді іс жүргізуге бейім
жекелеген кәсіпкерлердің өз ісін жандандыруына қажетті шаруашылық және
қаржылық мехенизмдерді құрған абзал. Әйтсе де, шағын бизнестің көпшілік
тауарларды шығаруына көмектесетін тәуекелшілдігі мен қосалқы нарықтық
нәпақасын табу мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Бәсекелестік ортаны
қалыптастыруда ұлттық нарықты қалыптастыруды кәсіпорындарды күштеп тарату
мен капиталды ыдыратып бөлу өзін-өзі ақтаған жоқ. Американдық статистиканың
мәліметі бойынша негізгі капитал ірі корпорациялардың, олардың ішінен тағы
ірілене түсетін кәсіпорындар есебінен ұлғаяды екен. Кәсіпорындардағы
консолидарлық капиталды мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен
нарыққа бағдарланған қолданбалы-зерттеулерге қолдау жасауды көтеру қажет.
Инновациялар ХХ ғасырдың өнеркәсіптік дертіне айналды. Бизнесмен үшін
олар пайданың басты көзі, жаңа нарықтық өтімділіктің кілті болып саналады.
Экономикалық дағдарыстарды жою үшін үкімет инновацияға бәс тігіп отыр.
Инновациялық даму соғыс жылдарынан кейін өріс алған “ұтымды экономика”
тұжырымдамасын әлдеқашан алмастырған. Кембридж университетінің профессоры
Грегори Дейнстің пікірінше, инновациялар оңшыл және солшыл саясаткерлерді
біріктіруші жаңа өнеркәсіптік дінге айналды.
Еліміздің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы
инновацияның рөлін анық тану үшін, ең алдымен, инновация ұғымының өзін
нақтылау керек. Әдетте, инновацияны - жаңа, жақсы өнім немесе өндірістік
процесті құру деп түсіну басым.
Екінші жағынан, инновацияға белгілі бір тауарды өндіруде барынша арзан
шикізатты пайдалануды, маркетинг саясатын өзгертуді, жаңа нарық пен
сервистің жаңа сатысына көтерілуді жатқызады.
Инновацияның ең басты белгісі олардың жай ғана дәстүрлі нәрселерді
бұзуында емес, іскер кәсіпкерлерге жай тәуекелдіктен гөрі әлдеқайда үлкен
пайда әкелуінде. Американдықтар 70 жылдары сәтті жасалған 17 жаңашылдықтан
түскен пайда көлемі 56% -ды құрағанын есептеп шығарған (1-сурет).

1-сурет. Корпоративтік шығындар
Жоғарыда көрсетілгендей, инновациялар жай қосалқы ресурстарды
тартқаннан гөрі әлдеқайда үлкен пайда әкелген. Сондықтан бүгінгі таңда
елімізде инновациялық қызмет әлемдік шаруашылықта еліміздің бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың маңызды факторына айналып отыр. Қазіргі
инновацияға деген құштарлық “суық соғыс” кезеңіндегі қаруға құштарлықтан
кем соғып тұрған жоқ. Британияның "The Economist" журналының мәліметі
бойынша алдыңғы жылдарға қарағанда 1990 жылы R&D-ға (бұл термин біздің
ҒЗжТКЖ–ға барабар) жіберген шығын 10%-ға өскен! Ал Швецияда, Данияда,
Канадада және АҚШ-та бұл көрсеткіштің деңгейі 17-26%-ға жеткен. Бұл аталған
мемлекеттерде жоғары технологиялармен байланысты өндірістерді дамытуға
ерекше көңіл бөлінетінін дәлелдейді. Онда Кондратьевтің төртінші циклын
танытатын өнеркәсіптің көне салаларының өз мәнін жоя бастайтыны белгілі.
Салыстырмалы түрде британдық және итальяндық фирмалар R&D-ға жіберетін
шығын көлемін 5% және 3%-ға көбейтті.
Қазіргі таңда жекелеген елдердегі инновациялық қызмет дамып келе жатқан
ғаламдану мен интернационалдандыру процесін бастан кешуде. Ал олар әлемдік
шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуында негіз деп саналады. Халықаралық
экономикалық қатынастың либералдануы аса ірі экономика мен түрлі елдердің
экономикалық интеграциялануының басты қозғаушысына айналып отыр.
Әлемдік шаруашылықтың ашықтығы ұлғайған сайын ол адамзат қоғамының
маңызды компоненттеріне ықпал ете отырып, дамуға жол ашады. Дүниежүзілік
сауда ұйымының мәліметі бойынша 1950 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта
әлемдік экспорт көлемі 18 есе, ал өнеркәсіптік тауар экспорты 34 есе
ұлғайған. Біз бүгін әлемдік экономиканың интернацинализациялануының жаңа
кезеңіне куә болып отырмыз. Жаңа экономикалық инфрақұрылымның қалыптасуы
интеллектуалдық қызметтің нәтижесі – сапалы жаңа тауар түрлерінің шығуына
негізделеді. Мұндай тауарларды тасымалдау шектеулі табиғи ресурстарды
түгесумен, нашар дамыған елдердің ұлттық экономикасын бағындырумен, арзан
әрі кәсіби сапасы төмен жұмыс күшін пайдаланумен ешқандай да байланыспайды.
Интернационализациялаудың мұндай жаңа типінің қозғаушысы ақпараттық
және телекоммуникациялық технологиялардың таралуы мен еңбек пен капиталдың
әлемдік нарығының либерализациясының өсуі болып табылады. Бұл бағыттың көш
басында АҚШ пен Жапония тұр. Соған орай АҚШ пен Жапонияның трансұлттық
ұйымдарының тәжірибесін инновациялық қызмет тұрғысынан меңгеруді мақсат
етіп қою қажет.
Жапонияның ірі фирмалар қызметінің инновациялық құрауыштарын
интернационализациялауы өте күрделі әрі бес сатыдан тұрады.
Бірінші саты – Жапонияның импорт үшін өнім шығаратын компанияларын
бірінші кезекте интернационализациялауға байланысты технологияларды
іріктеу. Бұл сатыда компания ғылыми-техникалық ақпараттар мен Жапонияда
өнім өндіретін ұйымдар, олардың өнімдері туралы мәлімет жинау мақсатында
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Кейбір компаниялар нақты бір
технологияларды жинақтау үшін өзінің жеке "скауттарын" жібереді. Енді бірі
Құрама Штаттар мен Еуропада технологияларды зерттеп отыратын арнайы офистер
ашады. Компания бұл офистарда тек өз отандастарының қызмет етуіне мүдделі
болады.
Екінші сатыда шекарадан тыс жерлердегі өндірістік күштерге технологияны
жіберуді қолдау үшін ұйымдастыру жүйесі құрылады. Компаниялардың көбі
жапондық үлгіге сай стандарттарға сай технологиялардың арнайы
департаменттерін құрады, оларда әрбір басты фабриканың технология бөлімі не
лабораториясы болуы қадағаланады. Бұл технологияны дамытуға және өнімнің
үнемі жетілдірілуіне көмектесіп отырады. Кейбір компанияларда бұл
технология департаменттері жаңа технологияның ұясы Жапонияда ғана
болатындықтан, жергілікті нарықты қанағаттандыру үшін қолда бар
технологияларға ішінара өзгерістер енгізеді. Мұндай департаменттерде
жергілікті мамандар да бұл жұмысты істеуге қабілетті бола тұра, әдетте тек
жапондықтар қызмет атқарады.
ҒЗжТКЖ-ның формальды мекемелері – лабораториялар тек үшінші сатыда ғана
басталады. Дегенмен, ҒЗжТКЖ деп аталғанмен шетелдегі көптеген жапондық
компаниялар елеусіз ғана зерттеу жүргізіп отырады. Олардың негізгі қызметі:
технологияны өндіріске жеткізу, қолдау сипатындағы техникалық
кооперациялар, екіжақты лицензиялауды қолдау.
Алдыңғы қатардағы ірі жапондық фармацевтикалық компаниялардың шекарадан
тыс жердегі ғылыми-зерттеу лабораториялары осы сатыда қызмет етеді. Зерттеу
жүргізумен қатар олар тәуелсіз лабораториялар мен мамандандырылған
компаниялармен келісім-шарт жасасып, жергілікті елдің талаптарына орай
клиникалық тәжірибелер жүргізеді. Оған қоса олар технологиялық
тенденцияларды бақылап, жаңадан пайда болған технология мен өнімдерді
бағалайды.
Төртінші сатыда шет жердегі ғылыми-зерттеу лабораториялары өзінің басты
жұмысымен, яғни жаңа өнімдерді жетілдірумен айналысады. Бұл лабораториялар
ҒЗжТКЖ-ны интернационализациялауды жүзеге асырады.
Бесінші сатыда іргелі зерттеулер жүргізу үшін олардың стратегиялық
міндеттері кеңейеді. Мұнда лабораториялар компания аясында прогрессивтік
трансұлттық негізде технологияларды дамытуды мақсат етеді.
Интернационализациялаудың жапондық үлгісі американдық баламадан ерекшеленіп
тұрады. Интернационализациялаудың жапондық үлгісіне екі фактор ерекше әсер
еткен: халықаралық нарыққа кіру үшін экспорттық-бағдарлық стратегияларға
ерекше тәуелді болуы және Жапонияның технологияның бастамашысы емес,
негізінен жалғастырушы деңгейдегі үлкен тәжірибесінің болуы.
Технологияны интернационализациялау үлгісіндегі осындай аздаған
өзгерістерді айтпағанда, АҚШ пен Жапонияның өзара әрекеттің фирмаішілік
модельдерінде үлкен айырмашылық жоқ. Оларда бес түрлі ғана модель бар:
Бірінші модель – “елде шоғырлану”, мұнда ҒЗжТКО-ның барлық қызметтері
бір елде болуы қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеудің басым бағыттарын бас
ұйым анықтайды. Бұл жол ғылым қалашықтары - технополистердің тууына ықпал
етеді. Мұндай модель Жапониядағы ең кең тараған модельдің бірі, себебі
мемлекеттің тікелей ықпалымен онда көптеген ірі технополистер ашылған.
Екінші модель – “пул”, мұнда ҒЗжТКО бойынша әрекеттер шет жердегі
базаларда жүргізіледі, оның сыртында зерттеудің басты бағытынан өзге бас
компания өзінің зерттеу жұмыстарының жеке жобаларын ұсына алады. Мұндай
орталықтардың жұмысын үйлестіріп отыруды арнайы басқарушы ұйым жүзеге
асырады, ол зерттеудің басты бағытын айқындайды. Бұл модельдің аясында шет
жердегі зерттеу базаларының ішінде ҒЗжТКО-ның көшірмесі болуы да ықтимал,
одан соң үйлестіруші кеңес технологиялық пул біршама дұрыс жоба ұсынады.
Үшінші модель – “орталықтандырылмаған даму”. Фирма негізгі іргелі
зерттеулерді өз елінде жүргізеді де, ал қолданбалы зерттеулерді ғана шет
жерде ұйымдастырады.
Төртінші модель – “сабақтас” стратегия. Мұнда таратылған фирмалар
өздері жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін екінші біреуіне табыстайды.
Ол түбірімен “пул” атты модельден өзгеше. Мұнда бір мезгілде бір мәселені
бір-бірінен алшақ жатқан бірнеше лабораториялар қатар жүргізеді. Бұл өз
кезегінде бір мәселенің бірнеше шешімін табуға оң әсерін тигізеді.
Бесінші модель – “өзара” қатынас, ҒЗжТКО-ны жүргізу барысында екі жақты
ақпарат алмасуға сүйеніп отырады, бірақ олардың зерттеу нысанасы бір-біріне
ұқсамайды. Яғни жабылған бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары бір мәселенің
бірнеше қырларын қатар қарастырады. Бұл жүйе зерттеудің сенімділігін
күшейткенмен, үйлестіруге көп қиындық тудыратыны жасырын емес.
Шындық өмірде ірі корпорациялар өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу
үшін аралас модельдерді қолданады. Мысалы, американдық 3М компаниясының
барлық зерттеу жұмыстары бірнеше сатыға бөлінген, олардың әрқайсысының
өзінің ғылыми-зерттеу лабораторияларының жеке моделі бар. Өзі жұмыс жасап
тұрған уақыттарда компанияда бүтіндей бір инновациялық мәдениет болды. Оның
негізінде компанияны 40-жылдары басқарған Вильяма Макнайттың ұстанымы
жатыр. “Дұрыс адамдарды табыңыз да, оларға тыныштық беріңіз. Олар бәрін де
өздері жасайды”, - деген екен 3М-нің негізін қалаушы тұлға.
Әлемдік экономиканың ғаламдану және либералдану процестері инновациялық
қызметті де айналып өтпейді. Инновациялық қызметті трансұлттандырудың
артықшылығы біртұтас ғаламдық нарықта интеллектуальдық қызметтің
нәтижелерін (ИҚН) ғана тұтыну мүмкіндіктерінде емес, оларды өзінің ішкі
ресурстарының есебінен (өз ҒЗжТКО-ның күшімен) жасауында. Трансұлттық
инновациялық қызметте ИҚН-ді тұтынудың төрт түрлі формасын бөліп көрсетуге
болады: 1) Лицензиялау; 2) Тікелей шетелдік инвестициялар; 3) Біріккен
кәсіпорындар; 4) Бірлесулер.
Лицензиялау қазіргі кездегі әлемдік нарықтағы жаңа технологияны
меңгерудің барынша тартымды формасы болып саналады. Оның мынадай
кемшіліктерін атауға болады:
- лицензиялау жолымен тек бір ғана технологиялық шешім жасалуы мүмкін;
- лицензиямен берілген ИҚН-нды қолданудың шектеулі болуы;
- лицензия беруші тарапынан лицензия алушының барлық коммерциялық
және өндірістік қызметінің үнемі бақылауда болуы;
- сатып алушыны лицензиялау туралы келіссөздерде сол лицензияның
құндылығы туралы көзбояушылыққа жол берілу мүмкіндігі;
- өнімге аздаған болса да өзгерістер енгізу үшін міндетті түрде
лицензия берушіден келісім алып отыру қажет.
Олай болса, лицензиялауды патенттік қорғау барынша жетілдірілген, оның
тиімділігі қамтамасыз етілген салалардағы инновациялық технологияны
интернационализациялауда қолданған тиімді.
Әлемдік нарыққа шығудың өзге бір арнасы нақты бір инновациялық жобаға
тікелей инвестиция салу. Нәтижесінде инвестор не интеллектуальдық
меншіктің жобасының нысанын құрушы ретінде оның белгілі бір бөлігін, не сол
технология бойынша жасалған өнімді сатудан түскен пайдадан белгілі бір үлес
алады. Мұндай форма инвестордың сол өнім туралы ақпараттық және
коммерциялық құпияларды таратпай, жаңа технологияларды құру мен оның
нәтижесі туралы процесті үнемі қадағалап отыруы талап етеді. Әйтсе де бұл
форма шетелдік өндірісті ұйымдастырып, оны жылжыту жүйесін жасап, нарықта
тауарды өткізу процесіне кеткен шығындардың есебінен сыртқы нарыққа шығу
мүмкіндігін тездете алмайды. Оған қоса мұнда экономикалық та, саяси да
тәуекелшілдік деңгейі жоғары болады.
Инновациялық қызметті интернационализациялаудың жаңа идеологиясы
жекелеген техникалық шешімдерді емес, мекеме бақылап отыратын әлемдік
экономиканың ірі секторларын қорғауды қамтамасыз ететін тұтас патенттік
портфельді қажет етеді. Себебі фирмаға тек ОИС-тің 3-5%-ы пайда әкелуі
мүмкін. Инновациялық қызметті интернационализациялаудың осындай идеология
саласындағы бір формасы бірлескен кәсіпорындар құра отырып, халықаралық
келісімге қол жеткізу.
Мұндай мекемелер технологиялық жабдықтар мен ОИС-тің бүтін әрі іштей
өзара тығыз байланысты аймақтарын бірлесе пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірлескен кәсіпорындар сондай-ақ серіктес-фирмаларға өздерінің патенттік
портфелін серіктесіне қолданылмаған компоненттерді алмастыруға да жол
ашады. Осылайша, мұндай бірлестік қиын фирмаға лицензияланатын
технологияларды алу үшін ішкі ресурстардан гөрі тез, әрі арзан
мүмкіндіктерді алуға көмектеседі. Бірлесудің мұндай формалары жаңадан бой
көтеріп келе жатқан биотехнология және роботтехника салаларында кең таралып
отыр. Әйтсе де инновациялық қызметті интернационализациялаудың бірлескен
формасында да кемшіліктер жоқ емес:
1) технологиялық мүмкіндіктері әр түрлі фирмалардың арасындағы
бірлескен әрекеттердегі көзқарастар қақтығысы болуы мүмкін,
себебі тәжірибесі мол фирма берілетін технологияның көлемін
қысқартуға, ал жаңа фирма көбейтуге ұмтылуы табиғи жайт;
2) фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кілті болып саналатын кейбір
технологияны серіктеске бөліп берудің қиындығы;
3) бірлестіктің мұндай формасының уақытша және конъюктуралық
сипатқа ие болуы.
Инновациялық қызметті интернационализациялаудың барынша тағы бір
прогрессивтік формасы компаниялардың бірігуі. Корпоративтік қаржылар
бойынша "Обзор-2000" халықаралық тобының мәліметіне сүйенсек, 1998 жылдан
1999 жылға дейін халықаралық бірлестіктер көлемі 541 млрд. доллардан 798
млрд. долларға өскен. Бұл өткен жылдардың барлығынан да жоғары көрсеткіш
болып саналады.
Ғылыми технологиялармен әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп беру үшін
кемінде жүздеген, я мыңдаған патент портфелін иемдену қажет. Әрине,
лицензиялау немесе тікелей инвестиция құю жолымен патенттің мұндай көлемін
жинау мүмкін емес. Тек бірлесу ғана фирмалардың патент портфелдерін
біріктіріп, әлемдік нарықтың белгілі бір аймағында монополиялық құқық
алуына, осы сектордың параметрлерін реттеу жолымен кірістер көлемін
ұлғайтуға, сұраным мен өтінімді қанағаттандыруға, жаңа құн саясатын
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Қазір әлемде мұндай бірлестіктердің 73%-ын иемденіп отырған Батыс
Еуропа көш басында келеді. Оның нақты бір дәлелі – 1999 жылы біріккен
жоғары технологиялық авиациалық электронды жабдықтарды жасаушы AlliedSignal
Inc. и Honeywell Inc. фирмасы. Бұл жаңа компанияның портфелінде қызмет
көрсетуден гөрі сатылым арқылы пайда әкелетін 10 000 патент пен авторлық
куәлік бар 1.
Орташа инновациялық-белсенді өнеркәсіп әлемдік нарықтағы жоғары
технологиялар бойынша жүріп жатқан процестерге ешқандай да әсер ете
алмайтындай мөлшердегі бірнеше ғана патентке ие бола алады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай түйін жасауға болады:
- қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық қызметті ұйымдастыру жүйесін
тек өзінің ғана ҒЗжТКЖ жүргізетін аямен шектеуге болмайды. Өзінің қол
жеткізген инновациялық әлеуетін сақтау үшін мекеме үздіксіз мониторинг
жүргізіп, қажетті технологияларды меңгеруі тиіс;
- әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті болу үшін қазақстандық
фирмалар ОИС-та белсенділік танытып, өзінің патенттік портфелін
қалыптастыруы қажет;
Қазақстан үкіметі халықаралық бірлесуге лайық қазақстандық
кәсіпорындардың тартымды бейнесін жасауға күш салуы тиіс, шетелдік
корпоративтік инвесторлардың саяси тұрақтылық туралы алаңдаушылықтарын
болдырмауға тырысуы қажет, компаниялардың ашық жұмыс жасауына, сауданың
либералдануына жеке меншіктердің құқығының қорғалатынына деген сенімін
қалыптастыруға жол ашуы тиіс.
Ұлттық экономиканың инновациялық факторларының даму мәселелерін зерттеу
барысында білімнің ұлттық бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастырудағы
рөліне ерекше көңіл бөлінуі керек. Бұдан 400 жыл бұрын ағылшынның мемлекет
қайраткері, философ Фрэнсис Бэкон ақпараттың билікке ие болатынын жазған
еді. Бүгінде оның сөзі үлкен мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық төңкеріс ақпаратты бүкіл елдің жаппай қолдануына жол ашты.
1954 жылдан бастап жаңа компьютерлердің құны жыл сайын 19%-ға төмендеп
отырды да, Құрама Штаттардың ақпараттық технологиялар саласындағы
инвестиция көлемі 7%-дан 50%-ға дейін ұлғайып отырды. Соңғы отыз жылда
компьютерлердің есептеу күші әр 18 ай сайын екі есе өсіп келеді. Қазір
олардың бағасы 70 жылдардың басындағымен салыстырғанда тек 1%-ды ғана
құрайды.
Дегенмен, ақпараттық төңкерістің айқын мысалын мұндай ақпаратты беру
жылдамдығы көрсете алмайды, себебі осыдан 130 жыл бұрын-ақ Еуропа мен
Солтүстік Американың арасында тікелей коммуникация жүзеге асқан. Ақпараттық
төңкерістің мәні сол ақпараттардың тым арзандауынан көрінеді. Қазіргі таңда
ақпараттардың құны маңызды емес, әлемге таралатын көлемі де емес,
коммуникацияның технологиясы шектелмеген, тек жекелеген адамдардың сол
ақпараттарды алуға қол жетімділігінің аздығы мен оны өңдеуді меңгермеуінде,
өзгелердің сол қажетті ақпараттарды ала алмауында болып отыр.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда білімнің мәні үнемі өсіп
келетіні көптеген зерттеулерде дәлелденген. Нью-Йорк университетінің
экономика профессоры Лестер Тюрлоудың пікірі бойынша, “ХХІ ғасырда жұмыс
күшінің білімі мен біліктілігі бәсекелестіктің алдыңғы санына көтеріледі”.
Бұл қазіргі даму қарқынды жүріп жатқан кезеңде, техникалық және әлеуметтік
инфрақұрылым шиеленісіп тұрған жағдайда ақпараттың да дәстүрлі материалдық
және энергетикалық ресурстар секілді маңызға ие екендігін танытады.
Тұтынушыға ақпараттық ресурстарды жеткізудің тиімділігін арттыратын, оларды
құрудың, сақтаудың, өңдеудің мүмкіндігін кеңейтетін ақпараттық
технологиялардың қоғам өмірінде ерекше мәнге ие болғанын көрсетеді. Бұл
қоғамдық қызметтің барлық саласының тиімділігін де өсіре түсті. Ақпаратты
дұрыс қолдану экономикалық дамудың маңызды факторы болумен қатар әлемдік
нарықта бәсекеге қабілеттілікті де күшейтудің басты шарты.
Өзінің шектеулі инвестициялық ресурстарын жұмсай отыра, Қазақстан
ұлттық дамудың өзекті бір мәселесі ретінде білім секторын дамытуға ерекше
назар аударуы тиіс. Білім, инвестициялар, адам капиталының сапасын арттыру
қазақстандық экономиканың барлық секторларын дамытудың шарты болып
саналады. Аз мерзімді уақытта Қазақстан экономикасының инвестициялық
әлеуетін дамытып, өндірісін қамтамасыз ету үшін тартылатын инвестицияларды
алуға қажетті жағдайларды ойластыруы керек. Ол үшін:
1) Өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің негізгі салаларындағы кадрлық
инфрақұрылымды жаңа технологияларға сай қалыптастыру; кәсіби білімді еңбек
нарығының құрылым талаптарына сай етіп, оның сапасын көтеріп жаңарту қажет;
өндірістің мәдени деңгейін көтеруге ықпалды бастауыш, орта және кәсіби
білімді дамытуға күш салу керек.
2) Іргелі және инженерлік білім мен ақпараттық технологиялар саласындағы
ғылыми мектепті дамытуға қажетті жағдайларды жасау керек. Университеттік
білім жүйесінің инновациялық сипатын арттыру.
3) Экономика, өндірісті басқару, аралас “белсенді әлеуметтік ғылымдар”
(құқық, әлеуметтану) бойынша кәсіби білім сапасын арттыруға, оның ішінде
олардың мазмұнына сай орта білім жүйесін жаңартуға көңіл бөлу.
Және бір маңызды мәселе тұрғындардың жалпы білім деңгейін көтеру де
шешуші мәнге ие. Біз бұл мәселеде дамушы елдермен әлі де тайталас түсе
аламыз, бірақ енді 10 жылдан кейін, экономикада 1990-2000 жылдары білім
алған жастардың бәсекеге қабілеттілігіне қауіп төнуі әбден мүмкін.
Қазіргі таңда әлемдегі дамыған және дамушы елдердің басым бөлігінде 12-
13 жылдық толық орта білім беріледі, ал Қазақстанда бұл 10-11 жылдық болып
отыр. Әрине, интенсивтілік жағынан біздегі білім беретін оқу курстары
шетелдік пән мазмұнынан түбегейлі бөлек, бірақ орта білімді реформалау,
өкінішке орай, тым қарабайырландырылып отыр. Адам капиталының сапасы
мәселесі экономикалық дамудың ұзақ жылдық жоспарына кедергі келтіреді.
Интеллектуальдық мамандықтар жаппай беріліп, өзінің құнын түсіре
бастайды. Өсіп келе жатқан ақпараттық ағымдар мен жоғары технологиялық
өндірістер тар мамандықтағы атқарушыларды емес, базалық білім деңгейі
жоғары, бір жұмыстан екінші бір жұмысқа тез бейімделетін, қатынас мәдениеті
жетілген мамандарды талап етеді. Маманның кәсіби деңгейі, оның білімділігі
барлық құрылымдық деңгейлерде: тауардан бастап елдің де бәсекеге
қабілеттілігінің шарты болып қала бермек.
Кез келген шаруашылық субъектісінің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік
нарықта шетелдік бәсекелес фирмалардың сәйкес көрсеткіштерімен
салыстырғанда байқалатын бәсекелестік артықшылықтардан құралады. Ондай
артықшылыққа: өндірістің рентабельділігі, инновациялық қызметтің сипаты,
еңбек өнімділігінің деңгейі, стратегиялық жоспарлаудың және фирманы
басқарудың тиімділігі, өзгермелі дүние жағдайына бейімділігі т.б. жатады.
Инновациялық қызметте кәсіпкерлік мәдениет, жеке бастамалар, тәуекелшілдік
секілді санмен өлшенбейтін сапалар да енеді.
Қазіргі таңда әлемдік бәсекелестікте бірінші қатарға зат сапасы маңызды
рөл атқаратын бағалық фактор емес, олардың жаңашылдығы, ғылымилығы,
интеллектуалдылығы шығарылатын болды. Сол себепті дамыған елдер әлемдік
нарыққа шығаратын тауарының инновациялық сипатына, ғылыми-техникалық
әлеуеттің көрсеткіші болып табылатын жоғары технологиямен жасалуына мән
бере бастады. Оның нақты көрсеткішіне талдау жасау үшін инновацияға
бөлінген шығындар рейтингін ұсынуға болады. 1999 жылы бұл көрсеткіш бойынша
Жапония, Швейцария, АҚШ алда келеді (1-кесте)
1 –кесте. Елдердің инновациялық қызметке қабілеттілігінің рейтингі
1995г. 1999 г.
1. АҚШ 1. Жапония
2. Швейцария 2. Швейцария
3. Жапония 3. АҚШ
4. Швеция 4. Швеция
5. Германия 5. Германия
6. Финляндия 6. Финляндия
7. Дания 7. Дания
8. Франция 8. Франция
9. Канада 9. Норвегия
10. Норвегия 10. Канада
11. Нидерландия 11. Австралия
12. Австралия 12. Нидерландия
13. Австрия 13. Австрия
14. Ұлыбритания 14. Ұлыбритания
15. Жаңа Зеландия 15. Жаңа Зеландия

Бұл көрсеткіштер елдердің инновациялық қызметке қабілеттілігін
көрсетеді, ҒЗжТКО-ға кеткен шығындардан бөлек, дизайн мен маркетингке,
ғылыми салаға кеткен, ел ішінде және шет жерлерде патент алуға кеткен
шығындар, интеллектуалдық қабілетті қорғау деңгейі, білім жүйесінің даму
дәрежесі түгел қамтылған. Ең қызығы, компанияның бәсекелестік артықшылығы
кеңейген сайын олардың сапалық сипаты да жоғарылай түседі, оның үстіне
қолайлы жағдай олардың әлемдік нарықтағы бәсекелсетігінің күшеюіне жол
ашады.
1997 жылы американдық инвестициялық "Morgan Stanley" банкі арнайы
әлеуметтік зерттеу жүргізіп, ірі ұлттық корпорациялардың бәсекеге
қабілеттілік деңгейін анықтағанда басты критерий етіп нақты тауарлар мен
қызметтің әлемдік нарығындағы фирманың салмағын анықтау қойылған. Зерттеу
нәтижелері әлемдік нарықтағы ең ірі әрі бәсекеге қабілетті 238 трансұлттық
компаниялардың жартысынан көбі(125) америкалық фирмалар болды. Олардан
кейінгі орында ағылшындықтар(21), үшінші орында Жапония(19), төртінші
орында Германия(10) тұр.
Бұл тізімге бәсекеге қабілеттіліктің басқа әлемдік рейтингтері бойынша
жетекші орында тұрған жаңа өндірісі дамыған елдердің (Сингапур, Гонконг
және Тайвань) кіргізілмегенін атап айту қажет. Қазіргі уақытта трансұлттық
компаниялар мен банктер, орта және шағын бизнес өкілдерінің барлығы да
өздерінің болашағының жарқын болуы, сыртқы саудада бәсекеге қабілетті болуы
кәсіпкерлік қызметтің барлық саласын тұрақты дамыту екендігін мойындап
отыр.
Тұрақты даму тұрғысынан қарағанда табиғатты қорғау жұмысы тек
өндірістердің өсуімен шектелмейді, белгілі бір деңгейде бәсеке күресінде
оның алатын артықшылықтарына да байланысты болады. Осы концепцияны
ұстанатын кейбір компаниялар біршама жетілдірілген өндірістердің жұмысын
тиімді пайдаланады, еңбек өнімділігін арттырады, экологиялық талаптарды
орындау шығындарын азайтады, нарықтың мүмкіндіктерін барынша дұрыс
пайдаланады.
Мұндай тауар өндірушілер жаңа қадам жасауға жасқанатын өзге
әріптестеріне қарағанда көп жетістіктерге қол жеткізеді. Жаңа уақыт
талабына бейімделе алмаған корпорациялар мен фирмалар болашақта өзгелермен
әлемдік нарықтағы бәсекеде жеңіске жете алмайды.
1.2. Мұнай саласындағы инвестициялық саясат: тиімділікті бағалаудың
макроэкономикалық жолдары
Бәсекеге қабілеттілікті күшейту саясатын қалыптастыру өндіріс
күштерін трансформациялауды, экономика саласындағы сапалы өзгерістерді,
өндірісті технологиялық жағынан жаңартуды, жетекші факторлардың (табиғи
ресурстар, ғылыми-техникалық, адам) арасындағы сәйкестіктің өсуін саналы
ұйымдастыруды талап етеді. Бұл бағыттағы өзгерістердің нәтижелі болуы оның
әлемдік нарық траекториясы мен индустрияның өсіміне сай болуына, болашақ
даму жолын осы дамудың заңдылықтары мен тенденцияларына қаншалықты сәйкес
құра алуымен байланысты болады. Экспорт әлеуетінің негізін қазір де,
болашақта да отын-энергетикалық сектор құрайтын республика үшін бұл
бағыттың жөні бөлек. Батыстың дамыған елдері энергетикалық және экологиялық
дағдарыстың салдарынан соңғы 20 жылда микропроцессорлық техника мен
шығынсыз технологияның арқасында қайта өңдейтін ресурсқорғау типіне көшті.
Бізде ресурсты қалай болса солай пайдалану үрдісі жалғасып келеді.
Ресурсты қорғау Қазақстан экономикасы үшін қазіргі таңда аса маңызды
саналатын экологиялық жағдайды шешуге де қажет 2. Экологиялық
қауіпсіздіктің проблемаларын табиғи ресурстарға күш түсіретін жүктемелерді
азайтатын жаңа технологияларды қолдану арқылы, ескірген әрі қауіпті
өндірістік аппараттардан бас тарту және ресурсты қорғау мен экологияны
сақтау процестерін үйлестіру арқылы да шешу қажет. Ресурсты қорғаудың
негізгі бағыты – минералды және ауылшаруашылық шикізатін өңдеуді тереңдету,
металлургияны соңғы шегіне дейін игеру, газ бен мұнайды терең өңдеу,
қалдықтар мен қосалқы шикізатты утилизациялау.
Мұнайды өндіруде, отын-энергетикалық кешендегі инвестициялық процестер
интенсивті өндірудің, жер асты қойнауынан мұнайды толық алудың жаңа
технологияларын ендірумен байланысты. Прогрессивті технологияларды
қолданғанда мұнайдың 10 %-ы ғана алынады, сондықтан оның қорларын тарту
деңгейі де 50 %-дан аспай отыр. Әсіресе, шикі мұнайдан түпкі өнімдер алу
жағынан әлемде соңғы орында тұрған мұнай өңдеу саласын дамытуға ерекше
назар аудару қажет. Мұнай өңдеуді модернизациялау кезінде оны өндіру мен
тасымалдауға кететін қаржыны тез қысқартуға болады. Қазір 40 %-дан аспай
отырған ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру онда Батыс Еуропа, Солтүстік
Америка және Жапониядағыдай 85 %-дан кем болмас еді. Мұндай деңгейге қол
жеткізу, осындай көлемдегі жанармай мен керосин алу үшін өндірілетін мұнай
көлемі де үштен бірге дейін қысқарар еді. Мұнайсақтау бағыты мазутты газ
отынымен араластыруға, газ конденсатынан, ілеспе және табиғи газдан жеңіл
көмірсутегі шикізатын алуды оңайлатар еді.
Осыған байланысты атап өтетін нәрсе, инвестицялық саясатты қалыптастыру
барысында мынадай маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу
қажет 3: экономика мен нарықтық қатынастарды дамыту үшін құрылымдық
өзгерістерді іске қосу; өндірістегі бәсекелес ортаны қалыптастыру; экспорт
әлеуетін көтеру, оның шикізаттық бағытын жою, экспорттқ экспансияны
ауыздықтау, оны сыртқы саудада жеңілдету; өндірістің ғылыми-техникалық
деңгейін көтеру, жаңа техника мен технологиялардың, басқарудың жаңа жүйесін
қолдану негізінде бәекеге қабілетті өнімдердің үлесін ұлғайту; өндірістік
және өндірістік емес тұтынуға дайындық деңгейі жоғаруы өнімдерді шығару
арқылы толық және түбегейлі аяқталған технологиялық шоғырларды
қалыптастыру; еңбек өнімділігі төмен және экологиялық жағынан лас
аймақтарды дамытуға көмектесу; жаңа жұмыс орындарын құру.
Экономиканы иннерциялық дамыту жағдайы мен көп аймақтарда реформа
жүргізудің әртүрлілігі тұсында экономикалық өсім режиміне көшуде жаңа
қадамдарды пайдалану қажет. Кешенді қаржылық талдауға сүйенетін, шынайы
нарықтық параметрлердің- бағаның, пайыздық жүктеменің, валюталық курстың
дамуын ескере отып жасалған инвестициялық циклдың барлық сатыларын қамтыған
инвестициялық жобаларды экономикалық толық бағалудың маңызы зор.
Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін анықтау методологиясы
әлемде жалпылама қабылданған жолдар мен көрсеткіштерге, инвесторлардың
қалауына сәйкес, нарыққа көшудің шарттарына сәйкес жолдарға иық сүйеуі
тиіс.
Қолда бар инвестициялық ресурстардың тиімділігін арттыру үшін
инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан алынған салықтарды азайту үлкен
маңызға ие болады. Бұл жерде материалдық ресурстардың экономикалық факторы
үлкен рөл атқарады (барлық шығынның 50-60 %-ы). Бүгінде өндірістің кез
келген саласында ресурсты сақтаудың ірі резервтері бар, ол еңбек пен қор
пайдасына қарағанда әлдеқайда тиімді жүзеге асырылады. Энергоресурстардың
бағасы көтерілген жағдайда оған кеткен шығынды жабу үшін каналдардың алдын
бөгеуге қатысты құрылымды қайта құруға тура келеді. ЖІӨ-ге қатысты
эенегоресурстарды қолдануды азайтуға бағдарланған құрылымдық өзгерістер
процесі Батыста 80-жылдардың басында экономиканың барлық салаларында
жүргізілді. АҚШ-та ЖІӨ-нің жалпы энергиялық сыйымдылығы ИМЭМО-ның есебі
бойынша 1980 жылы 0, 487 тонна шартты отын 1000 $ -ға, ЖІӨ қазір 0,38-ге
дейін төмендеді. ГФР-де бұл көрсеткіш 1980 жылдардан бастап ЖІӨ 1000 $-ға,
0,382- ден 0,23 тонна шартты отынға, яғни 20 %-ға түсті. Қазір Қазақстанда
АҚШ пен басқа да дамыған елдерге қарағанда энергоресурстар 30-40 %-ға артық
шығын жасайды.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда ресурсты сақтау проблемасы
салалық ғылыми зерттеулердің мәртебесін көтеруге ойысуы тиіс. Осы мақсатта
дамыған елдердің құрылымдық-инвестициялық, қаржылық, несиелік, бағалық,
әкімшілік-құқықтық және нормативтік элементтер кешені тәжірибесіне
негізделген тиімді шаруашылық механизмін құру қажет.
Ресурсты сақтаумен байланысты инвестициялық саясатты мемлекеттік
тұрғыда реттеу экономикасы тұрақты дамуға бет алған күрделі кезеңді бастан
кешіп отырған біздің республикамыз үшін өзекті мәселе болып саналады. Бұл
сатыда қолайлы инвестициялық ақуал қалыптасрыруда мемлекет маңызды роль
атқарады. Ресурстарды сақтауға салынатын инвестицияларды тарту саласында
мемлекеттік саясат бірнеше билік деңгейінде қалыптасады, ал оның нәтижелері
аймақтық және жергілікті дейгейде бақылауға алынады. Белгілі бір
шығындардан тиімді қаржы алу үшін инвестициялық саясаттың басым бағыттарын
таңдап, негіздей алу қажет, бұлар бірнеше қосалқы әмбебап критерийлерді
іріктеуді қажеит етеді. Олар негізінен қоршаған ортаға аз қалдық тастауды,
ластамауды, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды көздейді.
Қатаң орталықтандырылған жоспарлық жүйеден нарықтық экономикаға өту
жағдайында басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін қолдану мүмкіндіктері
шектеледі. Ресурстарды сақтау тиімділігін жүзеге асыруға ықпал ететін
экономиканың құрылымдық-технологиялық жағынан қайта құрылуы экологиялық
тепе-теңдікті алға шығарады, сондықтан, мемлекеттік инвестициялық және
экологиялық саясатты жоспарлауда макроэкономикалық жол басымдылыққа ие
болады.
Әйтсе де соңғы кезде мемлекетте экономиканың экстенсивті дамуымен
байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарып келеді және табиғи
ортаны бұзу есепке алынбайды. Бұл көрсеткіштердің өсуі болашақта табиғи
ресурстарды құртқан жағдайда кенеттен төмендеп кетуі де мүмкін.
Қазіргі таңда БҰҰ мамандары мен өзге де халықаралық ұйымдардың
қызметкерлері экологиялық факторларды ескере отырып жасалған
макроэкономикалық көрсеткіштерді жетілдірумен айналысуда. Мұнда табиғи
ресурстарды жоюдың құндық бағасы және қоршаған ортаны ластаудан туған
экологиялық-экономикалық зиян ескеріледі. Мұндай жол Қазақстан мен біршама
дамыған елдердің арасындағы айырмашылықты өсіреді.
Мәселенің былай қойылуы дамыған өндіруші күштердің, ресурстар сақтаудың
және бағасы өсіп келе жатқан табиғи орта ресурстарын барынша аз
пайдаланудың арасындағы тиімділікті сақтауды мемлекеттік реттеудің негізгі
міндеті етіп белгілейді.
Түпкі өнімге бағдарланған жаңа, жүйелі экономикалық-экологилық жол
жалпы ішкі өнімді табиғи ресурстардың тиімділігін төмен экономиканың “Қара
жәшігіне” салу көлемі есебінен өсіру қажет. “Табиғи өнімділіктің” әр
сатысында ресурстарды тиімді қолдану қажет.
Мұндай жағдайда мемлекеттік биліктің экономикалық-экологиялық іс-
шаралар иерархиясын шартты түрде екі топқа бөлген жөн:
1. Экологиялық мақсаты айқын макроэкономикалық шаралар;
2. Сәйкес салықтарды, төлемдерді, айыппұлдарды қабылданған жаңа
стандарттар мен нормативтерді аймақтық және салалық экологиялық
бағдарламаларды өзгертумен байланысты экологиялық-экономикалық
реттеу шаралары.
Бұлардың ішінде біріншісі негізгі рөлді, екіншісі қосалқы рөлді
атқарады. Инвестициялар негізінен экологиялық-экономикалық ресурс сақтаудың
максималді тиімділігі бар жерлерге салынады. Мысалы, экономиканың құрылымын
қайта құруға және аз шығынды технологияларды құруға жұмсалуы қажет. Дәл
осындай инвестиция саясаты ғана үлкен міселелерді шешуге септеседі, біздің
еліміздің ұлттық байлығындағы “интеллектуалдық құрауыштардың” үлесін
арттырады.
Ресурс сақтау саясатын қамтамасыз ететін инвестициялар табиғи
ресурстарға меншікті құқық саласындағы заңдылықтарды жетілдіруге ықпал
етеді, салықтардың тарифтер жүйесінің экологиялық қауіпсіздігіне әкеледі,
сыртқы саудада табиғи ресурстарды экспорттауды төмендетуге оң әсерін
тигізеді.
Индустриясы дамыған елдердің ресурстарды сақтау проблемаларын шешу
тәжірибесі әлемдік экономикалық қызметті экологиялық талаптарға бейімдеуді
тереңдету қажеттігін көрсетті. Табиғатты сақтау стандарты тауар өндіру мен
қызмет көрсетуге, халықаралық экономикалық ұйымдарға, дүниежүзілік саудаға,
инвестицияның жұмсалуына көп көмегін тигізеді. Бұл бағыт Қазақстанның
халықаралық экономикалық қатынастарда өз орнын дұрыс таңдауына жол ашады.
Табиғатты сақтау заңдылықтары мен нормативтік талаптарды әлемдік
стандартқа сай құру болашақтағы экологиялық апаттан сақтандырады.
Реконструкциялау мен дамытудың халықаралық банкінің мәліметі бойынша
экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізген зияны орта есеппен 5-7
жылда өтеледі. Ал экологиялық зардапты жою шығыны экологиялық таза
технологияны жасауға кеткен шығыннан 30-35 есе қымбатқа түседі.
Қазақстан үшін бұл бағыттағы үлгі ретінде Орталық және Шығыс Европа,
Германияның Шығыс аймақтары, нарықтық экономикаға өткен КСРО-ның бұрынғы
республикаларының тәжірибесі алынады.
Бірқатар елдерде бұл мәселе әрққилы жолмен шешілді. Мәселен, Германия
тұрғындары 1990 жылы 29 маусымды табиғатты сақтай қызметінің құрылымы
туралы заң бойынша 1990 жылдың 1-ші шілдесіне дейін шаруашылық әрекетінің
нәтижесінде келген экологиялық зардапты төлеуден босатылған. Бұл сатып
алушылардың мүдделілігін арттырған. Соған сәйкес 69 мың өтініш берілген.
Ресурстарды сақтаудың нақты экологиялық проблемаларын шешу жолдары оған
қажетті тәсілдердің деңгейі мен мәселенің өткірлігіне байланысты
төмендегіше жүргізіледі: технологиялық процесті жүргізудің ұйымдастыру
шаралары мен бақылауды күшейту; негізгі технологиялық жабдықтарды жөндеу,
реконструкциялау және модернизациялау; аз немесе шығынсыз технологияларды
ендіру, шикізатты ауыстыру, т.б.; адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян
келтіретін өнімдердің жекелеген түрлерін өндірістен алып тастау;
экологиялық қауіпті зат шығаратын кәсіпорындарды жабу.

2 тарау. Мұнай-газ саласындағы инвестициялық-инновациялық даму проблемалары
2.1. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуы: аналитикалық шолу

Қазақстанның экономикасы 1999 жылдан бері салыстырмалы тұрақты
макроэкономикалық тұрақтану мен қарқынды өсу шапшаңдылығымен сипатталатын
даму кезеңінде.
2001-2002 жылдары ІЖӨ-нің орташа жылдық өсу шапшаңдығы 11,5%-ды құрады.
2010 жылға қарай оның екі еселенуі үшін орташа жылдық шапшаңдық 7,2%-ды
құрауы тиіс. 2000 жылдан 2004 жылға дейін республикадағы тікелей шетелдік
инвестицияның барлық көлемі 24,5 млрд. АҚШ долларынан асып түсті.
2007 жылдың қаңтарында 2006 жылдың қаңтарымен салыстырғанда
республиканың барлық аймағында өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі
байқалды. Ең жоғары өсім Батыс Қазақстан облысында байқалды (24,7%).
Сондай-ақ, өсімнің жоғары темпі Оңтүстік Қазақстан облысында (22,5%),
Астана қаласында (18,5%), Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында (15,1%;
14,5% -ке сәйкес) және Алматы қаласында (13,8%) белгіленді.
2006 жылы Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көлемі ағымдағы бағада 9738,8
млрд. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға артты.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми мәліметтері
бойынша 2007 жылы сәуір айында инфляцияның деңгейі 0,5%-ды құрады. 2007
жылдың сәуірінде инфляция жылдық көрсеткіште 7,7%-ды құрады. Азық-түлік
өнімдерінің бағасы 0,7%-ға, азық-түліктен өзге тауарлар бағасы – 0,5%-ға,
ақылы қызметтер – 0,2%-ға өсті. Қазақстан экономикасының дамуының базалық
сценариі бойынша ҚР Ұлттық банкінің белгілеген қаржыландырудың ресми
мөлшері 2005 жылы өзгерген жоқ және 7%-ды, 2006 ж. – 6,5%-ды, 2007 ж.- 6%-
ды құрады. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде
KZ-today хабарлады.
2006 жылдың соңына қарай экономиканы монеттеу деңгейі 27%-ға дейін
көтерілді. Мұнымен қоса жылдың басында жұртшылық депозиттері (резидент
еместі қосқанда) 5,2 есе 286,9 млрд. теңгеге дейін, экономикадағы банктік
несиелер көлемі 5 есе 770,2 млрд. теңгеге дейін артты.
Ұлттық Банктің Халықаралық резервтері және еліміздің Ұлттық қорының
қаражаты 2003 жылдың маусым айында 7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Еуропалық Экономикалық Одақ және АҚШ Конгрессі Қазақстанды нарықтық
экономикалы ел ретінде таныды. 2002 жылы қыркүйекте халықаралық жетекші
рейтингтік агенттіктердің бірі "Moody's Investors Service" атынан
Қазақстанға инвестиция категориясына жататын Ваа3 несиелік рейтинг
тапсырды. 2003 жылы мамыр айында "Standard&Poor's Rating Services"
агенттігі Қазақстан Республикасының шетелдік валютадағы міндеттемелері
бойынша "ВВ"-дан "ВВ+"-ке дейін ұзақ мерзімді несиелік рейтингті және
ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша "ВВ+ПозитивныйВ"-тен "ВВВ
-СтабильныйА-3"-ке дейін несиелік рейтингті көтерді, бұл Қазақстан
экономикасының әлеуеттік мүмкіндіктерінің тұрақты нығайып келе жатқандығын
көрсетеді.
2006 ж. желтоқсанында Қазақстан жұртшылығының жан басына шаққандағы
орташа қаражаттық табысы 23353 теңгені (баға бойынша) құрады.
Республиканың ең жоғары табыстық аймақтары Маңғыстау және Атырау облыстары
болып табылды, онда орта республикалық деңгей 2,4 және 2,3 есе
жоғарылаған. Астана, Алматы қалаларында жұртшылықтың жан басының орташа
ақшалай табысы орташа республикалық деңгейден 2,3 және 2 есе өсті.
Жұртшылықтың жан басы бойынша ең төменгі ақшалай табыс Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды (орташа республикалық деңгейден
44,5 және 46,7 және 59,8%-ға сәйкес).
2006 ж. желтоқсанында жұмысшыларға есептелген орта айлық номинальдық
жалақы 53558 теңгені құрады және 2005 ж. желтоқсанымен салыстырғанда 19,1%-
ға өсті. Шынайы жалақы 9,9%-ға көбейді. 2007 жылдың қаңтар- ақпан айларында
орта айлық жалақының шынайы өсуі инфляцияның төменгі шапшаңдығында 23,2%-
ды құрады, зейнетақының базалық бөлігі 24%-ға дейін көбейді.
1999-2002 жж. экономикалық белсенділіктің артуына оң әсер еткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы инвестицияның атқаратын қызметтері
Инвестиция саясаты туралы
Пәндер