Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафтық ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Физикалық география кафедрасы
БАКАЛАВРЛЫҚ БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафтық ерекшеліктері
Орындаған:
4 курс студенті Құрманғали Л. Қ
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы Түгелбаев С. С.
Норма бақылаушы:
Аға оқытушы Мақаш. К. К
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі: г. ғ. к., доцент Мұқашева Ж. Н.
Алматы, 2006 ж
Реферат
Баклаврлық бітіру жұмысының тақырыбы: «Бурабай Ұлттық табиғат паркінің ландшафтық ерекшеліктері». Ол бір карта, бір карта-схемадан, бес суреттен және он бір кестеден құралған жұмыс: Бұл үш тараудан, кіріспе, әдебиеттерге шолу, қорытынды және қолданылған әдибеттер тізімінен тұрады. Жиі кездесетін сөздер: Рекреация, эрозия, биогеоценоз, экожүйе, ландшафт, ұсақ шоқы, мәдени ландшафт, туризм.
Бітіру жұмысымның мақсаты: Бурабай табиғат паркіндегі табиғи және мәдени ланшафтарды рекреация әсеріне ұшырауын, орман биогеоценоздарының өзгеруін, қазіргі кездегі туындап отырған мәселелерді, туризмның даму қарқынын, парк аумағын сақтап қалу мақсатында жүргізіліп жатқан шараларға сараптама жасау.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 4
І. ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА БЕРУ
1. 1. Географиялық орны . . . 10
- Геологиялық құрылымы және жер бедері. . . 13
- Гидроклиматогенді ерекшелігі. . . 14
- Биогендік сипаты. . . 18
ІІ. ТАРАУ. БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ ПАРКІНІ
ЛАНДШАФТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Рекрациялық орманды игеру жағдайы . . . 21
2. 2. Рекрациялық орман кешенінің биогеноценозына әсері . . . 25
ІІІ. ТАРАУ. ТАБИҒИ ЛАНДШФФТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙҒА БАҒА БЕРУ
- Рекрацияның орман өртінің тууына әсері. . . 34
- Мәдени ландшафтарды сақтау мен төзімділігін
арттыру шаралары . . . 39
3. 3. Бурабайда жабайы туризм белең алуда. . . . 50
3. 4. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шаралар . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.
Сондықтан да бұл бітіру жұмысыма мен мынандай мақсат қойдым. Олар: Бурабай паркінің табиғаты және табиғи қорларына қысқаша тоқталу, яғни оның географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, гидроклимотогенді ерекшелігі, биогендік сипатын қысқаша да болса ашып көрсету, Өйткені табиғат бізді қоршаған орта болып табылады. Осыған байланысты рекреациялық аумақтағы туындап отырған мәселелерді қарастырдым.
Орманды рекеациялық мақсатта қолдану ерте кезден-ақ басталған. Бірақ бұл соңғы уақытта үлкен аумақтарды қамтуда. Осыған байланысты табйғатты қорғау қоғамы мен мамандардың дабыл қағуына әкеліп соқты. Бұл тек Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің шешілмес дауға айналған мәселесі. Рекреациялық салмақ күнен-күнге артуда. Бақылауға алынбаған әрекет орны толмас өкінішке айналуда. Топырақ сапасын, тығыздығын, физикалық және механикалық құрамын толықтай өзгертіп, эрозияның қалыптасуына, ағаштардың ауыруға шалдығып бұзылу сатысының жоғарлауына ықпал жасауда. Орман шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін жасау қажеттілігі туындауда. Орман экожүйесінің тепе-теңдігін бұзып, өзекті мәселеге айналып отыр. Осының бәрі парк табиғатына зиян келтіруде.
Жұмыста осы аталған мәселелерге кеңінен тоқталып, әрқайсысына сипаттама беруге тиістімін.
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.
И. Л. Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:
- механикалық әсер:
а) таптау
б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)
-Келушілер әсер:
а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)
б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы)
Ормандар бұзылуының басты факторы болып механикалық жаншылулар мен топырақтың физикалық құрамының өзгеруін айтамыз. Топырақтың физикалық құрамының өзгеру үрдісі алғаш рет осы ормандарда анықталған. И. М. Сокол өз еңбегінде орманның сұрғылт топырағында физикалық-механикалық өзгерістердің байқалуы келесідей: көлемдік мөлшері артады, топырақ тығызданады, құрылымы нашарлап, бірнеше есе механикалық құрамы төмендейді. Осының барлығы топырақтың сапасының өзгеруіне ықпалын тигізеді. [5]
Тапталу нәтижесінде топырақ тығызданады да сонымен қатар оны құраушы: қатты, газ тектес және сулы фазалар өзгереді. Топырақтың тығыздануы арқылы беткі бөлігінің қуаттылығы азайады. Бұл 10-20 см тереңдік қабаттарында байқалады. Ал кейінгі қабаттарда жоғарлау болады. Су өткізгіштігі, ау мен ылғал алмасуда нашарлайды. [6]
Зерттеушілер көрсеткендей топырақтың тығыздығына әр түрлі факторлар ықпалын тигізеді. Анықталғандай топырақ тығыздығы жоғарылап, кеңістіктегі булану азайған. Жер телімдеріндегі топырақтың су өткізгіштігі рекреациялық аймақта 1/20 көрсеткен. Топырақ тығыздығының құрылымы өзгереді. А. Иванов, К. Стоенов белгілегендей қаратопырақтағы тығыздық жоғарылағанда 0, 1 г/см 3 өзгеріп, ылғал шамамен 10% өседі. Топырақтың тығыздығынан су өткізгіштік қасиеті төмендеп, жауын-шашын нашар өтеді. Орманда негізінен су өткізу әрқашанда жоғары, басқа жерлермен салыстырғанда орманның сұр топырағында ол 4, 7-5, 0 мм/млн көрсеткішке жетсе, тың игерген жерде 0, 5-0, 6 мм/млн жеткен.
Көптеген авторлар қорытындылағандай, топырақтың шамадан тыс тығыздануы, өсімдіктердің тамырына өтетін өткізуді қиындатады.
Қыналы орман жамылғысындағы топырақ тығыздануы, күрт жоғарылап жекелеген фотоценоз кешендерін кейде құртыпта жіберіледі. Тығызданған топырақтарда вегетациялық кезеңдегі орташа температура 1-2 0 жоғары болады. Өсімдіктердің өсуіне кедергі жасайды. [7]
Н. П. Ремезов, П. С. Погребняк тұжырымдауынша топырақтың өте тез тығыздануы саларынан өсімдіктерде миниралмен қамтылу жағдайы бұзылып, нитрат мөлшері төмендеп кетеді. Н. Г. Кратова және басқалар көрсеткендей топырақтың тығыздануы әсерінен азот пен фосфорды да сіңіру қабілеті өте төмен деңгейге жетеді.
Рекреациялық қолдану тек қана топырақ тығыздығына емес, сондай-ақ физикалық құрамын, су және ауа режимін, құрлымның бұзылуына әкеліп соғады. В. А. Кучеряев, П. И. Стасевич, В. А. Крамарец келтіріленг дәлелдерге сүйенсек топыраққа көп жылдар бойы көшеттерді егуде олардың өсімділігін 2-3сыныпты бонитетпен анықтаймыз. Топырақ жамылғысының бұзылуы топырақтың құрамындағы қарашірінділердің барлық тобының төмендеуіне әкеледі, топырақтың 0-20 см қабатында қарашірінді шамамен 50% төмендейді. Н. Н:Зеленский және Н. П. Жижин зерттеулері Украинаның шығыс бөлігінде жүргізу нәтижесінде топырақ жамылғысындағы ІІІ сатылы бұзылу 1, 9-3, 3 есеге азайып, қоры 9-20%-дан ІV сатылы бұзылуға өзгерген. Бірақта бұзылу сатысы жас, жетіле қоймаған ағаштардың көшеттеріне жоғарылауда. В. Н. Спиридонова мәліметтерінде орманда демалушылар келесіде: бұтақтарға, жапырақтарға зиянын тигізеді. А. А. Роде көрсеткендей топырақ жамылғысы органикалық заттардың негізгі көзі болып саналады. Өйткені олар мезофауна әсерінен топыраққа түседі. [8]
Айтарлықтай рекреациялық салмақ әсерінен топырақтың беткі бөлігінде эрозияның болу мүмкіндігі беткейлерге тән
Топырақ тапталу салдарынан тығыздану 20-30 см байқалады. Осының нәтижесінде өсімдіктердің тамырлық жүйесіне зиянын тигізеді. Өсуін тежейді. Тамырлық жүйеге тікелей әсер беретіндіктен ағаштардың құруы белең алады.
Орман шаруашылығын жүргізуде өсімдіктердің жетілу жағдайын қарастыру керек. Тығыздықтың өзгеруінің көрсеткіші болып көлемдік массасы саналады. Осы көрсеткіштер арқылы тығыздықты анықтауға болады. Көптеген зерттеулер бойынша қазіргі уақытта топырақтың тығыздануына рекреациялық ормандардың бұзылуы әсерін тигізуде. Бұл топырақ пен фотоценоз жағдайымен өзара байланысты. [11]
Қоректік ортаның өсімдіктерінің төмендеуімен қатар топырақтың тығыздығына кейбір зеттеушілер механикалық құрамға үлкен назар аударуды ұсынады. Тіпті шектеулі көлемнің өсуіне және өсімдіктердің тамырының қайта қалпына келуін қамтиды. Көлем массасының шектеулі шегі көрсетіледі. А. Г. Гегель және А. А. Воронков құмдақты топырақтарда тамырлардың терең бойлауы топырақта көлем массамһсының 1, 6-1, 8 г/см 3 1, 4-1, 5 г/см 3 жетуін қамиды. Басқа авторлар бойынша қайыңның тамыры топырақ тығыздығынан өзгеріске ұшыраған. Кейбір зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек топырақ тығыздығы 25 г/см 2 мөлшері қалыпты болса 40-55 г/см 2 қауіпті саналмақ.
Жекелеген түрлерді өзі топырақтың тығыздануына бір қалыпты әсер етпейді. Бұл түрлердің тамырлық жүйелерін анықтайды. Қарағай мен шырша топырақтың беткі 0-20 см бөлігінде, шамамен 90 % шоғырланған. Көктеректер м ен қайыңдарға қарағанда тығыздалуы аздау. Қайыңдардың өсуі орташа топырақ тығыздығында жоғары қабатта 0-20 см жетсе, қайың мен көктеректе 1, 17- г/см 3 . Бірақ В. Н. Спиридонов бойынша топырақ тығыздығына қарғайлар төзімді делінеді. [12]
Әдебиеттерге шолулар көрсеткендей бүл үрдіске авторлардың ойлары әркелкі. Кеде қарама-қарсы бағытта көрсетеді. Топырақтың тығыздануы өсімдіктердің тамырлық жүйелеріне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Бұл топырақ өнімділігіне және ағаштардың биологиялық түрлерінің ерекшелігіне байланысты.
Көрсетілген кері әрекеттер мен қатар топырақ тығыздығына, дамуы мен өмірщеңдігіне осында өсетін өсімдіктердің де әсерінің барлығын. [11, 12] авторлар көрсеткен. Оған қарағай түбтерінің зақымдануы, ауруға шалдығуы, мезофауналардың азаюынан болады.
Көптеген авторлар топырақ тығыздығы ректеациялық салмақтың негізгі көрсеткіші деп саналған. Зақымданбаған ормандарда топырақтың көлемдік массасы 0, 85-0, 88 г/см 3 болатын болса, Зақымдануға ұшыраған сүрлеулер мен грунттық жоларда 1, 61-1, 63 г/см 3 .
Әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, орманды рекреациялық мақсатта қолдану топырақтың беткі қабатының өте қатты тығыздануына әкеліп соғады. Осыған байланысты көлемдік массасы көбейіп және топырақ қатты күйге еніп, су, ауа режимі бұзылып, миниралды қоректенуі зақымдалып, орианның топырақ жамылғысы нашарлайды. Топырақтың тығыздануы өсімдік тамырларын қалыпты жағдайда ұстап тұра алмайтындықтан, ең беткі қабатта механикалық бұзылу байқалады. Ортаның өзгеруі, көшеттер яғни мәдени ландшафтардың жағдайының жалпы өзгеруі, орманның рекреациялық бұзылуына әкеледі.
Рекреациялық салмаққа шөптесін бұталар мен тасты қаналар әсері басым. Топырақ жамылғысының бұзылуының алғашқы бастамасы үлескелердің бұзылуы. Түрлік құрамның төмендеуі, рекреациялық аймақтың көркем табиғатын бұзу болып саналады. Орман биогеоценозыкешенінің топырақ жамылғысында нашарлауы, орман өсімдіктерініің өзіндік қалпына келу шарттарын жояды. Адамның орманға келуінің өзі сүрлеу мен жалғыз аяқ қалыптасуыкөптеген өсімдік түрлерінің жойылуына әкеледі. Р. А. Карымсонов ойынша шөптесін шалғыдар түрлерінің болуы мен олардың өзара өзгерісі орман биогеоценозын төмендетеді. Зерттеулер көрсеткендей демалушылар көпылдық өсімдіктерді әсіресе әдемі гүл ашатындарын жинау арқылы олардың жер асты массаларының азаюына септігін тигізуде. Механикалық әсерден жапырақтар үзіліп, бұтақтар сынып, топырақтар зақымданады. Өсімдіктердің саны азаяды. Оңтүстік Сібірдегі зерттеулер көрсеткендей, топырақ тығыздығынан әр түрлі өсімдіктердің қатынасы, орманда және орманның топырақ жамылғысында бір келкі емес. Таптаулар, аз ғана тығызданулар оң эффект беруі де мүмкін. Бірақ та, тұтастай алғанда ормандардағы шөптесін өсімдіктер, шалғында сосын, сосын сорланған және маусымдыққа ауысуда.
Соңғы кезде көптеген жұмыстар тізбегі пайда болып, онда өсімдіктер тізімін яғни топырақ тығыздануы мен тапталу деңгейі көрсетілуде. Ол әр түрлі әдістер мен формулалар өсімдіктердің төзімділігін анықтап көрсетуде қалыптасады. Көбнесе аласа өсімдіктер, жол жағасында кездеседіндері, ағаштардың жапырақтары зақымдалады. Тез көбейіп төзімділігі мықтылары ғана өсіп жетілуде.
Н. М. Горшенин және басқалар қарағайлы көшеттерді зерттеу арқылы, рекреациялық салмақ әсерінен шөптесін қабатта гелитрофты және хомофитті өсімдктердің көбейгенін айтады. Авторлардың ойына сүйенсек шөптесін бұталы өсімдіктерге топырақтың тығыздануы және жалпы рекреациялық салмақ әсер етеді.
Әдебиеттерге шолулар көрсеткендей топырақ жамылғысында орманды рекреациялық қолдануда оның өзгеру көрсеткіші әзірше сапалы деңгейде. Шөптесін өсімдіктер бұзылған экожүйенің негізі болып рекреациялық әрекеттесуді биогеоценоз көрсеткішінде реттеп отырады.
Рекреациялық орманда маңыздысы ағаш түрларінің табиғи қалпына көшуі болып табылады. Тәжірбие көрсеткендей антропогендік қысым көшеттердің өшіп жетілуіне кедергі келтіреді. өзіндік қалпына келу жүрісін зерттеуде құрамы, құрылымы, жағдайын қалыптастырады. Олардың азаюының басты себебі, тапталу және топырақ беті жамылғысының тығыздануы мен механикалық зақымдануы және сыну жатады. [13] Е. С. Надеждин бойынша рекреациялық салмақтың өсуінен бұьһталы өсімдіктер азайып, рекреациялық бұзылудың ІV сатысына өтеді. Ал бұзылудың өзінен V стаысында мүлдем дерлік жойылады. Басқа авторлар қарама-қарсы пікір айтуда. Олардың тұжырымдауынша топырақ жамылғысында бұзылу ІІ-ші сатыдан ІІІ сатыға өтіп, сосын күрт төмендейді. Бұл төмендеудің түсіндірмесі болып механикалық зақымдану, яғни демалушылардың жаз мезгілінде және қыста шаңғы тебу уақытында келуін атаймыз. Рекреациялық қолдану салдарынан орманның ағаштарына зақымдану, сызат түсу, өсу жағдайының төмендеуін айтамыз. Орманның кейбір түрлерінде әсіресе әр түрлі шөптесін өсімдіктерде түрлердің араласуы, яғни қайыңдар мен көктеректер азаяды.
Рекреация үшін орманды белсенді түрде қолдану оның дамып жетілуіне және фитоценоздар жағдайына, соның ішінде ағаштарға кері әсер береді.
Б. А. Зайцев мәліметінде рекреациялық салмақтың өсуінен І сатыдан V сатылы бұзылу зақымданған ағаштарда шамамен 20%-дан 100%өскен. Өте күшті зақымдалған ағаштарда 5 тен 35% аралығында. өзен көл жағалауындағы ағаштардың зақымдануы 99, 3%. Құрғап қалған ағаштарды санитарлы тексеруден өткізіп, сосын кесіп тастайды. Бұл кезде құстар ұясы бұзылып, ормандағы құстардың өніп-өсуіне кедергі жасайды. Механикалық зақымдалу демалыс орындарынан қашықтау аймақта белең алған. Әсіресе су көздеріне жақын жерлерді атап айтуға болады. Барлық ағаштар дерлік бұзылудың бес сатысынан өтеді. Бұл геоботаникалық мәліметтерде келтірілен. Рекреациялық салмақ арасындағы байланыс өте шиеленіскен. [14]
Бірінші анторпогендік факторлар әсерінен биогеоценоздар жағдайының көрсеткіші төмендеген. Рекреациялық салмақтан топырақ тығыздығы, физикалық құрамы мен су өткізгіштігі нашарлайды. Ағаштардың өсуінің төмендеуі, қорларды да азайтады. Кейбір зерттеулер нәтижесінде рекреациялық бұзылу әдіс бойынша анықталады.
Курортты дала орманындаңы қарағайлы орман өте күшті рекреациялық әрекетке ұшыраған. Соның салдарынан ағаштардың құруы көбейген. Сондықтан да Латвияның мемлекеттік университеті әдістемелер кешенін жасап шығарды. Оған классикалық және математикалық көрсеткіш әдісі кірген. Авторлар назарын ағаштардың өсуі биогеоценоз көрсеткіш басты орында болған. Бекітілгендей, зақымдалып солған ағаштардың өсуіне екі кезең тән. Олардың әрқайсысының өз кезеңі бар. Бірінші кезеңге бұзылу факторлары әсер ете бастаған сәтінен ағаштардың өскені қарастырылса, ағаштардың қрауы 20-30 көрсеткіш деңгейінде. Бұл ағаштың жасына да тікелей әсер етеді. Қарағайлар үшін бұл кезеңдегі сәтіне 40 жасқа дейінгі топтағы 7-ден 10 жас аралығы қамтылады. 50-80 жастық топқа 10-15 жас кірсе, 90-120 жасқа 15-25 жас кіреді. Жасы ұлғайған сайын ағаштар антропогендік әрекеттерге төзімділігі төмендейді. Рекреациялық салмақ әсерінен экологиялық көрсеткіштер топтарға бөлініп «рекреациялық бұзылу» деген атауға ие болған. Бұзылудың І сатысына бұзылмаған немесе өте аз зақымдалған көшеттер жатады. Ал бұзылудың ІІ сатысына-аз зақымдалған көшеттер жатады. Ағаштардың азда болса механикалық бұзылуы үрдісмен сипатталады. Бұл сүрлеулердің болуымен сипатталады. Рекреациялық бұзылу ІІІ сатысында шалғынды өсімдіктердің түрлері зақымдалады. Бұзылудың ІV сатысын өте қатты бұзылған көшеттер құрайды. Үлескілердің тең жартысы тапталып, орманның топырақ жамылғысы бұзылған. Бұзылудың бесінші сатысын түгелдей зақым шеккен ағаштар құрайды. Топырақ жамылғысы жойылған. Тапталған үлескілерде сорланған жерге тән өсімдіктер мен маусымдық шөптер кіреді. Қалған ағаштар механикалық зақымдалған немесе ауру. Осының бәрі ағаштардың әлсіреуіне, төзімділіктің төмендеуіне, соңынан ағаштардың жойылуына әкеліп соғады.
Орман көптеген уақыт бойына ІІІ және ІV сатылы бұзылу аралығында бола береді. Ормандық өсімдіктері бар болса жусанды дала кешенге ауысады. Оларды ІV және V сатылы бұзылу кезінде қайта қалпына келтіру тек қана арнайы орман шаруашылық шаралар нәтижесінде іске асуы мүмкін. Өте күшті зақымданған орман үлескелерін қайтадан қалпына келтіру үшін шамамен 20 жыл кетеді.
Рекреациялық орманды қолданудың өсуі топырақтың беткі қабатының тығыздануына, яғни тамырларының ылғалмен қамтуын төмендетуін әкеледі. Сирек ағаштарда топырақтың тығыздалуының үрдісі беткі қабат аралығында, өз кезегінде табиғи үрдісті жояды. Өте күшті бұзылудан соң орманның кейбір үлескілері қайта қалпына келмейді.
Орман шаруашылық шараларын жобалауда рекреациялық аумақтың белсенділік шегін анықтап білу қажет. Бұл жайлы көптеген авторлардың мәліметтері бар.
ТМД географиялары мен ландшафтары орманда демалушылардың тығыздығын келесідей көрсеткен: паркпен, шалғынды паркте-50 адам/га, орманды паркте-15адам/га, паркті орманда-5адам/га келген. жасыл зоналардағы кішірек қалалардың өзінде тығыздық 12/16 адам/га аспауы шарт. Ал ірі қалаларда 20-27 адам/га жеткен. Белорусия парктерінде демалушылар тығыздығы 70-100 адам/га жеткенде, демалушылар тек жусандар өскен жерлермен жүруіне ғана рұхсат етіледі. Демалушылар 10 адам/га аспаса орман паркінде түгелдей серуен құруға болады. жасыл зона жүйесі бойынша ТМД елдерінде келесі мөлшер ескеріледі: Қала шетіндегі парктерде 50 адам/га, ормандық парктерде 10-20 адам/га, орманды парк үлескелерінде 5-10 адам/га, табиғи орман ландшафтарында 0, 1-5 адам/га.
Қазіргі уақытта орман экологиясына ас назар аударылуда. Мысалы, кейбір облыстарда осы ТМД мемлекеттерінің демалушылар саны: қарағайлы орманда-20, 4 адам/га, қайыңды орманда-9 адам/га.
Салмақ мөлшерін анықтауда беткелерді де ескеру қажеттілігі айтылып жүр. Беткейлерде демалушылардың қалыпты мөлшері болып: 3 0 С-тан төмен кезде 15 адам/га, 4-10 0 С-12 адам/га, 11-15 0 С-9 адам/га, ал 16 0 С жоғары болса-7, 5 адам/га.
Қазақстан ормандары қазіргі уақытта антропогендік факторлар әсерінен үнемі өрт тұтанумен сипатталады. Әсіресе өрттердің көп бөлігі демалыс күндері байқалады. Тәулік бойынша өртке қауіпті уақыт-жұмыс уақыты табылады. Өрттің пайда болуына қысқа мерзімді демушылар туғызады. Сондықтан да демалушыларды тізімдеп, белгілеп отыру қажет. Орманның өртке қауіпті аймақтарына адамдардың өсуіне тиым салған дұрыс.
Әдебиеттерге шолу көрсеткендей, рекреациялық орман төзімділігін арттыру шараларын дер кезіндегі қолға алу арқылы ғана, орны толмас өкініштің алдын-алуымыз мүмкін.
І ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИАТТАМА
1. 1. Географиялық орыны
Көкшетау-Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Ақжар, Ш. Уалиханов аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан.
Саябақ-Көкшетау қаласынан оңтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан қорықтық аймақ. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары кіреді. Шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Зеренді таулары жатыр. Бұл аймақта Оқжетпес, «Жеке батыр», Кенесары үңгірі секілді тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл ағып өтеді.
Қазақ жеріне орыс шаруаларын біртіндеп қоныстандыруына байланысты ХІХғасырдан бастап Ресей империясының мемлекеттік кеңесі және Сібір кодетінің мүшесі М. М. Сперанскийдің басшылығымен 1822жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» жасалып, орта жүзде хандық билік жойылды. 1824жылы 29сәуірде Көкшетау қонысының орнына, Көкшетау бекінісі салынды. 1895жылы Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Тұрғыны 133, 1мың адам. қаланың аумағы 420, 0км 2 . [16]
Сондай-ақ «Бурабай» курорты, «Оқжетпес», «Щучинск»санаторийлері, «Жеке батыр», «Толубой залив» демалыс үйлері жұмыс істейді.
Бурабай Ұлттық табиғат паркінің карта-схемасы
Сурет 1
Оқжетпес
1. 2. Геологиялық құрылымы және жер бедері
Бурабай маңы-таулы орманды өлкесі мен геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ. Жер бедері негізгі үш түрмен сипатталады: аласа-таулы, ұсақ шоқылы және жазықтық. Аудандардың негізгі жер бедерін таулар құрайды. Олар қайыңды, қарағашты ормандар мен көмкерілген. Жан-жағын адыр төбелер мен көлдер қоршап тұр. Бұның кейбір заңдылықтары кейбір ғылыми басылымдарда көрсетілген. Биік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқының палезойдың орта тұсынан бастап осы уақытқа дейін жалғанып келген континенттік даму процесінің, яғни докембрилік палезойлық және неғұрлым денудациялануы есебінен қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz