Ішкі секреция бездерінің физиологиясы


Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Ішкі секреция жайлы жалпы түсінік
Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немссе сөлге (лимфаға) бөлетін, бездік құрылымы бар органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз - ішкі, «крино»- бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді:
1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады.
2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.
Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.
1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.
4- топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.
5- топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.
Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Без тамыр қимылдатқыш және секреторлық нервтермен де мол жабдықталған.
Организмде әр түрлі химиялық процестерге әсер етіп, оның тіршілік әрекеттерін өзгертіп отыратын арнаулы органдардың болатыны жайлы болжамдарды кейбір зерттеушілер XVII ғасырдың басынан айта бастаған. Бірақ, нақтылы деректер мен фактлер болмағандықтан, ондай органдардың қызметі ұзақ уақыт белгісіз болып келді. Тіпті XIX ғасырдың орта кезінің өзінде осы ерекше безді органдардың маңызы жайлы әр түрлі болжамдар сақталды. Мысалы, қалқанша без көмекейді дымқылдау, мидағы қан айналымды реттеу үшін қажет деген ұғымдар болды.
Кейінірек бұл бездердің кейбір ауру түрлеріне тікелей қатынасы болатыны анықталды. Мысалы, шырышты ісіктің - микседема, қалқанша безінің семуіне (атрофия), Аддисои ауруының бүйрек үсті бездерінің қызметінің бұзылуына байланысты екені дәлелденді. Осы сияқты деректер аталған безді органдардың физиологиялық маңызының зор екенін көрсетті. 1856 жылы Броун-Секар бүйрек үсті безін сылып тастағаннан кейін малда діріл пайда болып, оның өліп кететінін анықтады. Организмнің тіршілік әрекетінің ауытқулары басқа бездерді сылып тастағанда да байқалған.
«Ішкі секреция» деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол ішкі секреция бездеріне дененің барлық органдарын жатқызған. Бұл тұжырымды ол барлық органдардан алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Ал, дәл мағынасында бұл жүйеге ол қалқанша, айыршық (тимус), бүйрек үсті бездерін, көк бауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.
Ішкі секрециялық қызмет организмнің барлық ұлпаларына тән қастиет. Өзінің тіршілік әрекеті үстінде олар торша аралық сұйықтыққа, сөлге, қанға әр түрлі физиологиялық процестерге әсер ететін өнімдер бөледі. Осындай белсенді эндокриндік құрылымдарға гипоталамустың нейросекрециялық ядролары, ас қорыту жолының эндокриндік торшалары т. б. жатады. Организмде жоғарыда аталған құрылымдар бөлген гормондар, нейросекреттер мен үлпаларда пайда болған көмір қышқылы мен басқа да алмасу өнімдерінің әсерімен гуморальдық реттеу тетігі қалыптасады. Әр түрлі гуморальдық заттар нерв жүйесінің басқаруымен денеде органдар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етіп, организм қызметін сыртқы орта жағдайына қарай бейімдей өзгертіп отырады.
Ішкі секрециялық қызметке көп жағдайда тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын органдардағы биологиялық белсенді заттардың түзілу процесін де жатқызады. Шынында көптеген органдар мен үлпалар организмнің әр түрлі тіршілік әрекетін реттеуге қатысатын биологиялық белсенді заттар (көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т. б. ) түзеді. Бірталай биологиялық белсенді заттар ас қорыту жолында да түзіледі (секретин, гастрин, вилликнин, холицистокинин т. с. с) . Бірақ аталған заттарды шын мәнісінде гормондарға жатқызуға болмайды, себебі олар ішкі секреция бездерінде түзілмейді және олардың гормондарға тән барлық қасиеттері болмайды.
Эволюциялық даму кезінде ішкі секреция бездері нерв жүйесінен әлдеқайда кеш пайда болған. Мысалы, ішек қуыстыларда диффузды нерв жүйесі байқалса, ішкі секреция бездеріне ұқсас құрылымдар алғаш рет тек буылтық құрттарда кездеседі. Демек, эндокриндік бездер филогенездік тұрғыда кешірек пайда болады. Ішкі секрециялык қызмет жоғары маманданған арналы эндокриндік бездерге тән қасиет ретінде омыртқалы жануарларда қалыптасады. Олар алғаш рет жұмыр ауыздылар мен балықтарда дамиды.
Сонымен ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция мен гормон деген түсінікті органдардың, ұлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды (1-схема) . Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін биологиялық белсенді заттарды «торшалық» гормондар деп атайды.
1-схема. Физиологиялық белсенді заттардың жіктелуі.
Ішкі секреция бездері қызметі мен нерв жүйесі әрекеттерінің байланысы.
Гипоталамус - гипофиздік жүйе .
Организмде орталық нерв жүйесі мен ішкі секреция бездері тығыз байланыста әрекет етіп, әртүрлі функциялардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездері рефлекстердің эффекторлық (орындаушы) бөлігі болып табылады. Әрбір без вегетативтік нерв жүйесінің рецепторлық және эффекторлық талшықтарымен жабдықталады. Нерв талшықтарымен таралған тітіркеніс гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертеді де, ішкі секреция бездеріне тікелей әсер етеді.
Гормондар қан арқылы орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді. Өз кезегінде ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде орталық нерв жүйесі, оның аралық мида орналасқан гипоталамус аймағы маңызды роль атқарады. Гипоталамус гипофиздің қызметін реттейді, ал гипофиз барлық ішкі секреция бездерінің әрекетін өзгертеді. Осымен байланысты бұл екі құрылымды күрделі нейро-эндокриндік кешен гипоталамус - гипофиздік жүйеге біріктіреді.
Гормондар нерв жүйесімен салыстырғанда баяу әсер етіп, олардың әрекетінен туындайтын өзгерістер ақырын дамиды. Сондықтан гормондар ұлпалардың жіктелу процесін, мүшелердің қалыптасуын реттеуде маңызды роль атқарады.
Гипоталамус ядроларының нейросекрециялық торшаларында нейросекреттер түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіне нерв талшықтары арқылы, ал алдыңғы бөлігіне - гипофиздің қақпалық жүйесі деп аталатын арнаулы қан тамырлары арқылы әсер етеді.
Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларының ірі торшаларында вазопрессин (антидиурездік гормон) және окситоцин түзіледі.
Аталған гормондар ірі полипептид - нейрофизиннің - құрамында түйіршіктер түрінде нейросекрециялық торшалар аксонымен нейрогипофиз капиллярларына тасымалданады. Аксондар гипоталамо - гипофиздік жол құрайды да , олардың ұшы капиллярлармен тығыз жанасады. Нейросекрециялық торшалар қозған кезде түйіршіктер бұзылып, гормондар босанып шығады. Бұл процесс медиаторлардың бөлінуіне ұқсас жүреді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу әдістері
Ішкі секреция бездерінің қызметін төменде баяндалған әдістермен зерттейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz