Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 3

І. Аудиовизуалды құжаттардың жалпы ерекшеліктері

және оларды мұрағаттарға қабылдау тәртібі . . . 8

1. 1. Аудиовизуалды құжаттардың ғылыми сипаттамасы . . . 9

1. 2 Аудиовизуалды-ақпараттық мұрағат құжаттарын есепке алу және

мемлекеттік сақтауға қабылдау . . . 13

1. 3. Құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппараттын

құрудың ерекшеліктері . . . 18

ІІ. Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын

пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және

құқықтық негіздері . . . 23

2. 1. “Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары

аясында аудиовизуалды құжаттарды жаңа ақпараттық технологияларға көшіру . . . 24

2. 2. Аудиовизуалды мұрағаттарда құжаттарды пайдаланудың құқықтық негіздері . . . 35

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 51

Қысқартылған сөздер тізімі . . . 53

Қосымшалар . . . 54

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі: Егемендігіміздің шынайы көрінісі ретінде қоғамның өз тарихымызға деген қызығушылығы мен сұранысы соңғы кездері арта түсуде. Бұған Қазақстан Респуликасының Орталық Мемлекеттік Мұрағат қорларындағы құжаттардың құндылығы ғана емес, сол сияқты бүгінгі қоғамның ақпараттанған жүйесінің де әсері мол. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мұрағаттың басты міндеті болып отыр. Оған қол жеткізудің ең тиімді және ыңғайлы түрі мұрағат ісін ақпараттандыру болмақ.

Қазақстан Республикасының мұрағат ісі және мұрағаттану ғылымы өзінің дамуында бүгінгі таңда біршама күрделі кезеңді басынан өткізуде. Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, нарықтың қатынастың кең етек алуы және қоғам өміріндегі демократияландыру процесі аудиовизуалды құжаттарға және олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсіліне де өз әсерін тигізуде.

Автоматтық технологияларды мемлекеттік мұрағат мекемелеріне кезең-кезеңмен енгізу үрдісі жоғары маңызға ие болып келеді. Дегенмен ақпараттық технологиялық жүйелер дәстүрлі технологиялармен қатар қолданыста болып келеді. Бұл өз кезегінде мұрағат ісінде дәстүрлі технологиялар мен ақпарттық технологиялардың ерекшелігін байқауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде мұрағат ісін ақпараттандырудың мүмкіндіктері көптеген зерттеушілердің зерттеу обьектісі болумен қатар, ҚР ОМ мұрағатының “2001-2005 жылдар аралығында мұрағат ісін жетілдіру” тұжырымдамасында да ерекше орын алады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында Қазақ Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағаты қорында сақталған әйгілі әншілеріміз бен атақты орындаушыларымыздың, белгілі ғылым мен мәдинет қайраткерлерінің дауысын осы заманғы аудеотаспалар мен дискілерге жазып қалдыру ісін қолға алу мәселесін көтерді.

Мұрағат ісін ақпараттандыру мәселесін мәдени мұрамен байланыстыра қарастыруымыздың бір себебі, ақпараттанған қоғам мүшесін ақпараттық жүйеде ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығына байланысты болып отыр. Сонымен бірге, мәдени мұраның мәйегіне айналған рухани байлықтарымыздың көзі болып табылатын мұрағат құжаттарының, соның ішінде аудиовизуалды құжаттардың перспективасына мән беру қажет.

Сол үшін де бүгінге дейінгі көтеріліп келген және болашақта да өзекті мәселе тұрғысында зерттеле бермек мәселеге баға беру, талдау және оның “Мәдени мұра” бағдарламасымен байланысын, құжаттардың қоғамды ақпараттандырудағы рөлі, сонымен қатар аудиовизуалды мұрағат ісі мен интернет жүйесінің мүмкіндіктері саралануы тиіс. Ақпараттандырудың Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдайы, аудиовизуалды құжаттардың дәстүрлі құжаттарға қарағанда тиімділігі, интернет жүйесінде мұрағат құжаттарын пайдаланудың мүмкіндіктерін пайымдау арқылы Орталық Мемлекеттік Мұрағаттың интернеттегі сайтының қызметіне әлемдегі өзге де мұрағат сайттарымен салыстыра баға беру де маңызды.

Себебі мұрағаттардағы кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу құжаттарын (КФДЖ) үнтаспадан аудеокасетаға, дискіге көшіру тікелей бүгінгі ақпараттандырылған технологиясыз іске аспайды. Және сырттан алынатын көне тарихымызға қатысты құжаттар, қолжазбалар мен деректер көптеген елдерде магниттік дискілерге, компакт-дискілерге сақталған күйінде жеткізілсе, оларды қазіргі таңдағы Қазақстан мұрағаттарында сақтау аса күрделі іс болары сөзсіз. Сондықтан да көтеріліп отырған проблеманың алдын алу үшін және отандық мұрағаттардың бүгінгі таңдағы техникамен жабдықталуы, ақпараттандыру саласын жетілдіру мәселесінің сөз болуы заңды құбылыс.

Диплом тақырыбының мақсаты - аудиовизуалды мұрағат құжаттарын жаңа технологиялық жүйелер негізінде зерттеу. Ақпараттық, компьютерлік технологиялар жүйесінде жасалған аудиовизуалды мұрағат құжаттарын сақтау ерекшеліктерін ашу. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары мұрағатындағы мемлекеттік бағдарламалар көлемінде іске асқан өзгерісер мен аудиовизуалды құжаттарды пайдаланудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қамту. Құжаттарды пайдаланудың заңдық және нормативтік-құқықтық базасын негізіндеу.

Алға қойған мақсатымызды барысында бірнеше міндеттер негізінде жұмыс жасалынды.

Біріншіден, аудиовизуалды құжаттарға сипаттама беру. Аудио, видео құжаттарға жеке-жеке сипаттама беруді, олардың бейіндік өзгешелігінен шыға отырып қарастыруды міндетімізге алдық. Мұрағаттарда аудиовизуалды құжаттарға ғылыми анықтамалық-аппарат құрудың ерекшеліктеріне тоқталдық. Котолог жасау, жолкөрсеткіштер мен тарихи анықтамалықтар құрудың қыр - сырын ашуға ұмтылдық.

Екіншіден, аудиовизуалды құжаттарды пайдаланудың даму үрдісін көрсету мақсатында оларды пайдаланудың жаңаша әдіс- тәсілдеріне назар аударылды. «Мәдени мұра», «Асыл мұра» мемлекеттік бағдарламалары аясында жасалған игі іс-шараларға кеңінен тоқталдық.

ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының материалдарын пайдаланудың және көшірмесін алудың заңдық және нормативтік құжаттық актілер негіздеріне шолу жасалынды. Аудиовизуалды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан ерекшелігі және оларды пайдаланудың тиімділігі мен перспективалары көрсетілді.

Зерттеу объектісі: Мұрағат ісінің аудиовизуалды-ақпаратттық технологиялар жүйесі.

Зерттеу әдістері: Диплом жұмысының міндеттері және мақсаттарына сәйкес, ғылыми таным әдістерінің өзара байланысты жиынтығы қолданылды. Оған тарихи, жүейлілік, салыстырмалық және т. б. әдістер кірді.

Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасына келсек, тақырып кең көлемде зерттелген. Кеңестік тарихнамада мемлекеттік мұрағаттарға қабылдау, сақтау, пайдалануға беру мәселелері жан-жақты зерттелді. ХХ ғасырда киноқұжаттар мен фото, фоноқұжаттарға сұраныс жоғары болды.

Аудиовизаулды құжаттардың жаңадан шыға бастаған тұсында оларды сақтау және пайдалану аса маңызды болды. Бұл аудиовизуалды құжаттармен тығыз байланыстағы мекемелер мен оларды сақтайтын мұрағаттар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды. 1970-1980 жылдары тақырып аясында сан түрлі монографиялар мен мақалалар жарық көрді. Олардың қатарында кеңестік мұрағатшы мамандар А. А. Кузин, Л. М. Рошаль [1], А. А. Крюкова [2], А. В. Соколов [3], И. М. Фурманованың [4] монографиялық зертеулері тақырыптың тарихи маңызын ашуда кеңінен қолданылды. Кеңестік тарихнамада сақтау мен пайдалануды ұйымдастыру мәселелері «Вопросы архивоведения», «Советские архивы» журналдарындағы И. Н. Кунтиков [5], В. М. Жигунов [6], О. Л. Седова [7], Л. Н. Кривошеин [8] мақалаларының арқауы болды.

Кеңестік жүйе ыдырап, әр елдің мұрағаттары өз еншілерін алған сәттен бастап, мұрағаттың қызмет айясы да кеңейе түсті. Ресей Федерациясында тақырыпқа қатысты монографиялар, мақалалар мен диссертациялар өте көп кездеседі. Онда аудиовизуалды құжаттардыңм барлық түрі барынша терең зерттелген. Осындай зерттеулерге Л. Н. Крюкованың авторефераты [9], В. Н. Автократовтың [10] атауға болады. Диплом жұмысында мұрағт ісінің теориясы мен тәжірибесіне арналған оқу құралдарын да тиімді қолдандық. Олардың қатарында Е. В. Алексеева, Л. П. Афанасьева, Е. М. Буровалардың [11] және З. В. Крайскаяның мұрағат теориясына арналған еңбектері [12] бар. Н. Н. Кушнеренконың «Құжаттану» [13] атты басты еңбегі мен Т. В. Кузнецова мен М. П. Илюшенко бірігіп жазған іс-жүргізу негіздері диплом жұмысында пайдаланылды [14]

Ресейлік мұрағатшы ғалымдардың зерттеулері мен мақалалары жалпы аудиовизуалды құжаттардың теориясын зерттеуде негізге алынса, Г. А. Сексенбаева [15-16-17], Р. Х. Сариева [18-19], А. Ф. Сеитова [20-21], Г. Нурпеисова [22] Л. Ақтаева [23] сынды авторлардың монографияларында аудиовизуалды құжаттарды сақтау мен пайдалану және өзге де негізгі мәселелер қарастырылған. Авторлардың зерттеулері диплом жұмысында көтерген көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді.

Диплом жұмысының деректік негізі бірнеше топтама бойынша беріледі. Бірінші топтамада заң актілерін қарастырамыз. Оларға: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңы [24], СТ РК 1037-2001. Іс жүргізу және мұрғат ісі. Терминдер мен анықтамалықтар[25] .

Екінші топтамаға ҚР заң актілеріне негізделген әдістемелік нұсқаулықтар кіреді. «Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение кинодокументов и видеофонограмм»[26], «Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение особо ценных аудиовизуальных документов»[27], «Правила работы исследователей в читальных залах государственных архивов Республики Казахстан»[28], «Инструкция о порядке обслуживания иностранных граждан в архивах Республики Казахстан»[29], «Инструкция о порядке запросо социально-правового характера, поступающих из-за рубежа»[30] әдістемелік нұсқаулықтарын ерекше атауға болады.

Ресейлік әдістемелік нұсқаулықтардың да орны ерекше. Атап айтар болсақ, «Отбор на постоянное хранение аудиовизуальных документов. Методические рекомендации»[31], «Создание современных архивных справочников на основе дифференцированного подхода. Методическое пособие»[32], «Основные положения развития системы научно-справочного аппарата государственных архивов »[33], «Обеспечение физико-химической сохранности и микрофильмов»[34], «Типовой технологческий регламент изготовления страховых копий фонодокументов на магнитных лентах» [35], «Отбор на государственное хранение, фондирование, описание, учет документов источников комплектования выброчного приема. Методические рекомендаций» [36] .

Мұрағат ісін дамытуға арналған мемлекеттік тұжырымдамалар мен бағдарламалар: «2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра»[37] және «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту»[38], «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту» [39] тұжырымдамалары мен бағдарламалары, ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының «Асыл Мұра» [40] бағдарламасы диплом жұмысында тиімді пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының орталық мемелекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағатының 2003 жылғы [41], 2004 жылғы [42], 2005 жылғы [43] және 2006 жылғы [44] есептері төртінші топтамаға кіреді. Диплом жұмысында жылдық есептер негізінде мұрағат ісінің аудиовизуалды-ақпарттық технологиялар жүйесіне салыстыра баға берілді.

Бесінші топтамада конференциялардың материалдары : П. Бюхердің баяндамасы [45] және «Информационное общество - компьютерная революция» [46], «Новая технократическая волна на Западе» [47] атты баяндамалар тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағатының материалдарын соңғы деректік топтамаға жатқызамыз. Р. М. Моисееваның [48] мақалалары және аудиовизуалды құжаттарды мұрағатқа қабылдау және сақтауды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен жадынамалар [49] дипломдық жұмыста қолданыс тапты.

Диплом жұмысының сарапталып, сыннан өтуі: Тақырыптың негізгі тұжырымдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің студенттері мен жас ғалымдарының «Жастар және ғылым: мәселелері мен болашағы» атты 59-шы ғылыми конференциясында (Алматы, 18-23 сәуір 2005 ж. ), Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ү-ші жыл сайынғы студенттер, магистранттар және аспиранттардың «Қазақстан ХХІ ғасырда: білім, ғылым және қоғам» атты ғылыми конференциясында (Алматы, 24 ақпан 2006 ж. ), Археография және деректану орталығының «Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгінгісі мен болашағы» атты республикалық семинарында (Астана, 23 ақпан 2007 ж. ) баяндалды.

Сонымен бірге тақырыпты «ҚазҰУ хабаршысы» тарих сериясындағы мақалада және «ОТАН» журналындағы мақалада ашуға ұмтылдық.

Дипломның ғылыми және практикалық маңызы. Диплом жұмысы мұрағат ісіндегі тың мәселелерге арналғандықтан оның қолдану аясының кең болуы заңдылық. Мұрағаттану ғылымы үшін маңызы зор, тың да өзекті тақырып. Әрі тарихи тәжірибиелері мен сабақтары тағылым аларлық. Жұмысты студенттер, жалпы көпшілік қауымға аудиовизуалды мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауда көмекші құрал ретінде және ғылыми мақала жазуда, дөңгелек үстелдерде, лекциялар мен семинарларда пайдалана алады деп санауға толық негіз бар.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, жекелеген бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен қысқартылған сөздер тізімдерінен және қосымшадан тұрады.

І. Аудиовизуалды құжаттардың жалпы ерекшеліктері

және оларды мұрағаттарға қабылдау тәртібі

Аудиовизуалды құжаттар демократиялық қоғамды құруда және насихат пен тәрбие құралы ретінде үлкен маңызға ие болып келеді. Аудиовизуалды құжаттардың құндылығы мен маңызы ҚР ОМ КФДЖ мұрағаттарының көлемімен анықталады (1-қосымшаны қара) [45, 3 б. ] . Бұған қоса елдің мәдени және ғылыми өміріндегі белгілі тарихи фактілер мен оқиғаларды, қоғамның өндірістік жағын толыққанды бере алады.

Аудиовизуалды құжаттар адамның ерік-жігеріне, сезіміне, ақыл-ойына, эмоциональдық жай-күйіне жылдам әсер ету мүмкіндігіне ие. Сондықтан да аудиовизуалды құжаттар жоғарғы дәрежелі көркемдік-эстетикалық құндылыққа ие, ол мәдениеттің бірегей ескерткішіне жатқыызлады. Аудиовизуалды құжаттар ғылым мен техника тарихын зерттеуде дерек ретінде де маңызы жоғары. Бұның барлығы өзге де тарихи деректермен бір қатарға қоюға мүмкіндік береді.

Аудиовизуалды деректер өзге де тарихи деректер секілді ұлттық мүдде тұрғысында қарастыруды таалп етеді. Аудиовизуалды құжаттарын тарихи дерек ретінде жұмыс істеуде кезеңдерінде келесі жайттарды басты назарда ұстаған жөн:

- аудиовизуалды құжаттарды жасау сәтіндегі мүмкіндіктеріне;

- түсірілім немесе дыбыс жасаушы автордың көзқарасымен дүниетанымына;

- аудиовизуалды құжаттарды түсіру барысындағы ұйымдардың шараларына назар аудару дұрыс түсінуге және олардың маңызын анықтауға мүмкіндік береді.

Аудиовизуалды құжаттарға өзге де тарихи деректердегідей объктілік пен субъектілік тән. Кинофотофоноқұжаттар кейбір тарихи деректердің түрлері (миниатюра, фольклор, әдеби ескерткіш және т. б. ) секілді өнер туындысына жатады.

Дегенмен аудиовизуалды құжаттардың өзіне тән бейіндік ерекшелігі бар. Тарихи дерек ретінде қалыптаса отырып, олар оқиғаныңбейнелік, дыбыстық жақтарын түсірілім немесе дыбыстық жазба арқылы нақты әрі кең түрде көрсетеді. Жекелеген тарихи деерк ретінде аудиовизуалды құжаттар белгілі бір кезеңдегі адамның тұрмыс-тіршілігі, көңіл-күйі туралы бірегей ақпарат бере алады. Бұған қоса ол өзге тарихи деректегі мәліметтерді кеңейте алады, нақтылайды және жөнге салады.

Жасалуы жағына және жалпы сипаты бойынша өзара ұқсас аудиовизуалды құжаттар - сипаттау мен пайдалануда өзіндік ерекшелігі бар үш тарихи деректерден тұрады. Оларға төменде жеке-жеке тоқталамыз.

1. 1. Аудиовизуалды құжаттардың ғылыми сипаттамасы

Аудиовизуалды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан басты айырмашылығы - оның адамның сана-сезіміне тікелей әсер етуінде. Адам санасын еріксіз билеп алатын аудиовизуалды құжаттар өз кезегінде шынайы ақпарат берумен қатар, сақталуы жағынан тиімділігімен де ерекшеленеді. Жекелеген адамдардың және қоғамның өмірі әртүрлі аудиовизуалды құжаттар кешенінде көрініс береді.

Мәтіндік құжаттарға қарағанда аудиовизуалды құжаттардың үнемі дамып, жетіліп отыруы оны жан-жақты зерттеуді міндеттейді.

Аудиалды (лат. audіre-есту) мен визуалды (лат. vіzere-көру) екеуі қосылып аудиовизуалды (есту және көру) құжатты құрайды [13, 86 б. ] .

Визуалды құжаттарға: диафильмдер, диапозитивтер, слайдтар, тілсіз кинофильмдер, эпифилмдер жатады. Аудиалды құжаттарға: грампластинка, магниттік фонограммалар мен компакт дискілер кіреді. Ал екеуінің қосындысы аудиовизуалды құжаттарға: кинофильмдер, диафонофильмдер, видеофильмдер кіреді.

“Кинофотофоноқұжаттар” деген термин ғылымға 1980 жылдары енгізілді. Жалпы бүгінге дейін кинофотофоноқұжаттар туралы арнайы жалпыға ортақ анықтама берілмеген. Соған қарамастан, аудиовизуалды құжаттарға келесідегідей анықтама беруге болады.

Арнайы бір техникалық жабдықтардың көмегімен бейнелі дыбысты ақпарат беретін құжат түрін аудиовизуалды құжаттар [13, 86-87 б. ], деп атайды.

Киноқұжаттар - кадрлар мен жоспарлардан (рет-ретімен орналасқан кадрлардан тұрады) құралған кешенді тарихи дерек.

Киноқұжаттар - киномотографиялық жолмен жасалатын құжат түрі. Киноқұжаттардың материалдық негізін көпқабатты полимерлі пленкалық жүйедегі кинопленка құрайды. Киноқұжаттар диафильмдерден, кинофильмдерден және де видеофильмдерден тұрады.

Диафильмдер арнайы тақырып бойынша рет-ретімен жинақталған позитивтік фотографиялық бейнелердің кино және фотопленкадағы жинағы. Диафильмдерді мұрағаттарда пайдалану мақсатында жиі қолданыста болмаса да, мұрағат құжаттарын сақтау барысында жиі қолданады.

Кинофильмдер (грек. kіneo-әрекеттемін, ағыл. fіlm-пленка) -арнайы киноаппаратураның көмегімен экранға шығатын, кинопленкаға түсірілген бірнеше фотографиялық бейнелердің жиынтығы [14, 105-106 б. ] .

Бұл кинофильмдерді бірнеше мақсатта қолданады. Ғылыми-көпшілік, оқу процесінде, құжаттық, мультипликациялық мақсатта пайдаланады. Ғылыми-көпшілік, оқу процесінде кинофильмдер 8 (16 мм пленкаларында түсіріледі. Бұл құжаттарды арнайы дайындықсыз сәттерде де көруге мүмкіндік бар.

Киноқұжаттардың соңғы тасымалдаушы құралы CD және DVD дискілердің видеофильмдерді жазуда және оларды пайдалануда алатын орны ерекше.

Диафильмдер мен кинофильмдерден видеофильмнің ерекшелігі оның магниттік ленталарда сақталуымен қатар, оптикалық дискілерде сақталуы және видеофильмдерді тұрмыстық жағдайда пайдалану мүмкіндігінде. Мұрағаттарда оларды ғылыми анықтамалық-аппарат құру барысында видеотека немесе фильмотека деп каталогқа енгізеді.

Дыбыстық киноқұжатар бір киноқұжатта бейнелік, мәтіндік, әуендік және дыбыстық компоненттер кездесетін күрделі құрылым. Киноқұжаттар оқиға мен фактіні қозғалыста түсіреді. Сондықтан да ол кеңістік пен уақыт туралы ақпарат береді.

Киноқұжаттарға қарағанда фотоқұжаттар оқиғаның тек бір сәттігін ғана түсіреді. Сондықтан да олар кинокадрлармен тең. Бейненің статистикалығына және пайдаланудың жоғарғы технологиялық мүмкіндігіне байланысты фотоқұжаттар оқиға немесе факті жөнініде максимум ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан республикасының Орталық мемлекеттік Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаттарында өте көп (87%) [42, 3-4 б. ], жинақталған аудивизуалды құжаттар - Фотоқұжаттар.

Кино және фотоқұжаттар өзара ұқсас. Фотографиялық жолмен алынған бір немесе бірнеше бейнелі құжаттар фотоқұжаттарды құрайды. Фотоқұжаттар негативті және позитивті болып екіге бөлінеді. Негативті фотолар-пленкада, ал позитивті фотолар - қағазда немесе шыныда бейнеленеді.

Мұрағат қызметкерлерінің айтуына қарағанда, күмісқұрамдас эмульсті фотолар мың жылға дейін сақталады. Ақ-қара түсті фотопленкалар мен суреттер 10 жылдан 140 жылға дейін, ал түрлі-түсті суреттер 5 жылдан 30 жылға дейінгі аралықта сақталу мүмкіндігіне ие. Мұрағаттарда оларды ғылыми анықтамалық-аппарат құру барысында фотоотека деп каталогқа енгізеді.

Түпнұсқалылығы дау тудырмайтын аудиалды мұрағат құжаттары -Фоноқұжаттар немесе дыбыс жазбалар. Олар еретеректе грампластинкаларда (үнтаспа), фонграммаларда сақталып келді. Ал бүгіндері олар компакт дискілерде сақталынып жүр.

Фоноқұжаттар жасалу деңгейіне сай әрқашан мұрағатшылардың көз алдында болады [20, 11 б. ] . Фоноқұжаттар үшін де бірнеше бейнелік ерекшеліктер кездеседі. Фоноқұжаттардағы ақпараттардың берілуі тек дыбыстық негізде (сөз, әуен, дыбыс арқылы) іске асады.

Фоноқұжаттар үш компонент - сөз, әуен, дыбыс - арқылы беріледі. Мәнерлі, әрі ақпаратқа бай эмоциялық фоноқұжаттар тарихи дерек ретінде құнды аудиалды құжаттарды құрайды.

Дыбыстық үнтаспалар немесе грампластинкалар - ескі және барынша көп тараған фоноқұжат түрі. Оларды мұрағаттарда сақталу және пайдалану барысында жиі қолданыста. Себебі онда басылған дыбыстық жазбалар ұзақ сақталып, арнайы потефондарда ойналады.

Бұндай үнтаспаларда ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әуендер, халық ауыз әдебиетінің шығармалары, классикалық туындылар сақталған, ал 50-70 жылдарға қарай грампластинкаларда жаңа әуенде рок, джаз әуендері жазыла бастады.

Грампластинкалардың немесе үнтаспалардың орнын уақыт өте келе магниттік ленталар басты. Магниттік ленталар әсіресе ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында кең етек алды.

Магниттік ленталы кассеталарға фоно жазбалардың кез-келген түрін жазу мүмкін болды. Магниттік лентаға жазуды тек арнайы мамандар ғана емес, сонымен бірге, әуесқой жалпы көпшілік те жаза алатын дәрежеге жетті.

Ал қазіргі таңда дыбыс жазуда алғы орынға компакт дискілер шықты. Дыбыс жазбаларының сызылмай, физикалық қалпы бүлінбей сақталуы - оның тікелей сақталуын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Бұзылмай сақталған фоноқұжаттарды сол қалпында сақтауды одан әрі қамтамасыз етуде оның пайдалануын дұрыс ұйымдастыра білуге байланысты [7, 3-12 б. ] .

Аудиовизуалды құжаттарды сақтау мен пайдалануды ұйымдастырушылық принципі бойынша киноқұжаттар - фильмдерге, арнайы шығарылымға және киножурналдар мен телебағдарламаларға бөлінеді.

Осы принцип бойынша фотоқұжаттар - хроникалық, фотоочерк, портрет, пейзаждарға, ал фоноқұжаттар - оқиға туралы жазба, әдеби шығармаға және өнер туындысына жатады.

Жоғарыда сипатталған кино-фото-фоно құжаттарды бүгінгі таңда жалпы тілмен айтқанда - аудиовизуалды құжаттар деп атайды.

Аудиовизуалды құжаттарды пайдаланудың мақсаттары дәстүрлі құжаттардан ерекше. Оларға сұраныс көбіне радио және телевизия, киностудия, мерзімді басылым тарапынан түседі [33, 3-13 б. ] .

Аудиовизуалды құжаттарды ғылыми-көпшілік, оқу-ағарту және мәдени мақсаттарында пайдаланылады.

Аудиовизуалды құжаттарды тұрақты сақтауға орталық мемлекеттік мұрағаттарға төмендегі мекемелер бере алады:

1) маманданған мекемелерін-кино және телестудиялар, ақпараттық агенттіктер, телебағдарламалар мен радиохабарлар комитеттері;

2) аудиовизуалды құжаттарды пайдалануда маманданбаған мекемелер-ғылыми-зерттеу мекемелерін, министрліктер мен ведомствалар, оқу орындары және т. б. мекемелер;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Электронды құжаттардың пайда болуы
Электронды құжаттар және мұрағаттар
Қозғалыстағы мекеменің мұрағатына фотоқұжаттарды қабылдау
Мемлекеттік мұрағат қорындағы құжаттардың ғылыми анықтамалық ақпарат жүйесі
Мұрағаттарда құжаттарды сақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz