Азнагүл алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және мұнай мен газ шоғырларын іздестіру жобасы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Азнагүл алаңының геологиялық құрылысы,

мұнайгаздылығының болашағы және мұнай мен газ шоғырларын іздестіру жобасы»

АНДАТПА

Бұл дипломдық жобада геологиялық - техникалық - экономикалық көрсеткіштер арқылы мұнай қабатын іздеу үшін, геологиялық -геофизикалық зерттеулер материалдарын Каспий маңы ойпатының Оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан Азнагүл мұнай кенорнын ашуға негізделген.

Бұл жобада жоғарғы таскөмір өнімді қабаттарын ашып, жалпы қалыңдығын, жиналу мөлшерін, коллекторлық сипатын ортаңғы таскөмір қабатына дейін ашып шоғыр контурын жасау.

Жобалық тереңдігі 4200, 4250 м болатын екі іздеу ұңғымаларын бұрғылау қарастырылған.

С 3 категориясы бойынша алынатын қоры 366310 мың т.

АННОТАЦИЯ

В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть, на основе геолого-геофизических материалов, собранных по площади нефтяное месторождение Азнагул расположено в юго-восточной прибортовой зоне Прикаспийской впадины.

Целью данного проекта является уточнение контуров залежей верхне-каменноугольных продуктивных горизонтов, эффективных толщин, фильтрационно-емкостных характеристик коллекторов, выявление и оконтуривание залежей нефти в среднем карбоне.

Проектируется заложение две поисковых скважин с проектными глубинами 4200, 4250 м.

Геологические запасы подсчитаны по категории С 3 составляет извлекаемые запасы - 366310 т.

мазмұны

Кіріспе

1. Геологиялық бөлім . . .

1. 1 Географиялық-экономикалық жағдайлары . . .

1. 2 Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарын жинау, талдау және баға беру . . .

1. 2. 1 Дала геологиялық және геофизикалық зерттеулердің көлемі және нәтижелері . . .

1. 2. 2 Іздеу бұрғылау жобасын орындау реті туралы мәліметтер . . .

1. 3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы . . .

1. 4 Тектоника (арнайы тарау) . . .

1. 5 Мұнайгаздылығы . . .

1. 6 Гидрогеологиялық жағдайлары . . .

1. 7 Мұнай қорын еспетеу . . .

1. 8 Жобланған жұмыстарды жүргізудің әдістемесі, көлемі және шарттары . . .

1. 8. 1 Мақсаты және тапсырмасы . . .

1. 8. 2 Барлау сатыларының сипаттамасы . . .

1. 8. 3 Шоғырлардың геомертизациясы және шоғыр мен кенорынның барлау нақтылығына баға беру . . .

2. Техникалық бөлім . . .

2. 1 Ұңғылардың үлгілі құрылмасын негіздеу . . .

2. 2 Жуу сұйықтығының қатарының сипаттамасы . . .

2. 3 Зерттеу жұмыстары . . .

2. 3. 1 Шлам және жыныс үлгісін іріктеу . . .

2. 3. 2 Геофизикалық және геохимиялық зерттеулер

2. 4 Өнімді қабаттарды сынау және бақылау

3. Экономикалық бөлім . . .

3. 1 Мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру . . .

3. 2 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру . . .

3. 3 Материалдарды техникалық жабдықтау . . .

3. 4 Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер есебі . . .

3. 5 Жобадағы ұңғымалардың құрылысын қаржыландыру . . .

4. Қоршаған ортаны, жер қойнауын және еңбекті қорғау

4. 1 Еңбек қорғау, қайпсіздік техникасы және өндірістік санитария

4. 2 Қоршаған ортаны қорғау және бақылау

4. 3 Жер қойнауын қорғау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

тіркемелер . . .

Кіріспе

Азнагүл мұнай кенорыны Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінің Оңтүстік Ембі көтерілімінде орналасқан.

Әкімшілік тұрғыдан Азнагүл кенорыны Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына жатады.

Азнагүл құрылымы сейсмикалық жұмыстар нәтижесінде 1984ж ашылған.

Іздеу ұңғымаларын бұрғылау кезінде жүргізілген ГІЖ мәліметтері жоғарғы таскөмір, жоғарғы және ортаңғы девон шөгінділерінде төрт қабат - І, ІІ, ІІІ, V, С ІІ , С ІІІ қабаттары анықталған. Сынамалау кезінде Г-2 ұңғымасының ІІ қабатынан және Г-3 ұңғымасының І қабатынан мұнай ағындары алынған.

Алғаш рет 1984 жылы ұңғымаларды сынамалау мәліметтері және геологиялық-геофизикалық жұмыстардың нәтижесі бойынша мұнайдың қоры есептелді. Геологиялық және пайдаланып жатқан мұнай қорлары С 1 дәрежесі бойынша 2039, 5 және 731 мың тоннаны құраған.

1988 жылы мұнай қорлары кему жағына қарай есептелген және С 1 дәрежесі бойынша геологиялық қорлар 1174 мың тонна, пайдаланып жатқан қорлар 352 мың тоннаға, С 2 дәрежесі бойынша геологиялық - 645 мың тоннаға, алынатын қоры - 194 мың тоннаға тең болған.

Бұл жобаның негізгі мақсатына жоғарғы-ортаңғы өнімді горизонттардың, тиімді қабаттар шоғарларының шекарасын нақтылау, коллекторлардың сүзілу-көлемдік көрсеткіштерін анықтау және ортаңғы таскөмір қабатында мұнай шоғырларын шекаралау.

Берілген тапсырманы орындау үшін жобада 2 іздеу ұңғымасын бұрғылау қарастырылған, бұл ұңғымаларда сынамалау кезінде геологиялық-геофизикалық, өндірістік зерттеулер жүргізіледі, керн, шлам, қатпарлық флюидтер алынып, оларда талдау жұмыстары жүргізіледі.

1. Геологиялық бөлім

1. 1 Географиялық-экономикалық жағдайлары

Әкімшілік тұрғыдан Азнагүл кенорыны Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына жатады.

Жақын орналасқан елді мекендерге аудан орталығы Бейнеуден 110 км, Құлсары ауылынан (170 км) және Атырау қаласынан (410 км) жатады.

Жақын маңындағы кенорындар Тортай, Аққұдық және Алтықұлаш болып табылады.

Орографиялық тұрғыдан аудан төбешікті, оңтүстікке -15 м абсолюттік белгілерімен, оңтүтік-батысқа +50 м абсолюттік беліглерімен жазық еңістелген жазық болып келеді. Жер беті төбешікті болып келетін сулы тақырлардың дамыған торымен, әлсіз бекітілген құмдармен және тақырлы ойпаттармен күрделенген.

Гидрографиялық тор қарастырылып отырған ауданда нашар дамыған. Көршілес учаскілерде альб-сеноман шөгінділерінен атқылаған минералды сулардың ұңғымалары орналасқан. Ауыз су опорная станциясынан автоцистернамен әкелінеді.

Климат кенет континенталды. Ауа райының температурасы жаз айларында +45 0 көтеріледі, қыс айларында -30 0 төмендейді. Көктем және күз айларында түсетін жауын-шашынның орташа мөлшері 180 мм құрайды.

Өсімдіктер әлемі шөптермен көрсетілген, тек үлкен ойыстардың баурайында ғана кішкентай талдар кездеседі.

Жануарлар әлемі де шамалы: қасқыр, түлкі және сайғақтар кездеседі, көптеген кеміргіштер - суслик, тышқан, хорек таралған. Құстардан бүркіт, үйрек, сонымен бірге жыландар, сарышаян, сирек қарақұрт кездеседі.

Кенорыннан жақын жерлерде келесі объектілер орналасқан:

  • Орталық Азия-Орталық газ құбыры
  • Ақтау-Самара мұнайқұбыры
  • Кигач-Актау суқұбыры.

1. 2 Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарын жинау, талдау және баға беру

1. 2. 1 Дала геологиялық және геофизикалық зерттеулердің көлемі және нәтижелері

1932-35 жылдары Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде алғаш рет маятникті бақылау жұмыстары жүргізілді, олардың нәтижесінде ауырлық күшінің жолақы-созылған жоғары ауытқулар жолағы - Оңтүстік эмба гравитациялық максимум анықталған.

1947 жылдан бастап ауданды геофизикалық әдістер, аэрогеологиялық және геологиялық карталау арқылы жүйелік зерттеулер жұмыстары басталды.

1957 жылы Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде аэромагниттік түсіру жұмыстары жүргізілді және бұл жұмыстардың нәтижесінде 1:200 000 масштабтағы магниттік ауытқулар картасы құрастырылды.

1961 жылы А. Д. Тушканов 1:200 000 масштабтағы алаңдық гравиметриялық түсіру жұмыстары жүргізілді, олардың нәтижесінде 2 мгл изоауытқулардың қимасы бар карта құрастырылды.

1973 жылы 1:50 000 масштабтағы жоғары нақтылықтағы жете гравиметриялық үсіру жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша 0, 5 мгл изоауытқулардың қимасы бар гравиметриялық карталар құрастырылған. Гравитациялық өрістердің сипаттамасы жете зерттеліп, ауырлық күшінің аймақтық және жергілікті ауытқулар карталары жасалған және терең орналасқан күмбездермен көрсетілген қарқындылығы 2 мгл дейінгі жететін жаңа жергілікті минимумдар анықталды.

1978-79 ылы сп 37/79-79 Гурьев геофизикалық экспедициясымен МОГТ жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ІІІ, V, VIІ, С ІІ (артин шөгінділер жабынында), С ІІІ (төменгі таскөмір қабатында) шағылысу горизонты бойынша 1:100 000 масштабтағы құрылымдық карталар жасалған және келесі тұзасты көтерілімдері анықталған: Тасым, Қараой, Алтықұлаш, Оңтүстік Құмшеты, Сүйішбек, Қарақыз.

Азнагүл құрылымы П 1 шағылысу горизонты бойынша бөлінген және екі төбешіктермен күрделенген солтүстік-батыс бағытындағы брахиантиклиналь болып келеді.

1990-1992 жылдары арасында Оңтүстік ембі шығыс бөлігіндегі Тортай СП-8/90-92 моноклиналі шекарасында іздеу-барлау сейсмикалық жұмыстар жүргізілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде шөгінді таужыныстардың геологиялық құрылысы нақтыланып, ІІІ, V, VI, П 1 , П 2 шағылысу горизонттары бойынша нақты карталар құрастырылған.

1. 2. 2 Іздеу бұрғылау жобасын орындау реті туралы мәліметтер

Азнагүл алқабының іздеу барлау бұрғылау жұмыстары үшін негіз ретінде 1981жылы Гурьев геофизикалық экспедициясының П 1 шағылысу горизонтының палеозой құрылымы жұмыстары алынған.

Іздеу бұрғылау жұмыстарының мақсаты таскөмір шөгінілерінің мұнай және газ шоғырларын анықтау және С 1 және С 2 дәрежелері бойынша мұнай қорларының алдын-ала геологиялық-экономикалық бағасы беру жатады.

Алқапта 1981-1985 жылдар арасында тереңдік іздеу бұрғылау жұмыстары жүргізіле басталды.

Қазақ ССР Геология Министрлігі бекіткен жобасы бойынша 1 ұңғыманың тереңдігі 4500 м өзгертілген және басқа да ұңғымаларының тереңдігі 1 ұңғыманың бұрғылау нәтижелері бойынша нақтыланады.

1, 2 ұңғымалардың геологиялық-геофизикалық нәтижелері алынғаннан кейін Қазақ ССР Геология Министрілігінің шешімі бойынша ұңғымалардың тереңдіктері 4000 м дейін деп қабылданды.

Төменгі таскөмір шөгінділерінен мұнай мен мұнай-газ белгілері бірқатар ұңғымалардан (№№1, 2, 3) анықталған. Осы мәліметтердің негізінде бірінші жобадағы қосымшалар қосылды, олардың мақсаты мұнай-газды горизонттарды анықтау. Қосымша бойынша жобалық тереңдігі 4500 м тең болатын ұңғымаларын бұрғылау қарастырылған.

1984-1985 жылдары жүргізілген қосымша сейсмикалық зерттеулер мен материалдарды өңдеу негізінде құрылымдық моделі нақтыланған. Осы негізде 1985 жылы рифті құрылыстардың окск-серпухов жастағы таскөмір шөгінділердің құрамын анықтау мақсатымен Г-12 ұңғымасын орналасу орнын анықтау үшін қосымша жоба жасалды.

Кенорынды зерттеу профильдік жүйе бойынша жүргізілген. Ұңғымалар екі учаскілер бойынша бұрғыланған: солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс төбешігінде. Ұңғымалар арасындағы арақашықтық 1, 0-2, 5 км арасында өзгереді. Жобалық ұңғымалар негізінен таужыныстардың орналасуына крест бойынша бағытталған сейсмикалық профильдер мен құрылым шеттерінде орналасқан.

Негізгі және қосымша жобалар бойынша жалпы метраждығы 58750 м тең болатын 2 ұңғыманы бұрғылау жобаланған. Жұмыстар нәтижесінде жоғарғы таскөмір және девон шөгінділердің мұнайлылығы анықтаған. Жоғарғы таскөмір мұнайлардың өнімділігі 1 ұңғымада 7 мм штуцерда 8 м 3 /тәу құрады. Девон горизонтын сынамалау кезінде 2 ұңғымадан мұнайы бар су алынды.

1. 3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы

Палеозой кезеңі (PZ)

Таскөмір жүйесі (С)

Таскөмір жүйесінің шөгінділері Азнагүл анындағы ұңғымалар қимасында үш бөліммен көрсетілген - төменгі, ортаңғы және жоғарғы.

Төменгі таскөмір (С 1 )

Төменгі таскөмір жүйесі 1, 2 ұңғымаларымен ашылған және төменгі визе жікқабатымен көрсетілген.

Визе жікқабаты (С 1 v) . Визе жікқабаты ортаңғы және жоғарғы жікқабатымен көрсетілген.

Ортаңғы жікқабатшасы 2 ұңғымаларында ашылған және П 1 горизонттарымен берілген.

Бұл ұңғымаларда негізінен ірі сынықты таужыныстармен - саздар мен аргиллит қабатшалары бар құмтастармен, қиыршықтастармен көрсетілген. Ашылған горизонттың қалындығы 1 ұңғымада 100 м, 2 ұңғымада 125 және 210 м ашылған.

П 1 горизонты 1, 2 ұңғымаларымен ашылған және екі қабаттан тұрады: төменгі қабат сазды және жоғарғы қабат құмды болып келеді. Горизонттың қалындығы 1 ұңғымада 220 м, 2 ұңғымада 116 м, Жоғарғы жікқабатша 1, 2 ұңғымаларымен ашылған және сазды қабатпен көрсетілген. Саздар қою сұр, әктасты емес, өсімдіктер қалдықтары бар қатпарлы болып келеді. Шөгінділердің қалындығы 1 ұңғымада 95 м, 2 ұңғымада 111 м.

Ортаңғы таскөмір (С 2 )

Бұл горизонттың шөгінділері 1, 2 ұңғымаларымен ашылған және шартты түрде белгіленген.

Споралы-тозаңды кешеннің мәліметтері бойынша жасы бойынша ортаңғы таскөмір москов жікқабатымен көрсетілген. 2 ұңғымада шектеулі таралған башкир жікқабатын көрсететін кондонттар анықталған. Башкир қабаты шектеулі таралғандықтан және ұңғымалардың кейбір қималарында кездесетіндіктен бұл шөгінділер бөлінбеген.

Жоғарғы таскөмір (С 3 )

Кезеңнің шөгінділері 1, 2 ұңғымаларымен ашылған және гжел жікқабатымен көрсетілген.

Өзінің сипаттамасы бойынша қабат жоғарыда айтылған башкир-москов қабатымен сәйкес келеді және ол қабатпен бірігіп кетеді. Сондықтан бұл қабатты бөліп алу шартты түрде жүреді. Керн мәліметтері бойынша қабат ақшыл сұр, орта түйірлі, тығыз цементтелген, әктасты, полимиктілі және қою сұр саздар қабатшалары бар құмтастармен көрсетілген. саздар сұр, қою сұр, кей жерлерде жасыл болып келеді, тығыз, аргиллит тәріздес, құмтасты. Шөгінділердің қалындығы 30-50 м арасында өзгереді.

Перм жүйесі (Р)

Перм шөгінділері төменгі бөліммен ғана көрсетілген.

Төменгі бөлім (Р 1 )

Төменгі перм шөгінділері қимада әртүрлі фациалды қабаттармен берілген. Бұл шөгінділер барлық ұңғымалармен ашылған.

Ассель-артин шөгінділердің алаң бойынша екі белдеммен көретіліген: артин кешенінің терриген-карбонатты шөгінділерінен қралған баурай белдемі және терраса тәріздес кертпештерде тарлаған терригенді сакмар шөгінділері. Кунгур қабаты алаң бойынша кең таралған және екі белдемді құрылымға ие. Оңтүстік Эмба көтерілімінің баурайында кунгур шөгінділері ангидрит қабатында кездеседі және терраса тәріздес кертпештерде галогенді қабат кең таралған.

Ашылған шөгінділердің қалындығы 80-100 м арасында өзгереді.

Мезозой кезеңі (MZ)

Мезазой кешененің шөгінділері бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіздікпен палеозойдың әртүрлі жасты түзілімдерінде орналасқан және Қараой ауданында триас, юра және бор жүйелерімен берілген.

Триас жүйесі (Т)

Азнагүл ауданында триас шөгінділері барлық ұңғымаларда ашылған. Триастың литологиялық шөгінділері құмды-сазды терригенді шөгінділерімен көрсетілген және шөгінділердің қалындығы 117-250 м арасында өзгереді.

Юра жүйесі (J)

Юра жүйесінің шөгінділері барлық бұрғыланған ұңғымаларда ашылған. Керн бойынша олар сипатталмады.

Төменгі юра (J 1 )

Төменгі юра шөгінділері саздар, құмдар, әктас қабатымен көрсе-тілген. Жалпы қалыңдығы 160-200 м болады.

Ортаңғы юра (J 2 )

Ортаңғы юра шөгінділері аален және бөлінбеген батбайос жікқабаттарымен берілген.

Аален жікқабаты (J 2 a) . Аален жікқабатының шөгінділері ортаңғы юра қимасының негізінде ораналсақан және сұр мен ақшыл сұр орта және ірі түйірлі құмдардан құралған сазды қабатымен көрсетілген.

Аален жікқабатының ортаңғы бөлігі қалындығы 90 м тең болатын саздар қабаты орналасқан. Саздар сұр, қою қоңыр, тығыз және карбонатсыз болып келеді.

Шөгінділердің қалындығы 150 м арасында өзгереді.

Бат-байос жікқабаты (J 2 bt+b) . Бат-байос шөгінділері алевролитті-сазды таужыныстармен және құмтастармен көрсетілген.

Саздар және құмтастар сұр, ақшыл сұр, ұсақ, орта түйірлі және өсімдіктер қалдықтарымен болып келеді.

Алевролиттер сұр, ақшыл сұр, орта түйірлі, көмірлі органика қалдықтары бар сазды цементпен цементтелген болып келеді.

Жікқабаттың қалындығы 315-465 м тең.

Жоғарғы юра (J 3 )

Жоғарғы юра шөгінділері барлық ұңғымалармен ашылған және келловей, оксфорд пен волж жікқабаттарымен көрсетілген.

Келлювий жікқабаты (J 3 k) . Қабат құмды-алевролитті және сазды таужыныстардан құралған.

Саздар жасыл, жасыл-сұр, тығыз, карбонатты және карбонатты емес, жұқа қабатты және сирек өсімдік детриттері кездеседі.

Құмтастар және алевролиттер сұр, жасыл-сұр, ұсақ және орта түйірлі, қатты полимиктілі, сазды цементте, арасында өсімдік детриттері кездеседі.

Шөгінділердің қалындығы 80-110 м арасында өзгереді.

Оксфорд жікқабаты (J 3 о) . Шөгінділер жасыл түсі бар сұр тығыз, әктасты саздар мен мергель және сазды әктастар қабатшаларымен көрсетілген.

Оксфорл қабатының қалындығы 75-100 м арасында өзгереді.

Волж жікқабаты (J 3 v) . Қабаттың төменгі бөлігінде ақшыл-сұр алевролитті мергельдер, жоғары бөлігінде сазды және таза әктастар таралған.

Шөгінділердің қалындығы 65-75 м арасында өзгереді.

Бор жүйесі (К)

Бор шөгінділері екі бөлімнен құралған: төменгі - терригенді, жоғарғы - карбонатты.

Төменгі бор (К 1 )

Төменгі бор жүйесі келесі жікқабаттар қатарымен көрсетілген: валанж, готерив, баррем, апт және альб жікқабаттары.

Валанж жікқабаты (К 1 v) . Валанж шөгінділері готерив трансгрессиясымен қатты шайылған және шамалы қалындықтағы қабат ретінде сақталған.

Шөгінділер карбонатты саздар қабатшалары бар әктасты құмтастармен көрсетілген.

Қабаттың қалындығы 20-25 м арасында өзгереді.

Готерив жікқабаты (К 1 g) . Готерив жікқабаты екі қабатпен берілген: төменгі қабаты сазды және жоғарғы қабаты құмды-сазды болып келеді.

Сазды қабат (пелеципидті свита) жсаыл-сұр, құмды және әктасты саздардан құралған, олардың арасында карбонатты құмтастар кездеседі. Құмды-сазды қабаты алмасып келетін жасыл-сұр саздар мен әртүрлі түйірлі құмдар мен құмтастар қабаттарымен берілген.

Қабаттың қалыңдығы 70-100 м жетеді.

Баррем жікқабаты (К 1 br) . Баррем жікқабаты түрлі-түсті және жасыл құмтастармен саздардың бірқалыпсыз алмасып келетін қабаттарымен берілген.

Саздар жасыл, сұр, қоңыр, қою-қызыл, тығыз. Құмтастар жасыл-сұр, ұсақ түйірлі, қабатты емес, полимиктілі және сазды материалмен цементтелген болып келеді.

Шөгінділердің қалындығы 329-450 м арасында өзгереді.

Апт жікқабаты (К 1 а) . Апт жікқабаты ұсақ түйірлі құмдар мен құмтастар қабатшалары бар қатпарлы, тығыз, қою сұр, қара саздардан құралған. Апт жікқабатының негізінде құмдар мен алверолиттер, қою сұр кварц-глаукониттер орналасқан.

Шөгінділердің қалындығы 135-200 м тең.

Альб жікқабаты (К 1 al) . Альб жікқабаты құмдар мен құмтастар қабатшалары бар бірқалыпсыз алмасып келетін саздар мен алевролиттер қабаттарынан құралған.

Саздар қою сұр, тығыз және алевролитті және әктасты емес болып келеді.

Алевролиттер қою сұр, тығыз және сазды цементпен болып келеді.

Құмдар мен құмтастар орта және ірітүйірлі және гранулометриялық құрамы ойынша біртекті емес.

Альб жікқабатының қалындығы 467-530 м арасында өзгереді.

Жоғарғы бор (К 2 )

Жоғарғы бор шөгінділері барлық жікқабаттармен берілген және территорияның барлық бөлігінде кездеседі, барлық ұңғымалармен ашылған: сеноман, коньяк-турон, сантон, кампан және маастрих жікқабаттары.

Сеноман жікқабаты (К 2 s) . Сеноман жікқабаты негізінен құмды-сазды шөгінділерден құралған. Шөгінділердің қабаты 76-100 м арасында өзгереді.

Коньяк-турон жікқабаты (К 2 t+k) . Бөлінбеген коньяк-турон жікқабаты карбонатты таужыныстармен, бор мен саздар қабатшалары бар мергельдермен көрсетілген.

Мергельдер ақшыл жасыл-сұр, тығыз және сазды болып келеді. Бор ақ және тығыз. Саздар жасыл-сұр, тығыз, таза және карбонатты болып келеді.

Шөгінділердің қалындығы 30-55 м арасында өзгереді.

Сантон жікқабаты (К 2 st) . Сантон жікқабаты мергельді-бор таужыныстар кешенімен берілген. мергельдер ақ, тығыз және борпылдақ болып келеді. Бор тығыз және ақ.

Сантон шөгінділерінің қалындығы 28-40 м арасында өзгереді.

Кампан жікқабаты (К 2 km) . Кампан жікқабаты негізінен бор мен саздар қабатшалары бар мергельдермен берілген.

Мергельдер жасыл-сұр, тығыз және сазды болып келеді. Бор ақ, тығыз.

Кампан қабатының қалындығы 75-90 м тең.

Маастрих жікқабаты (К 2 m) . Шөгінділер алмасып келетін ақ бор мен жасыл-сұр сазды мергельдер қабатымен берілген.

Маастрих жікқабатының қалындығы 110-120 м тең.

Кайназой кезеңі (Кz)

Кайназой шөгінділері палеоген, неоген және төрттік жүйесімен берілген.

Палеоген жүйесі (Р)

Палеоген шөгінділері Азнагүл учаскесінде барлық ұңғымалармен ашылған. Олар территорияда кең таралғанменен, шөгінділер нашар зерттелген.

Палеогеннің негізінде жасыл-сұр, кейде қызыл мергельдер, жасыл карбонатты саздармен және әктастармен алмасып келеді.

Палеоген таужыныстарының қимасы балық қалдықтарына, балық терілеріне және балшақтасты детритке бай.

Кезеңнің жалпы қалыңдығы 300-400 м.

Неоген жүйесі (N)

Төрттік жүйесі (Q)

Төрттік пен неоген шөгінділері тұтас қабатпен барлық территоряны жауып жатыр. Литологиялық шөгінділері теңіз-жағажайлы, құмтасты-сазды және балшақтасты шөгінділермен берілген.

Шөгінділердің қалыңдығы 200-250 м.

1. 4 Тектоника (арнайы тарау)

Тектоникалық жағдайлары бойынша қарастырылып отырған аудан Оңтүстік ембі палеозой көтерілімінің солтүстік көмілген баурайына жатады. Ауданның құрылысы екі ірі құрылымдық-тектоникалық этаждан: тұздың астындағы және тұздың үстіндегі этаждардан құралған шөгінділер кешенімен көрсетілген.

Іргетасы бойынша негізгі құрылымдық элементке Тугаракчан ойысы жатады, ол грабен тәріздес құрылыды болады және 10-14 км тереңдікке дейін көмілген. Жарылымдар жүйесімен ойыс әртүрлі тереңдікке төмендетілген блоктар қатарына бөлінген, олардың шекарасында геологиялық кезеңнің сатыларында қалыптасқан жеке тектоникалық белдемдерге бөлінген. Жарылымды бұзылыстар жеке блоктардың, сонымен бірге грабеннің таралу облысын және көлемдерін анықтайды.

Шөгінді қабатта үш литологиялық-стратиграфиялық қабат бөлінген: тұздың астындағы, тұзды және тұздың үстіндегі қабаттар.

Тұздың астындағы кешенге кунгур шөгінділерінің төмен бөлігінде орналасқан барлық палеозой шөгінділері жатады және олар Оңтүстік ембі көтерілімінің шекарасында эраның сулы құмды-конгломераттар қабатының астында ашылған. Сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесі бойынша қимада бірнеше сейсмикалық шағылысқан және сейсмикалық сынған горизонттар анықталғын: ІІІ, V, VІ, П 1 , П ½ және олар терең орналасуымен сипатталған.

горизонты жоғарғы арт-төменгі кунгур горизонттарының жабынына ұштасқан.

Барлық территорияда шағылысқан горизонты тұрақты анықталған және ол кунгурға дейінгі шөгінділер қабатын нақтылайды.

Бірінші тұздың астында орналасқан горизонтта П 1 және П½ шағылысу горизонттары орналасады.

П 1 сейсмикалық горизонтты жоғарғы таскөмірдің шамалы қалындықтағы карбонтатты шөгінділер жабынымен сипатталады.

П½ горизонты ортаңғы және төменгі таскөмір түзілімдерінің жабынына ұштасқан.

Девонға дейінгі кешеннің беті бойынша құрылымдық планы іргетас жабынының құрылысымен сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алмаз алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және жобалау әдістері
Ұңғыма бұрғылаудың геологиялық жағдайлары
Пайдалану тізбегі мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Тұрлан геофизикалық экспедициясы
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Батыс-Қазақстанда орналасқан Cолтүстік Шығыс алаңында мұнай іздеу жұмыстарының геолого-технико-экономикалық тиімділігі
Ұңғы құрылымын жобалау
Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеліну тарихы
Маңғыстау облысында орналасқан асар ауданы бойынша жиналған геологиялық геофизикалық материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz