Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-4

І ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ . . . 5-10

  1. Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты . . . 5-7
  2. Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері . . . 7-8
  3. Қаржы механизмі, қаржылық саясаты . . . 8-10

ІІ ҚАРЖЫЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ . . . 11-23

2. 1 Қаржы жүйесінің қағидаттары . . . 11-15

2. 2 Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері . . . 15-18

2. 3 Қаржы механизмі, қаржылық саясаты . . . 18-19

2. 4 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары . . . 19-23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24-25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Бүгінде елдер мен континенттерді тіті­рен­тіп тұрған жаһан­дық әлемдік дағдарыс - бұл адамзат әлі біліп болмаған айрық­ша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәр­тіп­ті, барлық экономикалық бастауларды түбе­гейлі өзгертетін құ­былыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны тал­дауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі дог­ма­лар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.

Экономиканы дүниежүзілік тәжірибеде пысықталған классикалық теорияларға сүйенетін мақсатты қаржы саясатын жүргізумен реттеу экономикалық өзгерістер барысында белгіленген оң өзгерістерге қол жеткізуге жекелеген салалардағы өндірістік құлдырауын тоқтатуға, инфляциялық болжауды төмендетуге, қайта қаржыландыру мөлшерін оң шамаға шығаруға, қаржы және қаржы-бюджет жүйелерінің қызметін тұрақтандыруға, бюджет тапшылығының ауқымын ауыздықтауға мүмкіндік берді.

Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, еңбекке қабілетті халықтың көпшілігі жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнімнің басым көпшілігі бәсекеге қабілетсіз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткізілімдерінен едәуір тәуелділігі және т. б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгіленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша -несие жағынан реттеу үшін ұлттық ақшаның дүниежүзілік нарықтағы нақты құнын көрсетпеуінен қолайсыз болады. Үкімет көпшілікті жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндігі болмайды.

Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкімет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкін. Тіркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесімсіздіктерді пайдалануы, ықтимал ірі алтын-валюта резервтерінің болуын талап етеді. . Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшін алтын-валюта қорларының едәуір мөлшерін жоғалтты.

Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар туғызу міндеті арнайы орган Қаржылық қадағалау агентті­гіне жүктелгеннен бері Ұлттық Банктің басты мақсаты - инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұру болып табылады. Осы орайда сонымен қатар Қаржы полициясының да елімізде қаржы секторын тұрақ­тандыру жөніндегі барлық өкілеттік берілді. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш-жігері инфляциялық үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төменде­туге қол жеткізу қажет, яғни ақша-кредит саясатын елдің эко­номикалық өсімімен байланыс­тырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті сая­сатын жүргізуі тиіс. Бұл мақсатта ақша-кредит саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімдік құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т. б. Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принциптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша-кредит саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.

Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру, тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша одан әрі шаралар қабылдануда. Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік орталық құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Президент Н. Ә. Назарбаев: «Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым жетілген және күшті шығаруға зор мүмкіндік бар. Біз дағдарысты кезеңнің өзінде де экономика үшін пайда алуға үйренуіміз тиіс. Бұл экономикалық дамудың сапасын арттыруды болжайды . . . Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру Қазақстан үшін - бұл Үкіметтің 2009 - 2010 жылдарға арналған жұмысының негізгі күн тәртібі».

Ел Президенті берген тапсырмаларды орындау үшін үкімет ҚҚА-мен бірлесіп, Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі.

Оның мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан экономикасын қалыптастыруда қаржының мағыздылығы - қаржы нарығында жүзеге асыратын операциялары шешуші роль атқарады, өйткені олар экономиканың қаржы тұрақтылығын камтамасыз ету мақсатында ақша айналысын реттеуге бағытталған. Осы орайда курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі еш дау тудырмайды.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі».

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары болып табылады. Осы жұмыстың нысанасы қаржы саясаты дамуының банктің іскерлік белсендігімен өзара байланысы болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І. Қаржы қызметінің жалпы түсінігі

1. 1 Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән - мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қаржы - ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айрушыларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық термин.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.

Қаржы - нарықтық қатынастардың құрылымды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен, ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мәні болып табылады.

Қаржы (« қолма - қол ақша », « табыс » ұғымын білдіретін орта ғасырдың латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты. Бірінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізетін авторды атау қиын.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар - ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Түрлі қоғамдық - экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

  • әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады.
  • кез - келген қоғамдық - экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады.
  • өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және федалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табыстың қалыптасуы да көбіне натуралдық сипатта болады.
  • Егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылымдық міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен анықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан, бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржы - ақша қатынастарының жиыны, олардың түрлі ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамның ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын білдіреді. Сондықтан оның маңызы экономикалық қатынастарды ақша қатынастарының қандай орын алатындығында.

Қаржы - бұл шаруашылық субъектілер жүргізуші және қайта бөлу процесіне ұшырайды. Бұл процестердің маңызды рөлін қаржы атқарады. Қаржының жұмыс істеуінің нақты шарты ақшаның пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші еңбектерінің мемлекеттік қызметін қамтамасыз ететін ресурстарының қажеттілігі болып табылады.

Қаржының мәні - ақша нысанындағы құқық қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар - ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдылықтардың іс - әрекеті болып табылады.

1. 2 Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері

Қаржының мәні іс - әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияларға тән қызмет тобын; мәнін; іс - қимылдығы көрінісін сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айырмашылықты әдістерін білдіреді.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштігі және ұдайы өндіріс тәрізді 2 тұжырымдамасы танылып отыр.

  1. қаржы қоғамдық өндірістің 2 стадиясында ақшы нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процестерінде пайда болады. Қаржының бөлгіштік сипаты оның іс - әрекет ету ерекшелігін көрсетеді. Бұл тұжырымдамаға сай қаржы 2 функцияны орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қоғамдық өмірде бөлу алғашқы және кейінгі, қайта бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемімен орнын толтыру қоры мен амортизациялық аударымдар шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің өндірістік сферасының және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.

Қайта бөлу кезінде салалық сондай - ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілері бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу 2 әдіспен жүзеге асырылады:

Қаржылық - бюджеттік әдіс - ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

Несиелік - банктік әдіс - ол уақытша босқаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының - нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т. б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржының бөлшектік функциясы аумақаралық, салааралық; ішкісалалық және ішкішаруашылық болып бөлінеді.

Аумақтық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен басынан кешіріп отырған әкімшілік - аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрінің арқасында бүкіл экономикалық үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкі саладағы өндірістің дамуы үшін, артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік - тұрмыстық инфроқұрылымды өрлету үшін, өтемөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін комерциялық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып, көрсететіні белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Қаржының бақылау функцияларын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болады. Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асумен және оның жайымен нормалар мен нормативтердің сақталуымен байланысты болады.

Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып, мемлекеттік парызды сақтауға негізделген. Бақылау функциясы қаржылық бақылауда - жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жасауда көрінеді. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:

Қаржылық - шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктердің, ведомоствалардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабельдікке, еңбекке ақы төлеуге ықпал жасайды. Бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;

Қаржылық - бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттіу бюджетке алу арқылы, кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асады. Қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, бюджет қаражаттарының бизнес - жоспардың немесе құрылыс қарқының орындалуына қарай берілуін бақылайды.

Кредиттік - банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарылымдығы, арқылы қағидаларынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

1. 3 Қаржы механизмі, қаржылық саясаты

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде мемлекеттік мекемелердің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эвалюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ң қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.

Қаржы жүйесі мынадай 3 критерилерге сүйенеді:

  1. Қаржы қатынастарының жиынтығы.
  2. Ақша қорларының жиынтығы.
  3. Басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынасын құрайды. Қаржы қатынастары мынадай 2 сфераны құрайды.

  1. мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары.
  2. Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады.

Қаржы жүйесін құрайтын элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы - бұл қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттары олардың жұмысымен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік - мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байлансыты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңы және жеке тұлғалармен пайда болатын ақшы қатынастармен көрінетін экономикалық категория.

Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшылықты нысаны, қалыптасу көздері:

а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;

ә) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

б) бюджетпен берілетін субсидиялар;

в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар;

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, жергілікті қаржы, шаруашылық жүргізуші, субъектілердің қаржысы, халықтың қаржысы. Қаржы қатынастарының алғашқы 3 бөлігі жалпы мемлекттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады. Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі қағидалары қанағаттандыруы тиіс:

Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамтиды, бұл жалпы котегорич болып табылатын «қаржыға» тән қасиет;

Екіншіден: тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізгі мына қағидаларды қамтиды.

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына тиісті жергілікті қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын - ала айқындайды. Мемлекеттің қаржы жүйесінің алдындағы міндеттемелерді орындаған соң ғана, қаржы ресурстарын иемденеді. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидалардың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық табыс, теңдікті қамтамасыз етеді. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымның ұлттық - мемлекеттік, әкімшілік - аймақтық құрылымына сәйкес аппараты бар. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидасы орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын - ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығанда.

Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс қордың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтап, шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі. Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидалары жоғары органдар деңгейінде, сондай - ақ төменгі қаржы аппаратының тиісті қаржы аппаратын тиісті құралымен байланыстырады.

Қаржы ақпаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері қамтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржының мәні, функциясы және ролі
Қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржы жүйесін дамытудын негізгі бағыттары
Қаржы менеджментінің теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
ҚР қаржы нарқының дамуы. ҚР фискалдық саясаты
Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz