Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Лизингтің мәні, пайда болуы және дамуы . . . 6
1. 2 Лизингтің жіктелуі және лизингтік операциялардың
түрлері, ерекшеліктері . . . 13
1. 3 Лизингтік төлемдердің түрлері және халықаралық лизингтік ұйымдар . . . 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ БИЗНЕСІ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құрылу
және даму ерекшеліктері . . . 26
2. 2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың
құқықтық қамтамасыз етілуі . . . 33
2. 3 Отандық лизинг бизнесінің дамуының ұйымдастырушылық
факторлары . . . 36
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3. 1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларды
тездетуді мемлекеттік ынталандыру . . . 43
3. 2 «Альянс Лизинг» АҚ-ның мысалында лизингтік төлемдерді есептеу . . . 49
3. 3 Қазіргі кезеңдегі лизингтік қатынастарды ұйымдастыруға талдау: әлемдік және ұлттық тәжірибе . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және оның барлық салаларында терең нарықтық қайта құру бойынша шараларды жүргізуге бағытталған. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму программасы халық шаруашылығын басқаруда мәнді позитивті өзгерістерді қарастырады. Экономиканы басқару стратегиясында лизинг механизмінің маңызы зор, өйткені лизингте ұлттық кәсіпкерлік нарықтың дамуы үшін үлкен потенциал қорланған.
Өзіндік қаржылық ресурстардың, бюджеттік қаражаттардың және шетел инвестицияларының шектеулілігі шарттарында қазақстандық кәсіпорындардың жаңа техника алғандығы үшін бірден төлеуге мүмкіндігі жоқ, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері үлкен қаржылық ресурстарды қажет етеді, ал банктер шаруашылық субъектілерді несиелеу үшін дереу кепілдік қамтамасыз етуді талап етеді.
Кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын талдау негізгі қорлардың физикалық және моральды тозуының шекті дәрежесін көрсетеді, ал бұл өз кезегінде ұлттық өндірушілер жұмысының төмен тиімділігінің себептерінің бірі болып табылады. Аталған факторлардың барлығы ұлттық экономиканың жағдайына теріс әсер етеді және несиемен немесе сатып алумен салыстырғанда негізгі қорларды жаңартудың балама жолдарын іздеуді талап етеді.
Лизингтік қатынастардың құрылуы және дамуы қазақстандық кәсіпорындардың техникалық потенциалын реконструкциялау бойынша мүмкіндіктерді және шарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі кезде республикадағы лизингтің дамуының деңгейі, оған қойылатын талаптарға толық жауап бере алмайды. Оның негізгі себептері: лизингтің қолданатын ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің әлсіз тиімділігі, лизингті басқарудың сұрақтары бойынша заңды және құқықтық актілердің жетілмегендігі, лизингтік қызметтер жайлы, олардың құрамы жайлы мәліметтік базаның жетімсіздігі, көптеген потенциалды лизинг алушылардың лизингтік қатынастарға қатысуға психологиялық дайын еместігі, көптеген лизингтік компаниялардың инвестициялық потенциалының әлсіз болуы. Осы жағдайларға байланысты, бүгінгі күні көп лизингтік компаниялар ірілендіру саясатын жүргізуде -ол банктік және сақтандыру секторының қаржылық ресурстарын тарту арқылы жүзеге асады. Бұған қоса, лизингтік компаниялардың өздерінің ассоциациялар мен союздерге бірігу тенденциясы байқалады, бірақ лизингтік қатынастардың бұл жағы туылу және даму кезеңінде және Қазақстан шарттарындағы лизингті пайдалану тиімділігінің ұйымдастырушылық-экономикалық факторларын зерттеуді талап етеді.
Осы шарттарда негізгі қорларды модернизациялаудың және құрылымдық дағдарысты жеңудің тиімді құралдарының бірі-лизинг, инвестицияларды, капитал салымдарын қаржыландырудың ерекше формасы ретінде болады. Лизингтік бизнестің кең масштабта дамуы Қазақстан үшін инвестициялық процесті белсендірудің ең перспективті бағыттарының бірі бола алады және болуға міндетті.
Осы себептен, лизингтің қызмет етуінің сұрақтарын зерттеу мәселесі және осы негізде оны жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарды дамыту өзекті болып келеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Лизингтің құрылуының және дамуының сұрақтары және оны жетілдірудің жолдары түрлі зерттеушілердің жұмыстарында бейнеленген. Мұнда, маңызды теоретикалық және әдістемелік мәнге батыс ғалымдарының еңбектері ие: Бука Х, Шарла У, Бейли Дж, Брейли Р, Майерс С және т. б.
Лизинг мәселелерін зерттеу ресейлік және қазақстандық ғалымдарының еңбектерінде бейнеленген: Газман В. Д, Қабатова Е. В, Комарова В. В, Прилуцкий Л. Л, Лещенко М. И, Сағадиев Қ. А, Смагулов А. С, Сейтқазиева А. М, Сейтқасымов Т. А, Исабеков Б, Қантарбаева Ш, Есиркепов Т. А, Чекмарева Е. Н және т. б.
Оған қоса, лизингтік қатынастардың ұйымдық механизмін жетілдірумен байланысты сұрақтардың көбі қазақстандық авторлардың еңбектерінде бейнеленбеген. Сондықтан да, лизингтің дамуының қазіргі кездегі тенденцияларын тереңірек зерттеудің және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуінің тиімділігін жоғарылату қажеттілігі туындап отыр.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты, Қазақстан экономикасындағы лизингтің теориялық-әдістемелік негіздерін, ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін кешенді зерттеу және оның дамуының мәселелерін, перспективаларын, жолдарын зерттеу. Бітіру жұмысының тағы бір мақсаты, Қазақстан Республикасындағы лизингті қолдану тәжірибесінің кешенді талдауының және теориялық зерттеудің негізінде инновациялық процестерді инвестициялаудың жүйесінде лизингтік қатынастардың дамуы және құрылуы бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы ұсыныстарды қайта дамыту.
1-бөлімде - Лизингтің ұғымы мен мәні, пайда болуы мен дамуы, лизингтің жіктелуі және лизингтік операциялардың түрлері мен ерекшеліктерінің теориялық әдістемелік негіздері зерттеліп, лизингтік төлемдердің түрлері қарастырылған.
2-бөлімде - Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы лизингтің құрылу және даму ерекшеліктері, Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың құқықтық қамтамасыз етілуі, отандық лизинг бизнесінің дамуының ұйымдастырушылық факторлары зерттелген.
3-бөлімде - Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың даму болашағы, Қазақстан Республикасындағы лизингтік операцияларды тездетуді мемлекеттік ынталандыру және лизингті жетілдіру жолында ұсыныстар жасалған.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторының шаруашылық субъектілері.
Зерттеу пәні ретінде экономикалық субъектілер арасындағы лизингтік қатынастардың құрылуының ұйымдастырушылық-экономикалық факторлары болады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының құқықтық, нормативтік және инструктивті актілері, статистикалық есеп берудің ресми мәліметтері, алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетел ғалымдарының ғылыми жұмыстары, жұмыс процесінде жиналған лизингтік компаниялардың есеп берулері құрайды.
1 ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Лизингтің мәні, пайда болуы және дамуы
Ерте кездерден бастап, байлықтың пайда болуы және қоғамның бөлінуінен бері адамдар алдымен жерлерді және ауыл шаруашылық құралдарды, жан-жануарларды жалға алуды және беруді бастады. Кейінірек мұндай мәмілелердің объектілері қайықтар, кемелер, қару-жарақтар болып келді, ал 20 ғасырға жақын вагондар, кейбір құралдар жалға берілді. Өткен ғасырдың 50-шы жылдары лизинг пайда болды.
Экономиканың дамуындағы инновациялық факторды күшейту мақсатында, біздің ойымызша, республиканың материалдық-техникалық базасының түбегейлі модернизациясын болжайтын лизингтің қайта өндірістік механизмін қолдану керек. Тек лизинг беруші мен лизинг алушының ғана емес, жалпы мемелекеттің алатын артықшылықтарына байланысты лизингтің дамуының нақты перспективалары бар.
Негізгі капиталды жаңартудың және инвестициялаудың инновациялық формасы ретінде лизингтің артықшылықтары жалпы мемлекеттік деңгейде келесі бағыттар бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- экономиканың шикізаттық бағыттылығын жеңу
- сыртқы нарықтар үшін күресте ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігін көтеру
- өндірісті техникалық және технологиялық жаңарту үшін мемлекеттің экспорттық-импорттық потенциалын ынталандыру
- өндірістің техникалық жағдайын жаңарту
- жаңа техниканы меңгеру мен құру мерзімін қысқарту
- мемлекеттің сыртқы қарызын тұрақтандыру, өйткені лизинг бойынша міндеттемелер, халықаралық тәжірибеге сәйкес, мемлекеттің сыртқы қарызына кірмейді
Мемлекеттің позициясынан қарағанда, лизингтің тиімділігі-ол қысқа мерзімді несиелеудің механизмі сияқты ағымдағы шығындарды қаржыландырмайды, капитал құраушы инвестицияларды көбейтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның лизингтік механизмін жүргізу кезінде-лизинг алушылар өз қаражаттарын бөлмей немесе қарыз алмай бағасы қымбат құрал-жабдықтарды толық инвестициялаудың мүмкіндігін алады және мұнда лизинг мүлігі кепіл (залог) ретінде болады, ал бұл өз кезегінде лизинг алушы жағынан қосымша гарантияларды қажет етпейді, яғни оның жалпы шығындарын төмендетеді.
Лизинг жүйесіндегі бастысы- лизинг алушының лизингтік төлемдерді іске асыру үшін, өзінің шаруашылық процесінде қаражаттарды табу мүмкіндігі, өйткені лизингтік келісім-шарттың жұмыс жасау мерзімінде лизинг беруші-финансист осы мүлікке деген меншік құқығын сақтайды. Тиімді шарттарда қарыз алу мүмкіндігі болмай және өзіндік қаражаттары болмай, шаруашылық субъектілері лизинг болмаса дами алмас еді. Лизинг жаңа құрал-жабдықты меңгеру кезіндегі шығындардың пайда болу тәуекелділіктерін азайтады, табу, ұстау, эксплуатация, ремонт, сату бойынша лизинг алушының жағынан қаржылық ресурстардың экономиясын көбейтеді, өйткені осы тәуекелділіктердің бір бөлігін өзіне лизинг беруші алады. Түрлі авторлар мен экономикалық қайнар көздері беретін «лизинг» терминінің түсінігімен тар және кең мағынада танысып көрейік.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы-жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Берілген термин жайында түсінік беретін жүзден аса анықтамалар бар: лизингті жалға беру қызметіне, іскерлік қызметке, құрал-жабдықтарды өткізу формасына, ұзақ мерзімді жалға, қаржыландыруға, экспортты несиелеу формасына, сыртқы экономикалық қызмет формасына т. с. с жатқызады.
Бірақ, біздің ойымызша лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.
Лизинг-бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Неміс тіліндегі «leasingvertrag» термині «кісі пайдаланатын жалдың түрі, мұндағы кісі тұратын ғимараттың ремонты және бұзылғандығы үшін жауапкершілік жалға алушыда жатады» деген мағына береді, ағылшын қаржылық-инвестициялық сөздігінде келесідей аударма берілген: «Белгілі-бір уақыт аралығында жылжымайтын мүлікті, құрал-жабдықтарды немесе басқа қаражаттарды пайдалануға құқық беретін жал немесе жал келісім-шарты». Тек француз тілі ғана «credit-bail» түсінігінің мазмұнын ашуға мүмкіндік береді: «жалға алушы кәсіпорын үшін арнайы алынған құрал-жабдықтардың жалы» [4, 185 б. ]
Көптеген авторлар лизингтің негізін жалға беру құрайды деген нәтиже шығарады, «лизинг-түрлі машиналарды жалға берудің түрі, кейін олар лизинг берушінің меншігіне көшеді». Мұндай пайымдауларды шет ел авторлары Брейли Р, Майерс С жасады және олармен ресей авторлары Ольхова Р. Г, Лукасевич И. Я, Волынский В. С, Киселев И. Б, Горфинкель В. Я келісті. [5, б. 92; 6, б. 26]
Біздің ойымызша, лизингтің кез-келген анықтамасы шектеулі болады және бұл инновациялық құралдың көрінуінің барлық формаларын аша алмайды. Екінші жағынан, «лизинг» термині көп авторларда «несие-жалға беру» терминімен үйлеседі. Осылай мысалы Ольхова Р. Г қаржылық лизинг үшін бұл үйлесімділікті былай түсіндіреді: «лизинг, құрал-жабдықты сатып алу үшін берілген несиеге ұқсас келеді деп айтады. Несиеде жалға алушы негізгі қорларға белгіленген мерзімде қарызын өтеу үшін төлемдер жасайды, және мұнда банк несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін несиеленетін объектіге ссуданы толық өтегенше дейін меншік құқығын сақтайды». [14, б. 243] Онымен лизингті несие деп анықтаған Лещенко М. И келіседі.
Біз өткізген анализ көрсеткендей, лизингті өндірісті жаңартудың құралы ретінде пайдалану келесідей артықшылықтарды береді:
- мүлік түріндегі инвестициялау, ол қаржылық несиеден ерекшелігі- қаражаттарды қайтармаудың тәуекелділігін төмендетеді, өйткені лизинг берушінің берілген мүлікке құқығы сақталады.
- лизинг жүз пайыздық несиелеуді ұйғарады және төлемдерді бірден жасауды талап етпейді, ал бұл өз кезегінде кенет күштенусіз өндірістік қорларды жаңартуға, өндірісте қымбат бағалы құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
- жиі жағдайларда кәсіпорынға ссуда немесе несиеден гөрі, мүлікті лизинг бойынша алу жеңіл болады, себебі лизингтік мүлік кепіл түрінде болады.
- өндірістік қорларды жаңарту, өндірісте қымбат бағалы құрал-жабдықтарды пайдалану.
- лизингтік келісім ссудаға қарағанда икемді, мұнда екі жақ та төлемдердің икемді схемасын жасай алады. Мұнда төлемдерді тек ақшалай формада ғана емес, дайын өнім түрінде жүргізуге болады.
- лизинг алушы үшін мүліктің моральды және физикалық тозуының тәуекелділігі төмендейді.
- өндіруші тұтынушылар санын және өткізу нарықтарын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер алады.
Лизинг механизмін белсенді енгізу Қазақстан экономикасының барлық бөлімдерінің дамуына және құрылымының өзгеруіне ықпал етеді, ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да басқа елдермен байланысын кеңейтудің және отандық кәсіпорындардың өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың бірден-бір факторы болып табылады.
Лизингтік қатынастардың мәнін түсіну үшін лизингтің қызметтерін қарастырайық: «лизинг, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде көп қырлы экономиканы және өндірістік қызметті белсендіруді құру бойынша маңызды функцияларды атқарады».
Лизингтің көп қызметтерінің ішінен тек төртеуін қарастырамыз:
- Лизингтің қаржылық қызметі өндірушіні өндірістің қажетті қаражаттарының құнын бірден төлеуден босатады, яғни лизинг ұзақ мерзімді несие түрінде болады.
- Өндірістік қызмет өндірістік есептерді уақытша пайдалану жолымен тез шешуде көрініс табады. Бұл өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің және жаңа технологияларға, ғылыми-техникалық прогресстің нәтижелеріне қол жеткізілімділігінің тиімді әдісі.
- Лизингтің өткізушілік қызметінің мәні-тұтынушылар санын көбейту және өткізудің жаңа нарықтарын игеру, лизинг саласына кейбір мүлікті бірден ала алмайтындарды тарту.
- Лизингтің салықтық жеңілдіктерді пайдалану қызметі. Лизинг берушіге төлейтін лизингтік сыйақыны шегерімге шығару, ол лизинг алушының салық салынатын пайдасын азайтады.
Біздің мемлекетте лизинг бизнесінің рөлі қазіргі кезде лизингтің қаржылық және өндірістік қызметтерімен шарттандырылған.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.
Лизингтік келісімнің объектісі болып өндірістік циклде жоюға келмейтін кез-келген мүлік бола алады. Тәжірибеде лизингке көбінесе моральды тез тозатын технологиялық құралдар, қымбат бағалы материалдар, станоктар, автомобильдер, теңіз кемелері, ауыл шаруашылық техника, ғимараттар және құрылғылар беріледі. Тағы да лизинг обьектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т. б тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады.
Лизингтік мәмілеге келесі субьектілер қатыса алады: лизинг беруші, лизинг алушы, мүлікті сатушы, банк, сақтандыру компаниясы.
1. Лизинг беруші-лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі-бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға. Әдетте лизинг беруші болып:
- қаржылық несиелік және лизингтік ұйымдар
- арнайы лизингтік компаниялар
- техника немесе құралдарды өндіруші-кәсіпорындардың бөлімшелері, филиалдары
- мемлекеттік немесе жергілікті органдар
- уставында қызметтің осы түрі көрсетілген коммерциялық банктер
- лизингке негізделмеген, бірақ уставында қызметтің осы түрі жойылмаған кез-келген фирма немесе кәсіпорын
2. Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) -лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
3. Лизинг алушы-лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі-бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
4. Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) -лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады. Оларға:
5. Сақтандыру компаниясы-лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шет ел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Төменде лизингтік операцияның классикалық схемасы көрсетілген. Бұл, түсіну үшін өте қолайлы мысал Чекмарёва Е. Н «Лизингтік бизнес» кітабынан алынған: болашақ лизинг алушы, белгілі-бір құрал-жабдықты алғысы келіп, берілген мүліктің өндірушісін іздейді. Өзіндік қаражаттары және қарызға алу мүмкіндігі болмағандықтан, ол берілген құрал-жабдықты сатып алуға қаражаты бар болашақ лизинг берушімен сөйлеседі. Лизинг беруші және лизинг алушы келісім-шартқа отырады, кейін лизинг беруші өндірушімен сатып алу-сату мәмілесін жасайды және құрал-жабдықтарды лизинг алушыға уақытша пайдалануға лизинг келісім-шартында көрсетілген белгілі-бір шарттарда береді (Б қосымшасы) .
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып, лизингке берілетін объетілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- Транспорттық (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол вагондары және т. б) ;
- Байланыс құралдары (радиостанциялар) ;
- Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары;
- Құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т. б) ;
- Басқа да құралдар;
Лизингтің кең тарауының басты себебі-оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуы:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай-лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды
- Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді
- Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға беруші өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды
- Лизингтік келісім икемдірек. Ссудада мерзім және өтеу мөлшері шектелген, ал лизингте лизинг алушы өзінің табысы мен шығындарын есептеп қаржыландырудың икемді схемасын жасау мүмкін
- Лизинг алушы үшін мүліктің моральды және физикалық тозуының тәуекелділіктері азаяды, өйткені мүлік сатып алынбайды, уақытша пайдалануға алынады
- Лизингтік мәміледе лизинг алушы бірден және көп мөлшерде өндірістік қуаттарды пайдалануы мүмкін, дәл сол құрал-жабдықты сатып алғанға қарағанда. Оған қоса, лизингтің арқасында уақытша бос қаражаттарды басқа мақсаттарға пайдалана алады
- Лизинг өнімді өткізудің және өндірісті дамытудың құралы болғандықтан, мемлекеттік саясат лизингтік операцияларды ынталандырады және кеңейтеді
- Халықаралық Валюталық Қор мемлекеттің сыртқы қарызын санағанда лизингтік мәмілелердің сомасын ескермейді, яғни несиелік қарыз шектерінен асып түсуге мүмкіндік бар
Лизингті пайдаланудың құрал-жабдықты жабдықтаушы/сатушы үшін де артықшылықтары бар:
- Лизинг өз өнімін өткізудің құралы болып табылады
- Лизингтік компаниямен екіжақты ынтымақтастық арқылы клиенттік базаны кеңейту
- Бәсекелік артықшылық
- Қосымша пайда (лизингке берілген құрал-жабдықтарда қызмет ету арқылы табыс табу)
Лизингтік операцияларға тән кемшіліктер мыналар:
- Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлауынан (әсіресе инфляциядан) шығынға ұшырауы мүмкін
- Ұйымдастырудың күрделілігі
- Лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады
- Қаржылық лизинг кезінде ғылыми-техникалық прогресс құрал-жабдықтың ескіруіне ықпал етеді, ал лизингтік төлемдер лизингтік келісім-шарттың мерзімі біткенге дейін төленеді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz