Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Шаруашылық техникалық.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1. Бағалаудың мақсаты және құнның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және құқығын реттеу ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3. Бағалау қызметін лицензиялау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. тарау. Кәсіпорынның қаржы жағдайы және бизнес ретінде
келешекте дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1. Талдамалық жұмысқа әдістемелік көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Бухгалтерлік есептің негізі және қаржылық есептілікті жасау ... ... ... ... .24
2.3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3. тарау. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты ... ... ... ... ... ...34
3.2. Баланстың активі мен міндеттемелерінің көрсеткіштерін талдау ... ... ... .42
3.3. Баланс өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
Пайдалынған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
Бизнесті бағалау мамандығы
“КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ”
тақырыбына жазылған диплом жұмысына түсініктеме
Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доц. Төлегенов Э.Т.
күні _______________________ қолы_____________________
Ғылыми жетекші э.ғ.к., доц.Абдыкалыков Т.А.__________
күні_______________________ қолы_______________________
Студент _Нұрлан Э.Н._______________________________ __

Алматы, 2005

БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі э.ғ.к.,
доц.Төлегенов Э.Т.
___________________
2005 г.
ТАПСЫРМА
Студенттің дипломдық жобасы (жұмысы) бойынша
Нұрлан Эльмира Нұрланқызы
___________________________________ __________________________________
(аты-жөні)
Ғылыми жетекші _э.ғ.к., доц._Абдыкалыков
Т.А.______________________________
1. Жобаның (жұмыстың ) тақырыбы Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
Университет бұйрығы №___ бойынша ____ ___________ 200__ж. бекітілген
2. Студенттің аяқталған жобасын (жұмысын) өткізген мерзімі _20.06.05.
_____
3. Жобаға (жұмысқа) алғашқы мәліметтер:_жұмыстағы негізгі есептеулер
Алаугаз АҚ мәліметтері енгізінде
жасалынған_________________________ _______
4. Теориялық бөлімінің мазмұны (қаралуға тиісті сұрақтардың тізімі):
бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеуге қатысты мәселелер, соның ішінде,
бағалаудың мақсаты және құнның түрлері; бағалау жұмысын ұйымдастыру және
құқығын реттеу; бағалау жұмысын лицензиялау тәртібі; шаруашылық
экономикалық сипаттамасы анықталуы тиіс_____
5. Аналитикалық – болжау бөлімінің мазмұны: кәсіпорынның қаржы жағдайын
талдау; тұрақтылығын бағалау; баланстың активі мен міндеттемелерінінің
көрсеткіштерін талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін талдау мәселелері қаралуы
керек______________________________ ____________
Графикалық материал тізімі (міндетті сызуларды көрсету) талдаудың
негізінде графиктерді
сызу_______________________________ ___________________________
Ұсынылатын негізі әдебиет заңнамалық және нормативтік - құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы Заңы. – Алматы: Дәнекер
2001. -2-10 бет. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы Заңы. –
Алматы: Юрист. 2004. – 18 бет.
Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, баптар және газет пен
журналдар: Под ред. Кошкина В.И. Организация и методы оценки предприятия
(бизнеса). Учебник. – М.:ИКФ ЭКМОС, 2002. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов
Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. –
Алматы: Экономика, 2001.___
КАЛЕНДАРЛЫҚ ЖОСПАР
№ Дипломдық жұмыс сатыларының атауы Жұмыс сатыларын
орындау мерзімі
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау 28.02.05
Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту 01.03.05
Әдебиеттермен танысу 05.03.05
Әдебиеттерді зерттеу 10.03.05
Жоспарды бекіту 02.04.05
Кіріспені жазып бітіру, көрсету 10.04.05
Бірінші тараудың теориялық негіздерін зерттеу 15.04.05
Бірінші тарауды аяқтап, тексеруге беру 30.05.05
Екінші тараудың практикалық негіздемелерін есептеу05.05.05
Екінші тарауды жазып бітіру, көрсету 25.05.05
Үшінші тарауды жазып бітіру, көрсету 02.05.05
Қорытындыны жазып бітіру, көрсету 10.05.05
Дипломдық жұмысты безендіру шаралары 20.05.05
Студент ___Нұрлан Э.Н._______________________________ ___________
Ғылыми жетекші _э.ғ.к.,доц. Абдыкалыков Т.А. ___________________
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Шаруашылық техникалық-экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1- тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ..10
1.1. Бағалаудың мақсаты және құнның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және құқығын
реттеу ... ... ... ... ... ... ... 1 5
1.3. Бағалау қызметін лицензиялау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2- тарау. Кәсіпорынның қаржы жағдайы және бизнес ретінде
келешекте
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 21
2.1. Талдамалық жұмысқа әдістемелік
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Бухгалтерлік есептің негізі және қаржылық есептілікті
жасау ... ... ... ... .24
2.3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27
3- тарау. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .34
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
мақсаты ... ... ... ... ... ...34
3.2. Баланстың активі мен міндеттемелерінің көрсеткіштерін
талдау ... ... ... .42
3.3. Баланс өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..49
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
Пайдалынған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .75
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарға көшу барысында,
кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі өсуде. Шарушылық
субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні тез ұлғаюда. Бұның барлығы
олардың қаржылық жағдайын талдаудың, ақша қаражаттарын қолдану және
орналастыру ролін елеулі жоғарлатып отыр. Бұндай талдаудың нәтижесі ең
алдымен меншік иелеріне, сондай – ақ кредиторларға, инвесторларға,
менеджерлерге және салық органдарына қажет.
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жақсару жолында
Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы жыл
сайынғы жолдауында “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа
идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске
асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек” делінген. Экономикамыздың
тіреуі болып табылатын, орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызып
қана қоймай, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпорынның
аяғында нық тұруы, оның дамуы республикамыздың экономикасының әл- аухатын
жақсарту үшін маңызы зор.[1]
Бұл жұмыстың басты мақсаты – Алаугаз АҚ қаржылық жағдайын зерттеу,
қаржылық қызметінің негізгі проблемаларын анықтап, қаржылық жағдайын
бағалау және басқару үшін ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсат бойынша келесі мәселелерді шешу керек:
• балансқа шолу жасап, оның өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның мүлкінің сипаттамасы: негізгі және айналымдағы
қаражаты және оның айналымдығын, проблемаларын анықтау;
• қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• пайда және рентабельділгін талдау.
Зерттеу объектісі Алаугаз акционерлік қоғамы болып табылады. Зерттеу
пәні – кәсіпорынның қаржылық процесі және оның шаруашылық қызметінің
ақырғы нәтижесі.
Талдау жүргізу барысында келесі тәсілдер мен әдістер қолданылды:
- көлденең талдау, тікелей талдау;
- коэффициенттерді талдау:
- салыстырмалы талдау.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша
сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің
жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдерінің объективтілігі,
нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді
шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталғаны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатынын еркін алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағадайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін басшылыққа алынатын
нақты ұсыныстар жасауға болады.
Шаруашылық техникалық-экономикалық сипаттамасы.
ТұранӘлем Банкі республикадағы ең алғашқы банктердің бірі, оның
тарихы 1925 жылдан басталады. Қазіргі таңда Банктің акционерлер құрамында
мынадай ірі халықаралық қаржылық институттар кіреді: Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкі (ЕБРР), австриялық Райффайзен Централ Банк, Германиялық
инвестициялық DEG компаниясы, Халқаралық қаржылық корпорация, Голландық
даму банкі.
ТұранӘлем Банкі корпоративтік, сонымен қатар, бөлшектік жүйеге
мамандандырылған және Қазақстан бойынша 23 Бөлімшесі мен 211 Есеп айырысу
кассалық бөлімдерден тұратын бөлімшелік жүйесі бар Республикадағы алдыңғы
қатарлы банктердің бірі болып табылады. Банктің 3 өкілділігі бар: Ресейде,
Украинада және Қытайда.
Банктің рейтінгі тұрақты түрде жоғарылауда, яғни 2003 жылдың 28
мамырында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі Банктің 225 млн.$
көлемінде долларлық кепілденген облигацияларды шығару туралы “BB”
рейтінгін иемденгені жөнінде жариялады. Одан бұрын Mood’s агенттігі бұл
облигацияларға Baa3 деңгейіндегі рейтингі берілген. Бұл –ТМД–ң барлық
қаржылық институттары арасындағы ең жоғарғы болыптабылады, инвестициялық
класстың рейтингтері.
ТұранӘлем Банкі АҚҚ өзінің банктік қызмет нарығындағы позициясын
белсенді түрде дамыту және нығайту үстінде. Банктің тұрақтылығы бір жылдың
ішінде қалыптаспайтындығы және ол өз жұмысын басқаруда қолданатын
қағидалар мен анықталатындығы баршаға белгілі. ТұранӘлем Банкі үшін бұл
қағидалар: банктің даму стратегиясын нақты жоспарлау, қызметті әмбебаптау,
қызметкерлердің проффесионалдығы, банкті басқару оперативті, клиенттермен
тұрақты жұмыс.
2002 жылдың нәтижелері Банктің дамуының жағымды сипатын айқын
көрсетеді және болашаққа оптимистік болжам жасауға мүмкіндік береді.
Банктің меншікті капталы 2001 жылмен салыстырғанда 45,7% өсіп, 290 118 млн
теңгені құрады, ал банк активі сәйкесінше 43,2% өсіп, 2002 жылдың
31желтоқсанында 225 248 млн теңге болды. Жыл қорытындысы бойынша пайда
208% артып, 4 989 млн теңге құрады, ал ссудалық портфелі өскеніне
қарамастан оның жалпы активтер саласындағы үлесі өткен жылғы деңгейде
сақталды да, 2002 жылдың 31 жетоқсанына 61% тең болды. 2002 жыл бойы
тұтынушылық несиелерінің көлемі 136% артып, 7 млрд теңгеден асып түсті.
2003 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша ТұранӘлем Банкінің активтері тағы
да 27,6% өсіп, 1957 млн долларды құрады және меншікті капитал 10,4% артып,
ал пайда 16,2 млн долларға тең болды.
Банк қызметінің келесідей бірнеше негізгі бағыттыры бар: Қазақстан
экономикасының нақты секторының дамуына үлес қосуда; клиенттерге жоғары
сапалы қызмет көрсетуді кепілдендіре отырып, көрсетілетін қаржылық қызмет
спектрін дамытады; Қазақстандық инфрақұрылым дамуына ықпал жасайды;
Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік бағдарламаларына белсенді қатысады;
банктің қаржылық тұрақтылығын жоғарылатады; халық жағынан да, сонымен
қатар, халықаралық институттар жағынан Қазақстанның банктік жүйесіне
сенімділіктің артуына үлес қосады. Оның негізгі өнімдері болып
қаржыландыру, қаржы көздерін тарту, қызмет көрсету болып табылады. Банктің
қызметі корпоративтік және банктік операцияларды жүргізуден, саудалық
қаржыландырудан, шағын, орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға
қызмет көрсетуден, бағалы қағаздар және валюта нарығы бойынша қызмет
ұсынудан тұрады. Банк әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік
компаниялардан құралатын кең диверсификациялық клиенттік базаға ие.
Банктің потенциалын дамыту және нығайту мақсатында қаржылық қызметті
кеңейту үшін ТұранӘлем Банкінің қаржылық тобы құрылған. Бұл топ басты
банкті қоса алғанда, келесі компанияларды ұсынады:
• Сақтандыру қызметінің нарығы: БТА Сақтандыру компаниясы,
Династия Сақтандыру компаниясы;
• Зейнетақы қорлары: Қазақстан мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қоры, Құрмет мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қоры;
• Ломбардтық қызметтер: Алтын-орда;
• Ипотекалық несиелеу нарығы: БТА Ипотека;
• Қаржылық лизинг нарығы: БТА Лизинг;
• Бағалы қағаздар нарығы: ТуранАлем Секьюритис;
• Клирингтік қызметтер: Алматы қалалық клирингтік палатасы;
• Халықаралық нарықтар.
Банктің ірі клиенттеріне кіретіндер: мұнай-газ, телекоммуникациялық
компаниялар, тау-кен, тамақ, метталлургия, өңдеу, ауыл шаруашылығы
өнеркәсіптік мекемелері, көтерме-бөлшек сауда, қызмет көрсету
компаниялары. 2003 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандық бухгалтерлік есеп
стандарттары бойынша Банктің рыноктағы үлесі келесідей көрсетілген:
• Меншікті капитал бойынша -13,4% (екінші банк);
• Несие-нетто бойынша -18,4% (екінші банк);
• Депозит бойынша -17,7% (үшінші банк);
Банктің менеджментінің жоғары мамандандырылған потенциалы, оның даму
тенденциясы сақталғандығы деп санауға негіз болады. Негізгі міндет
–активтер мен пассивтерді барынша сенімді және тиімді қаржылық құралдарға
мобильді және оптималды түрде орнықтыру. ТұранӘлем Банкі қызметінің
тұрақтылығы клиенттерге персоналды қызмет көрсетуге қатынасты және
жұмыстардың негізгі бағыттарын белсенді дамытуды: жедел депозиттерді
тартуды, халыққа несие беру көлемін арттыруды, төлем карточкаларын
пайдалану сферасын дамытуды қарастырады.
БТА Славинвестбанк ресейлік еншілес банк арқылы 100 млн доллардан
аса мөлшерде ресейлік мекемелерді несиелендіруді 2003 жылдың мамырына БТА
сыртқы қаржылық нарықтарға 225 млн доллар көлеміндегі 7 жылдық
еурооблигацияларды орналастыруды аяқтады. Бұл қаражаттар Қазақстандық орта
және ірі компанияларды несиелеуге бағытталған. 2003 жылдың 1 тамызында
Лондонда БТА-ға 245 млн доллар мөлшеріндегі жедел займ ұсыну туралы БТА
ААҚ мен Citigroup және Deutsche Bank AG London арасында келісімге қол
қойылды. Қаражаттар нақты сауда келісім –шарты қарымқатынастарға
бағытталды. “Dealogic” ақпараттық агенттігі бұл келісімді Қазақстандық
банктер және ТМД –ның жеке банктері үшін синдицияланған займдар аясындағы
ең ірісі деп атады. Бұл займның ерекшелігі оның 18 ай өтеу мерзімінде. [2]
1 тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеу
1. Бағалаудың мақсаты және құнның түрлері.
Кәсіпорынның құнын бағалау – кәсіпорынның нарықтық бағасын есептеу
және негіздеу болып табылады.
Кәсіпорынды бағалау – өзіндік мақсатқа емес, нақты мәселені шешуге
бағытталады. Бағалаушыға бағалау жүргізудің мақсатын білу керек, сонда
ғана ол дұрыс әдістемелік құрал таңдай алады.
Кәсіпорын құнын бағалау қажеттігі келесі себептерге байланысты
туындайды:
1) кәсіпорынды сату;
2) кәсіпорын мүлкінің бөлігін сату (жер учаскесі, ғимарат, құрылғы);
3) қайта ұйымдастыру (қосылу, бөліну және т.б.) және кәсіпорынның
жойылуы, яғни меншік иелерінің және арбитраждық сот шешімі бойынша
кәсіпорын болған кезінде;
4) құнды қағаздар нарығында кәсіпорын акцияларын сату-сатып алу
(акционерлік меншіктегі кәсіпорынды сатып алу немесе оның бөлігі);
5) серіктестік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі жарғылық
капитал үлесін сату-сатып алу (үлесі ақшалай бірлікте бағаланады);
6) кәсіпорынды жалға беру. Жалдық төлемді анықтау үшін және жалға
алушының кейін сатып алуы үшін (егер ол келісім-шартта белгіленсе)
құны бағаланады;
7) кәсіпорынды дамыту инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін
кәсіпорынның бастапқы құнын негіздеу қажет;
8) кәсіпорынды кепілге қою арқылы несие алу (ипотека);
9) кәсіпорын мүлкін сақтандыру;
10) мүлік салығын есептеу үшін салық базасын анықтау;
11) негізгі қорды қайта бағалау.
Осылайша, мүліктік комплексті бағалау құнынының дұрыстығы көбіне
бағалау ауданын дұрыс анықталуына байланысты: сатып алу-сату, несие алу,
сақтандыру, салық салу және т.б.
Кез келген мүлік құнын келесі бір –бірімен тығыз байланысты:
біріншіден, кез келген бірнеше басқа мүлікке (ақшалай эквивалент
мағынасында) осы мүлікті айырбастау және, екіншіден, мүлік иесі болашақта
күтетін табыстардың ағымдағы құны ретінде анықтауға болады.
Құн, шығын және баға түсініктері арасында айырмашылық болуы маңызды.
Құн – бағаланып жатқан мүлікке сатып алушының (инвестордың) қанша төлеуге
дайын екендігін айқындайтын мөлшер. Шығын – бағаланып жатқан меншікке
ұқсас объектіні құру үшін кететін шығындар мөлшері. Бұл шығындар мүмкін
сатып алушы төлеуге дайын сомада өзгеше бағалануы мүмкін. Бір қатар
факторларға тәуелді, сатып алушы қажеттігі, тең құнды объектілердің болуы
және басқа сатып алушылардың белсенділігін қоса алғанда, бұл шығындар,
бағалау датасына құны төмен немесе жоғары болуы мүмкін.
Құн мен баға өзара тек жетілген нарық жағдайында тең болуы мүмкін.
Мүлікке байланысты құнды қолдану нақты шарттардың нәтижесі күтілетін
бағаны құрайды. Баға – алдыңғы келісім –шарттарда ұқсас объектілерді сатып
алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Тек талдау жасап, бағалаушы
ағымдағы төленген немесе алынған баға мүліктің құнын көрсететін бекіте
алады.
Құн туындайтын негізгі 4 шарт бар: сұраныс, пайдалылық, тапшылықтығы
және меншік құқығын беру мүмкіндігі.
1. Сұраныс. Сұраныс – белгілі уақыт аралығында нарықта сатып
алынуы мүмкін тауар (қызмет) немесе меншік объектілерінің саны.
Сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі.
2. Пайдалылық. Пайдалылық деп тауар (қызмет) немесе меншік
объектісінің адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандыру қабілетін айтады. Берілген зат қажеттілікті
қанағаттандыруы жоғары болса, соғұрлым оған деген сұраныс
жоғары болады. Пайдалықтың өсуі, әдетте бағаның өсуімен қатар
жүреді.
3. Тапшылықтығы. Үлкен сұранысқа және жоғары пайдалылығына
қарамастан, ешбір мүлікке тапшылық болмағанға дейін, оның құны
болмайды.
4. Меншік құқығын беру мүмкіндігі. Кез келген зат оған меншік
құқығын беру мүмкіндігі бар болған кезде ғана тауар болады
(сәйкесінше, құны болады). Осылайша, мысалы, егер белгілі жер
түрлерінің заңды күші бар заңнамаға сәйкес сату мүмкін болмаса,
онда оның құны болмайды, бірақ бұл жерлердің жалдау құқығының
нарықтық құнын бағалауға болады.
Мүлік құнын бағалау, жоғарыда айтылғандай, нақты бір мақсатпен
жасалмауы (сату бағасын анықтау, ипотекалық несие алу, мүлікті сақтандыру
және т.б.). Бұл бағалаудың мақсатын белгілеумен, ізделінетін құнды
есептеуді таңдаумен шартталады. Бір мүліктің құны әртүрлі құнды анықтауды
қолдану арқылы әртүрлі құны болады. Мысалы, өрттен сақтандыру үшін
бағалау, ипотекалық несиелеу мақсатында бағаланудан өзгеше болады. Бірінші
жағдайда құн мөлшері құрылғыларды қалпына келтіру шығындарымен анықталады,
ал екіншісі жағдайда – ипотекалық несие төмендеуі тоқтатылған жағдайда
объектінің ықтимал сатуға болатын бағасы.
Осылайша, бір мүліктің өзін бағалаудың белгіленуіне байланысты әртүрлі құны
бола алады.[3]
Әртүрлі қажеттіліктерге және орындалатын функцияларына байланысты
бағалаушы практикада келесі құнның негізгі түрлерін қолданады.
Негізделген нарықтық құн – берілген мүлік түрінің бәсекелестік және
ашық нарыққа тән бағасы. Бұл сатып алушы да, сатушы да керекті ақпаратпен
қамсызданған және сырттан қандай болмасын басымдылық болмайтын
экономикалық рационалды және ақылға қонымды іс-әрекет ететін еркін
бәсекелестікті білдіреді. Бұл құн меншік құқығын беру және алып қою
жағдайларында қолданылады. Практикада нақты келісім –шарт бағасы нарықтық
құннан келесі факторлардың әсерінен өзгеше болады, олар қаржыландырудың
ерекше жағдайы, мәжбүрлі сатып алу –сату, жағдайы, жақтардың жеткілікті
ақпаратпен қамтылмауы, нарық деформациясы, қысым арқылы сату және т.б.
Нарықтық емес құнға мысал нормативті есептелетін құн болып табылады.
Нормативті есептелетін құн –сәйкес басқару органдарының бекітілген
әдістерінің және нормативтерінің негізінде есептелетін мүліктік
комплекстің құны. Бұнда қарастырылатын мүліктік комплкес түрінің бірегей
норматив шкаласы (мөлшерлеме, коэффициент, үлестік баға) қолданылады.
Нормативті есептелетін құны мысалы, кәсіпорынның мүлік салығын есептеу
үшін негізгі құралдардың жылдық қалдық құны, материалды емес активтер,
қорлар және шығындар салықтық база ретінде қызмет етеді. Салық салынатын
құнды есептеу үшін баланстың активінде көрсетілген кәсіпорынның
бухгалтерлік есебіндегі сәйкес мүлік шоттарының қалдықтары алынады.
Нормативті есептелетін құнға басқа мысал ретінде жер салығын есептеу үшін
жер учаскесінің құнын анықтау болып табылады. Бекітілген салық
мөлшерлемелері және әртүрлі жердің немесе учаскенің сипаттамасын ескеретін
түзету коэффициенттері бар.
Мүліктік комплекстің нормативті есептелетін құнының көрсеткіші
практикада салық органдары, сондай-ақ мүлікті мемлекеттік сақтандыру
органдарымен қолданылады. Бұл көрсеткіште жәбірлену бойынша залалды
бағалау үшін сот органдары қолдануы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп жүйесіне байланысты баланстық құнды бастапқы,
қалпына келтіру және қалдық деп бөледі.
Баланстық құн - кәсіпорынның құрылысқа немесе негізгі құралдардың
элементтерін сатып алуға кеткен шығындар, ол баланста тіркеледі.
Бастапқы құн кәсіпорында объектіні іске қосу мезетінен бастап есептік
құжаттарда көрсетіледі. Эксплуатациядағы мүлік объектісі бастапқы құны
бойынша есептеледі, реконструкция немесе модернизация жасалған мезетке
дейін немесе қорды қайта бағалау мезетіне дейін.
Қалпына келтіру құны –ертеректе құрылған негізгі құралдардың қазіргі
жағдайдағы ұдайы өндіріс құны. Бағалаушы негізгі құралдардың
элементтерінің толық қалпына келтіру құнын алмастыру әдісімен, яғни ұқсас
объектілердің қазіргі нарықтық құнымен есептеледі.
Қалдық құны. Егер баланстық құннан эксплуатация периодындағы тозу
сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнын аламыз. Егер бағалаушы қайталама
нарық бағасы бойынша жүргізсе, қалдық құнның нарықтық сипаты болуы мүмкін.
Бағалау тәртібіне байланысты ұдайы өндіру құны және алмастыру құнына
бөлінеді.
Ұдайы өндіру құны – бағаланып жатқан мүліктің сатып алынған немесе
қазіргі кездегі бағалармен және сол немесе өте ұқсас материалдар арқылы
ұдайы өндірілетін объектінің дәл көшірмесінің құны. Ұдайы өндіру құнын
анықтау жиі мүмкін емес, оның себебі технологиялардың, материалдардың,
шикізаттық стандарттардың және т.б. өзгеруі. Сондықтан практикада
алмастыру құны қолданылады.
Алмастыру құны –бағаланып жатқан объектіге пайдалылығы бойынша
эквивалентті ұқсас меншік объектісінің ағымдағы өндіру құны.
Мүліктік комплекстің құнын әріқарай қызмет ететін және жойылу құны деп
бөледі.
Мүліктік комплекстің құны, әрі қарай қызмет ететін –келісім-шарт
жасалғаннан кейін алғашқыдай қызмет ететін және табыс әкелетін объектінің
сатып алу –сату құны. Мысалы, инвестор, кәсіпорын акциясын сатып алу және
оның құнын бағалау барысында, эмитент-кәсіпорын –бұл тиімді қызмет етіп
тұрған объект және ол табыс әкеледі деген тұжырымнан шығады.
Жойылу құны меншік иесі сату барысында келісуге мәжбүр сату бағасы.
Кәсіпорының жойылу құнын бағалау, мысалы, оның банкроттық нәтижесінде
мәжбүр жойылу және аукционда ашық сату кезіде орын алады.
Бағалау жағдайына байланысты, сондай-ақ құнның бірнеше түрін бөлуге
болады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандыру, утилизациялық.
Инвестициялық құн –мүліктік комплекстің құны, егер оны қандай да бір
инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық салым ретінде
қарастырсақ. Нарықтық құнға қарағанда, инвестициялық құны нақты және
белгілі жобаны және оның инвесторымен байланысты. Инвестициялық құн
мүліктік комплекстің нарықтық құнының берілген инвестициялық комплекске
инвестициялау нәтижесінде өсуін білдіреді. Инвестициялық құнды қайта
ұйымдастыру шаралары және инвестициялық жобаларды негіздеу негізінде
қолданылады.
Тұтынушылық құны (қолданудағы құн). Бұл құнды немесе нақты меншік иесі
үшін объектісінің маңыздылығын, ашық нарықта сатуға қоюын, қоймауын
көрсетеді. Құнды қолдануға оның иесі –тұтынушы үшін экономикалық тауар
құны анықталады және оны тиімді қолдануға негізделген (табыс, пайдалылық,
қолайлылық түрінде).
Құнды қолдануда нарықтық құнды көрсетуі міндетті емес. Тұтынушылық құн
туралы мәліметтер бағаланып жатқан мүліктік комплексті әртүрлі сапасы және
пайдалылығы бар ұқсас объектімен салыстыру керек болған кезде керек.
Сақтандыру құны –сақтандыру мақсатында және сақтандыру келісім-
шартында (полисінде) көрсетілетін объектінің нарықтық құны. Сақтандыру
құны элементтер бойынша есептеледі, ол сақтандырудың орнын толтыру үшін
бағалау керек. Әдетте сақтандыру құны, сақтандыру жағдайынан кейін
сақтанушыға өзінің мүлкін қалпына келтіру, жаңасын сатып алу кезінде
алмастыру құны ретінде анықталады.
Утилизациялық құн –шекті жағдайда толығымен тозуға жеткен немесе
төтенше жағдайлардың және өзінің алғашқы құнын жоғалтқан кездегі
утилизацияланатын материалдық активтердің құны. Утилизациялық құн –бұл
материалдар массасының қайталама құнынан тұратын бағаланатын объект.[4]
2. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және құқығын реттеу.
Бағалау мақсатында кәсіпорын ресурстарына сараптау және оған құқығын
тексеру негізі болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚРАҚ),
басқа заңнамалық және нормативті актілер, оның ішінде, жекешелендіру,
банкроттық, жалдау қатынастары, кепіл және ипотека, құнды қағаздар нарығы,
интеллектуалдық меншік, сенімдік басқару және т.б. сферасында
қарастырылады.[5]
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін реттейтін
заңнама, 30 қараша 2000 жылғы № 109-ІІ Қазақстан Республикасының бағалау
қызметі туралы заңынан, басқа заңдардан және нормативті-құқықтық
актілерден және олардың субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан
Респупликасының Халықаралық шарттарынан тұрады. Қазақстан Республикасының
субъектілері бағалау қызметін республикалық заң, бағалау мақсатында
Қазақстан Республикасына тиесілі бағалау объектілеріне, Қазақстанның
субъектілерінің немесе муниципалды құрылымдарына жеке және заңды
тұлғаларға қатысты бағалау қызметін реттеудің құқықтық негізін
анықтайды.[6]
Заң бойынша, бағалау қызметі былай түсіндіріледі: бағалау объектісінің
басқа немесе нарықтық құнын бекітуге бағыттылған бағалау қызметі
субъектілерінің қызметі, бағалау объектісінің бәсекелестік жағдайда –ашық
рынокта ең мүмкін сатылу бағасы.
Бірақ бұнда, келісім –шарт қатысушылары қажет ақпаратпен қамтытып,
ақылға қонымды шешімге келеді деп болжанады, ал келісім –шарт бағасының
шамасына қандай болмасын төтенше жағдайлар көрсетілмейді, яғни:
• келісім –шарттың бір жағы (сатушы) бағалау объектісін сатуға
міндетті емес, ал басқа жақ (сатып алушы) оны сатып алуға
міндетті емес;
• келісім –шарт жасасушы жақтар (сатушы және сатып алушы) келісім
–шарт заты туралы хабардар және өзінің мүддесіне қарай қызмет
етеді;
• келісім –шарт бағасы екі жақтың да ешбір мәжбүрлеуінсіз келісім
–шарт жасасуға бағалау объектісіне ақылға қонымды сыйақыны
білдіреді;
• бағалау объектісі үшін төлем ақшалай формада жасалады.
Кәсіпкерлік қызмет, соның ішінде бағалау қызметін жүзеге асыру
барысында туындайтын азаматтық құқық объектілеріне мыналар жатады:
О Меншік құқығы және мүлікке басқа заттық құқықтыр
Б немесе бөлек заттар
Қ Ъ
Ұ Е жылжымайтын мүлік, жылжитын мүлік, соның ішінде,
Қ К машиналар, қондырғылар және т.б.
Ы Т
Қ Л айналымға қатысатын жұмыстар, қызметтер, ақпарат,
Е азаматтық құқықтың басқа объектілері
Р
І интеллектуалды меншік объектілері (материалдық емес
активтер)
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітілгендей
азаматтардың және жеке тұлғалардың иелігінде, заң бойынша айналымнан
алынып тасталған және оларға жатпайтын бөлек түрлерінен басқа, сандық және
құндық түрінде шектеусіз мүлікке иелік ете алады.
Меншік иесін өзінің мүлкіне иелік ету, қолдану және билік ету құқығы
берілген, оған қатысты заңдарда және басқа құқықтық актілерге және басқа
тұлғалардың құқықтарын және мүдделеріне қайшы келмейтін, әртүрлі іс
-әрекет жасай алады.
Меншік иесі өзінің мүлкімен абсолютті түрде билік етуге құқылы:
а) ие болу, яғни онымен нақты билік ету;
б) қолдану, яғни мүліктен пайда, табыс әкелу;
в) билік ету, яғни, оның заңдық мәртебесін анықтау: сату, сыйға беру,
жалға беру, кепілге беру, айырбастау және т.б.
Меншік құқығынан басқа заттық құқықтар бар:
• жер учаскесіне өмір бойы мұралық, иелік ету құқығы;
• жер учаскесін тұрақты қолдану құқығы;
• сервитуттар;
• жолдау;
• кепіл және ипотека;
• сенім бойынша басқару;
• және т.б.
Меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі осы мүлікке басқа заттай
құқықтардың тоқтатылуына негіз болып табылады.
Меншік иесі өзінің мүлкін басқа тұлғалалрға тапсыруы мүмкін оларға
мүлік иесі бола тұра, иелену құқығын, мүлікті басқару және қолдану,
мүлікті кепілге және басқа түрде басқаруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі қабылданғаннан бері, негізінен
иелік ету құқы, жер және басқа табиғи ресурстармен қолдану және басқару
шегі оның айналымы заңмен рұқсат етілген мөлшері реттелген. Бұл құқықтар
меншік иесі тарапынан еркін, егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарын және
заңдық мүдделерін бұзбаған жағдайда.[7]
Жалпы, иелігінде жер учаскесі бар тұлғалар оны сатуға, сыйға беру,
кепілге немесе жалға беруге құқылы, өйткені заңға сәйкес, жер учаскелері
айналымнан шығарылмаған немесе айналымда шектелмеген. Жер учаскесіне
меншік құқығы учаскенің үстінгі қабатының шекараларына және жабық су
қоймаларына, ондағы орман және өсімдікке таралады, ал жер учаскесінің
үстін де, астын да, егер жер қойнауы туралы, әуе кеңістігін қолдану туралы
заңдарды және басқа тұлғалардың құқығын бұзбаған жағдайда қолдануға
құқылы.
Жер учаскелері және ондағы жылжымайтын мүлік олардың меншік иелері
тарапынан басқа тұлғаларға тұрақты немесе жедел қолдануға, соның ішінде,
жалға, ал ғимарат, қондырғы немесе басқа жылжымайтын мүлік тұлға арқылы
жасалынған болса, онда ол оның меншігі болып табылады.
3. Бағалау қызметін лицензиялау тәртібі.
Қазақстан Республикасында бағалау қызметін лицензиялау, Қазақстан
Республикасында бағалау қызметі туралы заңының 20-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. [8]
Қазақстан Республикасының лицензиялау заңының 2-бабына сәйкес лицензия
ұғымын анықтап алайық:
Лицензия –азаматқа немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен
айналысуға немесе белглі бір іс -әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган
беретін рұқсат лицензия деп ұғылады.
Бағалау қызметін лицензиялау –бағалау қызметін реттеудің мемлекеттік
процесінің құрамдас бөлігі оның жұйесіне лицензиялаумен қатар, сондай –ақ
әдістемелік кеңестерді, нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде бағалау
қызметінің субъектісіне міндетті қолданылатын бағалау стандарттарын,
бағалау туралы есепке экспертиза жүргізуді әзірлеу және қабылдау.
Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу туралы айтқанда дамыған нарықтық
экономикалы мемлекеттерде азаматтарды құқықтармен қамтамасыз ету,
мемлекеттің маңызды қызметі екенін атап көрсету керек. Сондықтан бұл
елдерде лицензиялау процедурасы халыққа қызмет көрсетумен айналысатын
(дәрігерлер, адвокаттар, архитекторлар және т.б.) көпшілік мамандықтарының
өкілдеріне қатысты өте кең қолданылады. Лицензия мемлекет тарапынан
белгілі қызмет түрін атқаруға рұқсат беру болып табылады, сонымен қатар,
халыққа қызмет көрсету деңгейінің сапасын қамтамасыз ету әдісі болып
келеді.
Шетелде лицензия, әдетте әртүрлі басқару органдарымен беріледі. Бірақ,
стандарттар лицензия алуға байланысты барлық лицензиялық талаптар,
емтихандық процедуралар негізінен мамандардың профессионалды ұйымдарымен
бақыланады және әзірленеді. Соңғысының қағидалық маңызы бар, өйткені
лицензиялау мамандықтар жаппай дамып, еркін бәсекелестік және білім
жүйесінің қол жетерлік жағдайында туындады. Айта кету керек, бүкіл әлемде,
бағалаушылар қызметі жаппай мамандық болып саналмайды және де бұл мамандық
элитарлық ретінде бағаланады, өйткені бағалаушылар қызметіне жай азаматтар
емес, көбіне профессионалдар –жылжымайтын мүлікпен айналысатын брокерлер,
банк қызметкерлері және т.б. сондықтан тарихи қалыптасқандай, дамыған
нарықтық экономикалы мемлекеттердің көбінде бағалау қызметі тікелей
мемлекет тарапынан реттелмейді. Бірақ жоғары профессионалды дейгейді
қалпында ұстау профессионалды ұйымдар тарапынан стандарттарды қабылдау
және сақтау арқылы реттеледі.
Италия, Испания, Жапония ерекше жағдайды құрайды, бұл мемлекеттерде
лицензиялау формасының белгелі мемлекеттік регламенті бар, сонымен қатар,
АҚШ-та жылжымайтын мүлік бағалаушыларын мемлекеттік лицезиялау бұдан 5 жыл
бұрын енгізілген.[9]
Қазақстанда бағалау қызмет түрі ретінде де, мамандық ретінде де құрылу
кезеңін басынан кешуде. Нарықтық қатынастарға көшудің басында, Қазақстанда
сәйкесінше бағалаушы қызметіне деген сұраныстың болуы негізгі қорды қайта
бағалау толқынында өзінің шыңына жетті. Нарықта стандарттарды ұстанбайтын
және қызмет сапасын өте төмен көрсететін көптеген бағалаушылар пайда
болды. Осыған байланысты Қазақстандағы мамандықтың туындау сатысында
бағалау қызметін сәйкес деңгейде ұстап тұру үшін мемлекеттік реттеуді
енгізу қажет болды.
Бұл мәселені шешкен 30.11.2000 жылы №109-ІІ Қазақстан
Республикасндағы бағалау қызметі туралы Заңы бағалау қызметіне
лицензиялауды енгізді.
Бағалау қызметі 30.11.2000 жылы №109-ІІ Қазақстан Республикасындағы
бағалау қызметі туралы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес –бұл бағалау
қызметінің субъектілері жүзеге асыратын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
бағалау объектісіне қатысты белгілі бір күнге нарықтық немесе өзгеше құнын
белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет.[10]
Лицензия алу үшін қажетті құжаттар:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген
үлгідегі арыз;
2) лицензияттың осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес
келетіндігін растайтын құжаттар;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық
алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
көшірмесі табыс етілуі қажет.
Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі
құжаттар тізбесіне қосымша және арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін.
Лицензиат (субъект) құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы,
толықтығы және уақытылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен
жауапты болады.
Лицензия беру, егер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе,
лицензиялар барлық қажетті құжаттармен қоса арыз берілген күннен бастап
бір ай мерзімінен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін –он күн
мерзімінен кешіктірмей беріледі.
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық
алымның бюджетке төленетін ставкалары, есептесу мен төлеу және төленген
сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес
белгіленеді.
Қызметтің тиісті түрімен айналысатын бүкіл кезеңге лицензия беру,
лицензия берген кезде лицензиялық алымды бір жолғы төлеумен қоса жүзеге
асырылады. [11]
2 тарау. Кәсіпорынның қаржы жағдайы және бизнес ретінде келешекте дамуы.
2.1. Талдамалық жұмысқа әдістемелік көзқарас.
Қаржылық талдаудың негізгі алты әдісін бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады,
ал одан кейін перспективті, болжамжық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әртүрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Салыстырмалы (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың,
бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің
құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай – ақ берілген
фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шарушылық аралық талдау болып табылады.
Қаржылық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция,
регрессия, және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір
экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді
іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға
және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын
жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың
жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау нәтижесінде талдау
жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың
арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың
ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және
сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды
үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау
болашаққа бейіделуі тиіс. [12]
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.
Шеремет пен Р.С. Сайфулин ұсынды. Ол талдаудың келесі бөліктерін тұрады:
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу
қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы
аналитикалық баланс – нетто бойынша бағалау, сондай – ақ қаржылық
тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша,
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті
оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімдігін талдау,
тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап,
болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе – теңдіктің сақталу
мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А. Андреев[13] және В.В. Ковалев[14] кәсіпорынның қаржы жағдайын
бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды
ұсынады: экспресс – талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс – талдаудың
негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және
қаржылық жағадайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған
мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі
көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау
жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс – талдаудың бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Онық мақсаты – шаруашылық
субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің
нәтижесі, сондай – ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы
толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақты дәрежесі
аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі
әдістер мен тәсілдер қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы
талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып,
аудитор қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе
алады, сондай – ақ объективті және анық баға береді, қаржылық
тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде
ұсыныстар дайындайды.
2.2. Бухгалтерлік есептің негізі және қаржылық есептілікті жасау.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен
тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама
жасау, екіжақты жазу әдісін қолданып жинақтамалы және талдамалы шоттар
жүйесін мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен
кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын
топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі
мен олардың көздеріне жеке шот ашылады. Мысалы, 441 -“Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақшалар”, 451-“Кассадағы ұлттық валютамен берілетін
қолма –қол ақшалар”, 551 -“Заңмен белгіленген резервтік капитал”, 571
-“Жиынтық кіріс” және т.с.с.
Екіжақты жазу –шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің
шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні -әрбір шаруашылық операциясы
екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде
жазылады.
Кәсіпорынның қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен екі
топтамада көрсетіледі: оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар
екендігін, екіншісі –олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді.
Сонымен, баланстың негізінде кәсіпорындағы шаруашылық қорларының
жағдайы мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады. Есеп
беру дегеніміз кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өндірістік –шаруашылық
және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерде
топтастырылған жүйесі.[15]
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есептің кезеңдегі қаржы –
шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған
көрсеткіштер жүйесі. ҚР Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2
қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне
қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық
ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары
жетілу жағына өзгерді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік
стандарттардың талаптарына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің
қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы
жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтілді. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастыруын
және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді
түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған
құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, (айналым)
құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті
құжаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік
береді.[16]
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге де қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық
есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер
бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға
мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтері мен
міндеттемелерін жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай
активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді
анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің
деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел
пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және
тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында,
бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте
маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ.
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың,
өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да
құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса
алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін
қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру ҚР Қаржы министрлігінде
әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап
айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды:
кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша
немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік
деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1- қаңтардан
31- желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған
кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын
алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1-
қазаннан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz