Жамбыл жылу ЖШС жэц – 4 қазандықтарының атмосфераны ластауынан пайда болған экологиялық тәуекелді есептеу


әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

география факультеті

геоэкология және табиғт орта мониторингі кафедрасы

Дипломдық жоба

«Жамбыл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ЖЭЦ - 4 қазандықтарының

атмосфераны ластауынан пайда болған

экологиялық тәуекелді есептеу

Орындаған

5 - ші курс студенті А. Е. Қадырбаева

Ғылыми жетекші

г. ғ. к., аға оқытушы А. А. Жакупова

Нормабақылаушы

г. ғ. к. доцент Е. А. Таланов

Қорғауға жіберілді

г. ғ. д., профессор Ж. Д. Достай

Алматы, 2005

мазмұны

кіріспе . . .
4
кіріспе . . .: 1
4: «Жамбыл жылу» Жэц - 4 кӘсіпорнының физико - географиялық сипаттамасы.
6
кіріспе . . .: 1. 1.
4: Тараз қаласының табиғи ортасының экологиялық жағдайына өндіріс көздерінің ықпалы.
7
кіріспе . . .: 1. 2.
4: Тараз қаласының су ресурстарының жағдайы.
11
кіріспе . . .: 1. 3.
4: Топырақтың техногенді ластануы.
13
кіріспе . . .: 2
4:

«Жамбыл Жылу» жЭЦ-4 КӘСІПОРНЫ

атмосфераны ластаудың кӨзі ретінде. .

14
кіріспе . . .: 2. 1.
4: Жылу электростанцияларының ауа бассейніне тигізетін әсері……
17
кіріспе . . .: 2. 2.
4: Кәсіпорынның жалпы технологиялық сипаттамасы . . .
19
кіріспе . . .: 2. 3.
4: «Жамбыл Жылу» ЖЭЦ-4-тің негізгі өндірісінің әсер ету көздерінің сипаттамасы.
29
кіріспе . . .: 2. 4.
4: «Жамбыл Жылу» ЖЭЦ-4-тің түтін мұржаларынан шығатын ластаушы заттар шығарындыларының меншікті және абсолюттік көрсеткіштерінің талдауы. .
38
кіріспе . . .: 2. 5.
4: Кәсіпорын жүзеге асыратын табиғат қорғау шараларының тиімділігін талдау
42
кіріспе . . .: 2. 6.
4: Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды ведомстволық бақылауға алу жүйесінің тиімділігін талдау. .
44
кіріспе . . .: 3
4: «Жамбыл жылу» ЖЭЦ-4 аймағында атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шоғырлануын есептеу.
49
кіріспе . . .: 3. 1.
4: Экологиялық тәуекел. .
57
кіріспе . . .: 4
4: Тараз қаласы тұрғындарының ден саулығы……… . . .
62
кіріспе . . .: 4. 1.
4: Санитарлы-гигиеналық және демографиялық сипаттамасы………
62
кіріспе . . .: 4. 2.
4: Тұрғындардың тыныс алу ағзалары аурушылдығының ерекшеліктері . . .
63
кіріспе . . .:
4: Қорытынды
68
кіріспе . . .:
4: Қысқартылған сӨздер.
70
кіріспе . . .:
4: қолданылған Әдебиеттер.
71

Кіріспе

Қазіргі заман кезегіндегі ғылыми - техникалық прогресстің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған табиғи ортаға орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Соған орай бұл күнде атмосфераның, гидросфераның, литосфераның үздіксіз ластануын тежеп тоқтату мүмкін болмай бара жатқандығы шындық. Адамзат қажеттілктерінің күннен күнге өсуімен қатар табиғи ресурстарға деген сұраныс та өсіп жатыр. Нәтижесінде Жердегі жер, су, ауа компоненттері сарқылмас жағдайынан біртіндеп құлдырап кетуі мүмкін. Алынған жұмыста біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі глобальді шешімдерге тоқталмай, «Жамбыл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖЭЦ - 4 қазандығының Тараз қаласындағы ауа алабына әсер етуін, шекті рауалы тастандыларды есептеудің дәстүрлі әдістерін салыстыра отырып, зиянды элементтердің шоғырлану ошағын табамыз.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

  • «Жамбыл жылу» ЖЭЦ - 4 алаңының қала территориясында орна-ласуы бойынша, оған (өндіріске) климат пен табиғи процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, ластаушы зиянды заттардың таралуын есептеп шығару;
  • өндірістің булы қазандықтарынан шығатын зиянды тас-тандыларының Тараз қаласы тұрғындарының ден саулығына канцерогенді әсерін есептеу үшін, зиянды тастандылардың шоғырлану мөлшерін тауып, олардың максималды көрсеткіштері бойынша, экологиялық тәуекелді есептеп шығару;
  • қала тұрғындарының аурушылдық көрсеткіштеріне сүйеніп, қоршаған ортамен қарым - қатынас нәтижесінде пайда болған негізгі патологиялардың үлесін көрсету;
  • тыныс алу ағзаларының жедел патологиясы бойынша медициналық жедел жәрдем орындарына көмек сұрап келген тұрғындардың жалпы шақырылымдарға қарағандағы үлесін көрсету.

Жұмыстың негізгі міндеттері:

  • «Жамбыл жылу» ЖЭЦ - 4 өндірісінің электр энергиясын өндірудің технологиясымен танысу;
  • курстық тәжірибе барысында жинақталған экологиялық - аудиторлық мәліметтерді есептік талдаудан өткізіп, кәсіп-орынның түтінді мұржаларынан шығатын тастандылардың шоғырлануларының максималды деңгейін табу;
  • өндірістік ықпал нәтижесінде Тараз қаласы тұрғындарының аурушылдық тәуекелінің көрнекілік дәлелін келтіру.

Жылу арқылы электрэнергиясын өндіру, Қазақстандағы энергетика өндірісінің негізгі саласы болып келеді. Бұл саладағы энергияны өндірудің қымбатсыз және қарапайым әдістері, мемлекетіміздің барлық аудандарында ұсақ немесе ірі кешенді жылу элктр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Электр қуатын өндіруде жылу электр станциялардың үлесіне, Қазақстандағы барлық энергетика өндірісінің 38 пайызы тиеді. Соның қатарына кіретін ЖЭЦ - 4 Алматы қаласындағы, мемлекетіміздің жылу энергетикасының ең ірі көзі болып табылатын ЖЭЦ - 1 өндірістік кешенінен кейінгі, энергетикалық өнімділігінен екінші орын алып жатыр /taraz2000. tarazinfo. kz/.

1 «Жамбыл жылу» Жэц - 4 кӘсіпорнының физико - географиялық сипаттамасы

Физико-географиялық орналасуы бойынша Жамбыл облысы қоңыржай белдеудегі далалы ланшафтты зонаға жатады. Қазақстан территориясының оңтүтігінде орналасқан. Облыс оңтүстік-батысында Қаратау жотасы, оңтүстігінде Қырғыз Алатау және шығысында Шу-Іле тауларымен қоршалған. Талас және Шу өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Облыс территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км, ал батыстан шығысқа қарай 500 км алып жатыр және Қазақстанның бүкіл территориясының 5 пайызына тең. Облыс ауданының көп бөлігін жазықтықтар алып жатыр. Таулы массивтер оңтүстікте, шығыста және оңтүстік-батыста оқшауланған. Таяу оңтүстік-шығысты Іле-Алатауынан жалғасатын Қандықтас таулары орналасқан. Солтүстікте олар Шоқпар және Қопа жазықтықтарымен, оңтүстік пен оңтүстік-батыста Шу жазықтығымен қоршалған.

Эколого-экономикалық аудандастырылуы бойынша Жамбыл облысында 3 ауданға бөлінеді /1/:

  1. Мойынқұм эколого-экономикалық ауданы Жамбыл облысы территориясының солтүстік бөлігін алып жатыр. Мойынқұм және Сарысу әкімшілік аудандары орналасқан. Жалпы ауданы - 75, 1 мың км2. Орташа тұрғындар санының тығыздығы 0, 8 адам км2. Физико - географиялық орналасуы бойынша Мойынқұм дала зонасына қатысты Шу өзені маңындағы алқаптары, Бетпақдаланың солтүстік және солтүстік-батысы және Шу-Іле мен Желтау Тауларының шығыс бөлігінде.
  2. Шу эколого - экономикалық ауданы Жамбыл оьлысы территориясының шығыс бөлігін алып жатыр. Шу, Меркі, Қордай және Луговое әкімшілік аудандары орналасқан. Жалпы ауданы - 36, 9 мың км2, тұрғындардың орташа тығыздығы - 9, 4 адам км2. Тұрғындардың орналасуы бір калыпсыз, ең тығыз орналасуы Қырғыз жотасының беткейлері мен Шу өзені орташа ағысының алқаптары.
  3. Қаратау-Жамбыл эколого - экономикалық ауданы Жамбыл облысының батыс бөлігін алып жатыр. Оның құрамына Тараз қаласы, Жуалы, Байзақ, Талас және Сарысу әкімшілік ауданының оңтүстігінде орналасқан. Жалпы ауданы 32, 2 мың км2, тұрғындардың орташа тығыздығы 18, 9 адам км2, Тұрғындар көбінесе Талас-Асса жадырасында және тау беткейлі зоналарда орналасқан.

«Жамбыл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 25. 10. 66 жылы Жамбыл облысының орталық жылу электроцентралі (ЖЭЦ) ретінде құрылды. Қаланың өсуі және облыста өндіріс саларының дамуы жылу және энергия көздеріне қажеттілікті арта түсті, сондықтан қалада қуаттылығы 3 мың. кВт ең бірінші турбоагрегат қойылды. 1960 жылы қалада тұрғын үй массивтерінің ұлғаюы салдарынан Жамбыл ЖЭЦ қуаттылығы 5-30 кКал/сағ дейін жететін бірнеше қазаношақ орнатады. Кейін олар ЖЭЦ - 4 және облыстық жылу коммунэнерго (ОЖКЭ) болып бөлініп кетеді. Қазақстандағы ең ірі ЖЭЦ-4 қазаношақтары Жамбыл облыстық аумақтық-өндірістік кешенінің энергожүйесінің көзі болып табылады. 2000 жылы ЖЭЦ - 4 мемлекеттік кәсіпорны коллективтің ұсынысы бойынша «Жамбыл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС «Жамбыл жылу») ауысты.

«Жамбыл жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласының оңтүстік - шығыс өндірістік ауданында орналасқан. Тараз қаласы қазіргі Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Жамбыл облысының жалпы ауданы - 144, 2 мың км 2 . Тұрғындар саны жалпы - 1028, 4 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары - 323, 1 мың адам /taraz 2000. tarazinfo. kz/, ауыл тұрғындары 473, 5 мың адам. Тұрғындардың орташа тығыздығы 7, 1 адам км 2 , қалаларда 2580 адам км 2 , ауылдық жерлерде 3, 3 адам км 2 . 1998 жылға қарағанда облыс тұрғындарының саны 7, 2 мың адамға азайды. Ал қала тұрғындарының саны 82, 5 мың адамға күрт өсіп келе жатыр. Облыс аймағында: Тараз, Шу, Қаратау, Жанатас қалалары орналасқан .

1. 1 Тараз қаласының табиғи ортасының экологиялық жағдайына өндіріс көздерінің ықпалы

Қала ауа бассейнінің ластануының негізгі көздері фосфорлы өндірістің кәсіпорындары -Жамбыл фосфор зауыты, «Химпром» Жамбыл өндірістік кәсіпорны (ЖӨК), суперфосфат зауыты, ГРЭС, ЖЭЦ және басқа ірі өндіріс нысандары мен автокөлік транспорты болып табылады. Барлығы қаланың ішінде 90 - ға жуық өндіріс орындары орналасқан. Соңғы жылдары көлік құрылысы және қара темірді қайта өңдеу, энегетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс жабдықтарының өндірісі дамып жатыр.

2002 жылы атмосфераға жергілікті көздерден зиянды заттардың тасталынған көлемі - 76, 5 мың т/жылына болса, 1 - кестеде көрсетілгендей, соңғы 5 жыл ішінде атмосфера ластаушыларының көлемі азайғаны көрініп тұр .

Кесте 1 Тараз қаласы атмосферасына жергілікті көздерден зиянды заттардың тасталынуы, мың т. /жыл /1/

Қоспалар
2000
2001
2002
2003
Қоспалар:

Шаң (SiO 2 20 - 70 %)

күкірт диоксиді (SO 2 )

көміртегі оксиді (CO)

азот диоксиді (NO 2 )

көмірсутектер (CH n )

фторлы сутектер (FH n )

аммиак (NH 3 )

Басқалары:

Барлығы:

2000:

28, 3

50, 3

3, 1

13, 0

0, 8

0, 7

0, 5

3, 3

100, 0

2001:

23, 4

43, 7

2, 9

12, 9

0, 5

0, 4

0, 7

2, 1

87, 6

2002:

18, 8

42, 1

2, 2

12, 6

0, 5

0, 5

0, 5

2, 8

80, 0

2003:

18, 4

40, 9

1, 9

12, 0

0, 4

0, 4

0, 5

2, 0

76, 5

Екі мыңыншы жылдан бастап олардың жалпы саны 23, 5 мың т/жылға дейін азайды. Олардың ішінде - қатты заттар - 18, 4, күкірт диоксиді (SO 2 ) - 40, 9, көміртегі оксиді (CO 2 ) - 1, 9, азот диоксиді (NO 2 ) - 12, 0, көмірсутектер (CH n ) - 0, 4, аммиак (NH 3 ) - 0, 5 және басқа қоспалар - 2, 0 мың т/жылына /1/.

Жыл сайын ауаға Жамбыл фосфорлы зауытының түтінімен негізгі (күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді) ластаушы заттармен бірге, фосфор ангидриді (1, 84 мың т/жыл) және фосфин (0, 17 мың т/жыл) секілді спецификалық заттар тасталынады. Барлығы атмосфераға заводтың стационарлы көздерінен 16, 1 мың т. зиянды заттар жыл сайын тасталынып тұрады.

Химпром өндірістік қауымдастығы (ӨҚ) жылына 1, 02 және 0, 02 мың т. фоcфорлы ангидридпен және фосфинмен қаланың ауа бассейінін ластап тұрады.

Суперфосфат зауыты аммофос, фосфаттың үшкальциймен, күкірт қышқылын шығарумен ерекшеленеді. Өндіру барысы күкірт және күкіртті ангидриді, қатты заттар, фторлы сутегі аммиак және күкірт диоксидінің тасталынуымен сабақтасып келеді.

Қаланың электр және жылу негізгі көзі болып келетін Жамбыл ГРЭС-і - қаладан 8 шақырым жерде орналасқан. Негізгі жанармай табиғи газ, ал қосымша - мазут болып келеді. Жанармайдың максималды шығыны: қыс кезеңінде - 378, ал жазда - 342 т/сағ. Барлығы ГРЭС көздерінен атмосфераға жылына 78 - 80 мың тоннадай зиянды қоспалар түсіп тұрады, олардың ішінде қатты - 1, 9, сұйық және газ тәріздес - 76, 78, күкірт диоксиді - 56, 98, азот оксиді - 19, 80 мың т. /жыл.

Тері өңдеу комбинаты, теріні қайта өңдеу фабрикалары және спирт зауыттары секілді ірі өндірістердің негізгі жылу көзі - ЖЭЦ-4 болып табылады. Қаланың ауа бассейнінің негізгі ластаушысы ретінде саналып, ол жылына азот оксиді 1, 01, ванадий бес оксиді 0, 008, күкірт диоксиді 2, 05 және 0, 039 мың т. күл тастап отырады. Ауа бассейнінің маңызды ластаушысы - автокөлік тастандылары. Жыл сайын 145, 66 мың т. бензин, 120, 43 мың т. дизель жанармайы, 23, 34 мың т. қысылға газ жұмсалса, оладың суммарлы тастандылары 30, 7 пайыз құрайды, олардың ішінде көміртегі оксиді бойынша - 91, 5, азот оксиді - 16, 3 және көмірсутектер - 93, 7. Ауа бассейінінің негізгі ластану көрсеткіштері ретінде косындылардың шоғырланулардың орташа тәуліктік және максималды - бір жолдық шамалар алынып отырды. Ауа ластануының бағалауын жүргізген кезде орташа нәтижелер орташатәуліктік ШРШ-мен, ал максималды ластаушылар - максималды-бір жолдық мөлшерлері салыстырылды.

Зиянды заттардың атмосферада сақталу уақыты көптеген факторларға байланысты, соның ішінде негізгі фактор - метеорологиялық жағдайлар болып келеді. Соның өзінде жер беті қабатының ластану деңгейі тұрақты тастаулар кезінде әр түрлі (ірі бөлшектердің гравитациялық тұнуы, әр-түрлі заттардың химиялық және фотохимиялық реакциялары және олардың алыс жерлерге тасымалдануы, атмосферадан шайылып кетуі және т. б. ) жағдайлардан күрт өзгеріп тұруы мүмкін. Метеорологиялық параметрлердің есептеулері жер бетінен 2-ден 10 м биіктікте өткізіліп тұрды. Метеорологиялық жағдайлар зиянды қоспалардың жер бетіндегі атмосфера қабатында горизонтальді және вертикальді таралуын зерттеуде үлкен ықпал етті. Осы қабаттың қалыптасуы ауа температурасы мен жел жылдамдығына байланысты. Желдің жылдамдығы 16 румб бойынша жүргізіліп тұрды. Тараз қаласында жер беті және көтеріңкі инверсиялардың қайталануы 1 жыл ішінде салыстырмалы көп емес (35 және 28 пайыз) және кыс (52-ден 23 пайызға дейін) және жаз (47-ден 28 пайызға дейін) айларында сирек өзгеріп тұрады. Жамбыл облысындағы климатының ерекшелігі - күннің көп мөлшерде түсуі. Ол облыс территориясының Евразия материгінің ішінде және дүниежүзілік мұхиттадан оқшаулылығымен сипатталады. Атмосфералық циркуляцияның ерекшелігіне байланысты қыста ауа температурасы «минус» 30 º С градустан түспейді, ал жазда орташа «плюс» 37 º С градустан «плюс» 40 º С градус аралығында болады /2/. Тараз қаласындағы жел жылдамдығының орташа жылдық мәні 0, 2 - 0, 7 м/с дейін өзгереді. Желдің орташа айлық және жылдық жылдамдығы 2-кестеде келтірілген, 3 - ші кестедегі мәліметтерді алып, 1 - суретке келтірдік /2/.

Кесте 2 Жел режимі /2/

Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Айы:

Жел жылдамдығы,

м/с

I: 0. 4
II: 0. 7
III: -0. 3
IV: -0. 2
V: 0. 2
VI: 0. 3
VII: 0. 5
VIII: -0. 4
IX: 0. 4
X: 0. 7
XI: 0. 5
XII: 0. 6

Кесте 3 Желдің бағыты /2/

Айы
с
сш
ш
Ош
о
Об
Б
Сб
штиль
Айы: Қаңтар
с: 7
сш: 10
ш: 28
Ош: 16
о: 6
Об: 7
Б: 14
Сб: 12
штиль: 26
Айы: Шілде
с: 18
сш: 21
ш: 14
Ош: 5
о: 2
Об: 4
Б: 15
Сб: 21
штиль: 12
Айы: Жыл
с: 11
сш: 17
ш: 23
Ош: 10
о: 4
Об: 6
Б: 14
Сб: 15
штиль: 18

Сурет 1.

Желдің бағытына сай ықпал ету контуры оңтүстік - шығыстан солтүстік - батысқа қарай созылған, әсіресе қыс айларында. Жаз айларында желдің бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Желдің орташа жылдық жылдамдығы өте төмен - 0, 2-ден 0, 7 дейін. Кестеден штильдердің қайталануы жоғары екенін көруге болады, жазда 45 пайыз, қыста 77 пайыз болғадықтан қаланың барлық тастандылары жер үсті қабатында жиналып, смогтың пайда болуына әрекет болады. Негізгі техногендік ластану көздері болып - қаланың солтүстік-батысында - Жаңа Жамбыл фосфор зауытымен (ЖЖФЗ), орталығында және оңтүстік-батысында - жылу энергетикасы кәсіпорындары, оңтүстік - шығысында - ГРЭС және автокөлік газдары табылады.

  1. Тараз қаласының су ресурстарының жағдайы

Тараз қаласының тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктері Талас-Асса су бассейнінің жер асты суларымен қамтамасыздандырылады. Оның суммарлы суайрығы 309, 95 мың м 3 /тәулігіне. Орталықтандырылған сужабдықтау жүйесінен басқа қаланың кәсіпорындарының көбісі, жалпы көлемі 21, 66 мың м 3 /тәул. бар локалды жерасты суайрықтарын пайдалынады. Тараз қаласының химиялық зауытарының техникалық сумен қамтамасыздандырылуы Асса және Талас өзендерінің 171, 65 мың м 3 /тәул. көлеміндегі су ағындарымен өткізіледі /1/.

Тараз қаласындағы Талас өзенінің су сапасының бақылауы екі жармаларында орналасқан: Гродиково ауылы (ГРЭС ағынынан 700 м жоғары) және қант және спирт комбинаттарының су ағындарынан 700 м төмен. Гидрохимиялық бақылаулардың қорытындылары 4 - кестеде көрсетілген /1/.

Кестеге қарап барлық элементтердің ШРШ-сі қаланың сыртынан (ГРЭС ағынынан 700 м жоғары) ішіне қарай өсіп жатқанын айтуға болады. Жыл сайын өндіріс салаларының дамуы және автокөлік жиелісінің ұлғаюы су ағындарында мұнай өнімдері мен фенолдардың күрт өсуіне соғып жатыр (мұнай өнімдері - 1, 5 есе, фенолдар - 2 есе) .

Асса өзенінің қала ішіндегі бақылаулары Талас - Асса каналының астынғы және үстінгі су ағындарында өткізілді. Оның негізгі су тұтынушысы ЖӨҚ «Химпром» ұзақ уақытқа дейін Асса өзеніне 12, 8-ден (1998 жыл) 5, 5-ке (2000 жыл) м 3 /тәул. шартты таза ағын суларын тастап тұрды, соңғы уақытта кәсіпорынмен супайдаланудың ағынсыз жүйесі эксплуатацияға енгізіліп отыр. Осындай табиғат пайдалану шаралары өткізіліп жатса да, фенолдар

Кесте 4 Талас өзенінің ластануы /1/

Бақылау пунктері
Зиянды элементтер

ШРШ

мг/л

Бақылау кезеңі,

Жыл

ШРШ max асырылуы, мг/л
Бақылау пунктері:

Тараз қ.

Гродиково ауылы

Зиянды элементтер:

Фенолдар

Мұнай өнімдері

ШРШмг/л:

0, 001

0, 05

Бақылау кезеңі,Жыл: 1998-2000
ШРШmaxасырылуы, мг/л:

0, 04

0, 1

Бақылау пунктері:

Тараз қ.

Қант және спирт заводтарының ағын суларынан 700 м төмен

Зиянды элементтер:

Фенолдар

Мұнай өнімдері

ШРШмг/л:

0, 001

0, 05

Бақылау кезеңі,Жыл: 1998-2000
ШРШmaxасырылуы, мг/л:

0, 09

0, 23

мен мұнай өнімдерінің ластау деңгейі жоғарғы көрсеткіштерді 5-шi кестеде көрсетеді /1/.

Кесте 5 Асса өзенінің ластануы /1/

Бақылау пунктері
Зиянды элементтер

ШРШ

мг/л

Бақылау кезеңі,

жыл

ШРШ мак-сималды асырылуы

Мг/л

Бақылау пунктері:

Тараз қаласы

Талас-Асса каналынан жоғары

Зиянды элементтер:

Фенолдар

Мұнай өнімдері

ШРШмг/л:

0, 001

0, 05

Бақылау кезеңі,жыл: 1998-2000
ШРШ мак-сималды асырылуыМг/л:

0, 044

0, 158

Бақылау пунктері:

Тараз қаласы

Талас-Асса каналынан төмен

Зиянды элементтер:

Фенолдар

Мұнай өнімдері

ШРШмг/л:

0, 001

0, 05

Бақылау кезеңі,жыл: 1998-2000
ШРШ мак-сималды асырылуыМг/л:

0, 078

0, 27

Тараз қаласының жер асты сулары, барлық су жүйесімен қоса, жоғарғы антропогенді ықпал астында болып отыр - облыс аумағында 70 ірі және орташа өндіріс орналасқан. Талас, Асса, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының кейбір аудандарындағы суармалы мелиорация нәтижесінде экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті: грунт суларының деңгейі төмендеп, көлдердің көбісі қурап кетті. Аймақтағы жер асты суларының ең танымал токсикалық компонент - фтор. Фтордың 0, 2 - 0, 4 мг/л фондық құрамында, «Горводоканал» тұндырғыштарына қатысты жер асты суларындағы концентрациясы жыл сайын орташа 1 - 1, 5 мг/л жетеді. Осындай жағдай суперфосфат зводтарының фильтрация алаңдарында және ЖӨҚ «Химпром» территориясында орын алып отыр. Демек, жер асты суларының басты ластаушы көздері - өндіріс объектілері, буландырғыштар, жинақтағыштар және басқа техникалық суайрықтар болып табылады. Ағын сулары фильтрация алаңдарына түсіп жер астына сіңіп кетеді.

1. 3 Топырақтың техногенді ластануы

Зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, региондағы барлық тұрғын пунктерінің ішінде Тараз қаласының топырағы ең техногенді ластанған аумақ. Зиянды элементтердің тізімінің ішінде ең көп таралғаны - фтор болып шықты, қаланың барлық аудандарында топырақтағы фтордың құрамы токси-калық деңгейдің 3 мг/кг асып отыр. Қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі көп-қабатты құрылыстарда ластану 6-8 мг/кг дейін жетіп тұр. Мөлтек аудандарда одан да жоғары. Жамбыл аумақтық-өндірістік кешенінде жиналып, фтор қос-палары ауамен, жауын-шашынмен немесе қармен бірге араласып келіп, қала топырағының 30-50 см қабатына сіңеді. Бұл элемент геохимиялық ландшафт-тардың гипстік, тұздық және карбонаттық кластардың орталарында тасымал-данып тұрады. Топырақтардың микробиологиялық және ферментативті құ-рылымының маусымдық динамикасы фтормен техногенді ластану зонасында ең төменгі биологиялық активтілік күз айларында болатынын көрсетті. Айтарлықтай, мұндай топырақтарда микроорганизмдердің саны ерекше аз болады. Топырақтың биогендігі аэробты целлюлоза ыдыратушы микроорга-низмдердің арқасында төмендеп, топырақтың агрохимиялық құрамын бұзады.

«Жамбыл жылу» ЖЭЦ - 4 өндірісінің Тараз қаласында орналасуы климат ерекшеліктеріне байланысты қолайсыз орналасқан. Өндірістен тасталған ластушы заттар түтінді мұржалардан желдің бағытына сай, қаланың тұрғын массивтеріне қарай таралады. Соның салдарынан, қоршаған ортадағы жер, су компонееттері ластанады және айналадағы өсімдік жамылғысының түрлік өзгергіштігіне әсер етеді. Сондықтан, бұл өндіріс көзі Тараз қаласының негізгі ластаушы көзі болып келеді.

2 «Жамбыл Жылу» ЖЭЦ-4 КӘСІПОРНЫ

атмосфераны ластаудың кӨзі ретінде

ЖЭЦ - 4 алаңы Тараз қаласының солтүстік - шығысындағы өндірістік - техникалық ауданында орналасқан. ЖЭЦ - 4, күл үйіндісі, санитарлы - сақтау белдеміне кіретін өндірістік зоналар мен объектілер 2 - суретте көрсетілген. Алаңның шығысына қарай 1, 9 км арақашықтықта Талас өзені мен Капал каналы созылып жатыр. Алаңның батысында орналасқан тұрмыстық аудандар, алаңмен жақын жерде орналасқан. Жасыл желектер Сыпатай батыр көшесінің бойымен созылған.

ЖЭЦ - 4 алаңының маңындағы және оған қатысты жерлер, қаланың жалпы пайдалану жерлеріне жатады. Санитарлы - қорғау белдемі құрылыс ғимараттарымен салынып тасталған. Санитарлық норманы анықтайтын СН - 245 - 71 құжатына сәйкес санитарлы - қорғау аймағы II - класқа (санитарлық қорғау белдемі 500 м) жатады. Оңтүстік - батысқа қарай, санитарлы - қорғау белдеміне кіретін шыршалы бұталы Май тоғайы орналасқан. ЖЭЦ - 4-ке жанама темір жол желісі өтеді.

Автокөлік трассаларының жан - жақты орналасуы, аумақтағы атмосфералық ауаның ластануына қосымша жүктеме тигізеді. Сондықтан, бұл жерлердің ауа басейінінің ластануы ерекше ескерілуі тиіс.

Тағы бір айта кететін нәрсе, қазіргі кезде кәсіпорында ШРТ-ның бекітілген жобасы жоқ, бұл станцияның тастандыларына қатысты бақылауды қиындатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Электр жүйесі. Энергожүйе
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Ауаны ластайтын ластағыш заттар
Семей аймағындағы экологиялық жағдайы
Атмосфералық ауаны қорғау. Ластағыш заттектердің түрлері
Жылу электрстанцияларының сипаттамалары, түрлері, жалпы сұлбасы
Ақтөбе қаласы бейметалл құбырлар дайындау зауытындағы су қыздыру қазандығының автоматтандырылуын жобалау
Мұнай кен орнының геологиялық бейіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz