Несиелік портфельді басқаруды талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І Коммерциялық Банктердің несиелік портфелін басқару

және оның сипаттамасы

1. 1 Несиелік портфель туралы түсінік

1. 2 Несиелік портфельді қалыптастырудың негіздері

1. 3 Несиелік тәуекелді басқару

ІІ Несиелік портфельді басқаруды талдау

  1. Коммерциялық Банктің несиелік портфелін басқарудың

қажеттілігі мен басқару әдістері

  1. «Банк Центр Кредит» АҚ-ның несиелік портфелін басқару тәжірбиесін таолау
  2. «Банк Центр Кредит» АҚ-ның несиелік портфелінің классификациясы және оны талдау

III Несиелік портфельді басқаруды жетілдіру

жолдары.

3. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі жағдайы

3. 2 Банк жүйесіндегі несиелеудің негізгі мәселелері және оларды

шешу жолдары

3. 3 Несиелік портфельді басқарудың шетелдік тәжірибелерінен

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

І Тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ.

1. 1 Несиелік портфель туралы түсінік

Несиелік портфель коммерциялық банктердің активтер портфелінің негізгі, ең ірі бөлігін құрайтындықтан және банк табыстарының көп бөлігін осы несиелік портфель әкелетіндіктен, сонымен бірге несиелік портфельдің тәуекелділігі жоғары болғандықтан коммерциялық банктерде несиелік портфельді басқару менеджменттің ең негізгі бағыты.

Несиелік портфель дегеніміз - клиенттерге берілген жалпы несиелердің сомасын реттеумен байланысты және берілген несиенің тәуекелділігін төмендетумен байланысты, осының нәтижесінде кездейсоқ шығындардан сақтандырумен байланысты банктердің іс-әрекеттері.

Несиелік портфель- берілетін несиеге емес берілген несиелерден және клиенттерге осы несиені қайтарумен байланысты қойылатын нақты талаптар. Сондықтан несиелік портфель клиенттердің айналымында жүретін банкке әлі қайтарылмаған несиенің сандық және сапалық көрсеткіштермен байланысты. Осы себептен, клиенттердің нақты алған несиесіне қатысты, банктермен клиенттердің арасында қалыптасқан несиелік қатынастарды өрнектейді.

Несиелік портфельді басқарудың маңызы мынада:

Жалпы алғанда, активтер портфелінің, ал жекелей алғанда, несиелік портфельдің өтімділігін бір деңгейде ұстау;

несиелік портфельдің, шартта көрсетілгендей, номиналдық табыс деңгейін қамтамассыз етіп отыру;

несиелік портфельдің тәуекел деңгейін басқара отырып, несиелік портфельден келетін шығындарды болдырмау;

несиелік портфельдің өтімділігі, жалпы алғанда, нақты сектордың өтімділігін, ал жеке алғанда әрбір клиенттің қаржылық жағдайының туынды көрсеткіші.

Несиелік портфельді басқарудың негізгі 2 бағыты бар:

  1. Несиелік портфельді басқарумен байланысты несиелік операциялар технологияларын ұйымдастыру;
  2. Несиелік тәуекелдерді басқару.

Несиелік операциялар технологияларын ұйымдастыру коммерциялық банктерде негізінен мынадай мәселелерді қамтиды:

а) несиелік операциялар технологиясын ұйымдастыратын басқармалардың, департаменттің, бөлімнің және бөлімшелердің несиелік портфельді басқарумен байланысты міндеттерін, мақсаттарын және құзырын нақты белгілеу. Мысалы, несиелік комитет несиелік саясатты қалыптастырумен, бөлімдердің несие беру құзырын белгілеумен, кейбір саламен, регионға несие беруді шектеу саясатымен және проблемалық несиелерді басқарумен айналысатын болса, несиелік талдау бөлімі клиентуралық нарықтың микро, макро жағдайымен, несиелік құжаттамалардың сапасын, несиелік тәуекелдерді талдаумен айналысатын болса, ал атқарушы несие беру бөлімі несиені беру, қайтаруға бақылау жасау, несиелік шарт пен кепіл шартын жасаумен, клиенттің ағымдағы қаржылық жағдайына қадағалаумен және берілген несиенің сапасына бақылау жасаумен айналысады. Ал, қандай да бір 4-ші бөлім несиелік құжаттамаларды дайындауға қажетті және несиелік талдауы жүргізуге қажетті әдістемелерді әзірлейді.

б) несиелік тәуекелдерді басқару.

Несиелік тәуекелді басқарудың 2 бағыты бар:

  1. үнемі несиелік портфельдің сапасына талдау жүргізіп отыру;
  2. проблемалық несиелерді басқару.

Несиелік портфельді басқару жүйесінің мынадай негізгі элементтері бар:

  1. Несиенің сапасын және несиелік портфельдің сапасын анықтаудың критерийлері;
  2. несиенің сапасын бағалаудың әдістері;
  3. банктің активтер портфелін немесе несиелік портфелін классификациялау;
  4. несиелік портфельдің сапасын анықтауға қажетті ақпараттар жинау;
  5. несиелік портфельдің сапасын қаржы коэффициенттері арқылы анықтау. Оларға, демек, қаржылық коэффиценттерге:

К1 - жалпы классификацияланған несиелердің сомасын несиелік портфельдің жалпы сомасына қатынасы;

К2 - нақты қалыптасқан провизиялардың сомасының жалпы несиелік портфельдің сомасына қатынасы;

К3 - табыс әкелмейтін несиенің жалпы несиелік портфельдің сомасына қатынасы;

К4 - нақты құралған провизияның сомасын проблемалық несиелердің сомасына .

Жалпы банктік әлемдік тәжірибеде несиенің сапасын анықтаудың мынадай критерийлері қалыптасқан:

  1. ссуданың мақсаты;
  2. несиенің түрі;
  3. мөлшері;
  4. мерзімі;
  5. қайтару жолы немесе жолдары;
  6. клиенттің іскерлік тәуекелін толық бағалау;
  7. меншіктің формасы;
  8. клиенттің қай экономика саласына жататындығы;
  9. клиенттің қабілеті;

10. клиенттің несиені қайтару қабілеті;

11. банк пен клиент арасында қалыптасқан қарым-қатынас;

12. клиентуралық мәліметтер;

13. несиенің бағасы.

1. 2 Несиелік портфелді қалыптастырудың негіздері және несиелік саясат.

Несиені басқару процесінде несиелік портфелді қалыптастыру саясаты негіз болып табылады. Құрылған несиелік саясат несиені дұрыс басқарудағы негізгі идея. Саясат объективті стандарттар мен параметрлерді анықтайды.

Коммерциялық банктердің несиелік саясаты банк пен клиенттердің арасындағы несиелік қатынастардың қалыптасқан деңгейін зерттеуге және оны одан әрі дамытуға негізделген.

Несиелік саясаттың рөлі, несиелік ресурстарды орналастыру процесінде банктік іс-әрекеттердің нәтижелілігін және негізгі даму бағыттарын анықтауда жатыр.

Банктер несиелік саясатты үлкен зейін қойып қалыптастырады, өйткені банк пен клиенттердің арасындағы, ақшалай қаражаттардың қайтарымдылығын қамтамасыз етуге байланысты қатынастарды бақылауға, басқаруға, ұтымды ұйымдастыруға сол несиелік саясат арқылы мүмкіндік туындайды. Несиелік саясатты қалыптастыру процесінде банк қоғамның, мемлекеттің және, әрине, өзінің де даму деңгейін ескеру қажет.

Несиелік саясатты қалыптастыру кезінде банк несиелік портфельді ұйымдастыру басымдылықтарын, оның диверсификациясын талдай отырып анықтайды. Айтпаса болмайтын тағы да бір жәйт, дұрыс құрылған несиелік саясат банк тәуекелдерін ұтымды басқару негізі де бола аоады.

Сонымен, несиелік саясат дегеніміз - белгілі регионда және мерзім аралығында банк стратегиясы мен тактикасын іске асыру мақсатында клиенттерді несиелеу барысындағы банк іс-әрекеттерінің жүйесі.

Немесе, коммерциялық банктердің несиелік саясаты - несиелік портфельді қалыптастырумен, оны басқарумен, диверсификациялаумен және табыс деңгейін барынша жоғары етіп отырумен байланысты коммерциялық банктердің іс- шараларының жиынтығы.

Несиені беру процесінің негізі ретінде несиелік саясат, бір жағынан, бір жағынан, несиелік қатынастарды дамытудың, екінші жағынан, несиелеу механимінің дұрыс жұмыс істеуінің басымдылықтарын анықтайды.

Директорлар кеңесінің, заң шығарушы және стратегиялық шешімдер қабылдайтын тұлғалардың негізгі іс - әрекетін несиелік саясат анықтайды, сонымен бірге банктегі несиені басқарудың дәрежесін және сапасын сыртқы және ішкі аудиторлардың анықтауына мүмкіндік береді.

Егер несиелік портфелді қалыптастыру саясаты дұрыс тұжырымдалса (қисынға келтірілсе), жоғарыдан жүргізілсе және банктіңң барлық деңгейінде дұрыс түсінілсе, ол банктің басқармасына несие ауқымында дұрыс стандарттарды қолдануға, орынсыз тәуекелдерден оқшаулануға және жұмыстың дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Несиелік портфельді қалыптастырудағы саясаттың негізгі бағыттарын Директорлар кеңесі шешеді. Жұмыс, кеңес қабылдаған құжаттан басталады, онда несие берудегі негізгі жағдайлар баяндалады, сонымен бірге несие берудегі негізгі процедуралар жазылған.

Экономиканың қиын және өзгермелі жағдайында банктің бейімделуіне несиелік портфельді қалыптастыру айрықша қажетті болып табылады.

Коммерциялық Банктер несиелік саясаттың жалпы принциптерін ортақ ережелерге сәйкес жасайды (дүниежүзілік практикада - несиелік саясат туралы меморандум), оның негізгі мақсатын қалыптастырады және несиелеудің негізгі бағыттарын анықтайды. Несиелік операциялар тәуекелмен байланысты.

Несиелік саясаттың элементтеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • несиелік процесті ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайтын банк стратегиясы
  • несиелеуді ұйымдастырудың банк тактикасы
  • несиелік саясаттың іске асуын қадағалау

Несиелiк операциялар - ақша қаражаттарын пайдалануғу беру барысында пайда болатын несие мен несие алушы арасындағы қарым - қатынастар 1995 ж. 31. 08 шыққан Қазақстан Республикасының "Банктер мен банктiк қызметтерi туралы № 2444 заңының 34 бабына сәйкес "несиелiк операция-банкпен басқа тұлғаларға мерзiмдiлiк, ақылық және қайтарылымдылық шартымен ақша беру болып табылады. " Банктiң несиелiк немесе ссудалық операциялары банктiң директорлар кеңесiмен (жабық ақционерлiк қоғам болған жағдайда - акционерлерiнiң жалпы жиналысымен) бекiтiлген iшкi несиелiк саясаты туралы ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Iшкi несиелiк саясатты жүзеге асыратын мүше - банктiң несиелiк комитетi. Iшкi несиелiк саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргiзу барысында туындайтын тәуекел дәрежесiн төмендету мақсатында жасалады және келесiлердi анықтайды:

а) заңды және жеке тұлғалардға несие беру шарттарын;

б) лауазымды тұлғаларға және банк қызметкерлерiне несие беру шарттарын;

в) несиелiк комитеттiң ұйымдық құрылымын, қызметтерiн, өкiлеттiлiгiн;

г) несиелiк комитеттiң мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;

д) несиелеу шектерiн;

е) несиелiк шарттарды бекiту процедурасын;

Несиелiк қарым - қатынасқа қатысушыларды былайша атайды:

Несие берушi = Кредитор

Несие алушы = Дебитор

Банктың несиелiк операциялары 2 топқа бөлiнедi:

- активтi немесе белсендi, яғни банк ссуда берiп, кредитор ретiнде қатынасқа түссе;

- пассивтi, бұл жағдайда банк басқа банктерден және клиенттерiнен ақша қаражаттарын тартып дебитор ретiнде шықса. Бұдан бiз несиелiк операциялардың екi формасын туындап шығарамыз: ссудалар мен депозиттер.

Дегенмен, несиелiк операциялар бұл өте кең ұғым, несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың түрлi формаларының негiзiн қалаушы ұғым.

Нарық қатынастарына өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының маңызды факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiк капитал шеңберiнен шығуға мүмкiндiк берiп, жаңа күш -қуат бередi, өндiрiстiң өркендеуiне экономикалық алғышарттар жасайды.

Несие несие алушының объективтi қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн берiледi.

Несиелiк операциялардың объектiсi- бұл белгiлi бiр зат, құндылық. Бұл затқа деген қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн ссуда берiледi немесе несиелiк мәмiле жасалынады. Бiрақ несиелеу объектiсi ретiнде тек материалды зат, не құндылық қана бола бермейдi, ал сонымен қатар несие алушының қосымша ресурстарға деген де қажеттiлiгi де болуы мүмкiн. Сондықтан несиелеу объектiсi әрi материалды құндылық, әрi жалпы материалды процесс.

Қазақстан Республикасының тәжiрибесiнде банктердiң несиелiк салымдарының негiзгi объектiлерi негiзiнен экономиканың өңдеушi секторларының кәсiпорындарының: жеңiл, тамақ өнеркәсiптерiнiң, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестiң -қысқа мерзiмдi айналым қаражаттары болып табылады.

Несиелеу субъектiлерi- бұл несие алушы ретiнде қатынасқа түсетiн кәсiпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар.

Қазiргi несиелеу жүйесiнiң негiзгi ережелерi келесi қалыпта:

  1. Несиелеу жүйесi коммерциялық банктiң ресурстарына негiзделедi.
  2. Несиелiк операциялар коммерциялық сипатқа ие
  3. Несиелiк салалардың көлемi банк ресурстарына ғана емес, сонымен бiрге мiндеттi резервтер мен экономикалық нормативтерге де байланысты өзгерiп отырады.
  4. Банктiң несиелiк саясаты келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
  5. Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететiн несиелердiң формасына өту көзделiп отыр.
  6. Несиелеу жүйесi келесi принциптерге негiзделiп отыр:мерзiмдiлiк және ақылылық немесе төлемдiлiк, қайтарымдылық пен несиенiң көзделген мақсатқа жұмсау.
  7. Сонымен бiрге несиелеу моделiн құрастыру үшiн сол несие алушының өндiрiсiнiң экономикасы негiз болу қажет.

Несиелiк саясатты қалыптастырған кезде банктер көптеген факторларды есепке алу қажет:

  • сыртқы факторлар, яғни банк қызметiне тәуелсiз, -инфляция, ссудалық деген ұсыныс пен сұраныс т. б.
  • iшкi факторлар, яғни банктердiң жеке қызметiне байланысты, -капиталдың жеткiлiктiлiгi, несиелердiң түрлерiне тиiстi табыстылық пен тәуекелдiлiк деңгейi, депозиттердiң келiп түсу тұрақтылығы, банк қызметкерлерiнiң қабiлеттiлiгi мен мамандану дәрежесi т. б.

Әр банк өзiнiң несиелiк портфелiнiң көлемiн беретiн ссуда мөлшерi мен түрлерiн жеке өзi анықтайды. Бiрақ та бiр несие алушыға шаққанда берiлетiн несиенiң шектi мөлшерi банк капиталының 25% аспауы керек екенiн есте сақтау қажет.

Несиелiк операциялар банкке табысты ең көп әкелетiн операциялар түрi, сондықтан банктер салымдарының көп бөлiгi несиелiк операцияларға келедi.

Республика экономикасына салған банктердiң несиелiк қаражаттары 2004 ж. 58 млрд. теңге, ал 2005 ж. - 85, 7млрд. теңге, яғни екi жылды қосып айтсақ 107, 8млрд. теңге. Ал қысқа мерзiмдi несиелердiң үлесi төмендеп 2004 ж. -59% болса, орта және ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi 41% өстi. 2005 жылдың 1 наурызына бұл сандар былай өзгерiп отыр: несиелiк салымдар 95, 1млрд. теңгеге дейiн өстi, олардың iшiнде қысқа мерзiмдi несиелер - 56, 1%, яғни орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несиелеу қарқыны күшейе түскенiн байқай аламыз. 1

Банктердiң несиелiк потенциялының динамикасы құрылымдық жағынан ғана емес, сонымен бiрге өсiм қарқынына байланысты да өзгерiс байқалды. Егер 1999 ж. банктер 68, 9млрд. теңге мөлшерiнде несие берсе (солардың iшiнде ұзақ мерзiмдi несиелер-1, 5% немесе 1 млрд. теңгеге жуық), ал 2005ж несиелердiң жалпы көлемi 26, 2млрд. теңгеге өстi (38%), оның iшiнде ұзақ мерзiмдi несиелер 44 есе өстi. Ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында көбiрек, ал қысқа мерзiмдi несиелер- сауда саласында. 2005 жылдың өзiнде айналым қаражаттары мен негiзгi қорды толтыруға берiлген несиенiң жалпы көлемiнен 69 % жiберiлдi

Кесте 1. Коммерциялық банктердің экономика салалары бойынша берген несиелері, млн. тг

Экономика: Экономика
01. 01. 2004 ж: 01. 01. 2004 ж
01. 01. 2005 ж.: 01. 01. 2005 ж.
Экономика: Салалары
01. 01. 2004 ж: Млн. тг.
01. 01. 2005 ж.: Үлесi %
Млн. тг.
Үлесi %
Экономика: Өнеркәсiп
01. 01. 2004 ж: 16815
01. 01. 2005 ж.: 34, 9
21748
25, 3
Экономика: Ауыл шаруашылығы
01. 01. 2004 ж: 2722
01. 01. 2005 ж.: 5, 6
9042
10, 5
Экономика: Құрылыс
01. 01. 2004 ж: 2614
01. 01. 2005 ж.: 5, 4
1960
2, 4
Экономика: Көлiк
01. 01. 2004 ж: 1007
01. 01. 2005 ж.: 2, 1
4689
5, 5
Экономика: Байланыс
01. 01. 2004 ж: 92
01. 01. 2005 ж.: 0, 2
1390
1, 6
Экономика: Сауда
01. 01. 2004 ж: 569
01. 01. 2005 ж.: 11, 8
22159
25, 9
Экономика: Басқалары
01. 01. 2004 ж: 19300
01. 01. 2005 ж.: 40, 0
24721
28, 8
Экономика: Барлығы:
01. 01. 2004 ж: 48244
01. 01. 2005 ж.: 100
85709
100

Несиелiк операциялардың көптеген түрлерiн атап көрсетуге болады. Олар төмендегi белгiлерiне қатысты топтарға бөлiнедi: несие алушыға байланысты; қамтамасыз етiлу әдiсiне қарай; несиелеу мерзiмiне қатысты; несиелеу объектiсiне; ашылатын шот түрiне; қаражаттарды беру тәртiбiне; несиенi қайтару тәсiлiне; өсiмақы есептеу және төлеу тәртiбiне; тәуекел дәрежесiне; т. б. байланысты.

Сонымен несиелiк операцияларды жiктеудiң әр бiр белгiсiне тоқталып кетейiк:

Несиелеу объектiсiне (қолдану бағытына) қарай бiздiң елiмiзде несиелердi: 1) мақсатты яғни өндiрiс процесiн қамтамасыз ету үшiн материалды құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын несиелер, сауда -делдалдық операцияларды жүзеге асыру үшiн алынатын несиелер, құрылыс пен тұрғын үй сатып алуға алынған несиелер, айналым құралдарын құрауға алынған несиелер, т. б; 2) нақты мақсаты жоқ, яғни уақытша қажеттiлiктердi қанағаттандыруға алынған қаражаттар.

Дамыған елдер мен Ресей тәжiрибесi көрсеткендей нарық қатынастарының дами түсуiне байланысты несиелiк салымдар құрылымында жаңа несиелеу объектiлерiнiң пайда болуымен айтарлықтай өзгерiстер енуi мүмкiн.

Ал бұл өз кезегiнде әрi коммерциялық банктердiң ұйымдық құрылымына, әрi жалпы банк жүйесiне әсерiн тигiзед.

Несиелiк мәмленiң субъектiлерiне қатысты несиелер төмендегiдей бөлiнедi:

а) кредиторға байланысты:

  • бактiк ссудалар, яғни жекелеген банкпен немесе банктiк консорциумдармен, бiрлестiктермен берiлетiн ссудалар. Мұндай ссудаларды консорциалды несиелер деп те атайды;
  • банктiк емес несиелiк ұйымдармен берiлетiн ссудалар, яғни ломбардтар, несиелiк коперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, т. б. беретiн несиелер.
  • жеке ссудалар, яғни мұндай несиелер жеке тұлғаларға берiледi.
  • кәсiпорындар мен ұйымдар беретiн ссудалар (сауда ұйымдарының халыққа беретiн төлемi кейiнге қалдырылған несиелер, т. с. с) ;

б) несие алушыға байланысты:

  • заңды тұлғаларға берiлетiн несиелер;
  • жеке тұлғаларға берiлетiн несиелер;

Салалық белгiсiне қарай несиелер өндiрiс саласына, ауыл шаруашылық, сауда, көлiк, байланыс, т. с. с. салаларына бөлiнген несие болып жiктелiнедi.

Несиелеу мерзiмiне байланысты:

  • қысқа мерзiмдi несиелер (1 күн - 1 жыл)
  • орта мерзiмдi несиелер (1 жыл - 3-5 жыл)
  • ұзақ мерзiмдi несиелер (3-5 жылдан жоғары)

Бүгiнгi таңда республикамыздағы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты несиелердiң мерзiмiне қарай жiктелiнуi шартты сипатта ғана. Банктер несие берген кезде оларды қысқа мерзiмдi (1ж. дейiн) және ұзақ мерзiмдi (1 жылдан жоғары) етiп бөледi. Қысқа мерзiмдi белгiлi бiр мерзiмге дейiн (1ж. аралығында берiлген) және талап еткенге дейiнгi, яғни бұл несие түрiнiң нақты қайтару уақыты белгiленбеген және банк оны қайтаруды кез-келген уақытта талап етуi мүмкiн. Әрине қысқа мерзiмдi несиенiң бұл түрiн алған несие алушы салыстырмалы өтiмдiлiгi өте жоғары тұлға, әрi оның активтерi тез арада қолма-қол ақшаға айналдырылуы мүмкiн.

Ашылатын ссудалық шотына қатынасты несиелер ссудалық

шоттардан берiлетiн және арнайы ссудалық шоттрадан, яғни банк алдындағы клиенттiң жалпы берешегiнiң мөлшерiн ескеретiн, берiлетiн болып бөлiнедi.

Қамтамасыз етiлуiне байланысты ссудалар бланктiк (қамтамасыз етiлмеген) және қамтамасыз етiлген(кепiл, кепiлдiк, кепiлдеме, сақтандыру полистерi) . Банктiң қамтамасыз етiлген несиелердi таңдаудың негiзгi себебi-бұл несие алушының несиенi уақтылы және толық мөлшерде өтей алмау салдарынан шығынға ұшырау тәуекелдiлiгiнен өзiн сақтап қалу. Кепiл несиенiң өтелуiн қамтамасыз етпесе де, тәуекелдiлiк деңгейiн төмендетедi.

Өтелу кестесiне қарай ссудалар бiр жолғы төлеммен өтелетiн және төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар болып жiктелiнедi. Бiр жолғы төлеммен өтелетiн несиелердiң ерекшелiгi сонда, олар бойынша қарыздың негiзгi сомасы мен өсiмақы сомасы бiр-ақ төлеммен өтеледi.

Ал төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар төменде көрсетiлген әдiстермен өтелiнедi: 1) ай сайын, тоқсан сайын, жылда бiр рет, т. с. с. бiрдей төлемдермен өтелiнетiн қарыздар; 2) ай сайын, тоқсан сайын, жылына бiр рет, т. с. с. бiрдей емес төлемдермен өтелiнетiн қарыз;

Төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудаларды берген кезде шарттың өз күшiн сақтау мерзiмi аралығында қарыз сомасы бөлшек-бөлшекпен өтелiнiп отырады. Бұл қарызды өтеу тәртiбi әрi несие алушы, әрi несие берушi үшiн ыңғайлы. Банктiң несиелiк ресурстары босап, несие айналымы арта түседi, бұл өз кезегiнде банк өтемдiлiгiн көтередi.

Сонымен бiрге ссудалар жеңiлдiктерi бар өтелу кезеңi мен жеңiлдiктерi жоқ өтелу кезеңдерi болып бөлiнедi.

Өсiмақы төлеу әдiсiне байланысты ссудаларды келесiдей жiктейдi: ссуданы берген мезгiлде өсiмақы мөлшерiн алып қалу; несиенiң өтелуi кезiнде төленетiн өсiмақыны ссудалар және өсiмақысы бiрдей бөлiктермен ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бiр рет төленiп отыратын ссудалар.

Сонымен бiрге аннунитеттi төлемдi ссудалар, яғни қарыздың негiзгi бөлiгi мен өсiмақы мөлшерi бiр-ақ төлеммен өтелiнетiн ссудалар, туралы да ұғым бар.

Қаражаттардың айналымдылық сипатына байланысты ссудалар келесi түрлерге бөлiнедi;

а) маусымды және маусымды емес,

б) револьвердi, ролловердi. Револьвердi несиелердiң қатарына несиелiк картолар немесе овердрафт, контокорренттi несие, т. б. формасында берiлетiн несиелер жатады.

Мысалы, АҚШ-та тұтынушылық несиелер үш топқа бөлiнген: төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар, револьвердi және бiр жолғы төлемдi ссудалар.

Төлемi кейiнгiге қалдырылған несиелер бойынша негiзгi қарыз сомасы мен өсiмақы мөлшерi белгiлi бiр уақыт аралығында тең бөлiктермен төленiп отырады. Бұл несиенiң түрi көп жағдайда тауарды сатып алуға немесе т. б. шығындарды жабуға берiледi. Несиелiк карточкалар мен овердрафт формасындағы несиелердi де бұл несиенiң түрiне жатқызуға болады, себебi бұл несие формаларында берiлген ссудалар бойынша төлемдер ай сайын жүрiп отырады.

Төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудаларды өтеу мерзiмi АҚШ-та 2-5 жыл аралығында жатыр. Бұл несиенiң түрi негiзiнен шағын сомада берiледi, бiрақ несиелеу объектiсiне бағасы 100 мың. долл. асатын автомобильдер де, самолеттер де, яхталар да, т. с. с. жатуы мүмкiн 1

Револьвердi ссудаға қарағанда төлемi кейiнгiге қалдырылған ссудалар қамтамасыз етiлген несиелер қатарына жатады. Сонымен қатар төлемi кейiнгiге қалдырылған несиелер банктiк ссуданың тiкелей немесе жанама несиелеу формасында берiлуi мүмкiн. Тiкелей несиелеу кезiнде банк пен несие алушы арасында несиелiк шарт жасалынады. Ал жанама несиелеу тұсында банк пен клиенттiң арасындағы несиелiк қатынастарда делдалдық болуы шарт. Делдал ретiнде көбiнесе бөлшек суда саласының кәсiпорындары қатысады. Несиелiк шарт бұл жағдайда клиентпен банктен кейiн ссуда алатын дүкен арасында жасалады. Қазiргi кездегi американдықтар автомобиль сатып алуға берiлетiн ссудалық қарыздардың 60 % жанама несиелеу формасында болып отырғандығы несиенiң бұл формасының дамыған елдер экономикасында кең тарағандығының куәсi 1

Бiздiң елiмiзде несиенiң бұл формасы дами қойған жоқ. Бiрақ халықты сауда ұйымдары арқылы несиелеу соңғы жылдары өрiс алып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Қаржы тәуекелі және оны басқару
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Коммерциялық банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру
Несиелік тәуекелді басқару
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz