Қазақтар (шетжұрты)



Мазмұны

• 1 Ресей
o 1.1 Алтай Республикасы
• 2 Өзбекстан
• 3 Кырғызстан
• 4 Түркменстан
• 5 Моңғолия
• 6 Қытай
o 6.1 Іле.Қазақ автономиялық облысы
• 7 Түркия
• 8 Еуропа елдері
• 9 Америка Құрама Штаттары
• 10 Иран
• 11 Пәкістан мен Ауғанстан
• 12 Түсініктемелер
• 13 Тағы қараңыз
14 Сыртқы сілтемелер
Қазақтар (шетжұрты)
Мазмұны

• 1 Ресей
o 1.1 Алтай Республикасы
• 2 Өзбекстан
• 3 Кырғызстан
• 4 Түркменстан
• 5 Моңғолия
• 6 Қытай
o 6.1 Іле-Қазақ автономиялық облысы
• 7 Түркия
• 8 Еуропа елдері
• 9 Америка Құрама Штаттары
• 10 Иран
• 11 Пәкістан мен Ауғанстан
• 12 Түсініктемелер
• 13 Тағы қараңыз
• 14 Сыртқы сілтемелер

Ресей
Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70%-дайы ауылды жерде тұрады. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл - Алтай өлкесі, Астархан, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Сант-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде. 1999 жылдың басында Ресей Федерациясының өңірлерінде тұрып жатқан қазақтар туралы мынандай мәліметтер болды:
Аумақ Саны
Астархан облысы
135 000
Орынбор облысы
115 000
Волгоград облысы
46 000
Шелебі облысы
34 000
Алтай өлкесі
24 000
Қорған облысы
19 000
Түмен облысы
18 000
Самар облысы
16 000
Новосібір облысы
14 000
Мәскеу
10 000
Сант-Петербор
8 000
Ханты-Мансы аймағы
4 000
Томбы облысы
2 000
Сахалин облысы
1 000
Алтай Республикасы
1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9 000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013 төлеңгіттер (алтайлықтар) болған; 1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264 адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды. 1995 жылы аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт (алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. Этникалық өзін-өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшаға

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтар (шетжұрты)

Мазмұны

1 Ресей
1.1 Алтай Республикасы
2 Өзбекстан
3 Кырғызстан
4 Түркменстан
5 Моңғолия
6 Қытай
6.1 Іле-Қазақ автономиялық облысы
7 Түркия
8 Еуропа елдері
9 Америка Құрама Штаттары
10 Иран
11 Пәкістан мен Ауғанстан
12 Түсініктемелер
13 Тағы қараңыз
14 Сыртқы сілтемелер

Ресей

Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310
000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70%-дайы ауылды жерде тұрады. Біздің
отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12
субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл - Алтай өлкесі, Астархан, Орынбор,
Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен
облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Сант-Петерборда,
Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір
сүруде. 1999 жылдың басында Ресей Федерациясының өңірлерінде тұрып жатқан
қазақтар туралы мынандай мәліметтер болды:
Аумақ Саны
Астархан облысы 135 000
Орынбор облысы 115 000
Волгоград облысы 46 000
Шелебі облысы 34 000
Алтай өлкесі 24 000
Қорған облысы 19 000
Түмен облысы 18 000
Самар облысы 16 000
Новосібір облысы 14 000
Мәскеу 10 000
Сант-Петербор 8 000
Ханты-Мансы аймағы 4 000
Томбы облысы 2 000
Сахалин облысы 1 000

Алтай Республикасы

1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының
Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9
000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013
төлеңгіттер (алтайлықтар) болған; 1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264
адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды. 1995 жылы
аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт
(алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс
тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. Этникалық өзін-
өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің
өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-
дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының
қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының
жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі
бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% - ұлы жүзге және 1% - кіші
жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады.
Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет
деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр
ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Ұлттық аспаптар көбінесе
отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың 70%-дан астамы ұлттық
аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам ұлттық кием киеді. Сол
сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны - киіз үйлер де кең тараған. Алтайдағы қазақ
халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым. Туыстардың екі ұрпағы бірге
өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш ауданындағы алтайлықтарда да,
қазақтар да бірдей. Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ
этносының арасында анағұрлым сирек кездеседі. Төртұрпақты отбасылар да
кездеседі, алайда қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір
пайыз. Отбасылық рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы
адамдардың мінез-құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен
құндылықтар жағына қарай ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда
ерлердің және әйелдердің ісі деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Бірақ
Көшағаш ауданындағы қазақ отбасыларының өмірінде дәстүрлік сипаттар бар,
мысалға отбасындағы ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы. Этникалық
сәйкестілікті сақталуына халықтың метистену деңгейінің төмендігі де жағдай
жасауды. Алтай қазақтарының арасында этникааралық некелер тарамаған.
Некелердің көбі бір ұлт адамдары ішінде жасалады. Этникалық біртекті некеде
76% қазақтар тұрады. Халқының 9% қазақтар құрайтын Усть-Канск ауданында
ұлтаралық некелер санының арту үрдісі басым: қазақтардың 40% өзге ұлт
өкілдерімен некеде тұрады (23% - орыстармен және 17 % - алтайлықтармен).
Алтай қазақтарының тағы бір ерекшелігі – діни фактор. Алтайлықтар
лауазымды этнос мәртебесін алған, ал әлеуметтік инфрақұрылымда көшбасында
тұрған қазақтар этникалық азшылық рөліне түсіп қалған қазіргі жағдайда өзін-
өзі анықтау нысанына айналған діни фактор ерекше маңызға ие боп отыр. Ислам
әлемімен (Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия мұсылмандарымен) байланыс
орнауына орай соңғы жылдардағы ауданның қарқынды исламдануы тек діни ғана
емес, этникалық сананы да өзекті етіп отыр және Алтай Республикасы
қазақтарының бірігуіне жағдай жасайды. Көшағаш ауданының этно-локалды
топтары бабаларының діни ұғымдарын көзінің қарашығындай сақтауды. Аудан
халқының басым бөлігі өздерін дінге сенетіндер деп санайды. Алтай
мемлекеттілігінің шеңберінде Алтай Республикасының басқа халықтары сияқты
қазақтар да мәдени және тілдік егемендігін алды. Республиканың заңнамалық
актілері алтай және орыс тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялады және қазақ
тілін қазақтардың жинақы тұратын жерлерінде ресми деңгейде пайдалануға
болады деп көрсетті. Қазақтардың 90%-дан астамы өз тілін ана тілі санайды
және отбасында қазақ тілінде сөйлесіп, оны жақсы білетіндігін көрсетеді.
Басқа этникалық топтармен өзара әрекеттестік жағдайында алтай қазақтары
орыс тілін ғана емес, алтай тілін де меңгеріп, ол тілде көп жағдайда еркін
сөйлейді. Көшағаш ауданындағы нақты полилингвизм әкімшілік-саяси
факторлармен және күнделікті өмір қажеттіліктерімен, білім беру жүйесінің
ерекшеліктерімен негізделген. Алтайда көптеген онжылдықтар бойы білім беру
тілі орыс тілі болып келді. Ұлттық білім беруді дамыту жөніндегі
эксперименттің басталуымен ауданның көптеген мектептерінде (олардың
арасында үш бастауыш, он орта, бір орталау мектеп бар) 1-4 сыныптарда ана
тілінде (кенттің этникалық көпшілігінің тілінде) оқыту, 5-11 сыныптарда –
ана тілі курсын сақтай отырып орыс тілінде оқыту енгізілген. Аудан
әкімшілігі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға жағдай жасауда. Оның
жәрдемімен Көшағашта Қазақ мәдениетінің орталығы құрылды. Алтай
қазақтарының өзіндік ерекшеліктерін сақтаудың басқа да шаралары жасалып
жатыр. 2001 жылы Көшағаш ауданының Жаңаауыл кентінде Ресей қазақтарының
құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей
Президенті В.Путин өз үндеулерін жолдады. Құрылтайда басқа мәселелермен
бірге қазақ тіліндегі жергілікті телевидение, баспасөз және радионы дамыту
жоспарлары талқыланды. Іс жүзінде барлық қазақотбасыларының (95%) өз үй
шаруашылығы бар, олар ет мен сүт өндірісінде жетекгі рөл атқарады.

Өзбекстан

Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері
қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 млн.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда
қазақтардың саны 1 млн. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл
шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы
жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои,
Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы
келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер
министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны
кейінге қалдыруды ұсынып, оны қаруадан бас тартты. ҚР Азаматтығы туралы
Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың
болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт
өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкін Мектептерде қазақ
тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты 2002 жылы Елшілік ҚР
Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ӨР Халыққа білім беру министрлігіне
5 млн. теңгенің оқулықтарын берді. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі,
соның ішінде Өзбікстан, қазақ диаспорасының балалры үшін 5 сынып үшін 18
699 дана, 9-сынып үшін 19 300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн
жіберілді. Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған
оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және
өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып
жатыр. Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана
тілінде білім алумен байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді
баспасөздерге жазылуға шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы
проблемалар, әдеуметтік-экономикалық проблемалар. Өзбекстанның аудандары
мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің хабарлары біртіндеп экраннан
түсіп қалуда. Білім беру жүйесінде де өз қиындықтары бар, қазақ тіліндегі
оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын
қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы білім беретін мекемелері латын
графикасына көшуі білім алуға қосымша қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-
дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның
ішінде қаракөл қойын өсірумен айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру,
денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да материалдық емес
салаларда жұмыс істейді. Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік
органдарындағы өкілділігі лауазымды ұлтпен салыстырғанда өте төмен.
Республиканың қазақтар тығыз орналасқан өңірлері – Қарақалпақстанда,
Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі басшылардың саны соңғы жылдары
елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан, жалақысы жоғары немесе беделді
лауазымдардан босатып жатыр. Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік,
саяси құқықтарының бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің
мұндай әрекеттері республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын
жерлердегі әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі
этникааралық жанжалдар санының артуы осының жанама дәлелі бола алады.
Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық жағдайының
нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді құқықтардың
жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ халқын ғана
шеттету деп қарамау керек. Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен
байланысты және ұлтына қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік
мәртебесінің төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу
мүмкіндіктері оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға
көмектеседі.
Кырғызстан
Соңғы халық санағына (1999 жылғы сәуір) сәйкес мұндағы этникалық
қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65
мың шамасында. Анағұрлым жинақы орналасқан жерлері Шу облысы (17 510 адам),
Бішкек қаласы (12 064 адам), Ыстықкөл (6979 адам), Талас (3604 адам), Жалал-
Абад (1 130 адам), Ош (1200 адам), Нарын (394 адам) және Баткент (376 адам)
облыстары. Білім деңгейі: жоғары білімі барлар – 4 234 адам, аяқталмаған
жоғары - 678, орта-арнаулы – 4 346, орта – 13 366, қалғандарында – бастауыш
білім. Қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар. Жалпы
алғанда Қырғызстандағы біздің отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы мақтанарлықтай емес. Қазақтардың бір бөлігі аралас некеден туған,
ассимилияция қаупін туғызады. 1999 жылғы ұлттық халық санағы мәліметтеріне
сәйкес 42 657 қазақтың 7546-сы ана тілін қырғыз тілі деп, 2449 – орыс тілі,
95 - өзбек тілі деп көрсеткен. Мұның себептерінің бірі қазақ диаспорасы
жинақы тұратын аудандарда қазақ орта мектептері мен балалар мекемелері жоқ
деуге болады, ана тілінде теле- және радио бағдарламар таратылмайды.

Түркменстан

1995 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша Түркменстанда 86 987 қазақ
тұрады (елдегі халықтың жалпы санының 4%). Олар Дашогуз (33 000 адам),
Балкан (22 000 адам), сондай-ақ Марый және Лебап уәлайяттарында
(облыстарында) жинақы қоныстанған және негізінен мал шаруашылығымен
айналысады, тамақ және мұнайөңдеу салалары мен әлеуметтік салада жұмыс
істейді. Біздің елшілігіміздің мәліметтері бойынша 2003 жылы мұнда 110 000
қазақ тұрған. ҚР Елшілігі Түркменстандағы қазақ мектептерінің
директорларына 16 000 оқулықтар мен оқу құралдарын тапсырды. Соңғы
уақыттарда көшіп келген қазақтардың азаматтығын ауыстыру мәселесі ерекше
өткір болғандықтан, сондай-ақ бұл процедураның ұзақтығы мен қымбаттығына
байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркмен
тарапына Азаматтықты оңайалатып алу мен тоқтату туралы Келісімнің жобасын
жіберді. Алайда Түркменстанның Орталық Азия елдерінен бөлектенуіне және
біздердің елдеріміздің арасындағы визалық режим енуіне байлйанысты бұл
проблема әлі күнге өзінің оң шешімін таппай отыр. Осы үшін біздің
отандастарымызға залал көруде, олардың Қазақстанмен гуманитарлық
байланыстары шектеулі.

Моңғолия

Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша
этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі
екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам,
Хобда аймағында — 12 215, Улан-Батор мен оның төңірегінде – 7 504, ал
Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында – 4 245 адам
тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша
Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша
Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының
көрсеткіші едәуір төмен – 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені
арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс
бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта
орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы
мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА)
отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа
аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға
қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы
мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге
сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді.
Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам
Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты.

Қытай

Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1
200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы
әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан
бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын
дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар
санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты.
Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда
тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да
қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында
қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы
қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына
кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің
шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың
санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. – 443 000-нан көп 1979 ж. –
848 000 шамасында 1982 ж. – 907 000 1985 ж. – 964 000 1990 ж. – 1 200 000
2005 ж. – 1 млн. 296 мыңнан 1 млн. 500 мыңға дейін Қытай Халық
Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде
1954 жылы Іле автономиялық облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле,
Тарбағатай округтері кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАА Мори-
Қазақ, Баркөл-Қазақ уездерінде, Ганьсу провинциясының Ақсай-Қазақ
автономиялық уезінде және аз мөлшерде Пекинде тұрады. ҚХР құрылған кезде
оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған,
бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай
провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай,
Іле және Тарбағатай (Чугучак) округтерінің аудандарында көшіп жүрді, бұл
барша қазақ көштерінің 35 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-
Қазақ автономиялық уезі мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы)
және Баркөл-Қазақ автономиялық уезінің (Хамий округі) аумағында көшіп
жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАА аумағында қазақтар
саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы
халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты
еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос
болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган
облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ
автономиялық уезі және Ганьсу провинциясындағы Ақсай-Қазақ автономиялық
уезі. Цинхай провинциясында Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялық облысы
бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты
автономиялық қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен
Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен.
ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар
жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір
сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-
экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір
сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі
қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында
тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% - 1962
жылдан кейін және 50% - мәдени революциядан кейін туылғандар. Бұл, бір
жағынан, тууды реттеу саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға
жасалған белгілі бір жұмсақтық туралы қорытындыны білдірсе, екінші
жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының
көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін мәдени революция
кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы
мәдени революция буындарына тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар.
Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру
деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен
күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан
жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының
түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп
түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп
– 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе
автономиялық аудандағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты
жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-
нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда
1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен
қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс
істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ
халқының 82,58% - жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында
шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659;
зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста –
2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық
сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық
органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР
қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық
персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық
және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын
жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері –
3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал
өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары
және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық
шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% ]. 1982 жылдың ортасында
ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты
құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым
айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени
және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады.
Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін
одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы
білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАА тұрғындарының көпшілігі Пекин, Шанхай және
Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда
жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан,
қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ
қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін
анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта
Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар.
Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған
байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті.
Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар
тұрады, олар кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы
Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі
Қазақ әліпбиінің тарихи кезеңдері
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Жануарлардың қоныс аудару
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Пәндер