Бедер түзуші эндогендік факторлар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗІРГІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР . . .
1. 1 Орография . . .
1. 2 Климаттық жағдайы . . .
1. 3 Гидрографиялық сипаттамасы . . .
1. 4 Топырақ-өсімдік жамылғысы . . .
2 БЕДЕР ТҮЗУШІ ЭНДОГЕНДІК ФАКТОРЛАР . . .
2. 1 Геологиялық құрылымы . . .
2. 2 Тектоникалық құрылымы және жаңа тектоникалық құрылымы. .
3 ШАРЫН ӨЗЕН АҢҒАРЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ . . .
3 . 1 Өзен және өзен аңғарының пайда болуы . . .
3. 2 Аңғарлар классификациясы . . .
3. 3 Бедер пішіндері және қазіргі бедер түзуші процестер . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Өзектілігі. Өзен мен өзен аңғарлары бір жүзжылдықтан да көп уақыт зерттеліп келеді. Осы уақыт ішінде тек арна ағысының гидродинамикасы, өзендердің эрозиялық-аккумулятивті жұмысы, өзен аңғарларының құрылысы және олардың мофологиялық құрылысы және т. б. құрылымдық тұрғысынан сұрақтарға жауап іздедік. Бірақ бұл мәселенің көптеген жақтары ашыпған жоқ, мәліметтер жеткіліксіз. Мысалы, ағын сулар қайдан және қалай пайда болады, олар қалай үлкен өзен торына айналады, олардың дамуыныңсоңғы кезеңі қалай болады т. с. с. Тіпті өзендердің жаралуы мен дамуы туралы нақты сілтемелер де жоқтың қасы.
Әрине, кемеліне жеткен, үлкен өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы өте күрделі процесс. Мұнда бірнеше кезеңге бөліп қрастыруға болады: арна ағынының алғашқы жаралу кезеңі; өзен жіне аңғар жүйесінің қалыптасу және дамуының соңғы кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы кешенді табиғи факторлардың әсерінен дамиды.
Егер бұл мәселені тек өзен ағыны ретінде ғана қарар болсақ ештеңе өзгермейді. Ал өзен әрқашанда артынан арна, аңғар, қатты материял түріндегі шөгінділер сияқты із қалдырады. Сондықтан мен бұл сұраққа кешенді түрде зерттелерді салыстыра отырып, яғни өзен арнасының гидродинамикалық ағынына, оның эрозиялық-аккумулятивті жұмысына, өзен аңғарларының құрылымы мен дамуына, берілген аумақтың ландшафттық ерекшеліктеріне аса көңіл бөле отырып сипаттама жасадым.
Нысаны. Әрине, бір өзенді алып, оның алғашқы пайда болуынан соңғы кезеңге дейін бақылап, зерттеу мүмкін емес. Сондықтан өзен аңғары күрделі көрініс беретін Шарын өзен аңғарын нысынаға алып отырмын.
Шарын өзен аңғарын зерттеу өткен жүзжылдықтың екінші жартысынан басталды. Тарихи- графиялық деректерге сүйене отырып қарастырып отырған аумақты зерттеуді екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі - 1854-ші жылғы революция алдындағы Жетісудың Россияға қосылу кезеңі; екіншісі - Кеңес Үкіметі кезеңіне жатады.
Алғашқы зерттеу атақты географ П. П. Семенов - Тянь-Шяньскийдің Тянь-Шянь таулы өлкесін зерттеу кезіндегі саяхатынан басталады. Оның зерттеулері Шарын өзен аңғарының солтүстік беткейінің, әсіресе, Жалаңашсай аңғарының орографиясы мен жыныстық жасына арналды.
Тянь-Шань тауын зерттеуде И. В. Мушкетовтың да еңбегі зор. Оның зерттеулері аймақтың геологиясына, стратеграфиясы мен тектоникасына арналды. Шарын өзен аңғарында болған ғалым, ондағы әктасты конглемератты, төменгі карбондық әктасты байқаған.
1915 жылы солтүстік Тянь-Шань тауларын зерттеген Н. Г. Кассин аумаққтың геологиясына, орографиясына, гидрографиясына, климатына аса көңіл бөлген.
1954 жылы пайдалы қазбаларды іздеу мақсатымен геологиялық карталар жасау үшін Шарын өзен аңғарына геологиялық түсірлер жүргізе бастады.
Аумақ геологиялық тұрғыдан да геоморфологиялық тұрғыдан да зерттелген. Бірақ, геологиялық-геоморфологиялық мәліметтер тек жекелеген орографиялық аумақтарға сәйкестеледі, ал Шарын өзен аңғарына арналған арнайы мәліметтер өте аз. Сондықтан менің бітіру жұмысым осы Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымын зерттеуге арналады.
Бітіру жұмысымның мақсаты Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымына сипаттама бере отырып, осы аймақтың геоморфологиялық картасын сызу, бедер пішінінің даму тарихы мен қазіргі бедер пішінін салыстыру.
Бітіру жұмысымның практикалық маңызына келер болсақ, өткен ғасырда өзен аңғары тек пайдалы қазбаларды іздестіру мақсатында зерттелген болса, қазір Қазақстан жерінің табиғи өзгерістерге ұшырап, қайталанбас бедер пішініне айналған Шарын өзен аңғары алабын тану, келешекке шығу тегі мен даму барысын қалдыру, қорғауға алу маңыздырақ болып отыр.
1. ҚАЗІРГІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР.
1. 1 Орографиясы
Шарын өзен алабы геоморфологиялық жағынан биік таулы, орта таулы, аласа таулы және тау ішілік ойысты бедер пішінімен ерекшеленеді. Таулы массивтері биік беткейлі әрі қатты тілімденген терең өзен аңғарларымен сипатталады. Кетпен жотасы мен Қаратау тауларының суайрық сызығы 2500-3000м, ал кейбір жерлері 3600-3700м абсолюттік биіктікті көрсетеді. Орталық Тянь-Шань және Күнгей-Алатауы жотасының суайрық сызығы 3400-3600м абсолюттік биіктікте өтеді. Қарқара өзенінің сағасында аймақ біртіндеп төмендеп, абсолюттік биік көрсеткіші алаптың орталық бөлігінде 2400м-ден аспайды. Тянь-Шань тауының солтүстік беткейіндегі тау жоталарының ерекшелігі біршама енділігі мен тау жоталарының алмасып келуі және үлкен тау ішілік ойыстарының болуында. Шарын өзен алабының аумағындағы ірі ойыстарының бірі - Кетпен ойысы болып табылады, ал солтүстігі Кетпен жотасымен, батыста айғыржол, жабыртау, Басулытау, Тізген және т. б. таулармен шектеседі. Бұл таулардың басым бөлігі және Кетпен жотасы енді әрі доға тәріздес, беткейлері ассиметриялы болып келеді.
Кетпен жалпақ төбелі және үлкен беткейлі жота. Оның солтүстік сілемдері сайлармен қатты оқшауланған, ежелгі ағынның терең аңғарларымен, ал батыс беткейі зеңгірлі, еш кедергісіз, тау аралық Кетпен ойысына қарай құлай орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 2000 нан 3500м-ге жетеді. Төбесі қар сызығына жетпейді, мұздықтар жоқ. Ең биік нүктесі Небесная тауы (3638м) . Кетпен жотасының төбесі солтүстіктен оңтүстікке қарай төмендейді және Үш-Хасан үстіртіне қосылады. Оңтүстік жақпарының биіктігі 2600-2700м-ге төмендейді. Үш-Хасанның тегістелген беті эрозиялық бөлшектелуге ұшыраған. Ежелгі ағын әсерінен қалдырған эрозия ізі терең каньондар мен шатқалдардан байқалады. Кетпен жотасының солтүстік беткейін кесіп өтетін аңғар таудан шығып, тауадлы шлейф аймағына дейін 100-200м шатқалдар арқылы ажыратылады.
Оңтүстікте жота беткейі Шалкөдесу өзенінің аңғарымен қосылады. Осы ойыс ішінде өзен торы құрылады. Батыста, Темірлік өзенінің төбесінде Кетпен жотасы екіге бөлінеді:оңтүстігі - Темірлік тауы және солтүстігі - Құлықтау тауы. Ал олардың орташа биіктігі 2500м-ден 2800м-ге дейін жетеді. Бұл таулардың беткейлері терең эрозияға ұшыраған, сынықты материялдарға толы сайлар түзеді. Осы жоталардан батысқа қарай абсолюттік биіктігі 1800м-ден 2200м-ге өзгеріп отыратын Кеген тауаралық ірі ойысы орналасқан. ойыс жазықты болып келеді. кеген ойысының солтүстік беткейі Елшін болатын, орталық бөлігі шалкөде аңғарына төмендей келе Шалкөдесу аңғары деп аталады. Ол сайлармен, терең емес шатқалдармен түйіседі. Кеген ойысының абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 1800-2000м биіктікте орналасқан. Шығысқа қарай Кеген ойысы көтеріле бастайды. Солтүстік Шығыс жағының абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 2200м биіктікке жетеді.
Кеген ойысының оңтүстік бөлігі Айғыржол, Елшін Бұйрық, Басулытау, Тізген, Қаратау, Сарытау, Сүмбетау, Лайлытау, Жабыртау және т. б. таулармен жалғасқан. Айғыржол және жабыртау орта таулары жайпақ бедер пішінді болып келеді және теңіз деңгейінен 1800-2000м биіктікте. Елшін Бұйрық, Басулытау, Лайлытау, Сарытау және Сүмбетау тауларының биіктігі теңіз деңгейінен 2200м - ден 3700м - ге дейін жетеді және олар биік тауларға жатады. Биік беткейлі аласа таулы бедер пішінді белдеуі таудың орталық аймақтарындағы Қызық-үй, Айдырған аралды массивтерінде кездеседі. Олардың абсолюттік биіктігі 1800-2000м құрайды.
Жалаңаш аңғары тау аралық ойыс болып табылады. Шелек аңғарының бойлық кескінімен, ал оңтүстікте - Күнгей-Алатау тауалды жоталарымен, солтүстікте - Торайғыр жотасымен және шығысы - Шарын өзен аңғарымен жалғасып жатыр. Бұл жерде Құлықтау тауының тауалды жазығымен шектесіп жатыр. Абсолюттік биіктігі 1300-1800м, ұзындығы 60км және ені 20км. Тауалды бөліктерінде жазықтық үлкен сайлармен тілімденген. Батыста, Шарын-Шелек өзен аралығында аңғар таудан кішкене еңістейді және тілімдену онша байқалмайды. Солтүстікке қарай Іле Алатауының шеті болып табылатын Торайғыр жотасы және Үлкен- және Бала-Бөгеті таулары жайғасқан. Бұл таулардың биіктігі теңіз деңгейінен 1200-220м және Сөгеті аңғарымен бөлініп тұр.
Шарын өзен алабының орталық бөлігі төбелі жазық болып келеді. Бұл аралықта абсолюттік биіктік 1200-1700м-ден аспайды. Суайрық беті биіктігі 1801м-ге жететін Сөгеті аласатауы арқылы өтеді. Аумақтықтың сағалық бөлігінің бедер пішіні құмды тізбекті және батпақтанған болып келеді.
Шарын өзен алабының төменгі бөлігі, яғни атырауында Іле ойысының осіне еңістелген пролювиалды жазық қалыптасқан. Бұл арада Шарын өзені терең (150м-ге дейін) тік беткейлі каньон арқылы өтеді. Солтүстікке жылжыған сайын аңғар енді әрі биік жағалы болып келеді. Аңғардан қалың аллювиалды шөгінділерден тұратын төрт террасса байқалады. Аумақтың солтүстік бөлігі ұсақ дөңесті және әлсіз жалды бедер пішінінен тұрады. Басым аумағын қатты деңгейдегі тасқын шайып кетеді. Аллювиалды жазық ішінде дөңесті құьды массив Қарабасқұм созылып жатыр. Дөңестердің биіктігі 2-3см-ге жетеді. Құмды дөңестер аралығында өсімдігі жоқ тақырлар кездеседі.
Шарын өзенінің төменгі ағысының батыс бөлігінде абсолюттік биіктіктігі 900-1300м болатын Үлкен Бұғыты аласатауы орналасқан. Үлкен Бұғытының морфологиялық ерекшелігі - беткейі ассиметриялы; оңтүстік беткейі биіктеу, солтүстік беткейі жайпақ әрі аласа. Аумақ қатты тілімденген. Аласа таудың төменгі бөлігі бірте-бірте солтүстікке қарай иілген тауалды бедерге ауысады. Ол төбелі-жонды бедер пішінді болады. Оңтүстікке қарай сайлар тереңдейді, ал солтүстікте ұсақталады. Мұнда абсолюттік биіктігі 1300м-ге жетеді. Солтүстікке қарй жазықтық төбелі-жонды бедер пішінінен жайпақ-еңісті, әлсіз жалды бедер пішініне көшеді. Мұнда абсолюттік биіктік 650-800м-ден аспайды. Алаптың жазық аумақтары грави мен қиыршықтастар араласқан саздақты шөгінділермен көмкерілген.
1. 2 Климаты
Шарын өзен алабының климаты континенттілігімен ерекшеленеді. Тянь-Шань тауының саластырмалы түрде материк ішінде төмен ендікте орналасып, Атлант мұхитынан келетін негізгі ылғалды алыстатуына байланысты үлкен жоталардың биіктігі, жер бедерінің күрделілігі мен қатты тілімденуі температура мен ылғалданудың дәрежесінің қарама-қарсылығына себепші болады. Жақын жердегі шөлді аймақтар тауалды және аласа таулы климатқа әсерін тигізеді. Биік таулы ландшафттардың ылғалдануына ауа тепературасы мен жауын-шашынның ұлғаюы әсер етеді. Шарын өзені алабы Іле өзені алабы аймағындағы құрғақтау аумақ болып табылады.
Алаптың барикалық және циркуляциялық жағдайы жылдың суық кезінде Сібірлік барикалық максимум сілемдеріңі, алжаз айларында Орта Азиялық термиялық депрессияның ықпалында болады. Аңғар аумағында жылдың суық кезеңінде арктикалық ендіктен келген антициклон байқалады. Жылдың бұл уақытында антициклон басымдылығы 60-70%. Жаз айларында аумаққа циклондық әсер басым болады.
Алаптың таулы аймағында жергілікті ауа ағымы, жазықтық жерлерде қыстық суық ауа ағыстары басым болады. Көктемде циркуляция күшейіп, Сібір сілемдері антициклондарын бұзып, циклонның дамуына ықпал жасап, оңтүстіктен жылы ауа массасын тасымалдайды. Бұл кезеңде үсік жүріп, жауын-шашынның түсуі молайып, ұзақ әрі түрақсыз ауа-райы орнайды. Алап аймағының климатына күн радияциясы да әсер етеді, ал оның үлкен ағымын бес-алты ай бойы байқалады. Жазық аймаққа келетін жылдық радияция 135-150 Ккал/см 2 құрайды, ал таулы аймақтарда бұлттанудың мөлшерінің жоғарлауынан жылдық радияция 125-130 Ккал/см 2 --ге кемиді. Жазықтық- тауалыды белдеуде вегитациялық кезең (орташа тәуліктік температура 5 0 С-тан жоғары) 205-тен 225 күнге, ал таулы белдеуде 180-нен 205-күнге созылады.
Алап аймағының температура және жауын-шашын режиміне қарап төрт климаттық белдеуге бөлуге болады:
1. Жазықтық белдеу. Іле өзенінің сол жақ жағалауынан төменгі тауларды (700м дейін) аумақы қамтиды және континенттілігімен, яғни қысы суық, жазы құрғақ және температураның айлық амплитудасымен ерекшеленеді.
2. Тауалды белдеу. 700 метрден 1500м биіктік аймақты алып жатыр және кентиненттілігі төмен, сонымен қатар температура ауытқуы шұғыл амплитудалы.
3. Тауішілік белдеу. Шалкөдесу, Кеген, Қарқара қазаншұңқырларын және 1200-1500м абсолюттік биіктіктегі Жалаңаш жазағының батыс бөлігін алып жатыр.
4. Таулы белдеу. 1500м-ден биік аумақты алып жатыр және климаттық вертикальды зоналылығы анық байқалады.
Жазық аймақтарда орташа жылдық температура 8-9 0 С, тауалды белдеуде 6-8, 5 0 С, ал тауда 1, 7 0 С-қа дейін төмендейді.
Қыста жазық аймақтарда -42 0 С-тан -45 0 С-қа дейін төмендеп отырады. Ал тауалды және таулы аймақтарда -35 0 С-тан -40 0 С-қа дейін байқалады.
Теңіз деңгейінен биітеген сайын температура әр 100м сайын төмендеп, орташа 0, 4-0, 8 0 С-ты құрайды. 2500-3000м биіктікте орташа температура +7 0 С . . . +10 0 С, ал максимальді +20 0 С-ты көрсетеді. Ауа температурасының төмендеуі тамыз айынынан-ақ басталады. Жазық және тауалды аумақтарда 0 0 С-тан теріс мәнге ауысуы қараша айынан, 2000-2500м биіктікте қазан айының бірінші күнінен-ақ байқалады. Жылы кезеңнің ұзақтығы жазық және тауалды аумақтарында 8-8, 5 ай болса, таудың биіктігіне қарай тауішілік аймақта 6-7 айға кемісе, биік тауларда 1-2 ай ғана болады.
Қарастырып отырған аумақтың жылдық температура амплитудасы жазық аймақта 35-40 0 С, ал таулы аймақта 25 0 С және одан да төмен.
Көктемде тұрақты тәуліктік ауа температурасы теріс мәндерден оң мендерге жазық аймақтарда ерте, тауалды аймақтарда наурыз айының ортасында, ал тауда (3000м жоғары) мамыр айының екінші жартысында өзгеру байқалады.
Жазықтың ең ыстық айының (шілдеде) орташа температура +20 0 С, . . . +25 0 С болса, кейде +40 0 С, . . . 42 0 С-қа дейін жетеді.
Алап аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның түсуі біркелкі емес. Ол физикалық-географиялық жағдайына және жергілікті жердің биіктігіне, жер бедерінің пішініне және беткейлердің еңістігіне байланысты болады. Таулы жерлерде еңістіктің беткейіне және жергілікті жердің биіктігіне байланысты ылғалдылық басым және жауын-шашын мол түседі. Қар жамылғысының ұқсастығы мен күз-көктем айларындағы орташа тәуліктік ауа температурасының ауысуымен сәйкес келеді.
Алаптың таулы және биік таулы аймағында қар жамылғысы тұрақты және төрт- бес айдан көп сақталады. Қардағы су қоры 100мм-ге жетеді, ал тауалды және жазық аймақтарда қар жамылғысы тек 3-4 ай ғана тұрады. Басқа кезде қар болмайды. Алаптың бұл аумағындағы қардың су қоры 30мм-ден аспайды. Жазық аймақта қар жамылғысының орташа шағыны 5-14см, бірақ биіктеген сайын бұл көрсеткіш өзгереді, яғни 1800-2000м биіктікте 30-40см-ден көп болады.
Ауа ылғалдылығы. Жылдың суық уақытында ылғыалы ауа аз болады, ал су буымен салыстырмалы қаныққаны ең көп болады. Ал жаз кезінде керісінше. Алаптың құрғақ климаты әсіресе ылғалдықтың жеткіліксіздігімен және жарты жылдық жылы кезеңдегі аз мөлшерде ылғалды ауаның болуымен ерекшеленеді.
Алаптың жазық аймағы ауаның құрғақтылығымен жәнек жауын-шашынның аз болуымен сипатталады. Мысалы, таулы белдеулерде жылдық жауын-шашын мөлшері 630-900мм (Қарқара өзенінің бас жағында), ал алаптың жазығының төменгі бөлігінде жауын-шашынның мөлшері 50мм-ден аспайды. Егер жазықтық тауалды аймақтарда жауын-шашын минимумы жазда байқалса: екі максимуммен -- көктемде және күзде, ал таулы аймақта бір максимум (шілде-тамыз) және бір минимум (қаңтар) байқалады. Ауаның орташа жылдық абсолюттік ылғалдылығы жазық аймақтарда 5-5, 5мб-ға дейін өзгереді, ал тауалды өлкесінде 7, 3мб, тауларда абсолюттік биіктіктің жоғарылауынан орташа 6-дан 3, 5мб-ға азаяды.
Жазық аймақтарда салыстырмалы ауа ылғалдылығының айқын жылдық (60-70%) және жазда минимум(20-40%) .
Алаптың жел режимі негізгі жергілікті барикалық-циркуляциялық жағдайына қарай анықталады. Бірақ таулы аудандарда жергілікті жердің: таулы-аңғарлы; фен және т. б. желдердің пайда болуымен анық талады. Барлық аймақтарда желдің жылдамдығы 20м, ал жекелеген аймақтарда 25м-ге жетеді.
Климат жағдайларына қарай алап аумағының төменгі бөлігін күріш егуге, тауалды жазығын бау-бақша мен жүзім егуге, орта таулы және биік таулы аймаққа мал жайып, пішен шабуға арналған алқаптарына қолдануға болады.
2. Бедер түзуші экзогенді факторлар
Экзогендік бедер құратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердің әсері жатады.
Экзогендік бедер құратын процестердің негізгі көзі күн радиациясы, ол жер бетіне, гидросфераға және атмосфераға өзара әреккеттесіп, әр түрлі климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып табылады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор - ауа температурасы. Осы ауа температурасының әсерінен әр түрлі табиғи зоналардың климаты қалыптасады. Мәңгілік мұздықтар мен қар жамылғысының пайда болуы, тау жыныстарының үгілуі, химиялық процестер және т. б. осы ауа температурасына тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі - жауын-шашын. Олар өзендердің, көлдердің, батпақтардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Тау жыныстарының ыдырауына және олардың тасымалдануына, бедердің көптеген пішіндері тілімделіп жаңа пішіндердің қалыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел бір жағдайларда құм бөлшектері арқылы тау жыныстарын бұзып, қашап, өңдеп механикалық әсер етсе, екінші жағдайларда құмның тасымалдануына, шөгуіне және жаңа аккумуляциалық жер бедерлер (құм төбелер, барқандар, жағалық шағылдар және т. с. с. ) құрылуына себепші болады.
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының негізгі көзінің бірі - Жердің өз осі бойымен және Күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы және күн мен түннің ауысып тұруы. Ауа температурасының, жуын-шашын мөлшерінің және табиғи қиратқыш құбылыстардың оқтын-оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтқанда бедер пішіндерінің құрылуына едәуір әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы құбылыстарға байланысты.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған жер бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің үшіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап, жинақталуынан құралады. Сонымен, аңғарды сулар әрекетінен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік (латынша fluvius - ағын, тасқын) процестер деп атайды.
Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер - жылғалар (атыздар) . Олар делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың терендігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де терендігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар өздерінін морфологиясын жоғалып жайпақтала береді. Жылғалардың терендігі мен морфологиядық бейнесі беткейлерді құрған тау жыныстар кұрамына және беткейлерден аққан судың мөлшеріне байланысты. Әдетте жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды құрайды.
Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1, 0-2, 0 м-ге, ені 2, 0-2, 5 м-ге жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауытты келіп, көлденең кескіні көбінесе V әрпін елестетеді.
Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болуы тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялык жылғаларға қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz