Қырымның қырық батыры жырының лексикалық сипаты


КІРІСПЕ
Еліміз өзінің егемендігін алып, дербес мемлекет мәртебесіне ие болып отырған шақта, қазақ халқын әлемдік деңгейде таныту үшін, ең алдымен, оның ұлттық болмысын көрсететін бай мұраларын, рухани дүниелерін таныту керек.
Қазақ халқының мәдени-рухани болмысында көркем әдебиетіміздің, соның ішінде ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Туған халқымыздың тұңғиық мұхитына айналған ауызекі сөз өнерін молайта түсетін кең бір арнасы - эпос. Оны жинау, жариялау, жан-жақты зерттеу жұмыстары ауыз әдебиетінің басқа жанрларын зерттеумен салыстырғанда, көп ілгері озғаны мәлім. Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпаққа мирас етіп қалдырған мол мұрасы хақында ұлы жазушы М. Әуезов: «Замана толқыны тарих теңізінің жағалауына көркемөнердің баға жетпес меруерт-маржандарын қалдырды . . .
Өткен заман жайын шертетін өлмес-өшпес дана шежіреші эпос бізге ғасырлар тынысын жеткізгендей, сол кездегі жандар бейне бір тіріліп келіп, сыр сезімін, ойы мен шынын, үзілмес арманы мен бақыт аңсаған тілегін алдымызға жайып салғандай болар еді», -деп, баға берген. /2, 27/
Қазақ эпикасының мол дүниесінің ішіндегі халық жанының нұрлы қайнары, күре тамыры - батырлар жыры десек, артық айтқандық болмас. Ғасырлар бойы қайсар халқымыздың басынан кешкен небір жаугершілік замандары, тарихи кезеңнің көркемдік келбеті, салт - санасы батырлар жыры арқылы да күні бүгінге дейін бізге жетті. Батырлық эпос халқымыздың арман - тілегін, аңсарын өзіне міндеттелген қасиетті әрі ауыр жүктей арқалап келеді.
Батырлар жыры - қазақ эпосының ішіндегі көбірек зерттелгені. Қазақтың ғұлама ғалымдары: М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин, М. Қаратаев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Т. Сыдықов, Р. Бердібаев, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев т. б. өз еңбектерінде батырлық эпосты терең әрі әртүрлі теориялық аспектілер бойынша зерттеді.
Десек те, осы күнге дейін ғалымдардың нақты ғылыми зерттеу нысанына айналып, жан-жақты сыры мен мол қыры ашылмай жүрген бағалы құндылықтарымыз, әдеби дүниелеріміз әлі де жетерлік. Соның бірі халық арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрсе де, әдебиеттану тұрғысынан болсын, лингвистикалық тұрғыдан болсын, арнайы ғылыми зерттелмеген эпос - «Қырымның қырық батыры». Бұл жыр қазақ жырларының үлкен бір бөлігін құрайтын ноғайлы дәуірінің жырына жатады.
«Қырымның қырық батыры» жырының әдебиетіміздің тарихында қаншалықта құдіретке ие екендігін Қ. И. Сәтпаев пен Ғылым академиясының Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының директоры Н. Т. Сауранбаевтың Қазақ ССР Халық комиссарлары советінің председателі Н. Д. Оңдасынов жолдастың атына Мұрын жырау Сеңгірбаев жырларын стнеографияға түсіріп алу қажеттігін баяндайтын мәлімдемесіндегі мына сөздерден аңғаруға болады: «Қырымның қырық батыры» туралы жыр қырық тараудан тұрады, оның әрқайсысы жеке-жеке батырларға арналған. Сонымен бірге көбіне бір батыр екінші батырдың ұрпағы болып жырланады. Сондықтан да қырық батыр жайлы жырлардың жиынтығы - тегі мен композициялық құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты. «Қырымның қырық батыры» туралы жыр деп аталатын жырлар жиынтығы - өзінің құрылысы жағынан қырғыздың белгілі «Манасын» еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мәдени дүние. Әр батыр туралы жырдың әрқайсысының 7 күннен 10 күнге дейін жырланатындағына қарап, қырық жырдың нақтылы көлемінің қанша екендігін шамамен мөлшерлеуге болады. Аталған мұра көлемі жағынан Шығыстың ұлы туындысы «Мың бір түннің» өзін кейінге қалдырады. » /3, 450/
Әдебиеттанушы ғалымдарымыздың барлығы дерлік өз еңбектерінде бұл жырдың маңыздылығы, қай дәуірді суреттейтіні, қаншалықты тарихилығы, кімдер жырлағаны туралы және жырдың көркемдік тілі жайында азды-көпті ғылыми көзқарастар айтып кеткен. Сол ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйене отырып, жырдың зерттелу тарихына тоқталсақ, «Қырымның қырық батыр» жыры туралы пікір айтқан ғалымдар: Қ. Жұмалиев пен М. Ғабдуллин Ш. Уәлихановтың «Қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай халықтарының ауыз әдебиетінің бір түрі - батырлар туралы жарлар. Бұл жырлардың көбі Алтынорда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда, бұл жырлар XV-XVI ғасырларда жасалған сияқты» /4, 32/ деген тұжырымына сүйеніп, былай дейді: «Шоқанның бұл айтқандары барлық эпос туралы болмаса да, бірқатары жөнінде-ақ дәл деуге болады. «Қырымның қырық батыры» туралы эпос кейін жазылып алынса да, ондағы қатысқандардың көпшілігі Алтынорда дәуірінде болған адамдар және Қырым хандығының өзі - Алтынорда ыдырай бастаған кезде пайда болған хандық. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Шоқанның жоғарғы айтқандары шындықтан шалғай емес». Осы пікірлерге қарап, «Қырық батыр» жырына «Қырым» атының қоса айтылуы да, С. Сейфуллин, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин айтқандай, ол жырлардың Алтын Орда ыдырау, Қырым хандығының құрылу дәуіріндегі оқиғаларды бейнелеуінен деп ойлаймыз. Бұл жырлар ноғайлы дәуірі оқиғаларын елестеткендіктен, ел аузында кейде «ноғайлық жырлары» деп те аталады.
Тарихи деректерде Алтын Орда ыдырап, бұл Орданың шығыс территориясында қазақ хандығы қалыптасқан кезде, Арал-Жайық-Еділде Ноғай ордасы құрылған, бұл орда Үлкен Орда және Кіші Ордаға бөлінген он сан жұрттан тұрған, ордада Мұса кейін оның балалары Мамай, Ысмайыл билік құрғанда, (1481-1560) көршілеріне әскери саяси белсенділік көрсетіп, жортуылшылық салт ұстанған. Осы жортуылдың жемісі ретінде «Орақ-Мамай» жыры т. б туындысы туған.
Қазақ хандығы құрылып, қазақ халықтығы қалану процесі жүріп жатқан дәуірде, басқа өлкеде Ноғай халықтығы құрылу процесі басталған. Осы дәуірде туған «Орақ-Мамай», «Ер-Шобан», «Доспамбет сөзі» сияқты жырлардың өзі - ноғай, қазақ боп бөлінген кезеңнен кейін осы ноғай одағы құрамында болып, кейін XVII ғасырда қазақ хандығына қосылған ру-тайпалармен бірге келді.
Аталмыш жырдың қаншалықты тарихи немесе аңыздық сюжетке құрылғандығы туралы эпостанушы ғалымдарымыздың арасында әртүрлі ғылыми көзқарастар, кереғар пікірлер бар.
Қазақ эпосының, оның ішінде ноғайлы дәуіріне қатысты эпостардың тарихилығы туралы алғаш пікір айтқан қазақ зерттеушісі - Шоқан Уәлиханов. Ғалымның еңбектерінде қазақ түсінігінде «ноғайлармен көрші отырған кездері алтын заман» болғандығы, осы дәуірдк тарихта өмір сүрген Едіге, Тоқтамыс, Орақ, Ер Көкше т. б. қайраткерлердің қазақ жырларынан орын алғандығы арнайы сөз болып, бұл есімдердің тарихилығына ерекше мән берді. «Самый замачательный исторический джир киргизский, это-Идиге» деп, «тарихи жыр» терминін де алғаш қолданған Ш. Уәлиханов болатын. Жалпы тарихи жыр дегеніміздің өзін атақты фольклортанушы, академик С. Қасқабасов: «Тарихи жыр, түптеп келгенде, -батырлық жыр мен тарихи өлеңнің арасындағы жанр. Тарихи өлең әңгімеленіп отырған оқиғаның ізінше пайда болады да, ел арасына тез-ақ тарап кетеді. Кейін сол өлеңде айтылатын оқиғаның негізінде көлемді шығармалар туындайды. Олар бірте-бірте циклденіп, үлкен жырға айналады және оған көптеген тарихи шағын өлеңдер енеді. Содан барады да, үлкен поэтикалық тарихи жыр пайда болады. » деп түсіндіреді. /5, 45-46/
Филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Бердібаев, батырлық жырларды зерттеуші көрнекті ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып: «Эпостан тарихта ерекше рөл атқарған нақты тұлғалар мен оқиғаларды іздемеу керек, табиғаттың мейірімсіз дүлей күші мен басқыншы жауларды жеңген халық ой-санасында қорытылған батырдың нақты образын жасау керек», -деген өрісті пікір айтады. Бұл пікірдің қазақ эпостарына, оның ішінде «Қырық батыр» жырларына тікелей қатысы бар. Ғалым осы мақаласында «Қырық батыр» құрамындағы «Едіге», Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Нәрік», «Мұсахан», т. б. жырлардың қай-қайсысы да тарихи дерекке емес, аңызға, ертегілік сюжеттерге негізделгенін айтады . /6, 124/
1974 жылы жарық көрген В. М. Жирмунскийдің «Тюркский героический эпос» атты еңбегінің 2-тарауы осы ноғайлы дәуірін жырлаған қазақ эпосындағы «Едіге», «Орақ-Мамай», «Шора» т. б. эпикалық мұраларға арналды. Ол «Едіге туралы жыр» тарауында да, «Ноғайлы батырлары туралы жырларға тарихи мәліметтер тұрғысынан қарау» атты тарауында да өзі қарастырған жырлардың негізгі нұсқалары ретінде қазақ ішіндегі Нұртуған, Мұрын, Байшолпанұлы, Қазан жырлаған варианттарды алды. Соның ішінде Мұрын жырау жырлаған нұсқасы жайлы: «Цикл песен о сорока богатырях в исполнении Мурун-жырау объединяет следующие имена и группы сюжетов . . . » деп бастап, әр тарау бойынша жалпы қырық батырдың тізімін атап көрсетеді. «Из этого общего числа от Муруна записано 27 сюжетов, в общей сумме около 25000 стихов. Остальные зарегистрированы только по названию» деп жазып, жыраудың жырлаған нұсқасының құрамын, жолын толық анықтап береді . /7, 153/
С. Сейфуллин 1932 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті» атты еңбегінде қазақ эпосының үлкен бір саласы «ноғайлы жырларын» арнайы сөз етті. «Ноғайлы жырларына» байланысты Сәкеннің бұл концепциясы әлі күнге өз маңызын жойған жоқ. Ол қазақтағы «Орақ-Мамай», «Едіге», «Ер Тарғын» жырларының Қырым татарларында да кездесетініне тоқталып, екі халықтың нұсқалары арасындағы ұқсастықтарды ашты. Яғни, түркі халқына ортақ бұл жырларды алғаш рет типологиялық жағынан қарастыруға тырысты . /8, 46/
Филология ғылымын зерттеуші ғалым С. Садырбаев байыптағандай, «Қырық батыр» жырларында, әсіресе, батыр өмірінің туғаннан, өлгенге дейінгі әр кезеңін суреттейтін өмірбаяндық және тұқым қуалап, үрім бұтағының бәрі батыр болатын генеологиялық сипат басым. /9, 36/ Батырдың генеологиясын тізбектеу, ата-тегін дәріптеу қазақтың қаһармандық жырының көбіне тән. «Қырымның қырық батыры» жырында бұл кейде жырдың экспозициясында мотив-суреттеме арқылы беріліп, кейде жырдың оқиғалық бөлігінде батырдың монологында, диалогтарда өз аузынан немесе дос- жарандарының туысқандарының атынан айтылып жатады. Фольклорист С. Қасқабасов фольклордағы бұл құбылыстың шежірелік тұтастану екендігін ашып көрсетті. Ғалымның «Қазақ фольклорындағы шежірелік тұтастануының классикалық үлгісі-«Қырымның қырық батыры» деген сөзіне қарастырып отырған жыр да дәлел. Ол «Шежірелік тұтастану екі мақсаттан пайда болатын тәрізді: бірі - батырды дәріптеу болса, екіншісі-ұрпақтың, ата мен баланың, аға мен інінің ынтымақта болуын ардақтау, туыстық қарым-қатынастың үзілмей, тығыз байланыста болуын көксеу», -деп, бұл құбылыстың пайда болу себебін түсіндіріп өтеді. /4, 64-65/ «Қырық батыр» бір ғана жыраудың еңбегі ғана емес, сан ғасыр сұңғылалары туғызып, өңдеп, жетілдіріп, дамыта жырлаған халық қазынасы екенін аңғартады. Бастауы Сыпыра жыраудан басталатын, Абыл, Нұрым, Марабай, Есенбек, Қуан, Көшелек, Жаскілең т. б. ақын-жыраулар жырлап таратқан сала-сала батырлық жырларды өмір бойы топтап біріктіріп, желі-желі жүйемен өрбітіп, «Қырық батыр»күйінде Мұрын ғана жырлаған. Әрі азапты, әрі қызықты бұл істі атқару Мұрынның сирек кездесетін ғажап өнер иесі екендігін дәледейді. Мұрынның мықтылығы сол-баба жыраулар бастап, сан ғасырдың саңлақ жыраулары атсалысқан батырлық эпопеяны аяқтап, ата-баба аманатындай асыл мұраны біздің дәуірімізге табыс етуінде. Ол- халқымыздың дәстүрлі жыраулары мен жыршыларының ізін жалғастырып, біздің дәуірімізге жеткен көрнекті өкілі.
Жалпы, еліміздің батыс аймағындағы ақындық, жыраулық орта, сырттай қарағанда, шағын бір жырау, жыршылар тобы сияқты көрінуі мүмкін. Әлбетте, олай емес. Бұл орта бейне бір айдын теңіздей елестейді. Оған құятын бастау, бұлақтар мүлде көп болған. Сол бастаулардың бірі-Мұрынның өзі туып-өскен Маңғыстау, Қарақалпақ, Хорезм аймағындағы Абыл бастаған Нұрым, Қашаған, Қалнияз, Қарасай, Қалым, Мәулімберді, Өгізбай, Бегім сияқты ақын-жыраулар ортасы.
Қазақстанның батыс аймағында эпостық жырлардың көп туып, мол сақталуы себебін «Ақындар» аталатын еңбегінде (1956) ғалым Е. Ысмайылов ел өміріндегі ірі оқиғалармен байланысты қарайды. /10, 105-109/ Расында да, бұл мекен-көне дәуірден бері тіршілік толастамаған аймақ. Теңіз жағасы, өзен бойлары еш уақытта елсіз болмаған. Атырау, Маңғыстау жеріне Арал, Каспий маңында болған көшпелі тайпалардың көбі ат ізін салған. Мұнда ежелгі сақтардан бастап, каспийлер мен аландар, қыпшақтар мен оғыздар, қалмақтар мен ноғайлар болған. Соларға орай «жеті жұрт» туралы аңыздар туған. Бұл аймақта сол тайпалардан және әлі күнге ғылымға беймәлім елдер мен ру, ұлыстардан қалған материалдық мұралар мол сақталған.
Мұрын жырау мұрасын тереңірек зерттеген ғалым С. Садырбаевтың дерегіне қарағанда, атақты жырау осындай шежірелі мекенде, Маңғыстау түбегінің Бозашы алқабында 1860 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Жастайынан халық әдебиетін бойына сіңіріп, маңайындағы ақын- жыраулардың батасын алып, солардың жыр-өлеңдерімен сусындап өскен дарынды жырау ел басына күн туған қиын шақта, бір жағынан Кеңес Үкіметі, екінші жағынан Ұлы Отан соғысы қысып, есеңгіреткен заманда тарихта өткен батырларымыздың ерлігін мадақтап, халқына рухани күш бере білді.
Мұрын жыраудың ақындық ортасы, оған жырды үйреткен ұстаздары туралы айтсақ, кейбір зерттеушілер: «Мұрын Абыл, Нұрым, Қашағандарға еріп жыр үйренген», - дейді. «Абыл дүниеден өткенде, Мұрын 4-5 жаста ғана еді. Демек, Абыл репертуарындағы жырлар оған Нұрым, Қашағандар арқылы ұласады. Мұрынның өз айтуынан жазылған деректерге қарағанда, ол Нұрыммен бірнеше рет кездескен. Әсіресе, отыз екі жасында Сағыз бойында Топырақшашты деген жерде кездесуін ерекше әңгімелейді. Бұл кезде Хиуа, Атырау елдеріне танымал болып, «Мұрын жырау» атанған жыршы: «Балам, өлең қуалап жүр екенсің ғой», -деген Нұрымға өз жайын жырмен баян етеді:
Аты-жөнім сұрасаң,
Сеңгірбекұлы Мұрын-ды.
Көрейін деп мен келдім,
Көрмегем бұрын түріңді.
Өлең жолын қудым мен
Бұр он сегіз жасымнан.
Домбыра қолға алған соң,
Оңға бұрып салған соң,
Кеткен жоқ жақсы қасымнан.
Сөз алуға келемін,
Айлық жолдан мен іздеп,
Өздеріңдей жақсы асылдан.
Мен тап болдым ағаке,
Қалпақта Қораз жыршыға,
Бөгейдегі - Қалымға,
Бәлидегі - Бегімге.
Өзімнен бәрі аса алмай,
Ойладым сізге баруға,
Қырымның байтақ ерінен
Сізден сұрап алуға.
Ерді деп бес жыл есіттім,
Асылы туған Нұреке,
Адайдағы ақын Абылға. » /3, 16-17/
Мұрын халқымыздың кемел ойының жемісі-«Қырық батыр» жырларын өмір бойы жетілдіріп, жаңғырта жырлап, бүгінгі ұрпаққа табыс етті. Телегей теңіздей мол қазынаны сан жылдар сақтап, жүйелі орындап, біздің дәуірімізге ұластыруының өзі-баға жетпес ерекше еңбек.
Жалпы, 1942 жылы Алматы қаласында Мұрын жыраудың өз аузынан жазылып алынған «Қырымның қырық батыры» үш саладан тұрады:
- Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары. Бұл он батырды қамтиды: Аңшыбай батыр, Парпария, Едіге, Құттықия, Нұрадын, Мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази.
- Қарадөң батыр және оның ұрпақтары. Бұл да он батырды қамтиды: Қарадөң, Жұбаныш, Сүініш, Ер Бегіс, Ер Тегіс, Ер Кегіс, Тама, Тана, Нәрік, Шора.
- Жеке батырлар. Бұл салада жырау жиырма бір батырды жырлаған: Асанқайғы, оның інісі Тоған, Асанның баласы Абат, Қарғабойлы және Қазтуған батырлар. Өзге әңгімелерде, көне жырларда Қарғабойлы деген сөз батыр жырау Қазтуғанның сипатындай бейнеленсе, Мұрын Қарғабойлы деген бір батыр, Қазтуған деген екінші батыр деп жырлаған. Көкше батыр және Көкшенің ұлы Ер Қосай, Ақжонасұлы Ер Кеңес, Манашы және Манашыұлы Тұяқбай, Жаңбыршы және Жаңбыршыұлы Телағыс, Айсакныңұлы Ахмет, Әмет батыр, Алау батыр, Шынтас батыр және Шынтасұлы Төрехан батыр. Қыдырбайұлы Қобыланды, Сұлтан Керім, Қарт Қожақ, Құлыншақ. Жеке батырлар дегенмен, бұлардың да көбі әкелі- балалы батырлар.
Жыраудың осы елеулі қызметі М. Әуезов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Қоңыратбаев, Н. Сауранбаев, Е. Ысмайылов, С. Садырбаев, М. Ғабдуллин, Т. Сыдықов, Р. Бердібаев, М. Ғұмарова, О. Нұрмағанбетова, Ш. Ыбыраев, С. Сәкенов, А. Тұрғанбаев, Р. Сахиева, Қ. Сыдиықұлы т. б. еңбектерінде, Е. Өмірбаев пен М. Бимағанбетов мақалаларында орынды бағаланып келеді.
Ал, бүгінгі күннің мәселесі-«Қырымның қырық батырын» лингвистикалық, яғни, тілдік тұрғыдан зерттеп, көркем жырдың поэтикалық-тілдік табиғатын тану, сол арқылы қазақ тілінің сөздік қорының, құрамының қаншалықты бай екендігіне тағы да көз жеткізу.
Мен өз жұмысыма негіз етіп, осы Мұрын жырау жырлаған нұсқаның тілін лексика-грамматикалық тұрғыдан қарастырып, жырдың тілдік табиғатын ашуға тырыстым. Жалпы, жеке батырдың ерлігі туралы жырға лингвистикалық талдау жасау кандидаттық, докторлық жұмысқа арқау болары сөзсіз. Қырық батыр туралы жырды тілдік тұрғыда зерттеу - үлкен еңбек, өйткені мұнда терең, әрі жан-жақты зерттеген сайын сыры ашыла беретін сөйлем құрылымдары, ерекше сөз тіркестері, сөздер өте мол. Тағы бір ерекшелігі-Мұрын жырау бұл жырды поэзия тілімен қоса проза тілін араластырып жырлаған.
«Мұрын жыраудың жай айтушылардан, жыраулардан айрықша бір өзгешелігі-ол қазақтың батырлық жырларын бөлшек-бөлшек сюжет етіп ұсақтамай, қазақтың барлық эпостық сюжетін жинап, эпопея түріне тоқып жырлайды. Бұл реттен ол-тек эпос ақыны емес, эпопея ақыны. » деп, дарынды жырауға лайықты атақ берген Ә. Қоңыратбаев болатын. /11, 52/ Осындай мол мұраны 90 жасында жырлап, артына өшпез із қалдырған эпопея ақынның тілі де дархан қазақ халқының даласы секілді кең, көсіліп жатыр. Оны толыққанды зерттеу-болашақ тіл мамандарының кезек күттірмес міндеті.
I «ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Кез келген халықтың сарқылмас мәдени мұрасын танытатын ұлттық бейнесі-тілі екендігі белгілі. Өйткені «Қай халықтың болса да, қоғамдық өсу, өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгі болып, Ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да, ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салалармен тармақтала, молыға келіп, тағы да сол Ана тілінің алтын қорына қосыла береді. Қай халықтың болса да, басынан өткен дәуірі, қилы-қилы кезеңдері Ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінін де, болашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі». /12, 35/ Сондықтан ана тілінің қадір қасиетін биікке көтеріп, қастерлей отырып, оның жетілу, даму, толығу, баю процесін жан-жақты зерттеп, жас ұрпақ санасына жеткізу бүгінгі өмір талаптарының ең маңыздысы деп есептеуіміз керек. Соның ішінде оқырманын ойлантып, санасын сәулелендіретін көркем әдебиет тілінің орны айрықша екені даусыз. Эстетикалық ойы жоғары, айтар идеясы айқын, мазмұны терең көркем шығарма оқырманға сөз құдіреті арқылы жетеді. Сөз құдіреті арқылы суреткер тілінің әсемдігі, көркемдігі, тілдік құралдар мен тәсілдерді орнымен жұмсап, сөз қазынасын молынан пайдаланып, сөздерді қиыстырудағы ұтқырлығы, шеберлігі, даралығы, өзіндік жаңалығы танылады.
Соңғы кезде тіл білімінде жекелеген ақын-жазушылардың шығармаларындағы тілдік ерекшеліктерді зерттеу дендеп қолға алына бастады. Жалпы бүгінгі күні көркем әдебиет тіліне тілші ғалымдарымыз көп көңіл бөлуде. Оған байланысты соңғы жылдар ішінде ғылыми зерттеу еңбектер, монографиялар, сын мақалалар жарық көрді. Мәселен: Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), Р. Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі»(1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы»(1970), Е. Жанпейісовтың «М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі», М. Серғалиевтің «Көркем әдебиет тілі» (1995) т. б. еңбектерді атауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz