Қазақстан Республикасындағы туған баланы өлтіру мәселесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Ананың жаңа туған сәбиді өлтіруі

КІРІСПЕ 3

І АНА МЕН БАЛА

1. 1 Ұрпақ жалғастырудың қоғамдық маңызы 5

ІІ СӘБИ ӨМІРІ МЕН ӨЛІМІН ЗАҢИ РЕТТЕУ

2. 1 Ана мен баланы құқықтық қорғау 8

2. 2 Ананың жаңа туған сәбиін өлтіруі және ол үшін қылмыстық жауапкершілік 14

2. 3 Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруін саралау мәселелері 17

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУҒАН БАЛАНЫ ӨЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ

3. 1 Аналардың өз сәбилерін өлтіруінің алдын алу жолдары 21

ҚОРЫТЫНДЫ 25

Пайдаланылған әдебиеттер 27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі - әрқашанда пәннің сипаттамасын, мәні мен мағынасын түсіну маңызды. Адам өмірі келу мен кету, шығу мен кіруден тұратыны белгілі. Бірден келу мен кетудің алмасуында өмір кешкен соң, оны орнымен, опық жемей өткізуге тырысатынымыз рас. Ал енді адам болып жаратылған соң, ұрпақ жалғастыру міндет. Жалғастырған соң жаныңа жара салмайтын, халқың мен ұлтыңның ұлттық үрдісін үлгі тұтатын, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу тағы бір міндет.

Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі - қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән.

Мына дүние - ыстығы мен суығы үзеңгі қағыстырған түрлі ауыртпашылықтармен бізді ширатып, мәңгі өмірге дайындайтын, қилы-қилы кедергі мен қайшылыққа толы сынақ алаңы. Өмірде адамға баланың сынақ үшін берілгенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Аллаһ тағаланың берген перзенті кез келген ата-ана үшін әрі нығмет әрі сынақ.

Сынақ ана үшін жүктіліктің алғашқы күндерінен басталады. Нағыз ана баласының тыныстаған ауасына да өзінің жауапты екенін сезіне біледі. Өйткені, ананың жеген бір тілім наны мен ішкен бір жұтым суы екеуіне де ортақ. Сәби өмірге келгеннен кейін де түн ұйқысын төрт бөліп, оны қатарынан қалмай аман-есен өсіп-жетілдіретін де - ана.

Бала Аллаһтың адамдарға берген аманаты, уақыты келгенде қайтарып алады. Егер балаңызға дұрыс тәрбие беріп, адамзатқа пайдалы азамат етіп өсірсеңіз, сынақтан сүрінбей өткеніңіз. Адам баласының әрбіреуінің жүрегінде Аллаһқа деген махаббат бар. Бірақ, адам баласы баяғы пенделігіне басып, алдымен Аллаһқа арналуы тиіс махаббатын балаларына төгеді. Әрине, ата-ана болғаннан кейін бауыр еті баласын жақсы көреді, сөйтсе де әрбір адамның жүрегінде Аллаһ әрдайым жоғары тұруы керек. «Бір жүрекке екі сезім қатар сыймайды» дегендей, егер бала-шағаға деген махаббат шектен тыс күшті болса, Жаратушыға деген ықыласынан айырылады. «Дүние-мүліктерің мен балаларың сендер үшін бір сынақ. Аллаһ олармен сендерді сынауда. Нағыз марапат Аллаһтан (кімде-кім Аллаһты дүние-мүлкі мен балаларынан артық сүйсе, Аллаһтың алдында марапатталмақ» [1] . Бұл - Құран сөзі. Яғни әр әрекетімізде Аллаһтың разылығы басты мақсат-мұрат болуы қажет. Өмірін осылайша өткізгендер - сынақтан сүрінбегендер. Алайда, мұны мына дүниенің мәселелерін түгелдей тәрк ету деп түсінбеген жөн. Керісінше Жаратқанның сыйы ретінде қарап қадірлеу керек. Бұл жерде адам өзін аманат иесі екенін сезінуі керек және аманатқа қиянат жасамауы тиіс.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: осы курстық жұмысты жазу барысында ҚР Қылмыстық құқығы, ҚР Қылмыстық құқық пен жауапкершілік заңнамасы, Неке және отбасы заңнамасы, Ана мен баланы құқықтық және әлеуметтік қолдау заңнамасы және т. б. құнды еңбектер қарастырылған.

Курстық жұмысты зерттеу барысында мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық заңнамасына, ҚР Қылмыстық кодексіне жазылған комментарийге, Қылмыстық құқық бойынша шетелдік әдебиеттерге, түрлі баслымдарға, ана мен баланы құқықтық қорғау бойынша ҚР заңнамасына, ұрпақ жалғастырудың қоғамдық маңызы жайлы мақалаларға сүйендім.

Курстық жұмыстың мақсаты - жаңа туған сәбиді анасының өлтіруін құқықтық реттеуді талқылау, сараптама жасау.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:

  • ұрпақ жалғастырудың қоғамдық маңызын ашу;
  • кісі өлтіру қылмысын қарастыру, оның түрлерін айқындау;
  • жаңа туған сәбиді анасының өлтіруін қылмыстық саралау;
  • аталмыш қылмыстың алдын алу жолдарын іздеу.

І АНА МЕН БАЛА

1. 1 Ұрпақ жалғастырудың қоғамдық маңызы

Yйлену, үй болып, ұрпақ жалғастыру - атам заманнан жалғасып келе жатқан жара­тылыс заңы, адамзаттың жолы. Хақ дін Ислам ата-анадан балаларына, оның өміріне мағына беретін құлаққа естілгенде тек жақсылыққа жетелейтін, сондай-ақ баланың күллі өміріне бағдар сызатын есім қоюын, дұрыс тәрбие беруін, уақыты келгенде үйлендіруін талап етеді. Бұл үш парыз ата-ана тарапынан мықтап қолға алынуы ләзім. Өйткені, бұл міндеттер арқылы бала өмірін тұтас тұлғалай аламыз. Бала тәрбиесінде дәрігердің науқасқа қарағанындай қарап, үйлендіргенде Пайғамбарымыз (с. а. с. ) өсиеті бойынша қалыңдықтың дәулеті мен сұлулығына ғана мән беріп қоймай, оның имандылығына көңіл бөлу қажет.

Ата-ананың балалары алдында іс-әрекеттерімен, мінездерімен сыйлы, қадірлі болуымен қатар, балаларының қуанышы мен қайғысын дер кезінде бөліскені абзал. Баламен ойнап-күлгенде де шектен шыққан немесе тым қаталдыққа барған әкенің әке, шешенің шеше ретінде қадір-қасиеті қалмасы анық. Сондықтан отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы сый-құрметте орта жолдан ауытқымау бала тәрбиесіне әсер етуші негізгі факторлардың бірі. Бұл жазылмаған заң сақталмаған жағдайда бала я қырыққа жеткенше өмірден тек қызық іздейтін қылжақпас, я ет жүрегінде жан адамға деген сүйіспеншілігі жоқ қатыгез болып өсері хақ. Бұл екеуі де қоғамның айықпас дерті.

Балалар үлкендерді өздеріне өнеге (идеал) тұтады. Сол себепті, олар еліктегіш келеді. Көбінесе балалар өз әке-шешелерін үлгі тұтады, бірақ есейе келе әке-шешелерінің бойынан мін іздеп, мінез көрсете бастайды. Көңілі қалағанын сырттан іздейді. Қоршаған ортасынан дұрыс тәлім көрмесе, рухани мешеулікке ұрынып, болашақта қылмыскер болуы ғажап емес. Ал балаларына жақсы тәрбие беріп, отбасында арақ ішу, жанжалдасу, ұрыс-төбелес, т. б. секілді жаман әдеттер орын алмаған әке мен шешенің балалары да үлгілі боп өсері анық.

Демек, дүние-мүлік пен перзент, бір жағынан - нығмет, екінші жағынан - сынақ. Ендеше, перзент пен дәулет мына дүниенің алданышы ғана болмай, ақырет игілігіне жарасын десек, Аллаһ разылығын ескеруді басты орынға қоя білу қажет. [14]

Ұрпақ жалғастыруға қабілетті әйелдің денсаулығы

Ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулық - бұл өмірдің барлық кезеңінде ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйе ауруларының болмаған кезіндегі толық физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік амандық жағдайы. Ал, ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйе - ол бала тууға жауапты органдардың барлығы. Осылайша, біздің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулық тікелей ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйемен байланысты. Өмірге қалаулы және дені сау бала келуі үшін қазіргі заманның әрбір адамы өзінің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығын қалай сақтау керек екендігін білуі керек.

Өзіңнің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығыңды қалай сақтауға болады?

  1. Бала тууға қолайлы жас - 20-35 жас. Егер жүктілік бұдан ерте не кеш туатын болса, ол көптеген асқынулармен өтуі мүмкін екендігі және ана мен бала денсаулығының бұзылу мүмкіндігі дәлелденген. Сондықтан асықпауға тырысыңыз, бірақ бала туу мерзімін де кештетпеңіз.
  2. Бала туудағы аралық 2-2, 5 жыл болу керектігі ұсынылған, осылайша келесі бала тууға дейін ана денсаулығы қалпына келіп, болашақта туатын бала денсаулығына септігін тигізеді.
  3. Контрацепцияның заманауи әдістерін пайдалана отырып, қаламаған жүктілікті ескертуге болады.
  4. Контрацепция сырлас өмірді неғұрлым үйлесімді етеді, қажетсіз толқулар мен күдікті ыдратады, сондықтан егер жуық арада ұрпақ жалғастыруды жоспарлап жүрген болсаңыз, онда келеңсіз жағдайларды болдырмаудың жолдарын қарастырыңыз.
  5. Өкінішке орай біздің арамызда ауыр ауруларға байланысты жүктілік қарсы көрсеткіш болып келетін әйелдер бар ғой, мұндай жұптар үшін отбасын жоспарлау кабинеттерінің дәрігерлерімен және аурулар бойынша маман дәрігерлермен кеңесіп барып жүктілікті болдыру керек. Отбасын жоспарлау - қалаулы балалардың ғана тууын білдіретін әйел өміріндегі маңызды кезең. Қаламаған жүктілікті ескерту үшін контрацепцияның әр түрлі әдістері қолданылады. Әдісті таңдау әйел денсаулығын жақсартуға және гинекологиялық аурулар қатарын ескертуге, әдіс сенімділігі, сондай-ақ әйелдің контрацептивке деген дербес көзқарасын жақсарту үшін қолдануға болатын контрацептивті емес қасиеттерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Болашақ ата-аналардың өміріндегі, қарым-қатынасындағы негізгі өзгерістер жүктілік кезінде болады - олар ана мен әке болуға эмоционалдық, физикалық тұрғыдан дайындала бастайды. Басқа сөзбен айтқанда, баланың жатыр ішіндегі бірінші күнінен бастап ерлі-зайыптылар өздерін тек болашақта емес, осы кезде өздерін ата-ана ретінде сезінуі қажет, өйткені баланың өсуі мен дамуына деген жауапкершілік жүктілік кезеңінен басталады.
Жүкті әйел шамадан тыс ауыр жұмыстардан бас тарту қажет, отбасындағы қолайсыз жағдайларды байсалды шешкен өте маңызды. Отбасыда бір-біріне деген қамқорлық пен сүйіспеншілік үйде жағымды, үйлесімді жағдайларды қамтамасыз етеді. Таза ауада, саябақта бірге серуендеу болашақ ата-аналардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар, көңіл- күйді көтеріп, демалуға мүмкіндік береді. Жамандыққа көңіл бөлмей, жақсылыққа назар аударуы өзара қарым-қатынастарын жақсартып, салауатты эмоционалды фон құрастырады.

Кез келген отбасы белгілі бір уақытта бала туралы ойлана бастайды. Уақыт ағымымен жаңа бір мүшенің келуі туралы шешім қабылданып, болашақ ата-аналар ойдан іске көшуге дайын екендіктерін сезінетін күн де туады. Қазіргі заманғы ерлі-зайыптылар бала көтеруді жоспарлауға және оның дүниеге келуіне дайындықтардың қажеттілігін ескеріп, қазіргі тілмен айтқанда жоспарлауға кіріседі. Бала көтеру кезінде, сондай-ақ баланы күту уақытында әйел көптеген пайдалы және қызықты қажетті мәліметтерді білуі тиіс. Біз Дәрілік бюллетеннің осы санын, жүктілікті жоспарлау және баланың дүниеге келуіне байланысты пайдалы кеңестермен, сонымен қатар ерлі-зайыптыларға қажетті көптеген ақпаратпен толтыруға тырыстық. Олармен таныс болу, сізге, әрі сіздің отбасыңызға жағымды әсерін тигізеді деген үміттеміз. [13]

Адам өмірінің ең бір мәнді мақсаты сәби сүйіп, ұрпақ жалғастыру десек, табиғат сыйлайтын осы бақыттан қағылып жататын кісілер көп қазір. Қоғамымыздың түйінді түйткілдерінің бірі - бұл. Әлемде 150 миллион ер адам эректильді дисфункциямен сырқаттанса, біздің елде бұл дертке жарты миллион азамат шалдығыпты. Қазақстан бойынша 24 000 ер адамдардың 56 пайызы түрлі формадағы эректильді дисфункциямен ауырады екен. Ал Алматыдағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметінше, жастарымыздың 20 пайызы бала туу қабілетінен айырылған. Әсіресе, 18-25 жастағы бойжеткендерде бедеулік жиі кездесетін көрінеді.
Жалпы, «Сәби сүю бақытынан айыратын сырқат неден туындайды, одан айығудың жолы қандай?» деген сауалдар әркімнің де көкейінде жүрген болар. Көптеген дәрігерлер бедеулік пен белсіздіктің себептерін жас кезеңнен денсаулықты күтпеуден көреді. Бұл дерттің дәл қазіргі таңда кең етек жаюының бір себебі - бүгінгі бойжеткендеріміздің бабымен бой түзей алмауы. Расында да мықыны мен кіндігін ашып, кеудесін тар киіммен құрсаулай киінетін сәнқой қыздардан көшеде көз сүрінеді. Ал темекі мен сыраға әуес қаракөздеріміз өз келешегін өзі улап, тұншықтырып жатқанын, сірә, байқай бермейді-ау, шамасы. Сондай-ақ, дәрігерлер қауымы ерлер денсаулығына да зор мән берілмей жүргенін ескертеді.
Орын алған олқылықтың аз да болса, орнын толтыратын амалдар да болады. Бала сүйе алмаудың қиындығынан шығар, амалдарды ұсынып жүргендердің бірі - биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова. Салтанат Берденқызының айтуынша жаратылыстағы барлық жаны барлардың ішінде адамдарда жүкті болу қабілеті өте төмен. Дертке дауа іздеген медицина ғылымдарының кандидаты Салтанат Берденқызы жасанды ұрық жасап, балалы болудың да бәріне бірдей сәті түсе бермейтінін айтады. Мұндай әдіспен жүкті болу 20 жастағы келіншектерде 15-20 пайыз болса, 40 жастағы әйелдерде 5 пайыз ғана. Ұрықты шыны құтыда қалыптастыру тәсілінің тәжірибесі ерлердің 5 пайызында мүлде ұрық болмайтынын көрсеткен. Көбіне белсіздік ерлерде 30 жасқа дейінгілерде кездессе, 30 жас­тан кейінгілер ішімдіктің немесе сол секілді жағымсыз әрекеттердің кесірінен кеселге килігетін көрінеді. Жасанды ұрық жасаудың өзі балалы болу бақытына 100 пайыз кепілдік бере алмайды, тек 95 пайыз бедеулік пен белсіздікті жеңе алады.

ІІ СӘБИ ӨМІРІ МЕН ӨЛІМІН ЗАҢИ РЕТТЕУ

2. 1 Ана мен баланы құқықтық қорғау

Еліміздің әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, құрамына бесіктегі баланы да, еңкейген кәріні де қосатын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі халыққа жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асырады. Жаһандық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі саяси дамуымыздың маңызды беталысынан айныған жоқ.

Елбасымыз адамзат жаратылысында елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын жақсарту мәселесіне айрықша көңіл бөліп, жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді үрдіске айналдырды. «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты барлық қазақстандықтарға арнаған 2007 жылғы Жолдауында осы үрдісті жалғастырып, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу қажеттігін атап көрсетті. Осыған орай, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі. Мұндай төлемдерді тек жұмыс істейтін әйелдер жұмыс берушісімен әлеуметтік тәуекел туындаған күнге дейін ай сайын әлеуметтік аударымдар төленген, сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтып, өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жағдайда ала алады.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты бір реттік әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағының негізінде босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі әлеуметтік демалыстың барлық кезеңіне таға-йындалады. Бұл орайда, жұмыс берушінің жұмысшылары үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды уақытылы және тұрақты төлеуіне асқан жауапкершілікпен қарауы өте маңызды, себебі бұл аударымдардың мөлшері Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері жүктілігі және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдары негізінде анықталатын орташа айлық табысты сәйкес коэффициенттерге көбейту ар-қылы айқындалады. Бұл коэффициенттер босану қалпына байланысты анықталады, мәселен қалыпты, ауыр және екі не одан да көп бала туған жағдайда, ядролық сынақтар жүргізілген аумақта тұру не жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу жағдайларына байланысты өзгереді.
Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдар негізінде анықталатын орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Алайда, аталған төлемнің белгіленген ең жоғарғы және ең кіші мөлшері қарасты-рылған, яғни, төлем мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауы және осы тектес бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының бала санына орай белгіленген мөлшерінен төмен болмауы керек.
Бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде ай сай-ынғы әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері Қазақстан Респу-бликасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен анықталған. Аталған Заңға сәйкес, ҚР азаматтарына нәрестелі болған жағдайда, мемлекеттік бюджет есебінен баланың туылуына орай бір реттік мемлекеттік жәрдемақы төлеу қарастырылған: бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына - тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленетін, 30 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі - АЕК), төртінші не одан да көп баланың туылуына - 50 АЕК-тең сома беріледі.

1-сурет

2366

Сонымен қатар жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін әйелдің жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалысы кезінде де зейнетақы жинақтары үзілмейді, яғни оған жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне өтініш білдіру керек.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтiнiшке келесі құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы) ;

3) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;

4) салық төлеушінің куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;

6) жұмыс орнынан жүктілігі және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама қоса ұсынылады.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтiнiшке келесі құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы) ;

3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) салық төлеушінің куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

6) отбасы құрамы туралы мәліметтер (отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері) қоса ұсынылады.

Атап кететін жәйт, тіршілік атаулыда елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын жақсарту үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қосып жатқан үлесі зор. Бұл үлесті Қордан жүктілігі мен босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленген әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуінен көруге болады. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы туылған балалардың саны 356 575 болса, 2009 жылы - 357 552 баланы құрады, немесе 0, 3%-ға өсті. Бұл ретте, 2009 жылы Қордан жүктілігі және босануына байланысты төленген әлеуметтік төлемдер алушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 36%-ға өсті. 2008 жылдан бастап 2010 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Қордан жүктілігі мен босануына байланысты 56, 1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттері саналады. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңымен қорғау объектілері ретінде
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Кісі өлтіру қылмысын тергеу, жаңа туған сәбиді анасының өлтіру қылмысы
Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Кісі өлтіру
Бала құқығы конвенциясы
Отбасы және кәмелетке толмағандаға қарсы қылмыстардың орын алуы
Суицидтік мінез құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz