Әлеуметтік педагогтың тәжірибелері


Әлеуметтік педагогтың кәсіби-этикалық қызметінің портреті
КІРІСПЕ 3
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің негіздері
- Әлеуметтік педагогтың кәсіби-этикалық қызметінің портреті 5
- Еліміздегі әлеуметтік педагогтардың жағдайы 9
Әлеуметтік педагогтың тәжірибелері
2. 1 Әлеуметтік педагогтың функциялары мен атқаратын рөлі 14
2. 2 Әлеуметтік педагогтың кәсіби-этикалық қызметіндегі мүмкіндіктері 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
Пайдаланылған әдебиеттер 26
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс - қоғамның және мемлекеттің ажырамас бөлігі, бұл әлеуметтік қызметкерлер саясатқа, экономикалық қоғамның әлеуметтік құрылымына және қоғамдық қарым-қатынастарға қосылады, халықты әлеуметтік қорғау саласында этикалық нормативтік қызметкерлерін формациялау үшін қажеттіліктерді қалыптастырады. Соған сәйкес мемлекет және қоғам үшін барлығы әлеуметтік институттарға, әлеуметтік қорғау институттары және әлеуметтік жұмысқа қатысты барлық міндеттерді орындайды - социумды сақтау және стабилизациялау міндеттері, болашақта жан-жақты дамыту үшін қоғамдық қарым-қатынастарды қолдау және гармонизациялау, шарттарды қамтамасыз етуге, яғни, жағдайға байланысты мемлекеттегі қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету факторларының бірі болып табылады.
Қоғам гуманды болу үшін азамзат өміріндегі барлық салаларында гуманизм мен этика прициптері жекешелендіріп енгізу қажет. Мұнда болашақ әлеуметтік қызметкерлердің этикалық бағыттары өте маңызды: ол өзінің жүретін ортасында және қоғам, мемлекет алдында жақсы, белсенді және тұрғындардың әртүрлі категорияларына қажетті көмек көрсету (мүгедектерге, қария жасындағы адамдарға, жас отбасыға және т. б. ) олардың тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және қалыпты тұрмыс құруға, сонымен қатар ең алдымен, әлсіз қорғанған жіктер мен топтарға, жеке тұлғаларға әр түрлі деңгейлерде көмек көрсету қажет.
Әлеуметтік қызмет көрсету - қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың нағыз бір жетекші дамыған қозғалысының компоненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет көрсетудің құрылған жүйесі - бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы, бірнеше адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әртүрлі адамгершілік-әлеуметтік қызмет тәсілдерімен бейімдеуге бағытталған, әлеуметтік оңалту немесе жекешелеген адамдарды, отбасыларды, кіріс жиынтықтары қиын, ауыр жағдайға топ болған адамдарға көмектесу.
ҚР Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей өзін-өзі әлеуметтік дамытушы ретінде көрсету қажет. Ал егер әлеуметтік сипаты мемлекеттің әлеуметтік қызмет бағыттары арқылы көрінеді. Әлеуметтік қызмет - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, жалпылай айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік сипаты екі бағытқа бөлінеді:
Бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектенрге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы отбасыларға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көиек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Екінші бағыты - адамдарға денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдинетті дамытуға, халықтың жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
Тақырыптың өзектілігі:
Жалпы адамзаттық құндылықтар ең өзекті мәселелердің біріне айналып, жеке дербес өзгешеліктермен көрінеді.
Міне, осындай мәселелерді талқылай отырып, жазылған курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ әлеуметтік қызметкерлерге этика, мораль, адамгершілік туралы білім беру және бұл білімді мамандандырылған қызметке қолдану.
Курстық жұмыстың міндеттеріне тоқталар болсам:
- маманданған топтар өкілдері мен бірлестіктердің жеке іс-әрекеті мен жүріс-тұрыстарында нормативті қарым-қатынасты регломентациялау;
- әлеуметтік сфера мамандардың этикалық санасын қалыптастыру.
Әлеуметтік қызметкердің клиентке қатысты этикалық міндеттерінің негізгі стандарттар технологиясының алғашқы құжаттарының бірі «Әлеуметтік қызметкердің және әлеуметтік педагогтардың этикалық кодексін» ұсынады. Кодексті өңдей отырып, әлеуметтік жұмысқа қатысты халықаралық құқықтық құжаттарының негізгі мазмұнын есепке алу керек. Осы мақсатта «Адам құқығының жалпы Декларациясы» (1948ж. ), Саяси және азаматық құқығы туралы халықаралық пакт» (1966ж. ), «Бала құқығы туралы конвенция» (1989ж. ) және басқа да құжатарды қарастырды.
Этикалық білім - әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметіндегі қажеттіліктердің бөлігі. Оның қызметке деген қабілеттілік клиентке үсынылған қызметтің сапасын доғарлату этикалық нормалармен сәйкес келеді.
МФСР Ассосиациясы мүшелерінің арасында және осы мемлекеттің әлеуметтік қызметкерлер арасында этикалық проблемалар бойынша талқылау жүргізіліуде міндеттер қойылды. Келешекте этикалық принциптердің өндеуде негізгісі “әлеуметтік жұмыстың этикасы: принциптері және стандарттары” іске асырылады, олар екі құжаттан тұрады: “әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптердің халықаралық Декларациясы” және “Әлеуметтік қызметкердің халықаралық этикалық стандарттар”.
Осы құжаттарды әлеуметтік қызметкер маманына байланысты негізгі этикалық принциптер үсынылады. Олар басқа да саладағы өкілдер және әріптестермен, клиенттермен, рекомендация жүргізу. Құжаттар әрқашанда тұзетіледі және өзгерістерге ұшырайды.
Курстық жұмыстың тәжірибелік мәнділігі:
- Қазіргі кездегі әлеуметтік қызметкердің қоғамда алатын орны мен маңыздылығы талқыланады;
- Әлеуметтік қызметкердің клиент арасындағы белең алған мәселелері, олардың пайда болу себептері көрсетіліп, оларды шешу жолдары, құралдары анықталады;
- Мұнда этикалық кодекстің мақсаты, міндеті, принциптері, стандарттары және т. б. анықталынады.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің негіздері
- Әлеуметтік педагогтың кәсіби-этикалық қызметінің портреті
Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий деп саналады.
Әлеуметтік педагог өз кәсіби әрекетінде баланың даму, тәрбие, әлеуметтік жету үдерісінде жұмыс істейді. Әлеуметтік педагог назарында әлеуметену үдерісі, баланың қоғамға тиімді интеграциясы болады.
Әлеуметтік педагогтың әрекеті тұлға-орта контексте, шағын ортада, қарым-қатынас аумағында тәрбиелік-сауықтыру мақсаттардың басшылығымен адаммен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог өз кәсіби тағайындау бойынша мәселені шешуге, уақытымен анықтап, олардың себептерін жою, әр түрлі жағымсыз құбылыстардың (адамгершілік, дене және әлеуметтік тұрғыдан) алдын ала жұмыстарын қамтамасыз ету тиіс, соңымен бірге олардың айналадағы шағын ортасын сауықтыру.
Соңдықтан оған әр түрлі әлеуметтік ролдерді меңгеру керек және оларды тәжірибелік әрекетте жағдайға байланысты және шешілетін мәселенің сипатына қарай өзгерту керек.
Әлеуметтік педагог қызметті ресми түрінде екі салада белгіленген:
- білім беру (мектепке дейін, жалпы білім беру мекемелер; интернат-мектептер, ата-аналар қамқорлығынан қалған және жетім балалар үшін жалпы білім беру мекемелер) саласы;
- денсаулық сақтау саласы;
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелері;
- пенитенциарды жүйе мекемелері;
- жастар істер комитеті (аула балалар клубы, балалар шығармашылық үйлер, жастар жатаханалар, жасөспірімдердің демалу үйдері, жастардың білім беру орталықтары) .
Қазiргi заманғы әлеуметтiк педагогиканың ерекшелiгi - оның гумандылық бағыттылығында, яғни, балаға деген бiрыңғай талаптармен қатар тәрбиешi мен бала арасындағы өзара құрмет, бiрiгiп қызмет ету, шығармашылықпен бiрге айналысу, достық қарым-қатынас және теңдiк.
Әлеуметтiк педагогиканың қоғамдық мәнi - қиын жағдайға душар болған адамдарға - отбасына, балаларға көмек көрсету; оларға өмiрден өз орнын табуға, өз мүмкiндiктерi мен қабiлет ынтасы негiзiнде одан әрi дамуына жәрдем ету.
Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет - баланың жасөспiрiмнiң отбасында, мектепте, қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуi үшiн өзiн-өзi үйымдастыра бiлу, психологиялық ұстамдылық, сабырлық сақтай алуы үшiн көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметтi де қамтитын әлеуметтiк жұмыс.
Әлеуметтiк педагогика саласында зерттеулер жүргiзiп жүрген маман ғалымдардың (А. В. Мудрик, Б. З. Вульфов, Л. В. Мардахаев, М. А. Галагузова, В. А. Саластенин, Ю. В. Василькова, В. Г. Бочарова және т. б. ) ойынша, әлеуметтiк педагог - бұл, ең алдымен, тұлғаны адам мен оның отбасын қамқорлыққа алатын мемлекеттiк-қоғамдық қызметтер, ұйымдар мен мекемелер арасын байланыстырушы делдал. Сонымен бiрге ол жеке, нақты адамның мүдделерiн қрғаушы. Әлеуметтiк педагогтың функцияларына қиын жағдайға тап болған балаға, жасөспiрiмге кризистен шығу жолдарын меңзеп қана қоймай оған қиын кезеңде сүйенiш бола бiлуi, құқын қорғауы, жасөспiрiмнiң iс-әрекетiн өзiн-өзi тәрбиелеуге, өздiгiнен бiлiм алуға, өз өмiрiн өз бетiмен жоспарлай алуға, жағымды жаққа қарай бұра бiлуге үйретуге, бағыттауы да жатады. Сондай-ақ, әлеуметтiк педагог бала мәселелерiн жан-жақты шешуге құзырлы түрлi мамандардың күшiн бiрiктiрумен және олардың қызметiне координация жасаумен де айналысады. Әлеуметтiк салада қызмет ететiн педагог әлеуметтiк тәрбиенiң түрлi мәселелерге байланысты зерттеу iстерiн де ұйымдастырып, сонымен бiрге әлеуметтiк педагогтар, ұжымдар мен түрлi педагогикалық орталықтардың жұмыстарына талдау жасауға да мiндеттi.
Зерттеушi ғалымдар мамандыққа тиiстi қабiлеттер ретiнде төмендегi сапаларды атайды: байқағыштық, жағдайды тез айырып жол таба бiлу, интуиция, эмпатия ( өзiн басқа адамның орнына қойып, оның сезiмдерiн, идеяларын, iстерiн түсiне бiлу қасиетi ), рефлексия және өзiн-өзi ұстай бiлу.
Бұлардан басқа әлеуметтiк педагог әлеуметтiк сферадағы барлық қызметкерлерде болуы тиiс: араласқыштық, адамдармен бiрлесе жұмыс iстеуге ұмтылушылық, өз көзқарасын қорғай алу, қайрымдылық, бiлуге құштарлық, оптимизм, жан-жалды ситутациялардан жол таба бiлу, жүйке-психикалық жағынан тұрақтылық, байыптылықты да игеру тиiс. Сөз жоқ, маманның басты кәсiби сапаларының қатарына коммуникативтiк, яғни, қарым-қатынас жасай бiлу шеберлiгi жатқызылады.
Сонымен, әлеуметтiк педагог кәсiби қызметiнiң ең негiзгi сферасы социум (тұлғаны қоршаған ең жақын орта, адамдар арасындағы қарым-қатынас сферасы) болып табылады.
Социумдағы адамгершiлiк қарым-қатынастың қалыптасуы
- әлеуметтiк педагогикалық қызметтiң мақсаты болып табылады. Адамгершiлiк бағыты қазiргi кездегi тұжырымдамалардағы тұлғаның әлеуметтенуiнiң ерекшеленген белгiсi болып табылады.
Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет сферасының мұндай кең диапазоны мамандық иесiнен кәсiби-этикалық мәдениеттiң бiр бөлiгi болып табылатын.
Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі. Бала құқығы туралы Конвенция ҚР бала құқығын қорғау туралы Заңы Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарлары оқушылар тізімі:
- Мектепішілік бақылауда тұратын;
- Қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы бір ата-анасымен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары қолайсыз отбасы балалары мүгедек балалар тізімі. Патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары. Ата-аналар үшін жадынама, әдістемелік нұсқаулар;
- Баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар;
- Қала мен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін щешу жодарына көмектесетін анықтамалық ақпарат;
- Кіріс және шығыс құжаттары;
- Атқарылған жұмыстардың есебі.
Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны. Әлеуметтік педагог өз қызметін төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді.
Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.
Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды.
Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды.
Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.
Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.
Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді.
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері
1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей:
1. Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
2. Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
3. Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру
4. Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу
5. Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау
6. Профилактикалық шаралар ұйымдастыру
Әлеуметтік педагогтың тиімді қызмет етуінің әдістеме
1. 2 ҚР-дағы әлеуметтік педагогтың мән-жайы
Қазіргі таңдағы Қаза Р әлеуметтік педагогтардың жағдайын білу үшін мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, педагогика ғылымының кандидаты Гүлмира Шырынбаева интернет арқылы интервью алдым. Осы сауалнамадан үзінді:
- Әлеуметтік педагог қызметінің даму үдерісі тұрғысындағы көзқарасыңызды білгім келеді.
- Егерде республикамыздың кейбір ЖОО-ларда осы сала бойынша маман даярлау жүйесі сонау 1992 жылдан бастау алғанын ескерсек, еліміздегі әлеуметтік педагог қызметі іс жүзінде өте баяу, тек теориялық тұрғыда ғана дамыды және бертінге дейін осы саласы үлгі елдердің тәжірибелерін жинақтаймыз деп ілдалдап қалдық десем, дұрысы сол. Біздің қоғамда әлеуметтік педагогтың қызмет аясының кеңдігіне қарамастан, ол жұмыстың мәні, мәртебесі, рөлі туралы халық арасында дұрыс көзқарас қалыптаса қоймаған сияқты. Әлеуметтік педагог жұмысының қаншалықты деңгейде дамып отырғанын шетел тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасау арқылы ғана көруге болады. Атап айтсақ, Ресей, Батыс елдерінде «әлеуметтiк жұмыс» деген атаумен қабылданған әлеуметтік педагогтер білім беру ұйымдарына әлдеқашан енгізіліп, ол өміршеңдігін дәлелдеп қана қоймай, қоғамдық ортада әлеуметтік педагог мәртебесі кәсiби деңгейге көтерiлген-ді. 2009 жылы Копенгаген (Дания) қаласында өткен әлеуметтік педагогтердің XVII Халықаралық конгресс жұмысына әлемнің 42 мемлекетінен, соның ішінде Ресей Федерациясының да өкілдері қатысып, 2 қазан - Әлеуметтік педагогтердің халықаралық күні деп белгіленуі және шешім қабылдануы - осының бір айғағы. Мәселен, Ресейде 20 жыл ішінде әлеуметтік нысандарға кадрлер дайындайтын тәжірибелік алаңдар жұмыс істеп, онда жинақталған теориялық білімдер практикалық тәжірибеге ұласып, әлеуметтік педагог жұмысын дамыту мәселесін шешу нәтижелері нақтыланған. Сол сияқты Польшада 1920 жылдан бастап қоғамға енгізілген әлеуметтік қызметкерлер жүйесі тиімді әрекет етсе, АҚШ-та «Әлеуметтік жұмыс» бағдарламалары полицияның және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша соттардың, сонымен қатар орта білім мекемелерінің базалық бағдарламалары бойынша құрылып, балаларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің нәтижелі деңгейде мол тәжірибесі жинақтаған. Швецияда әлеуметтік педагогтің қызметіне жоғары өкілеттіктер жүктелгендіктен, қоғам алдында зор жауапкершілікке ие әлеуметтік қызметкердің ресми мәртебесі өте жоғары, кәсібі беделді, әлеуметтік қызмет муниципальді болғандықтан, полицияға немесе сотқа тәуелсіз болып табылады.
Бұдан түйетін ой мынаған саяды: сөз болып отырған елдерде әлеуметтік педагогтер мемлекет тарапынан мықты қолдау табуда, әлеуметтік іс-шаралар дұрыс жолға қойылып, оның дамуына барлық жағдай жасалуда, тіпті мемлекеттің өзі мүдделі болуда. Сол себепті де бұл саланың қоғамдағы рөлі сөз болған елдерде айрықша әрі сұраныстағы мамандық иелері қатарында.
Әлеуметтiк жұмыстар - қоғамдағы рухани құндылықтарды дамытып, адамдар арасындағы ізгі қасиеттерді биік қоюдың маңыздылығын арттыру қажеттiлігінен туындаған және ол сонау ежелгi дүниеден бастау алады, бір сөзбен айтқанда, тарихы тым тереңде. Қайсы мемлекет, ұлт болмасын, оның өркениеттілігі, ең алдымен, ізгілігімен айқындалады. Адами қарым-қатынас бәрінен биік тұруы тиіс. Міне, осы тұрғыда әлеуметтік педогогтің ел ретінде дамып, жетілуі үшін маңызы аса зор. Олай болса, халықтың әлеуметтік те, рухани да, адами да деңгейін көтеруді мақсат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында әлеуметтiк жұмыс алдағы уақыттарда қоғамдық кәсіп түрінде танылатын мүмкіндіктерге ие болады деп ойлаймын. Адам қоғамға тәуелді мына заманда жан-жақты көмек беруге маманданған әлеуметтік педагогтердің қызметтік рөлі мемлекеттік тұрғыда қолдауға ие болуы тиіс. Ол үшін әлеуметтік педагог мамандардың жұмыс істейтін нысандарын көбейту қажет. Нақтырақ айтсам, жетім балалар үйлерін, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталықтарын, қарттар үйлерін т. б. халықтың қорғансыз бөлігіне арналған мекемелерді қажетті мөлшерге дейін ашып, әлеуметтік педагогтің қызмет саласының мүмкіндігін кеңейту мәселесі қарастырылуы керек. Бұл болашақта осы мамандық бойынша диплом алғалы отырған ЖОО түлектері үшін жұмысқа орналасу мәселесін шешудің оңтайлы жолы болып табылар еді.
- Мамандар әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану пәні бойынша мұғалімдер тапшы деп жатады . . .
- Ол рас. Осы мәселе қазір өзекті болып тұр. Білім беру мекемелерінде бұл пән бойынша маман тапшылығы айқын сезілуде. Себебі пән адамтанудың құрамы ретінде психология, философия, әлеуметтік педагогика ғылымымен байланысты әлеуметтік мәні бар күрделі мәселелерді қарастырып, адамдардың әлеуметтік жауапкершілік, адами ізгі қасиеттерін қалыптастыруға негізделеді. Сол себепті де пән өз деңгейінде өту үшін ұстаз оқу әдістемесін толық меңгерген маман болуы тиіс.
Еліміздің білім саласы үшін әлеуметтік педагогика ғылымын ендіру жалпы қолданылғанымен, педагогика-психология факультетінің мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасында ашылған әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы үшін студенттерді дайындаудың нормалық, стандарттық деңгейде алғаш 2010 оқу жылынан бастап біздің университетте ендіріліп отыр. Аталған мамандықты таңдаған жастар санына келсек, қазақ, орыс тілдерінде оқытудың күндізгі бөлімінде қазір - 58, сырттай бөлімінде жеті студент бар. Ал 2011 оқу жылы күндізгі бөлімге 100 адам, ал сырттай бөлім бойынша сегіз адам түсті, яғни қазір 1-2-курс бойынша жалпы саны - 173. Негізі, бұл алғаш ашылып отырған мамандық үшін жаман емес, жоғары көрсеткіш десек те болады.
Қазір ЖОО-ларда осы мәселеге айрықша мән беріп отыр. Дайындалып жатқан өзін-өзі тану мұғалімдері мен әлеуметтік педагог мамандар әрбір мектеп, отбасылары, жетім балалар мен қарттар үйлері, сауықтыру және бейімдеу орталықтарында жүргізетін өзін-өзі тану мен әлеуметтік-жұмыс қызметтері арқылы адамгершілік-рухани білім беруге, әлеуметтік орта құруға бағытталған өзара үйлесімді жұмыстарымен аталған қажеттіліктерді толықтай орындай алады деп сенім артып отырмыз. Оған негіз де жоқ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz