Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар



Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

2. Көріністер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 . 7

3. Тілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8 . 11

4. Қима ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 . 13

5. Аксонометрия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14 . 16

6. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

7. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Кіріспе

Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар мемлекеттік стандартпен қатаң анықталады. Сызуды жасай білу және оларды практикада қолдану техникамен, құрылыспен байланысты әрбір қызметтердің жақсы дайындығын қажет етеді. Олай болса сызба геометрия, инженерлік графика, машиналық графика инженер мен техниктердің кәсібі шеберлердің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Инженерлік графика деп сызба геометрия мен техникалық сызудан құралған пәнді айтады.
Сызба геометрия – кеңістіктік фигураларды немесе түпнұсқаларды жазықтықтағы немесе беттегі кескіндерін қолданып көрсету тәсілдерін зерттейтін геометрияның бөлімі. Сызба геометрия - әр түрлі практикалық есептерді графикалық жолмен шығаруды қарастырады.
Сызба геометрияның мақсаты – сызбаларды салу және оқу, геометриялық есептерді сызбаларды қолданып шешу, геометриялық модельдеу тәсілдерін құрастыру, алдын ала берілген геометриялық немесе тағы басқа қасиеттері бар объектілердің проекцияларын және инженерлік іс-әрекеттің нақтылы саласындағы заттар мен объектілердің кескіндерін құру.
Сызба геометрияда кеңістіктегі пішіндерді жазықтықта кескіндеу әдістері және бұл пішіндердің орналасу жағдайы мен өлшемдік сипаттамаларын анықтауға арналған есептерді шешу жолдары қарастырылады.
«Сызба геометрия және инженерлік графика» адамның кеңістікті елестетуін жақсы дамытады және ол сызбаны жасаудың теориялық негізі болып табылады.
Сызба дегеніміз – инженердің ойын жұмысшыға жеткізеді. Сызба ғылым мен техникада кең және көп қолданылады. Сызба бойынша детальдар дайындалып, механизмдер құрастырылады және құрылыстар салынады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ы. Нәби «Сызба геометрия және инженерлік графика».
Алматы «Мектеп» 2005 жыл.
2. Ұ.С. Меңлібаева, А.Ж Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы. Алматы «Бастау» 2003 жыл.
3. Ж. Жаңабаев «Инженерлік және компьютерлік графика».
Алматы «Мектеп» 2005 жыл.
4. Ж. Есмұханов «Сызу».
5. Г.А. Ақпанбетов «Инженерлік графика».

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

2.
Көріністер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 - 7
3.
Тілік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8 - 11
4.
Қима ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12 - 13
5.
Аксонометрия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .14 - 16
6.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
7. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 18

Кіріспе

Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар мемлекеттік стандартпен қатаң
анықталады. Сызуды жасай білу және оларды практикада қолдану техникамен,
құрылыспен байланысты әрбір қызметтердің жақсы дайындығын қажет етеді. Олай
болса сызба геометрия, инженерлік графика, машиналық графика инженер мен
техниктердің кәсібі шеберлердің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Инженерлік графика деп сызба геометрия мен техникалық сызудан
құралған пәнді айтады.
Сызба геометрия – кеңістіктік фигураларды немесе түпнұсқаларды
жазықтықтағы немесе беттегі кескіндерін қолданып көрсету тәсілдерін
зерттейтін геометрияның бөлімі. Сызба геометрия - әр түрлі практикалық
есептерді графикалық жолмен шығаруды қарастырады.
Сызба геометрияның мақсаты – сызбаларды салу және оқу, геометриялық
есептерді сызбаларды қолданып шешу, геометриялық модельдеу тәсілдерін
құрастыру, алдын ала берілген геометриялық немесе тағы басқа қасиеттері бар
объектілердің проекцияларын және инженерлік іс-әрекеттің нақтылы
саласындағы заттар мен объектілердің кескіндерін құру.
Сызба геометрияда кеңістіктегі пішіндерді жазықтықта кескіндеу
әдістері және бұл пішіндердің орналасу жағдайы мен өлшемдік сипаттамаларын
анықтауға арналған есептерді шешу жолдары қарастырылады.
Сызба геометрия және инженерлік графика адамның кеңістікті
елестетуін жақсы дамытады және ол сызбаны жасаудың теориялық негізі болып
табылады.
Сызба дегеніміз – инженердің ойын жұмысшыға жеткізеді. Сызба ғылым
мен техникада кең және көп қолданылады. Сызба бойынша детальдар дайындалып,
механизмдер құрастырылады және құрылыстар салынады.

Көріністер. Мест 2.305-68**

Заттар (бұйымдар) кескінінің ережелері Мест 2.305-68 – де КҚБЖ
(ЕСКД) – конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйксінде – қарастырылады.
Әр мемлекет сызбада кескіндерді орналастыруда, екі жүйенің
(система) бірін қолданады: европалық немесе америкалық.
Сызбадағы кескіндерді орналастырудың европалық жүйесі көптеген
европалық мемлекеттермен қатар Қазақстанда да қолданылады (1-сурет); АҚШ,
Англия, Голландия тағы да басқа мемлекеттерде – америкалық жүйесін
қолданады (1-сурет).

Е жүйесінің символы А жүйесінің символы
1 - сурет
Көрініс дегеніміз – зат бетінің бақылаушыға көрінетін бөлігінің
кескіні. Кескіннің санын азайту үшін заттың көрінбейтін керекті бөліктерін
штрих сызықтар көмегімен жүргізуге болады.
Көріністер негізгі, қосымша және жергілікті болып бөлінеді.
Негізгі көріністер затты фронталь проекциялар жазықтығымен
беттестірілген алты жақты іші қуыс кубтың жақтарына тікбұрыштап проекциялау
нәтижесінде алынады.
Затты шартты түрде кубтың ішінде орналасқан деп қарастырады (2 -
сурет).
Зат фронталь проекциялар жазықтығына қатысты оның профилі мен
өлшемдері туралы толық мәлімет беретіндей етіп орналастырылады. Осы
кескіндіні басты көрініс (алдынан көрініс) деп атайды.

2 - сурет
Көріністерге басты көрініске байланысты мынадай атаулар беріледі:
1 – алдынан көрінісі (басты көрінісі);
2 – үстінен көрінісі;
3 – сол жақтан көрінісі;
4 – оң жақтан көрінісі;
5 – астынан көрінісі;
6 – артынан көрінісі.
Егер негізгі көріністер басты көрініспен проекциялық байланыста
орналаспаса, онда сызбада олар А, Б сияқты жазулармен белгіленуі керек
(3,а,б - суреттер).
Қарау бағытын орыс алфавитінің бас әріптерімен белгіленген нұсқамен
көрсету қажет (3- сурет).

3 - сурет
Стандартқа байланысты, бірінші бұрыш проекциялау әдісіне сәйкес
орналаспаған көріністер (Е әдісі) немесе басқа бетке орналасқан көріністер:
“→ А”, “→ Б” тәріздес жазулармен көрсетіледі (3, в, г - суреттер).
Егер заттың кейбір бөліктерінің профилі мен өлшемдерін негізгі
проекциялар жазықтығына бұрмаланусыз көрсету мүмкін болмаса, онда негізгі
проекциялар жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда алынған қосымша
көріністер қолданылады.
Бұл үшін қосымша көрініс сызбада “А” немесе “→ А” жазуымен
белгіленеді, ал қарау бағыты нұсқамамен көрсетіледі (4, а, б – суреттер).
4 -сурет
Егер қосымша көрініс тиісті кескіндермен тікелей проекциялық
байланыста орналасқан болса, онда симметриялық кескін үшін көрініске жазу
қойылмайды (5, а - сурет), ал симметриялық емес кескіндерге қарау бағытын
нұсқамамен көрсетеді (5, б - сурет).
5 -сурет

Қосымша көріністі негізгі көрініске қатысты бұрып көрсетуге болады,
мұндай жағдайда оған МЕСТ 2.305-68** бойынша 0 белгісі қойылады (6, а, 6,
б - суреттер).
6 - сурет
Зат бетінің шектелген бөлігінің кескінін жергілікті көрініс деп
атайды (А көрінісі, 7 - сурет). Жергілікті көріністі үзік сызықтармен
шектеуге болады, мүмкіндігінше өте кіші өлшемде (Б, 7 - сурет).
7 -сурет
Егер кескін біртектес болса, онда барлық көріністің орнына
кескінделінетін заттың қажетті бөлігін көрсетуге болады және бұл жерде
проекциялау бағыты белгіленбейді. Негізгі кескінмен жергілікті көріністің
проекциялық байланысы осьтің көмегімен іске асырылады (8, а, б - сурет).

8 - сурет
Тіліктер. МЕСТ 2.305-68**

Тілік деп бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша кесілген заттың
кескінін айтады. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде және оның аржағында
жатқан кескіндер көрсетіледі.
Заттың ойша кесілген кескіні тек берілген тілікке тиісті және оның
басқа кескіндеріне өз әсерін тигізбейді.
9 – суретте фронталь жазықтықпен кесілген тілік көрсетілген. Тілік келесі
кезекте орындалады:
1. сызбаның қажет жерінен ойша қиюшы жазықтық жүргізіледі;
2. бақылаушы мен қиюшы жазықтықтың арасында орналасқан нәрсенің бөлігі
шартты түрде алынып тасталады;
3. заттың қалған бөлігі көріністердің біреуінің орнына немесе сызбаның
бос жеріне кескінделеді;
4. бөлшектің ішкі көрінбейтін келбеттері негізгі тұтас сызықпен
бастырылады;
5. қиюшы жазықтықта орналасқан фигура үзік сызықталады.

9 - сурет

Тіліктің қиюшы жазықтығының орны үзік сызықпен белгіленеді (10 -
сурет). Үзік сызықтың қалыңдығы контур сызықтарының (S) қалыңдығына
байланысты және S ÷ 1,5 S арасында алынады, яғни 1,5 – 2мм. Үзік сызықтар
кескіннің контурын қимауы және алдыңғы мен соңғы үзік сызықтарда
проекциялау бағытын көрсететін нұсқамалар қойылуы керек; нұсқама кескіннің
сырт жағынан үзік сызықтардың соңынан 2 – 3мм қашықтықта қойылады.
Қиюшы жазықтықты орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді.
Әріптерді проекциялау бағытын көрсететін нұсқаманың жанына жазады (10 -
сурет). Тіліктің кескіні А - А жазуымен белгіленеді.

10 - сурет 11 - сурет

Келесі шарттар орындалатын жағдайларда қиюшы жазықтықтарды және
тіліктің кескіндерін белгілемеуге болады:
1. тілік жазықтығының орны біржақты белгілі (13 - суреттер);
2. тіліктің кескіні Е әдісінің принциптерімен кескінделген;
3. тіліктің кескіні бір сызба бетінде тілік орныдалатын кескінмен тікелей
байланыста орналасқан.
Тілікті қиюшы жазықтықты, сондай-ақ тіліктің кескінін, егер зат
проекциялар жазықтығына жалғыз жазықтықпен қиылысса және тіліктің кескіні
берілген кескінмен проекциялық байланыста орналасса, әріптермен
белгілемеуге болады ( 11, 12 - суреттер).
Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты қарапайым (бір
қиюшы жазықтық) және күрделі (екі және одан да көп жазықтықтар) болып
бөлінеді.

12 - сурет 13 - сурет

Горизонталь проекциялар жазықтығына қатысты орналасуына байланысты
тіліктер мынадай түрлерге бөлінеді:
горизонталь тілік – егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар
жазықтығына параллель болса (12 - сурет);
вертикаль тіліктер (көлденең және бойлық) – егер қиюшы жазықтық
горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр болса (13 - суреттер);
көлбеу тілік – егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялау
жазықтығына параллель де, перпендикуляр да болмаса (14 - сурет).

14 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар жеткізілім шарты
Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
JavaScript- та бағдарламалау
Компьютерлік архитектура пәнінінен электрондық қулық
Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі
Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері
Электрондық оқыту құралы
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың қолдануы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер