Сөз және оның морфологиялық құрылымы



Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1.Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
2.Сөздің мағаналық бөлшектері (морфемалар) туралы мағлұмат.
3.Граматикалық мағана және граматикалық форма.

III.Қорытынды.
Кіріспе.
Грамматикалық категория туралы қысқаша мағлұмат негізгі грамматикалық ұғымдарды талдап баяндауға арналған. Грамматикалық категория туралы ұғымның мазмұның аша түсу косымша мағлұматтардың берілуін қажет етеді.
Грамматикалық категориялар белгілі бір тілге тән, жалпылама сипаты бар грамматикалық мағыналар ретінде танылады да, ол грамматикалық мағыналар сөздердің өзгеріп түрленуі, сөздердің сөйлемде тіркесуі арқылы көріне алады, солар арқылы беріледі. Ал грамматикалық формалар болса, олар грамматикалык категорияларды білдірудің құралдары ретінде танылады. Грамматикалық категориялар грамматикалық формалар арқылы көрінеді, грамматикалық формалардан тыс грамматикалық категория деген болмайды. Ал грамматикалық мағына болса, ол да өз алдына бөлек, грамматикалық форма мен грамматикалық категориядан тыс өмір сүрмейді. Грамматрикалық мағына белгілі бір форма арқылы беріліп, грамматикалық категорияның мазмұнына оның мағыналық элементі ретінде енеді.
Белгілі бір грамматикалық категория кемінде екі түрлі формада көрінуі қажет. Мұнсыз бірде-бір грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы, бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы туралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері және т, б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы
I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы туралы да осыны айту қажет. Шырай категориясы бір ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен формасынан құралуы, әрине мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы
Әдебиеттер.
1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, Алматы, 1970.
2.Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі (көпшілікке арналған лекцняныц стенограммасы), Алматы, 1949.
3.Ә б і л қ а с ы м о в Б. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі, Алматы, 1982.
4.Қарабаев.Т. Түркалогия және қазақ тілі білімі.Алматы,2001.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
2.Сөздің мағаналық бөлшектері (морфемалар) туралы мағлұмат.
3.Граматикалық мағана және граматикалық форма.
III.Қорытынды.

Кіріспе.
Грамматикалық категория туралы қысқаша мағлұмат негізгі
грамматикалық ұғымдарды талдап баяндауға арналған. Грамматикалық категория
туралы ұғымның мазмұның аша түсу косымша мағлұматтардың берілуін қажет
етеді.
Грамматикалық категориялар белгілі бір тілге тән, жалпылама сипаты бар
грамматикалық мағыналар ретінде танылады да, ол грамматикалық мағыналар
сөздердің өзгеріп түрленуі, сөздердің сөйлемде тіркесуі арқылы көріне
алады, солар арқылы беріледі. Ал грамматикалық формалар болса, олар
грамматикалык категорияларды білдірудің құралдары ретінде танылады.
Грамматикалық категориялар грамматикалық формалар арқылы көрінеді,
грамматикалық формалардан тыс грамматикалық категория деген болмайды. Ал
грамматикалық мағына болса, ол да өз алдына бөлек, грамматикалық форма мен
грамматикалық категориядан тыс өмір сүрмейді. Грамматрикалық мағына белгілі
бір форма арқылы беріліп, грамматикалық категорияның мазмұнына оның
мағыналық элементі ретінде енеді.
Белгілі бір грамматикалық категория кемінде екі түрлі формада көрінуі
қажет. Мұнсыз бірде-бір грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес.
Мысалы, бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың
формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған
болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы туралы сөз ету үшін, ол
тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері және т, б.
септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория
ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы
I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын
есімнің шырай категориясы туралы да осыны айту қажет. Шырай категориясы бір
ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен формасынан құралуы, әрине
мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай,
салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мен формаларының
жиынтығынан құралады.
Қандай бір грамматикалық категория болмасын, оның жалпылаушы сипаты
болады. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды
білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құра-лады. Ал біртектес
грамматикалық мағыналар дегеннен әр басқа емес, өзара шарттас, ыңғайлас,
бір сипаттағы грамматикалық мағыналарды түсінеміз. Мысалы, грамматикалық
шақ категориясы осы шақ, өткен шақ, келер щақ түрінде көрінгенімен, шақтың
аталған түрлерінің мағыналары — әр тектес, әр сипаттағы мағыналар емес,
біртектес мағыналар, әйтеуір шақтық мағыналар. Біртектес, бір сипаттағы
шақтық мағыналар әр түрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы
грамматикалық шақ категориясы ретінде үғынылады. Демек, дара грамматикалық
мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық
мағыналарды білдіретін формалар емес, біртектес, өзара ыңғайлас
грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалмқ формалардың жиынтығы
грамматикалық категория деп танылады.
Өзара шарттас, ыңғайлас, бір .сипаттағы формалардың әрқайсысын және
осыған орай олардың біртектес мағыналарының әрқайсысын грамматикалық
категория деп есептеу грамматикалық мағына деген ұғым мен грамматикалық
категория деген ұғымның жігін жойып, бұларды бір-бірімен араластырып
жіберуге соқтырады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде біртектес
грамматикалық мағыналардың әрқайсысын грамматикалық категория деп есептеу,
осыдан келіп, ілік септік катего-риясы, барыс септік категориясы,
салыстырмалы шырай категориясы, күшейтпелі шырай категориясы, I жак
категориясы, III жақ категориясы деп атау, сөйтіп грамматикалық мағына
мен грамматикалық категорияны бір-бірімен араластырып жіберу жиі ұшырасады.
Бұл жайында проф. А. И. Смирницкий былай деп жазды: ...атау септік, ілік
септік және т. б., көпше, бірінші жақ, екінші ж.ақ және т. б. осылар
тәрізді единицалар үшін категория деген терминді қолданбау керек. Бұлай
етсек, категория дбген термин өзіндік сипатын, өзіпе өте-мөте тән,
дәлме-дәл мағынасын жоғалтады. Өкінішке қарай, бұл терминді
осылайша қолдану өте-мөте етек алып кеткен. Әр түрлі тілдерде
грамматикалық жақ катеғориясы, шақ категориясы, септік категориясы және т.
б. грамматикалық категориялар бар, бірақ I жақ категориясы, III жақ
категориясы неме-се ілік септік категориясы, табыс септік категориясы
дегендер болмайды. Бұлар — дербес грамматикалық категориялар емес,
грамматикалық категорияның мазмұнына енетін грамматикалық мағыналар. Ілік
септіктің немесе табыс септіктіқ әрқайсысының өзіне тән мағынасы мен
формасы бар, бірақ бүлардың бірде-бірі өздігінен грамматикалық категорияны,
атап айтқанда, септік категориясын жасай да алмайды, дербес грамматикалық
категория ретінде таныла да алмайды. Септік категориясы бір септіктің емес,
күллі септіктердің мағыналары мен формаларының жиынтығынан, қалыптаскан
жүйесінеи қүралады. Демек, жалпы септік катеғориясы деген мен жеке нақтылы-
септік дегендер бір емес. Септік категориясы — жалпы құбылыс та, жеке-
нақтылы септік — жалқы құбылыс. Жеке, нақтылы септікті, мысалы, барыс
септігін барыс септік категориясы деп атау жалқыны жалпыдан ажырата
алмауға әкеп соқтырады. Жалпы мен жалқы бірін-бірі жокқа шығармайды, жалқы
бар жерде ғана жалпы туралы сөз ете аламыз. Жалпының жалқы
құбылыстардың брйында және сол жалқы құбылыстар арқылы өмір сүретіні, жалқы
құбылыстар арқылы танылатыны сияқты, жалпы септік категориясы жеке,
нақтылы септіктер, мысалы, кемінде екі септік болған жағдайда ғана,
грамматикалық категория ретінде өмір сүреді,- нақтылы септіктер арқылы
танылады. Анығырақ айтқанда, грамматикалық категория жалпы құбылыс болып
саналады да, жалпының жеке (жалқы) құбылыстарда өмір сүретіні және солар
арқылы көрінетіні, танылатыны сияқты, ол да (грамматикалық категория да)
грамматикалық мағыналар мен формалардан көрінеді, солар аркылы өмір
сүреді. Ке-ісінше, грамматикалық мағыналар жалқы (жеке, нақтылы) қүбылыстар
ретінде, қалайда болмасын, жалпыға, яғни грамматикалық категорияға
ұласады. Бұл — бір. Екіншіден, мүның өзі грамматикалық категория мен
грамматикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты болады деген тұжырымның
дұрыстығын тағы да дәлелдей түседі. Жалпылық сипаты бар грамматикалық
.құбылыс ретінде қаралатын септік категориясы (грамматикалық категория)
жалқылылық сипаты бар жеке, нақтылы септіктердің (грамматикалық
мағыналардың) болуын аңғартады, жеке, нақтылы септіктер болған жағдайда
ғана, грамматикалық категория ретінде танылады.
Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттағы
грамматикалық мағыналар өзара шарттас, бір-бірімен байланысты болады.
Белгілі бір грамматикалық категорияға енетін өзара шарттас, ыңғайлас, бір-
тектес грамматикалық мағыналардый, ұқсас, ортақ жақтарымен бірге, бір-
бірінен айырмашылықтары да болады. Осыдан келіп, белгілі бір грамматикалық
категорияға енетін грамматикалық мағыналардың ұқсас, ортақ жақтары жайында
да, айырым жақтары жайында да сөз ете аламыз. Мысалы, грамматикалық жақ
категориясына енетін I жақ, II жақ, III жақты бір-бірімен байланыстыратын,
олардың басын қосатын жалпылама ор-тақ мағына — жақтық мағына. Бұлай
болмағанда, олар бір ғана ортақ атаумен (жақ деген атаумен) аталмаған болар
еді, жалпы жақ категориясы болмас еді. Сын есімнің шырай категориясының
мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырайдың басын
қосып біріктіретін, солардың бәріне бірдей ортак жағы да, оларды бір-
бірінен ажырататын айырым жақтары да бар. Жай шырай, салыстырмалы шырай
және күшейтпелі шырайдың бәріне бірдей ортақ белгі — сындық, сапалық
дәрежені білдіру болса, оларды бір-бірінен ажырататын белгі — сындық,
сапалық дәреженің біркелкі емес, әр түрлі болуы. Септік категориясының қү-
рамына енетін жеке септіктер есім сөздердің есімдерге немесе етістіктерге
қатысын білдіруі жағынан ұқсасады, біртектес, бір ыңғайлас болып келеді.
Бұл — олардың басын қосатын, біріктіретін ортақ жағы. Ал септіктердің
әрқайсысы бір сөздің басқа сөзге әр түрлі қатысын, мысалы, барыс септігі
бағыттың қатынасын, табыс септігі тура объектінің қатысын білдіреді. Бұл —
септіктердің бір-бірінен айырым жақтары. Жеке, нақтылы септіктердің бір-
бірінен айырмашылықтары олардың біртектестігін, ыңғайластығын, ортақ жағын
жоққа шығара алмайды. Септіктер бір сөздің екінші сөзге қатынсын білдіруі
жағынан біртектес, ыңғайлас келіп, жалпылық сипаты бар грамматикалық
категория — септік катеқориясына ұласады. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде,
септік категориясы, жақ категориясы, шақ катего-риясы рай категориясы,
шырай категориясы грамматикалық қатегориялар ретінде қаралады. Ал
септіктердің әрқайсы, жақ пен шақтың әрқайсысы, шырайдың әр түрі — белгілі
бір грамматикалық категорияға енетін, соны құрайтын грамматикалық
мағыналар, Біртектес грамматикалық мағыналардан бір-бірімен байланысты
қатарлар (связанные ряды) құралады да, олар өздерінің. формаларымен бірге
грамматикалық категорияға ұласады.
Грамматикалық категорияларда универсальды грамматиканың жалпы
категориялары емес, туыстас тілдердің тобының немесе жеке тілдердің
грамматикалық қүрылысының басты ерекшеліктері көрінеді. Осы себептен
белгілі бір тілде немесе тілдердің тобында бар грамматикалық
категориялардың барлығының бірдей басқа бір тілде немесе тілдердің тобында
болуы шарт емес. Мысалы, славян тілдеріне тән грамматикалық вид категориясы
роман тілдері мен герман тілдерінде, мысалы, француз тілі мен неміс тілінде
кездеспейді. Түркі тілдерінде дербес грамматикалық категория ретінде
танылатын тәуелдеу категориясы славян тілдерінде жоқ. Грамматикалық род
(тек) категориясы орыс, неміс, француз тілдеріне тән, бірақ ол түркі
тілдері мен монғол тілдерінде, ағылшын тілінде және т. б. тілдерде дербес
грамматикалық категория ретінде ұшыраспайды.
Бірсыпыра тілдерге тән белгілі бір грамматикалық категорияның өзі әр
басқа тілдерде әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде керінуі мүмкін. Мысалы,
септік категориясы грамматикалық категория ретінде көптеген тілдерге тән,
бірақ оның грамматикалық табиғаты да, сан-мөлшері де әр түрлі тілдерде
түрліше: араб тілінде үш септік болса, орыс тілінде — алты, қазақ тіліаде —
же-ті, эстон тілінде — он бес септік бар. Грамматикалық етіс категориясы
көптеген тілдерде бар, бірақ оның өзгелік етіс (каузатив) деп аталатын түрі
түркі тілдері мен грузин, латын, француз тілдеріне тән де, славян
тілдерінде кездеспейді. Орыс тілінде грамматикалық тек категориясының
(категория рода) үш түрі болса, француз тілінде оның екі-ақ түрі бар
(француз тілінде грамматикалық тек категориясының аралық тек (средний род)
деп аталатын түрі жоқ).
Әр түрлі тілдердің бәріне бірдей тән, бәріне бірдең ортақ болып келетін
грамматикалық категориялрдын түрлі тілдерде, жоғарыда аталып өткеніндей,
әр түрлі сипатта көрінуі грамматикалық категориялардьщ туыстас тілдер
тобының немесе жеке тілдердің әрқайсысының грамматикалық құрылысының
өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты екендігін дәлелдей түседі.
Грамматикалық категориялар сөздердің белгілі бір лексика-грамматикалық
топтарына телініп, солармен қатарласа өмір сүреді. Әрбір тілдің
грамматикалық құрылысында сөз таптары мен оларға тән грамматикалық
категориялардың арасында берік байланыс, заңдылықты сипаты бар арақатыыас
қалыптасады. Сөздердің лексика-грамматикалық топтары ретінде саналатын сөз
таптары бір-бірімен топтасып біріккенде, өздеріне бірдей тән,' бірдей ортақ
грамматикалық категориялар бойынша топтасады, бірігеді. Мысалы, орыс
тілінде есімдер деп аталатын сөз таптарын бір топқа ендіріп, біріктіруші
қызмет атқаратын грамматикалық категориялардын қатарына тек категориясы,
септік категориясы және сан мөлшер категориясы (категория числа) жатады).
Орыс тілінде зат есімдер үшін лексика-грамматикалық категория болып
саналатын тек (род) категориясы. зат есімдермен қиыса байланысатын сын
есімдерде, септелетін есімшелерде, реттік сан есімдерде және етістіктің
өткен шақ формаларында таза грамматикалық мағынаға ие болады. Зат есімдер
мен жіктеу есімдіктеріне қатысы жағынан лексика-грамматикалық категория
болып та-былатын сан-мөлшер категориясы да зат есімдермен қиыса
байланысатын сын есімдерде және т. б. сөз таптарында таза грамматикалық
мағынаға ие болып грамматикалық категория ретінде танылады. Грамматикалық
жақ, шақ, рай, етіс категориялары етістіктің көсемше, есімше формаларының
және т. б. түрлерінің басын қосады.
Грамматикалық сан-мөлшер категориясының және т. б. грамматикалық
категориялардың тіл-тілде ұқсас жалпылама ортақ жақтары болумен
бірге, олардың (гамматикалық категориялардың) әрбір тілдегі немесе
тілдердің әрбір тобындағы нақтылы көрінісінде де, грамматикалық табиатында
да, қолданылу ерісі мен шеңберіде де айырмашылықтар мен ерекшеліктер
болады. Бұл жерде мына бір мәселелерді алдын ала айқындалу қажет: жоғарыда
аталып өткеніндей, бір тілде немсе тілдердің бір тобында бар белгілі бір
грамматикалык категорияның басқа бір тілдерде немесе тілдердің басқа бір
топтарының бәрінде бірдей бола беруі шарт емес. Мұнымен бірге, тілдердің
көпшілігінде бар, соларға жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың бар
екендігін, әрине, жоққа шығаруға болмайдьі. Қөптеген тілдерде бар, солардың
бәріне бірдей жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың қатарына
грамматикалық сан-мөлшер категориясы, септік категориясы, жақ категориясы,
шақ категориясы, рай категориясы, етіс категориясы енеді. Бұл категориялар
грамматикалық категория ретінде тілдердің бәріне немесе көпшілігіне тән
жалпылама ортақ белгісін сақтай отырып, жеке, нақтылы тілдерде немесе
тілдердің топтарында әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде керінеді. Мұнымен
бірге, жоғарыда аталған грамматикалық категориялар тіл-тілде әр түрлі сөз
таптарына икемделіп, телінеді, солардың әрқайсысын сипаттайтын категориялар
ретінде танылады.
Грамматикалық категория атты ұғымның табиғатын ашып айқындай түсу үшін
және грамматикалық категориялардың сөз таптарымен арақатысын баяндау үшін
тілдердің көпшілігіне тән, жоғарыда аталған жалпылама ортақ грамматикалық
категориялардың әрқайсысына тоқталу қажет.
Тілдердің барлығына дерлік тән, жалпылама ортақ грамматикалық
категориялардың бірі — грамматикалық сан-мөлшер категориясы. Қандай бір
тілде сөйлейтін адамдар болмасын, олардың ертеденақ бір заттан көп затты
ажырата білгендігі белгілі. Даралық ұғым мен кептік үғымды бір-бірінен
ажырату тілде өзінің көрінісін тауып, осыған орай, тіл-тілде грамматикалық
сан-мөлшер категориясы (категория числа) пайда болған. Даралық (жекелік)
үғымы мен көптік ұғымы, әдетте, заттармен тікелей байланысты болады да,
осыған сәйкес, грамматикалық сан-мөлшер категориясы әр түрлі тілдерде сөз
таптарының ішінде зат есімдерге өте-мете тән категория ретінде үғынылады.
Мұнымен бірге, жекелік пен көптік тіл-тілде есімдіктерге, оның ішінде
әсіресе жіктеу есімдіктеріне тән. Грамматикалық сан-мөлшер категориясы
етістіктерге тікелей қатысты болмай, оның қатысы есімдіктер немесе зат
есімдер арқылы ғана іске асады. Атап айтқанда, етістіктер есімдіктермен
(көбінесе жіктеу есімдіктерімен) немесе зат есімдермен тіркесіп,
баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш қызметіндегі есімдіктің немесе
зат есімнің жекелік немесе көптік мағынада жұмсалу ыңғайына бағынып,
осыған орай, жекелік немесе көптік мағынаға ие болады. Грамматикалық сан-
мөлшер категориясының әр түрлі тілдер үшін ұқсас, жалпы ортақ жақтары
мен белгілері, негізінен алғанда, жоғарыда аталғандармен шектеледі де,
мұнан әрі грамматикалық сан-мөлшер категориясының әр түрлі тілдердің
немесе тілдердің әр түрлі топтарының грамматикалық құрылысының
ерекшеліктеріне тікелей байланысты айырым жақтары, өзіндік белгілері
көрінеді. Мысалы, грамматикалық сан-мөлшер категориясы көптеген
тілдерде жекелік және көптік мағынасында көріне алса, оның екілік
(двойственное число) деп аталатын түрі бірді-екілі тілдерде, атап
айтқанда, көне грек тілі, ежелгі орыс тілі, ежелгі индиялық санскрит және
қазіргі араб тілінде кездеседі. Әр түрлі тілдердегі грамматикалық
сан-мөлшер категориясының морфологиясының табиғатында да ерекшеліктер бар.
Славян тілдерінде, соның ішінде орыс тілінде, грамматикалық сан-мөлшер
категориясының колданылу өрісі түркі тілдерімен салыстырғанда-, анағұрлым
кең. Мысалы, орыс тілінде зат есімдер ғана жекеше, көпше түрде қолданылып
қоймай, олармен тіркесе жұмсалатын сын есімдер де жекеше, көпше түрде
қолданылады. Орыс тілінде сын есім мен зат есім сөздердің тіркесінен
құралған сөз тіркесінің зат есім сыңары (анықталғыш сөз) көпше түрде
қолданылса, оның сын есім сыңары да (анықтауыш сөз) көпше түрде
жұмсалады (мына мысалдарды салыстырыңыз: высокая гора—высокие горы).
Сөйтіп, орыс тілінде зат есімдердің тобына катысы жағынан, жоғарыда аталып
өткеніндей, лексика-грамматикалық категория ретінде танылатын сан-мелшер
категориясы зат есімдермен тіркесе айтылатын сын есімдерге келгенде, таза
грамматикалық мағынаға ие болады. Ал түркі тілдерінде мүндай тіркестердің
құрамындағы зат есімнен болған сыңарлар (анықталғыштар) мейлі кепше түрде,
мейлі жекеше түрде қолданылсың, бүған қарамастан, сын есімнен болған
сыңарлар (анықтауыштар) әрдайым жекеше түрде жұмсалады (мысалы: биік тау —
биік таулар).
Орыс тілінде сын есімдердің жекеше, көпше болып ажыратылуының тек
формальды сипаты бар. Сын есімнің жекше, көпше түрлері жекелік немесе
көптік мағынаны білдірудің емес, қиысудың формалары болып саналады. Мысалы,
орыс тілінде жекеше формадағы книга сөзі жекеленген мағынаны (бір ғана
кітап) білдіріп, көпше формдағы книги сөзі көптік мағынаны (бірнеше
немесе көп кітап) білдірсе, сын есімнің толстый - (толстая), толстые деген
жекеше, көпше формалары сапа-белгнің санын (аз немесе көптігін)
білдірмейді, зат есіммен қиысудың формалары ретінде қызмет атқарады. Жалпы
алғанда, сандық ұғым сапа, белгіге тән емес, затқа, құбылысқа тән белгі.
Осылай болғандықтан бірсыпыра тілдерде, әсіресе сын есім мен зат есім
сөздердің байланысы олардың қатар тұрып қабыса байланысуы арқылы іске
асатын тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, сын есімдер көптік формасындағы
зат есімдермен, әдетте, көптік жалғауынсыз байланысады.
Кейде сан есімдердің де көптік формада қолданылатындары бар, бірақ
грамматикалық сан-мөлшер категориясы сөз табы ретінде қаралатын сан
есімдерге тән категория емес. Сырт қарағанда, мұның өзі қарама-қайшылық
болып көрінуі мүмкін. Ал егер сөз таптары мен грамматикалық
категориялардың арасындағы айырмашылықтарға үңіле қарасақ, мұндай
қайшылықтың тумайтындығын көреміз. Сан-мөлшер категориясы грамматикалық
категория ретінде үғынылады да, грамматикалық формалармен берілетін сандық
ұғым нақтылы емес, өте-мете жалпылама түрде білінеді. Мысалы, көптік
формасы нақтылы санды емес, жалпы көп деген ұғымды білдіреді, оның қанша
екенін нақты түрде көрсетпейді. Ал әрбір сан есім белгілі бір, нақтылы
санды білдіреді. Мысалы, бес, он жиырма, жүз, екі жүзжәне т. б. Осы
тұрғыдан келгенде, бір мен бестің арасындағы сандық айырмашылық кітап пен
кітаптар дегеннің арасындағы айырмашылықтан мүлдем басқа екені байқалады.
Грамматикалық сан-мөлшер категориясының сан есімдерге тән категория
емес екендігі сан есімдерге, соның ішінде есептік сандарға, көптік жалғауы
жалғанғанымен, кептік мағынаны емес, мүлдем басқа мағына — болжалды
мағынаны (мысалы: жасы алпыстарда; сағат алтыларда) білдіретіндігінен де
көрінеді. Егер жинақтық сан есім көпше формада қолданылса, ол форма
-көптік мағынаны білдіретін форма емес, қиысудың формасы ретінде танылады
(мына мысалдарды салыстырыңыз: үшеуің келдің — үшеулерің келдіңдер). Ал
егер сын есімдер түркі тілдерінде көптік формада қолданылса, олар міндетті
түрде субстантивтенеді. Сын есімнің көптік формада қолданылғанда, міңдетті
түрде субстантивтенуі грамматикалық сан-мөлшер категориясының өте-мөте зат
есімдерге тән категория екенін дәлелдей түседі.
Грамматикалық сан-мөлшер категориясы сөз таптарының бірі — есімдіктерге
де тән категория болып саналады. Жекелік және көптік мағынаға ие болатындар
— көбінесе жіктеу есімдіктері. Жіктеу есімдіктерінің ішінен түркі
тілдерінде I жақтық жіктеу есімдігінің. (мен), орыс тілінде I және II
жақтық жіктеу есімдіктерінің (я, ты) жекеше түрі көптік формаға өздігінен
ие бола алмайды. Қазақ тіліндегі- жіктеу есімдігінің біз деген көпше
формасы жіктеу есмдігінің мен деген жекеше формасымен грамматикалық жақтан
үйлес келетін форма емес. Орыс тіліндегі мы, вы деген көпше формалар мен я,
ты түріндегі жекеше формалар грамматикалык жақтан өзара шарттас, үйлес
формалар бола алмайды деген пікір бар. Егер мен деген жіктеу есімдігі I
жақты білдірсе," біз деген жіктеу есімдігі Менің көптігімді емес, мен
және тағы басқа (басқалар) дегенді білдіреді. Сонымен біз д^ген есімдік
мен деген есімдік санның абстракциясы жағынан ғана емес белгіленушінің
айрықша сипаты жағынан да ажыратылады. Алайда көптіктің кез-келген
формасының бір ғана заттың көп рет қайталануын емес, біртектес заттардың
көптігін қөрсететіндігін байқау қиын емес. Столы деген форманың
белгіленушіге қатысы жағынан мы деген формадан айырмашылығы жоқ.
Есімдіктердің басқа түрлеріне сан-мөлшер категориясының қатысы жайында
мынаны айтуға болады: есімдіктер қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз
табына тән формалармен түрленеді. Осыған орай, зат есімдердің орнына
жүретін есімдіктер (жіктеу есімдіктері, өздік есімдігі, сұрау есімдіктері
мен белгісіздік есімдіктерінің кейбіреулері) жекеше түрінде де, көпше
түрінде де қолданыла алады.

Кіріспе.
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе граматика теориясының өте-
мөте маңызды проблемаларының бірі болып саналады. Дүние жүзіндегі тілдерді
морфологияяық немесе типологиялық классификация бойынша түбір тілдер,
флективті тілдер, агглютинативті тілдер және инкорпоративті тілдер деп әр
топқа бөліп топтастыру әр түрлі тілдердің құрылымының, ен: алдымен ондағы
сөздердің морфологиялық құрылымының, әр басқа болу фактісіне негізделуден
келіп туған. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын
салыстыру тұрғысынан талдай отырып, тілдердің әр басқа тобына тән өзіндік
ерекше белгілер мен ортақ белгілерді айқындау олардың (тілдердің)
салыстырмалы типологиялық классификациясын дәлдей және толықтыра түсуге
көмектеседі. Әр түрлі тілдердегі сөз-дердің морфологиялық құрылымын,
құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өзара
байланысу және тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық
титітерін айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге олардың грамматикаларын
ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен
сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізті морфологиялық ұғымдарды алдын
ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың
мазмұнына морфема тура-лы ұғыммен оның түбір морфема (немесе негізгі
морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын
түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі
болады: бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да),
бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз
құрамындағы морфемалардың әрқайсының өзіне тән мағынасы болады. Мысасы:
көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық
мағынаны білдірсе, екінші (-шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт
мағынасын білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағанда, морфема сөздің ары қарай
бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сез де,
морфема да дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесінен құралады. Дыбыс — тілдің
ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс —
тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы. Егер жеке
дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица ретінде қызмет атқара
қалса, онда.оның сөз немесе көмекші (аффикстік) морфема болғаны. Мысалы,
орыс тіліндегі в городе, о работе дегендердегі в, о — предлогтар да, қазақ
тіліндегі о баста, о заманда дегендердегі о — ол деген сеімдіктің
ықшамдалған түрі, ал іні-м, киім-і дегендердегі ~м, -і —көмекші морфемалар
(тәуелдік жалғаулары). Қелтірілген бұл мысалдар мағынаның дыбысқа емес,
сөзге және сөздің мағыналық бөлшегі — морфемаға тән екендігін дәлелдей
түседі.
Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең
кіші мағыналық единицасы.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде
негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны
білдіретіндері де бар. Мысалы: көлшікке деген сөздің құрамындағы көл
морфемасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістікті болымсыз сөйлемдер
Сөздердің морфологиялық құрылымы
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Грамматика
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Сөздің құрылымы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Ағылшын тіліндегі тарихи морфология
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
Пәндер