Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

І ШАРТ ҰҒЫМЫ
1.1 Шарт түсінігі, сипаттамасы 5
1.2 Шарттардың жіктелуі 8

ІІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӨТЕЛМЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Өтелмелі қызмет көрсету шарттарына сипаттама 12
2.2 Өтелмелі қызмет көрсету шартының элементтері 15
2.3 Өтелмелі қызмет көрсету түрлері. Медициналық қызмет көрсету 18
2.4 Өтелмелі қызмет көрсету шартын бұзу және ол үшін жауапкершілік 22

ІІІ ӨТЕЛМЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1 Шетелдердегі өтелмелі қызмет көрсету 24

ҚОРЫТЫНДЫ 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І ШАРТ ҰҒЫМЫ
1.1 Шарт түсінігі, сипаттамасы 5
1.2 Шарттардың жіктелуі 8

ІІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӨТЕЛМЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Өтелмелі қызмет көрсету шарттарына сипаттама 12
2.2 Өтелмелі қызмет көрсету шартының элементтері 15
2.3 Өтелмелі қызмет көрсету түрлері. Медициналық қызмет көрсету 18
2.4 Өтелмелі қызмет көрсету шартын бұзу және ол үшін жауапкершілік 22

ІІІ ӨТЕЛМЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1 Шетелдердегі өтелмелі қызмет көрсету 24

ҚОРЫТЫНДЫ 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Өтелмелі қызмет көрсету. Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Тақырыптың өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу:
Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз -- мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасында борыш, міңдет; осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме). АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқорден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқорден атқарғанды қабылдауға міндетті".
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы.
Өтелмелі қызмет көрсету бойынша шарттағы тапсырысшының тапсырмасы көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілген тапсырысшының тапсырмасына қарағанда нақтырақ болмайды. Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтемелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанасының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер жүргізу жоққа шығарылмайды.
Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары тұтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольды органдармен келісілген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.
Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: өтелмелі қызмет көрсету ұғымы және оның жүйесі, шарты, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады.
Курстық жұмыстың пәні: Өтелмелі қызмет көрсету ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері мен шартты бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы мен міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату, тоқтауы ұғымы және тәсілдері.
Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, шарт ұғымы және шарт түрлерінен, шартты орындау ұғымы және оның принциптерінен, шарттың орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұматтан, міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерінен, айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлкін алып қалу және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І ШАРТ ҰҒЫМЫ
1.1 Шарт түсінігі, сипаттамасы

Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт - сату - сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз - екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.
Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:
· шартты жасау еркіндігі;
· шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
· жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
· тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
· тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тарптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.
Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.
Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
Шартты өзгерту дегеніміз оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға егер ол Азаматтық кодексте, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделген ғана жол беріледі. Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде олар өзгерген түрде сақталады. Шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге,ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек,соңғы жағдайда шарттың күшінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшінде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі. [9]
Шарт жасау екі немесе одан да көп адамдардың құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу,өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі деп те түсінуге болады. Шарт деген сөздің өзіне тоқалып өтсем,шарт көне құқықтың құрылымы ретінде жүзеге асырылған.
Шарт - құқықтық қатынастың туындауына,өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт. Бұл курстық жұмыста шарттың ұғымы,шарттың мазмұны,шарт еркіндігішарт формасы,шарттың елеулі ережелері,шарттардың түрлері,шарт жасасатын жер,шартты өзгерту және бұзу,шарттан бас тарту туралы баяндалған.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады.Себебі шарттан міндеттемелік құқық қатынастары туындайды,ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек:біреуінде талап ету құқығы (несие беруші),екіншісінде-сол құқыққа икемделген міндет (борышкер)болады.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген.Азаматтық кодексте,заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде,шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда,шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Қазір шарт жасауға мәжбірлеу айрықша жағдайларда ғана болады.Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер Азаматтық кодекстің арнайы баптарында жинақталған.Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да,көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған.Шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады. [11]
2-бөлiмше. Шарт туралы жалпы ережелер
22-тарау. Шарт ұғымы және оның ережелері
378-бап. Шарт ұғымы
1. Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімi шарт деп танылады.
2. Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.
3. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.
379-бап. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар
1. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн.
2. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбір түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары).
3. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.
380-бап. Шарт еркiндiгi
1. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.
2. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
381-бап. Аралас шарт
Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.
382-бап. Шарт жағдайларын анықтау
1. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.
Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келісімдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.
2. Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтармен белгiленедi.
383-бап. Шарт және заңдар
1. Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.
2. Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.
384-бап. Ақылы және ақысыз шарт
1. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.
2. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
3. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн. [1]

1.2 Шартардың жіктелуі

Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.
Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі - мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды деп есептелінеді. (Мысалы, несие шарты.)
Жеткізіп беру шарты - бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сәті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді және т.б. талап етуге құқылы.
Несие шарты - бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.
Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қарауға болады. Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады.
Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақты да бірдей.
Мәселен, сатып алу - сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге мінлетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап - сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.
Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады.
Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ.
Жария шартының талаптары барлық тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.
Сенімхат - бір тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.
Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті мерзімі - 3 жыл. Егер сенімхатта жарамды мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды болып есептеледі, ал егер сенімхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады. [4]
Шарт түрлері:
1) Сатып алу-сату шарты
2) Айырбас
3) Сыйға тарту
4) Рента және өмір бойы асырауда ұстау
5) Мүлік жалдау (аренда)
6) Тұрғын үйді жалдау
7) Мүлікті тегін пайдалану
8) Мердігерлік
9) Өтелмелі қызмет көрсету
10) Тасымалдау
11) Банктік қызмет көрсету
12) Сақтау
13) Сақтандыру
14) Тапсырма
15) Комиссия
Шарттың түрлері: Нақты және консенсуалдық шарттар,бір жақты және өзара шарттар,бір типті және аралас шарттар,негізгі және алдын ала шарттар,еркін және міндетті шарттар,өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары,өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар негігі түрлері болып табылады.
Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді.
Сатып алу - сату шарты, шарттардың ең кең тараған түрі. Ол мемлекет ішіндегі тауар айналым сферасында, сондай-ақ сыртқы тауар айналымында қызмет етуге арналған заңды форма болып табылады.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді не оны өзінің немесе үшінші түлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді (АК-тің 506-бабы).
Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 5406.).
Аренда шартының сатып алу, сату рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді. Мүлік жалдау шарты Римде кеңінен таралған еді. Ол (Іосаііо сопсіисііо гешт) деп аталады. Оның анықтамасы қазіргі кезде жүзеге асырылып отырған анықтамадан елеулі ерекшеленген жоқ.
Құрылысқа мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір құрылыс жұмыстарын атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт.
Тасмалдау шарты ҚР АК 34 тарауы 688 - 707 баптар аралығында қарастырылады. Заң шығарушу тасмалдау міндеттемелерін қарастыру барысында оған келесідей анықтама береді. Тасмалдау шарты бойынша бір тарап тасмалдау іс-әрекетін қалыптастырушы тұлға, екінші тарап тасмалданушыны, жүкті немесе теңдеме жүкті бір жерден екінші жерге ақылы түрде жеткізіп беру міндеттемесін қарастырады.
Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптық (заемшынық) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне , оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен айқындалган заттарды береді , ал кодексте немесе шарта көзделген жагдайларда оларды беруге міндеттенеді , ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападагы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруга міндеттенеді(ҚР АК 715-6. 1-т.).
Рента шарты бойынша бір тарап ( рента алушы ) екінші тараптың (рента төлеушіге ) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны үстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл - мезгіл рента төлеп отыруға міндеттеледі.
Рента шарты бойынша рента төлеу міндеті мерзімсіз ( түрақты рента ) немесе рента алушының өмірінің ұзақтығына байланысты ( ғұмырлық рента) белгіленеді.
Лизинг шартында лизинг беруші нақты дайындаушыдан нақты пайдаланушы үшін құрал-жабдықты арнайы сатып алады.
Лизинг шартына қатысушы тараптардың жағдайына қарасты оны бірнеше түрге бөледі, бірақ олардың арасындағы айырмашылықты анықтау өте қиын. Лизингтік келісімдердің түрлерін әртүрлі белгілерге сәйкес жүйелеуге болады. Тәжірибеде халықаралық саудада мерзімдеріне сәйкес лизингтік шарттарды үш түрге бөлеміз:
Қысқа мерзімді рейтинг - бірнеше сағат және аптадан бір жылға дейін
Орта мерзімді (хайринг) - бір жылдан үш жылға дейін
Ұзақ мерзімді - үш жылдан жоғары, кей жағдайларда объектісіне сәйкес жиырма және оданда көп мерзімге бұрылады.
Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша жалға беруші үйді немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына белгілі бір өзара шарттасқан құнына беруге міндеттенеді.
Тұрғын үйді жалдау шарты заңды табиғаты бойынша құнды, екі жақты және конценцуалды болып табылады.
Тұрғын үйді жалдау шартынынң мынандай түрлері бар: әлеуметтік жалдау шарты және коммерциялық жалдау шарты.
Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
Өтелмелі қызмет көрсету шартының ережелерi байланыс қызметiн, медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады. [5]


ІІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӨТЕЛМЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Өтелмелі қызмет көрсету міндеттемелеріне сипаттама

Өндіріс немесе қызмет көрсету ежелден бері халық шаруашылығының бір бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді бұл қоғамның рухани-мәдени өсуіне үлкен әсерін тигізді.
Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мыналар:
1) Сезбеушілік, яғни олардың материалдық емес сипаты, басқа сөзбен айтқанда, қызмет көрсету тұтынушыға қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды.
2) Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеке тікелей қатысушылар болып табылады.
3) Қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы немесе сапасыз екендігін білу мүмкін емес.
4) Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйіне тәуелді.
Қызмет көрсетудің тауардан негізгі және принципті айырмашылығы мынада - тауар материалданған және өндірушіден шеттетілген, еңбек нәтижесі - тауарды тұтынушыға дейін жеткізу процесі процедураның стандартты жиынтығы арқылы жүзеге асырылады (өнімді көтерме және жеке саудаға, беру және оны әрі қарай жатқызу, қызмет көрсетуді жасау кезінде сақтау және сату кездері болмайды).
Қоғамдық күшпен өндірістің дамуы шаруашылық қызметке сұранысты өсірді. Қызмет көрсету экономикада басты рөл ойнап, қызмет сферасы және қызмет нарығы пайда болды. Қазіргі заманғы экономикадағы өзекті тенденцияның бірі - ұсынылған қызмет көрсетудің феноменді өсуі болып табылады. Мемлекеттік статистикалық органдардың мәліметі бойынша, дамыған индустриалды мемлекеттердің ұлттық өніміндегі қызмет көрсету үлесі 23-ден 34-ке дейін құрайды. АҚШ-та жұмыс істейтіндердің саны 17%-ға жетті және бұл сала, болжамға сай, жақын арадағы 10 жылға барлық жаңа жұмыс орындарының 90%-ға беруі тиіс.
Өтелмелі қызмет көрсету Азаматтық кодексте 33-тараудың нормаларымен реттеледі. Құқықтық қатынастың бұл түрлеріне, егер олар Азаматтық кодекстің нормаларына, өтелмелі қызмет көрсету туралы арнайы нормаларға, сондай-ақ өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшеліктеріне қайшы келмесе, мердігерлік және тұрмыстық мердігерлік туралы жалпы нормаларында қолдана алады.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетуге ақы төлеуге міндеттеледі.
Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы, мұнда мердігерлік шарттарымен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдындағы әрекеттің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.
Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні - шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандайда бір әрекеттер.
Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны - атқарушы тапсырысшының тапсырмасына, яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті.
Өтелмелі қызмет көрсету бойынша шарттағы тапсырысшының тапсырмасы көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілген тапсырысшының тапсырмасына қарағанда нақтырақ болмайды. Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтемелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанасының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер жүргізу жоққа шығарылмайды.
Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары тұтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольды органдармен келісілген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды. [7]
33-тарау. Өтелмелі қызмет көрсету
683-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шарты
1. Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Осы тараудың ережелерi байланыс қызметiн, медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.
684-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқару
Егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметтi өзi көрсетуге мiндеттi.
685-бап. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу
1. Тапсырысшы өзiне көрсетiлген қызметтерге өтелмелi қызмет көрсету шартында көрсетiлген мерзiм мен тәртiпте ақы төлеуге мiндеттi.
2. Тапсырысшының кiнәсiнен орындау мүмкiн болмаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметке ақы толық көлемiнде төленуге жатады.
3. Орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актiлерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның iс жүзiнде шыққан шығындарын өтейдi.
686-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бiржақты бас тарту
1. Тапсырысшы атқарушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқығы. 2. Тапсырысшының кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтiрiлген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
687-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық реттеу
Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер (осы Кодекстiң 616-639-баптары) және тұрмыстық мердiгерлiк туралы ережелер (осы Кодекстiң 640-650-баптары), егер осы Кодекстiң 683-686-баптарына, сондай-ақ өтелмелi қызмет көрсету шарты нысанасының ерекшелiктерiне қайшы келмесе, өтелмелi қызмет көрсету шартына қатысты қолданылады. [2]
Өтелмелі қызмет көрсету шартын жеке құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (ерекше бөлімін) қабылдаумен байланысты қолданыла бастады. Бұған дейін өтемелі қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу заң немесе құқық ұқсастығын пайдаланумен және шарт еркіндігіне сүйене отырып жүргізілген.
Қызмет көрсетуге арналған нормалардың болмауының бір себебі күні кешегі уақытқа дейін ғана қызмет көрсету аясы өте әлсіз дамыған болатын. Экономикадағы жеке сектордың дамуы бірінші кезекте сауда фирмаларының дамуына ықпал етті, салыстырмалы түрде мердігерлік қатынастар, құрылыс, үй жөндеулері көлік құралдарын жөндеу, киім тігу және т.б. қарқынды дами түсті. КСРО кезінде және ол құлағаннан кейінгі біраз уақыт ішінде көптеген қызмет аясы мемлекеттік ұйымдардың арнайы қызметінің аясы ретінде қалып қойды, тек біршама уақыт өткеннен кейін ғана қызмет көрсетулер дамыды, олардың тиісті құқықтық базасы қалыптасты. Нарықтық инфрақұрылымның дамуы тиісті қызметтерге деген қажеттілікті айқындай түсті. Өтемелі қызмет нысанында жүзеге асатын консалтингтік аудиторлық қызметтер, бағалау қызметі көрсетіле бастады.Заңнаманың өзгеруіне байланысты тіпті сараптау қызметі де өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Көптеген елдердегі дәстүрлі заңгерлік, медициналық, мал-дәрігерлік және басқа да бірқатар қызметтер де нарықтың қажетті сегменттеріне айналды. [14]

2.2 Өтелмелі қызмет көрсету шартының элементтері

Өтелмелі қызмет көрсету міндеттемелері негізінен азаматтық заңнаманың 33-тарауында анықталатын өтелмелі қызмет көрсету міндеттемелерінің санатын құрайды. Бұл талқыға алынып отырған сала Қазақстандық азаматтық заңшығарушы үшін жаңа сала болып отыр. Кезінде бұл қатынастар ведомствалық заң саласымен реттелген, немесе кейбір жағдайларда мүлдем реттелмеген. Көп жағдайларда бұндай қатынасқа түсуші тараптар заң аналогиясына жүгініп ұқсас қатынастарды реттейтін нормаларды іздеумен шарқұратын. Қазақстан Республикасының 115 бабы бойынша қызмет көрсету саласы азаматтық құқықтың жеке объектілерінің бірі болып табылады. Қызмет көрсету міндеттемелері өзгеде жұмыс жүргізу, мүлікті меншікке беру міндеттемелері тәрізді аса ірі өзіндік шарттық міндеттемелер тобын қалыптастырады.
Азаматтық қатынастарда қызмет біртектес түсінік бермейді. Мысалы оның экономикалық тұрғысындағы түсінігі кез-келген жүзеге асқан тиімді іс-әрекет сипатын қамтиды. Осыған сәйкес талқылайтын ол, яғни қызмет көрсету барлық азаматтық - құқықтық шарттар жиынтығын қамтитын болады. Бұлармен қатар К. Маркстың ой түйіндері бойынша қызмет тауар және тауар емес сипатында көрініс табады деп анықтаған. Мінне бұндай түсінікте қызмет көрсету міндеттемелері бір жағынан мердігерлік міндеттемелердің сипаттамасын ашса, ал екінші жағынан қызмет көрсету міндеттемелерін түсіндіреді. Осыған сәйкес азаматтық заңнамамен қарастырылатын қызмет көрсетудің негізгі айрықша белгісі болып оның нәтижесі қызмет іс-әрекет сипатында көрініс тауып материалдық зат сипатында айқындалмауында. Жұмыс жүргізу міндеттемелері мен қызмет көрсету міндеттемелері арасындағы айырмашылық сонау рим құқықғынан бастау алады. Бұларды көбінесе сонау рим мемлекетіндегі жалдау қатынастарынан көруге болады, мысалы: locatio-conductio operas мердігерлік негізіндегі жұмысты жалдау, locatio-conductio operazum қызметті жалдау. Бірінші шарттың маңызды белгілері қатарына мақсаты болып экономикалық нәтиже (opus) табылып отыр. Ал қызмет көрсету саласы мұндай мүмкіндіктен айрылған. Міне осыған орай бірінші жағдайда жалдау жұмыс және оның нәтижесін меңзесе, ал екінші жағдайда атқарылған қызметті және оның материалдық емес нәтижесін анықтаған.
Осы жағдайларды ескере отырып бұл шарттардың арасындағы өзара айырмашылықтарды жетік меңгерген жөн. Себебі медицина саласындағы жұмыс жүргізу мен қызмет көрсету қатынастарна келетін болсақ көптеген өзара тығыз ұқсас қатынастар жиі кездеседі. Жұмыс жүргізу міндетемелері бойынша мердігер тапсырма беруші тараптың берген тапсырмасы бойынша жұмыс орындай отырып белгілі уағдаласқан уақытта жұмыстың нәтижесін тапсырады, ал тапсырма беруші оның нәтижесін құнын төлей отырып қабылдайды. Ал қызмет көрсету міндеттемелері бойынша қызметті орындаушы тарап тапсырма беруші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі қызметтерді орындайды (нақты бір әрекеттерді жасауға немесе белгілі бір қызметті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтелмелi қызмет көрсету шартының мазмұны мен түсінігі
Өтелмелі қызмет көрсету
Комиссия шартын тоқтату
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Еңбек шарты азаматтық шарттар: ара-қатынасы, ерекшеліктері
Комиссия шартының түсінігі мен элементтеріне жалпы сипаттама
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Пәндер