Негізгі құралдардың есебі


Негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Сонымен қатар олардың қатарына Орт-сақтандыру сигнализациясыда жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. Өндірістік емес бағытта -жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады. Өндірістік бағыты бойынша -жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарлатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің құнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді: А) ғимарат және құрылыс; Ә) компьютерлер; Б) көлік құралдары; В) құралдар және басқа да шаруашылық құрал -саймандар; Г) басқа да негізгі құралдар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп урдісінде банк келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: 1. Активтерді қай уақытта тану қажет? 2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі? 3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай? 4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?
«Негізгі құралдар» Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес (ХҚЕС) негізгі құралдар объектісін актив ретінде тану болады егер төмендегі шарттар орындалған жағдайда жүргізіледі.
- берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса; - активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде өлшенуі мүмкін.
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға балып табылатынын, не бастапқы құн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
• бастапқы; • ағымдағы; • баланстық; • өтімділік.
Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны -бұл негізгі құралдарды сатып алуға, тұрғызуға, өндеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.
Сонымен қатар Халықаралық қаржылық есеп стандарттары (16 ХСҚЕ) бойыншабастапқы құнға өтелмейтін салықтар, импорттық төлемдер де кіреді. Ағымдық -анықталған күнге, нарықтағы сәйкес баға бойынша негізгі құралдардың құны. Баланстық -активтердің есеп және есеп беруінде бейнелейтін жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны. Жою құны -бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды алып тастағаннан кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны.
Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері: - негізгі құралдардың қуаттылығын жоғарлата отырып, пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация) ; - өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында машина бөлшектері мен буындарын игеру; - бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруын қамтасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.
Негізгі құралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк -офисінде негізгі құралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі. Франт -офистен негізгі құралдарды кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк -офисі, бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация аударылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылады. Бэк -офис негізгі құралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды) .
Банктің бэк -офисі ақысыз алған негізгі құралдарды балансқа есепке алу банктің бағалау комиссиясы орнатқан негізгі құралдардың құнына сәйкес жасалады.
Негізгі құралдарды кірістегенде және сатып алған кезде қойма басшысы, тауар тасымалдау үстемесі салыстыру шоттар жиынтығы және негізгі құралдардың нақтылығын растайтын басқа да құжаттар негізінде кіріс түбіртегін (квитанциясын) жазады. Кіріс квитанциялары бэк -офис бөлімшелеріне беріледі, оларды өз кезегінде кірістеу үшін банктің бэк -офисіне береді.
Негізгі құралдарды алу және құрылыс, жер учаскесінің барлық жұмыстардың аяқталуымен жобалы сметалық құжаттар кассаға сақталуға беріледі және 1 теңгеге бағаланып шот меморандумға кірістеледі.
Ешқандай алдын ала төлеусіз негізгі құралдарды алу:
• құрастыруды қажет етпейтін (алдын ала төлеусіз) негізгі құралдарды аолу: Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 1653 «компьютер жабдықтары» 1654 «Өзге негізгі құрал -жабдықтар» Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»;
• құрастыру жұмыстарын талап ететін негізгі құралдарды алу: Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал жабдықтар » Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»; • құрастыруды талап ететін алынған негізгі құралдар үшін төлемдер: Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • құрылыс -жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады: Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 1653 «компьютер жабдықтары» 1655 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу: • сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын) алдын ала төлеу кезінде: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • соңғы есеп айырысу сомасына: Дт 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • негізгі құралдарды кірістеу: Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 1653 «компьютер жабдықтары» 1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; • құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша: Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал жабдықтар » Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» • жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • құрылыс -жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2 -нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады: Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 1653 «компьютер жабдықтары» 1654 «Өзге негізгі құрал -жабдықтар» Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»; Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу • ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу сомасына: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомаларына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде: Дт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; • Салық заңдылықтарына сәйкес салық салу айналамының үлес салмағы бойынша есептелген ҚҚС бойынша жүргізілетін есептеу сомасына: Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен жүргізіледі. Мердігерлік ұйымдар әр айдың 22 жұлдызынан кешіктірілмей 2-3 нысандағы орындалған жұмыстар актісін ұсынады. Сонымен қатар банктің бэк -офисінің (бөлімшесінің) жауапты қызметкері төлем жүргізгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды. Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Банк (бөлімшелер) фронт -офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді: - негізгі құралдардың жалпы сомасын; - амортизациялық аударым әдісін; - пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін; - өтімділік құнын; - негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын. Құрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет жұмысшыларымен есептесуі төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі. Құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік ұйымдар мен есептесу банктің жоғары басшыларымен қарастырылып бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Егер құрылыс банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал құнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының жазбаша
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz