Шудың адам организміне әсері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ҚР білім және ғылым министрлігі
«Астана» университеті
Тақырыбы: шудың адам организміне әсері
Орындаған: Аширбекова Ж. Б. КПД-11
Тексерген: Ахтанова С. К.
Астана-2012 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- шудың адам организміне әсері
- Патогенезі
- Ағзаға шудың арнайы емес әсері
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сіздер бұндай жағдаймен кездессеңіз сабырлық сақтау керек - сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.
"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Пәнде мынадай мәселелөрдің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:
тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары
- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;
- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;
- ТЖ мөн оның салдарын болжау;
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
шудың адам организміне әсері
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі . шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең - 16 - 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.
Ағзаға шудың арнайы емес әсері . Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.
Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді. Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э. А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л. Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л. Е және т. б., 1978) .
Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде тұрақсыздық байқалынады.
Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.
ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина Э. А және т. б., 1965ж; Волкова А. М., 1970ж; Хаймович М. Е., Соколова Е. И., 1978ж және т. б) .
Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н. Н., 1971ж) . Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М. Е. Хаймович және С. В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған қанның систолалық және минуттық көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған, арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.
Емі. Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы неврит кезінде консервативті емдеу әдісі қолданылады; ол лабиринттің рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.
Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық әсерлері бар дәрілерді қолдануға болмайды, әсіресе аминогликозид қатарының антибиотиктерін. шудың әсерінен пайда болған кереңдіктің медикаментозды емі кезінде, И. Б. Солдатов және А. Я. Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1) . Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы қан айналымды жақсартатын; 2) . Жасушалық және тіндік метаболизмге әсер ететін; 3) . Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4) . Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының реттелуі. Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz