Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ- СЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Трансформациялық кезеңнің негізгі теориялық ерекшеліктері
мен сипаттамалары . . . 5
1. 2 экономикалық мәні және маңыздылығы . . . 15
1. 3 мәселесін шешу жолдары . . . 20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ САРАПТАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы Индустриялық - инновациялық
дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын іске
асырудың мәселелері мен келешегі . . . 30
2. 2 Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық
дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге
асыруда қолға алынған шаралар жүйесі . . . 47
А) Қазақстан Рспубликасындағы технопарктердің құрылуы . . . 47
Ә) Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйенің қызметі . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР . . . 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы 64 беттен тұрады, кесте саны 3, диаграмма 4, пайдаланылған әдебиеттер 35.
Диплом жұмысы: 5 бөлімнен, 2 тараудан тұрады.
Кілтті сөздер: Трансформациялық кезең, , индустрияландыру, инновация, жаңа экономика, постиндустриализм, ақпараттық қоғам.
Мақсаты : Трансформациялық кезеңнің себептерін, факторларын айқындау негізінде теориялық аспектілерін анықтау. мәселесін шешудің механизмдерін анықтау.
Міндеттері :
- мақсатқа жету үшін трансформациялық кезеңнің ерекшеліктеріне шолу жасау;
- үрдісіне сандық және сапалық талдау жасау;
- отандық және шетел ғалымдарының еңбектері негізінде трансформациялық кезеңдегі проблемасы саралап талдау.
мәселесін болдырмаудың бірден бір жолы Индустриялық - инновациялық стратегияның орындалуына сараптамалық талдау жасалды. Онда көптеген кестелер, суреттер, диаграммаларды қолдану көрініс тапты. Индустриялық - инновациялық саясатты жүзеге асырудағы шараларды сандық және сапалық жағына салыстырмалы талдау жасалды.
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда рыноктық экономиканың қалыптасуына бағытталған қайта құруларды жүзеге асыруға байланысты, елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі кеңейе түсуде. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 15 тамызда «Қазақстан-2030 даму стратегиясын жүзеге асыруға арналған алдағы шаралар туралы » Жарлығында атап өтілгендей, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен стратегиясының бірі - ашық рыноктық экономикаға негізделген бәсекеге қабілетті экономиканы құру жүзеге асырылуда.
Диплом жұмысының өзектілігі : Тәуелсіздік алған жылдан кейінгі уақытта Қазақстан экономикасындағы үрдісінің болғандығын біз ескерусіз қалдыра алмаймыз өйткені, ол үрдістің себеп салдарынан әлі құтыла алмай келеміз.
Қазақстан экономикасы тәуелсіздік алған жылдан кейін өзінің дамуында циклдық дамуды бастан кешкендігіндігін білеміз. Ал біз білетініміздей циклдық дамудың төрт сатысы бар олар: шың немесе жарылыс, рецессия немесе құлдырау, дағдарыс және жандану. Дағдарыстың негізгі көрінісі мәселесі. Циклдық даму экономикалық теорияда обьективті құбылыс. Қазіргі Қазақстан экономикасы жандану фазасында, одан кейін обьективті түрде келесі даму сатысына өтеді.
Қазақстан экономикасында қалыптасқан жағдай экономиканың тек бір бағытта дамуы, шикізат саласының басым болуы, өндіріс құрылымындағы диспропорцияның белең алуы құлдырауға алып келетін бірден бір жол. Экономикалық сала мен экономикалық емес сала арасында дамудың тепе теңдігінің болмауы экономикалық дамудың оңтайлы еместігін көрсетеді. Бұл дегеніміз рухани ұлттық менталитеттің экономикалық дамуда ескерусіз қалуы, ал ол халықтың адамгершілік қасиеттерін төмендетеді. Бұл даму тенденциясы ары қарай жалғаса берсе немес дағдарысқа алып келеді.
Дамудың келесі сатысында проблемасын шешу үшін өткенді саралап жаңа механизмдерді ойлап табуда проблемасын зерттеп, трансформациялық кезеңдегі мемлекет тарапынан жіберілген қателерді анықтау қажет.
Қазіргі ғаламдану заманында бәсекеге қабілетті экономика құру үшін және рыноктық шаруашылығы озық дамыған ел болу үшін экономиканы жедел жаңарту мен әртараптандыру қажет. Европаның бірқатар елдерінің қолдауымен рыноктық экономикалы мемлекет деп ресми танылғанымен, әзірге өркениетті рынок қатынастарының дамуы тұрғысынан буыны бекімеген ел болып табылады. Сондықтан трансформациялық кезеңнің мәселелерін ескерусіз қалдыруға болмайды.
Бірінші тарауда - трансформациялық кезеңнің негізгі теориялық сипаттамалары мен ерекшеліктеріне барынша түсінікті жан жақты ашылып көрсетілген. мәселесінің экономикалық мәні мен маңыздылығы көрсетілген және мәселесінің шешу жолдары анықталған.
Екінші тарауда - Қазақстан Республикасындағы Индустриялық - инновациялық дамудың іске асыру сараптамалық мәселелері мен келешегі, оны жүзеге асыруда қолға алынған шаралар жүйесі көрсетіліп, талданған.
Тақырыптың дайындық дыңгейі: Диплом жұмысына еліміздегі және шетел ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштері, интернеттен алынған мәліметтер пайдаланылған. Диплом жұмысы барысында: Я. Корнай, Л. И. Абалкин, В. Папаваның, Есентугелов А, Кежегузин Е. Б, Елемесов А, Куватов Р. Ю, Болганбаев А. Е, Канатчинова А. К, Додонов В. С, Жатқанбаев Е. Б еңбектері жұмыс барысында қолданыс тапқан.
Мақсаты : Трансформациялық кезеңнің себептерін, факторларын айқындау негізінде теориялық аспектілерін анықтау. мәселесін шешудің механизмдерін анықтау.
Міндеттері :
1) мақсатқа жету үшін трансформациялық кезеңнің ерекшеліктеріне шолу жасау;
2) үрдісіне сандық және сапалық талдау жасау;
3) отандық және шетел ғалымдарының еңбектері негізінде трансформациялық кезеңдегі мәселесін саралап талдау.
мәселесін болдырмаудың бірден бір жолы Индустриалық - инновациялық стратегияның орындалуына сараптамалық талдау жасалды. Онда көптеген кестелер, суреттер, диаграммаларды қолдану көрініс тапты. Индустриялық - инновациялық саясатты жүзеге асырудағы шараларды сандық және сапалық жағына салыстырмалы талдау жасалды.
1 ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ИНДУСТРИАЛЫҚ- СЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Трансформациялық кезеңнің негізгі теориялық ерекшеліктері мен сипаттамалары
Дағдарыстан кейінгі қазіргі экономика біз құрамыз деген экономикаға ұқсас деп айтуға болады өйткені бүкіл рыноктың белгілерімен сипаттамалары толықтай көрініс таппаған. Экономикалық өсу жағдайында құрылымдық және терең институционалды либералды экономикалық саясат құру мен реформалаудың жаңа кезеңін көрсетеді деген үміттеміз.
Әлемдік экономика тәжірибесі көрсетіп отырғандай трансформациалық кезеңге екі негізгі фактор әсер етеді:
- Өткен экономикалық жүйенің қоғам өміріндегі басымдылық деңгейі.
- Елдің бастапқы реформа алдындағы әлеуметтік-эконмикалық жағдайы.
Өткен жүйемен байланысты Қазақстанның трансформациялық кезеңінің ерекшеліктері мыналар:
Біріншіден, жаңа тәуелсіз мемлекеттерден басқа К. Маркспен Ф. Энгелстің және В. Лениннің анықтаған жоспарлы экономиканың таза классикалық нұсқасында ешқандай мемлекет көп өмір сүрген жоқ. Ал оның ішінде Қазақстан социолизмге феодализмнен тікелей өтті капитализмді ескерусіз қалдырып. Соған байланысты Қазақстанға рыноктык экономика туралы еске түсіру мүмкін болмады. Осыдан келіп рыноктық экономиканы құруды жаңадан бастау керек болды. Бір жағынан халық рыноктық экономиканы саналы түрде қабылдауға дайын болмады, ал екінші жағынан оның басқарушы кадрлары-экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерін түсіне алмады.
Екіншіден, Қазақстанның экономикасына бірегей экономикалық кеңістіктегі мемлекетаралық шаруашылық байланыстардың бұзылуына әсер етті.
Үшіншіден , Қазақстанда қайта құру үрдісі рынок институттарымен инфрақұрылымның және сапалы бір біріне қарсы шықпайтын заңдардың тапшы болуы аясында жүргізілді. Осыларды жүйелік қайта құру мен байланысты білімнің, тәжірибенің, уақыттың жеткіліксіздігі негізінде байқау мен қателер әдісімен құрылды.
Төртіншіден, қайта құру үрдісіне дейін рынокқа өту бұрынғы жүйенің құрылымдық өндірістің қаржылық проблемаларының мұрагерлерінің бірі болып қалды.
Бесіншіден , Қазақстан екі жыл реформасын рубльдік аймақта жүргізді бұның өзі Ресейдің ақша несие және қаржылық билігінде болғанын көрсетеді. Ал Ресей билігінің ұсынған іс шаралары «қызыл» кеңестің билігінде болды. [6, 18-46бет]
Реформалардың басталуына дейін 1991жылы әлеуметтік-эконмикалық жағдай сын көтермейтін еді. ЖІӨ-нің 12%-ға төмендеп, ал ақша массасы 3есе көбейіп ақша ұсынысының шектен тыс артықшылығы орын алды, сонымен қатар бюджет тапшылығы ЖІӨ-ң 8%-н, ал басқа мәліметтер бойынша 16, 5% немес 26, 5%-ды құраған.
Рыноктарда тауар аштығы орын алып, дүкендер бос қала берді. Елдің сыртқы қарызы 1985жылы 20 млрд. долларды, ал 1991ж 67 млрд. долларды құрап КСРО-ның алтын-валюта резерві сарқылды. Бір сөзбен айтқанда жағдай өте қауіпті шекке дейін жетті.
Экономикалық дағдарыс өндірістің құлдырауы «тітіркену терапиясымен» байланысты емес, одан бұран болған үрдіс. Баяғы одақтың эконмикасы 70ж. ж бері дағдарыс сызығында болған 1990ж экономиканың өсуінің қарқыны өндірістің абсалютті қысқару көлеміне жетті. Жасырын болған инфляция жарылуға даяр тұрды.
Осы жағдайда Қзақстан реформаларды бастау мен өтпелі экономикаға өту керек екені айқын болды, өтпелі экономика тек тұрақтандыру мен экономикалық өсуі шешеді деген венгр эконмисті Я. Корнайдың айтқанына келісе алмаймыз. Біздің ойымызша ол мынадай мәселелерді шешеді:
- макроэкономикалық тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру мен жүйелік дағдарыстан шығару.
- экономиканы реттеудің механизмедрі мен институттарды, рыноктық қатынастарды жүйелі түрде дамыту мен құру.
- экономиканы өсу траекториясына өзгерту.
Тағы да Я. Корнаймен келіспейтін жер ол тұрақтандыру мен экономикалық өсу тізбегін дұрыс қоймауында «бірінші тұрақтандыру, ал сосын өсу» деп, макроэкономикалық тұрақтандыру мен рыноктық қатынастарды құру бір мезгілде жүру керек, әйтсе де екінші мәселені шешуге ұзақ уақыт кетеді. Барлық ойларды ескере отырып біз осы мәселені шешудің үш баламасын атап ашып көрсетейк:
Бірінші балама - бағаны бірден ырықтандыру, жабық инфляцияны ашу және инфляцияны ауыздықтауда экономикалық әдістерді қолдану. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін төмендетеді, жұмысссыздықты жоғарлатады және өндірістің құлдырауын тудырады. Осыған байланысты Я. Корнайдың айтуы бойынша ақша жүйесі тұрақтанады, экономика сауығады, өндіріске қажетті пропорциялар туындайды. Экономиканың барлық сферасы мен әлеуметтік сфераны бір мезгілде реформалауға мүмкіндік туады.
Екінші балама - бағаны бірте-бірте босату, экономиканы инвестициялау және өндірістің құлдырауын болдырмау. Экономиканы біртіндіп реформалауды жүзеге асыру. Ол үшін мемлекетке үлкен роль беріледі. Егерде жүзеге асса, осы әдіс рынокқа өтудің ең жеңіл түрі.
Үшінші балама - бағаның өсуін артық ақша массасын төмендету арқылы, оны халыққа тапшы импорт тауарларын, тұрғынүй, кіші кәсіпорындарды, бітпеген обьектілерді сату негізінде жүзеге асырып содан кейін бағаны ырықтандырып бірте-бірте басқа реформаларды жүргізу қажет. [6, 18-46бет]
Азия мен Европа елдерінің тәжірибесінен көріп отырғанымыздай қоғамдық даму баламалы және әртүрлі нұсқалы тезисі түсінікті бола бастады. Осыған байланысты елдік ерекшеліктерді ескере отырып шетел тәжірибесін зерттеген орынды.
Қазіргі кезде рыноктық дамыған елдерде индустриализмнің дағдарысы байқалып жаңа жүйеге - постиндустриализмге, ақпараттық қоғамға трансформациялау орын алуда. Осыған байланысты « трансформациялық кезең » түсінігінің мәнін түсіндіру мен анықтау қажет және өзекті.
Л. И. Абалкиннің айтуы бойынша « трансформациялық кезең ол тек қана социумның өзгерісін білдірмейтін жаңа шаруашылық жүйе » деп қарастырған. Трансформациялық кезеңді хаостық жағдай деп айтуға болады, өйткені қызмет етпей тұрған әкімшілік жүйе мен әлі де жұмыс істемейтін рыноктың арасындағы жағдай. [22, с14-17]
Трансформациялық экономика әкімшілік жүйенің негізгі экономикалық және саяси институттарының күйреуі, сонымен қатар рыноктық жүйе идеологиясымен базалық институттарының құрылу кезеңі. Бұл жағдайдың негізгі сәттері өтпелі жағдайдың мәндік сипаттамасын анықтау, трансформациялық кезеңнің экономикалық артықшылықтарын көрсету және әлеуметтік өрлеуге қозғалыстың қарама-қайшы бірегей өзегін анықтау.
Постсоциолистік экономиканың саяси таңдау көзқарасы бойынша орталықтанған командалық экономикадан әлеуметтік рыноктық экономикаға жылжуда. Ал экономикалық дүниетаным бойынша мыналарды көрсетуге болады:
- Біріншіден, трансформациялық шаруашылықтың мәселесінің үш негізгі блогы ерекшеленеді-өтпелі қоғамның гнесеологиялық базисіне баға беру, нақты экономика жағдайының кемшіліктері мен артықшылықтары, болашақ даму векторы.
- Екіншіден, одақ экономикасын бағалауда қарама-қайшылық жоқ. Өндірістің экономикалық тиімсіздігінің өсуі (бәсекелестік мотивтердің болмауы, тапшы экономика) жоғары әлеуметтік тиімділікте (жаппай жұмыспен қамтылған, әлеуметтік қамсыздандырудың кепілдендірілген жүйесі) трансферттік бірақ әлсіз мемлкет болған.
- Үшіншіден, стратегиялық мақсатын анықтап алмай нақты трансформациялық жағдайға адекватты баға беру мүмкін емес.
Осыған байланысты негізгі тарихи сабақ ретінде өркениетті даму постулаты «өткенсіз қазіргі мен болашақ жоқ» десе, ал трансформациялық кезеңнің негізгі параметрлері «алдын ала анықталған мақсатсыз - қазіргі жоқ» . Даму нұсқаларын таңдаумен қатар тарнсформациялық кезең анықталмаған болады немесе неоклассиктердің айтуы бойынша динамикасының баламалы бағасын анықтайды. [5, 368-393бет]
Отандық экономиканы трансформациялаудың шеңберінде функциоанлды тәжірибелік мәселелері мен байланысты өтудің әдістемесі немесе аралық құралдардың талдауы өзекті және қажет.
Экономикалық өмірдегі болып жатқан үрдістерді түсіну үшін әртүрлі көзқарастарды ғылыми талдау әдістемесі ұсынады.
Әдістеме - ол зерттеу әдістері білу немесе тану тәсілдерін оқу. Қоғамдық ғылымдар әдістемесі эксперименттер, лобароториялық зерттеулер қолданылатын жаратылыстану ғылымдарынан ерекшеленеді. Әлеуметтік организм өте күрделі, миллиондаған адамдардың әртүрлі қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретіндігі мен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасы жас постсоветтік елдермен қатар 90 жж. жаңа рыноктық өзгертулерді басынан кешті.
Трансформациялық кезең - анықталмаған екені байқалды, өйткені оның аяқталу мен басталу мерзімін болжау мүмкін емес.
Трансформациялық кезеңде өткеннің қалдықтары сақталады, бірақ олар таза күйінде көрініс таппайды. Трасформациялық кезеңнің ерекшелігі әртүрлі меншік формалараның конгломератын білдіріп, биліксіз элементтер көп болады. Бастапқы нүктеден алға өрлеудің болуы немесе артқа шегінуге болатын жағдайлар бар, барлығы нақты жағдайларға тәуелді.
Реформалаудың тағдыры әдістемелік таразыға тартылады, қоғам үшін қандай консепцияны таңдау оңтайлы консептуалды сценарийді таңдаудағы қателер бағасы.
Жүйелердің ауысуы парадигмалар ауысуына алып келеді. Парагдима даму векторы ең кең түрде көрсетеді. Мұнда магистралды даму жоды басы болады.
Осы тұрғыдан жаңа экономикалық шындықты қайта құруды тек басқа концептуалды негіздерге өту ғана емес, жүйелік модефикациялау мен байланысты әдістемелік жарылысты атап өту керек.
Одақ экономикасының генезисі негізінде қоғамдық формациялық даму парадигмасы жатты. Тарихи міндетті «қажеттілік патшалығына - еркіндік патшалығына» өтуді негіздейді. Идеясы әлеуметтік конценсус таптардың күресі. Экономикалық еңбектің нәтижелерін капиталға қарсы қойды.
Отандық экономиканың қазіргі жағдайы трансформациялық деп аталады ол әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қамтиды. Тарихи жағынан алғанда экономиканы трансформациялау әлемдегі өркениетті трансформациялаумен тұспа тұс келді. Өзгеру векторларын тек ұлттық тұрғыдан емес, әлемдік позициядан қарастыру қажет.
Әлемдік тенденция белгісіз экономикаға көшуді меңзеп отыр индустриалды экономикадан кейінгі болатын постиндустриалды экономиканы. Неоклассикалық экономиканың көзқарасы негіз болатын - индустриалды парадигманың базалық консепциясынан постиндустриалды парадигмаға өтуді көздейді. Дезинтеграцияық үрдістердің ерекшеліктеріне байланысты тек рыноктық механизмдердің және экономикалық субьектілердің мінез құлқына ғана негізделмейді.
Ұлттық экономикаға постиндустриализм парадигмасы өте өзекті. Әлемдік кеңістікке кіру үшін ғаламдық даму векторын ескеру қажет.
Экономикалық теория әлемдік әлеуметтік - экономикалық ғылымның бір бөлігі ретінде байқалып отырған қоғамның өндірістік күштерінің ғаламдық даму тенденциясын зерттеуі қажет. Халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жеке алынған елдің жалпы бағытын анықтау мен болжау, мәселесінің тәжірибесі мен теориясы үлкен мәнге ие. Болашақ қоғамдық прогреске сәйкес, әлеуметтік - экономикалық ғылымдар жинақталған ғылыми әлеуетсіз жаңа теориялық жағдайлардың пайда болуы мүмкін емес. Теориялық постулаттардың барлығы догма емес, оларды абсалютке айналдыру мүмкін емес. Сондай ақ болашақтарды болжауда аксиома болып табылмайды. [5, 368-393бет]
Трансформациялық қоғмның көзқарасы бойынша бір консепцияға қызығушылық өзінің логикасы мен уақытша тартымдылығын иемденеді. Реформалаудың бірінші кезеңі класссикалық либерализм қағидасын ұстанатын неоклассикалық идеологиясымен тығыз байланысты болды. Реформалаудың бірінші қадамы неоклассикалық консепция ұранымен, бірақ мынадай классикалық постулаттарға көп мән аударылда: бағаны либералдандыру, директивті басқарудан қол үзу, кәсіпкерлік қызметке еркіндік беру, жеке меншік институтының құрылуы, көпқырлы экономиканың қалыптасуы. Бұл басымдылықтың оң нәтижелерін мынадай үрдістер мен құбылыстардан көруге болады:
- Біріншіден, Қазақстанда экономиканы либералдандыру аясында кәсіпорындарды ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Жекешелендіру механизмі өзіне әртүрлі тәсілдерді пайдаланды олар: ашық аукциондар, коммерциялық конкурс, инвестициялық конкурс және тағы басқа. Соңғы жылдары ашық аукцион басымдыққа ие болды.
Қайта реттеу көзқарасы бойынша - монопольданған жалпы мемлекеттік меншіктен әртүрлі меншік формалары бар көпқырлы экономикаға көшуге қадам жасалды . Сандық параметрлері бойынша: таза рынок идеологиясы, еркін бәсекелесуші шаруашылық субьектілер жеткілікті нық орныққан.
- Екіншіден, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің арасында бәсекелестік қалыптасты. Отандық өндірушілермен қатар біріккен және шетел кәсіпорындары қызмет етуде.
- Үшіншіден, сақтандыру компанияларын, биржаларды, екінші деңгейлі банктерді иемденетін бастапқы рынок қалыптасты.
Неоклассикалық консепцияның негізгі нәтижесі рыноктық реттеу механизмін құру. Бұл үрдістің кері жағы өндірістің әлеуметтік тиімділігінің құлдырауы, әсіресе одақ экономикасындағы әлеуметтік кепілдендірумен салыстырғанда. Экономиканы либералдандыру бағаны ырықтандыру қажеттілігін тудырды, ал ол өз кезегінде бағаны өсірді. Ресми жұмыссыздық пайда болды.
Дәстүрлі « рыноктың құлауы » трансформациялық кезеңде де көрініс тапты. Рынокты тұсау қажеттілігі туындады.
Бірінші кезекте ол кейнстік және неокейнстік теорияларға қатысты. Трансформациялық кезең кейнсиандықты өзіне тартты. Оның айтуы бойынша теңсіздік жағдайында мемлекеттің араласу қажеттілігін айтады. Жұмыссыздық жағдайында мемлекеттің араласуын меңзейді - кейнсиандық көзқарастың негізгі міндеті осы.
Таразыланған кейнсиандық - трансформациялық кезеңнің жететін шегі. Кейнсиандық қоспалардың негізі ақша массасының өсуіне кері әсер ететін, іскерлік белсенділік мультипликаторы ретінде, инвестициялың өсуі жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы жүргізіледі. Біздің жағдайымызда өкінішке орай тек фрагментік құралдары ғана қолданылады. Ол дербес инвестициялардың өсуіне қатысты. Біздің жағдайда нақты ЖІӨ- ді инвестициялық мультипликатор есебінен өсіру тек инвестицияны тарту деңгейіне байланысты пайдаланады. [12, c23-32]
Барлығын қамтитын кейнстік сценарийді қолдану мүмкін емес. Соған байланысты кейінгі жыдары институтционализм консепциясының басымдылығы көрінуде. Ол қоғамдық дамудың детерминантары арқылы жүзеге асатынына күмән келтірді. Біздің әдістеменің ескі индустриадан - жаңа, постиндустриалды парадигмаға өтуін қамтитын институционализм болып табылады.
Осыған байланысты біз келесі қортындыға кедік. Трансформациялық кезеңді талдау әлемдік өзгеру үрдістері әсерінен болады:
- экономикалық білімнің құрылымын, оның эволюциясын нақты ғылыми тәжірибелік қызметін түсіндіретін әдісетеме басым нормативтіден позитивтікке көшті.
- экономикалық әдістеменің пәндік кеңістігі радикалды кеңейді, ол тек қана өзіне қатысты әдістемені емес, экономикалық шындық туралы экономикалық талдауға метағылымдық түсінікті де қосатын болды.
- уақыт ағымына байланысты экономикалық ғылымды «бірегей білім ағашы» деп қабыдау өзгерді қарама - қарсы шаруашылық әлем плюралистік болып, ондағы білім - шектеулі және фрагментарлы болып кетті.
Жоғарыдағылардан көрініп тұрғандай постсоветтік елдерде трансформациялық кезең әлемдік әдістемелік жарылыспен тұспа тұс келді. Қазіргі батыс елдерде интелектуалдық климатты анықтайтын тенденцияларды көрсететін берілген зерттеу саласын модифкациялау сапасымен бейнеленеді. Трансформациялық ортаны зерттеу мәселесі осы жағдайларға байланысты.
Әліде ТМД - ның кейбір елдерінде рыноктық қағидаларға экономиканы өзгерту баяу жүруде. Қазақстанға келетін болсақ рыноктық өзгертулер саяси тұрақтылық жағдайына, табиғи ресурстардың көптігіне, әлемдік рыноктардың оң коньюнктурасына, шетел инвестицияларын тарту аясының климатына байланысты жедел қарқынмен жүрді. Жалпы экономикада әдістемелік сілтемелердің негізінің болмауы қателіктерді тудырды әсіресе аграрлық секторында.
Осыдан неоклассикалық постулаттарды абсалюттеу мен постиндустриалдық қоғамның институтционалдық құрылымын пайдалану, әлеуметтік стратификацияның жарылысына алып келді.
Біз әлемдік қауымдастық шегінде дамуда, соған байланысты сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді. Әлемдік рынок коньюнктурасының нашарлауы, әлемдегі экономикалық өсудің қарқынынының төмендеу тенденциясы, сөзге тиек етіп кеткен жөн. Осы жағдайда рыноктың тұрақты дамуы ішкі және сыртқы экономикалық өсім факторларын тиімді пайдалану мен тығыз байланысты. [33, 33-80бет]
Осыған байланысты ұлттық экономиканы реформалау тек тәжірибелі аспектідегі мәселелер емес әдістемелік аспектідегі мәселелерді айқындайды:
- трансформациялық орта тек «мейнстрим» әдістемесіне сүйенсе оңтайлы дами алмайды, «мейнстрим» - кіші мемлекеттің және бәсекенің жалпыламалығын көрсететін экономикалық субьектілердің рационалды неоклассикалық қағидасына негізделген экономикалық талдаудың басты ағымы.
- отандық базистің тарихи құрылымы мен менталитетін естен шығаратын, институтционалды постулаттармен біздің экономикамызды көпсалалы ету өте қиын.
- сыртқы экономикалық факторлардың әсеріне төтеп беру үшін әсіресе ғаламдық факторына, постиндустриалды елдердің әдістемелік көзқарасын қолдану керек. [11, 127-129бет]
Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған жылдарынан бастап трансформациялық кезеңнің бірінші фазасын бастан кешіріп экономикалық өсуге қол жеткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz