Ауыспалы егісте өсірілген мақта қозасының өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Орынбекова Динара
Ауыспалы егісте өсірілген мақта қозасының өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050808 - Топырақтану және агрохимия
Алматы 2011
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы:
Беттер саны
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны
Қосымшалар
Орындаған
(аты-жөні)
20 ___ ж. “” қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі (қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы - 2011 æ.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
мамандығы
кафедрасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жобада /жұмыста/ қарастыралтын сұрақтардың тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
қолы) (аты, жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты, жөні)
Мазмұны
Кіріспе
Соңғы 15 жылда мақтаның дара дақылы егістігі көлемінің ұлғаюы, ғылыми негізделген мақта-жоңышқа ауыспалы егістігін, агротехникалық және мелиоративтік іс-шараларды сақтамау, минералдық тыңайтқыштарды жеткіліксіз және негізсіз пайдалану, топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы түрлері мен қарашірінді мөлшерінің 20-30% төмендеуіне әкеліп соқтырды, соның салдарынан мақта өнімділігі едәуір төмендеуде.
Осыған байланысты мақта дақылы өндірілетін суармалы топырақтардың құнарлылығын арттыру мен мақта өнімділігін жоғарылату мәселелері тұр. Бұл маңызды әрі өзекті мәселелерді Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін шаруашылықтарында дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен топырақтардың қоректік элементтердің сіңімді түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес қысқа айналымдағы ауыспалы егістіктер мен ғылыми негізде жасалынған тыңайту жүйесін енгізу арқылы жүзеге асыруға болады.
Бұл дипломдық жұмыста Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өндірістік практика өту барысында агрохимия бөлімінің тәжірибелеріне қатынасып жинақталған зерттеу мәліметтері келтіріліп отыр.
Зерттеу мақсаты мақта дақылының өнімділігі мен суармалы боз топырақтардың құнарлылығын жоғарылататын тәсілдердің ғылыми және практикалық негіздерін жасау.
Қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттер жүктелді:
- қысқа айналымдағы мақта дақылдары ауыспалы егістігіндегі топырақтардың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруіне тыңайтқыштардың әсерін анықтау;
- қысқа айналымдағы ауыспалы егістіктерде өсірілген мақта дақылының өсіп-өнуіне тыңайтқыштардың әсерін зерттеу;
- мақтаның өнімділігі мен талшығының технологиялық сапасына тыңайтқыштардың әсерін бағалау;
- қысқа айналымддағы ауыспалы егістік дақылдарына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігін анықтау.
Ғылыми әдебиеттерге шолу
Мақта өте жоғары бәсекелестікке қабілеттілігі және жоғары экспорттық мүмкіншілігімен ерекшеленеді, сондықтан ауыл экономикасының өсу нүктесі ретінде анықталған. Қазақстанның аграрлық саясатында экспортқа бағытталған салаларға жетекші рөл берілген, олар тек ішкі нарыққа ғана емес сыртқы нарық жағдайына бәсекелестікке қабілетті өнім жасауға мүмкіндік береді. Ел президенті ұсынған мақта-тоқыма кластерін дамыту бағдарламасы, жаңа интенсивті технологиялар ендіру арқылы сапалы мақта ұлпасын өндіруді ұлғайтуға септігін тигізеді [1] .
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру стратегиялық маңызды міндеттердің бірі, себебі республикамыздың бәсекелестікке қабілеті 50 елдің ішіне енуге мүмкіндік туғызады және еліміздің мақтаға тәуелсіздігінің нығаюын қамтамасыз етеді. Сондықтан, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстанның мақта себетін аудандарында, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа жүйесін, яғни төмен қарашірінділі суармалы боз топырақтардың құнарлылығын арттыру мен негізгі дақыл мақтаның өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ететін прогрессивті технологияларды жасаудың маңызы зор.
Мақта шаруашылығы жағдайында, ауыспалы егістіктердің маңызы зор және егіншіліктің басты факторы болып саналады. Олар агротехникалық және мелиоративтік шаралардың тиімділігін арттыратын негізгі құралы және суармалы жерлерде мақта, тауарлы астық пен әртүрлі малазықтарын өндіруді ұлғайтудың мәселелерін ұтымды шешуге ықпал етеді. Ауыспалы егіс - топыраққа үнемі жас органикалық заттардың түсуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде қарашірінді қорын молайтып, суармалы жерлердің өндіргіш қабілетін жоғарылатады. Ауыспалы егісте көпжылдық шөптерді өсіргенде, топырақтың жыртылатын қабатына 9-12т/га көміртекке, белокқа және басқа заттарға бай органикалық заттар түседі.
Ғылыми-негізде жасалған ауыспалы егістер мен тыңайтқыш қолдану жүйесін игеру, мақта дақылының жоғарғы өнімділігі мен шық боз топырақтардың тұрақты құнарлылығын қамтамасыз ететін негізгі бағытқа жатады.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістігінің негізгі алқаптары (60% жоғары) Мақтарал ауданында орналасқан. Бұл аймақтың топырақтарының өзіне тән ерекшеліктері бар: ашық боз топырақтардың құрылымы әлсіз, қарашірінді мен азот мөлшері төмен, капиллярлық су көтеру қабілеті жоғары, сондықтан екінші рет тұздануға бейімді болып келеді.
Осыған байланысты, бұл топырақтарда мақта өсіруде алғы дақыл жоңышқаның рөлі өте зор, сонымен бірге азот тыңайтқыштары мен көңді қолданғанда, пайдалы микроорганизмдердің қызметі жақсарып, топырақтағы нитрификациялық процестердің жүруі күшейеді.
Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары, ұзақ жылдар бойы ашық боз топырақтардың өнімділік қабілетін зерттеумен айналысып келеді, соның нәтижелері бойынша мақтаны тыңайтқыш қолданбай, тек дара дақыл ретінде өсіргенде өнімділігі 13, 2ц/га, ауыспалы егістіктерде -38, 8ц/га аралығында болатыны анықталды [2] .
Мақтаны дара дақыл ретінде үздіксіз 40 жыл бойы минералдық тыңайтқыштарды қолданбай және оларды қолданып бір жерде өсіргенде, бастапқы мөлшермен салыстырғанда қарашірінді мөлшері 41 және 23% төмендеді. Жыл сайын көңнің 40т/га мөлшерін қолданғанда қарашірінді қорын жоғарылатқан және оны 4-ші жылы жоңышқаны аударып жыртқаннан соң қолдану керек [3] .
Көптеген мақта өсіру мәселелерімен шұғылданатын ғылыми мекемелердің зерттеулерінің нәтижелері, ауыспалы егістіктің мақта дақылының өнімділігін жоғарылататынын көрсетті. СоюзНИХИ ғылыми мекемесінің тәжірибелерінде, ауыспалы егістікте тыңайтқышсыз 26 жыл бойы өсіргенде мақтадан 32, 4ц/га, ал көне алқапта өсіргенде 21, 0ц/га өнім алынса, ауыспалы егістікте тыңайтқыш қолдану арқылы өсіргенде өнімділік 45, 0ц/га және көне алқапта 38, 8ц/га дейін жоғарылады [4] .
Мақтаны жаңа жалға егу технологиясымен өсіргенде, тыңайтқыштардың тиімділігі жоғарылайды. Бұл кезде тыңайтқыштар локальды - таспа әдісімен қолданылады және фосфор элементінің тиімділігі артады. Локальды қолданған жағдайда қоректік заттар толық және қарқынды пайдаланылады, себебі оларды белгіленген тереңдікке және өсімдік тамырының маңына орналастырады, соның нәтижесінде өсімдіктің өсіп-өнуі жылдамдап, қосымша 58ц/га өнімділікті қамтамасыз етеді [5] .
Қазіргі уақытта, мақта шаруашылығының өнімділігі мен топырақ құнарлылығының сақталуы органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолданумен тығыз байланысты.
Агрохимия ғылымының негізін қалаушы тыңайту жүйесін жасау кезінде әрбір жекелеген жағдайды есепке алу керек деп көрсеткен. Өсімдікте әрбір элемент белгілі физиологиялық қызметтер атқарады. Жекелеген бір элементтің жетіспеушілігі өсімдіктің тіршілік қызметін бұзады және өнімділікті төмендетеді, сондықтан өсімдіктерді қажетті макро және микроэлементтермен қамтамасыз ету - дақылдардың өнімділігін жоғарылатудың негізгі кепілі. [6]
Мақта - қоректену жағдайларына ерекше талап қоятын дақыл, 1 тонна мақта - ұлпасын алу үшін 30-70кг азот, 10-20кг фосфор және 30-60кг калийді қажет етеді. Қоректік элементтерді пайдаланудың шегінің мұндай алшақтығы өнім құрылымы мен сорт ерекшеліктеріне байланысты болады. Мақтаның жіңішке ұлпалы сорттары 1 тонна өнім қалыптастыру үшін, орташа ұлпалы сорттармен салыстырғанда, қоректік заттарды 20-25% көп қажетсінеді [7] .
Мақта талшығының 25% шамасы минералдық тыңайтқыштардың есебінен алынады. Мақта өзінің вегетациялық өсу кезеңдерінде қоректік элементтерді әртүрлі дәрежеде қажетсінеді.
Өсімдіктер алғашқы өсу кезеңінде, соңғы мерзімдеріне қарағанда қоректік заттарды аз мөлшерде талап етеді. Сонымен бірге, мақта дақылының қоректік заттарды қажетсінуі: алғы дақылдарға, топырақтың өндіргіш қабілетіне, гранулометриялық құрамына, тұздануына, құрамындағы қоректік заттардың мөлшеріне, өсімдіктің тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті мен қоректік заттардың шығымына байланысты болады. [7] .
Өсімдіктің әртүрлі өсу кезеңдерінде қоректену режимінің бұзылуы, өнім деңгейі мен оның сапасына әсерін тигізеді. Ерекше жауапты кезеңі, ол өсімдіктің азотты жоғары мөлшерде қажетсінуі, яғни жапырақтарының ассимиляциялық бетінің массасын қалыптастыру кезеңі. Бұл мақтаның бутон байлау мен гүлдену кезеңінің басына сәйкес келеді. Егер осы уақытта азоттың тапшылығы байқалса, онда аз жапырақ бетінің ауданы түзіледі. Соның нәтижесінде, фотосинтез процесінің жүруі баяулап, органикалық заттар аз синтезделеді және жеміс салатын органдарында олардың мөлшері азаяды.
Өнім шығу мен бутон байлау кезеңіне дейін мақта қоректік заттардың, оның ішінде азот пен фосфордың небәрі 3-5% және калийдің 2-3%, бутон байлау кезеңі мен жаппай гүлдену кезеңіне қарай азоттың 25-30% және фосфор мен калийдің 15-20%, ал жаппай гүлдеу мен қауашақтарының пісу кезеңі аралығында азоттың 65-70%, фосфор мен калийдің 75-80% пайдаланады.
Мақтаның тамыр арқылы қоректенуін реттеу мақсатында минералдық тңайтқыштарды дер кезінде қолдану керек, яғни азот, фосфор мен калийдің жоғары қажетсінуге дейін тамыр жүйесінің негізгі массасының маңында болуы тиіс [8, 9] .
Мақта өніп шығудан пісіп жетілгенше, әртүрлі сыртқы орта жағдайларын қажет етеді. Әртүрлі кезеңдерде ол қоректенуге, температураға, ылғалға және жарыққа түрліше талаптар қояды. Мақтаның әртүрлі өсу кезеңдерінде қоректену жағдайларын реттеу, оның жоғарғы өнімділігі мен технологиялық сапасына әсер етуге мүмкіндік береді. Өсімдік қысқа әрі белгілі мерзімдерде қоректік заттардың біршама мөлшерлерін қажетсінеді, сондықтан осы кезеңдерде қоректену деңгейін жоғарылату, жоғары өнім алу үшін қоректік заттарды пайдаланудың маңызды және дұрыс жағдайы болып табылады [10] .
Фосфор тыңайтқыштарының әртүрлі нормаларының (Р 120 - 210 ) тиімділігін, азот пен калийдің фондарында (N 225-275 K 112-140 ) мақтаның орташа ұлпалы В108-Ф сортымен Қашкадария облысы жағдайында зерттегенде, экономикалық тиімділіктің жоғары мөлшері азоттың төмен фонында (N 225 ) байқалды, бұл фонда 619, 01-789, 6 сом қосымша пайда алынды [10, 11] .
Кировабад - Қазақ аймағының ашық-қара қоңыр топырақтары мен Ширван даласының шылғынды-боз топырақтары жағдайында тыңайтқыштарды қолданғанда, қосымша 13, 4 және 12, 5ц/га мақта-ұлпасы қамтамасыз етілді, бақылаудағы өнімділік 20, 2 және 18, 9ц/га болды [12] .
Каршин даласының топырақтарына минералдық тыңайтқыштарды, оның ішінде фосфордың жоғары (210кг/га) нормасын қолданғанда, мақтаның жіңішке талшықты С-6037 сортының өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызып, 46ц/га дейін өнім жинауға мүмкіндік берді [13] .
Ташауз облысының тәжірибе стансасы жағдайында, мақта талшығы сапасына минералдық тыңайтқыштардың әсерлері бойынша жүргізілген далалық тәжірибе нәтижелері, минералдық тыңайтқыштардың толық N 200 P 150 K 50 мөлшерін қолданғанда, барлық сорттарда талшық сапасы жоғары болатынын анықтады. Кеш пісетін сорттарда 149-Ф және Ташауз 1608 тыңайтқыштардың нормалары артқан сайын ұзын және жіңішке, бірақ мақта емес талшықтары пайда болды. Сонымен, минералдық тыңайтқыштардың жоғары нормалары шалғынды топырақтарда мақтаның негізгі кезеңдерінің өтуін біршама кешіктіреді, сөйтіп мақта талшығының сапасына кері әсерін тигізеді [14] .
Орталық Фергананың тегістелген төбешікті - көшпелі құмдарында мақта дақылына тыңайтқыштардың тиімді мөлшерлері мен ара-қатынастарын анықтау мақсатында жүргізілген тәжірибе мәліметтері, тегістелген төбешікті-көшпелі құмдарға N 350 P 180 K 140 пен 40т/га көңді немесе 60т/га лигнинді бірге қолданғанда жоғары, әрі тұрақты өнім алуға мүмкіндік бар екенін көрсетті. Бұл жағдайда көңді 3, ал лигнинді 2 жылда қолдану керек [15] .
Орта Азия мен Қазақстанның топырақтарына фосфор тыңайтқыштарының тиімді қолдану мәселесі - егіншіліктің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Оның негізгі себебі, жыртылатын топырақтарда сіңімді фосфор мөлшері аса жоғары емес. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігін жоғарылататын тәсілдердің бірі, оларды қодану мерзімдері болып саналады. Мысалы, азот фонында фосфор тыңайтқыштарының жылдық мөлшерінің барлығын жерді жыртар алдында бергенде 1, 5ц/га, 60% жерді жыртар алдында және 40% себер алдында бергенде -2, 1ц/га, 60% жерді жыртар алдында және 40% гүлдеу кезеңінде -1, 2ц/га, 40% себер алдында және 60% үстеп қоректендіруде бергенде небәрі 1, 1ц/га қосымша өнімді қамтамасыз еткен [16] . Мырзашөл даласындағы боз топырақта өсірілген мақта дақылына әртүрлі фосфор тыңайтқыштарының ауыспалы егістік жағдайында әсерлеріне түрлі ғалымдар тәжірибелер жүргізген [17] .
Мақта дақылының өнімділігіне жоңышқа егістігі мен тыңайтқыштардың жоғары тиімділіктерін жүргізген тәжірибелердің мәліметтері дәлелдеп берді. Егер жоңышқа тыңындағы өнімді 100% (47, 0ц/га) деп есептесек, жоңышқа тыңының аудармасынан кейін 83, 8%, үшінші жылы 57, 2%, төртінші жылы 43, 6% құраған. Тыңайтқыштарлы қолданған кезде де жоңыщқа тыңынан алыстаған сайын мақта өнімділігі біршама: 100; 74, 8; 65, 7; 50, 9% төмендеді [18] .
Оңтүстік Қазақстанның суармалы боз топырақтары жағдайында, өсімдікті қоректендіруде азот тыңайтқыштарының маңызы зор. Мақтаның жоғарғы қосымша өнімділіктерін азот тыңайтқыштарының 250-300кг/га мөлшерлері қамтамасыз етеді. Фосфор мен калийдің бұл кездегі қолайлы нормалары 190 және 160 кг/га аралығында болады [19] .
Авторлардың зерттеулерімен, жаңа игерілген жерлерде минералдық тыңайтқыштардың тиімділіктерінің жоғары болатындығы анықталған [19-23] .
Ашық боз топырақтарда органикалық заттар тез ыдырайтындықтан, ондағы микробиологиялық процестердің жүруі баяулайды, сондықтан ауыспалы егістіктерде жоңышқа өсіру мен көң қолдануды қажетсінеді. Көң фонында азот тыңайтқыштарының әртүрлі нормаларын қолданғанда, топырақтағы сіңімді азот пен фосфордың мөлшерлеріне оң әсерлерін тигізеді [24-26] .
Фосфор тыңайтқыштарын жүйелі түрде ұзақ мерзім қолданған уақытта, топырақтағы фосфор қосылыстарының барлық формаларының мөлшері жоғарылайды, әсіресе өсімдікке сіңімді түрлері сапалық және сандық жағынан көп өзгерістерге ұшырайды [27-31] .
Мақта дақылына жүйелі түрде минералдық тыңайтқыштардың жоғары нормаларын (350 кг/га ә. з дейін) қолдану, оның жоғары өнімділіктерін қамтамасыз етеді. Бұл дақылдың өнімділігін жоғарылатуда азот пен фосфор тыңайтқыштары маңызды рөл атқарса, ал калий тыңайтқыштарының калийге бай боз топырақтарда маңызы төмен. Калий тыңайтқыштарының тиімдігі, азот пен фосфордың жоғары нормалары фондары мен ауыспалы егістікке жоңышқа өсірген жағдайда арта түседі. Ашық боз топырақтарда өсірілген мақтадан 35-40ц/га өнім алу үшін 160-185кг азот, 110-120кг фосфор және 40-45кг калий қолдану ұсынылады [32] . Суармалы егіншілік жағдайында, нитрификациялық қабілеті жоғары топырақтарда азоттың төменгі қабаттарға жылжуы байқалады.
Суару кезінде нитраттар топырақтың төменгі қабатына түседі, ал суару кезеңдері аралығында жоғары қабатына жылжуына байланысты өсімдіктердің азотты пайдалануын шектейді. Бұл жағдайда, топырақтан нитраттардың шайылуы мен денитрификацияның әсерінен газға айналуының салдарынан азоттың біршама мөлшері жоғалады. Азоттың жоғалуын азайту мен тиімділігін арттыру үшін тыңайтқыштардың мерзімі мен тәсілдерін дұрыс таңдау, суару режимін сақтау және нитрификация процесін баяулататын ингибиторларды пайдаланудың маңызы өте зор. Мақтаны еккенге дейін азоттың ⅓ бөлігін ғана қолданса, ал қалған бөлігін гүлдеу кезеңіне дейін қатар аралықтарын өңдеу кезінде үстеп қоректендіру арқылы береді.
Фосфор тыңайтқыштарының негізгі бөлігін (¾ жалпы нормадан) топырақты зябьке жыртар алдында қолданады. Фосфор тыңайтқыштарының тиімділігі үшін, оларды сіңіру тереңдігінің маңызы ерекше. Боз және шалғынды топырақтарда фосфор қарқынды түрде химиялық сіңіріледі, соның нәтижесінде қиын еритін кальций фосфаттары түзіледі.
Алғашқы екі аптада мақтаның тамыр жүйесі 40-50см тереңдікке таралады, фосфорды ең көп мөлшерде қабылдайтын гүлдеу мен жеміс байлау кезеңдері аралығында, жоғарғы кеуіп кететін 10см қабатта жанама тамырлар өліп қалады және тамырдың негізгі массалары топырақтың терең қабаттарына орналасады. Негізгі тыңайтуда қолданған фосфор тыңайтқыштарының тиімділіктері локальды тәсілмен таспа түрінде бергенде арта түседі. Фосфор тыңайтқыштарының аз мөлшерін (10-20кг/га Р 2 О 5 ) азот тыңайтқыштарымен бірге (5-10кг/га) тұқым себу кезінде қолданғанда тиімділігі жоғарылайды және өнімділігі 2-3ц/га арттырады. Калий тыңайтқыштарының жарты нормасын негізгі тыңайтуда, ал қалған бөлігін азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге 3-6 жапырақ, бутондану және гүлдеу кезеңдерінің басында үстеп қоректендіруде береді. Үстеп қоректендіру кезінде тыңайтқыштарды қатар аралығын өңдеу арқылы тереңге сіңіру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz