Алакөл суқоймасындағы мөңке балығының сипаттамасы
Кіріспе
1.Әдебиетке шолу
1.1. Мөңке балығының систематикасы
1.2.Алакөл суқоймасының физика.географиялық ерекшеліктері мен зерттеу ауданының биотоп сипаттамасы
1.3.Алакөл суқоймасындағы мөңке балығы популяциясының пайда болуы мен қалыптасуы
1.4.Мөңкенің пайда болуынан кейінгі түр аралық қатынастартардың
өзгеруі
2.Материалдар және әдістер
2.1.Биологиялық талдау әдісі
2.2.Морфологиялық талдау әдісі
3.Нәтижелері және оны талқылау
3.1.Мөңке балығының салыстырмалы биологиясы
3.2. Мөңке балығының салыстырмалы морфологиясы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология факультеті
Зоология және Ихтиология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Алакөл суқоймасындағы мөңке балығының сипаттамасы
Орындаған: 5 курс студенті Елшібекова Айнұр
Ғылыми жетекшісі: доцент Мамилов Н.Ш.
2007 ж.
Ғылыми жетекшісі: (БШҒКО) АҒК Скакун В.А.
л
Норма бақылаушысы: Қожабаева
Э.Б.
2007 ж.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі, профессор Көлбай И.С.
р
2007 ж.
Алматы 2007
Мазмұны:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Әдебиетке шолу
1.1. Мөңке балығының систематикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Алакөл суқоймасының физика-географиялық ерекшеліктері мен зерттеу
ауданының биотоп сипаттамасы

1.3.Алакөл суқоймасындағы мөңке балығы популяциясының пайда болуы мен
қалыптасуы

... ... ... ... ... ... ...
1.4.Мөңкенің пайда болуынан кейінгі түр аралық қатынастартардың
өзгеруі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
2.Материалдар және әдістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
2.1.Биологиялық талдау әдісі
2.2.Морфологиялық талдау әдісі
3.Нәтижелері және оны
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .
3.1.Мөңке балығының салыстырмалы биологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Мөңке балығының салыстырмалы
морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Мөңке балығы Қазақстандағы ең кең тараған түрлердің бірі.
Республиканың солтүстік облысында – бұл бағалы кәсіптік түр, балық үлесінің
мөлшерін анықтауышы. Тоған шаруашылығында - бұл, ереже бойынша тез жыныстық
пісіп – жетілетін, баяу өсетін, арам балық. Өте жиі мөңкенің өсу қарқын
көлемін форма типімен байланыстырады. Демек гиногенетикалық формасы – тез
өсетін особтары, екіжынысты – баяу өсетін. Бірақ, өте жиі бұл көзқарас
дұрыс емес 1.
Алакөл көліне 1973 жылы Бұхтарма суқоймасынан әкелініп жерсіндірілген.
Алғаш жерсіндірілген суқоймасы Сасықкөл көлі болды 2.
Отырғызылған уақытта мөңке өрістеуде сазан мен талма балықтарымен
бәсеке жағдайына түсті; қоректік объекті үшін – шөпті биотопта талма мен
қамыс алабұғасымен, ашық бөлімде сазанмен. Сондықтан ол өзінің санын
көксеркенің тұщы су бөлігіндегі жүйеде талма мен алабұғаны жойған соң ғана
өсіре бастады 3.
Мөңке балығы Алакөл көлінде соңғы жылдары ең көп тараған балық түрлері
болып табылуда, көпшілік жағдайда биомассасы мен саны жағынан жағалау
сызығы бөлімінде басымырақ болып келеді .
Алакөл көлінде мөңке балығының өзара дене қалпымен, көк етінің түсімен
және кейбір морфологиялық айырмашылықтарымен ерекшелінетін екі түрі бозша
мөңке Carassius gibelio (Bloch) мен қытай мөңкесі Carassius auratus
(Linnaeus) кездеседі 4. Қытай мөңкесінің көк етінің түсі тек қара түсті
болады, бозша мөңкеде айтылған белгі ашық сұр түстен, қара түске дейін
ауытқиды. Сонымен қатар соңғы жылдары бұл түрлердің арасында гибрид
түзілуде 1.
Бұрынғы зерттеулердің негізінде көк ет түсінің тұқым қуалайтындығы
дәлелденді (толық емес басымдылық принципімен), сондықтан түрлер
популяциясының талдауындағы феномы болуы мүмкін. Осыған байланысты берілген
этапта бозша мөңкенің көк етінің түсі сұр (ашық түстен қара сұр түске
дейін) деп, қытай – қою қара, ал олардың гибридтері – қара түс деп
санаймыз.
Арнайы зерттеулер арқылы бозша мөңкенің популяциясы ереже бойынша
диплоид – триплоидты жинақпен болатындығы дәлелденді 5-6, сондықтан
бұндай популяцияда аталықтарының үлесі шамалы.
Көп жылдық бақылаулар мөңкелердің сұр құрсақты түрлеріндегі
аталықтарының үлесі төменділігін көрсетті. Көк ет түсінің қараюына қарай
-аталықтарының үлесі ұлғаятындығы бақыланды 7-8.
Қолдағы материал бойынша Алакөл жүйесі көлдеріндегі мөңкенің популяция
ішілік құрылымы қиын екендігін аңғаруға болады. Соңғы жылдардағы
белгіленген өсу қарқынының айтарлықтай ауытқуы, өсу формасының болуына
мезейді.
Осы түрдің орналасуы, барлық мәліметтерден көрінгендей, алғашқы
кезеңде қосымша жүйеде өтті, ашық бөлімге ол шөпті биотопты меңгергеннен
кейін ғана көшті. Кәсіптік жағынан мөңке балығының алғаш Қошқаркөлде
көрінгені түсінікті – салыстырмалы кіші суқоймада дамыған қосымша
жүйесімен, және шөп басқан биотоп айтарлықтай ауданымен 9.
Алакөл көлінің шығыс бөлігіндегі сұр, қою қара, қара түсті құрсақты
мөңкелердің морфологиялық белгілерін талдауы, әр топтағы балықтар шегіндегі
бір аудандағы, бұл топтардың ең төмен дифференциациясының болуын көрсетеді.
1. Әдебиетке шолу
1.1.Мөңке балығының систематикасы
Класс: Osteichthyes – сүйекті балықтар
Отряд: Cypriniformes – тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae – тұқылар
Туыс: Carassius – мөңкелер
1.Түр: Carassius gibelio (Bloch)
2.Түр: Carassius auratus (Linnaeus)
1.2.Физика – Географиялық ерекшеліктері мен зерттеу ауданының биотоп
сипаттамасы.
Алакөл көлі көлдер тізбегінің түйіні болып табылады. Б.К.Терлецков
бойынша Балқаштан басталып, Қытай териториясында Эби-Нормен аяқталады. Олар
оңтүстік-шығыс Қазақстандағы біратаулы ойпаттың дәл ортасында дерлік
орналасқан, және солтүстіктен Тарбағатай жотасымен, оңтүстіктен – Жонғар
Алатауымен, шығыстан- Барлық жотасымен шектеледі. Алакөл көлдер тобының
ішіндегі ең батысында орналасқан Сасықкөл көлі болып табылады, шығысқа
қарай Қошқаркөл көлі жатыр, оңтүстік шығыста – Алакөл көлі. Суы мол
кезеңдерде олардың арасында тұрақты қатынас қалыптасады 10.
Алакөл көлі Алакөл жүйесіндегі ең ірісі болып табылады. Ең төменгі
бөліміндегі Алакөл ойпатында орналасқан. Өзіне суды тек өз үстелуінен ғана
емес, Алакөл тобындағы басқа да ірі көлідерінен жинайды. Көл ағынсыз, дұрыс
емес алмұрт тәрізді, солтүстік – батыстан, оңтүстік – шығысқа созып жатыр.
60 – жылдардың басында оның ең жоғарғы ұзындығы 104 км құрады, ең
жоғарғы ені 52 км(орташа 25,5 км), жағалау сызығының ұзындығы – 384 км,
судың беткі ауданы – 2560 км² (аралдармен қосқанда – 2686 км²), орташа
тереңдігі – 22,1 м, ең үлкен тереңдік – 54 м, су салмағының көлемі – 58,56
млрд. м³ 11.
Көлдің жағалауы тегіс және ширек борпылдақ қалдықтармен қаланған. Тек
оңтүстік, және сирек, шығыс жағалау көлмен шайылған, және ұзындығы 9 м
жыралары болады. Жағалаудан ұзын, тар жырақтар бөлінеді, соның арқасында өз
уақытында Гурге деген атау алған (монғолша Гурге өткел көлдер деген
мағынаны білдіреді), су деңгейі төмендеген уақытта кейбір жырақтар бір
жағалауды екіншісімен қосатын өткелді құраған 10.
Алакөл көліне 15–тен аса ағыстар қосылады, оның негізгі алтауы болып
табылатыны: Үржар өзендері (көлдің беткі ағынының 50%-і), Қатынсу (8,8%),
Эмель (27,4%) солтүстікте пен солтүстік – батыста және Жаманаткөлде (5%),
Ырғайты мен Жаманты (8,8%) – оңтүстік пен оңтүстік – батыста. Одан басқа да
оны көктемгі уақытша су ағындары мен жылғалар, мол грунт сулары толықтырып
отырады. Көл суы тұздылау, көк – жасыл түсті (V-VI Форель – Уле шкаласы
бойынша), мөлдірлігі 4-6 м, (жағалауда 1.5-3 м) 12.
Көлдің орталық бөлігінде, солтүстік – шығыс жағалауға жақын үш
аралдан тұратын кіші гірім архипелаг орналасқан ( Үлкен Аралтөбе, Орташа
және Кішкене Аралтөбе ). Олар полезойлық туыстармен құралған және тік, ал
оңтүстік – шығыста - құламалы жағалау.
Көлдің терең бөлігі тағатәрізді аралдарды оңтүстік – батыстан
қоршаған. Ең ұзын тереңдік (54 м) Кішкене Аралтөбе аралынан оңтүстік –
батысқа қарай 5 км жерден табылды 11.
Алакөл көлінің түбіндегі қалдықтар алуан түрлі. Грунттың түріне байланысты
келесі биотоптарға бөледі: сұр балшықты биотоп (көл ауданың 54%-і, оның
терең бөлігінде орналасқан, және оңтүстік – шығыстан солтүстік – батысқа
созылып жатыр),лайлы құм биотопы (ауданның 30%-і көлдің солтүстік – шығыс
пен батыс аудандарының үлкен бөлігін алып жатыр) қара лай биотопы
(ауданының 7%-і тар жол-жол түрінде, көлдің солтүстік, батыс, оңтүстік
жағалауларын қоршаған) лайлы құмдақ биотопы
(ауданның 4%-і біріккен бөлімдерден құралған, көлдегі аралдардың
архипелагынан солтүстікке қарай және Сарытүбек мысының оңтүстігінде
орналасқан), тасты-галечникті биотоп (көлдің оңтүстік және батыс
жағалауындағы аралдардың литоральді ауданында орналасқан) 13.
Биотопты экологиялық қатнастағы бөлімдердің бірегейлігі ретінде
анықтаудан өзгеше, критери ретінде су қозғалысын,минерализациясын,
тереңдігін,шөп басып кетуін қолдану ақылға сиымдырақ болар еді. Олардың
ішінде негізгісі біздің көзқарасымыз бойынша судың минерализациасы болып
табылады. Судың стандартты тұщы, тұздылау, тұзды болып бөлінуіне байланысты
Алакөл көлінің барлық зерттелген бөлімдері келесі биотоп топтарына бөлуге
болады:
1.Тұщы сулы жоғарғы өзен (таулы бөлім).
2.Тұщы сулы орташа ағысты өзен.
3.Тұщы сулы өзеннің шөп басқан сағасы мен шығанағы, сонымен қатар
арналы көлдер.
4.Тұздылау сулы бөлімдер, шөп басып кеткен.
5.Тұзды сулы бөлімдер, ереже бойынша, ашық.
Бірінші топқа өзеннің таулы бөлімдері суының өте қатты ағыстарымен
кіреді. Грунты тасты болып келеді. 1996-2000 жылдар аралығында мұндай
бөлімдер зерттелмеген десе де болады. Екінші топқа Эмел мен Қатынсу
(Қатынсу өзені Көктал ауылынан басталып Эмел өзенінің сағасынан Май-Талғазы
заставасының ауданына дейін ) өзендерінің ортанғы бөлімдері кіреді.
Жағалауы құламалы, жиірек әртүрлі шөптер және ағаш бұталары басып кеткен.
Өзеннің арнасы бірге, орнына қарай бірнеше салаларға тармақталады. Судың
саяз жерінде түбі құмды, немесе құмды-саз балшықты. 0.5-тен 2м. дейін
шұңқырлары болады. Эмел өзенінде шұңқырдың тереңдігі 4м. дейін жетеді.
Үшінші топқа бірнеше әртуысты бөлімдер кіреді: Қызылең арналы көлдері
мен Сычевск көлшігі, Жолдыөзек шығанағы, Эмел өзенінің ескі сағасы, Кіші –
Алакөл шығанағы, Кеңесбай шығанағы. Шығанақтар негізгі акваториядан ұзын
құмды енсіз жарты аралдармен және қою қамыс өскіндерімен бөлінген. Өзен
суының тұрақты ағып келуі осы бөлімдегі судың аздаған (оларды қоректендіру
өзені дәрежесінде)минерализациялануын туғызады. Түбі – лайлы, сұр, немесе
қара күкіртсутекті балшықтан, жиірек – құмды болып келеді. Жағалауын қалың
қамыс жапқан, түбінде - өлген және өлетін тамырлары. Шығанақтың айтарлықтай
бөлігін батқан жұмсақ су өсімдіктері алады. Шығыс Жолдыөзек шығанағы
қазіргі уақыттағы және ескі арналарды қосатын Қатынсу мен Эмел өзендерінің
атырау жүйесіндегі бөлігі болып табылады. Арналы бөлімдерде айтарлықтай
5.2м. дейінгі тереңдіктер болады. Кіші гірім сулардың ауданы аз. 1997 жылы
оған Эмел өзенінің ескі сағасышықты. 2002 жылы шығанаққа оған тек Қатынсу
өзенінің сағасы шықты. Қазіргі уақытта Эмел өзенінің сағасы Алакөл
өзенінің ашық ауданына шығады.
Төртінші биотоп тобы сол сияқты көлге құятын өзендер мен тоғандармен
байланысты, бірақ бұл бөлімнің суы тұздылау және алдыңғы бөлімдерге
қарағанда түбіндегі шөп басқаны да маңызды емес. Бұл топқа мынадай
бөлімдер жатады: ескі (1997) Қатынсу сағасы, Жарбұлақ, Жарбұлақтық және
Қарабұлақтық көптеген тоғандарының шығысы, саға алды (Зелененьнкий
шығанағы, Писки аралындағы акватория) және сағалы ( Рыбачьи ауылындағы
ерін, Ұялы мен Бесқопа өзендерінің сағасы) Үржар өзені бөлімі. Түбі сазды,
немесе қара лайлы өсімдік қалдықтарымен жабылған. Суы тұздылау.
Бесінші биотоп тобы – тұзды сумен. Түбі ірілеу құмды немесе тығыз сұр
лаймен құралған, өсімдік қалдықтарымен әлсіз жабылған, аралдардың түбі
тасты аздаған бөлімі құмды. Бесінші топқа Эмел мен Қатынсу өзендерінің
сағасына жақын теңіз бөлімдері,Жарбұлақ шығанағы, Онағаш, Қарасу және тасты
аралдар жатады.
Зерттеулерге жағалаулар, сонымен қатар қамыстың әртүрлі өсінділерімен
және суға батып өсетін өсімдіктермен жағалаудан алыс акватория бөлімдері
қамтылды. Су тереңдігі әр түрлі бөлім аудандардағы бақылауларда 1.5-тен 3.8
м. дейін жетті.
Сасықкөл көлі - көлемі жағынан екінші көл. Орташа көпжылдық дәрежесі
бойынша, әдетте, 350.5 мБС белгісін қолданады. Осындай белгіде оның ауданы
736 км² (ұзындығы – 49.6, ені – 19.8 км, ең үлкен тереңдігі – 4.7м, орташа
– 3.32) . Көл ағынды, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Тереңдік
жағалаудан біртіндеп ұлғаяды, ең жоғарғы – шығыс бөлігінде. Түбі тегіс,
батыстан шығысқа қарай аздап еңістеу. Көлдің жағалау сызығы қатпарлы.
Оңтүстік – шығыста жартыарал Аралтөбе беріледі,екі терең сулы шығанақ
Бөрген мен Жартас түзетін 12.
Сасықкөл көліне үш ағын сулары құйылады: оңтүстік – шығыста Тентек
өзені, солтүстікте – Қаракөл өзені, батыста – Ай өзені. Негізгі ағыс Ай мен
Қаракөл өзендері, су аз жылдары булану мен өзенің төменгі транспирациясына
жұмсалады.
Сасықкөл көліндегі су деңгейінің көтерілуі наурыз айында басталады
(сирек сәуірде). Жылдық жоғарлау мамырда байқалады. Жаздық – күздік
деңгейінің төмендеуі қазан – қарашаға дейін жалғасады. Жылдық амплитуда
деңгейі 50-ден 98см-ге дейін өзгереді, орташа 68см 13.
Сасықкөл көлі тұздылығынан бірегей деуге болады, үш негізгі биотопқа
бөледі: сұр лай (көл шұңқырындағы ең төменгі бөлігі, су акваториясының 61%-
і), құмды лайлы (судың таяз жерінен тереңдігіне дейін 1.5-2.0м) және құм -
акваторияның 20-30%-і, құм – лайлы биотоп алдыңғы екеуінің ортасында
орналасқан және өтпелі болып келеді 11. Бұдан басқа қосымша жүйедегі
акватория зерттелді, жоғары сатылы су өсімдіктерінің қалың өсуімен
сипатталады. Грунт қара балшықты күкіртсутектің иісімен.
Басқа да ең маңызды балықтардың көбейюіндегі абиотикалық факторға
гидрологиялық режим кіреді. Әр жылда негізгі су ағысы атырауда оң немесе
сол тармақтан өтеді, бұл балықтардың атыраудағы әртүлі орналасуын, осы
немесе басқа өрістеу бөлімін қолданғанын және олардың жайылым ареалдарына
орын ауыстырғанын анықтайды.
Табиғи режимде ең жоғарғы су шығыны көптеген өзен бассейндерінде мамыр
айының басында байқалады, одан кейін су тасқынының салыстырмалы ақырындап
толқынның төмендеуі жүреді, маусым айының ортасына дейін жалғасады, қар
қорының мөлшеріне және қар еруінің қарқынына байланысты. Бұл осы жерде
мекендейтін көптеген балық түрлерінің өрістеуіне жағдай жасады 14.
Тентек өзенінің ағысын қалыпқа келтіруге байланысты, дауалдағы судың
айтарлықтай бөлігімен жер суару, су тасу кезеңі айтарлықтай қысқарды. Одан
басқа су тасқыны қалай тоқтаса солай жыралардағы ағын баяулайды, жоғарғы
сатылы су өсімдіктерімен жабылады, қамыс қалқымаларымен толып, нәтижесінде
оттегі мөлшері төмендейді. Су атырауларындағы гидрологиялық режимнің
бұзылуы балықтарды бұл ауданнан кетуіне мәжбүрлейді. Су аз жылдары су
тасқынының қысқаруы балықтардың көбеюіне кедергі келтіреді, әсіресе сазанға
15. Зерттеу нәтижесінде Тентек өзенінің атырауындағы балықтардың қалыпты
көбеюінің және өрістеуінің шетеуші факторы гидрологиялық және
температуралық режим болып табылады. Су температурасының төмендеуі өрістеу
уақытын кейінге ысыруы мүмкін, көлдегі қосымша жүйелерінің айтарлықтай шөп
басуынан және гидрохимиялық режимнің нашарлауының салдарынан сазан
өрістемейді.
Қошқаркөл көлі Сасықкөл мен Алакөлдің арасында орналасқан. Көлдің
ауданы (орташакөпжылдық дәрежесімен белгілегенде 349.8мБС) – 120км²
(ұзындығы – 18.3, ені – 9.6км, ең үлкен тереңдік – 5.8м, орташа – 4.07).
Көлдің формасы элипстәрізді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған,
ағынды. Көлдің жағалау сызығы аз жырымдалған. Көл тереңдігі біртіндеп
ұлғаяды, ең жоғарғы тереңдік оңтүстік – батыс бөлігінде. Түбі тегіс.
Қошқаркөл көлінің түбіндегі қалдықтар бәрі дерлік бірдей. Бұл жерде үш
негізгі биотоп бөлінеді – құмды-лайлы, құмды және сұр лай. Сұр лай биотопы
көл шұңқырының ең төменгі бөлімін алады – акваторияның 62%-і. Құмды биотоп
судың таяз жерінен басталып 1.5-2м тереңдікке дейін созылады, оның ауданы –
акваторияның 20-30%-і. Құмды-лайлы биотоп өтпелі болып келеді.
Қошқаркөл көлінің өз ағыстары жоқ, негізінен Сасықкөл көлінен
қоректенеді, фильтрация жолымен жағалау толқыны және беткі құйма арқылы.
Сасықкөл деңгейінің төмен кезеңінде беткі ағыс тоқтайды. Көл ағысы Ұялы
ағысы арқылы Ұялы өзеніне одан ары Үржар өзеніне т.б. ағыстар арқылы
жүзеге асады 10.
Сасықкөл мен Қошқаркөл көлдерінің жылулық режимі ұсақ суқоймаларға тән
болып келеді. Көктемгі – жазғы судың жылуы наурызда басталып маусымның
екінші жартысына дейін жалғасады. Мұздан тазару кезеңінде су температурасы
1-3-тен 7-10º-қа дейін ауытқиды, жоғарғысы шілденің аяғында аталады (28-
29º). Бірінші мұз қату қарашаның аяғында көрінеді, қату процесі 7-11 күнге
созылады. Мұздың ең үлкен қалыңдығы ақпанның екінші жартысында жетеді
(орташа 60-62 см). Ақпанның соңы – наурыздың басында мұз жабындысының күші
азая бастайды. Сәуірдің басында көл түгелдей мұздан тазарады 14.
Су биотоптарында ( ст. К5және К6), су өсімдіктерімен жабылған жерден
ары қосымша жүйелерде маусым айының басында, диоксидті көміртектің өте
жоғары концентрациясы 52.8-61.6 мгдм³-ге дейін табылды, бұл осы бөлімнің
жоғарғы температурада құрылымы тығыз өзгеріс жүріп сазға айналғанын
көрсетеді. Осы станцияда судағы оттегінің ең төменгі концентрациясы – 4.7-
5.7 мгдм³ тіркелді. Басқа станциялардағы суларда оттегі режимі
гидробионттар жағдайына жеткілікті болды – 8.3-тен 10.2 мгдм³ дейін.
Жалаңашкөл көлі – Алакөл суқоймалар жүйесіндегі мөлшері жағынан
төртінші. Судың беткі ауданы – 37.5 км², ұзындығы – 9 км, ені – 5.8 км.
Жағалау сызығы тегістеу. Жағалау төмен, орнына қарай сазды, қамыспен
жабылған. Лай сұр, майтектес, кейбір жерде қара өсімдік қалдықтарымен.
Көл қоректі негізінен грунт суларының есебінен алады. Суы көп жылдары
көл суларын жағалау су тасқыны арқылы Жаманөткел жырасымен Алакөлге қарай
жібереді. Көлдегі су деңгейінің көтерілуі наурыз айында басталады. Жылдық
жоғарлау сәуір – маусымда байқалады. Күзгі – қысқы деңгейінің төмендеуі
қазан – қарашаға дейін жалғасады. Су деңгейінің жылдық амплитудасы 42-89 см
13.
Жаланашкөлдегі көктемгі – жазғы көлдегі судың қызуы ақпанның аяғы мен
наурыздың басы. Су температурасы мұздан тазару кезеңінде 1-3-тен 7-10º- ға
дейін ауытқиды. Ең жоғарғысы – маусымның аяғында белгіленелі – шілденің
басында жағалауда 24-26º- қа жетеді, бұны осы суқойманың грунт суымен
қоректенуінен деп түсіндіру керек шығар. Жаланашкөл көлі 1-2 күн ішінде
қарашаның басталуына дейін қатады. Ақпанда мұздың қалыңдығы 90 – 100 см-ге
жетеді. Мұздан аршылу мен тазару наурыздың аяғында жүреді 14.

қалыптасуы.

Сасықкөл көліне алғаш жерсіндірілген.1 Мөңкені жерсіндіруде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz