Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Инфляция мәні. Әлеуметтік.экономикалық салдары және түрлері...5
1.2 Макроэкономикалық ұдайы өндіріс жүйесіндегі инфляция. Филлипс және Лаффер қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Инфляциямен күресу жолдары және әдістері. Инфляцияға қарсы саясат ... ... .26

II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
2.1 Инфляцияны Қазақстандағы ерекшеліктері мен себептері және онымен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.2 Инфляциялық процестерді басқарудағы банктік жүйенің рөлі және Ұлттық Банктің жүргізген саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.3 Инфляцияны болжау және оның көрсеткіштері ... ... ... ... ...46
2.4 Қазақстандағы экономикалық саясат және инфляция ... ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...3

I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ
ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

1. Инфляция мәні. Әлеуметтік-экономикалық салдары және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5

2. Макроэкономикалық ұдайы өндіріс жүйесіндегі инфляция. Филлипс
және Лаффер
қисығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 16

3. Инфляциямен күресу жолдары және әдістері. Инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...26

II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

1. Инфляцияны Қазақстандағы ерекшеліктері мен себептері және онымен
күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

2. Инфляциялық процестерді басқарудағы банктік жүйенің рөлі және
Ұлттық Банктің жүргізген саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..37

3. Инфляцияны болжау және оның көрсеткіштері ... ... ... ... ...46

4. Қазақстандағы экономикалық саясат және инфляция ... ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .60

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
62

КІРІСПЕ

Біздің экономикамыздың нарықтық қатынасқа ауысуы ақшаның мәнін
ұлғайтты. Ақша мәселесі халық шаруашылығын қайта құру тәжірибелік
шараларында және теориялық зерттеулерде негіз болып тұр. Сондықтан да
экономикалық баспа өз беттерінде осы сұрақтардың талқылауына назар
аудармаса, олардың маңыздылығы кемімейді. Нарықтық қатынастар
шаруашылығында инфляцияны жасанды тежеу күрт төмендейді. Сондықтан нашар,
нарыққа өтудегі шешімдерді тізбексіз қабылдау, кейбір шешімдердің дұрыс
ойланбаулылығы, барлық қиындықтарды ұлғайтады және нарықтық процестерді
күшейтеді.
Көптеген елдердің тәжірибесі бір орталықтанған жоспарланудың ұзақ жұмыс
істеуі, әдетте, материалдық және ақша ағымдарының тиімділігінің бұзылуына
әкеледі.
Қазіргі таңда еліміздегі ең бір актуалды проблемалардың бірі - инфляция
деп атауға болады. Инфляция процесінің Қазақстандағы белең алып немесе
керісінше бой көтермеуі өте қатты толғандыратын экономикалық мәселелердің
бірі болды.
Инфляция тек Қазақстанның проблемасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл
дүниежүзі елдерінің проблемасына айналып отыр (мысалы инфляция Ресейде №1
экономикалық проблема болып табылады). Нарықтық экономикадағы барлық
елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негативті жақтары инфляция болып
табылады. Тиімді нарықтық шаруашылық құру мақсатында жүйелік қайта құрылу
процесі жүріп жатқан экономикасында бағаның өсу проблемасы өте ауыр болады.
Сондықтан да, мен осы дипломдық жұмысымның тақырыбын инфляцияға
арнадым.
Бұл дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде тікелей инфляцияның
экономикалық сипатына барынша талдау жүргізіп, соның ішінде, инфляцияның
мәні мен әлеуметтік – экономикалық салдарын, инфляцияның формасы бойынша
жіктелуіне анализ жасалынды. Одан әрі макроэкономикалық деңгейдегі
инфляция, инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысын Филлипс қисық сызығы
арқылы көрсеттім. Бөлім соңында экономикалық дағдарыс кезіндегі инфляция
процесімен күресу жолдары жәйлі аталып өтілген. Мысалға, инфляциямен күресу
жолдарының бірінші кезектегі шараларына:
- елді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- халық шаруашылығының күйзелген инвестициялық өндірісін қайта құрып,
қалпына келтіру;
- кәсіпорындарды жөнге келтіру;
- тұтыну нарығын тұрақтандыру;
- мемлекеттік саясатты меншіктік экспорттық қызметіне бақылауды
енгізу.
Ал екінші бөлімде, инфляцияның Қазақстан экономикасындағы
ерекшеліктері, онымен күресу шаралары және оған Қазақстанның Ұлттық Банкі
қандай шаралар жасағандығы жайлы және соңғы кездегі ТМД елдеріндегі
экономикалық өсуі мен инфляция қандай деңгейде екендігін кесте түрінде
көрсеттім. Сонымен қатар инфляцияны болжау туралы қарастырылған. Екінші
бөлімнің аяғында, инфляцияның Қазақстандағы 1991-ші жылдан бастап, қалай
өзгереді, қандай жағдайда болғандығы және оған Қазақстан Ұлттық Банкі
қандай шаралар қолданды, қазіргі уақыттағы инфляциялық тұрақтылыққа қалай
жеткендігі жайлы қарастырылады.
Бұл дипломдық жұмысты жазу мақсатым Қазақстандағы инфляция
процестерінің басты проблеммаларын анықтау, оны болжау мен бағалаудың
тиімділігін ашып көрсету, Қазақстанның 1991-ші жылдан бастап инфляциямен
күрескен жолдары және қалай қазіргі жағдайдағы инфляцияға жеткендігі жайлы
мәселелер қарастырылады.
Бөлімнің соңында тұтыну рыногындағы баға деңгейі мен баға динамикасы,
яғни азық-түліктік тауарлар мен азық-түліктік емес тауарлар және қызмет
көрсету бағаларының индексі жәйлі 1999-2004 жылдардағы статистикалық
мәліметтер көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы статистикалық
агенттігінің – 2005 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы (квартал)
инфляция деңгейінің көрсеткіштері туралы қосымша материалдан көруге болады.

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ
ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

1. Инфляцияның мәні. Әлеуметтік – экономикалық салдары және түрлері

Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда инфляция ( латын сөзінен
аударғанда inflatia - қампию, қабыну ) деген ұғым капитализмнің кеселі
ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының
болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету
механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды
біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі – қоғамдық
ұдайы өндірістің барлық факторларына байланысты сан алуан себептерден
туады. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және
с.с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды
қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз
ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырды. 1, 172 б.
Инфляция адамзат тарихындағы жаңа құбылыс емес . Оның бай тарихы
бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс
доллардың құнсыздануына әкеп соқтырды. Франция 1789-1794 жылдары революция
кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғаш рет инфляция деген ұғым АҚШ-та Азамат соғысы кезінде 1861-1865
жылдары ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына
байланыста қолданыла бастады. Ал соғыстың соңғы екі жылында доллардың сатып
алу мүмкіндігі 60 %-ке дейін төмендеді . ХIX ғасырдың бас кезіндегі
Англияның Наполеонға қарсы соғысы, 1789-1791 жылдағы Француз революциясы.
Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан Германияда инфляция жоғарғы қарқынға
жетті. 1923 жылдың кезінде айналымдағы ақша массасының мөлшері 496
квинтиллион рейхсмаркаға жетіп , ал ақша массасы триллион есе құнсызданды
[23;120.]. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляцияның бұрыннан келе
жатқан феномен (айрықша құбылыс) екенін дәлелдейді. 2 , 67 б.
Енді инфляция дегеніміз не? осы сөздің басын ашып алайық. Инфляцияның
мәні – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік –
экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының
нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны
білдіреді. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол
мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез-келген
экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың
салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен
мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қайта бөлуге
тірейді.
Инфляцияның жалпы әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі . Инфляция тауар бағаларының өсуінен
көрінгенімен , ол тек ақшаға ғана тән ғажайып құбылыс емес. Ол күрделі
әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі
саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестігінің бұзылуы. Қоғамдық ұдайы өндірістің
пропорциясын стихиялық реттеу, соның ішінде ақшаның қор жинау қызметінің
механизмін атқару кезінде қалыптасқан айналым саласында, алтын
монометализмі жағдайында инфляцияның созылмалы ретінде дамуына кедергі
жасалды. 3, 407 б.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі
аясында болғанымен , оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар- ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуы нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның қозғалысын
шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес
факторлар жатады. Олар : қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының
үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің
экономикалық саясаты , оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы
экономикалық іс-шаралары және с.с. факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір-бірімен тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетілген қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы
көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт ақшаның тауарды
қууы деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша массасы
теңдігінің бұзылуы. Мұндай диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет
қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар массасының аздығына
қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп
шығаруынан болады.
Инфляциядан кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның
маңыздылары болып мыналар болып саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы,
оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жәй қағаз ақшалар
шығарылады.тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары,
әсіресе әскери шығындар.
Сұранысты ұсыныстан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде
бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын
арттырмай-ақ жоғары баға қою және қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік
беретін монополиялық үстемдік жағдайы , жалақының өсуінің еңбек
өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер
мемлекеттік бюджет тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі
артық ақша эмиссиясына (эмиссия – айналысқа ақша және бағалы қағаздар
шығару) жағдай жасайды.
Инфляция пайда болу себептеріне – біріншіден, мемлекеттік бюджет
тапшылығында көрсетілген кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігінің болмауы.
Ол мемлекет тапшылығынан көрінеді. Егер тапшылық Орталық эмиссиялық
банкісінен қарыз арқылы қаржыландырылса, онда айналыста ақша массасы
көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайларда да бағалардың инфляциялық өсуі болады. Әсіресе,
экономиканы милитаризацияландырумен байланысты инвестициялар қауіпті
болады.
Экономиканы милитаризацияландыру соғыс мақсатына бейімдеу. Бұл
бюджеттің шығынын көбейтеді, мұнда азаматтың өнім шығаратын ресурстар
пайдаланады, мұндағы жұмыскерлер тек сұранысты көбейтеді, ал ұсыныс тауар
жасамайды.
Осылай ұлттық пайданы әскери мақсатқа пайдалану – қоғамдық байлықты
текке шығынға ұшыратады. Әскери шығындар мемлекеттік бюджеттің тапшылығының
себептерінің бірі болып табылады және осы шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
әкеп соғады.
Үшіншіден, ақша айналымының дұрыс болмағандығынан , яғни айналымдағы
ақшаның көлемі , саны тауарлармен қамтамасыз етілмеген. Бұл Ұлттық банкінің
айналымға ақшаны тым көп шығарғанның салдарынан болады.
Төртіншіден, баға деңгейінің өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Қазіргі нарық – олигополиялық нарық. Ал
олигополист(жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Жетілмеген бәсеке бағаның жоғарғы деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен
тауар ұсынуды қысқарту арқылы, дефицит (тапшылық) жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады.
Бесіншіден, жалақының өсуі, ол бағаның өсуіне әкеледі. Жұмыссыздық
деңгейі төмендесе, онда баға және жалақы өседі. Филлипс қисық сызығы
жұмыссыздықтың, инфляцияның, бағаның, жалақының өсуінің жылдық қарқынының
өзара қатынастарын бейнелейді.
Алтыншыдан, өндірістің материалдық шығынының өсуі, бұл бағаны
жоғарылатады. Мұның екі бағыты бар:
1) Экономиканың шығындылық сипаты(бұрынғы КСРО). Жоспарлау жүйесінде
өндірушілер өнімнің өз құнын өсіруге тырысты, өйткені ол бағаны
өсіреді.Сондықтан, өнімді шығару үшін, қымбат материалдарды пайдаланады.
2) Материалдық шығынның өсуі табиғи факторларға байланысты. Айталық,
жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қымбатқа түсуі, шахтаның тереңдігі,
жер қабатының қаттылығы.
Жетіншіден, ел экономикасының ашық болуы, оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылыққа тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі туады.
Келесі себебі, инфляция өзін-өзі қолдау қасиетіне ие болады. Бұл қасиет
инфляциялық күтімдерден туады. Инфляцияның себептері көптеген мемлекеттерде
кездеседі. Бірақ бұл процестегі әр түрлі фактордың құрамдастырымы нақты
экономикалық шарттарға тәуелді болады. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Еуропада инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда
болды. Келесі жылдары инфляциялық процестерді дамытуда мемлекеттік
шығындар, баға-жалақы ара қатынасы, инфляцияны басқа мемлекеттерден көшіру
және т.б. факторлар негізгі рөл атқарады. Бұрынғы Кеңес елдерінде соңғы
жылдары инфляцияның негізгі себебі әкімшіл-әміршіл жүйенің әсерінен
экономикада келіспеушілік болды. Кеңестік экономиканың негізгі белгілері
әскери уақыт тәртіптемесінде ұзақ уақыт дамуы, жалпы ұлттық табыста әскери
шығындардың шамадан тыс болуы.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция
әсерін күшейтеді: несиені, өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар
ұсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты – тауарларды
шығаруға және сатуға; ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге
әсер етеді.
Инфляция - өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-
бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен
коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын
күрделі, әрі көп факторлы құбылыс.

Инфляцияның әлеуметтік–экономикалық салдары

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және
мынадай жағдайларға әкеп соғады. Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты
қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар
арасында қалай болса солай және болмасыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан) мемлекет
тарапынан қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын
мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты
ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты
түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.
Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға
монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан
банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сенъораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған
ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сенъораж халықтың
өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы
инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты
табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы
топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады.
Процент ставкасы өзгермей тұрақты болса, күтпеген инфляцияның
нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын
азайтуды көздеп, банктер қарыз процентінің ставкасын жоғарылатады. Осы
жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация
ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ-нің нақты көлемін азайтады және инфляцияны
жандандыра түседі.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен пайда өседі. Инвестициялар
қысқа мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі
құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы
өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен
қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы баға өсуінің шамамен жоғары
қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның
нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және
тауар өндірушілер ойсырайды.
Бесіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі.
Алтыншыдан, жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда қызмет ететін
экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп,
оның (халықтың) көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді.
Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің төлемі
және оның стимулы болып табылады.
Жетіншіден, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік
бермейді. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі және
жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды
Сегізіншіден, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады. 4, 51 б.
Инфляция тұтыну бағалары индексі арқылы өлшенеді. Баға индексі базалық
кезеңге қарағанда, бағалардың жалпы деңгейін анықтайды.
Баға индексі – инфляция теңдігінің болмауын немесе болуын көрсететін
көрнекті және бас көрсеткіштердің бірі. Тұтыну баға индексін келесі формула
арқылы көрсетуге болады.

(1)

Мұндағы: АЖТҚБ- ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы;
БЖТҚБ- базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы.

Тұтыну бағалары индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
- баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
- баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140 %. Демек, ағымдағы жылдағы
бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық
құнсызданды;
- баға индексі 100%-дан кіші, айталық 80%-ға тең , яғни ағымдағы
жылдағы баға базалық жылдағы бағаға қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл
дегеніміз дефляцияның болғанын, баға деңгейінің төмендегенін білдіреді.

Инфляция түрлері

Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді.
Мұндағы негізгі себептер :
- Мемлекеттік тапсырыстың ұлғаюы, әскери шығындардың өсуі, яғни әскери
техниканы азаматтық салаларда пайдалану қажеттілігінің нәтижесінде ақша
баламасы айналыс үшін артық болып қалады, мемлекеттік бюджет тапшылығы және
ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді
міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде
мемлекеттің ішкі қарыздары артады.
- Импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сату барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валстіне ұлттық валнауы.
- Ауыр өнеркәсіп саласында өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
- Несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық
банкттермен үкіметке беретін несиелер көлемінің ұлғаюымен сипаттайды.
- Толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына
сұраныстың өсуі өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар
әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарлауы,
жалақының өсуі және тағы басқалары. 5 ,44 б.
Мұндай жағдайларда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен
өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады.
Басқаша айтқанда төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап
болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Инфляция формасы бойынша бірнеше түрге бөлінеді:

Инфляциялық процестің сипатына қарай : ашық, басылыңқы және инфляциялық
шошыну(шоктік инфляция) болып үш түрге бөлінеді:
Ашық инфляция – мұнда сұраныс ұсыныстан басым, артық болуы салдарынан,
әр уақытта бағаның еркін өсуі байқалады. Инфляция тұтынушылардың және
өндірушілердің психологиясын өзгертеді. Баға төмендейді деген үмітпен,
тұтынушы барлық ақшаларын жинақтап, қорлай бастайды, ол бағаны төмендетеді.
Бірақ, күнделікті бағаның өсуіне тұтынушылардың еті үйреніп, оларға баға еш
уақытта төмендемейді деген ой туады, енді тек алдын ала бағаның қандай
дәрежеде көтерілуін білу, болжамдау керек. Дегенмен, өз өмір-тұрмысын
төмендетпес үшін, тұтынушы табысының денін күнделікті тұтыну тауарларына
жұмсайды. Ол сұранысты жоғарылатады. Табысты қорландыру, жинақтау
төмендейді, ал бұл несиелік ресурстарды азайтады, инвестицияны, өндірісті,
ұсынысты өсірмейді. 4 ,49б.
Ашық инфляция механизмінің негізі шығын мен бағаның өзара байланысында
жатыр. Шығын инфляциясы – оның спираль(серіппе) көрінісі – жалақы-
баға. Жалпы бағаның көтерілгені өндірушілердің нақты табысын азайтады, ал
оны болдыртпас үшін, жалақыны жоғарлату керек. Бұл шығынды көбейтеді де,
бағаны өсіреді. Бұл жағдай шығын инфляциясын тудырады.
Егер өскен сұранысты өндірушілер, өндірісті қанағаттандыру үшін
мүмкіншілігі болмаса, ұсыныс пен сұраныстың өзара сәйкессіздігі инфляцияны
ұлғайта береді. Ол бағаны, мемлекеттің шығынын (зейнетақы, оқуға, ғылымға
және тағы да басқа мемлекеттік шығындар) өсіреді. Бұл құбылысты сұраныс
инфляциясы дейміз.
Салық инфляциясы дегеніміз – мемлекет пайдаға салықтың деңгейін,
процентін өте жоғары бекіткен уақытта, өндірушілердің өнімді көп шығаруға
ынталығы төмендейді, олар бағаны көтеруге мәжбүр болады.
Басылыңқы (жабық) инфляция – мұнда бағаға жаппай мемлекеттік бақылау
және реттеу жүргізіледі. Бақылау әдістері әр түрлі, мысалы: бағаны және
табысты, жалақыны бұрынғы деңгейден өзгертпей ұстау, болмаса олардың
өсуінің жоғарғы шегін белгілеу, кейбір уақытта жалақының өсу деңгейін еңбек
өнімділігінің өсуінен асырмау. Бұл рынок механизміне қолайсыз. Бірақ бұл
дұрыс, қажетті деп есептеледі, егер олар экономикалық негізделген болса,
рынок механизміне зиян келтірмесе, инфляцияны жойса.
Басылыңқы инфляция (жасырын инфляция) – ол тауар тапшылығында, өнімнің
сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, бартерлік айырбастың
дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабіліті бар
құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған
жағдайда тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік баң тепе-теңдік
батап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдай ұзақ
уақыттан бері біздің экономикаға тән болып отыр. 1 ,176.
Инфляциялық шошыну (шоктік инфляция) – бір мезетте баға кенеттен өсіп
кетеді. Ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне кері әсерін тигізеді. Бұл
да егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының
құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет
көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық
келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты
жағдайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляциялық күтуді одан әрі
арандатып бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляциялық
күту басталмаған жағдайда орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көз -
қарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс , ол
төмендейді деген үмітпен тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар
сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады.
Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында
өзінің тепе-теңдік қалпына келеді.
Экономикадағы қамтитын аумағына байланысты инфляция жергілікті
(локальды) және дүниежүзілік болып бөлінеді.
Жергілікті (локальды) инфляция – мұнда баға бір ғана елдің шекарасында
өседі.
Әлемдік инфляция – кейбір елдер топтарының немесе ғаламдық экономиканы
түгелдей дерлік қамтиды. 6 , 221 б.
Бағаның өсу қарқынына байланысты: баяу, қарқынды және ұшқыр
(гиперинфляция) инфляция болып үш түрге бөлінеді.
Баяу инфляция – бұл кезде баға жай өседі де ақша негізінде өз құнын
сақтап қалады, яғни жылына 10%-ке дейін өседі. Халық та, мемлекет те
төтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3%
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. 1 ,175 б.
Экономикалық теория, мысалы: кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық
даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық жүргізуші
субъект деп есептейді. Мұндай жағдайда инфляция өндіріс пен сұраныстың
өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді. 3
,40 б.
Қарқынды инфляция– бұл кезде баға жылына 10-20%-тен 200-300%-ке дейін
өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп
соқтырады. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Мұндай баға қарқыны біршама
ауыр әлеуметтік – эконоикалық зардаптарға соқтырады. Келісім-шарттар,
контрактілер бағаның өсуімен байланыстырылады. Ақшаның затқа, тауарға
айналуы тездетіледі, бұрынғы дәрежелі процентпен қарызға ақша берілмейді.
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция) - бұл кезде айналымдағы ақшаның саны мен
бағаның өсуі астрономиялық қарқында болады, яғни 500%-тен 1000% -ке дейін
және одан да жоғарғы қарқынмен өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап ,
бай адамдардың тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр
инфляцияның таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда
-3400%, 1990 жылы Аргентинада-2000% -ті құрады.
Егер ұшқыр инфляция дер кезінде тоқтатылмаса, онда ол экономикалық
жүйенің құлауына әкеп соғады.
Халықаралық валюта қорының бағасы айына 50%-дан өссе, оны ұшқыр
инфляцияның ішіндегі – аса ұшқыр инфляция (суперинфляция) деп атайды,
экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы
бағаның инфляциялық өсуі стагфляция деп аталады. 2 , 70 б.
Сонымен қатар экономистер инфляцияны негізгі екі түрге бөледі: сұраныс
және шығын(ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс
шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап
бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның
өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады.

Баға
деңгейі(Р)
Классикалық кескін
Аралық кескін 3-
кескін
(2-кескін)

(1кескін)

Кейнс
кескіні
0 Өндіріс
көлемі(Q)
Q1 Q Q2

Сурет1. Нақты ішкі өнім және жұмыспен толық қамтылғандар

Баға деңгейі және жұмыспен толық қамтылғандар. Жиынтық шығын көбейген
кездегі баға деңгейі жұмыспен толық қамтылғанша өсе бастайды. Белгілі бір
кезеңде қосымша шығындар таза инфляциялық болады.
1-кескін. Бұл кескінде жиынтық шығын көгсетілген, яғни тұтыну бағасының
шығындары, инвестициялар, мемлекеттік шығындар және таза экспорт өте аз,
өйткені жалпы ішкі өнім ең жоғарғы деңгейінен төмен жұмыссыздық деңгейі өте
жоғары, ал өндіріс жұмыс істемейді.
2-кескін. Сұраныс көбейген кезде экономика екі кескінге жылжиды. Толық
жұмыссыздықпен қамтамасыз етілу деңгейіне келеді, содан кейін одан да асып
кетеді. Өндіріс ұлғайған сайын материалдық ресурстар көбейеді. Болашақта
жалданған жұмысшылардың саны көбейген сайын, әр жұмысшының орташа өндіріс
көлеміне қостаын үлесі азая түседі. Нәтижесінде жұмысшыларға байланыста
шығындар көбейеді, соған орай бағалар өседі. Ал жұмыспен толық қамтамасыз
етілуге жақындаған кезде, фирмалар біліктілігі төмен жұмысшыларды ала
бастайды. Бұл шығын мен бағаның көтерілуіне ықпалын тигізеді.
3-кескін. Бұл кескінде экономика қосымша ресурстарды қамтамасыз ете
алмайды. Ішкі өнімнің шынайы көлемі өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетеді,
алдағы сұраныстың ұлғаюы тек қана бағаның өсуіне алып келеді. Инфляция өте
жылдам өсе бастауы мүмкін, өйткені жиынтық сұраныс ортаның тауар өндіретін
және қызмет көрсету абсолюттік мүмкіндігінен жоғары. 2-ші кескіндегі
сұраныс инфляциясы 3-ші кескінде сұраныстың таза инфляциясына айналады.
Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы. Шығын көлемі өзгеруінің және
нарықтық ұсыныстың нәтижесінде де инфляция пайда болуы мүмкін. Жиынтық
сұраныстың артпағанына қарамастан, соңғы жылдары баға деңгейі өсті.
Орташа шығындарды мынадай тәсілдермен шығаруға болады: өндірісте
қолданылатын ресурстардың жалпы шығынын өндірілген өнімнің көлеміне бөлу
керек, яғни:

Орташа шығын = (2)

Орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады, ал
фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен ұсынуға дайын. Нәтижесінде
барлық экономика аумағында тауар ұсынысы мен қызмет ұсынысы азаяды. Бұл
ұсыныстың азаюы баға деңгейінің өсуіне әкеп соғады. Соған орай, шығындар
бағаның өсуіне итермелейді, ал сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуіне
сұраныс әсер етеді. 7 , 45 б.
Сонымен, инфляция қоғамдық жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
арасындағы сәйкестіктің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық
теориясының айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынтық сұранысты ақшаның
ұсынысы мен оның айналым жылдамдығының көбейтіндісі деп, ал жиынтық
ұсынысты шығарылған өнімнің физикалық көлемі мен баға дәрежесінің
көбейтіндісі деп тұжырымдауға болады. Жиынтық сұраныстың өсуін тудыратын,
ақша массасының көбеюінің бірнеше себептері болады : экспансионистік қаржы
саясаты, мемлекет саясаты, бюджет тапшылығын баспа станогі арқылы өтеу,
несиені көбейту тәртібі, инвестициялық бум, тұтынушылар талғамындағы
құрылымдық өзгерістер және басқалар.
Экономикадағы бағаның өсу қарқынына, ұтымды бейімделуіне байланысты,
инфляция балансталған (теңдестірілген) және баланстырылмаған
(теңдестірілмеген) болып бөлінеді.
Балансталған инфляцияда – бағалар орташа және тұрақты болып өседі.
Басқа макроэкономикалық көрсеткіштер сәйкестікте өзгеріпотырады.
Баланстандырылмаған инфляцияда тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл
бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере
алмайды.
Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық
импульстарға байланысты, импортталған инфляция және экспортталған инфляция
болып бөлінеді. Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық
тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
Жоғарыда инфляция түрлерінің бір-бірінен ерекшелігін атап өттік,
сонымен қатар бұрынғыға қарағанда қазіргі инфляция біраз ерекшеленді. Егер
инфляция бұрын бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі кезде бұл процесс
елдің бүкіл жерін қамтиды. Егер инфляция бір мезгілде ғана жүрсе , қазіргі
кезде ол көп уақытқа дейін созылатын құбылыс.
Инфляцияның басты ерекшелігі – қоғамдық ұдайы өндірістің барлық
факторларына қатысты сан-алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда,
инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.

1.2 Макроэкономикалық ұдайы өндіріс жүйесіндегі инфляция. Филлипс
және Лаффер қисығы

Инфляция макроэкономикалық теңсіздіктің екінші формасы болып табылады.
Елде мемлекеттің монополистік капитал (ММК) – нарықтың фискалды формасы
дамыған елде инфляция ашық көрініс береді: айналыстағы ақшаның артуы
әсерінен нарықтық бағаның тауарларға көтерілуі. Мемлекеттік монополистік
капитал – тоталитарлық формасы елдерінде инфляция жасырын түрде дамыды.
Оның көріну формасы ретінде тауар тапшылығының өсуі, қара базар, жасап ,
тығып сатуды айтуға болады.
Экономиканың түпкілікті қайта құрылуында жасырын, басылыңқы инфляция
ашық формаға өтеді. Сөйтіп қоғ鐜䏶ﺳ蝠놞菷쌓刣ну қаупіне әкеледі, яғни
бағаның кенет көтерілуімен байланысты болады. Алайда ол ашық инфляцияға
өткенде белгілі мәнде алғашқы инфляцияға қарсы шара болып табылады. Сол
арқылы нарық макроэкономикалық ұдайы өндіріс тепе - теңдігін ақша
массасының артықшылығы кезінде тұрақтандырады. 8 , 196 б.
Инфляция тудыратын себептерге байланысты үш түрге бөлінеді:
1) Сұраныс инфляциясы;
2) Ұсыныс инфляциясы;
3) Құрылымдық инфляция.
1) Сұраныс инфляциясы оның өсу кезіндегі нарық бағасының өсуіне
байланысты.

Р LAS AS

Р2
e2

AD2

Р1 e1

AD1
0
Y1 Y2
Y

Сурет-2.Сұраныс инфляциясы

Экономка қоғамдық өндіріс факторын пайдалануға жақын деңгейде жұмыс
істеп тұрса тұрғындардың жұмысбастылығын табиғи деңгейге дейін көбейту үшін
және қоғамда табыс өндірісін көтеру үшін мемлекет айналыстағы ақша массасын
ұлғайту арқылы нарықтық сұраныс туғызады. Нәтижесінде 2-суретте көріп
отырғанымыздай AD1 қисығы жоғары оңға AD2 қисығына қарай жылжиды. Кірісті
өндіруінің тепе- теңдігі жұмыссыздықтың табиғи нормасы кезінде У1 –ден У2
–ге жылжиды, ал бағалар Р1 –ден Р2 –ге жылжиды. Мұндай бағаның инфляциялық
өсуі жұмыссыздықты табиғи қалпына келтіріп, қоғамдық табыс өндірісін
көбейтеді.
2) Ұсыныс инфляциясы – графикалық түрде оның қисығының жоғары солға
жылжуымен көрсетіледі. Бұл кезде тауар мен қызметтердің шығарылуы қоғамдық
өндіріс факторына вертикальды жүруі шекарасынан шығып, өндіріс шығындарын
көтерген. Оны сурет-3тен көруге болады.

P LAS
AS2

AS1

P1
e2

Р2
e1

0
У
Y1 Y2

Сурет-3.Ұсыныс инфляциясы

Өндіріс жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің шекарасынан тыс жағдайда
болса, онда жұмыс күшіне және басқа факторларға бағаның өсуі қайтарымсыз
болады. Бұл өз кезегінде жалпы шығынды көтереді. AS1 қисығы ұсынысы жоғары
солға AS2 қалпына жылжиды. Бағаның инфляциялық өсуі Р1 –ден Р2 –ге дейін
орын алады. Сөйтіп бұл жағдайда инфляцияның қоғамдық өндіріс факторларын
пайдалануынан көрінетін тұрғындардың еңбек жұмысбастылығын және қоғам
табысын өндіруді тепе- теңдікке келтіру формасында болады және осындай
қалыпты инфляцияда ұдайы өндіріске қауіпті ештеңе жоқ.
1973- 1975 жылдары инфляция ұсынысын тудырған, мұнайға әлемдік бағаның
көтерілуімен байланысты дамыған елдер экономикасының төмендеуі кезінде
байқалды. Мұндай бір уақытта жұмыссыздық пен бағаның көтерілуі – стагфляция
деген атқа ие болды.
Ұсыныс пен сұраныс нарықта тығыз байланыста болады. 9 , 256 б.
Ағылшын экономисі Артур Филлипс 1958 жылы жұмыссыздық деңгейі мен
орташа жалақы өсуінің арасында байланысты көрсететін сұланыс инфляциясының
графикалық моделін ұсынды. Өзінің зерттеулерінде ағылшын статистикасының
көрсеткіштерін қолдана отырып, 1950–1960 жылдар арасында жалақының
белгіленген мөлшері мен жұмыссыздық деңгейінің арасында кері байланысты
көрсететін қисықты тұрғызды.
Біраз уақыттан соң бұл байланыстан американ экономистері П.Самуэльсон
мен Р.Солоу, Филлипс қисық сызығының инфляция мен жұмыссыздық арасындағы
байланысты көрсетті, яғни біреуін жоғарылату арқылы екіншісін төмендетуге
болады. Осындай байланыстың себебі: жоғарғы деңгейдегі жұмыссыздықта жалақы
төменгі деңгейде орналасқан, ал бұл бағалардың өсуін бәсеңдетеді. Қисық
бойынша, А.Филлипс Англияда 2,2 – 3% - гі жұмыссыздық, бағалардың және
жалақының күрт төмендеуіне әкеліп соққанын анықтады. Сонымен мемлекет
инфляцияның өсуін жұмыссыздықпен күресуде пайдалана алады, кейін бұл
тұжырымды теориялық түрде Р.Липа дәлелдеді.
Сонымен қатар, Р.Солоу мен П.Самуэльсон Филлипс қисығының экономикалық
саясатты талдау үшін түрлендіру жасады. Олар қисықта жалақыны белгілеген
мөлшерлік тауарлық бағалар деңгейінің өсуіне немесе инфляцияға ауыстырды.
Бұл қисықтың көмегімен жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейі, өндіріс пен
баға тұрақтылығының арасындағы тепе – теңдікті есептеуге болады.

Р

Р2 С

Р3 В

Р1 А

U
U2 U3
U1

Сурет-4. Филлипс қисық сызығы

Егер үкімет U1 жұмыссыздық деңгейін (оған бағалар деңгейінің өсуі Р1
сәйкес келеді) ең жақсы (табиғи) деп қарастыратын болса, онда инфляцияны А
нүктесінен бастап сол жағында орналасқан Филлипс қисығы бейнелейді (4-
сурет).

График мемлекеттің төменгі деңгейдегі жалған жұмыссыздықты орнатудың
инфляциялық салдарын көрсетеді.
Осылай инвестицияны көбейте отырып, үкімет кәсіпорындарды, өндірісті
және өткізуді кеңейтуге түрткі бола алады, ал ол жұмыс орындарының көбеюіне
алып келеді.
Жұмыссыздық мөлшері U2 мөлшерге төмендейді, бірақ сонымен қатар,
инфляция деңгейі Р2 – ге дейін өседі. Бұндай айла экономиканың тым қызып
кетуіне және дағдарыс жағдайына әкеледі. Бұл жағдай үкіметтің несие
шектеуді, мемлекеттің бюджеттік шығындарын азайтуды және басқа да шараларды
енгізуді мәжбүр етеді. Бұндай қайтарымды әрекеттердің әсерінен бағалар
деңгейі Р3 деңгейіне төмендейді, ал жұмыссыздық U3 деңгейіне өседі.
Экономикалық реттеудің бірнеше реттік тәжірибесі, бұл тәсілдің қысқа
мерзімде қолдануға болатынын көрсетті. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5-10
жыл ) жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейіне қарамастан, инфляция өсе береді. Бұл
көптеген себептермен түсіндіріледі. Бұл себептердің арасынан жиынтық
сұранысты ынталандыру саясатын бөлуге болады.
Жұмысшылар келісілген шарттардың бұрынғы қабылдамаған шарттардан жақсы
емес екендігін түсінбегенше , жұмысбастылық өседі. Жұмысшы адамдар жұмыс
орындарының өспелі тартымдылығы инфляциядан туындаған қиял екендігін
түсінсе , жұмысбастылық бастапқы деңгейіне түседі.
Сонымен, жұмыссыздықтың ұзақ мерзімді қысқаруы болмайды, ал инфляция
қалады. Бұл өзара байланысқа соғыс жылдары ағылшын экономисі М.Фридмен
назар аударды. Ол жұмыссыздықпен жиынтық сұранысты көбейту инфляциялық
шаралар арқылы күресуге қарсы болған. Тік Филлипс қисығын М.Фридмен
тұрғызды. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейін жоғарғы деңгейде қолдаса,
инфляциялық күтімдер мен жалақыға талаптар көтеріледі. Бұл жағдайда Филлипс
қисығы жоғары қарай жылжиды. Тағы да инфляция өседі, жұмысшылардың
инфляциялық күтімдері күшейеді және олардың жалақыға талаптары да
көтеріледі. Филлипс қисық сызығының жоғары қарай жылжуы жалғаса береді.

Жұмыссыздықтың кез – келген деңгейінде, Филлипс қисық сызығы жоғары
қарай жылжиды. Ол тік Филлипс қисық сызығында көрсетілген (сурет-5):

Р

С
Р1
Р В А

U
U2 U1 U3

Сурет-5. Тік Филлипс қисығы

Инфляция тұрақты қарқында болғанда, Филлипс қисығын жұмыссыздықпен
күресуде қолдануға болатыны дәлелденді. Қисық кенет күйзеліс кезінде
орындалмайды: Инфляция қарқыны кенет өсіп, жұмыссыздықтың өсуімен
қабаттасады. Басқаша айтқанда, Филлипс қисығымен орнатылған ара қатынас
ұзақ мерзімді кезеңде орындалмайды.
Сонымен, Филлипс қисығы көрсеткен жұмыссыздық пен инфляцияның
арасындағы байланыс тіпті тұрақсыз болды. Тек солай, 1960-1970-ші жылдары
көптеген мемлекеттерде инфляциямен бірге жұмыссыздықта өсті. Осы уақытта
индустриалдық мемлекеттердің экономикасы стагфляцияға тап болды, яғни осы
экономикада бірдей үлкен жұмыссыздық (стагнация) пен жоғарғы деңгейлі
инфляция кездесті.
Жұмыссыздықтың инфляцияға айналуының болжамсыз салдарынан экономикаға
қауіпті туады. Осы жағымсыз ерекшеліктің әсерінен (инфляция мен
жұмыссыздықтың келісімге келуі), батыс елдерінің көпшілігінің басшылары,
жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл экономикада толық жұмыспен қамтылу
деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздардың бөлігі 10 , 395 б.
ХХ-ғасырдың 50-60-шы жылдардағы дамыған елдердің статистикалық
көрсеткіштерін зерттеудің қорытындысы Филлипс қисық сызығын толық растады.
Сол жылдары көптеген елдердің экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге
асырылды. Өндірісті одан әрі өсіруге және жұмыссыздықты қысқартуға
мақсатталған шаралардың орындалуы бағаның өсуін шапшаңдатты және керісінше
инфляцияның қарқыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түсті.
Филлипс қисық сызығына көзқарастың екі бағыты бар деуге болады.
Бірінші бағытта Филлипс қисық сызығы - экономикалық заң деп
қарастырылады. Бұл күшті инфляция мен жоғары жұмыссыздық бір мезгілде
болмайды деген. Мемлекеттік реттеудің инструментерін әр түрлі қолданудың
көмегімен, қисық сызықтың әр қилы нүктелеріне сай келетін, инфляция мен
жұмыссыздықтың ұштасуының қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтіп, қисық
сызықтың бойымен жоғары және төмен жылжуға болады. Қандай нүктені таңдап
алу керектігі, болып тұрған экономикалық ситуациямен және үкіметтің
әлеуметтік-саяси бағыттарымен белгіленеді.
Филлипс қисық сызығы туралы екінші бағыт – инфляция мен жұмыссыздықтың
өзара байланыстарының тұрақтылығын және үзілмейтіндігін жоққа шығарады.
Экономкада орынды темпі берілген инфляция жағдайында, жұмыспен қамтылудың
ең жоғарғы деңгейіне жетуге болады.
ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдардағы инфляция мен жұмыссыздықтың динамикасын
талдау бұлардың арасындағы байланыстың өте тұрақты еместігін айқындады.
Экономикалық дағдарыстар кездерінде баға және жұмыссыздық бірдей қосарласып
өсті. Осындай экономикалық ситуация стагфляция (инфляциямен бір мезгілде
келетін экономикалық тоқырау) немесе слампляция (инфляция мен кенеттен
келген экономикалық құлдыраудың ұштасуы ) деп аталады. Осы кезеңдегі
инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екі
қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Филлипс қисық сызығы оңға қарай жоғары
жылжиды да, енді инфляция дәрежесінің әрқайсысына жұмыссыздықтың өскен
дәрежесі сәйкес келеді немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.
11 ,317 б.
3) Құрылымдық инфляция . Инфляция туындауы себептерінің бірі
тереңде, оның үшінші формасы құрылымдық инфляциядан көрінеді.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында барлық дамыған елдерде бірден экономиканы
мемлекеттендендіру жүргізілді. Бұл кезде табыстың біршама бөлігі
мемлекеттің бюджетіне жұмылдырыла бастады. Мемлекеттік бюджет қаржының
өнеркәсіптік жеке монополиялық капитал топтары арасында бәсеке затына
айналды. Бір жағынан мемлекет жұмысшылар кәсіподағы және қызметкерлер
монополиясынан болып жатқан қысымдарға санасуға мәжбүр болды. Бұндай
монополия бәсеке нарығында мемлекет бюджеттік табыстардан өз үлесін алмаққа
ұмтылған, ұлғайып келе жатқан бюрократия қабаты көрінетін рөл атқарады.
Мұндай құрылымды монополияда бюджеттің созылмалы тапшылығы орын алады.
Мемлекет қарызы көбейеді.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың ара қатынасымен реттеп отыратын
өндіріс сурет-6 –да бейнеленген.

LAS
Р
Р4 E4

Р3 e4 E3 e4

Р2 e3 E2
e3
e2 e2
Р1 E1

Y1 Y0 Y3
Y

Сурет-6. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың ара-қатынасы

Көріп отырғанымыздай әрқашан Е1,Е2,Е3,Е4 нүктелеріндегі жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі қисығындағы тепе- теңдік жағдайға жетеді және үзіліссіз
ауытқулар е2 ,е3, е4 нүктелеріндегі тепе- теңдік емес өндіріске жасайды.
Бұндай тепе - теңдікке жету формасы созылмалық инфляциялық өсу болып
табылады.
Ақша ұсынысын жасау мен одан соң өндіріс шығынын көтерумен шығатын осы
жолды Кейнстік теория инфляцияны макроэкономикалық ұдайы өндіріске енгізді.
Басқарылатын қалыпты инфляцияға келтіретін өндіріс тепе – теңдігін
реттеудің кейнсияндық теорияда жиі кездесетін жағдай Филлипс қисық сызығына
негізделген тұжырым.

Инфляциялық салық. Лаффер қисығы

Тәжірибе жүзінде барлық елде дерлік инфляция мемлекеттік бюджеттің
тапшылығынан туындайды. Үкімет жаңа ақша шығарады, бұл салық салудың ең
ыңғайлы тәсілі. Ақшаны шығарудан түскен табыс сенъораж деп аталады. Өз
шығындарын қаржыландыру үшін мемлекет ақша ұсынысын ұлғайтады. Ал бұл ақша
мемлекеттің бір нәрселерді алуға мүмкіндік береді. Бірақ мемлекет неғұрлым
көп нәрсеге иелік етсе , халыққа қалар бөлік соғұрлым азаяды, ал, ол өз
кезегінде халықтың кедейленуіне әкеледі. Ақша санының толықтырылған қосымша
эмиссиясы нәтижесінде өзгереді. Осы өзгерісті М әріпімен белгілеп, белгілі
бір мерзімге көрсететін болсақ:

M=G-T
(3-4)

G – мемлекет шығындары;
T – салық түсімдері.

Мемлекет жаңа ақша басып шығарғанда қоғамдағы ақша қорының құнын
қысқартады. Бұл жағдай тауар бағасының өсуіне әкеледі. Бұл құбылысты
экономистер инфляциялық салық деп атайды. 12 , 285 б.
Сенъораждан түскен табыс әр елде әр түрлі. Мысалы : АҚШ-та 3%(жалпы
табыс көлемінің), Европа елдерінде 10%. Бірқатар Латын Америка елдеріндегі
негізгі табыс көзі екендігі сирек құбылыс емес.
Анализ көрсеткендей инфляциялық салық шығарылған ақша көлеміне тең
болады. Егер:
М - экономикадағы ақша көлемінің массасының бастапқы көрсеткіші болса;
П – инфляция деңгейі.
Онда: қоғам өз байлығының ПМ мөлшерін жоғалтады, яғни инфляциялық салық
ПМ-ға тең. Ұзақ мерзімді кезеңде (П) ақша массасының өсу қарқынынан
шығатындығы анықталғандықтан :

Р=
(5)
болғандықтан инфляция деңгейін:
П=
(6)

түрінде көруге болады. Бұдан шығатыны инфляциялық салық:

ПМ=
(7)

Бұл формула инфляциялық салық : бюджет тапшылығына тең екендігін
көрсетеді.
Мемлекеттік монополистік капитал системасындағы инфляция барлық қоғамда
салық салудың өзіндік бір формасы ретінде болады.
Инфляциялық салық (IT) формуласы:

IT= (8)

Формуладан көріп отырғанымыздай бағалар бөлінісінің айырмашылығының Р
– Р-1 жекелікке тура пропорционалды.
Олардың ағымдағы деңгейі (Р), ақша массасы (М), ал сатып алу қабілеті
() түрінде көрінеді.
Инфляциялық салық динамикасын Лаффер қисығы арқылы көрсетуге болады
(Сурет-7):

t

90%

75%

50%

25%
10%

0
T

T1 T2 Tmax

Сурет-7. Лаффер қисығы

Мұнда обсцисса салық массасы, ордината белгілі бір пайыз қойылым.
Лаффердің айтуы бойынша пайыздық қойылымы көтерілуінің белгілі бір
деңгейіне дейін (50 %) салық сомасы өседі. Бірақ одан кейін графикте көріп
тұрғанымыздай 75%-да салық жинау 25%-дағыдай, ал 90%-да 10%-дағыдай
болады.Бұл салықтық пайыз қойылымы белгілі шекараға дейін көтерілуі табысты
өндіруді ұлғайтуға деген түрткі әлсірейді. Бұдан соң кәсіпкерлердің табысын
жасыруы орын алады. Ал олардың салық полициясымен тәркіленіп алынуы
мемлекеттің трансакциондық шығындарын бірден көбейтіп жібереді.
Бастапқыда инфляция баға өсуі кезінде мемлекектпен алынып отырған
инфляциялық салық өседі. Алайда максимум деңгейіне жеткен кезде ол төмендей
бастайды, нәтижесінде бюджет табыстары төмендейді, бұл инфляцияның орта
қарқынынан гиперинфляцияға ауысып бара жатқанын білдіреді. Ол кезде салық
бюджетке түскен бетте-ақ құнсызданады. Бұл құбылыс инфляцияның да бюджет
тапшылығын жабу көзі ретінде шегі бар екендігін байқатады.

Инфляциялық инерция, инфляциялық күтулер

Инфляция тудырған себептерге байланыссыз, ол осы себептерге өз әсерін
тоқтатқаннан кейін де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция мен жұмыссыздық мәні, себептері мен әлеуметтік салдары
Қазіргі экономикалық теориядағы инфляция мәселесі
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Антиинфляциялық саясат және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ
Ұлттық Банктің ақша - кредит саясатының құралдары
Қазақстандағы инфляциялық процесстер
Қазақстандағы экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы
Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері
Инфляцияның мәні, түрлерi
Пәндер