Көмірсутекті шикізаттарды пайдаланудың экология-экономикалық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
КІРІСПЕ
1 ЛАСТАНУДЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
- Мұнайды өндіру және өткізу кезінде қалыптасатын қалдықтар
- Мұнай өндіру және қоршаған ортаны қорғау шаралары
- Экологиялық жағдайдың ұшқындауы және оларды шешу жолдары
- КӨМІРСУТЕКТІ ШИКІЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОЛОГИЯ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ өңдеу тереңдігінің экология-экономикалық нәтижеге әсері
2. 2 Көмірсутегі шикізатын өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға ықпалын бағалау
- Көмірсутекті ресурстарды өңдеудің экономикалық мәселелері
3 ЭКОЛОГИЯ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Табиғатты қорғау шараларын мемлекет тарапынан басқару
3. 2 Қазақстанда мұнай-газ саласының табиғатты қорғау қызметінің экономикалық механизмі
3. 3 ТШО-ның қршаған ортаға әсер ету дәрежесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда - ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп түсуде, ал олардың түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр.
Экологиялық зиянның негізгі түрлеріне: табиғи ресурстарды ластау, тоздыру, жою, бұзу, табиғи экологиялық ресурстарды бүлдіру жатады.
Қоршаған ортаны ластаудың негізгі түрлері - физикалық, химиялық, биологиялық ластау. Химиялық ластауға мұнай өңдеу жатады. Мұнай өңдеу барысында жанармай жағылған кезде қоршаған ортаға құрамында физиологиялық тұрғыдан белсенді азот, күкірт, көміртегі бар газдар шығарылады, ал олар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, тұншықтыруға, қан қысымының түсуіне әкеп соғады. Сонымен бірге, су, топырақ және атмосфералық ауа күйіндегі химиялық өзгерістер ақыр соңында жануарлар мен өсімдіктердің өзгеруіне әкеледі.
Қазақстан 2030 жылғы даму стратегиясында мұнайгаз өнеркәсібінің саласына маңызды рөл бөлініп отыр.
Мұнай химиялық және мұнайгаз өңдеу өндірістерінің дамуын тежеу көп онжылдықтарға созылып кетті, осының салдарынан республикада өңдеу объектілері шикізатты тек отын ретінде ғана пайдаланады. Өндірістің технологиялық жағдайының салдары мынаған әкеп соғады: өңдеуге алып келінген мұнайдың жартысы ғана өзінің нақты тағайындалуымен пайдаланылады, қалған бөлігі қазан отыны ретінде кетеді; жол-жөнекей газдардың көбісі кәдеге асырылмайды., олар алауда жандырылады, бұл таза экономикалық шығынға жатады және қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді.
Ластануды ескерту қоршаған ортаға ластаушы заттардың түсуін қысқарту немесе мүлдем тоқтату шаралары жатады. Табиғи қорларды оңтайлы пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты әдістерінің бірі ластануды ескерту жатады. Қазіргі кезде дүние жүзінде көбісі ластанудың салдарын жоюға қарағанда ластанудың алдын алуға тырысады. Ластаудың қайнары болып келетін өндіріс салаларының ластанудың алдын алуға тырысуының ең басты себебінің бірі, қоршаған ортаны ластау тек шығындарға алып келеді және пайданы өсірмейді.
Қазақстандағы көмірсутектерді барлау және өңдеу қарқынының өсуіне байланысты, ластануды жою әдісімен қатар оның алдын алуға күш салу керек.
Халықаралық практикада ластануды ескерту, табиғи қорғау кепілді шараларының кешенді бағдарламалары арқылы жетістікке жетеді. Осы бағдарламалардың артықшылықтары:
- Барлау және өңдеу операцияларының адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсерінің төмендеуі;
- Қалдықтарды қайта өңдеуге және көмуге кететін шығындардың азаюы;
- Экологиялық талаптарға байланысты потенциалдық міндеттемелердің пайда болуының азаюы, нормативтерды қатал қадағалау;
- Өнімділіктің және экономикалық тиімділіктің өсуі;
- Басқарушылар мен персоналдың арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы, ақпараттылықтың өсуі және персоналдың экологиялық білімділігі.
Ластануды ескертудің табиғи қорғау кепілді шараларының бағдарламасы - бұл ластанудың алдын алу әдістерін анықтау және оларды орындаудың икемді жүйесі. Қызметкерлерді үйрету және қоршаған ортаның ластануын ескертуді тиімді бағалау бағдарламаға кіреді. Бағдарламаны іске асыру кезінде қоршаған ортаның ластануын ескерту қауіпсіздік техникасы сияқты өндірістің және оның өндірістік кезеңінің бір бөлігі болуы керек.
Қазақстан Республикасында бүгінгі күнде экологиялық проблемалар туындап отыр. Әр түрлі өндірістік ластанулармен қоса жол көліктерінің экожүйеге зиян келтіруі табиғи, соның ішінде жер қойнауындағы табиғи қорларды тиімсіз қодануына әсер етуде. Ауаның, топырақтың, судың ластануы, жердің азуы және оның құрғақтануы, су қорларының азайуы және тағы басқа мемлекет алдында үлкен экологиялық проблемалар туындап отыр.
Өнеркәсіп орындарының мұнай өндіру, игеруге байланысты қиыншылықтарымен қатар мұнайға деген сұраныстың өсуімен бірге қоршаған орта жағдайы да аса маңызды орын алады. Жылдан-жылға өсіп келе жатқан энергия тұтыну мен жанармайдың экологияға әсер етуі қазіргі кезге тән құбылыс. Соның өзі экономикалық даму перспективасына байланысты экономистердің көзқарастарын өзгертті және мұнай өнеркәсібі саласында территорияны таңдаудан бастап геологиялық іздеуге дейін өзгерістер енгізді.
Соңғы жылдары мұнай өндірудің көлемінің өсуімен қоса Каспий теңізінің ластануы да жоғарылады. Алдағы 30 жыл ішінде мұнай өндіру көлемі 40-60 млрд. баррельге өспек. Өндіру кезінде, яғни жұмыс барысында 2700-ге жуық химиялық қосылыстардың түрлері қолданылады. Өндіру операцияларын, жөндеу, теңіз астындағы платформаларды авариялық жөндеу барысында шламдық массивтер құрылады, олардың құрамында мұнай, мұнайлы заттар және де химиялық заттар болады.
Каспий аймағындағы мұнай ресурстарын игерудің қазіргі кездегі алғашқы бастамасы көптеген күрделі мәселелерді шешуді талап етеді. Аномальді жоғары температуралар мен қысымды, шикізат құрамындағы күрделі қосылыстарды, шикізаттардың әрбір құрамының геологиялық ерекшілігін, яғни «іс-әрекетін» зерттеу, пластылы қысым әдісін қолдана отырып, оның нәтижесін анықтау. Бұрғылау процесі кезінде құрал-жабдықтармен нашар дамығандығы, басты кешенді салалардың шикізат көзі болып саналатын көмірсутекті қосылыстарды өндіру мен өңдеуге әсер етуін ерекше атап өткен жөн.
1. ЛАСТАНУДЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
- Мұнайды өндіру және өткізу кезінде қалыптасатын қалдықтар
Халықаралық практикада олардың басымдылығына қарай келесі тізбектілікпен ластануды ескерту және қалдықтарды басқару жүргізіледі:
- Қалыптасатын қалдықтардың көлемін қысқартуаз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны қолдануды қарастырады. Қалдықтардың құрылуын тоқтату мүмкін емес, қалдықтар минималды көлемде жиналуы керек. Персоналды экологиялық программа бойынша оқыту және ақпараттандыру қалдықтардың көлемін қысқартуда үлкен маңызы бар.
- Қалдықтарды іске асыру. Қалдықтарды қысқарту экономикалық және техникалық жағынан ылғи мүмкін емес, сондықтан қалдықтардың пайда болуын тоқтату мүмкін емес жағдайда оларды қайта іске асыру жағдайларын қарастыру керек. Өндірістің ішінде іске асырудегеніміз - ол қай процесс арқасында қалдықтар пайда болды, сол процесте қалдықтарды іске асыруды қарастырады. Бұған мысал ретінде бұрғылау сұйықтарды қайтадан пайдалану. Өндірістік кезеңнің соңында іске асырудегеніміз - ол қалдық болған материалдарды қайталап қолдануды қарастырады. Бұл іске асыру технологиялық процеске байланысты болғандықтан ластануды ескертуге жатпайды.
- Қайта өңдеуқалдықтардың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты барлық әдістер мен процестер жатады. Өңдеуге түскен қалдықтар қауіпсіз және екінші рет пайдалануға жарамды болады. Қайта өңдеу қалдықтардың қауіптілігін төмендетеді, сонымен қатар оларды тасымалдауды, сақтауды және орналастыруын қауіпсіздендіреді. Қайта өңдеуден кейін қалдықтар екінші шикізат ретінде қызмет ете алады. Қайта өңдеу қалдықтарды сұрыптауды да қарастырады.
- Жою немесе орналастыру. Қалдықтарды орналастыру ең артықшылық әдіс болып табылады. Орналастыру экономикалық қауіпсіз тәсілмен жүргізілуі тиіс.
Геофизикалық барлау. Мұнай-газ кен орындары ылғи шөгінді жыныста орналасады және көбінесе нақты геологиялық құрылымдарға ұштасады. Геофизикалық барлау дегеніміз - осы кен орындарды жер қойнауынан анықтайтын процесс. Геофизикалық барлауда қолданылатын әдіс дистанциондық алдын ала тексерудің категориясына жатады. Геофизиктер көмірсутектің құрылымдарын сейсмикалық толқындарды әр түрлі жыныстың қабаттары әр түрлі өткізуіне және жұтылуына байланысты іздейді. Сеймикалық толқындар жер бетінде жасанды түрде тітіркендіріледі, содан кейін шағылысқан толқындар сейсмографтармен өлшенеді. Сеймикалық толқындар детонаторланған жарылғыш заттарды кішкене бұрғыланған тесіктерді жару арқылы, немесе ауырлықты жер бетіне тастау арқылы, немесе жер бетінде тербелу жасайтын арнайы құрал-жабдықтармен жасалады.
Былай қарағанда геофизикалық барлау қалдықтар қалыптастыратын операцияға жатпайды. Көлік жолдарын салу кезінде және сейсмикалық профильді жасау кезінде қалдықтардың көп мөлшері қалыптасады, сонымен қатар экспедицияның алыс аймақтағы учаскелерде жұмыс істеуі кезінде қалыптасады. Құрылыс алаңының территориясын тазарту кезінде қалдықтар қалыптасады. Сейсмикалық профильді жасау кезіндегі қалдықтарға жататындар: жарылғыш заттардың қалдықтары, белгілеу кезіндегі қалдықтар және тұрмыстық қалдықтар. Алыс аймақтағы учаскелерде жұмыс істейтін жердегі қалдықтарға негізінен тұрмыстық қалдықтар және құрылыстық қоқыстар жатады.
Геофизикалық барлау жұмысына техниканы жөндеуге және пайдалануына байланысты пайда болатын қалдықтар да кіреді. Бұл қалдықтарға жататындар: майлау майы және фильтрлер, пайдаланылған шиналар, отыннан қалған бос канистрлер, бояулардың қалдықтары және топырақ пен судың майлау майларымен, гидравликалық маймен немесе отынмен ластануы.
Бұрғылау жұмыстары. Бұрғылау жұмыстары көмірсутектерді растау үшін жүргізіледі. Бұрғылау жұмыстарын бұрғылаудан басқа, алаңды дайындау және жайластыру жұмыстары жатады.
Бұрғылау алаңын дайындауға, алаңды тазарту және түзету жатады. Дайындауға тағы да резервтік қамба құру, сорғы жүйе құру және ұңғының орналасатын орны кіреді.
Бұрғылайтын жерді жайластыруға: бұрғылау құрал-жабдықтарға монтажы, электрмен және сумен қамтамасыз ету үшін қосымша құрал-жабдықтарды орналастыру және қысымдағы ауаны алып келу, сонымен қатар тұрғын жай мен қоймалар кешенін салу жатады.
Бұрғылау алаңын дайындау және жайластыру кезінде қалдықтар көп қалыптаспайды. Қалдықтардың көп көлемі көлік жолдарын және бұрғылау қондырғысының негізін салған кезде пайда болады. Бұл қалдықтарға жататындар тазарту кезіндегі құрылыстық қоқыстар, және құрал-жабдықтарды жөндеу және пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтар.
Бұрғылау алаңын дайындау, бұрғылау кезінде пайда болатын қалдықтардың көлемін азайтуға көмектеседі.
Бұрғылау қондырғысы, бұрғылау ұңғысына керекті электр-энергиямен және құрал-жабдықтарды қамтамасыз етеді. Бұрғылау мұнарасы - бұрғылау бағанасын (бұрғылау құбыры, екпінді штанга және қашау) бұруға (ротор арқылы) және көтеріп түсіруге (көтергіш арқылы) көмектесетін негізгі элемент болып табылады. Бұрғылау мұнарасы бұрғылау қашауына әсер ететін қысымның тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Көтергіш жабдық бұрғылау құбырын ұңғыдан шыққан кезде басқарады және бекіткіш құбырды енгізу үшін пайдаланады.
Бұрғылау сұйықтары бұрғылау құбырымен төмен қозғалады және бұрғылау қашаудан шығады. Олар бұрғылау бағанасы мен ұңғының қабырғасының немесе бекіткіш құбырдың арасындағы кеңістікпен қайта үстіге оралады. Бұрғылау сұйықтары бұрғылау қашауын суытуға және майлап тұруға, бұрғыланған жыныстың кесектерін алып тастауға, қабат қысымын теңдестіруге керек. Бұрғылау сұйықтары үш категорияға бөлінеді: су негізінде, көмірсутек негізінде және синтетикалық. Бұлардың үшеуі де саздан және қоспалардан тұрады.
Ұңғыны бекіту үшін және құламауын қамтамасыз ету үшін оған бекіткіш бағана орнатылады. Бекіткіш бағананың үш түрі қолданылады: кондукторлық, аралық және пайдалану бағаналары. Кондукторлық бекіткіш бағана айналасындағы су таситын шегін көмірсутектермен немесе қабат суларымен ластануынан қорғайды. Аралық бекіткіш бағана бұрғылау ұңғысын құлаудан қорғайды және құрал-жабдықтардың ұңғы ішіндегі қозғалысын жеңілдетеді. Пайдалану бекіткіш бағанасы ұңғының бүкіл ұзындығында орналасады және оны ұңғыны бітер кезде орналастырады.
Бұрғылау кезіндегі пайда болатын қалдықтарға бұрғылау сұйықтары, қабат сулары, көмірсутектері, артық бекіткіш құбырлар, артық цементтер жатады. Бұрғылау жұмысын жүргізу кезінде сонымен қатар материалдардың және құрал-жабдықтардың орамасынан қалған қағаз және пластмассалық қалдықтар көп көлемде болады.
Бұрғылау қондырғысында қалдықтар негізінен бұрғылау құрал-жабдықтарын пайдалануға бергенде немесе жөндеген кезде пайда болады. Сонымен қатар басқа да қалдықтар пайда болады: пайдаланылған бұрғылау қашауы және құбырлар, бұрғылау арқанының кескіндері, бояулар және бояулардың қалдықтары және тағы басқа.
Ұңғыны бітіру және күрделі жөндеу. Қабаттарда алынып жатқан көмірсутектердің жеткілікті көлемде екенін растау үшін және ұңғыны бітіру үшін және бұрғылауды бітіргеннен кейін өндіруді бастау үшін ұңғының сынауы жүргізіледі. Егер де сынау ұңғының жоғарғы өндімділігін көрсетсе, онда ұңғы бітіріледі. Басқа жағдайларда ұңғы жойылады.
Ең алдымен ұңғыда пайдалану бекіткіш мұнарасы қойылады. Бекіткіш мұнара мен ұңғы қабырғасының арасындағы кеңістікті цементпен бітейді. Ұңғыға қабаттағы сұйықтар түсу үшін бекіткіш мұнарада перфорация жасайды. Перфорация өнімділік аймақ тереңдігінде үлкен емес бағытталған зарядтарды жару арқылы жүргізіледі. Сынау жүргізген кезде кейбір мұнайы көп көлемде болатын қабаттар кішкене кемшіліктері болуы мүмкін. Бұл өнімділік аймағына өтімділік нашар болуы немесе бұрғылау жұмыстарын жүргізген кезде қабат зақымдануы немесе бітеліп қалуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайларда ұңғыны гидравликалық үзіліммен, тотығу немесе қышқылдық үзілімдермен ынталандырады. Гидравликалық үзілім дегеніміз қабатқа үлкен қысыммен сұйық енгізіледі, ол қабаттың шытынауына алып келеді. Содан кейін үзілім ашық болуы үшін оған құм енгізіледі. Тотығу дегеніміз қабатқа қышқылды енгізуді айтамыз, көп жағдайда тұзды қышқыл енгізіледі. Қышқыл еритін материалдарды ерітіп қабаттың тесіктері ашылады. Осы тесіктер арқылы сұйық ұңғыға тез құйылады. Қышқылдық үзілім дегеніміз - бұл гидравликалық үзілім мен тотығудың қосылымдары.
Сорғыш-компрессорлық құбыр (СКҚ) ұңғыда қабат сұйықтары мен газды жер бетіне шығару үшін орнатылады. Ұңғыдан сұйық ағындары мен газды бақылау үшін жер бетінде клапандар тобы орналастырылады. Қабат сұйығын жоғарыға итеру үшін көп қолданылатын қарнақ сорғышы қолданылады. Қарнақ сорғышы қарнақ сорғышының мұнарасына ілінеді.
Ұңғыны бітірер кездегі жұмыстарда қалыптасатын қалдықтарға жататындар: көмірсутектері, қабат сулары, жол-жөнекей құм, тазартуға арналған химреагенттер, үзілімдерде пайдаланатын сұйықтар, еріткіштер, бояулар және бояу қалдықтары, жол-жөнекей сумен және көмірсутектерімен ластанған табан және құрал-жабдықтарды пайдалану және жөндеу кезіндегі қалдықтар.
Пайдалану ұңғылары кезең сайын жөндеуді қажет етеді, оны күрделі жөндеу дейді. Күрделі жөндеуге СКҚ орнату, тотығу немесе қабат үзілімдері, СКҚ немесе сорғы құралдарын ауыстыру, жаңа коллекторды қайта бітіру, сонымен қатар цемент көпірін орнату жатады. Күрделі жөндеуге тағы, құрал-жабдықтарды бояу және тазалау жатады. Күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын сұйықтар - бұл негізінен су негізіндегі сұйықтар болып табылады.
Өндіру. Мұнай өндіруде негізгі технологиялық процестер жүрісінде сұйықтар жер бетіне шығарылады және сұйықтарды және газдарды құрайтын бөліктер бір-бірінен ажыратылады. Ұңғыдағы сұйықтар сұйық көмірсутектердің күрделі қосылысы болып табылады: су, газ және қатты бөлшектер. Алғашында газ құрамдары бөлінеді, содан кейін қатты бөлшектер мен су алынады, ең соңында сулы мұнай эмульсиясының деэмульсиялануы жүреді.
Газ ұңғы сұйықтарының бір немесе бірнеше қысым камераларынан өту арқылы алынады. Әрбір қысым камерасы алдыңғы қысым камерасына қарағанда аз қысыммен жұмыс істейді. Қысым төмендеген сайын сұйықтықта ерімеген газ азая береді. Екі фазалық айырғыш алынатын сұйықтықты газдан оқшаулайды, үш фазалық айырғыштар алынған сұйықтықтардан жол-жөнекей судан, сонымен қатар газдан бөледі. Осы этапта айырылған табиғи газ өткізу үшін өңделеді немесе отында жандырылады.
Газды өңдеу дегидратациядан және тазалаудан тұрады. Дегидратация газдың су жұтқыш сусыздану құралымен қосылу арқылы жүргізіледі. Сусызданудың ең жақсы құралы гликоль болып табылады. Қолданылған гликоль дегидратацияланып қайтадан қолданылуы мүмкін. Гликольдің дегидратациясы кезінде су және басқа да ұшқыш органикалық қосылыстар қалыптасады.
Кейбірде алынған газ құрамында күкірт сутегі болады. Күкірт сутегі уытты және адамға қауіпті, сонымен қатар күкірт сутегі құбырларды коррозияға ұшыратады. Күкірт сутегін көп технологиялық процестер арқасында алынған газ құрамынан алады, оны «күкірт сутегін алу» деп атайды.
Газды айырып алған соң көмірсутек сұйықтарының қосындысы, жол-жөнекей су және қатты бөлшектер қалады. Су мен сұйық көмірсутектер араласпайды, бірақта регенерация процесі қатты жүруіне байланысты сұйық көмірсутектерінен және жол-жөнекей судың бөлігінен эмульсия құрылуына әкеп соғуы мүмкін. Эмульсиядан жол-жөнекей суды бөлу үшін бос суды итергіш пайдаланылады.
Ақыр аяғында эмульсия сұйықтықты қыздыру-деэмульгаторында қыздыру арқылы немесе химиялық деэмульгаторлар арқылы деэмульсияланады. Эмульсияны химиялық деэмульгатормен өңдеуге қарағанда қыздыру өңдеуі көп қолданылады. Қыздыру-деэмульгаторлар бірнеше жүйелерден тұруы мүмкін, сонымен қатар газ айырғыш, бос суды итергіш, құм бөлгіштер және сүзгіден тұрады. Сүзілу жол-жөнекей судың және көмірсутектің сапасын жақсартады. Құм бөлгіштер артық құмды және басқа да қатты бөлшектерді алып тастайды.
Алаулар жинау жүйесінің бойында, әр түрлі жерлерде орналасуы мүмкін, не өндірілетін газды жағу мақсатымен немесе қауіпті жағдайларда пайдалану үшін. Алаудағы жанбай қалған материалдар мұнай газын жағу үшін шурфқа жиналады.
Өңдеу процесі кезінде қалыптасатын алғашқы қалдық жол-жөнекей су болып табылады. Өңдеу процесі кезінде қалыптасатын басқа да қалдықтар - олар құм, көмірсутегімен немесе жол-жөнекей сумен ластанған кен, химикаттар артықшылығы, пайдаланылған сүзгілер, сүзгіш материалдар және ұшқыш газ тектес қалдықтар, сонымен қатар пайдаланумен және құралды жөндеумен байланысты қалдықтар. Жол-жөнекей құмдарда табиғи радиоактивті материалдар (ТРМ) мөлшері болуы мүмкін.
Парафинді ұңғыдан механикалық алу немесе ыстық мұнайды айдаумен, ал құбырдан құбыр тазалағыш қырғышпен немесе қыздыру көмегімен алынады. Осы жолмен алынған парафин қалдықтар қатарына қосылады.
Қоршаған ортаны ластанудан ескертудің тиімді операцияларына кіретіндер келесілер:
- Алдын-ала жоспарлау. Алдын-ала жоспарлау іс-әрекеттің барлық кезеңінде қолданылады: концептуалды жобаны дайындау кезінде, операцияны іске асыру процесінде және объектіні пайдаланудан шығару кезінде. Алдын-ала жоспарлау қалдықтарды басқарудағы талаптарды өзгертуіне әсерін тигізуі мүмкін. Мұнай өндіру және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Қазақстан Республикасында бүгінгі күнде экологиялық мәселелер туындап отыр. Әр түрлі өндірістік ластанулармен қоса жол көліктерінің экожүйеге зиян келтіруі табиғи, соның ішінде әсер қойнауындағы табиғи қорларды тиімсіз қолдануына әсер етуде. Ауаның, топырақтың, судың ластануы, жердің азуы және оның құрғақтануы, су қорларының азайуы және тағы басқалары мемлекет алдында үлкен экологиялық мәселелер туғызады.
Табиғи қорларды тиімсіз пайдалану салдарынан әр жылда жалпы ұлттық өнімнің 20% жоғалып отыр. Яғни бұдан көретініміз экономиканың дамуы үшін, экологиялық қауіпсіз, экономикалық тиімді жаңа технологияларды әзірлеп, ендіру керек. Бүгінгі күні биосфераның шектеулі мүмкіндіктерімен және қоғамның өсіп келе жатқан талаптары арасында үлкен қайшылықтар туындауда.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан аймағы ресми түрде экологиялық қауіпті аймақ деп саналмаса да, аймақтың экономикалық даму дәрежесі экологиялық салдарына қарамастан отын-энергетикалық қорларды игеруге байланысты. Бірақ мұнай мен газ қорларын игеру көлемі өскендіктен, тіптен қазіргі кезде экологиялық қиындықтар туындауда, яғни Каспий теңізінің көлемінің көтерілгендігі белгілі болды. Бірнеше кен көздері бар жерлерді су басу қаупі бар, бұл дегеніміз егер алдағы жылдарда көрсеткіш минус 26 м болса, онда олар су астында қалады. Барлық аймақтар мен теңіз үшін экологиялық зардаптарды елестету қиын емес. Бұндай жағдай ондаған тұрғын үйлерді және бірнеше балық шаруашылығын, ауыл шаруашылық жерлерінде болуы мүмкін. Барлық аталғандар бойынша экономика мен экологияға ықпал ететін өте қажетті объектілерді қорғау үшін шұғыл шараларды қолдану керек.
Теңіз көлемінің көрсеткіші минус 26 м болғанда тек Батыс Қазақстан аймағындағы шаруашылық объектілеріне нұқсан келмейді, бұл кезде Каспий аймағында орналасқан Ресей Федерациясы, Азербайжан, Түркмен мемлекеттерінің жерлері де су астында қалмақ.
МОН ҚР экономикалық институтында жүргізілген зерттеулер Каспий аймағына келетін нұқсанның бағалық санын көрсетті. Жалпы экономикалық кешеннің барлық салаларын қосқанда шығын көлемі 770 миллиард теңгеге жуық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz