Геометриялық оптика



І. Жарықтың шағылу және сыну қасиетін жарық шоқтарын басқаруға пайдаланады. Ол үшін арнайы жасалған фотоаппарат, лупа, көзілдірік, микроскоп, дүрбі, телескоп тәрізді оптикалық аспаптар пайдаланылады Бұл аспаптардағы негізгі бөлік линза болып табылады.
Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды.
Линзалардың екі түрі бар: өзінен өткен жарықты жинағыш және шашыратқыш. Жинағыш линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалыңдау, ал шашыратқыш линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Сыну беттерінің пішініне қарай линзаларды жазық, дөңес, қосдөңес, қосойыс, жазықойыс және т. б. деп атайды.
Қосдөңес линзаны екі шардың жанасуынан пайда болған дене тәрізді елестетуге болады. Линзаларды сипаттау үшін бірқатар ұрымдар енгізіледі.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1 және С2 центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.
Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.
Бұдан былай, біздер линзаның қалыңдығы, оның радиусымен салыстырғанда кішірек болатын жұқа линзаларды қарастырамыз. Кез келген оптикалық осьті бойлай өтетін жұқа линзадағы жарық сәулесі линзадан өзінін бағытын өзгертпей өтеді.
Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоктар линзадан өтіп, әрбір беттен сына отырып, линзаның оптикалық осінде жатқан бір нүктеде жиналады Бұл нүктені линзаның бас фокусы деп атайды.


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА
ЛИНЗАЛАР. ЛИНЗАНЫҢ ОПТИКАЛЫҚ КҮШІ
І. Жарықтың шағылу және сыну қасиетін жарық шоқтарын басқаруға
пайдаланады. Ол үшін арнайы жасалған фотоаппарат, лупа, көзілдірік,
микроскоп, дүрбі, телескоп тәрізді оптикалық аспаптар пайдаланылады Бұл
аспаптардағы негізгі бөлік линза болып табылады.
Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен
шектелген мөлдір шыны денелерді атайды.
Линзалардың екі түрі бар: өзінен өткен жарықты жинағыш және шашыратқыш.
Жинағыш линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалыңдау, ал шашыратқыш
линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Сыну
беттерінің пішініне қарай линзаларды жазық, дөңес, қосдөңес, қосойыс,
жазықойыс және т. б. деп атайды.
Қосдөңес линзаны екі шардың жанасуынан пайда болған дене тәрізді
елестетуге болады. Линзаларды сипаттау үшін бірқатар ұрымдар енгізіледі.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1 және С2 центрлері арқылы
өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.
Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның
оптикалық центрі деп атайды.
Бұдан былай, біздер линзаның қалыңдығы, оның радиусымен салыстырғанда
кішірек болатын жұқа линзаларды қарастырамыз. Кез келген оптикалық осьті
бойлай өтетін жұқа линзадағы жарық сәулесі линзадан өзінін бағытын
өзгертпей өтеді.
Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын
бағыттаймыз. Шоктар линзадан өтіп, әрбір беттен сына отырып, линзаның
оптикалық осінде жатқан бір нүктеде жиналады Бұл нүктені линзаның бас
фокусы деп атайды.

Линзаның центрінен, фокусқа дейінгі OF арақашықтықты линзаның Ғ
фокустық қашықтығы деп атайды 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық
деп аталады.
Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық
орналасқан.
Қосдөңес линзаның әр жағында бір-бірден фокусы бар.
Шашыратқыш линзаларда сынғаннан кейін, сәулелер линзадан жинақсыз шоқ
түрінде шығады. Мұндай линзалардың фокусы — жалған, өйткені, онда линзадан
өткен сәулелер емес олардың созындылары қиылысады.
ІІ. Лннзаның негізгі сипаттамаларына оның Ғ фокустық қашықтығы мен
фокустың қашықтығына кері шама - линзаның D оптикалық күші жатады:
D =.
Оптикалық күш D линзаның сыну қабілетінің өлшемі болып табылады.
Оптикалық күштің бірлігі үшін бір диоптрия (1 дптр) алынған. Бұл— фокустық
қашықтығы 1 м-ге тең линзаның оптикалық күші.

Линзаның беті неғұрлым дөнестеу болса, онда линза соғұрлым сәулелерді
күштірек сындырады. Демек, оның фокустық қашықтығы соғұрлым аз болады.
Шашыратқыш линзалардың фокустық қашықтығы мен оптикалық күші теріс
сандармен өрнектеледі.

ЛИНЗАМЕН КЕСКШ ШЫҒАРЫП АЛУ
Линзалардың көмегімен тек жарық сәулелерін жинап, шашырату, яғни
басқару ғана емес сонымен қатар нәрселердің әр түрлі кескіндерін де шығарып
алуға болады. Линзалардың осы қабілеті оларды оптикалық аспаптарда кенінен
қолдануға мүмкіндік береді.
I. Линзаның көмегімен әр түрлі кескіндер қалай алынады?
Нәрседен линзаға дейінгі қашықтықты d әрпімен, ал линзадан кескінге
дейінгі қашықтықты f әрпімен белгілейді.
Нәрсені линзадан әр түрлі қашықтықта, мысалы, екі еселенген фокустық
қашықтықтың ар жағына (d 2Ғ), линзаның фокусы мен оптикалық центрінің
арасына (d Ғ), линза фокусының сыртына (2FdF), линза фокусына (d-F)
немесе екі еселенген фокуста (d= 2F) орналастыруға болады. Жинағыш линзамен
тәжірибе жасаймыз. Жұқа қағаздан жасалған ақ экранда нәрсенің линзадағы
кескінін аламыз.

1. Нәрсені, мысалы, жанып тұрған шамды, линзаның екі еселенген фокустық
қашықтығынан артық қашықтыққа орналастырамыз, яғни d 2F. Шамның жарығы
линзадан өтіп, олардың фокусы мен екі еселенген фокусында түйіседі, яғни:
2Ғ f Ғ. Сол жерге қойылған экранда шамның шын, төнкерілген және
кішірейтілген кескіні көрінеді.
2. Шамды d =2F қашыктыққа орналастырамыз. Линзаның екінші жағында нәрсе
орналасқан ара қашыктықта, яғни f = 2Ғ аралықта шамның кескіні болады. Осы
жерге орналасқан экранда шын, төнкерілген және өлшемдері нәрсенің
өлшемдеріне тең кескін шығады.
3. Май шамды линзаның фокусына, яғни фокусқа тең қашықтыққа (d =Ғ)
орналастырса, кескіннің жоғалып кеткенін көруге болады.
Экранда тек жарықталынған дөңгелек дақты ғана көруге болады.
4. Егер шам линза мен оның фокусының арасына, яғни dF қашықтықта
орналасса, онда шамның өзі тұрған жағында шамның тура, үлкейтілген, бірақ
жалған кескінін көруге болады.
Шашыратқыш линза нәрсенің барлық жағдайларында, линзаның нәрсе тұрған
жағында жататын кішірейтілген түзу және жалған кескін беретінін тәжірибе
көрсетіп,.ал салу дәлелдеп отыр.
II. Линзаларда нәрселердің кескіндерін салу ыңғайлы болу үшін жинағыш
линзаны 175, а-суреттегі белгімен, ал шашыратқыш линзаны 175, ә-суреттегі
белгімен көрсетеді. Жұқа линзада нәрсенің кескінін алу үшін сәулелердің
мынадай қасиеттетін пайдалануға болады.

• Оптикалық оське паралдель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның Ғ
фокусы арқылы өтеді.
• Линзаның оптикалық центрі О арқылы өткен сәуле одан сынбай шығады.
• Линзаның Ғ фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас
оптикалық осіне параллель жүреді.
Осындай әдіспен сынған сәулелер, линзаның сыртында жарықтың S нүктелік
көзінің шын кескіні болып табылатын S1 нүктесінде қиылысады.
Жарқыраған нүктенің кескіні линзада қалай салынатынын біле отырып,
нәрсенің созылыңқы кескінің оңай салуға болады. Ол үшін нәрсені табаны бас
оптикалық оське орналасқан нұсқа түріндегі түзу кесінді ретінде
қарастырады. Нәрсенің кескінін алу үшін өздеріне белгілі сәуле жолдарының
екі бағытын пайдалана отырып, оның А және В екі шеткі нүктелерінің
кескіндерін алу жеткілікті (176-сурет). АВ = Н – нәрсенін биіктігі; А1В1 =
h -нәрсе кескінінің биіктігі.
Кескінді А1 нүктесіне салып, оптикалық бас оське перпендикуляр түсіріп,
В1 нүктесін табамыз. Ол В нүктесінің кескіні болып табылады және линза
центрінен f қашықтықта орналасады. Осыдан кейін кескіннің сипаттамасын
береміз, мысалы, 176-суретте нәрсенің кескіні шын, төңкерілген нәрсемен
салыстырғанда үлкейтілген болып табылады.
1. d = 3F; d = 2F; Fd 2F; dF жағдайлар үшін жинағыш линзадағы
нәрсенің кескінін салыңдар. Қандай кескіндер алынады және линзаға қатысты
олар қалай орналасады?
2. Шашыратқыш (қосойыс) жұқа линзадағы нәрсенің кескінің салыңдар.
Қандай кескін алынады?
3. Линза көмегімен экранда балауыз шамның айқын кескіні алынды. Экран
мен шамның орнын ауыстырса, онда кескін қалай өзгереді?
4. Екі жинағыш линза берілген. Өзара параллель сәулелер екі линзадан да
өтіп, сол параллель күйінде қалу үшін линзаларды қалай орналастыру керек?

5. Жинағыш линза қандай жағдайда нәрсенің кескінін көрсететін
сәулелерді шашыратып жібереді?
6. Жинағыш шыны линза суға батырылды. Осы жағдайда линзаның оптикалық
күші өзгере ме?

ЖҰҚА ЛИНЗАНЫҢ ФОРМУЛАСЫ. ЛИНЗАНЫҢ ҮЛКЕЙТУІ.
I. Әр түрлі оптикалық аспаптарда линзаны қолдану оның Ғ фокустық
қашықтығының қандай болатынына тәуелді. Линзаның D оптикалық күшімен қатар,
фокустық қашықтығы да, берілген линза үшін оның оптикалық қасиетін
сипаттайтын, маңызды тұрақты шама болып есептеледі.
Линзаның фокустық қашықтығын анықтайтын әр түрлі әдістер бар. Солардың
ішінде ең қарапайымы — линзаның көмегімен кескін алғанда, Ғ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыну заңы. Снелль заңы
Мектеп физика курсында Оптика бөлімінің есептерін шығару әдістемесі
Оптика жайлы ұғым
Оптикалық жүйелер
Мектепте оптика бөлімін оқытудың мәселелері
«Оптиканың қызықты құпия сырларын оқушылардың өздігінен оқуын ұйымдастырудың жолдары»
Призмадағы сәуле жолы
Жарық интерференциясын бақылау әдістері
Жарықталған оптика
Физикалық құбылысты жаңғырту
Пәндер