Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің даму


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 7

Бөлім-І Экономикадағы инновациялық процестердің даму эволюциясы . . . 9

1. 1 Инновацияның теориялық аспектісі . . . 9

1. 2 Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтерді

басқару ерекшеліктері . . . 20

1. 3 Шетел мемлекеттерінің инновациялық урдістерді ұйымдастыру

тәжірбиесін қолдану . . . 22

Бөлім-ІІ ”ҚР МШКҰЖ ҰО”РМК-ның негізінде инновация қызметін басқару. . 29

2. 1 “ҚР МШКҰЖ ҰО” РМК-ның сипаттамасы мен инновациялық . . . 29

2. 2 Инновциялық қызметті басқару деңгейін көтеру үшін усыныстары мен жолдары . . . 32

Бөлім-ІІІ Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің даму . . . 58

3. 1 ҚР-ғы инновациялық қызметтердің дамуының қазіргі жағдайы . . . 58

3. 2 ҚР-да инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы . . . 68

3. 3 ҚР-ғы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі . . . 82

Қорытынды . . . 92

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 94

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы "Инновациялық қызмет туралы" қабылданған заңында қазіргі ғылыми-техникалық саясатты, инновациялық қызметті жетілдіруде орны ерекше. Осы заңда инновациялық қызметті дамытудың басты бағыттары көрсетілген.

Инновация қызыметі қоғамда, ғылымда, элеуметтік өмірде, саяси жүйеде, маркетингте, менеджмент сияқты тағы басқа да салаларда қолданылады.

Инновациялық қызметтің басты мақсаты - отандық өнімдердің бәсекеқабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Инновация қызыметін басқару тақырыбындағы зерттеудің көкей кесті мәселесі:

ХХІ ғасырда елдің ғылыми-техникалық даму және интеллектуалды факторларды кең көлемде қолдану арқылы экономикалық даму. Елдің экономикалық даму негізі, болашақта инновациялық қызметке бағытталуы, яғни жаңа өндіріс пен құрылымдарды алу арқылы, бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар мен өнімдер өндіру нәтижесінде шектелген ресурстарды тиімді пайдалану.

Инновациялық қызметтің тиімділік мәселелері, басқа да экономикалық дамудың маңызды факторлары сияқты, аймақтық, ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін ескеретін және біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғайтын саналы мемлекеттік саясатты әзірлеуді қажет етеді. Соңғы кезде елімізде ғылыми-техникалық және өндірістік саясаттың мемлекеттік механизімі айқындалып отыр. Сонымен, 2000 жылы "Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық концепциясы" қабылданды, 2015 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді (2003 жыл, мамыр) . Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсекеқабілетті, жоғары қосымша құны бар экспортқабағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған мақсат ғылымды көп қажет ететін, жоғарытехнологиялы өндірістер салуға ынталандырады, қаржылық және нақтылы секторлар арасында "ғылым-өндіріс-нарық" циклы бойынша тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. Өндірісті диверсификациялау және модернизациалау шикізат бағытынан өңдеуші бағытына өтудің негізгі факторлары болып есептеледі. Берілген бағдарлама шеңберінде жаңа даму институттары құрылды: Инновациялық қор, Инвестициялық қор, Қазақстанның даму банкі.

Бітіру жұмысының мақсаты: экономикадағы инновациялық қызметті басқаруды сипаттайтын экономикалық қатынастарды зерттеу.

Инновация үрдісін зерттеген шетелдік ғалымдар: Й. Шумпетер, Г. Менш, П. Дуркер, Р. Фостер, М. Портер, В. Санто және т. б.

Отандық ғылымда инновациялық үрдістерді зерттеумен айналысатын ғалымдар:

С. Б. Әбдіғаппарова, А. А. Әлімбаева, К. Е. Кубаев, Ф. М. Днишев, Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, М. Б. Кенжегузин, С. Т. Купешова және т. б.

Бөлім-І Экономикадағы инновациялық үрдістердің даму эволюциясы

  1. Инновацияның теориялық аспектісі.

"Инновация" термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда болған. Жалпы алғанда "инновация" сөзі ағылшын тілінен аударғанда "innovation" "жаңарту", "заттарды бөлудің жаңа жолы", "жаңалық енгізу" деген сөздерді білдіреді.

ХХ ғасырдың 30 жылдарында австриялық ғалым Й. Шумпетер инновация түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды ұйымдастырудың формалары мен нарықты өндіріске енгізу мақсатында қолданылды. Й. Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рол болып, экономикалық теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, "инновациялық" жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

Й. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістің жаңа қызметі болып табылады.

Инновацияның эволюциялық әдістемесін Дж. Ст. Милль, К. Маркс және Й. Шумпетер қолданған.

Й. Шумпетердің айтуы бойынша кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты. Инновациялар бар дәстүрлерді бұзып қоймайды, олар басқа тәуекелді кәсіпорындардан қарағанда көбірек пайда әкеледі.

Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация " бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген сөздерді білдіреді.

Жаңашлыдықтар мағынада - интеллектуалды қызметтің нәтижесі, ал кең мағанасында ашсақ рәсімделген өнертабыс түрінде, патенттер, товарлық белгілер, оңтайландырғыштық ұсыныс, нау-хау түріндегі инновациялық үрдістер нәтижесі.

Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.

Инновация -ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады.

Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В. А. Макоренконың "қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын "innovation" -жаңалық енгізу, "жаңалық", латын тілінде "innovation" - "жаңарту", "жаңғырту") бұл:

  1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.
  2. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.
  3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгзуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т. б.
  4. Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.

Й. Шумпетердің "Теория экономического развития" атты атақты еңбегінде дәстүрлі экономикаға қарама-қарсы тезисті қозғайды, яғни экономикалық өсудің, дамуының нормасы, басты нақты экономикалық теориясы мен тәжірибесі болып, тепе-теңдік емес динамикалық теңсіздікті (дисбаланс) тудыратын жаңалық енгізуші кәсіпкерлік қызметінде. Табыс көзі болып тек қана база өзгерісі мен шығындағы экономия ғана емес, сонымен қатар шығарылған өнімнің радикалды өзгерісі болады (1. 89б) Й. Шумпетердің пікірінше, экономикалық ресурстарды үлестірудің барлық жаңаша тәсілдері кәсіпкерліктің жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді: өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметінің тұрақты серігі-тәуекелділік, қауіп-қатер беймәлімділікпен байланысты және жүргізілген болжам мен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды. (21. 27бет)

Өндіріс факторларының "жаңа комбинацияларын" жүргізу барысында, ол инновацияға алып келеді. Өндіріс факторларының "жаңа комбинациялары" келесілер:

- жаңа өнімді шығару, дайындау;

- өндірісте жаңа технологияларды қолдану;

- жаңа өндірісті ұйымдастыруды қолдану;

- жаңа тұтыну нарықтарын ашу;

- жаңа ресурстар көздері мен түрлерін ашу

Американдық "Маккинзи" кеңес компаниясының басқарушысы Р. Фостердің инновация феноменін талдау барысында "технологиялық құлдырау" түсінігі маңызды рол атқарады. "Технологиялық құлдырау" - бір технологиядан басқа технологияға ауысуды білдіреді. Р. Фостер әр бір технологияның тағдырын логикалық S - тәрізді ауытқу белгісімен бейнелейді. Қолданыста сирек тек бір ғана технология тұтынушының барлық қателігін қанағаттандыруға қабілетті. Жалпы әр уақытта S - тәрізді ауытқымасы бар бәсекелесетін технологиялар болады. "Айқасқа" 3-4 технологиялар қатысады, олардың кебіреуі қорғанса, келесілері шабуыл жасайды.

Сурет 1. 1 Технологиялық құлдырау

Дәл осы уақытта бір технология өзінің шегіне жеткенде келесі жаңа технология пайда болады да, бұл технологиялық құлдырауды туғызады. Технологиялық құлдыраудың нәтижесінде жаңа өнім, жаңа үрдіс, яғни инновацияға алып келеді.

Р. Фостердің теориясында инновация - бұл "технологиялық құлдыраудың" жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.

Жоғарыдағы сұрақтарға жауапты И. Ансоффтың зерттеулерінен табуға болады. Ол 4-циклмен ұштастырылған: өнім, технология, сұраныс кестелерін ұсынады.

Технологияның өзгеріс тәуекелділігіне байланысты, яғни бір технологияның басқа технологияға ауысу жиілігіне байланысты, оларды негізгі үш типке: тұрақты, жемісті және өзгерісті деп бөледі.

2-ші суретте тұрақты технологияны көреміз. Мұнда негізінен сұраныстың барлық өміршеңдік кезеңінде технология өзгеріссіз қалады. Бұл технологиялар түрін өндіріс саласының бірінші кезеңдеріне жатқызуға болады. Олар ХІХ ғ. Соңында негізделіп ХХ ғасырдың 50 жылдарында өздерінің келешегіне жетті. Нарықтық кемелдену мен молықтыру кезеңдерінде сұраныс модификация есебінен қанағаттандырылады, ұсынылатын өнім өзгеріссіз қалады да, тек жекеленген парметрлері мен бұйым конструкциясы жақсарады, бұл технологиялық инновация есебінен болмайды.

Тұрақты технология

Өнім-инноациясы, үрдіс-инновациясының сұраныспен байланысы.

Сурет 1. 2

Мұнда негізгі технология ұзақ уақыт кезеңінде өзгеріссіз қалады, бірақ бірін-бірі ауыстыратын жақсы көрсеткіштері мен кең диапазонда қолданылатын өнімдер әзірленеді. Жемісті технология кезінде жаңа тауарды әзірлеу экономикалыө өсудің негізгі факторы болады. Жемісті технология жұмыс істеуде уақыт өтке келе амалсыздан инновацияны және өнімді жетілдіруді енгізуі керек. Жаңа инновациялық өнім нарықты жаулап алады, бірақ бұл инновацияның өміршеңдік кезеңі бәсекелестер ұсынған жаңа өнімнің тиімді түрінің пайда болуынан қысқарады, яғни нарықтан ығысады. Нәтижесінде кәсіпкерлер үнемі жаңа өнімдерді, инновацияны іздестіруді қажет етеді.

Өзгеріс технологиясы

Сурет 1. 3

3-ші Суретте өзгерісті технологиялар белгіленген. Сұраныстың өміршеңдік кезеңінде жаңа бұйымның пайда болуынан басқа бірін-бірі ауыстыратын базалық технологиялар да пайда болады. Технологияның ауысуы - бұл "технологиялық құлдырау".

Жемісті технология

Сурет 1. 4

Сұраныстың өміршеңдік кезеңі

Технологияның өміршеңдік кезеңі

Өнімдердің өміршеңдік кезеңі

Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.

ХХ ғ. 50 жылдарында американдық ғалым Роберт Салоц экономикалық өсудің жетекші факторы ҒТП болатынына назар аударды. Ұзақ болжамдарды басқа да экономистер: ДЖон Кендрик, Эдвард Денисон берген. Экономикалық өсуде технологиялық прогрестің ерекше ролін Сайман Кузнец көрсетті. Оның ойынша, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұлттық өнімнің үнемі өсуі, технологиялық прогрестің арқасында жетеді. Кейіннен Э. Денисон экономикалық өсу факторларының сипаттамасын жасады. 23 фактордың: 4-і капиталға, 1-жер, қалған 14-і ҒТП-ң жемісі.

Инновация сипаттамасы

Дәстүр бойынша инновацияны - инновация-өнім, инновация-үрдіс немесе технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық деп бөлуге болады.

Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде - бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.

Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату есебінен бәсекелестік көтеру, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту болып табылады.

Ұйымдастырушылық-басқару инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады. өндірісті және персоналды басқару әдістерін жетілдіру, жаңа маркетингтік бөлімшелер құру, тиімділікті арттыру үшін жаңа жолдар мен тәсілдерді қолдану кезінде болады.

Институтционалды мектептің экономтеория зерттеушілері инновацияларды қоғамдық таңдау теория көмегімен сыныптауды жөн көрді. Инновация субъектісі ретінде: кәсіпкер, топ, фирма, ұлт шаруашылығы, әлеуметтік қозғалыстар және мемлекет қатысады. Осы субъектілердің әр қайсысы салыстырмалы артықшылықтарға ие.

Бірінші инновацияның типі - қоғамдық игілік. Берілген инновацияны барлық қоғам мүшелері қолдана алады. Кәсіпорындарда осы инновация түрін өндіруде мемлекет пен әлеуметтік көзқарастар қызығушылықтарын танытады.

Екінші инновация түрі - клубтық игіліктер. Ұйым деңгейіндегі өзгерістер клубтың игіліктерін сипаттайды. Бұл инновация түрін қолданушылардың саны ұйым мүшелерімен шектеледі.

Үшінші инновация түрі - жеке меншік ретінде сипатталады. Өнертабыс құқығымен, патенттер бар кездегі жеке игілікті жүзеге асыру үшін құрылған. Бастапқы кезде жаңа өнім нарықта пайда болғанда, ол монополиялық сипатта болады, жаңа өнім-инновациясынан бұрын оның шығарушысы (авторы) "инноватор рентасын", жаңа өнімдерді жасауды ынталандыратын, монополиялық жоғары пайда алады.

Инновация түсінігін басқа да түрлерін ескеру арқылы кеңірек ашуға болады.

П. Друкер инновациялық идеялардың көздері- тәуекелділік көздерінен басқа келесі түрлерге бөледі (3. 49б) ;

- күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізіндегі инновациялар;

-өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;

-сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;

-жаңа білімдерге негізделген инновациялар;

Ұзын толқындарды зерттегенде экономикалық динамикада экономикалық цикл жағынан инновациялық сипатамасына көзқарастар бар. Мұнда әртүрлі инновация типтерінің пайда болуы мен кластерленуі түрлі ұзын толқынды фазалармен байланысты деген гипотеза айтылады.

Ұзын толқын теориясында дискуссия ашқан Г. Менше жаңалық енгізуді келесі түрлерге бөледі

- Адам өмірінде жаңа өндіріс саласы мен жаңа кәсіп түрін қалыптастыратын базалық инновациялар.

-Саладағы бар технологияларды жетілдіруді жақсартатын инновациялар.

-Псевдоинновациялар.

Базалық иннновацияларды енгізу бірқалыпты жүрмейді, олардың көпшілік бөлігі ұзын толқынды депрессия фазасында шоғырланады. Жақсартатын инновациялар басқа да фазаларға енгізіледі, құлдырау фазасында псевдоинновацияны енгізумен аяқталады.

Инновацияны енгізудің барысында түрлі әсерлер ажыратылады. Олар: ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық.

Жаңа білімдерді мақұлдау, растау нәтижелері және басқа да концептуалды құрылымдар инновацияның ғылыми-техникалық әсерін білдіреті.

Егер экономикалық әсерлерге келетін болсақ, бұл жерде инновация ретінде экономикалық ресурстарды ұтымды қолдану, бәсекелестік қабілетті жоғарылату, жаңа нарықтар мен нарық құрылымының өзгерулерімен сипатталады.

Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық өнімдер мен технологиялар әлеуметтік әсерлерді тудырады.

Қоршаған ортаға әсерді білдіретін инновациялар экономикалық инновацияларды білдіреді.

Жоғарыдағы айтылған тәсілдерді талдай келе келесі түрде көрсетуге болады:

  1. Радикалды деңгейі бойынша:

- технологияның жаңа кезеңі мен бағыттарын дамытуды қалыптастыру негізі болып қаланатын ірі өнертабыстарды жасайтын базалық инновациялар ;

-ғылыми-техникалық циклдың тұрақты дамуы және таралу фазасындағы шағын және орта өнертабыстарды жүзеге асыратын жаңартушы инновациялар ;

-ескірген техника мен технологияларды ішінәра жаңартуға бағытталған псевдоинновациялар ;

  1. Қолданылу сипаты бойынша:

-Жаңа өнімдерді өндіру мен жетілдіруге бағытталған өнім-инновациялар ;

-Жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге бағытталған технологиялық-инновациялар ;

-Жаңа құрылымдарды жасау мен құрастыруға бағытталған әлеуметтік инновациялар ;

  1. Пайда болу стимулы бойынша:

-Ғылым мен техниканың көмегімен пайда болған инновациялар;

-өндірістің қажеттілігімен туындаған инновациялар;

-нарықтық қажеттілігімен туындаған инновациялар;

жаңа өнімдер мен жеке ғылыми-техникалық потенциалындағы үрдістерді жасайтын "өсіру" инновациясы ;

-шетелдік немесе басқа да инновацияларды модификациялайтын "имитация" инновациясы ;

5. Өнім түрі бойынша:

-қоғамдық;

-аралас (клубтық) ;

-жеке;

6. Тиімділігіне байланысты:

-экономикалық әсерлерді қамтитын инновациялар;

-әлеуметтік әсерлері бар инновациялар;

-экологиялық әсерлерді қамтитын инновациялар;

-ғылыми-техникалық әсерлерді қамтитын инновациялар

Сурет 1. 5

1. 2 Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтерді басқару

Жоғарыда айтылғандай инновациялық үрдістердің мақсаты "инновациялық пайдалы әсері" болып табылады. Сондықтан инновациялық қызметтерді басқаруды ашудан бұрын, оның құрылымы қарағанымыз абзал.

Инновациялық үрдістерді кезеңдерге бөлудің бірнеше жолы бар:

1. Фундаметалды-қолданбалы сипаттағы зерттеулер. Фундаменталды зерттеулер - академиялық институттарда, жоғары оқу орындарында, арнайы мамандандырылған институттарда, зерттханаларда жасалады. Олар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.

2. Тәжірибелі-конструкциялық және эксперименталды зерттеулер арнайы мамандандырылған зерттханаларда, конструкторлық бюроларда, өндірістік-тәжірибе, сонымен қатар ірі өнеркәсіптер мен ғылыми өндірістік бөлімдері бар кәсіпорындарда жүргізіледі.

3. Жаңа өнімді шығару. Жаңа өнім бойынша маркетингтік бағдарлама жасау, яғни өнімнің атауын, тауарлық белгісін, рәсімдеуін, қапталуын анықтау, және де осы кезеңде жаңа өнім 3 ай шектемен нарықта баға, сапа бойынша тексерілуден өтеді.

4. Соңғы кезде инновацияны өндіріске, нарыққа енгізу, жүзеге асыру.

Инновациялық қызметтерді басқарудың негізгі механизмы келесілер:

  • инновациялық үрдістер әрдайым үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатындықтан, оларды басқару барлық үрдістерді байланысқан біртұтастықты білдіреді;
  • инновациялық қызметтерді басқару жаңа мен ескі екі арасындағы ішкі арама-қайшылықтармен сипатталады;
  • инновациялық қызмет белгілі бір тұрақтылықты сипаттайтын ұйымдастырушылық түрінде болады;
  • инновациялық қызметті басқару, шешім қабылдауда жаңа тәсілдер мен қазіргі кездегі әдістерге ауысу, білім мен бар потенциалды мүмкіндіктерге негізделген.

Инновациялық қызметті басқару механизімі қысқамерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Бұлай бөлудің негізгі мақсатының қойылымында стратегиялық басқару ұзақ мерзімді мақсаттарға құрылады. Инновациялық қызметтің стратегиялық мақсатының өзі өндірістің барлық саласына жаңа ғылыми жетістіктердің енгзілуі болып табылады. Оның жетістіктері өркендеу мен бәсекеқабілеттілікке пайдаланылады. Инновациялық қызметті жетілдірудің ең оңтайлы тәсілі - ғылым мен техника, өндіріс бірлестігінің ұйымдастырылуы. Ал қысқа мерзімді басқару - ол ағымдағы мақсаттарға қол жеткізу.

Инновациялық сала күрделі экономикалық және әлеуметтік дамушы жүйе болып табылады.

Инновация тиімділігіне әсер ететін экономика саласындағы табиғи факторлар әртүрлі. Бұлар бір-бірімен байланысқан: ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-техникалық және де саяси сипаттағы факторлар. Табиғи факторлардың әртүрлігі сияқты инновациялық қызметті басқару механизімі де әртүрлі.

Инновациялық қызмет механизімін тиімді қалыптастыру үшін қатаң алгоритмді құрылымды сақтау қажет. Алғашқы қадамда инновациялық саясат пен инновациялық қалыптасу мен келісім болады. Инновациялық сипатты жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезекті мәселе болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қоймайды, "өндірістен-өндіріске" қағидасын ұстаған абзал дейді, зерттеушілер. Бұл қағиданы өндірісте шығынды жағы өте жағары әрі сапасыз артық өнім шығарудан сақтандырады. (18)

Екінші қадам инновациялық қызметтің тиімді қағидаларын және мақсатын анықтауға бағытталған.

Кейіннен қойылған мақсаттарға жету үшін әсер етуші факторлары анықталады. Кегер бар факторлар қалыптаспаған болса, онда мақсат нақтыланады. Факторлармен қоса, қызметімен әсер ету әдісі де анықталады. Одан әрі керекті инновациялық ресурстарды анықтаймыз. Осындай әрекеттердің нәтижесі қойылған мақсаттарға жетуге алып келеді. Факторларды басқару әдісі мен қызметері және сәйкестілігі инновациялық қызметті тиімді басқаруда маңызды рол атқарады.

1. 3 Шетелдің инновациялық қызметтерді ұйымдастыру тәжірибесін қолдану

Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, барлық өркенниетті елдер ғылыми-техникалық саясатқа ерекше назар аударып, мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлуде. ХХ ғасырдағы дүние жүзілік ғылыми-техникалық саясатта алда келе жатқан АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Гермения, Корея, Жапония сияқты т. б. мемлекеттер.

Тәжірибелі мамандардың пайымдауы бойынша, әр бір ғылыми жобаның жетістіктерінің 80% нақты талдау мен дұрыс таңдалған стратегияға байланысты дейді.

Азиялық мемлекеттерде инновациялық қызметтерге көп көңіл бөліп отырған мемлекеттердің бірі - Қытай. Бұл елде ғылым академиясы қайта құрылған. Қытайда академиялық зерттеулер коммерциялық бірлескен жағдайда жүзеге асады. Бұл елде ғылыми-зерттеу институттары негізінде жұмыс істейтін фирмалар мен корпорациялар өте көп. Жергілікті басшылықтың қолдауымен зерттеу оралықтары негізінде 50 кәсіпорын құрылған. Мұндай құрылымдарға нақты мысал ретінде Қытайдың "Сынь-Хуань" корпорациясын келтіруге болады. Бұл корпорация физика математиканың ғалымдары мен бірнеше кәсіпорынның басын біріктіріп, сирек кездесетін элементтер негізінде магнитті материалдар жасап шығаруды қолға алған. Бұл кәсіпорында шығарылатын магнитті материалдар әлемде ең үздік деп танылады. Соңғы үш жылдың ішінде бұл өнімді экспорттаудан түскен пайданың көлемі 800 000 долларға дейін жеткен. Қытайда технопарктер "экономиканың және технологияның даму" аймақтары деп аталады. ҚХР-да алғаш технопарктер 1985 жылдан бастап құрылған.

"Экономиканың және технологияның даму" аймақтарында 43 мың адам жұмыс істеп, мұнда 10 көлемінде Қытайда ғылымды көп қажет ететін өнімнің жартысы өндірілген. (19)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Инновацияның арттыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz