«Қарғалы» акционерлік қоғамының ақша қаржаттарының аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастары жағдайында әрбір бәсекеге қабілетті кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметі ақша қаражжттарымен мен тікелей байланыста болады. Ақша қаражаттары кәсіпорынның қаржылық жағдайында маңызды рөл атқарады және өтімділігі ең жоғарғы болып табылады.

Қазақста Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдіс терді: қолма- қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма- талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен бергіленген басқа да әдістерін пайдаланады

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, біріқ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда кезделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттарының өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарғандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Қандай болмасын бизнес қолма -қол ақша бар болғанда басталады. Олар ресурстарға айналып өнім өндіруге немесе тауарды қайта сақтауға пайдаланады.

Ақша қаражаттарына аудит жүргізудің мақсаты аудиторлық қызметі реттейтін нормативтік жүйе және аудитор мен клиент арасындағы келісім шарттың міндеттемелерінің заңдылығымен анықталған нақты мәселені шешу болып табылады. Аудит бақылау ретінде қаржылық есептілік өз алдына активтердің, міндеттемелердің, меншік құралдардың қаржылық нәтиженің сенімділігін, толықтығын, нақтылығын бейнелеу үшін есепті жылы ұйымның белгілі бір әкімшілігінің және оны иеленушінің қызығушылығы жатыр.

Ал, осы жоғарыда айтылып кеткен барлық процестерді жүзеге асырып, оның жүйелі түрде реттеу үшін міндетті түрде ақша қаржаттарының есебі мен аудиті жүргізілуі керек.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақатуға мүдделі. Бұл орайда кәсіпорындардың материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға, тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есеп пен аудиттің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды[1]

Диплом жұмысының зертеу объектісі ұйымның қаржылық жағдайы, қаншалықты салынған қаражат активтерге жылдам ақша қаражатына айналады, соған байланысты.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады және осы зерттеліп отырған кәсіпорынның құжаттары тіркелді.

Нақты ақшаның жоғарыда аталған сақталу орындары бойынша есебі төмендегі тарауларда толық ашылып көрсетіледі:

  • кәсіпорының ұйымдық құрлымы мен экономикалық сипаттамасы;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
  • қолма кол қолма қолсыз есеп айырысу;
  • кассалық операцияларының есебі;

Дипломдық жұмыстың мақсаты: осы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты банктерде есеп айырысудың тәсілдері мен түрлерін және есеп айырысудағы қолданбалы құжаттар, тиісті шоттардың корреспонденциялануын;

  • банктердегі арнайы шоттардағы операциялар жүргізу жолдарын, типтік банктік құжаттар бойынша есеп айырысу;
  • дипозиттік шоттарды қолдану, жолдағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу мәселелерін жіктеп баяндау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объктісі ретінде: Алматы облысында Жамбыл ауданында орналасқан «Қарғалы» акционерлік қоғамы алынған.

1-БӨЛІМ ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ .

1. 1. «Қарғалы» акционерлік қоғамының ұйымдық құрлымы және экономикалық сипаттамасы.

Акционерлік қоғам «Қарғалы» 19. 06. 1995ж. «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бірлесіп қызметін жүргізу мақсатында құрылған.

Акционерлік қоғам тіркеуден өткен соң заңды тұлға құқығына иеленеді.

Қоғам қаржылық және өндірістік қызметті шаруашылық дербестіктің негізінде жүзеге асады.

Акционерлік қоғамның балансы, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық фирмалық атау көрсетілген мөрі, банктік шоттары бар. Есеп айырысу шоттары - Центркредит банкте ашылған.

Қоғамның қызмет мақсаты ҚР және серіктестікке қатысушылармен мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтері біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Акционерлік қоғамның өз мақсатт арына сәйкес өз қызметінің түрлері мынандай бағыттарда жүзеге асырады:

  • Халық тұтынатын тауарларды өндіру және өткізу;
  • Комерциялық және делдалдық қызмет;
  • Сауда- саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу құқығымен ауыл шаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өңдеу;

ҚР-ның заңына қайшы келмейтін өзгеде қызметтерді атқару.

Қоғамның қатысушысы оның міндеттемелеріне жауап бермейді және қоғамның әрекетімен байланысты шығынын қауып - қатерін өздері салған салым құнын шегінде көтереді.

Қоғамның қатысушысы құқылы:

  1. Осы жарғымен белгіленген тәртіпке қоғамның істерін басқаруға қатысуға;
  2. Қоғамның әрекеті туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге құжаттарымен танысуға;
  3. Қоғамның әрекетінен табыс табуға;
  4. Қоғамның таратылған жағдайда несие алушылармен есептескеннен кейін қалған мүлікті алуға;
  5. Жеке шешімі бойынша қоғамды тоқтатуға.

Қоғамның қатысушысы міндетті:

1) Осы жарғының талаптарын сақтауға;

2) Осы жарғымен қарастырылған тәртіпте, мөлшерде, әдіс пен мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салым салуға;

3) Қоғамның коммерциялық құпия деп мәлімдеген мәліметтерді жария етпеуге.

Қоғамның қатыспаушылары заңдармен қарастырылған басқада құқықтарға

(міндеттерге) ие атқара алады.

Қоғамның жарғылық капиталы 177500 ( жүз жетпіс жеті мың бес жүз) теңге құрайды. Қоғамның жарлық капиталы оны қатысушыларымен қоғамның тіркеу сәтіне дейін төленген.

Қоғамның жарғылық капиталына салым ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ, жер пайдалану құқығы мен жеке әрекет қорытындыларының құқығы және өзге мүлік бола алады.

Мүлік және мүлік емес құқықтар және басқа материалдық емес игіліктер түрінде салуға құқсат берілмейді.

Қоғамның мүлігі қатысушылардың жарғылық капиталға салған алғашқы жарнасы, қосымша жарна, кәсіпкерлік әрекеттен түскен пайда, сондай - ақ, заем қаражаттары және басқа серіктестік белгіленген тәртіпте сатып алған немесе тапқан өзге мүлік арқылы құрылады.

Қатысушылардың шешімі бойынша қоғамның жарғылық капиталының мөлшері өзгере алады.

Қоғамның жарғылық капиталының көбеюінің қатысушысымен енгізілген қосымша салымдар, қоғамның жеке капиталы, нақты құны баланс құнынан асатын таза активтерді қайта бағалау, қоғамның құрамына жаңа қатысушылар алу арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамның жарғылық капиталының заңдармен белгіленген ең аз мемлекеттік тіркеу сәтінде азаюына рұқсат берілмейді.

Қоғамның жоғарғы органы қатысушысы жалпы жиналысы болып табылады. Қоғамның қатысушысының жалпы жиналысының айрықша құзырына келесілер жатады.

1) қоғамның жарғысының өзгеруі, оның жарғылық капиталының мөлшерінің, орналасқан мекен - жайы мен фирмалық атауыынң өзгеруі, немесе қоғамның жарғының жаңа басылымда бекітілуін қоса;

2) қоғамның атқарушы органынан құрылуы және оның өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы сондай - ақ, қоғамның беру туралы немесе оның мүлігінің сенімді басқаруға берілуі туралы шешім қабылдау және осындай берілудің шарттарын анықтау;

3) Қоғамның тексеру коммисиясының өкілеттерін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ, қоғамның тексеру коммисиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;

4) Жылдық қаржылық есепті бекіту және таза пайданы тарату;

5) Ішкі ережелерді, оларды бекіту және таза пайданы тарату;

6) Қоғамның басқа шаруашылық қоғамдарға, сондай - ақ, коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;

7) Қоғамның қайта құру немесе жою туралы шешім;

8) Тарату коммисиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

9) Қоғамның барлық мүлігінің кепілі туралы шешім;

10) Қоғамның мүлігінің осымша жарна енгізу туралы шешім;

Қоғамның атқарушы органы жалпы жиналыста сайланатын директор болып табылады, ол қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, оның анық құрылтайшысын дайындау барысында еңбек қарым - қатынастары еңбек заңдарына сәйкес ретке келтіріледі.

Директор қатысушының айрықша құзырына жатпайтын барлық мәселерде құзырлы, соның ішінде:

  • ағымдағы және болашақ жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • қатысушының шешімдерінің дайындалуы мен орындалуын ұйымдастастырады;
  • қоғамның мүлігіне, оның ақша қаражаттарына қатысушымен берілген шетке билік етеді;
  • ұйымдармен, сол сияқты мемлекеттік органдармен, соттармен қарым - қатынаста қатысушымен берілген және осы жарғымен берілгеннен өкілеттіктер шегінде серіктестіктің әрекетінің жөніндегі мәсілелер бойынша қоғам ұсынады;
  • өз құзыры шегінде басқа да қызметтерді атқарады;

Қоғамның директорының өкілеттіктері:

- Қоғамның атынан сенімхатсыз іс - әрекет етеді;

- Қоғамды таныс ету құқығына сенімхат береді, сол сияқты, қайта сенім білдіру құқығымен сенімхататр береді.

- Қоғамның жұмысшыларына қатысты оларды қызметке тағайындау, ауыстыру немесе орнынан босату туралы бұйрық шығарады, еңбек ақысын төлеу жуықтайды, лауазымды еңбекақының және жеке үстеме ақы мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, ақы төлеу шараларын қабылдайды және тәртіптік айып төлемдер салады;

Қоғамның директорына тиым салынады:

1) қатысушының келісімісіз қоғамның мүліктік пайда табуға бағытталған мәміле жасауға (сыйға тарту, қарызға беру, қайтарусыз пайдалану, сауда - саттық келісім шарттарын қоса) ;

2) қоғамның өзінен сияқты үшінші тұлғалардан қоғамның үшінші тұлғалармен мәміле жасалғаны үшін коммиссиондық сыйлық алу;

3) олардың қоғаммен қатынасында үшінші тұлғалардың атынан немесе мүддесіне әрекет етуге;

4) қоғамның әрекетімен бәсекелесетін кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға;

Қоғамның заңдарға сәйкес есеп және есеп беру шынайылығы мен тәртібі сақталмағаны үшін жауапкершілік артады.

Қоғамның директорының қаржылық - шаруашылық әрекетіне бақылауды жүзеге асыру үшін қатысушы тексеру коммисиясын құра алады.

Тексеруді жүргізу үшін сыртқы аудитор жұмысқа кірісе алады. Тексеру коммисиясының (ревизор) жұмыс тәртібі серіктестіктің ішкі әрекетін ретке келтіретін ережелер мен өзге құжаттармен белгіленеді.

Қоғаммен оның әрекетінің қорытындылары бойынша бір жыл ішінде

табылған таза пайдасы қатысушының жеке шешіміне сәйкес таратылады.

Әр жұмысшының еңбек кірістері ең көп мөлшермен шектелмейді және

белгіленген ережелерге сәйкес салық салынады.

Қоғам еңбек ақыны төлеу формасы мен жүйесін жеке анықтайды, мемлекеттік тарифті жұмысшылар мен сәйкес мамандардың еңбек ақысының төлеуінің ең аз мөлшердегі кепілі ретінде қарастыра отырып, еңбек келісім - шарттарында тарифтік қойылым мен еңбек ақысының мөлшерін қарайды. Қоамның жұмысшылары заңдарға сәйкес пенсия және әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар.

«Қарғалы» акционерлік қоғамның есеп саясаты Қазақстан Республикасының қаржылық есептін Ұлттық стандарттарына (НСФО №2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарын мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған.

Есеп саясатының келесі бөлімі ұйымның заңды статусы мен ұйымдастырылу құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік заңды тұлға болып табылады.

Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай: қабылданған - есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау;

- қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді түгелдеу нәтижелерін сондай - ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын;

- еспті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғанын;

- аналитиклық және синтетикалық есеп нәтижелерін дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есеп принциптеріне кәсіпорын өзінің саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • бухгалтерлік есептің уақтылығы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • актив пен міндеттемелерді түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті) ;
  • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
  • шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізге факторлар әсер етеді:

  • меншік нысан мен құқықтық - ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
  • ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа) ;
  • салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
  • шаруашылығы және тағы басқа) ;
  • қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;
  • қаржы - шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;
  • материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық - әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар) ;
  • кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Барлық бухгалтерлік жазбалар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып қоғамның қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады.

Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:

  1. Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады.
  2. Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен корреспонденцияланып, журнал - ордерлер, ведомостерге жазылады.
  3. Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады.

«Қарғалы» акционерлік қоғамның шаруашылық операцияларының құжатталу тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға немесе архивке түсу уақыты, өңделуі ішкі есеп ақпаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі. Қоғамда бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:

- аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлары мен қаржылық есеп беру үшін дербес компьютерлер беріліп - есеп жартылай автоматтандырылған немесе журнал - ордерлік нысанда жүргізіледі яғни екі нысанда да жүргізіліп отыруға болады;

- барлық жасалынған құжаттардағы мәліметтер қызметінің коммерциялық құпиясына жатады;

- құжаттардағы мәліметтермен танысуға басшысының рұқсатын коммерциялық құпиясына жатады;

- қоғамнда келесідей ішкі ұйымдық құжаттар жасалынады: ережелері,

қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс - жүргіу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы - материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т. б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар.

- қаржылық есеп нәтижелеріне аудиторлық тексеру жүргізіп отыру;

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шруашылық (жарғылық және басқа) қызметінің фактілерін жинақтап қорытындылау есеп принциптерін мұқият орындау керек:

1. Үздіксіз қызмет. Субъект үздіксіз қозғалушы ретінде есептеледі, яғни функцияланған болашақта көзделіп жалғастырушы.

2. Аударым. Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте бекітіледі және субъектінің қаржылық есеп беруінде байқалады және пайда бола бастағанда, қажеттілікті төлеу және қолма -қол түрінде емес.

3. Анықтылық. Ақпарат, шаруашылықтағы субъектінің қаржылық есеп беру ұсынымы барлық қолданушыларға түсінікті болуы керек.

4. Мағыналық. Қаржылық ақпарат үлкен және аса мағыналы болуы керек, қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және оларға дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету.

5. Маңыздылық. Есеп саясаты қаржылық есеп беру ақпаратын ашып көрсету үшін бағытталған және ол өте маңызды болуы керек, оның дұрыс болмай және қате кетуі қаржылық есеп беру пайдаланушыларының экономикалық шешімдеріне кері әсер тигізу мүмкін.

6. Сенімді анықтылық. Ақпарат анық болып табылады, егер онда маңызды қателіктер кетпесе оған пайдаланушылар сенім артуға болады.

7. Бейтараптылық. Ақпарат, ұсынылып отырған қаржылық есеп беру еркін бейтарапта болуы өте маңызды.

8. Байқаушылық. Шаруашылық шешім беру кезінде мұқияттылық, активтермен кірістер аса бағаланып, ал міндеттеме мен шығындар байқалмай қалуын қадағалау қажет.

9. Аяқтау. Қаржылық есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында ақпарат сенімді толық болу керек.

10. Салыстыру. Қаржылық ақпарат қажетті және мағыналы болу үшін, ол бірінші кезеңнен екіншіге өту үшін салыстырмалы болуы керек.

11. Бір ізділік. Есеп саясаты, субъектпен таңдалған, есеп берудің бір кезеңнен келесіге өту үшін қолданылады.

12. Шындық ұсыным. Қаржылық есеп беру қолданушыларға қаржылық қалып туралы шындық ұсыным қалдыру керек, субъектінің ақша қозғалысының, қаржы - шаруашылық іскерлігінің қорытындысы.

13. Өз нақты уақытындылығы. Ақпарат өз уақытында қалыптасып ұсынылуы керек.

14. Түсім мен ұстаным арасындағы баланс. Берілген ақпараттан түскен түсім, өзінің алған бағасынан жоғары болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда керек ақпаратты аз мөлшердегі шығынмен алу керек.

15. Принциптер балансы. Жоғарыда көрсетілгендердің оптималды үйлесімділігі болу керек, мақсаттар мен тапсырмаға есеп беру.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектерін айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі;
  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

«Қарғалы» акционерлік қоғамның есеп саясатының анықтылығы. Жылдық амортизациялық шегерімдері түзу бірқалыпты әдіс бойынша анықталады. Материал игеру тәртібі сатылған жұмыс арқылы орташа өлшемді құнмен шегеріледі.

Басқарушылық есебіне кірістіру мақсаты серіктестіктін басшысымен жедел толық және нақты ақпартпен анықталады, қажетті басқарушылық шешім қабылдау үшін.

Тауар - материал қорын қайта өңдеу шығындары (жұмыс, қызмет) өзіне өндірісте шикізат, мұнай, энергия, еңбек ресурстары және т. б. шығындарды жасады.

Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсету тиіс (яғни мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорынның көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөніндегі ниетінің жоқтығын білдірсе, онда үздіксіз қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргіздің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелі қағидасын сақтағаны, ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызылатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын үстағаны болып табылады.

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы орындылық талаптарына сай болу қажет.

1. 2 «Қарғалы» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау

«Қарғалы» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайын және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланс қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттары есебі мен аудиті
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Қарғалы жүн Сауда Үиі
Инвестициялық қызметтен табыс
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Есеп және аудит мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика бойынша
Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz