Негізгі құралдардың есебінің аудиті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6

I.тарау Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты және негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Шаруашылықтың технико. экономикалық сипаттамасы ... ..7.10
1.2. Есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.12
1.3. Негізгі құралдар туралы түсінік және оның мәні ... ..13.18

II.тарау Негізгі құралдардың есебі.
2.1. Негізгі құралдар, оларды сыныптау, бағалау және түгендеу ... ... .19.30
2.2. Негізгі құралдар кіріс және шығыс қозғалысыныңесебі.Жөндеу есебі..31.41
2.3. Негізгі құралдардың жалдау есебі ... ... ... ... ... ... ... ..42.57

III тарау. Негізгі құралдардың есебінің аудиті.
3.1. Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты және міндеті ... ... 58.59
3.2. Негізгі құралдарға аудит жүргізу тәртібі ... ... ... ... ...60.77
3.3. Негізгі құралдарды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..5-6
I-тарау Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты
және негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Шаруашылықтың технико- экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..7-10
1.2. Есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-
12
1.3. Негізгі құралдар туралы түсінік және
оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13-18
II-тарау Негізгі құралдардың есебі.
2.1. Негізгі құралдар, оларды сыныптау, бағалау
және
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .19-30
2.2. Негізгі құралдар кіріс және шығыс қозғалысының
есебі.Жөндеу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 31- 41

2.3. Негізгі құралдардың жалдау
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. 42-57
III тарау. Негізгі құралдардың есебінің аудиті.
3.1. Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты
және
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...58-59
3.2. Негізгі құралдарға аудит жүргізу тәртібі ... ... ... ... ...60-
77
3.3. Негізгі құралдарды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...78

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен
ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы
“Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер
мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік
есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары
негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген
бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына барынша
жақындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып
отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-
жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы
кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке
тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты
жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай
саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-
әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне
негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен
істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және
экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет
етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің
қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып,
айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жыл уақыт
өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы
тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық
жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі
бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.
Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектілері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін
халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін
ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған
ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі
Сондықтан да шаруашылық субъектілеріндегі негізгі құралдардың есебі,
аудиті және оларды тиімді пайдалану жайында осы дипломдық жұмысымда
жазылған.
Негізгі құралдардың есебі және аудиті зерттеуді қажет ететін өзекті
тақырыптардың бірі. Тақырыпты зерттеудегі мақсат - негізгі құралдардың
есебін және аудитін жүргізудің теориялық және практикалық мәселелерін оқып-
үйрену.
Жалпы бұл дипломдық жұмысымның жоспары үш тараудан тұрады:
- бірінші тарауында, негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде алатын орны
мен мәні, практикамды өткен “АГС” ЖАҚ-ның шаруашылық-экономикалық
сипаттамасы мен есеп саясаты жайлы жазылған;
- екінші тарауында, тауарлы-материалдық қорлардың түрлерімен, олардың
жіктелуімен, бағалануымен және де олардың қозғалысының есебі,
қоймада және бухгалтериядағы есептері қарастырылған;
- үшінші тарауында, тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің
мақсаты мен міндеттері, оларға талдау жүргізудің шаруашылық
субъектісіне маңызды екендігі жайлы жазылған.

I – тарау. Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты және негізгі
құралдар туралы түсінік.
1.1.Шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы.

ЖАҚ Алматинские газовые сети Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес құрылып, Алматы қалалық Әділет басқармасында тіркелген. Заңды
тұлғаның мемлекетік тіркеу куәлігінің № 40039 – 1910-АО (ИУ) 2001ж. 21
мамырынан, мемлекеттік класификатор туралы бойынша коды ОКПО: 39485350.
ЖАҚ АГС мекен-жайы: Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 63.
Қоғам салық төлеуші болып Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық
комитетінде тіркелген.
Қоғамның жарғылық капиталы 1 000 000 теңге болып жарияланған.
Номиналды құны 10 000 теңге акцияларының эмиссия көлемі 1 000 000 теңге.
Эмиссия ұлттық идентификациялық номері берілген 100 қарапайым атаулы
акцияларға бөлінген. Эмиссия Мемлекеттік бағалы қағаздар реестріне
01.01.2002ж енгізілген. Эмиссия акциялары толығымен орналастырыдған және
төленген.
Қоғам өз қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Ол құрылтайшылармен
20.04.2001ж бекітілген.
Қоғам жүзеге асыратын негізгі қызметтерінің түрлері: Алматы қаласының
тұрғындарын, кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді табиғигазбен қамтамсыз
ету;
жабдықтаушылардан табиғи газды қабылдап алуды ұйымдастыру және келісім
шарттарға сәйкес қаланы үздіксіз газбен қамтамасыз ету;
газ құрылғыларын, өлшеу құралдарын жөндеу және тасымалдауға
байланысты басқа да қызмет түрлері;
коммерциялық қызмет;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайша келмейтін басқа да, өзге
қызмет түрлері.
Ұйымның - қаржы шаруашылық қызметі кәсіпоынның өндіріс қызметінің
барлық жақтарын ашық көрсетеді, яғни талдау жүргізуге қажетті қаржылық
есептіліктің барлық мәліметтері (цифрлары) бар.
Бухгалтерлік балансты талдау – бірінші талданатын қаржылық
есептіліктің негізгі бөлігі.
Кірістер және шығыстар туралы есепті талдау – компания туралы, сату
көлемі және таза пайда туралы мәліметтердің маңызды қайнар көзі.
Бухгалтердің міндеті белгілі бір периодқа таза пайданы және кірісті анықтай
білу болып табылады.
ЖАҚ АГС -ң 2002,2003ж.ж Бухгалтерлік балансы, Кірістер және
шығыстар туралы есебі, Ақша қозғалысы туралы есебі № 1,2,3 Қосымшаларда
көрсетілген.
Қоғамның бухгалтерлік есебі Қазақстан Республикасының табиғи
монополия туралы заңдарының талаптарына сәйкес құрылған. Қоғам өзінің
есептік жазуларын жүргізеді және Типтік шоттар жоспары мен Қазақстан
Республикасында қабылданған, Қоғамның Есеп саясатымен бекітілген
бухгалтерлік есеп бойынша нормативті актілер мен тәртіптеріне сай қаржылық
есептілігін дайындайды. Негізгі құралдары мен материалды емес активтері,
жинақталған тозуды есептемегенде, есептілікте сатып алу құнымен
көрсетіледі. Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің алғашқы
құнына сатып алу құны және активтерді жұмыс істеу қалпына жеткізуге дейнгі
кеткен барлық шығындар кіреді. Негізгі құралдардың тозуы негізгі құралдар
мен материалды емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзіміне байланысты тік
сызықты әдіспен есептелінеді. 2004 жыл бойынша негізгі құралдар 92%-ға
қайта бағалаудың есебінен және 8 %-ға Алматы қаласы бойынша газ құбыр
жүйесіне жаңа объектілер енгізу есебінен артқан.
Тауарлы – материалды құндылықтар есепте орташа құн бойынша
көрсетілген. ТМҚ – оларды пайдалану қай есепті кезеңде болса, сол есепті
есепті кезеңде шығысқа шығындалады.
Дебиторлық қарыздар қаржылық есептілікте толық көлемінде
көрсетілген, яғни күдікті қарыздар сомасына түзетулерсіз, себебі Қоғамда
күдікті қарыздар бойынша резерв әлі құрылмады. Өткен жылмен салыстырғанда
сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздар
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің жалпы қарыздары 27814 мың
теңгеге артқан, соның ішінде 26061 мың теңге АПК ЖАҚ-ң газын
тасымалдау қызметіне кеткен.
- үй ішнде газ құрылғыларын жөндеу бойынша қызметке 1753 мың теңге
кеткен
- 2002 жылмен салыстырғанда - басқа да дебиторлық қарыздардың азаюы
57775 мың теңгені құрайды. 2002 жылы басқа да қарыздардың өсуі,
негізінен, есепке алынған негізгі құралдарға салынған қосымша құнға
салық сомасының өсуінен болып отыр.
Ақшаның бар болуы және оның қолдануы қызмет көрсететін банк
құжаттарымен көрсетіледі.
Шет ел валютасымен операциялар қызмет көрсететін банк бекіткен
айырбас бағамы бойынша қазақстандық теңгемен жүргізіледі. Пайдаланылған
валюталық несиелер мен пайыздарды жабу бойынша операциялар нарықтық бағам
бойынша бағаланады.
Заемдық құралдар Банктік заем келісіміне отырған ААҚ Банк
Каспийскийден Қоғам шотына теңге, швейцариялық франк, АҚШ доллары түрінде
нақты келіп түскен ақша негізінде көрсетіледі.
Заемды пайдалану бойынша марапаттау 13,5 % мөлшерінде 184664 мың
теңге 2003 жылы есепке алынған және ол кезең шығындарында көрсетілген.
Салық салу Салық Кодексінің талаптарына сай жүргізіледі.
Қысқа мерзмді кредиторлық қарыз өткен жылмен салыстырғанда 144772,5
мың теңгеге кеміген. Кему заемдық құралдарды тарту есебінен болып отыр.
Қоғамның қаржылық жағдайына елеулі әсер ететін барлық кредиторлық қарыздар
сомасы контрагенттермен есептесудің салыстыру актісінде көрсетіледі.
Табыс алынған немесе алынуға тиісті сату құнымен бағаланады. Газды
тасымалдаудан түскен табыс Қазақстан Республикасының табиғи монополияны
реттеу бойынша Агенттігінің Департаменті бекіткен тарифтер бойынша
бағаланады. Сату құны сатып алушымен келісілген негізде анықталады. Сатудун
түскен табыс, осы операцияларды дәлелдейтін құжаттар негізінде, тауарды
тиеп жіберген уақыттан (жұмыс істеу, қызмет көрсету) бастап есептеледі.
Газды тасымалдау бойынша алынған табыс тұтынушы бекіткен акт негізінде
көрсетіледі.
Шығыстар құралдардың шығысталуын дәлелдейтін алғашқы құжаттар
негізінде есепке алу әдісі бойынша көрсетіледі.
Газды тасымалдау қызметі бойынша нақты шығындар бекітілген
тарифтердегі шығындардан артық. Шығындар сомасының артық болып кетуіне банк
заемдарын пайдалану үшін кеткен марапаттау шығындары әсер еткен. Ал
марапаттау бойынша шығындардың асып түсуіне валюталық эквмвалентте
фиксациясымен теңге түрінде алынған заемдардың қайта бағалау нәтижесі әсер
етті.
Шығын көлемі: 2002 жыл бойынша сомасы 135288 мың теңге;
2003 жыл бойынша сомасы 237,5 мың теңге.
Қызмет нәтижесінің шығынды болуына заемдық ақшаны пайдалануға
байланыста шығыстар әсер етті. Ол ақшалар инвестициялық жоба
бағдарламасының орындалуына бағытталған болатын. Шет ел валютасына қатысты
теңге бағамының өзгеруі салдарынан заемдарды қайта бағалау және заемдарды
жабу кезіндегі баға айырымынан пайда болған шығындар пайда болды.

1–кесте.2003 ж. Табыстар мен шығындар

Қызмет түрі Сатудан түскен Өзіндік құны Таза кіріс
табыс
Газ тасымалдау 652173,5 274261 377912,5
Дайын өнімді сату 285,5 23,5 50,5
Басқа да өткізулер 37153,5 31226,5 5927
Барлығы 689612,5 305722,5 383890

2–кесте.Кезең шығындары

Кезең шығындары түрлері Сома
Әкімшілік шығындар, барлығы: с. іш 200210,5
Амортизация 1475
Жал 6559,5
Жөндеу 10878
Еңбек ақы 23284
Салықтар 11744
Байланыс қызметі 1158
Транспорт шығындары 312,5
Кеңсе шығындары 144291
Т.с.с
Марапаттау, барлығы: с. іш 184664
Банк несиесі бойынша марапаттау 184664
Жалпы кезкң шығындары 384876

3–кесте.Негізгі емес қызметтен түскен пайда (зиян)

Пайда (зиян) түрлері -1024
Негізгі құралдардың шығысынан
Баға айырымынан 1628
Басқа да негізгі емес қызметтен 3974
Барлығы 4578

1.2. Есеп саясаты

АГС ЖАҚ-ң есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
және қаржылық есептілік туралы Заңға, ҚР бухгалтерлік есеп стандарттарына
және өкілетті органдармен бекітілген методикалық ұсыныстарға сәйкес
жасалған.
ЖАҚ есеп саясатын құру және пайдалану барысында, ҚБЕС-30 Қаржылық
есептілікті ұсыну, Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына негіз
болатын келесідей қағидаларды басшылыққа алу керек: есепке алу, қызметтің
үздіксіздігі, түсініктілік, мәнділік, мағыналық, шынайылық, бейтараптылық,
абайлық, аяқтылық, салыстырмалылық, кезектілік.
Бухгалтерлік есептің саясаты қаржылық есепті құру және ұсыну үшін
қажет қағидаларды, негіздер мен тәртіптерді қамтиды. Қаржылық есептің
мақсаты келесідей органдарға ЖАҚ-ң қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі жайлы
барлық қажетті ақпараттарды ұсыну:
- зеттеуші органдар (тұрақты және статистикалық есеп беру, салық
декларациясы);
- құрылтайшыларға жедел ақпаратты ұсыну.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар Қоғам қызметінің
ерекшелігін ескере отырып Типтік шоттар жоспары негізінде жасалған Қоғамның
Жұмысшы шоттар жоспарының сыныптамасына сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік
жазулардың тізбегі келесідей тәртіппен анықталады:
1. Алғашқы құжаттар негізінде, оның мазмұнына сай жасалған
операциялардың фактілері бухгалтерлік жазумен бекітіледі;
2. Алғашқы құжаттардың мәліметтері операциялардың орындалуына байланысты
журнал-ордерлерде, ведомостерде, бухгалтерлік есеп регистрлерінде
және стандартты емес есеп регистрлерінде жинала береді.
3. Есептілікте өңделген мәліметтер негізінде қаржылық есеп құрылады.
Шаруашылық операцияларды құжаттау тәртібі, құжаттар
қозғалысының тізбегі, есеп аппаратының ішіндегі өңделген құжаттардың
бухгалтерияға келіп түсу мерзімі, есепті кезең соңына барлық жұмыстардың
аяқталуы, есептілік және құжаттардың мұрағатқа тапсырылуы – осының бәрі
құжатайналымын құрайды. Бұны орындауға Қоғамның барлық жұмысшылары
міндетті.
Қоғамда бухгалтерлік есепті есепті жүргізудің келесідей түрлері
бар:
1. Автоматтандырылған. Есептік синтетикалық және аналитикалық регистрлер
мен қаржылық есептіліктерді персоналды компьютерлермен жүргізу.
2. Автоматтандырылмаған, шаруашылық операциялардың орындалу уақытында
алғашқы құжаттардың қағаз ақпарат тасушыларға түсуі.
Алғашқы құжаттардың мазмұны мен бухгалтерлік есеп регистрлері
коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттар болып табылады. Оларды пайдалану
мүмкіндігі басшының рұқсаты берілген тұлғаларда ғана бар. ҚБЕС-24
талаптарының толық, әрі әкімшілік орындалуы үшін Қоғам келесідей ішкі
құжаттарды дайындайды және орындауға бекітеді:
- ЖАҚ туралы ұсыным;
- Бухгалтерия туралы ұсыным;
- Қызмет іссапарлар туралы ұсыным;
- Өкілеттілік шығындар туралы ұсыным;
- ЖАҚ жұмысшылары туралы қызмет тәртібі;
- Өндіріс ісі бойынша тәртіп;
- Мүліктерге түгендеу жүргізудің жалпы тәртібі мен оның нәтижесін
енгізу бойынша міндеттер;
- Негізгі құралдарды, МЕА, тауарлы материалды құндылықтарды
инвестицияларды, ақша құралдарын, төлем және ақша құжаттарын, қатаң
есептілік бланктерін және басқа да баланстан тыс активтер мен
міндеттемелердің түгендеуі бойынша тәртіптер.
Акционерлерінің қызығушылығы жағынан Қоғамның заңға сай қызметін
жүргізуін тексеру ішкі аудит және аудиторлық ұйымның тексеруі арқылы жүзеге
асады.

1.3. Негізгі құралдар туралы түсінік және оның мәні.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және енбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған
бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады;ал орнату үшін сатып
алған субъект үшін осы қазан еңбек кұралы болып табылады. Осы қазанды
келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі кұраддар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе
ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар
және кұрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық
екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі кұралдьщ есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік
құкығын, шаруашылык пен оперативтік басқару жүйесін аныктайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны сыныптау болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс қүралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде енбек
құралдарына (машина, кұрал-жабдык, кұрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, кұрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
кұралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш і — қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі кұралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетІн заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім
бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі кұраддар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші
"Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші "Жер", 122-ші "Үйлер мен
ғимараттар", 123"Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш кондырғылар", І24-ші
"Көлік құралдары", І25-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті
аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар,әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған кұрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.
Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып белінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жок шығындар (жер
учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер;
ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде
автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдыктар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдық; көлік күралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық
екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі қүралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар кұқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып
саналады;
үйлер —халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауғажәне материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-
құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір,
автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект
болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор
жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан
тұрады;
күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен
өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану
двигательдері,электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш
кесетін аралар);
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және
басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа
құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт
сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын
қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу
үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік
объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара
мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.
Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер қолдан егілген, көпжылдық өсімдіктер (жеміс және
жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза
плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер).
Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған)
өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер
қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар
(жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын
тастардан тазарту);
басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою,
тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген,
баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға
қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі кұралдардың бастапқы кұны мынадай жолмен аныкталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы — актіде
көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге
берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген
қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі
үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан
түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін
сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны,
тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен
құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен
өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды
құрастыру кезінде олардың бүзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса
есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған
болса, онда теленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да
объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер меи ғимараттарды шаруашылык, әдіспен салу кезінде: құрылыс
материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу
кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде
берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға
жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. - құрылыс
бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртүтас мулік ретінде иеленген
кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл
объектілердің бастапқы қүнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың
пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі
шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер
ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға
(түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер
сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты
жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылыктарды
сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны
есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұргызылған үйлер мен ғимараттар бойынша —
объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-
жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны
тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар—
өздерінің келісілген бағасы бойынша;
субъектінің өзі дайындаеан немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі
құралдар бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша,
жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды
орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса
есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша — құжаттарда
көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға
кеткен шығындарын қоса есептегеңде);
айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің — бастапқы құны
негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі
құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған
(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір
мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер
де жатады. Мысалы, бір-біріне ұксас негізгі құралдар: тракторды жүк
автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны
бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған
(түскен) сомасы ескеріледі;
жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды өсірудің нақты
өзіндік құны;
негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша —
жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар
және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша -өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге
дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің
пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
толык, төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар
бойынша — олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген
жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

II – тарау. Негізгі құралдардың есебі.

1. Негізгі құралдар, оларды сыныптау, бағалау және түгендеу.

Негізгі кұралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе
ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар
және кұрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық
екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі кұралдьщ есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік
құкығын, шаруашылык пен оперативтік басқару жүйесін аныктайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны сыныптау болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс қүралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде енбек
құралдарына (машина, кұрал-жабдык, кұрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, кұрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
кұралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш і — қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі кұралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетІн заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі кұралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар,әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған кұрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.
Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып белінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жок шығындар (жер
учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер;
ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде
автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдыктар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдық; көлік күралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық
екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі қүралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар кұқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып
саналады;
үйлер —халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауғажәне материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-
құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір,
автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект
болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор
жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан
тұрады;
күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен
өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану
двигательдері,электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш
кесетін аралар);
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және
басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа
құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт
сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын
қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу
үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік
объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара
мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.
Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Негізгі кұралдардың бастапқы кұны мынадай жолмен аныкталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы — актіде
көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге
берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген
қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі
үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан
түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін
сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны,
тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен
құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен
өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды
құрастыру кезінде олардың бүзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса
есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған
болса, онда теленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да
объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер меи ғимараттарды шаруашылык, әдіспен салу кезінде: құрылыс
материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу
кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде
берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға
жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. - құрылыс
бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртүтас мулік ретінде иеленген
кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл
объектілердің бастапқы қүнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың
пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі
шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер
ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға
(түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер
сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты
жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылыктарды
сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны
есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұргызылған үйлер мен ғимараттар бойынша —
объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-
жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны
тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар—
өздерінің келісілген бағасы бойынша;
субъектінің өзі дайындаеан немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі
құралдар бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша,
жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды
орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса
есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша — құжаттарда
көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға
кеткен шығындарын қоса есептегеңде);
айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің — бастапқы құны
негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі
құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған
(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір
мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер
де жатады. Мысалы, бір-біріне ұксас негізгі құралдар: тракторды жүк
автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны
бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған
(түскен) сомасы ескеріледі;
жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды өсірудің нақты
өзіндік құны;
негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша —
жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар
және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша -өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге
дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің
пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
толык, төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар
бойынша — олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген
жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы кызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн —бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны — бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге
дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара
айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапкы және болжанған
жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
пайдалы кезең қызметі — бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан
экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
нормативтік қызмет кезеңі — бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкескәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші "Негізгі құралдар" бөлімшесінің
мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 121-ші "Жер, 122-ші
"Ғимараттар мен құрылғылар", 123-ші "Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш
тетіктер", 124-ші "Көлік құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар".
Сонымен бірге, 126-шы "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған
күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас
малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен
тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация
сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын
анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің
тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін;
негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және
олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың
басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық
шаруашылық субьектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын
қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ субъектідегі негізгі құралдардың
нақты бар-жоғын анықтау және күтіп сақталуын бақылау мақсатында жылына
бір рет мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Бухгалтерлік
есептің №6 "Негізгі қорлар (құрал-жабдықтарды) есебі"- деп аталатын
стандартында "Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Негізгі құралдардың аудиті
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Аудит
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті
Негізгі құралдардың тозу аудиті
Пәндер