Мәміленің ұғымы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2

1. Мәміленің ұғымы. Мәміленің түрлері 4
2. Мәміленің жарамдық шарттары 9
3. Жарамсыз мәмілелер 10

Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1. Мәміленің ұғымы. Мәміленің түрлері 4
2. Мәміленің жарамдық шарттары 9
3. Жарамсыз мәмілелер 10
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан
әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық
саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан
кешінді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл
ішінде кез келген құқықтық мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып
табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс,
Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.
Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда
өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы
қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке
тарау да бар. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай мәміле түрлерінің
өзгеруімен байланыстырамыз.
Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың
арасындағы елеулі роль атқаратын мәміле түрлерін, олардың түсінігі мен
маңызын ашып көрсету.
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын
реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп, шарттасушы тараптардың қатынастарын
реттейтін нормалар саны өсе түсті. Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-
тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген
нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да
бар.
Осы жұмысымда мен Ғ. Төлеуғалиев, Ғ.А. Жайлиннің және тағы басқа
авторлардың еңбектерін қолдандым. Азаматтық кодекстің баптарын басшылыққа
алдым. Сөйтіп шарттардың қалай жасалатынын және олардың өзгертілуі мен
тоқтатылатына дейін байыптап шықтым. Сонымен қатар біздің еліміздегі
мәмілелердің азаматтық заңдағы мәселелеріне арнайы тоқталдым.

1. Мәміленің ұғымы. Мәміленің түрлері

1. Мәміле ұғымы. Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен
заңды тұлғалардың Азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағъпталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай
белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) кандай да бір Заңды құқық жасауға бағытталған Азаматтық құқықтык
қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы; 4) мәміленің
әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен
түрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай
немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру, әдісін мәміленің нысаны деп
атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда
бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле
ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле
орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып
алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты
растайтын белгілер үсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-
кетер ештеңе жоқ
Конклюденттік әрекет (латынша concludere — жасау) — сол арқылы
тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа
ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-тің 151-бабының 4-
тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де,
жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа
сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл
орайда мәмілелерді жасау кезінің өзіңде орындалатындарынан басқа жүз
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды
шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына
сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше
туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың
өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау - кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын
пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің
талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі
мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге
жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау
салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефон-жазба, телетайп-жазба, факс немесе
субъектілерді және олардың epік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де
құжаттар алмасу, егер Заңдармен немесе талаптардың келісімімен өзгеше
белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
өзі қол коя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат кол коя
алады. Соңғының қойған қолын, егер Заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат
немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам,
мәміле жасаушының өзі қол коя алмаған себептерін көрсете отырып,
куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша
кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. (АК-тің 152-
бабының 5-тармағы).
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп
саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабыньщ 3-
тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп
соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң
құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады.
Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу
мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе пошта арқылы жолдаған
арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге
тиіс және ол заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін
болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда
жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың
талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте
мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жак сот
арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Мәмілелердің
түрлері. Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі немесе
көп жақты (шарттар); 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4)
казуалды және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық.
Біржақты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне
сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті
болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі өсиет
қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым коп бола бермейді. Азаматтық айналым
көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі
жакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле)
келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-
біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады
(мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа
одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған
мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus — келісім) — келісімге
келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын
мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res — зат) келісімнің
бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және
абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына
орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір
жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші
жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер
өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere — қол үзу, бөліну),
(мысалы, вексельді тапсыру).
Шартпен жасалған мәмілелер қаңдай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді
(оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да
мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-
басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге
қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (АК-тің 150-бабының 1-
тармағы). Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар
құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын, басталу-басталмауын белгісіз мән-
жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды
деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап Шарттың
басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал
шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен
ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада
айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты
құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық
мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, кор және басқа биржалар туралы
Заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады.
Биржалық мәмілелер делдалдык, жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада
тіркелуге тиіс.
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы
биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.

2. Мәміленің жарамдық шарттары

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің
жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестік,
мәмілеге қатысатын жөне оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен
ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде
Заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға
сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады
(АК-тің 18-бабы).
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір
азамат жасай алады, ал Заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілетті
болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір-бірімен сәйкес
келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп
көрсетеді.
Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,
сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі
көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК-тің 154-бабы)
мен тіркеуді (АК-тің 155-бабы) айтуға болады.

3. Жарамсыз мәмілелер

Жарамсыз мәміленің түсінігі. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл
туралы былай делінген: "Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына,
сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған
жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың
талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында
мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының
ақауы болатын мәміле; ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы
бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң
талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы
жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).
Субъекттік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның
біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші Заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен
байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер
мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
а) Азаматтық кодекстің 23-бабыңца көзделген мәмілелерді қоспағанда, он
төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-
бабының 3-тармағы);
ә) Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың
ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз
жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар
мәмілелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле туралы ақпарат
Мәміленің жарамдық шарттары
Мәміленің жарамсыздығы
Жазбаша мәмілелер
Мәміле ұғымы
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Шартпен жасалған мәмілелер
Мәмілелер
Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
Жарамсыз мәміленің түсінігі
Пәндер