Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Жаратылыстану-география факультеті

Экология кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: « АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНАН ШЫҒАРЫЛАТЫН ЗИЯНДЫ ЗАТТЕКТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ»

Орындаған: Раймбекова Асель Руслановна

050608 -«Экология» мамандығын бітіруші

Ғылыми жетекшісі: б. ғ. к., доцент м. а. М. С. Қапасова

Диплом жұмысы кафедра мәжілісінде талқыланып,

қорғауға жіберілді

Хаттама № “___” 2008 ж.

Экология кафедрасының меңгерушісі: п. ғ. к Н. А. Мухамединова

Алматы -2008 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 6

I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы . . . 6

1. 1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының

ластануы . . . 6

1. 2 Республика қалалары ауасының әр түрлі заттармен ластану деңгейі . . . 11

1. 3 Алматы қаласы топырағының ауыр металдармен ластануы . . . 17

ІІ. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы . . . 20

2. 1 Алматы қаласының атмосфералық ауаның әртүрлі заттармен ластануы . . . 20

2. 2 Қала атмосферасын ластайтын негізгі көз болып саналатын - автокөлік шығарындылары . . . 24

ІІІ. Зерттеу объектілері және әдістері . . . 32

3. 1 Зерттеу объектілері . . . 32

3. 2 Зерттеу әдістері . . . 32

IV. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау . . . 33

4. 1 Атмосфералық ауаны ластайтын көздердің бірі автокөліктерден шығарылатын зиянды заттар мөлшерін бақылау . . . 33

4. 2 Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектердің

ағаш өсімдіктерінің морфологиялық құрылысына әсерін зерттеу . . . 37

4. 3 Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектердің

ағаш өсімдіктерінің анатомиялық құрылысына әсерін айқындау . . . 40

Қорытынды . . . 42

Тұжырымдар . . . 44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысы _62___ беттен, _35__суреттен, 25___кестеден тұрады, және әдебиет қолданылды.

Жұмыстың орындалуы : Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, экология кафедрасы

Зерттеу аймақтары, материалдары мен әдістері :

Зерттеу аймақтары : 1-нүкте; Сейфуллин көшесі, Гоголь қиылысы, 2-нүкте; Райымбек даңғылы, Абылайхан қиылысы, 3-нүкте; Абай даңғылы, Алтынсарин қиылысы, бақылау варианты; Алма-Арасан (Іле Алатауы орта деңгейі 3000 км теңіз деңгейінен жоғары)

Материалдары : зерттеу аймақтарынан жиналған Pinus silvestris L., Picea obovata Ledb., Ulmus pumila L., Ulmus glabra L. өсімдіктерінің жапырақтары

Әдістері: 1 сағат ішінде (әрбір 20 минут) көшеде күріп өткен автокөлік түрі мен олардың саны анықталды. Зерттеу нысандарын фиксациялау (1:1:1) спирт, су, глицерин, анатомиялық құрылысын зерттеуге жалпыға бірдей қолданылатын әдіс арқылы жапырақтың көлденең кесіндісін жасалды.

Жұмыстың мақсаты: Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттардың қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін анықтау

Жұмыстың міндеттері :

1. Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтау;

2. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектердің ағаш өсімдіктерінің морфологиялық құрылысына әсерін зерттеу;

3. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектердің ағаш өсімдіктерінің анатомиялық құрылысына әсерін айқындау.

Ғылыми жаңалығы: Автокөліктен ауаға шығарылатын зиянды заттардың ағаш өсімдіктерінің морфологиялық- анатомиялық құрылысына әсері алғаш рет зерттелді.

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі : Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Өнеркәсіпте және көлік отыны жанған кезде түзілетін азот оксидтері, N2O, NO, NO2 атмосфераны ластайтын көздердің бірі.

Атмосфераның ластануына өнеркәсіп орындары, жылу электрстанциялары, ауыл шаруашылығы, құрылыс орындары, автокөлік шығарындылары себеп болып отыр.

Жоғарыда айтылған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.

Алматы қаласынан шығатын зиянды заттектердің негізгі көзі болып автокөлік шығарындылары табылады. Автокөліктерден шығатын зиянды заттектерге көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, көмірсутектер, сутек, альдегидтер, т. б. яғни барлығы 200 - ге жақын компоненттер бар.

Бұл шығарынды заттектер адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Тыныс алу жолдарының қабынуына, жүйке жүйесіне, өкпенің қатерлі ісік ауруына душар етеді. Канцерогенді, теротогенді, мутагенді аурулар туғызады.

Сондай-ақ өсімдіктер үшін де улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Егер ауада 0, 2- 0, 5 мг/м3 зиянды заттар болса өсімдіктің жапырағында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Өсімдіктің өсіп дамуына зиянды әсер етеді. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектермен, Алматы ауасының ластануы бүгінгі таңда қарқынды жоғарылауда.

Жұмыстың мақсаты: Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттардың қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері :

1. Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтау;

2. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектердің ағаш өсімдіктерінің морфологиялық құрылысына әсерін зерттеу;

3. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектердің ағаш өсімдіктерінің анатомиялық құрылысына әсерін айқындау.

Ғылыми жаңалығы: Автокөліктен ауаға шығарылатын зиянды заттардың ағаш өсімдіктерінің анатомиялық - морфологиялық құрылысына әсері алғаш рет анықталды.

Жұмыстың көлемі : Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім - төрт тараудан, суреттен, кестеден, қорытындыдан, тұжырымдардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы

1. 1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының ластануы

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, (шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фтролы сутек, ) жатады. Өнеркәсіпте және көлік отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері (N2O, NO, NO2 ) атмосфераны ластайтын көздердін бірі. Күн сәулесінің әсерінен күрделі химиялық реакцияға түсіп нәтижесінде уытты фотооксиданттар (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес қосады. Атмосферада озот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады. /1/

Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластанған көзден ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольды қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі;

Атмосферада фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылуы мүмкін;

Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталады. Қыс айларында қалаларда тұман екі еседей, жауын -шашынмен 5-10 % көп түсетіндігі, жерге жететін күн радиациясының деңгейі 20-30 % орташа температура 0, 5-1, 5С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20-30% кем болатындығы байқалды. /2/.

Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метерологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Мысалы: Лос -Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бір қатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесінде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.

Лондонда смогтар ХІХ ғасырдың соңынан бастап -ақ белгілі болған, Әсіресе 1952 және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді 1952 жылдын 5-9 желтоқсан аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманың құрамындағы зиянды қосылыстардың (Күкірт ангидриді, азот оксиді, альдегидтер, хлорлы көмірсутектер, т. б) мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит аурумен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерінен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы ақпанда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мындаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда “Ауа тазалығы туралы заң ” қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған.

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар, өсімдіктер үшін әрқашан зиян.

Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауыл шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал- арпа, көкөністерден -шпинат, капуста, салат, редис.

Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0, 02 мг/м3, азот оксидтері-0, 02 мг/м3 және аммиак-0, 1 мг/м3. /3/

Атмосфералы ауаның жағдайын бақылау 2007 жылы 50 стационарлы кентте жүргізілді, 21 елді мекен республикасында: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Риддер, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалалары.

Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі (ИЛА 5-12, 6 ) Алматы қаласында. Ластанған (ИЛА 5->5) қалаларға 10 қала жатқызылған, соның ішінде ауаның жоғары ластануы (ИЛА 5->7) 8- қалада (1. 1 сурет) .

Республикамыздың 18 қаласында бір ғана улы зат қоспасы бар ластану концентрациясының орта мәні ШРК- дан асып түсіп отыр, ал 5 қалада (Алматы, Риддер, Теміртау, Өскемен, және Шымкент) үш және одан көп улы заттар қоспасының концентрациясы ШРК -дан жоғары. 10-қалада азот диоксидінің 1, 3-2, 2 ШРК шегіндегі орта концентрациясы байқалған. Ал 1, 2-2, 8 ШРК шегіндегі ауаға көтерілген улы заттар (тозаң түрінде) - 9 қалада, 1, 3-4, 3 ШРК шегінде формальдегид - 7 қалада, 1, 7-3, 0 ШРК шегіндегі фенол - 4 қалада байқалған.

Бақылау жүргізіліп отырған жерлерде 20 елді мекенде ең болмағанда бір ғана улы зат қоспасының бір жолғы концентрациясы ең шекті мөлшері ШРК - дан асып кеткен, Бұл жағдайда мұның өзінде 12 қалада (Алматы, Астана, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті) үш және одан да көп улы зат қоспасы үшін белгіленген ШРК - дан асып кеткені байқалған. Ауаға көтерілген улы заттардың ШРК - дан жоғары концентрациясы 16 қалада, оксидті көміртек -14 қалада, диоксидті азот мен формальдегид - 4 қалада, аммиак пен фторлы сутегі - 3 қалада, күкірт диоксиді - 2 қалада (1- кесте) байқалған.

2007 жылы атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ВЗ) 22 жағдайында және төтенше жоғары (ЭВЗ) 1 жағдайында улы заттың концентрациясының рұқсат етілетін мөлшерден 10, 2-14, 0 есе (1. 2 кесте) артық болуы тіркелген: Астана қаласында улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясының ең шекті мөлшері көктем айында 14, 6 ШРК (1 ВЗ), мамырда - 65, 2 ШРК (1 ВЗ), болған, азот диоксиді (3 ВЗ) концентрациясы ШРК - дан 10, 4 - 23, 8 есе артқан ; Балқашта улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілетін мөлшерден 10, 2-11, 6 есе артқан, күкірт диоксиді - 10, 3 -21, 3 есе артқан, Қызылордада улы заттың аспанға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден 10, 2-14, 0 есе артқан (2-кесте) . /14/

1- кесте

Қазақстан Республикасы қалаларының 2007 жылғы

атмосферасының жалпы ластануы

Қоспалар аттары: Қоспалар аттары
Қала саны:

Қала саны

Қала бойынша орташа: Қала бойынша орташа
ШРК-сы жоғары қала саны: ШРК-сы жоғары қала саны
Қоспалар аттары: Орташа концентрация
Қала саны:

максимальды

концентрация

Қоспалар аттары: мг/м 3
Қала саны: ШРК қысқаша жоғарылау
Қала бойынша орташа: мг/м 3
ШРК-сы жоғары қала саны: ШРК қысқаша жоғарылау
орташа
макси-мальды
Қоспалар аттары: Өлшенген зат
Қала саны: 20
Қала бойынша орташа: 0, 176
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 2
3, 260
6, 5
9
16
Қоспалар аттары: Күкірт диоксиді
Қала саны: 21
Қала бойынша орташа: 0, 024
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 5
0, 710
1, 4
3
2
Қоспалар аттары: Араласқан сульфат
Қала саны: 10
Қала бойынша орташа: 0, 006
ШРК-сы жоғары қала саны:
0, 088
Қоспалар аттары: Көміртегі оксиді
Қала саны: 19
Қала бойынша орташа: 1, 35
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 5
12, 92
2, 6
0
14
Қоспалар аттары: Азот диоксиді
Қала саны: 21
Қала бойынша орташа: 0, 043
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 1
0, 282
3, 3
10
18
Қоспалар аттары: Азот диоксиді
Қала саны: 4
Қала бойынша орташа: 0, 021
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 3
0, 093
0, 2
0
0
Қоспалар аттары: Аммиак
Қала саны: 5
Қала бойынша орташа: 0, 039
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 0
0, 243
1, 2
1
3
Қоспалар аттары: Күкірттісутек
Қала саны: 6
Қала бойынша орташа: 0, 002
ШРК-сы жоғары қала саны:
0, 010
1, 2
4
Қоспалар аттары: Фторлы сутек
Қала саны: 3
Қала бойынша орташа: 0, 003
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 5
0, 058
2, 9
0
3
Қоспалар аттары: Күкірт қышқылы
Қала саны: 2
Қала бойынша орташа: 0, 021
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 2
0, 057
0, 1
0
0
Қоспалар аттары: Фенол
Қала саны: 10
Қала бойынша орташа: 0, 0037
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 2
0, 023
2, 3
4
9
Қоспалар аттары: Формальдегид
Қала саны: 9
Қала бойынша орташа: 0, 0082
ШРК-сы жоғары қала саны: 2, 7
0, 037
1, 1
7
4
Қоспалар аттары: Хлор
Қала саны: 2
Қала бойынша орташа: 0, 002
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 1
0, 100
0, 5
0
1
Қоспалар аттары: Хлорлы сутек
Қала саны: 1
Қала бойынша орташа: 0, 030
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 3
0, 570
2, 9
0
1
Қоспалар аттары: Мышьяк
Қала саны: 3
Қала бойынша орташа: 0, 001
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 2
0, 003

2- кесте

2007 жылғы атмосфералық ауаның жоғары және төтенше ластануы (ВЗ) и (ЭВЗ)

Қала
Қоспалар аттары
Айлық
Уақыт

КБЛ (ПНЗ)

Концентрация
мг/м 3
ШРК қысқаша жоғарылау
Қала: Балқаш
Қоспалар аттары:

Күкірт

диоксиді

Айлық: 27 ақпан
Уақыт: 13 сағат
№КБЛ (ПНЗ): 4
Концентрация: 5, 136
10, 3
Қала: 24сәуір
Қоспалар аттары: 13сағат
Айлық: 3
Уақыт: 5, 610
№КБЛ (ПНЗ): 11, 2
Қала: 8 мамыр
Қоспалар аттары: 13 сағат
Айлық: 3
Уақыт: 6, 340
№КБЛ (ПНЗ): 12, 7
Қала: 8 мамыр
Қоспалар аттары: 13 сағат.
Айлық: 4
Уақыт: 8, 280
№КБЛ (ПНЗ): 16, 6
Қала: 30 қазан
Қоспалар аттары: 13сағат
Айлық: 3
Уақыт: 10, 660
№КБЛ (ПНЗ): 21, 3
Қала: 30 қазан
Қоспалар аттары: 13 сағат.
Айлық: 4
Уақыт: 7, 120
№КБЛ (ПНЗ): 14, 2
Қала: 5 қараша
Қоспалар аттары: 13 сағат
Айлық: 4
Уақыт: 7, 840
№КБЛ (ПНЗ): 15, 7
Қала: Ауаға көтерілген улы заттар
Қоспалар аттары: 8 мамыр
Айлық: 13 сағат.
Уақыт: 3
№КБЛ (ПНЗ): 5, 8
Концентрация: 11, 6
Қала: 8 мамыр
Қоспалар аттары: 13 сағат.
Айлық: 4
Уақыт: 5, 1
№КБЛ (ПНЗ): 10, 2
Қала: 5 қараша
Қоспалар аттары: 13 сағат.
Айлық: 3
Уақыт: 5, 1
№КБЛ (ПНЗ): 10, 2
Қала: Астана
Қоспалар аттары: Ауаға көтерілген улы заттар
Айлық: 24 сәуір
Уақыт: 19 сағат
№КБЛ (ПНЗ): 2
Концентрация: 7, 1
14, 2
Қала: 24мамыр (ЭВЗ)
Қоспалар аттары: 19сағат.
Айлық: 2
Уақыт: 32, 6
№КБЛ (ПНЗ): 65, 2
Қала: Азот диоксиді
Қоспалар аттары: 10 қазан
Айлық: 19 сағат
Уақыт: 4
№КБЛ (ПНЗ): 2, 02
Концентрация: 23, 8
Қала: 11 қазан
Қоспалар аттары: 19 сағат
Айлық: 4
Уақыт: 1, 15
№КБЛ (ПНЗ): 13, 5
Қала: 13желтоқсан
Қоспалар аттары: 7 сағат
Айлық: 4
Уақыт: 0, 88
№КБЛ (ПНЗ): 10, 4
Қала: Қызылорда
Қоспалар аттары:

Ауаға

көтерілген улы заттар

Айлық: 20 тамыз
Уақыт: 19 сағат
№КБЛ (ПНЗ): 1
Концентрация: 6, 9
13, 8
Қала: 21 тамыз
Қоспалар аттары: 7 сағат
Айлық: 1
Уақыт: 5, 1
№КБЛ (ПНЗ): 10, 2
Қала: 21тамыз
Қоспалар аттары: 13 сағат
Айлық: 1
Уақыт: 7, 0
№КБЛ (ПНЗ): 14, 0
Қала: 21тамыз
Қоспалар аттары: 19 сағат.
Айлық: 1
Уақыт: 6, 0
№КБЛ (ПНЗ): 12, 0
Қала: 22 тамыз
Қоспалар аттары: 7 сағат
Айлық: 1
Уақыт: 5, 7
№КБЛ (ПНЗ): 11, 4
Қала: 22тамыз
Қоспалар аттары: 13 сағат
Айлық: 1
Уақыт: 6, 8
№КБЛ (ПНЗ): 13, 6
Қала: 22 тамыз
Қоспалар аттары: 19 сағат
Айлық: 1
Уақыт: 6, 6
№КБЛ (ПНЗ): 13, 2
Қала: 23 тамыз
Қоспалар аттары: 13 сағат
Айлық: 1
Уақыт: 7, 0
№КБЛ (ПНЗ): 14, 0

1 сурет - 2007 жылғы Қазақстан Республикасы атмосферасының ластану индексін қала бойынша салыстыру

1. 2 Республика қалалары ауасының әр түрлі заттармен ластану деңгейі

Атмосфералық ауаның ластануын бақылау үлкен қалаларда және өндіріс орындарында жүргізілді.

Қазақстанның атмосферасының ауасында зиянды заттектердің құрамы 2007 жылы жоғары деңгейде қалуда.

Республика қаласында орташа концентрациялы қалқыған шаңның Шекті рауалы концентрациясы 1, 2. Алматы, Астана, Қызылорда, қалаларында қалқыған заттың орташа концентрация 2-ге жоғарылады. Ақтау, Атырау, Балқаш, Риддер, Семей, Теміртау, Өскемен, Шымкент, қаларында ШРК 1, 0-1, 8.

Астана қаласында максималды бір жолғы қалқыған зат концентрациясы 65, 2 ШРК -ға жетті. Қызылорда қаласында -14 ШРК, Балқаш -11, 6 ШРК, Атырауда-3, 4 ШРК, Ақтау, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Шымкент, Екібастұз, қалаларында орналасқан шекті 2, 0-2, 8 ШРК. Қарағандыда және Глубокое кентінде 1 ШРК жоғарылаған.

Орта концентрациялы күкірт диоксиді республика қаласы бойынша ШРК-дан көтерілмеген. Балқаш қаласында күкірт диоксидінің орташа концентрациясы 2, 2 ШРК құрайды. Қызылорда, Риддер, және Өскемен қалаларында 1, 0-1, 8 ШРК. Балқаш қаласында белгіленген максималды бір жолғы концентрация 21, 3-тың ШРК. Өскеменде -3, 1 ШРК, Жезқазғанда-1, 0 ШРК.

Сульфаттың орташа концентрациясы 0, 006 мг/м3 құрайды. Балқаш қаласында сульфаттың 0, 25 мг/м3 үлкен біртекті концентрациясы белгіленген.

Көміртегі оксидінің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша шекті мөлшерден жоғарылаған, ШРК 0, 5 құрайды. Алматы қаласында көміртегі оксидімен 0, 9 ШРК, ауаның ластану деңгейіне бақылау жүргізілді. Максимальды бір жолғы көміртегі оксидінің концентрациясы Алматы, Тараз, Қостанай қалаларында ШРК - сы 5 жоғарылаған . Павлодар, Теміртау, Шымкентте 4, 0-4, 8 ШРК құрайды. Қарағанды қаласында -3, 0 ШРК. Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған Петропавл, Семей, Өскемен, және Екібастұз қалаларында 1, 0 -2, 4ШРК.

Азот диоксидінің орташа концентрациясы республика қалалары бойныша 1, ШРК. Алматы қаласында азот диоксидінің орташа концентрациясы 2, 2 ШРК құрайды. Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті қалаларында шекті 1, 0-1, 7 ШРК табылған. Астана қаласында максимальды бір жолғы азот диоксидінің концентрациясы ШРК 23, 8 тең екендігі бақыланды. Өскеменде - 5, 4 ШРК, Алматыда, Қарағанды, Павлодар, Семей, және Таразда ШРК3 жоғары Ақтау, Риддер, Қостанай, Теміртау, Шымкент және Глубокое кентінде ШРК 2, 0-2, 9. Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл қалаларында ШРК 1.

Азот оксиді орташа максимальды бір жолғы концентрациясы ШРК жоғарылаған. Ақтөбе қаласында азот оксидінің үлкен орташа ШРК -0, 5 бақыланды.

Фенолдың орташа концентрациясы 1, 2 ШРК құрайды. Теміртау қаласында орташа концентрация 0, 3 ШРК жеткен. Жезқазған, Қарағанды, Риддер қалаларында ШРК 1, 7. Семей, Өскеменде ШРК 1, 0 Теміртау қаласында максимальды бір жолғы фенол концентрациясы 4, 8 ШРК - ға теңдігі бақыланған. Семей ШРК 4, 0, Өскемен ШРК 3, 9, Глубокое кентінде ШРК 2, 8, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, және Риддер қаласында ШРК 1, 1-2, 0.

Формальдегидтің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша ШРК 2, 7 құрайды. Формальдегидтің орташа концентрациясы Ақтөбе, Алматы және Шымкент қаласында ШРК 4, 0-4, 3. Қарағанды және Таразда ШРК 2, 7, Өскеменде ШРК 2, 0, Петропавлда 1, 3 ШРК. Шымкент қаласында максималды бір жолғы формальдегидтің ШРК 2 жоғары тіркелген. Ал Алматы, Тараз, Өскемен қалаларында ШРК 1 жоғары.

Күкіртті сутегінің максимальды концентрациясы Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Ақтөбе, Шымкент, Павлодар қалаларында 1 ШРК.

Теміртау қаласында аммиактың орташа концентрациясы 2, 0 ШРК. Шымкентте 1, 1 ШРК. Аммиактың максимальды бір жолғы концентрациясы Павлодарда, Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Шымкентте 1 ШРК. Астана, Тараз, Өскемен қалаларында Фтор сутегі шекті мөлшерде табылған. Астана қаласында максималды бір жолғы фтор сутегінің концентрациясы 4 ШРК құрайды. Өскеменде 2, 6 ШРК. Павлодарда 1. 8 ШРК

Хлорлы сутегінің максималды бір жолғы концентрациясы Павлодар қаласында 2, 9 ШРК жеткен. Өскемен қаласында хлор 1, 9 ШРК.

Риддер, Өскемен және Глубокое кенттінде мышьяктың ауаны орташа ластау деңгейі шекті рауалы мөлшерде табылды.

Астана қаласында хромның құрамы, Павлодарда хлор, Ақтауда, Өсеменде күкірт қышқылы ШРК - дан жоғарыламаған. /14/

3-Кесте

Қазақстан республикасының 2007 жылғы ауа бассейнінің ластануы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы
Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Алматы ТЭЦ - 3
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы қаласының орналасуы мен климаты
Жылу қазандықтары шығарылымдарын зиянсыздандыру және оларды іске асыру технологияларын негіздеу мен жасау туралы
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz