Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ АЗИЯ.ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
1.1 АТЭС аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың оң әсері
1.2. АСЕАН . аймақтық интеграциялық үрдістің алатын орны
1.3 АСЕАН аймақтық форумының ролі (АРФ)
1.4 Азия .Тынық мұхит аймағының болашақта бәсекеге тұрарлық аймақ ретінде қалыптасуы
2 ТАРАУ АЗИЯ.ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
2.1 Американдық бірполярлы әлем және Азия Тынық мұхит аймағындағы саясаты.
2.2 Американдық бірполярлы әлемге қарсылық ретінде Ресей мен ҚХР. дың әскери стратегиялық серіктестігі.
2.3 Ресейдің Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерімен әскери.техникалық ынтымақтастығы.
ҚОРЫТЫНДЫ
СІЛТЕМЕЛЕР
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Орта есеппен салыстырғанда АТА-ның шаруашылық құрылымдарының көп
бөлігі әлемдік саудаға тартылған және соған бағытталған. АҚШ-ты қоспағанда,
әлемдік сауданың үштен бір бөлігі АТА-ның үлесінде, Ал Солтүстік Америка
мен Европаның үлесіне шамамен 20%- тен тиеді. Аймақтың экономикалық
перспективаларының халықаралық қаржы орталықтарына қаншалықты қолайлы болып
отырғандығын мына фактілер арқылы көрсетуге болады. 1994 жылы бүкіл Азияға
арналған 195 млрд. доллардың 11млрд доллары АТА-ға құйылған 1. Бұл
аймақтың экономикалық дамуындағы тағы бір ерекшеліктері – аймақ елдерінің
көпшілігінде алдағы уақытта рыноққа салуды қажет ететін капитал қорының мол
жинақталуы болып табылады. АТА-ның құрамына Тынық мұхит төңірегінде
топтасқан Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері кіреді. Сонымен АТА
құрамында Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Тынық мұхит аралдарындағы
ұсақ мемлекеттер, Америка Құрама Штаттарының және Канаданың батыс
жағалаулары енеді. Өздері Тынық мұхиттың батысындағы үрдістерге
үлкен қызығушылық танытатындығына қарамастан Тынық мұхит жағалауларындағы
Латын Америкасы елдері АТА бөлігі ретінде сирек айтылады. Шынында да бір
қарағанда АТА оны құрайтын мемлекеттердің алуан түрлілігімен, жан-
жақтылылығымен, ерекше даму тарихымен таң қалдырады. Олар бір-бірінен
өздерінің географиялық жағдайлары, мәдени тарихи дәстүрлері, экономикалық
даму дәрежесі, әлеуметтік саяси құрылымы жөнінен қатты ерекшеленеді. Азия
Тынық мұхит аймағында мемлекеттер қазір экономикалық салада
интеграциялануда және мемлекеттер аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін тепе-
теңдік балансын ұстап, көбіне екіжақты қатынастарды дамыту үшін мемлекеттер
әскери-саяси интеграцияның қажеттілігін түсініп осы салаға көп көңіл
бөлуде. Әрине бұл салада арнайы ұйым құрылмағанымен келіссөздер жасалып,
кездесулер, кеңестер, саммиттер ұйымдастырылуда.
Азия Тынық мұхит аймағы батыс елдері мен басқа аймақтарға
қарағанда өте қызықты да ерекше аймақ болып табылады. Ғаламдану үрдісінде
тек Европа, Америка, Орталық Азияда емес сонымен қатар Азия-Тынық мұхит
аймағында да терең интеграциялық үрдістер жүріп жатыр. Европа аймағын
алайық, бәрімізге белгілі болғандай, Германия мен Франция мемлекетінің
арасында бұрыннан келе жатқан қайшылықтар мен қақтығыстардың алдын алу
үшін, үшінші д.соғысын болдырмау себебімен екі елдің басшылары ойланып,
болашақта соғыстың орнына достық және серіктестік қатынастарды орната
отырып, осы интеграцияға басқа мемлекеттерді қосу басты мақсаттардың бірі
болды. Франция жағынан саяси ұсыныс пен Германия тарапынан экономикалық
қатынастар арқылы екі ел арасында ауызбіршілік пайда болды, нәтижесінде
Европалық Одақ ұйымы құрылды. Бұл өз кезегінде терең интеграциялық
үрдістерге алып келген болатын. Осы аймаққа ұқсас жағдай Азия-Тынық мұхит
аймағында орын алған, ол әрине Қытай мен Жапония арасындағы қайшылықтар
болып отыр, міне сондықтан Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері Жапонияға
сенімсіздікпен қарайды.
Жоғары интеграциялық үрдістер демекші АСЕАН, АТЭС-тан басқа, қауіпсіздік
мәселесін айтып кету өте өзекті. Аймақ елдерінің қауіпсіздік саясатында
әскери күш ролін жоғарлату, әскери жағдайды тұрақтандыру, Ресей мен Қытай
арасындағы қатынастары мен әскери–техникалық серіктестігі мен
ынтымақтастығын айтып өту өте өзекті болып табылады.
Азия-Тынық мұхит аймағы өте қызықтыратын аймақтардың бірі, осы
аймақтағы үрдістер өзінше қызықты да өзекті болып табылатындықтан оны
зерттеп жазу жұмыс авторы үшін маңызды болып табылады. Аймақтағы көпшілік
елдердің экономикасының ерекше қарқынмен дамуы жапондық, сингапурлық,
индонезиялық бағыттарға негізделген шығыстық экономикалық модельдерді
батыстық капитализмнің классикалық түріне балама ретінде байсалды түрде
талқылауға негіз болды. Күні өтіп бара жатқан атлантикалық ғасыр орнына
жаңа тынықмұхиттық ғасыры басатындығы туралы аймақ орталықтарында көптен
бері сөз болып келеді. Тақырыптың зерттеу нысаны- аймақтағы тек
экономикалық емес қауіпсіздік, әскери-саяси мәселелерді оқып-зерттеу.
Тақырыптың мақсаты- Аймақтағы елдердің ланкестік, сепаратизм және
экстремизм мен жеке мемлекеттердің үстемдік жүргізу саясатының алдын алу,
қауіпсіздікті сақтап, тепе-теңдік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету Азия-
Тынық мұхит мемлекеттерінің маңызды мақсаттардың бірі болып отыр.
Осы мақсатқа жетуде автор бірнеше міндеттерді алдына қойды:
●Азия-Тынық мұхиты аймағындағы интеграциялық үрдістердің дамуын толықтай
көрсету;
●АСЕАН аймақтық форумының әскери-саяси және қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастығын мүмкіндігінше ашып беру;
●Азия-Тынық мұхит аймағының болашақта бәсекеге тұрарлық аймақ ретінде
қалыптасып келе жатқандығын дәлелдеу;
●АҚШ пен Жапонияның бірполярлы әлеміне қарсылық ретінде Ресей мен ҚХР-ның
әскери саладағы ынтымақтастығын қарастыру;
●Ресей мен Қытайдың тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда қосқан
үлестерінің нәтижесі ретінде достық және ынтымақтастық қатынастарын оқып-
зерттеу;
Бұл жұмысты жазу барысында төмендегідей дерек көздері: АСЕАН
форумдарының және Ресей мен ҚХР арасында қабылданған құжаттар, мемлекет
және саяси қайраткерлердің еңбектері мен ресми тұлғалардың сұхбаттары мен
статистикалық мәліметтер қолданылды.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы Азия-Тынық мұхит
аймағының меморандумы 2. Бұл меморандумда аймақтық теңіз ынтымақтастығы,
АТА-да теңіз құқығының орындалуы, Теңізде тәртіп пен құқықты сақтаудағы
ынтымақтастық, Теңізде қандайда бір қақтығыстың алдын алу мен келешекте оны
болдырмау туралы айтылған.
Оңтүстік-Қытай теңізіндегі қызмет принципі туралы декларация
АСЕАН+1, яғни АСЕАН мен Қытай мемлекеттері арасында келіссөздердің
басталуы, яғни Қытайдың үстемдік жүргізу позициясы ашық айтылады 3.
Ланкестікке қарсы әрекеттерді бірігіп қолданудағы АСЕАН
декларациясыда екі жағдай қарастырылуда, АСЕАН Жарғысы мен БҰҰ резолюциясын
қолдау және лаңкестік әрекеттерге қарсы бағытталған халықаралық ұйымдарды
қолдау, көпжақты аймақтық деңгейдегі әрекеттерді белсендіру, соның ішінде
қауіпсіздік туралы АСЕАН аймақтық форумы халықаралық ланкестік мен күресуге
бағытталған әрекеттерді көрсетеді 4.
XXI ғасырдағы халықаралық тәртіп туралы ҚХР мен Ресей
Федерациясының бірігіп жасаған декларациясында қазіргі әлем тарихи
масштабтағы өзгерістерді басынан кешіруде және оcындай жағдайларда жаңа
халықаралық тәртіпті құру өте қиын да шыдамдылықты талап ететін
үрдістердің бірі. XXI ғасырда адамзаттың орталық міндеттері болып
бейбітшілікті сақтау, тұрақтылық пен қауіпсіздік принциптері туралы жан-
жақты айтылады 5.
Көпполярлы әлем мен жаңа халықаралық тәртіп пен құрылымы туралы
Ресей мен Қытай декларациясында екі ел арасындағы көршілік, достық және
ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылған 6.
Аты айтып тұрғандай, Ресей мен Қытай тарапынан өткізілген кездесу
барысында бұндай декларацияның қабылдануы өте қажет, себебі екі ұлы держава
арасында соңғы уақытта әскери, саяси және техникалық салаларда
ынтымақтастық қызу жүріп жатыр.
Деректердің екінші тобын саяси және мемлекеттік қайраткерлердің
еңбектері құрайды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. К.
Тоқаевтың 7 Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит аймағының
алатын орны туралы арналған еңбегінде бұл аймақтың Казақстан үшін маңызды
аймақтардың бірі, соның ішінде Қытай сияқты алып держава мен Жапония сияқты
экономикасы бойынша үшінші орында тұрған мемлекеттермен қатынастарды
орнатып қана қоймай одан әрі дамыту Қазақстан Республикасының сыртқы
саясатының басымдылықтарының бірі. Сондай-ақ мұнда сауда экономикалық
байланыстар бейбітшілік пен ынтымақтастықтың ең сенімді өзегі болып отыр.
Успехи Китая базируются на теорий о построении социализма с
китайской спецификой. Интервью с чрезвычайным и полномочным послом КНР в
РК гражданином Ли Хуэем 8 интервью вел Чокан Лаумулин.
Негізгі орыс ғалымдары Уткин мен Сюев Гудың 2015 жылға дейін 1000-
ға жуық баллистикалық зымырандар мен қаруларды шығаратындығы мен Ресей мен
Қытай және АҚШ мемлекеттерінің әскери потенциялдары туралы статистикалық
мәліметтер берілген 9.10.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы тақырыпты оқып-зерттеу
барысында отандық, ресейлік және шетелдік, оның ішінде азиялық ғалымдардың
еңбектері қолданыс тапты.
Отандық зерттеушілерден К. Л. Сыроежкин, М. Т. Лаумулин, М. С. Ашимбаев,
А. Шәріпова, С. Ж. Айдарбаевтың еңбектері пайдаланылды.
Шарипованың пікірі бойынша экономика саласындағы ұлттық қауіпсіздік
мүддесі мемлекет қауіпсіздігінің негізгі құрама бөлігі екені айтылады.
Қауіпті жою үшін аймақтық экономикалық интеграцияның мағыздылығы, сондай-ақ
Жапонияның АТЭС сияқты ұйымдарға Қазақстанның қатысушысы ретінде
қолдайтындығы анық көрінеді 11.
Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушысы Айдарбаев қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде әр-бір мемлекет әрқашанда белсенді әрекет етеді, басқа
мемлекеттер арасында өзін егеменді мемлекет ретінде қалыптастыруды
қамтамасыз етеді. Соғыстан кейін әлемнің дамуында қауіпсіздікті сақтауда
әскери сала жеткіліксіз, бұл ғаламдық міндетті, мәселені шешуде саяси
жағдайлар қажет және көптеген аймақтарда қақтығысты бейбіт түрде шешу
маңызды деп шешілу мағыздылы түйінделді 12.
Ашимбаевтың мақаласында КХРдың қазіргі геосаяси жағдайы ҚХР-дың
экономикалық өсімімен байланысты екені аймақтар қатарында үстемдік ролі
туралы болашақта АҚШ, ЕО,Ресеймен бірге бір қатарға шыққандығы айтылады.
Сондай-ақ батыс мемлекетімен қатынастары, қарама-қайшылықтары, даму деңгейі
мен ынтымақтастығы туралы айтылады 13.
Белгілі саясаттанушылар К.Л.Сыроежкин мен М.Т.Лаумулиннің
зерттеулерінде Қытайдың қазіргі экономикалық жағдайына болжам жасай келе
отырып, Қытай болашақта ең дамыған мемлекеттердің бірі болады, Қытай АҚШ-ты
өзінің басты қарсыласы ретінде көріп, оның осы аймаққа барынша орналасуына
төтеп беру Қытайдың басты мақсаты болып табылады деген тоқтама келеді 14.
Сонымен қатар жұмыста ресейлік: В.Е.Улахович, Ю.М.Галенович,
Ю.Дерябин, М. Титаренко, авторларының зерттеулері кеңінен қолданылды.
В.Е.Улаховичтің Халықаралық қатынастар деген әдебиетінде
қазіргі таңдағы халықаралық ұйымдар туралы толық қанды мәліметтер
берілген,оның ішінде Орталық Азияда ШЫҰ, ГУАМ, ДКБ, ал Азия Тынық мұхит
аймағында АТЭС және АСЕАН сияқты ұйымдар туралы толық мағұлұматтар алынды
15.
Ю. М. Галенович мақаласы ҚХР мен Ресей арасындағы келісімшарт
негізіне сүйене отырып белгелі бір болжамдар жасалынды. Ресей әскери-саяси
салада алып держава болса, Қытай ай сайын емес күн сайын дамып келе
жатырған держава болғандықтан екі ел арасында осы салалармен алмасу,
екіжақты қатынастарды терең дамыту қолға алыну керектігі жөнінде
қорытындыға келеді 16.
Ю. Дерябин өз мақаласында XXI ғасыр басында Азия-Тынық мұхит
аймағының экономикалық өсім аумағына, ірі халықаралық сауда мен қаржы
орталығына айналуы туралы айтылады. Мұнда маңызды рөльді әрине Ресей алып
отыр. Азия-Тынық мұхит аймағында жаңа халықаралық қатынастардың климаты
Ресей мен ҚХР-дың достық қатынастары, Ресей мен Американың ынтымақтастық
қатынастары, Жапониямен қолайлы жағдайлардың даму үстінде екені ашық
көрсетіліп отыр. Азия-Тынық мұхит аймағында біріккен қауіпсіздік пен
біріккен гүлдену жағдайында Азия-Тынық мұхиттық қауымдастықтың біртіндеп
құрылуын әрине Ресей мемлекеті мойындап, қолдап отыр. Азия-Тынық аймағында
ауыр даулы мәселеге Корей түбегіндегі жағдай, екі Корей мемлекетінің
бірігу мәселесі алынып отыр. Әрине Ресей олардың мәселесіне араласу заңсыз,
екі мемлекет өздері шешу керек дейді. Сондай-ақ автор Оңтүстік Қытай
теңізі аумағындағы территориялық мәселелердің реттелуі туралы жағдайларға
көп көңіл бөлінуде 17.
Титаренко бұл зерттеуінде Азия-Тынық мұхит аймағындағы Ресей
мүдделерін маңызды нағыз қажетті бағыттардың призмасынан қарастырады. Мұнда
Титаренко Солтүстік Шығыс Азиядағы интеграциялық үрдістердегі Ресейдің
орны, Жапон теңіз сақинасы жоспарындағы ресей Қиыр Шығысы үшін
мүмкіншіліктері мен орыс-қытай стратегиялық серіктестігінің рөлі, және екі
Корей мемлекеттері мен Ресейдің ынтымақтастығының үлкен мағынасы алып отыр
18.
Зерттеулердің келесі тобын шетелдік зерттеушілердің еңбектері
құрайды. Оның ішінде азиялық зерттеушілерге тоқталсақ. Қытай, жапон
зерттеушілері болып отыр.
Будущее Азии в глобализованном мире 19 Ронии Си Чан.
Председатель Hing Hung Development Company Limited. Гонконг.
Бұл мақалада ұзақ жылдары бойы қалыптасқан отарлық жүйеден кейін Азия
мемлекеттері жеке өмір сүруге дайындалмағандығы, жеке билікті айтпағанда,
халық болып қалыптасу да өте қиын болғандығы айтылады. Енді шешуші мәселеге
Азия қандай бағытта қозғалады деген сауал қойылды.Бұл сауалға толық жауап
беру үшін алдыменен оның дүниежүзілік экономикалық дамуы мен саяси жағдайын
қарау керек. Аймақ әлемдегі басшылық рөлін ойнай алмайтын болғандықтан,
басқалардың ұсынған ережесіне бағынып, орындау қажет.
Andrew Scobell. АҚШ әскері және АТА деген мақаласында
американдық ғалым Андрью Скобель өз монографиясында АҚШ-тың Азия-Тынық
мұхит аймағындағы өмірлік маңызы бар мүдделері бар екендігін айтады, онда
дос емес мемлекеттердің үстемдігін алдын алу және американың толықтай осы
аймақта әскери және саяси салада орнығуы туралы айтылады. Ол алдыменен
аймақта тұрақтылық пен гүлдену, бейбітшілікті күтеді. Мұндағы Корей
түбегіндегі жағдай мен Тайвань мәселесі, Қытайдың Тайвань аралы үшін
күресін, америкаға қатысты саясатын ашық бейнелейді 20.
James C. Hsuing. Азия-Тынық мұхита аймағы және халықаралы
қатынас мақаласында Жапонияның сыртқы саясатындағы Тынық мұхиттық
қауымдастығында Жапония барлық елді интеграциялануына шақырғанымен, олар
тең дәрежеде болмайтындығы туралы айтылады, Жапонияның басшы орынды
алатындығы анық берілген. Мұны әрине АСЕАН мемлекеттері тез аңғарып, енді
Жапонияға сенімсіздікпен қарайтындығы туралы айтылады 21.
Nolan Peter бұл монографиясында Ресей мен Қытай реформаларын салыстыру
барысында екі ел арасында экономикалық және саяси-экономикалық фактор
елдер арасындағы қатынастарды өзгертті. КСРО-ның күйреуі мен Қытайдағы
қарқынды даму соңғы жылдары халықаралық қатынастарда саяси экономиканың
маңызды жағдайы болғаны айтылады.
Менің бітіру жұмысымда тарихи-мәселелі талдау, контент-талдау мен
салыстырмалы-талдау жасалған.
Бітіру жұмысымның құрылымы кіріспеден, екі тараудан және
қорытындыдан және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда Азия-Тынық мұхит аймағындағы интеграциялық
үрдістерге көңіл бөлінді, соның ішінде АТЭС және АСЕАН атты халықаралық
қауыдастықтар мен ұйымдар туралы айтылды. Сондай-ақ болашақта Азия-Тынық
мұхит аймағының бәсекеге тұрарлық аймақ ретінде қалыптасып келе
жатырғандығы айтылады. Себебі АТА тек экономикалық емес, қауіпсіздікті
сақтауда әскери-саяси интеграцияға көп назар аударып келе жатыр. Қазіргі
адамзаттың басты мақсаттарының бірі қауіпсіздік мәселесі мен бейбітшілікті
сақтау жөнінде болып отыр.
Екінші тарауда Американдық бірполярлы әлемімен Қытай сияқты,
Ресей сияқты мемлекеттердің, соның ішінде Ресей мен Оңтүстік Шығыс Азия
мемлекеттерінің өзара әскери-саяси және әскери-техникалық салада тығыз
ынтымақтастықтары туралы атылған. Жалпы АҚШ Азия-Тынық мұхит аймағында өз
саясатын жүргізіп, соның ішінде осы аймақты бақылап отыру үшін әскери
базаларын орналастыру маңызды міндетіне айналған болатын. АҚШ әрине Қытай
мен Ресей арасындағы тығыз қарым-қатынастардың орнауы онша қуанта қоятын
жаңалықтардың бірі емес. Міне сондықтан АҚШ осы аймақта Қытайдың күшейіп
кетпеуі үшін Тайвань аралы арқылы қолданып отыр.
1 ТАРАУ АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
1.1 АТЭС аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың оң әсері
Бұл ұйым 1989 жылы қараша айында Азия-Тынық мұхит аймағының 12
елінің сыртқы істер және экономика министрлерінің бірінші конференциясында
Канберрада қаласында құрылған болатын. Алғашқы кезде бұл ұйымға АСЕАН-ның 6
мемлекеті кірген болатын (Индонезия, Тайланд, Филлипин, Малайзия, Сингапур
және Бруней), Жапония, Корей Республикасы, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ
және Канада. АТЭС мүшелері (2004ж), Австралия, Бруней, Вьетнам, Гонконг,
Индонезия, Канада, КНР, Корей Республикасы, Малайзия, Мексика, Новая
Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Перу, Россия, Сингапур, АҚШ, Тайланд, Тайвань,
Филлипин, Чили, Жапония. ХХ1 ғасыр басында АТЭС мемлекеттері әлемдік тауар
айналымның 50%, әлемде сыртқы сауданың 40% құрады, мұнда жер шарының 2,6
млрд адам тұрады.
АТЭС ХХ 90 жылдары мен ХХІ басы ғасырдың әлемдік экономикалық
өсімнің 70% құраған ең дамыған аймақтың бірі 22. Аймақта экономикалық
ынтымақтастықтың құрылуына себеп болған 1967 жылғы Тынық мұхиттық
экономикалық кеңестің құрылуымен басталды. 1968 жылы Сауда мен даму
жөніндегі Тынықмұхиттық конференция құрылса, 1980 жылы Экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі Тынықмұхиттық кеңес құрылған болатын. Мұның барлығы
үкіметтік емес ұйымдар болды. Олар аймақта ынтымақтастықты жақсартуға және
АТЭС-ң пайда болуына түрткі болды, ол аймақтағы экономикалық
ынтымақтастықтың үкіметаралық форумына және ең әсерлі экономикалық ұйымға
айналған болатын. АТЭС ұйымы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың
мәселелерін шешетін және сауда мен инвестицияны либерализациялау мақсатымен
байланысты міндеттерді ашатын саяси емес, экономикалық форумы екенін
айтып өтеді. Консультативті беделін сақтай отырып, АТЭС іс жүзінде сауда
мен инвестиция қызметін енгізуде аймақтық ережелер механизімін шығарған
болатын. АТЭС көмегімен мемлекеттер интеграция үрдісіне, еркін сауда
аумағын құруға, барлық мемлекеттер үшін міндетті болатын бизнесті енгізуде
принциптерді құру үрдісіне кіріп кеткен болатын. Жұмыс АТЭС мүшелерімен бір
негізде дайындалған, сауда мен инвестицияны либерализациялау жөнінде жеке
жоспарларға сай жүргізіледі.
АТЭС-ң маңызды органдары болып - Экономика басшылырының саммиті,
сыртқы істер министрі, сауда және экономика министрлерінің кездесулері,
министрлердің мамандандырылған кездесулері және экономика қызметкерлерінің
жоғарғы жиналысы. АТЭС-тағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
мен Жұмысшы консультативті кеңес, сауда мен инвестиция жөніндегі комитет,
экономикалық комитет, экономикалық және техникалық комитет, кеден және
стандарттау жөніндегі комитеттер сондай-ақ жұмысшы топтары құрылған
болатын.
АТЭС-тағы шешімдер жалпы негізде және ауызбіршілікпен қабылданады.
Министрлік кездесулер мен саммиттер өкілділік еткен мемлекеттің
территориясында өтеді. Өкіл жыл сайын ротациялық негізде ауысып отырады.
2000 жылы өкілділік АТЭС-ң 8-ші саммиті өткен Бруней қаласында болды, 2001
жылы ҚХР болса, 2002 жылы Мексика, 2003 жылы Тайланд, 2004 жылы Чили, 2005
жылы Кореяда болса, 2006 жылы Вьетнамда болған еді 23.
1993 жылы Сингапурде АТЭС-ң жұмысын жақсартуға арналған
Халықаралық Хатшылық құрылған болатын. Оның қызметкерлерінің бөлігі мүше
мемлекеттерінің өкілдіктерімен құрылады. АТЭС дамуында маңызды кезеңдері
болып, 1994 жылы өткен Багорда (Индонезия) өткен кездесу болды. Бұл кездесу
барысында, форумның мақсаттық бағдарламасын анықтаған декларация
қабылданды, ол Азия-Тынық мұхит аймағындағы сауданың 85% келетін дамыған
мемлекеттерге арналған 2010 жылдан кештетпей, капитал қозғалысы мен еркін
сауда зонасын құру болды, ал 2020 жылдан кешікпей, дамушы мемлекеттерге
арналған бағдарлама жасалған. Кездесуге қатысқан мүше мемлекеттер ашық
регионализм принципіне сай, глобалды сауда жүйесін либерализациялауға ат
салысатынын айтып өткен болатын.
Оклендте өткен саммитке сай, (Жаңа Зеландия, 1999) АТЭС мүшелері
экономикалық реформаларды жүзеге асыру және бәсекелестікті дамыту
принциптерін бекітті. 2000 жылы Брунейде өткен саммитте Азия-Тынық мұхит
аймағында тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және рыноктарды
арықарай ашу, күшейту, қорғау принциптері жасалды. Өзінің өмір сүру
кезеңінің екінші онжылдығына аяқ баса отырып, АТЭС жаңа мәселелермен
кездесті. Жаңа ғасырдың негізгі шақырулары болып, 2001 жылғы Шанхай
саммитінің өкілдері мынадай мәселелерді алға шығарды, ғаламдану мен жаңа
экономикада болып жатырған өзгерістер. Әлемде бұрынғыға қарағанда, бүгінде
экономикалық дамудың бояулығы байқалуда. АТЭС басшылары сауданы және
инвестицияны либерализациялау және халықаралық ланкестікпен күрес туралы
Шанхай келісім шартын қабылдаған болатын. 2002 жылы Лос-Кабосте өткен 10
саммите күн тәртібіне қойылған мәселе ланкестікке қарсы тұру мәселесі
болды. АТЭС мемлекеттерінің келесі Бангкокте 2004 жылы өткен
саммитінде "Өзгерістер әлемі; болашақ үшін серіктестік" атты тақырыпқа
арналды. 1995 жылы АТЭС басшылары Жұмысшы консультативті кеңесін құрды.
Кеңес басшыларға жұмыс жоспарларына түзету және басқа да өзекті
мәселелерге көңіл бөледі, мысалы, экономикалық дағдарыстан кейін Азия
елдерін қалпына келтіру, электрондық сауда ролі мен әуе қызметтерін өсіру.
Энергетика жөніндегі жұмысшы топ аймақтың әлеуметтік және экономикалық
жағдайының өсуіне жағдай жасауда энергетика секторын дамыту, энергетиканы
пайдалануда экологиялық мәселелердің алдын алу мақсатымен 1999 жылы
құрылған.
Энергетиканы пайдалану мен сақтаудағы эксперттік топ энергияны
сақтайтын технологияларын қолдану бағдарламасын және саясатын қоштайды.
Жаңа энергетикалық технологияларды жаңарту мен айналысатын эксперттік топ,
АТЭС мемлекеттерінде нашарлаған технологияларды максималды түрде жаңарту
мен айналысады. Минералды шикізат және энергияны табу және бақылау
эксперттік тобының негізгі жұмысы – бұл рыноктағы жағдайды талдау және
ақпаратты жинау мен тарату.
Өткен аптаның маңызды жағдайы болып -Азия-Тынық мұхит аймағының
экономикалық ынтымақтастық форумының мемлекеттер басшыларының, содан соң
сыртқы істер және сауда министерлерінің брунейлік Бандер – Бегеванадағы
жыл сайынғы кездесу болды. Форумның бұл сессиясы Дүниежүзілік Сауда
Ұйымындағы үрдістердің дамуымен, соның ішінде жаханданудың жаңа кезеңіне
өту болды. Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің жоғарғы даму темпі
ірімасштабты инвестиция және кеңейіп келе жатырған ішкі аймақтық саудасы
әрине бұл елдердің өзара тәуелділігіне алып келді, бұл аймақтық
мемлекеттердің спецификасына байланысты көпжақты негіздегі
ынтымақтастықтың, формаларының экономикалық даму жолдарын іздеуге негіз
болды. Мұндай жақындасу тенденциясы басқа аймақтардағы интеграциялық
үрдістердің нәтижесінен байқалған болатын, мысалы, ЕО жалпы нарығының
құрылуы, Солтүстік Америкалық еркін сауда аумағын (НАФТА), Орталық
Америкалық еркін экономикалық аумағы, Андтық еркін экономикалық аумағы
болып отыр.
Ішкі аймақтық үрдістердің даму логикасы мен ғаламданудың жалпы
әлемдік тенденцияларының әсері нәтижесінде Азия-Тынық мұхит аймағында
ынтымақтастықтың таза азияттық нұсқасы іске аса бастады. Бұл алдыменен екі
және үшжақты ынтымақтастықтың жаңа формасы болып табылады. Мұндай
ынтымақтастыққа ұмтылудың тағы бір мысалы ретінде, 1990 жылдан бастап
Малайзия мемлекеті Шығыс Азиялық экономикалық топ құруды ұсынған болатын
24. Бұл топ өз кезегінде, Жапонияның сауда экономикалық байланысының тек
аймақтық мемлекеттерімен, АҚШ-тың қосылуынсыз өзара сауда блогы болып
қалыптасу керек еді. Аймақта экономикалық дамуды қамтамасыз ету және
интеграциялық үрдістерді дамыту мақсатында үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдар құрылуда. Ондай ұйымдарға, Тынықмұхиттық экономикалық кеңес
(1967ж), Сауда мен Даму жөнінідегі Тынықмұхиттық форум (1968ж), Тынық
Мұхиттық экономикалық ынтымақтастық конференциясы (1980ж), Азия Тынық
Мұхиттық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі форум (1989ж). Осындай
аймақтық институттар щеңберінде жеке бизнес өкілдері, академиялық орталық,
аймақ мемлекеттерінің үкіметтік құрылым өкілдері Азия-Тынық мұхит
аймағында да халықаралық еңбек бөлінісінде мүшелердің ұлттық мүдделерінің
жарасуына келісімдер іздеуде.
Бүгінде жоғарғы аймақтық институт болып халықаралық құрылым–Азия
Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастық форумы болып табылады. Оның
құрылған жылынан бастап ынтымақтастықтың оннан астам бағдарламасы
анықталған болатын, мысалы, сауда мен инвестиция жөніндегі құрылым,
технология жеткізу мен капитал салымын кеңейту, ғылыми кадрларды
дайындау, энергетика саласында, теңіз ресурстарын қорғау,
теллекоммуникация, туризм, балық аулау саласында ынтымақтастықты дамыту
болды.
АТЭС мемлекеттерінің маңызды қол жеткізген сәттілігі болып, 1994
жылы қабылдаған Багордағы Багор декларациясы болды 25. Декларацияға сай,
мүше дамыған және дамушы мемлекеттер әлемдегі дамыған рынокка айналуы тиіс
еді. Мүше мемлекеттер саяси мақсаттарға жетуде айтылып отырған Багор
декларациясына мемлекеттерге еркін түрде мүше болу, бұл декларацияның
ерекшелігін аңғартып тұрғандай. Бұл АТЭС серіктестерінің өзара
қатынастарының айнасы болып қалыптасты, алдыменен ол АҚШ пен Австралия мен
Канада және Жаңа Зеландия мен конференцияның Шығыс Азиялық мүшелерімен
өзара байланыс болды.
Көріп отырғандай, басында батыс елдерінен АҚШ мемлекетінің АТЭС
ұйымында экономикалық лидер болуына Азия серіктестері керемет сыннан
өткізген болатын. Әлемнің басқа аймақтарына қатысты баяу дамушылық, Шығыс
Азиялық интеграцияның аймақтық үрдістерінің сипаты–бірнеше объективті
жағдайларға байланысты, Азия-Тынық мұхит аймақ елдері қазіргі саяси
жағдайда жабық типтегі аймақтық топты құру идеясынан алыстау, ол мүше
мемлекеттердің Тынықмұхиттық қауымдастықты құру идеясында ұлттық
мүдделердің келіспеуі алға қойылды, аймақтың экономикалық даму күшінің
өзгеруі, Азия-Тынық мұхит аймақ мемлекеттері АҚШ нарығынан өз
тәуелділіктерін бояулата түсіруде.
Әрине Азия-Тынық мұхит аймағында АҚШ экономикалық позициясының
әлсіреуі және жаңа лидерлердің пайда болуы жаңа жағдайды туғызды. Мұнда
енді Жапония мен Қытай АҚШ-тың ең қуатты бәсекелестері болуда, сонымен
қатар бұл екі мемлекет өзара бәсекелестікті күшейтуде. Бұл аймақта
болашақта жаңа экономикалық лидерлердің пайда болуы, соның ішінде "Үлкен
Қытай" (ҚХР, Тайвань, Гонконг, Сингапур), бұл әрине Азия-Тынық мұхит
аймағына экономикалық, әскери және саяси жағдайына қауіпті өзгерістер алып
келеді, бұрын Малайзия мемлекетінің ұсынған ШАЭТ идеясы іске асып таза
азиялық интеграцияға жол ашылады. Осы жағдайлардан келіп шығатын нәрсе,
АТЭС- тың жарқын болашықта басты мақсаты мен қызметі мүше мемлекеттер
арасында саяси-экономикалық жақындасуға жағдай туады. Осындай
мемлекетаралық ұйымды дамыту үрдістері түсінігінен шыға отырып, АТЭС рөлі
біртіндеп өсу керек, ал оның шеңберіндегі жоғары деңгейдегі кездесулер Азия-
Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және саяси жағдайды құрудағы
құралдардың бірі болу қажет. Брунейде өткен форумға байланысты мемлекеттер
өз позицияларын айтып өткен болатын, соған сай, Джон Ховард өз сөзінде,
Азия-Тынық мұхит аймағына біршама пайда алып келетін сауда
либерализациясын ары-қарай дамыту керектігін айтып өтті 26. 1997 жылғы
дағдарыс себебі ғаламдану болғаны мен бірақ бәрінен де бұрын аймақтың ашық
рыноктарға ұмтылуы өмір сүру, стандартын көтеру мен барлық елде
кедейшілікті жоятын бірден бір фактор болып табылады.
Соңында АТЭС мүше мемлекеттері өздеренің сегізінші саммитін аяқтады, олар
келесі жылы глобалды сауда келіссөздерінің жаңа раундын бастауға келісті.
Осы тарауды АТЭС қауыдастығына арнай отырып мен қандай қорытындыға келдім?
АТЭС –Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің экономикалық саладағы
қауымдастығы болып табылады. Осы аймақтағы интеграция барынша даму үшін
мемлекеттер өз тараптарынан үлес қосу керек, ғаламдану үрдісіндегі
демократия тәртібін қолдап, басқа ұлы державалардың осы аймақта билік
жүргізуіне қарсы тұрып, күн тәртібіне қойылған мәселелерді сараптап, оң
жағдайда шешу керек.
1.2. АСЕАН – аймақтық интеграциялық үрдістің алатын орны
1967 жылдың тамыз айында Оңтүстік Шығыс Азияның бес мемлекеті-
Малайзия, Индонезия, Сингапур, Тайланд және Филлипин мемлекеттері Оңтүстік
Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясын (АСЕАН) құру туралы Бангкок
декларациясын қабылдаған болатын. Ассоциацияның негізгі мақсаты болып-бес
мемлекеттің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуына жағдай жасау, ол
әрине әлемде кең таралып отырған интеграция үрдісіне, соның ішінде
экономика саласында алып келген болатын. Шығыс Азия әлемдік экономика
дамуының жаңа кезеңдерімен–жахандану, интеграцияның тереңдеуі, ақпараттық
ревалюцияның аймақтық қауіпсіздік пен халықаралақ лаңкестікпен күрес сияқты
мәселелер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бірақта, халықаралық
лаңкестіктің күшеюі мен аймақтық қауіпсіздікке классикалық қауіптің
сақталуы аймаққа өз әсерін тигізеді, ал осы мәселелерді шешіп және алдын
алуға түрткі беретін сыртқы саяси және әскери стратегиялық аспектілерді
айналып өтуге болмайды.
Бүгінде АСЕАН-да болып жатқан үрдістерді қандай атпен жариялау
керек? Жаңа экономика ғасыры немесе Аймақтық қауіпсіздік деген сауалдар
пайда болуда. Қырғи-қабақ соғысы аяқталып, 1997-1998 жылдардағы қаржы
дағдарысынан кейін АСЕАН өз назарын экономика мәселесіне бөле бастады.
Бірақта, сыртқы саяси және әскери-стратегиялық аспектілерді айналып өтуге
болмайды, себебі, қазір халықаралық ланкестіктің жаңа шақырулары лезде
күшеюде, ол әрине аймақтық қауіпсіздікке қауіп төндіруде. Оңтүстік-Шығыс
Азия мемлекеті Солтүстік-Шығыс Азия мемлекті оны Қиыр Шығыс деп те атайды,
яғни Қытай, Жапония, екі Корей мемлекеті және Монголия тарапынан
қақтығыстарға ұшырайтын мемлекет болып қала береді. Алдымен бұлар, Корей
аралындағы қырғи-қабақ соғысының ошақтары мен Тайвань бұғазындағы соғыс
ошақтары. Қытай мемлекетінің әскери күшінің өсуі, Америка-Қытай
қатынастарының өршуі және Оңтүстік-Шығыс Азияда Жапония мен Қытайдың
экономикалық бәсекелестігі сияқты мәселелер АСЕАН-ның көңілін толғандыруда.
Бұның барлығы әрине АСЕАН-дағы интеграциялық үрдістерге және Шығыс Азиялық
еркін сауда зонасына қарай кеңею жоспарларына кері әсерін тигізуде. Әлі
салмақ Пекин жағында болып отыр, 2002 жылы қарашада Пномпенде Ассоциация
өкілдері мен Қытай 2012 жылға дейін АСЕАН-Қытай еркін сауда зонасын құруға
қол жеткізген болатын 27.
1990 жылдары құрылған халақаралық лаңкестік Оңтүстік- Шығыс Азияда
соғыс майданын ашты, ол діни және қарулы сепаратистік қақтығыстарды
күшейтті. Ауғаныстандағы талибтер мен Аль-Каиданың негізгі күштерін күйрету
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы исламдық экстремистер мен сепаратистердің
қызметтерінің белсенділігін төмендетпеді. 2002 жылы күзде Бали мен
Филлипиндағы болған ірі лаңкестік актілер тек Филлипин мен Инднезияның
туристік фирмаларына емес сонымен қатар Тайланд пен басқа да аймақтарға өз
әсерін тигізді.
Азия-Тынық мұхит ынтымақтастығының оныншы кездесуінде АСЕАН елдері
антитеррористік қызметті басты орынға қойды. Форумның барлық қатысушылары,
АСЕАН елдері Мәскеудегі театр орталығында болған лаңкестік актілер мен
олардың өкілдерін соттаған және қорытынды деклорацияда –лаңкестік және
оның таралуы, сипаты бойынша тек аймақта емес бүкіл әлемге тұрақтылыққа
қауіпін төндіруде деп айтылған. Ресей премьері министрі М.М.Касьяновтың
айтуынша бұл қандай бір мемлекетті қозғайтын жәй мәселе емес, бұл бүкіл
дүниежүзілік экономиканың мәселесі болып отыр, сондай-ақ жер жерде болып
жатырған террактілердің әсерінен АТЭС мемлекеттерінің жалпы ішкі өнімінің
1%-ға өсуін тежеді 28. Ланкестіктің экономикалық ақауларының алдын алу
үшін, форум мемлекеттер ланкестікпен күресуді күшейтуге ат салысатын болды:
ланкестікті қаржыландыруды тоқтату, әуе және теңіз көліктерінде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика обьектілерінің қауіпсіздігін
орнату, телекоммуникация мен ақпаратты қорғау, кеден әдістері мен шекара
қауіпсіздігін қамту болды. Пномпень саммитінің мүшелері декларация
қабылдады, онда аймақта лаңкестік әрекеттерді басу үшін жеке және ұжымдық
күштерді біріктіру болды және қызығушылық танытқан мемлекеттер мен өзара
келісу арқылы әскери күшті жеткізу және алу келісімдері жасалды 28. 90-
шы жылдардың басында құрылған жаңа экономикалық тәртіп, аймақтағы жағдайды
жақсартты, күн тәртібінен саяси қауіп пен шақыруларын төмендетілді.
Бұл әрине АСЕАН-дағы экономикалық үрдістерді белсендіре түсті,
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері он елдің қол астында шоғырланды. Бұл
ассоциацияға Вьетнам, Лаос, Камбоджа және Мьянма мемлекеті кірген соң,
экономикалық өзара әрекеттерін үйлестіру қажеттілігі пайда болды, себебі,
ұйымның кеңеюімен Оңтүстік-Шығыс Азияда экономикалық кеңістікті екіжақты
қылды, оған себеп ассоциацияның бұрынғы және жаңа мүшелерінің арасында даму
деңгейінің айырмашылықтары болды. АСЕАН өзінің отыз жылдығын экономикалық
доминант белгісімен тойлады, ол Азиядағы болып өткен қаржы-экономикалық
дағдарысқа байланысты. Дағдарысқа байланысты мәселелерді әр мемлекет жеке
шешкенімен әлі де болса экономиканы жақсартатын әдісті ойлап шығара алмады.
2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ та болған терактіден кейін, жаңа
жағдай, АСЕАН үшін де жаңа бағыттарды белгелеп берді, айта кетсек ол саяси
тұрақсыздық, сепаратистік және ланкестік тенденциялар күшейген болатын. Оны
2001 жылы қараша айында өткен Брунейдегі Оңтүстік-Шығыс Азиялық
Ассоциациясының 7-ші саммитінде ашық қаралған. Ал бесінші саммиті АСЕАН+3
(Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея) деп аталды 29. Брунейде қабылданған
негізгі құжат болып, ланестікке бірігіп қарсы күресу жөніндегі АСЕАН
Декларациясы және саммит өкілінің арызы болып табылады. Декларацияда екі
жағдайға көңіл бөлінген: АСЕАН Жарғысы мен БҰҰ резалюциясы және басқа да
халықаралық келісімшарттарда ланкестік әрекеттерді болдырмауға, алдын
алуды, сақтау және орындауға бағытталды, сондай ақ, халықаралық
ланкестікпен күресу профилактикасында Қауіпсіздік жөніндегі АСЕАНдық
аймақтық форумды (АРФ) жан жақты жұмылдыру болып табылады 30.
Соңғы жылдары АСЕАН көзқарасы саяси саладан экономикалық салаға
бөлініп келе жатыр, алдыменен экономикалық даму темпін жоғарлату керек,
сондай-ақ АСЕАН құрамындағы мемлекеттердің экономикалық артта қалушылығын,
төмен деңгейін жоғарлату керек. Бұл мәселе ғаламдану үрдісінің тереңдеуімен
және Қытай сияқты ірі бәсекелестің пайда болуымен көрсетіліп отыр.
Ассоциация мүшелерін толғандырып жүрген тағы бір жағдай, ол тікелей шет ел
инвестицияларының АСЕАН елдерінен Қытай еліне етек алуы болды. Оған
қарсылық ретінде АСЕАН мемлекеттері, АСЕАН-ның еркін сауда зонасы (АФТА)
мен инвестициясын (АИА) құруды тездетті, АСЕАН-ның интеграциялық жоспарын
құру, ескі және жаңа мүшелер арасындағы айырмашлыққа көңіл бөлу. Сингапур-
Куньмин (ҚХР) арасында теміржол магистраль құрылысын қайта жандандыру,
Үлкен Меконг бассейнін дамытуда жұмыс топтарын құру болды. Брунейде өткен
кездесуде Еркін сауда аумағы АСЕАН- Қытай ойын іске асыруда, асеандықтардың
ойынша, олар Оңтүстік Шығыс Азияның экономикасын Қытай ресурстары арқылы
дамыту болды. 2002 жылы өткен Пномпендегі саммитте АСЕАН мен Қытай
мемлекетін қосатын еркін сауда зонасы 2012 жылға дейін құрылу керек деген
болжам жасалды. АСЕАН +3 (Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея)
ынтымақтастыға шеңберінде мынадай бағыттар белгіленді: өзара
инвестицияларды белгілеу, валюта-қаржысын реттеу, ғылым мен техника,
экология мен ақпараттық технология, қоғамдық және мәдени айырбастаулар және
туризм. Әсіресе макроэкономика мен қаржы толқыны және ұлттық валюта
тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Мұнай мен энергоресурстарды пайдалана
отырып, Шығыс Азия мемлекеттерінің энергетикалық қауіпсіздік мәселесін
талқылады. Ішкі асеандық байланыстардың әлсіреуімен АСЕАНды бар құралдарын
дұрыс пайдалану мен шешімдерді іске асырумен, институттардың дұрыс жұмыс
жасау қабілетін жақсартуға итермелеп отыр. Брунейде өткен форумда АСЕАНдық
ондық аймақтық ынтымақтастықтың жоғарғы механизімін өз қолына алуды ашық
жариялаған болатын, әрине ол тек экономикалық салада емес, сыртқы саясат
пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында болды. АСЕАН+3 формуласы енді
уақытша Шығыс азиялық форум деген интеграциялық ұйымға айналған болатын
31. Осы мақсатпен жыл сайын, саммит өткізілу және әрдайым жұмыс
атқаратын хатшылық жұмыс жасайды. Сонымен қатар АСЕАН мемлекеттері Қытайдың
әсеріне түсіп қалмау үшін қорғаныс әдістерін іздей бастауда. АСЕАН алғашқы
жылдары бес мемлекеттің мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайын дамыту мен айналысып келе жатқан болатын, бірақ қазіргі жағдайда
бұндай салалар мен шектелуге болмайды, себебі ғаламдану үрдісінде
мемлекеттер өз экономикалық жағдайын көтеріп, әлемде өз орнын белгілеу үшін
жан-жақтан шет ел инвестицияларын тартып, мемлекеттер мен қолайлы
жағдайлар туғызып отыр, әрине АСЕАН мемлекеттері де осы жағдайды ескеріп
қадамдар жасап келеді. Интеграцияның тереңдеуі, ақпараттық ревалюция мен
халықаралық ланкестік, Қытай, Жапония және екі Корей мемлекеттері тарапынан
туындайтын қақтығыстар АСЕАН мемлекеттерін қатты толғандыруда. Сонымен
болашақта осы аймақтағы қандайда бір қақтығыс пен халықаралық ланкестіктің
алдын алу –АСЕАН мемлекеттерінің күн тәртібіне қойылған басты мақсаттардың
бірі болып отыр.
1.3 АСЕАН аймақтық форумының ролі (АРФ)
Азия-Тынық аймағында соңғы кезде АСЕАН-дық аймақтық форум деген
мемлекетаралық институттың саяси әсері мен беделі жоғарлап келе жатыр.
Мұнда жоғарғы мемлекеттер деңгейінде талқыланатын АСЕАН мемлекеттерінің
өзара қатынастар мәселесі мен оларды шешу мәселелері талқыланады. Аймақта
тұрақтылық жағдайын сақтауға бағытталған- Қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастықтың Азия-Тынық мұхиттық кеңесі құрылған болатын (АТССБ) 32.
Мұнда он сегіз мемлекет мүше, Австралия, Индонезия, Малайзия, Вьетнам, КНР,
КНДР, Корея республикасы, Монголия, Жаңа Зеландия, Ресей, Сингапур,
Тайланд, Филлипин және Жапония, сондай-ақ Канада, АҚШ және Евродақ.
Үндістан бұл ұйымның ассоциацияланған мүшесі болып табылады. Бұл кеңестің
шеңберінде бірнеше жұмысшы топтары құрылған, айтатын болсақ, 1995 жылы
құрылған Аймақтық теңіз ынтымақтастығының жұмысшы тобын айтып кетуіміз
керек. Бұл топтың негізгі міндеті болып- теңіз құқығының нормаларын
аймақтың мемлекеттерімен келісімге келіп ұсынымдамаларын жасап шығару және
қақтығысты теңіз мәселелерін шешуде ұсыныстарын жақындастыру, сондай-ақ
мемлекеттер арасында сенімділікті күшейту және осы салада ынтымақтастықты
дамыту. Мәселелерді жұмысшы топ арқылы талдап, соңында құжат жобалары
дайындалады, ол АТССБ бас комитетінің қарауына беріледі. Кеңес мүшелерінің
қандай да бір ұсыныстары жұмысшы топтың кезекті отырысында қаралады да
керекті ұсыныстар алынып құжатқа қосылады.
АТССБ мүшелерінің қорытынды құжаттың қолдауынан кейін, ол
меморандум түрінде шығарылады. Барлығы жұмысшы топтың 11 отырысы өтіп, 6
меморандум қабылданды. Негізінен АТССБ меморандумы №4 1999 жылы жасалған
“Аймақтық теңіз ынтымақтастық мүддесі негізіндегі рекомендациялары” 33,
2000 жылы жасалған №5 “Теңіздегі тәртіп пен заңдылықтарды орындау
негізіндегі ынтымақтастық” 34, №6 2002 жылы шыққан “Азия Тынық мұхит
аймағында теңіз құқығын қолдану ” 35. №4 меморандумда былай делінген,
теңіздегі қандай да бір келіспеушіліктің алдын алуда аймақтық отырыстарда
бірнеше рет талқыланып қаралған. Бірақта жұмыс барысында теңіздегі
тұрақтылықты қамтамасыз етуде кең рекомендацияларға өтуге, соның ішінде
аймақтық теңіз ынтымақтастығын басқа да бағыттарға бұру, бұл әрине АТССБ
мүшелерінің арасында қолдау тапты. Авторлардың айтуы бойынша, ұсынылған
рекомендацияларда аймақтық қауіпсіздік мәселесін ұжымдасып шешу айтылады.
Болашақта Азия-Тынық мұхит аймағының мемлекеттері бола отырып,
олар аймақтың тұрақтылықтылығын сақтауда өз үлестерін қосу керек, сонымен
қатар аймақ елдерінің теңіз бен мұхиттарда теңіз құқығын сақтау
тәжірибелері өткізілген. Меморандум авторлары аймақ географиясының қиындығы
мен мемлекет өміріндегі теңіз мәселелерінің мағыналылығына негізделген
бірнеше қақтығыстарды ескере отырып, теңізде заңсыз әрекеттер қалыптасқанын
ашық көрсетеді. Міне сондықтан, осының барлығын сақтауда теңіз
ынтымақтастығы аймақтық тұрақтылыққа және қысымды әлсіретіп, қақтығыстың
пайда болуын төмендетеді. №5 меморандумда былай делінген, теңізде
заңдылықтарды сақтауда Азия-Тынық мұхит аймағының мемлекеттерінің қолайлы
мысалдары талданған, сондай-ақ, ынтымақтастықты осы мақсаттарғы түбегейлі
бағыттады. Мұнда теңізде құқық тәртібін сақтау және теңізде қылмыстық
деңгейін төмендету, теңізде мемлекеттік заңдардың сақталуын қамтамасыз
ету. Бұл бағыттың маңыздылығы, теңізде заңдар мен құқықтық тәртіпті сақтау
теңіз саудасының еркіндігін күшейтіп қана қоймай, елдердің минералды және
биологиялық ресурстарын жасап шығаруда теңдік ала алады.
№6 меморандумда мынадай мәселелер қарастырылады, Азия-Тынық мұхит
аймақ елдерінің ұлттық саясаты теңіз құқығының қандай да бір аспектілерін
қарастырғанда бірнеше айырмашылықтарға аңғаруға болады. Елдер арасында
өзара түсіністік арқасында мемлекеттер теңізде еркін жүзу мен сенімділіктің
қолайлы шараларын жасап және теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады
екен. Қақтығыста мәселелерді реттеуде тағы бір мысал болып, 2002 жылы
Пномпенде жасалған Оңтүстік Қытай теңізіндегі қызмет принциптері туралы
декларация болып табылады. Бұл аймақтағы жеке тәртіп кодексін жасау идеясы
бірнеше аралдарға бір уақытта бірнеше мемлекеттердің талап етуі арқасында
қаруды қолдану әрекеті АСЕАН да 90-жылдары пайда болды. Бұл құжатпен жұмыс
жасау 1999 жылы АСЕАН мен Қытайдың келіссөздері барысында Пекиннің қолдауы
болды. Осы жылдың тамыз айында АСЕАН атынан Филлипин мемлекеті мұндай
кодексті ұсынған болатын, ал екі айдан кейін өз мысалымен шыққан болатын.
Осы екі жобаны 1999 жылы қараша айында АСЕАН –КХР арасындағы кездесуінде
талқылағысы келді, бірақ Қытай өкілдері Филлипин ұсынысын қарастырудан бас
тартқаны мен құжат пен жұмыс жасауын тоқтатқан жоқ. Келіспеушіліктер
аралдарда, атоллдарда және рифтерде құрылыс мәселесін қамтыды. Нәтижесінде,
Қытай мен оны қолдаған мемлекет Малайзияның айтуынша, құжат түпкілікті
қарастыруды талап етеді.
Келесі үшжылдық кездесулерде АСЕАН Қытайға барынша қарсылық
білдірмеді, 2002 жылы Пномпендегі декларацияда ҚХР негізгі позицияны қолына
алды. Сонымен де өзара әрекеттесу идеялардың еркін айырбасталуы, диалог пен
әділеттілік негізінде қалыптасу керек. Осы аумақта әскери ақпарат пен
қарулы күштердің қажеттілігі көрінуде. Жақында жасалған құжат Оңтүстік-
Шығыс Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталса да
Қытай осы қақтығыс аумағында өз экспанциясын тоқтатқан жоқ. Сонымен де,
бұл құжаттың да жақсы жақтары да бар, мысалға ол аймақтағы елдер арасында
келіспеушіліктерді жойып, бейбітшілік пен тұрықтылыққа қол жеткізуге
әкелген болатын.
Қазіргі уақытта АТССБ мемлекеттері аймақтық теңіз қауіпсіздігін
сақтауда концепциялар шығару мен айналысуда. Бұл құжат теңізде қылмысты
болдырмау мен заң мен тәртіпті сақтауға бағытталған саяси құжат болып
табылады, сонымен қатар теңіз құбылыстары болған жағдайда құтқару жұмыстары
айтылған болатын. Тек мемлекеттердің бірігіп жұмыс атқаруы нәтижесінде олар
бір мақсатқа жете алады және осы аймақты бақылай алады. Мұндай түрдегі
құжат мынадай болу керек:
Біріншіден, аймақта сенімділікті жоғарлату, аймақтағы мемлекеттер арасында
ынтымақтастықты дамыту;
Екіншіден, Азия-Тынық мұхит аймағында, теңізінде бақылау тәртібін құруда
қадамдар жасау;
Үшіншіден, еркін теңіз сауда режимін күшейту, мемлекеттерге өз мүдделерін
білдіруге жағдай жасау;
Төртіншіден, әскери–теңіз қызметінде мемлекеттер арасында сенімділікті
тудыру, әр мемлекеттің әскери базаларын кеңейту, гуманитарлы және құқық
қорғау операцияларын орындау;
Қорытындылай келсек бұл құжат, қауіпсіздік концепциясы басқа
салалармен тығыз байланысу керек. Осындай өзара байланыс пен өзара
тәуелділік арқасында мемлекеттер басқа АҚШ сияқты аймақтық державалардың
осы аймақта үстемдік жүргізуін болдырғысы келмейді. Халықаралық
қатынастарды дамытудың мұндай түрі, көріп отырғандай, көпполюсті әлемнің
пайда болуына алып келеді. Өздерінің көпжақтылығы мен өмірге көзқарасы,
олар ары қарай даму жолын өздері белгілейді және осы жолда басқа державалар
араласпау қажет. Біз білетіндей, Ресей тынықмұхит елдерінің ірі елі
ретінде Азия-Тынық мұхит аймағының барлық халықаралық қызметтерінде
белсенді қатысуы керек, алдыменен аймақта қауіпсіздік жүйесін құруда,
себебі Ресей АТССБ мүшесі болғандықтан және ол да өз сыртқы саясатында
көпполярлы принципке сүйеніп отыр. Бірақта, барлық деңгейге қарамаста,
Ресей үкіметі шығыс бағытының маңыздылығын айтқанымен, іске келгенде оған
ешқандай көңіл бөлініп отырған жоқ.
Сонымен қатар, бір жағынан АҚШ мемлекеті де Азия-Тынық мұхит
аймағына өз билігін танытып, мұнда өзінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз
еткісі келеді. Осындай өзінің саясаты үшін, АҚШ өзінің күші арқылы да
өзінің серіктестері мен бәсекелестеріне мұндай саясаттың пайдалы екендігін
сендіргісі келеді. АҚШ-тың қазіргі саясатының мазмұнында Азия-Тынық мұхит
аймағында да сияқты, жахандану жоспарында, АҚШ Вашингтонның айтуы бойынша
Ресеймен жақсы серіктестік қатынастары дамытуда, бірақ соңғы кезде олардың
қатынастары әлсіреп келе жатыр. Қытайды тежеу мақсатын орындай отырып, АҚШ
параллель түрде ҚХР мен РФ қосылуына, қатынастарының қиындауына әр-түрлі
шаралар қолдануда. Себебі, бұл екі мемлекет күшейсе АҚШ үстемдігіне қауіп
төндіруі мүмкін. Мұның барлығын әрине Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің
саяси өкілдері жақсы түсінеді. Бірақ олардың көбісі әлемдік саясаттың
мәселелерін бөліспей отырып, АҚШ мемлекетімен қақтығысқа түскісі келмейді.
Прагматик бола отырып, олар Батыс пен АҚШ-тың ең жақын одақтасы
Жапониядан несие мен технологияларды алғысы келеді, бір жағынан тез өсіп
келе жатырған Қытайдан қауіптенеді. Осындай жағдайларда Ресейге жан-жақтан
көмек керек. Ал бұл үшін олар әр-түрлі аймақтық үрдістерге белсенді араласу
керек, конференцияларға, жыл сайынғы кездесулерге тек қатысып қана қоймай,
әр-түрлі жұмысшы топтарында, мемлекетке онша өзекті болмағанымен, аймақтың
халықаралық ұйымының комитетеріне назар аударып, белсенді қызмет атқару
қажет. Ол әрине бірінші кезекте АТССБ кеңесіне қатысты болып келеді.
Себебі, Азия Тынық Мұхит аймағы басқа аймақтарға қарағанда, белгілі бір
жағдайда саяси және экономикалық көмек бере алатын аймақ. Жоғарыда
айтылғандай, теңізді пайдалану мен теңіздегі қылмысты болдырмау, ал кең
мағынада аймақта қауіпсіздік жүйесін құруда сенімділікті шығару және
орналастыру.
1.4 Азия -Тынық мұхит аймағының болашақта бәсекеге тұрарлық аймақ
ретінде қалыптасуы
Халықаралық мәселелер жөніндегі мамандардың арасында "қырғи-қабақ
соғыс" тоқтағаннан кейін халықаралық қатынастарда бірінші тұрған әскери
-саяси компонент ролін экономиканың ығыстырып шығаратындығы туралы
консенсус қалыптасқан. Бұл тенденция Азия-Тынық мұхит аймағында (АТА) басқа
аймақтарға қарағанда ертерек аңғарылды.
Сонымен қатар, сарапшылыр тұжырымына қарағанда негізінен өткен ғасырға тән
әскери-идеологиялық қарама қарсылық моделінің орнын, аймақтық экономикалық
құрылымдар басып келеді. Бұл реттен келгенде Азия-Тынық мұхит аймағының
аймақтанушылықтың жаңа лабароториясы болып табылады. Аймақтағы көпшілік

талқылауға негіз болды. Күні өтіп бара жатқан "атлантикалық" ғасыр орнына
жаңа "тынықмұхиттық" ғасыры басатындығы туралы аймақ орталықтарында көптен
бері сөз болып келеді 36.
Дүниежүзілік орта есеппен салыстырғанда Азия-Тынық мұхит
аймағының шаруашылық құрылымдарының көп бөлігі әлемдік саудаға тартылған
және соған бағытталған. АҚШ-ты қоспағанда әлемдік сауданың үштен бір бөлігі
Азия-Тынық мұхит аймағының үлесінде, ал Солтүстік Америка мен Европаның
үлесіне шамамен 20% тиеді. Аймақтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz