Жиілік сөздік


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН 4 - СЫНЫП

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫН

МИНИМИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 7

1. 1 Лексикалық минимум туралы түсінік . . . 7

1. 2 Оқулық лексикасын минимизациялау мәселелері . . . 13

1. 3 Минимизациялаудың принциптері мен критерийлері . . . 15

2 ЖИІЛІК СӨЗДІК . . . 17

2. 1 Жиілік сөздік және оны жасаудың әдіс-тәсілдері . . . 17

2. 2 «Clan output» бағдарламасы және оның негізінде оқулықтың

лексикасын өңдеу . . . 25

2. 3 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жасалған жиілік сөздік . . . 26

2. 31 Жоғары жиілікті сөздер . . . 28

2. 32 Орта жиілікті сөздер . . . 30

2. 33 Төмен жиілікті сөздер . . . 34

3 ЛЕКСИКА- ТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДЕР ТОБЫ . . . 47

3. 1 Лексика-тематикалық сөздер дегеніміз не? . . . 47

3. 2 Лексика-тематикалық сөздер тобының құрамы . . . 48

3. 3 1, 2, 3-сынып «Қазақ тілі» оқулықтарымен салыстыру . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57

ҚОСЫМША А . . . 58

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Орыс тілінде жалпы білім беретін 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының лексикалық минимумы.

Жұмыстың көлемі: Диплом жұмысымның көлемі 58 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: Диплом жазу барысында 43 әдебиет пайдаланылды.

Тірек сөздер: лексикалық минимум, минимизация мәселелері, жиілік сөздік, әліпби- жиілік сөздік, лексика-тематикалық сөздер тобы.

Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде 4 сынып «Қазақ тілі» оқулығы алынды. Оқулықтың авторы А. Қайырбекова, - Алматы: Атамұра, 2004. - 144 б.

Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты- орыс тілінде жалпы білім беретін, авторы А. Қайырбекова, (Алматы: Атамұра, 2004. -144б. ) 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының лексикалық минимумын анықтау. Ол үшін тілдің қолданбалы аясында кең қолданыс тапқан жиілік сөздік, сонымен қатар оның негізінде әліпбилі- жиілік сөздік және лексика- тематикалық сөздіктер жасау көзделді.

Бұл мақсат төмендегідей міндеттердің шешімін табуды көздейді:

  • оқулық лексикасын минимизациялау және оның принциптерін айқындау;
  • оқулық лексикасының компьютерлік базасын құру;
  • «Clan output» компьютерлік бағдарлама арқылы 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының жиілік сөздігін жасау;
  • жиілік сөздіктің негізінде әліпбилі-жиілік сөздік түзу;
  • 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының лексика- тематикалық сөздігін жасау;
  • оқулықтағы сөздердің жиіліктерін анықтау;
  • 1, 2, 3-сынып «Қазақ тілі» оқулықтарымен салыстыра отырып, 4-сынып оқулығының лексикалық минимумын айқындау;

Аталған міндеттерді орындау нәтижесінде, 4- сынып «Қазақ тілі» оқулығының лексикалық минимумы 1200 сөзден тұратыны анықталды. Алынған нәтижелер (1200 сөз) оқулық лексикасын минимизациялаудың қабылданған стандарттарына сай келмейтіндігі айқындалды.

Жұмыста қолданылған дерек көздері: ғылыми еңбектер, ғылыми диссертациялар, сөздіктер, ғылыми мақалалар.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақстан халықтарының достығы мен ел бірлігін нығайту мақсатында, әсіресе қоғамның болашағы жастарды өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін бағалай білетіндей азамат етіп қалыптастыру үшін мемлекеттік тілді жетік меңгерудің маңызы ерекше.

Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру тілдің нормалануына, дамуына, қазақ және орыс тілдері арасындағы функционалдық қатынастардың реттелуіне, және қазақ тілінің қоғамдық салалардағы қызметінің қалпына келтірілуіне түрткі болды.

Қазақстан Республикасының “Тіл туралы заңының” 4-бабында: «Мемлекеттік тіл - бұл мемлекет басқару, заң шығару, іс-қағаздар жүргізу . . . тілі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы- мемлекеттік тілді меңгеру болып табылады . . . »

Тілдік саясат және тілдік жоспарлау - ұлттық мемлекеттік саясаттың негізгі құраушылары. Қазақстандағы тілдік жағдайдың, тілдік саясат және тілдік жоспарлаудың көптеген мәселелері М. К. Исаев, А. Қайдаров, С. Калмыков, М. М. Копыленко, Э. Д. Сүлейменова, Ж. С. Смағұлова және көптеген басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Тілдік жоспарлау-белгілі бір субъекттердің тарапынан тілді қолданушылардың тілдік әрекеттеріне әсер ету үшін жүргізілетін саналы, нақты іс- шаралар, бұның мақсаты тіл қызметтерін өзгерту (статустық жоспарлау), тіл құрылымын реттеу (корпустық жоспарлау), тілді меңгеру үшін жағдай жасау (меңгеруді жоспарлау) ; саяси, білім беру, экономикалық, қоғамдық және лингвистикалық институттар арқылы тілді мемлекеттік шекарадан тыс жерлерге тарату [1, 115] .

Әдетте тілдік жоспарлау корпустық және статустық деп ажыратылады; бұндай бөлуді 1969 жылы неміс ғалымы H. Kloss ұсынды. Статустық және корпустық жоспарлаудан басқа, 1989 жылы R. Cooper ұсынған түсініктер - тілді меңгеруді жоспарлау және тілді таратуды жаспарлау.

Статустық жоспарлау -тілдер статусын мақсатты түрде реттеу [2, 104] .

Корпустық жоспарлау -бұл тіл жүйесіне өзгертулер енгізу үшін бағытталған іс-әрекет [2, 59] .

Қоғамның нәтижелі тілдік гомогенизациясы тілді меңгеруді және таратуды жоспарлаусыз жүзеге аспайды. Тілді меңгеруді жоспарлау-тілде сөйлейтін адамдардың санын арттыру мақсатындағы әрекет деп түсініледі; ал тілді тарату деп адамның тілді үйрену тілектері мен мүмкіндіктерін жасау немесе жақсарту үшін тілдік функцияларды қайта бөлу деп саналады.

Тілді таратуды жоспарлауға, тілдің статусын өзгерту арқылы, оның қызмет көрсету аясын кеңейту енеді.

Тілді меңгеруді жоспарлаудың негізгі міндеттерінің бірі-тілді екінші тіл немесе шет тілі ретінде оқыту [1, 163] .

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың талабы өзгеріп, күшейген сайын оқулық жазу, түзу теориясының маңыздылығы, өзектілігі арта түсуде. Әр автор оқулықты өз түсінігі ауқымында жазып немесе ағылшын, орыс тілі оқулықтарын бағдар етуде. Оқулықтың басты сипаты-оқыта алуы, сөйлете алуы, оқыта алатын оқулық қазақ тілі пәні бойынша (өзге ұлт үшін, шетелдіктер үшін) көптеп жазылды, енді бүгінгі уақыт соны ізденістерді қажет етеді [3, 5] .

Тілді оқыту оқулық жазудан басталады. Себебі жақсы оқу да, жақсы оқыту да оқулыққа тікелей байланысты. Осылай бола тұра еліміздегі оқулықтар, әсіресе, орыс мектебіне, орыс тілді студенттерге арналған қазақ тілі оқулықтарының сапасы қанағаттандырарлық емес.

Қазіргі қазақ тілі оқулықтары (өзге тілділерге арналған) өзінің негізгі сипаты-оқытуды толық қамтамасыз етуге кепілдік бере алмайтындығы да осы саладағы зерттеудің аздығын көрсетеді.

Бүгінгі заман талабына сай оқулық жазу мәселесі өзекті болып табылады. Қазақ тіл білімінде бұл тақырыпқа әлі де болса аз көңіл бөлініп келеді.

Зерттеуіміздің өзектілігін мына факторлар айқындайды:

- ҚР Білім және ғылым министрлігінде жаңа заман талабына сай оқулық жазу мәселесінің жиі көтерілуі;

- республикамыздағы мектептің, жоғары оқу орындарының жартысына жуығының өзге тілділігі;

- қазақ тілінің ҚР-ң мемлекеттік тілі болуы;

- Елбасы жолдауындағы « . . . қазақстандықтардың басын біріктіретін маңызды фактор-Қазақстанның мемлекеттік тілінің дамуы» деген бағдардың көрсетілуі;

Сондай-ақ, еліміздің басқа мемлекеттермен мәдени, саяси, экономикалық қарым- қатынастастарға түсуі, қазақ тілін өзге ұлттарға, шет елдіктерге оқытудың қажеттілігін, өзектілігін танытады.

Зерттеудің мақсаты. Қазақ тілі оқулығы теориясының негізгі мәселелерін, нысанын, пәнін және қазақ тіліне қатысты мәселелерді ғылыми негізде сипаттау. Атап айтқанда, орыс тілінде жалпы білім беретін, авторы А. Қайырбекова, (Алматы: Атамұра, 2004. -144б. ) 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының лексикалық минимумын анықталды. Лексикалық минимум 1200 сөзді құрайды. Ол үшін тілдің қолданбалы аясында кең қолданыс тапқан жиілік сөздік, сонымен қатар оның негізінде әліпбилі- жиілік сөздік және лексика- тематикалық сөздіктер жасалды.

Бұл мақсат төмендегідей міндеттердің шешімін табуды көздейді:

  • оқулық лексикасын минимизациялау және оның принциптерін айқындау;
  • оқулық лексикасының компьютерлік базасын құру;
  • «Clan output» компьютерлік бағдарлама арқылы 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының жиілік сөздігін жасау;
  • жиілік сөздіктің негізінде әліпбилі-жиілік сөздік түзу;
  • 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының лексика- тематикалық сөздігін жасау;
  • оқулықтағы сөздердің жиіліктерін анықтау;
  • 1, 2, 3-сынып «Қазақ тілі» оқулықтарымен салыстыра отырып, 4-сынып оқулығының лексикалық минимумын айқындау;

Зерттеу нысаны Зерттеу нысаны ретінде 4-сынып «Қазақ тілі» оқулығы алынды. Оқулықтың авторы А. Қайырбекова, - Алматы: Атамұра, 2004. -144 б.

Зерттеу әдіс- тәсілдері. Зерттеуде ғылыми ой- пікірлерді салыстыра сипаттау, материалды жүйелілікпен баяндау, түсіндіру, логикалық талдау сияқты әдіс - тісілдер пайдаланды. Оқулықты талдау барысында сипаттамалы, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, классификациялық (топтастыру) әдістері қолданды. Сонымен қатар оқулықтарды салыстыру барысында салыстырмалы, лексика- грамматикалық, лексика- семантикалық әдіс- тәсілдер; жиілік сөздіктерді жасауда математикалық және статистикалық әдістер кеңінен қолданылды.

Зерттеудің материалдары. Тілдік материалдар оқулықтың құрылымын, мазмұнын саралау негізінде қаланды. Екінші тіл негізінде жазылған қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі оқулықтарының лингвистикалық әдістемелік қағидалары басшылыққа алынды. Атап айтқанда, Күзекова З. С. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері: фил. ғыл. докт. дис., сонымен қатар А. М. Алдашева. Ш. Бектұров, Ә. Жүнісбек, Қ. Қадашева, Р. Б. Нұртазина, Н. Т. Сауранбаев, Э. Д. Сулейменова, Т. Шонанұлының қазақ тілі екінші тіл негізінде жазылған оқулықтары мен оқу құралдары; Н. П. Денисов, В. Г. Костамаров, О. Д. Митрофанова т. б екінші тіл негізінде жазылған орыс тілі оқулықтары арқау болды. .

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының ғылыми негізі қарастырылады. Зерттеуімізде алғаш рет орыс мектептеріне арналған «Қазақ тілі» оқулықтары (1, 2, 3, 4 сынып) негізге алынып, талданды. Қазақ тілі оқулықтарының мазмұны, тіл оқулықтарының мотивациясы айқындалды. Сондай-ақ, оқу материалдарын минимизациялау принциптерін анықтау және деңгей бойынша минимизациялау жұмыстары алғаш рет жасалды. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін, оқулық мәтіндеріне арнайы бағдарлама («Clan output») арқылы жиілік сөздіктер жасалды. Бұндай сөздіктерді жасау, қазіргі таңда тіл біліміндегі дамып келе жатқан қолданбалы лингвистика саласының үлесіне тиеді.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Сапалы оқыту да, сапалы оқу да тікелей оқулыққа байланысты болады. Сондықтан бүгінгі заман талабына сай оқулық жазу үшін, сол оқулықтың теориялық, әрі әдістемелік мәселелерін қарастыру маңызды болып табылады. Қазақ тілі оқулығының лексикалық минимумын анықтау қазақ тіл білімінде алғаш рет жасалып отыр. Осы жұмыста анықталған мәліметтер, сондай-ақ зерттеудің әкелген ғылыми жаңалығы оқулық жазудың теориялық жағынан толығуына, дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, яғни оқулық бойынша жасалған жиілік сөздік, әліпбилік-жиілік сөздік және лексика - тематикалық сөздіктерден; қорытынды, яғни зерттеуіміздің нәтижелерін баяндайтын бөлім және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың соңында қосымша беріледі.

1 ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫН

МИНИМИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Лексикалық минимум туралы түсінік.

Тілдің лексикасын оқыту туралы сөз етуден бұрын, «лексика» сөзіне анықтама беруді жөн көрдік. Л. В. Щербаның айтуынша, лексика - бұл тілдің тірі материясы. Ол ойдың мазмұнын сақтау үшін қызмет етеді. Сонымен бірге лексиканың басқа да анықтамалары белгілі.

Лексика (грек. lexikos сөзге қатысты) -1) Белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, сол тілдің сөздік құрамы. 2) Сөз құрамының жеке бір топтарына (салаларына) жататын сөздердің жиынтығы. Тұрмыстық лексика, әдеби лексика, арнаулы лексика т. б. 3) Белгілі бір шығарманың, жеке автордың сөздік құрамы [6, 200] .

Лексика (грек. lexikos-сөзге қатысты) -тілдегі сөздер жиынтығы; тілдің сөздік қоры. Бұл термин сөздік қордың жекелеген қабаттарына да қатысты жұмсалады (тұрмыстық, іскерлік, т. б. ) . Лексикада қоғамдағы әлеуметтік, кәсіби, ғылыми- техникалық және адамның танымына байланысты өзгерістер өз көрінісін табады. Негізінен лексика жаңа сөзді тез қабылдап отырады, сонымен қатар әдеби тілге енбейтін, қолданыстан шыққан сөздер біразға дейін тілдегі «историзм» не «көнерген сөз» ретінде сақталып жүреді. Тілдегі жаңа сөздер неологизм деп аталады. Жаңа сөздердің пайда болуының бірнеше жолдары бар: 1) грамматикалық үлгі бойынша ; 2) сөздің жаңа мағынаны иеленуі арқылы;

3) ерекше семантикалық - грамматикалық тәсіл - конверсия арқылы; 4) кірме сөздер арқылы және т. б.

Лексема (грек. lexis - сөз) -тілдің сөздік құрамының бірлігі, ол әр түрлі қолданымда сол сөздің өзіне ғана тән болып табылатын тұлғалар мен мағыналардың бірлігін көрсетеді. Лексема терминін 1918 жылы А. М. Пешковский ұсынды [6, 200] .

Лексика-бұл сөздер жиынтығы және белгілі бір жүйе құрайтын, функциясы жағынан ұқсас сөздер. Лексиканы құрайтын барлық бірліктер өзіндік қасиеттері бойынша белгілі бір лексикалық бірлестіктерге (семантикалық желілер, топтар, синонимдік тізбектер, антонимдік жұптар, сөзжасамдық ұяларға) кіретіні лексиканың жүйелілігін танытады.

Лексика лексикалық бірліктерден тұрады, олар бүтін немесе бөлшектелген болуы мүмкін. Лексикалық бірліктерге жататындар:

1) сөздер; 2) тұрақты тіркестер; 3) клишелер;

Лексикалық бірліктердің өзіндік ерекшеліктері бар және олардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады: сөздің формасы деп, ең алдымен есту арқылы қабылданатын, оның дыбыстық жағын түсінеміз. Лексиканы оқытуда, үйретілетін лексикалық бірліктердің дыбысталуы мен жазылуын ескеру қажет. Сөздің мазмұндық жағын оның мағынасы құрайды. Сөзді қолдану оның грамматикалық формаларымен байланысты.

Сөздің «ішкі» қасиеттерінен басқа, оған ерекше «сыртқы» қасиеттер тән, яғни басқа сөздермен байланысқа түседі, сол арқылы жаңа сөз тіркестер жасалады.

Лексиканы оқыту дегеніміз-сөзді оқыту. «Сөз - бұл үйді салу кезіндегі «кірпіш» сияқты, бұл жерде үй-тіл, ал құрылыс-үйрену».

Ал сөзді білу дегеніміз не? Бұл сөздің мағынасын, формасын және сөзді қолдануды, сөзжасам, сөзөзгеруді білу. Оны графикалық түрде былай көрсетуге болады: Сөз = мағына + форма (дыбыстық, графикалық) + қолдану (сөзөзгеру, сөз тіркес) [7, 164] .

Жоғарыда айтылғандардан, лексиканы оқыту кезінде, біз тілді оқытамыз деген қорытынды жасауға болады. Ал тілді оқыту-шет тілін және екінші тілді оқыту әдістемесінің негізгі міндеті болып табылады.

Шет тілін оқыту мазмұнына үш компонент кіреді: лингвистикалық, психологиялық және методологиялық. Лингвистикалық компонент ғылыми түрде өңделген және ұйымдастырылған сөздіктен тұрады. Әрине, тілдің барлық сөздерін меңгеру мүмкін емес және адамдар қарым- қатынас кезінде шектеулі сөздік қорды падаланады. Яғни тілдің барлық сөздік қорын меңгеру қажеттілігі жоқ. Мектеп жағдайында, оқушының аз уақыт ішінде меңгере алатын қажетті лексикалық минимум туралы сөз болады.

Лексикалық минимум-оқушының мүмкіндіктерін және берілген уақытты ескергендегі берілетін тілдік құралдардың максималды көлемі. Сонымен қатар қарым- қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер. Мектеп жағдайында лексикалық минимумның көлеміне қатал шектеулер қойылады. Себебі лексикалық минимумның көлемін ұлғайту лексиканы меңгерудің сапасына кері әсерін тигізеді.

Оқушы минимумның бүкіл лексикасын анықталған бір курс көлемінде меңгеруі керек. Бұл нақты сөздік қор болып табылады.

Минимум- сөздіктің құрамына енген лексика белгілі бір принциптер бойынша іріктеледі. Барлық принциптерді белгілер мен көрсеткіштердің сипаты бойынша үш топқа бөлуге болады:

  • Жиіліктік
  • Методологиялық
  • Лингвистикалық

Анықталған принциптердің негізінде актив, пассив және потенциалды минимум- сөздіктер жасалады. Актив лексикалық минимумға-оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеулеріне қызмет ететін лексикалық бірліктер жатады, яғни репродуктивтік сөйлеу. Актив лексикалық минимум бағдарламамен реттелген, тақырып бойынша нақтыланған, және сынып бойынша көлемі айқындалған. Актив лексикалық минимум мектеп оқушыларына өз ойын білдіруге, ауызша және жазбаша тілде басқа адамдардың ойын түсінуге мүмкіндік беретін лексиканың негізгі қоры.

Оқытудың әрбір профиліне қарай мәтіндер каталогын таңдау негізінде оқулықтың лексикалық минимумы қалыптасады, яғни оқулық сөздігінің бір бөлігін құрайды. Жиілік сөздігінен айырмашылығы таңдалған лексикалық минимумдар ситуциялар каталогінде пайдалану кеңейе түседі. Әрбір лексемада оқулықтың қай тақырыбына, қай ситуациясына қолдану керектігі туралы мәліметтер жазылады. Лексикалық минимумның екінші бір бөлігі сөйлеу стериотиптерінің репертуарынан тұрады.

Лексикалық минимум әліпби тіртіп және синтаксистік құрылым бойынша ұйымдастырылады [3, 70] .

Денисов бойынша, минимум түсінігі қайшылықты (оған фонетикалық, грамматикалық және лексикалық минимумдар кіреді) . Әдістеме мен психологияда минимум бұл-ең аз уақытта меңгерілетін оқу материалының барынша көп мөлшері. Мамандардың айтуы бойынша, бастапқы деңгей (1000-1500сөз) 300-400 сағат (бастапқы деңгейде бір сабақта 9-10 сөз үйретіледі), екінші деңгей (3000-4000 сөз) қосымша 500-600 сағатты қажет етеді. Себебі екінші деңгейде, бір сабақта 20-25 сөз үйретіледі. Қазіргі таңда лингвистикалық мазмұндағы жұмыстар атқарылып жатыр, яғни минимумға біріншіден, ең қажетті деген лексикалық, грамматикалық және елтанымдық білімдер енуі қажет. Бұл арқылы оқушы аз уақытта барынша пайдалы, өнімді білімді иеленеді.

Шет тілін меңгерудің әр түрлі себептері болғанымен, тілдің бір ерекшелігі- ол қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет етеді, сонымен бірге қоғамдық мүдделерді қанағаттандырады. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде, оқу материалын минимизациялауда тілдік жүйе туралы білімнің болуын талап етеді. Бұл жерде Денисов «оқытудың бастапқы кезеңі» деп айтарлықтай үлкен бірлікті айтады, яғни оқытудың аяқталған курсы: бастапқы деңгей-1000-1500 сөз, келесі деңгей 3000-4000 сөзді қамтиды, ең жоғары деңгей екінші тілде еркін сөйлеуді көздейді. Бірақ тілді үйрету тәжірибесінде бастапқы кезең бұл - тілді үйренуге кірісу деп түсініледі.

Тіл жүйесі көп қабатты, күрделі құрылым. Тілдік бірліктерді меңгеру әр түрлі уақыт мөлшерін қажет етеді. Мысалы, оқытудың бастапқы кезеңінде тілдің фонетикалық деңгейі барынша ұқыптылықпен үйретіледі. Мамандардың пікірінше, оқытудың бастапқы кезеңі үшін грамматикалық минимум да анықталған. Орыс тілін шет тілі ретінде үйрету тәжірибесінде тұрақты синтаксистік және морфологиялық білімдер қалыптасты. Жалпы бұндай білімдерден орыс тілін үйрену басталады. Сонымен қатар, синтаксистік және морфологиялық білімдер оқытудың бастапқы кезеңіндегі грамматикалық минимумды құрайды.

Өкінішке орай, оқытудың бастапқы деңгейіндегі лексикалық минимум оқулықтан оқулыққа, бағдарламадан бағдарламаға өзгеріп отырады. Ғалымдардың айтуынша, үйренуші «нені» үйрену керек «неден» бастау керек екенін әрі қарай жылжу үшін білу қажет. Орыс тілінің оқулықтары лексиканың жиілікті негізінен басқа, орыс тілінің жиілікті сөздігінен алынған «өтпелі» сөздерден тұрады. Мектептерге арналған оқулықтар «мектептік» (школьные) сөздерден тұрады. Егер алғашқы үйренген 1000-1500 сөздердің көмегімен қалған барлық сөздердің мағынасын түсіндіретін болсақ, лексиканың жиілікті негізіне енбейтін анықтағыш-сөздерді (слова определители) енгізу қажет. Бұл жағдай, оқытудың бастапқы кезеңінде лексикалық минимумның фонетикалық және грамматикалық минимумдарға қарағанда тұрақсыз (орнықсыз) екенін көрсетеді.

Лексиканы іріктеудің принциптері:

  1. Конструктивті принцип. Яғни сөздер тізімін жасау, құрастыру. Бұл математикадағы конструктивті әдіспен байланысты. Сөздер тізімін құруда статистикалық принципті пайдалану ұтымды. Статистикалық принцип алгоритмдік және конструктивті мазмұнды және тілдің лексикалық жүйе құрылымының объективті заңдарына сәйкес келеді.

Оқытудың бастапқы кезеңінде дәл осы лексикалық минимумның жиілікті негізін (ядросы) қолдану барынша пайдалы. Кез келген мәтінде қайталанатын сөздер өзінің сипатын сақтайды, сондықтан лексикалық минимумды қарастырғанда, жиілік сөздіктерді талдаудан бастайды. Жиілік сөздіктердің алғашқы 1000-1500 сөзі алынып, олар қосымша критерийлер бойынша іріктеледі.

Қосымша критерийлер төмендегідей топтастырылады:

1) лексиканың жүйелілік сипаттамасы және лексиканың тілдің басқа қабаттарымен байланысын (сөзжасамдық модельдерді есепке алу, лексикалық минимумның грамматикалық, фонетикалық минимумдармен сәйкестігін) ескеру принципі.

2) лексика мен мәдениеттің байланысын ескеру принципі, лексикалық минимумның елтанымдық минимуммен сәйкестігі, және қарым-қатынастың жағдайын ескеру ( М. А. Скотина б/ша) .

Аталған сөздер саны (1000-1500, оқытудың алғашқы кезеңіндегі лексикалық минимум) ағылшын, француз, неміс тілдерінің негізінде алынған. Орыс және қазақ тілдері үшін де бұл заңдылық сақталады. Мысалы, М. Уэст ағылшын тілінің 1490 сөзі арқылы 24 мың сөзді түсіндірді. Ал Гунем және Мишеа 1374 француз тілінің сөздері негізінде 3000 мыңнан тұратын лексикалық қордың негізгі сөздігін жасады.

Бұл жерде «элементарлы лексика» деген термин қолданылады. Элементерлы лексика негізінен тілдің ең жиі кездесетін сөздерінен тұрады. Бұл кез келген орыс тілінің оқулығында кездесетін сөздер болып табылады.

Р. М. Фрумкина бойынша, ең жиі қолданылатын 1000 сөз орташа алғанда барлық сөзқолданыстың 65-70% құрайды. Тілдің сөздік құрамының объективті заңдарын танытатын жиіліктің осындай қасиеті, лексиканы іріктеудің әдістемелік мақсатын жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарының лексикалық қорын анықтау
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Құдайберген Жұбановтың ғылыми шығармалары тілінің статистикалық ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта есім сөздерді оқыту
Қазақ ертегілері тілінің жиілік сөздігін компьютер арқылы түзу және олардың статолингвистикалық сипаттамасы
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Телефондық аппарат желілерін құру мәселелері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Сөз сигналдарын түрлендіру әдістері
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz