Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I . Бөлім
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру ... .17

II . Бөлім
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту ... ...27
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3. Тәжірибелік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Пайдаланған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 42 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I – Бөлім

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы
эстетикалық талғам негіздерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

II – Бөлім

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан
дүниесін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы
эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3. Тәжірибелік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .44

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол
табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен.
Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені
де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын
байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына,
тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала
көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты,
аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға
күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт
қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл
атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға
қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат
құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу
және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат
баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды
сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің
маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру
арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың
мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге,
нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына
дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам
негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін
ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда
баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте
замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты
тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының
айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М.
Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш
балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен
талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы
болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша
бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда
бізге жол сілтейді, демейді.

Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында
ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса
түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура
келеді.
Дегенмен...жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне
арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие
үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет
-табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған
ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында
мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің
ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер
Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш
сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми
еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар
үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып
балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті
табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы.
Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі класс балаларына арналған
Айналадағы дүниемен таныстыру, Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі
және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға
өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі
қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама
талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен,
саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс -
тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады.
Білікті ұстаз -ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен
таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән
беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте
- маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары
мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған Жылдың төрт
мезгілі (1981 ж.) диафильмі құнды құрал.
Алпысыншы жылдардан кейінгі кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен
таныстырудың негізгі құралдарының бірі Жыл он екі ай кітабы болды. Жыл
он екі ай кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби
күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш Қыс, көктем,
жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық
көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби
қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық,
бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып
оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін
тәжірибе көрсетіп отыр.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде
табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады.Тәлімгердің балабақшадағы тәрбие
бағдарламасына сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары Біздің
кітап (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы,
екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. Біздің кітапқа
енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне
лайық.
Біздің кітапқа, Күз, Жаңбыр жауғанда, Көктемгі түн, Жазды күні
т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында
қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.
Сондай - ақ ғалымның Балалар әдебиетінін хрестоматиясы (1978 ж) атты
еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі
карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті
нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты
ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі
авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне
арналған Өзіміз оқып үйренеміз, Суретті қазақ тілі атты кітаптарында
балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-
тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.
Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың
Әр қашан күн сөнбесін (1977), Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру
тәжірибесінен (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары,
өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берілген.
Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек
негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады.
Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды
тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда
әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы
дейді педагог.
Шакура Майғаранованың Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында
тәрбиелеу методикасы (1988 ж.) кітабында тәрбиешілер мен ата-аналарға
кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме
үлгілері берілген. Мысалы Тиын мен кірпі, Кемпірқосақ, Жауын, Араның
ұясы, т. б. Тіл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнері сабақтары ашық аспан
аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты
жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек
жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған
жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Табиғаттың сан алуан
сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-біліп оған қуанады,
адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыпасады. Сондықтан да табиғат
құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде серуен, саяхат, сабақ кезінде жиі
ұйымдастырып тұру қажет.
1964 жылы Ресей бағдарламасының негізінде, республика көлемінде тұңғыш
рет балабақша бағдарламасы қазақ тілінде жарық көрді, бағдарлама қосымша
өзгерістер мен жаңалықтар да енгізілді. Мысалы: Балаларды айналамен және
табиғатпен таныстыру бөлімінде жергілікті табиғат ерекшелігіне сай,
республика көлемінде өсетін өімдіктер мен мекендейтін жануарлар, жыл
мезгілдерінің ауысуына байланысты адамдар еңбегі мен өмір тіршілігінің
өзгеріп отыруының енгізілгенін баяндайды.
Халық педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданушы педагогика
ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерін оқу-тәрбие
ісінде қолдануға арналған ғылыми мәні зор еңбектері бар. Ғалым табиғатты
қорғаудағы біздің ата-бабаларымыздың бай тәжірибесі мен ой-сезімі жайында
түсінік береді. Ертеден - ақ, сауатсыз кездің өзінде қазақ халқы табиғатты
аялай білген. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспеншілігін, олардың аңыз-
ертегілерінен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерінен байқауға болады. Мысалы,
түс киіз бен сырмаққа, текеметке түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл
бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйізді, құс
тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуі тегіннен тегін емес. Сондай - ақ
халық емшілері жануарлардың емдік қасиеттерін байқап тәжірибеде кеңінен
қолданған. Мысалы, күйкентайдың ұясын, борсықтың терісі мен майын өкпе
ауруларына, иттің жүнін құлақ ауруларына немесе жылан, құрбақамен қорқытып,
шошытып емдеу, т. б. Халық арасынада хайуанаттар мен жәндіктерді сақтау
жөнінде ежелден қалыптасқан әртүрлі ырымдар бар. Ата-бабаларымыз
қарлығаштың ұясын бұзсаң үйің өртенеді, құмырсқаның илеуін бассаң аяғың
сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөпті жұлма, көктей соласың деген
сияқты әртүрлі тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау мақсатында
пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бір жәндікті құрту басқа
бірнеше жәндіктің тіршілігіне хауіп төндіруі сол арқылы адам баласының күн
көрісіне нұқсан келтіру деген сөз. Адамның қиялына қанат бітірген тек
табиғат қана.Ұрпаққа экологиялық білім берудің негізгі тәрбие орны —
мектеп. Онда жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр - сипатын оқып, біліп
қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететін экологиялык тәлім - тәрбие
де алуы керек.Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ерте
ояту үшін құрғақ насихаттан гөрі табиғат байлығы жайында мақал-мәтел, өлең
- жырлар жаттау айналаны көгалдандыру, құстарға ұя жасау, алтын күз, құстар
күні деген сияқты балалармен әңгіме өткізу, саяхатқа, серуенге шығарып
тұруды ұсынады.
Сондай-ақ ғалым Қазақ тәлім-тәрбиесі атты еңбегінде табиғатқа сыр мен
сымбат тәрбиесі ретінде қарайды. Мәселен, Бала тілі шыға бастаған кезден-
ақ өзін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасының үлкендерінен сұрап-білгісі
келеді. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т. б. табиғат
құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-білгісі келген
бала: Күн қайдан пайда болады?, Жаңбыр мен қар неге жауады? деген
сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға
өресі жетпеген ата-аналар Оны құдай жаратты немесе Ол саған неге керек.
Жоқтан өзгені сұрайсың — деп жазғырады. Білмегенді білуге деген құмарлық
болса бойына туа біткен қасиет. Осы қасиетті жетілдіріп, жетектеп пісіріп
отыру үлкендердің парызы — дейді.
С. Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін
құрастырған Өзіміз оқып үйренеміз (1991 ж.) кітабында балаларға жыл
мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар,
әңгімелер берілген.
Табиғат адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес,
көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлык көзі, таным негізі. Табиғаттың
сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-
Фараби өмір сүрген X ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар
өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар
мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр. [1. 50]
Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс
пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзекті мәселе.
Экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың
қоршаған ортаны танып – түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам
өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі
үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым – педагогтар Н. В.
Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың
балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық ,
адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелік
жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып
көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс
істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның
әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа
алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде
тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді
қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның
Балабақшадағы табиғат бұрышы, Веретникованың Мектеп жасына дейінгі
балаларды табиғатпен таныстыру еңбектерінде, балалар барлық уақытта
табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым – қатынаста болады, жасыл
орман, әдемі гүлдер, аң – құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі
балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген
сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстырубарысында
адамгершілік, еңбек, деен және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру
қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау
қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғатты
қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді. Қазақстан баспасынан
шыққан С. Ысқақовтың Табиғат және адам, С. Қаженбаев пен С. Мажмухатовтың
авторлығымен шыққан Табиғат қорғау кітабы, Қайнар баспасынан профессор
Е. Мәмбетқазиев пен Қ. Сыбанбековтың бірлесіп шығарған Табиғат қорғау
кітабы құнды еңбек болып отыр.
Абай 38-қара сөзінде табиғат байлықтарының өзара бір-бірімен
байланысын өте шебер бере білген және табиғатқа рақымшылықпен қарауды,
табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескерте келіп,
"қиянатшыл адам – мұсылман емес" дейді.
Ғажайып құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүріп адам дами
түседі... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу
өмірден — абсолюттік сұлулыққа көшеміз. Платон.
Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы Адамды қоршаған ортаның табиғаттың ішкі
сырын білім- ғылым арқылы танып білуге болады деген еді. Ы.Алтынсариннің
1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген Қазақша хрестоматия деген
кітабында: Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. әңгімелері бала
жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын сүюге, қайырымдылық пен
жаңашырлыққа меңзейді.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б.
Салтыков: Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты
жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті- деп тұжырымдайды.
Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін
құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы
болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық
сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін
тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер
өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі
айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың,
өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық
өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар
халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір
халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік
түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.
Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор
ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен
қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге
сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы
жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі
жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е.
Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің
аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті
мәселелер мен міндеттер жеткілікті.
Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын
тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру
міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен
шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп
жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.)
іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың
әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның
көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті
мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге
эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы
пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының
мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір
бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін сұлулық заңдылығына сәйкес
игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс
балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің
аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты
тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.
Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:
1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру
жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;
2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге
тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;
3.Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін
дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап
етеді.
Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде
баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты
туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге,
сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және
сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы
табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық
мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-
әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға
талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де
көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық
дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні,
жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде
әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады.
Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-
әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі,
көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық
белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал
жасайды.
Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен
мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар
кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер
тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем
бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер
арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті
сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі
материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік
тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды
сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың,
адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне
машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын
бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының
ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге,
мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды
байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-
түсті қағаздардан арнайы сюжетті құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық
ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба)
сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке
элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы
ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай
білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б.
табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау
қабілетінің және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының
дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің
қалыптасуына жол ашады.
Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ
киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б.
сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған,
қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым
үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы
балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте
түсудің бірден-бір сындарлы жолы. [2.30]
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру
мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс
қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін,
зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты,
аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға
күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт
қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл
атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға
қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат
құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу
және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат
баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі –
бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық
тәрбиесі  алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:
1. саяхат;
2. мұражайларға бару;
3. мақсаттық серуендеу;
4. телебағдарламалар, бейнефильмдер;
5. табиғат туралы көркем әдебиеттер;
6. суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;
7. музыка тыңдау;
8. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;
9. “Экознайка” қалалық жарысына қатысу.
Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі” және “өлі” табиғат деген
түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста
экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың
қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді.
Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада
балалардың  қауіпсіздігін сақтау  бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр
түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын.
Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды
тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді
қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге
көмектеседі. [3]
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-
қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі
тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап
айтқанда:
-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім
деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына
насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру
оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен
оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.
Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса,
адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие
негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,
шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық
бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың
белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын
тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,
оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,
көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді... Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге
неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы
өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете
аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің
бірі - Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие
беру болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай
білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге,
табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен
қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты
өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе,
онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды
сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің
маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие
меселелерін шешеміз.
Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды
күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз.
Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру
ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша
қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі
табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге
дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында
табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық
тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы
түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы
шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға
көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін
іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,
ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде
қолдану;
5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие
берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және
арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды
тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. [4. 20]
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол
тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат
өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды,
оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың
табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен
олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын
бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең
дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір
құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-
өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге
болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б.
бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары
мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды
аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан
кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен
қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер
негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай
алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді.
Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына
қарай бағдарланды.
Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты,
оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат
заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы
тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті
ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың
халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа
қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі
мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-
әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие
тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының
алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-
өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру,
оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері
қойылып отыр.
Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:
- балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат
заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы
ұйымдастыру;
- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам
өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
-мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен
таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен
дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау
әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы
жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі
жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың
қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа
білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.
Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу
әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:
- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және
себеп-салдарын анықтауы;
- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп
жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын
қалыптастыру;
-тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты
түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және
құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар
белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен,
аспан денелері түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал табиғат
құбылыстары тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап
түсіндіру қажет.
Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына
ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура
келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол.
Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.
Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетіндегі
"теңіздер көлеңкесін", таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса,
тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын
бақылап отырып, оның бейнесінің - орақ тәріздес жарты ай және толық ай
болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау
және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле жүргізген ынғайлы.
Таныстыру жұмыстарын "Жеті қарақшы" жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн.
Балалар "жеті қарақшыны" оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін
"Темірқазық" және "Кіші жетіқарақшы" жұлдыздар шоғырымен таныстыруға
болады.
Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл
жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-
аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес
беріледі.
Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын
арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге
көріп-білгендері жөнінде әңгіме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден
әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады!
Мысалы: өткен заманда көшпелі тірлік кешкен ата-бабаларымыздың "қазыкты"
- қазық деп атап, жеті қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға
байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын қазықты "қойлар" айналып
шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты.
Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру -
балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсініктерін
қамтамасыз етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті
үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін
артыратын мұндай тәсілдердің бірі- салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір
логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған
дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектің элементтері, құрылысын,
түсін т.б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау
балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге
құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мысалы: ұлттық
киімдер, кілемдер т.б.
Іс-әрекет барысында ойын әдісін пайдалану балаларды жағымды эмоциялық
сезім мен көңіл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдісінің
тиімділігін арттырады. Ойын тәсілімен жүргізілген қайталау және жаттығу
жұмыстары бірсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейді.
Ойын әдісін пайдалану кезінде әр балаға "шебер", "ыдыс бояушы", "тігінші",
"зергер" т. с. с. рөлдері бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты
болмақ.
Балалардың өз бетімен қорытынды шығара білуі үшін кез-келген заттың
материалын және өрнек-әшекейлерін өзгертуді ұсыну тәсілін қолдану қажет
(ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киіз үй жаса,
ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т.б.).
Сәндік әшекей, ою-өрнек жасау әрекеті үрдісінде балалардың табиғат
туралы білімдерін бекіту үшін, жоғарыда аталған әдістермен қатар арнайы
түсірілген слайдтар, диафильмдер мен кинофилъмдерді ұжымдық көруді
ұйымдастыруға болады. Мектепке дейінгі жаста балаларды табиғат заттары мен
құбылыстарының элементтері туралы түсінік беруге негізделген сәндік-ою-
өрнек жасау үрдісіне қатыстыру, тарту - олардың сезім мәдениетінің
жетілуіне едәуір ықпалын тигізеді. Сондай-ақ анализаторлардың жетіле түсуі,
сезімдік тәжірибенің қорлануы, балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тілін
ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі тәсілдер арқылы балалардың
көркемдік тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан
дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға
мүмкіндік туары кәміл. [5. 70]

1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы
эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие - дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы
мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру
үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық
қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға
дағдыландыру қажет.
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің
бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен
заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін
туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш
сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар
жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан
дүниесімен қабылдайтын болады.
Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде
қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты.
Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық
сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап
қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға
беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты
пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың
шындығына сенетіндігінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған
әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы
керек.
Сюжетті- рөлді ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және
белгілеуде ниет қана емес, шығармашылық ізденіс қажет.
Мектепке дейінгі балаларда шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол
ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын
құрастыра білуінен өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен
көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл-
кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз
ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін
меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады,
қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы,
мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.
Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен
қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
Эстетикалық талғам — кең ұғым: ол өнердің терең мағынасын, тамаша
шығармаларды түсінуді, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектің,
тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді қамтиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда
үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық ,
сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.
Балалардың бойында эстетикалык талғамның негіздерін қалай отырып, біз
оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға
баулимыз. Гүлдердің қауыз жарғанын көргенде оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшін
оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдік қабілеттерін, эстетикалық
сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог
рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді. [6.
29]
Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б. Салтыков:
Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты жалған
сұлулықтан ажырата білу қабілеті- деп тұжырымдайды.
Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін
құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы
болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық
сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін
тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер
өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі
айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың,
өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық
өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар
халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір
халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік
түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.
Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор
ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен
қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге
сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы
жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі
жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е.
Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің
аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті
мәселелер мен міндеттер жеткілікті.
Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын
тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру
міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен
шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп
жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.)
іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың
әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның
көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті
мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге
эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы
пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының
мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір
бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін сұлулық заңдылығына сәйкес
игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс
балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің
аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты
тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.
Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:
1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру
жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;
2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге
тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;
3.Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін
дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап
етеді.
Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде
баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты
туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге,
сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және
сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы
табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық
мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-
әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға
талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де
көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық
дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні,
жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде
әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады.
Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-
әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі,
көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық
белсенділігіне, сол арқылы олардың ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаға халықтық тәрбие беру маңыздылығы
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Мектепке дейінгі мекемелерде музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың эстетикалық тәрбиесі
Балаға экологиялық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь