Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері



Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері

2.2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары

2.3. Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі.

II.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Бюджеттің әлеуметтік мүмкіндіктері шектеусіз емес және олар салықтық алымдар алу шарасымен белгіленеді, салықтардың шамадан тыс мөлшері өндіріске қысым көрсетеді. Қазіргі кезде мәселені әлеуметтік шығындарды ұлғайту туралы емес, ал алынатын әлеуметтік нәтижені барынша көбейту мақсаттарында жиналатын салықтарды анағұрлым ұтымды пайдалану және қолайлы әлеуметтік стандарттарға қол жеткізу жайында қойған орынды. Сонымен, әлеуметтік қорғау проблемасы экономикалық дауыс, экономикалық аспект бола алады.
« Әлеуметтік қорғау» ұғымының материалдық (экономикалық) шаралар қабылдаумен шектелмейтінін атап көрсету керек, ол өзге де « адам аспекттерін» қамтиды. Мәселен, ата-аналар балалардың тәрбиесіне жауапкершілік алғысы келмейтін немесе ала алмайтын отбасыларда бала әлеуметке жат қылықтың сорақы түрлерімен күн сайын кездеседі, олар: маскүнемдік, жезөкшелік, арамтамақтық, ұрлық, ондай балалар шын мәнінде қараусыз болып табылады. Мұндай балалар ең алдымен осы жағдайда әлеуметтік қорғаудың түрі болып табылатын қалыпты тәрбиеге мұқтаж болады.
Әйелдердің әлеуметтік қорғалуы туралы мәселе қозғалғанда, бірінші кезекте оларды ауыр және зиянды еңбек жағдайларынан, еңбек төлеміндегі кемсітуден, жыныстық сұраншылықтан, жәбірлеуден, ұрып-соғудан және адамның қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттерден қорғау ұйғарылады. Халықтың өзге санаттары-жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, науқастар да сондай араласуға, рақымдылыққа және әлеуметтік көрсетудің өзге де экономикалық емес шараларына мұқтаж.
Алайда көпшілік жағдайларда өздігінен алынған құқықтық және әлеуметтік аспекттер сөздің тар мағынасында халықты әлеуметтік қорғаудың мазмұнын әсте тәмамдамайды. Ондағы басты, негізгісі-экономикалық құрамдас бөлік. Сонымен, кең мағынада халықты әлеуметтік қорғау ұғымы халықтың, оның жеке топтарының, жіктері мен таптарының тіршілік әрекетін жақсарту, адам дамуының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, саяси, әлеуметтік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы, 1998
2. Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997
3. Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
4. Халықаралық актілер жинағы/Адам құқықтары, негізгі еркіндіктерін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, көшу-қон саясаты саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар. Т.1.Т.2:/Құраст: Межибовская И.В., Мұхамеджанов Э.Б.-Алматы: Жеті жарғы,2000
5. Төлепбаев К. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық ресурстарын жасау көздері мен әдістер//Қазақстандағы еңбек.2001. №6
6. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
7. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
8. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы» №246-II ҚР3 Заңы
9. Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы// Казахстанская правда 24.12.1999

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері

2.2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары

2.3. Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі.

II.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі
тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық
негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай
тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай
алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру
әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз
қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал:
өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы,
әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай
болады.
Бюджеттің әлеуметтік мүмкіндіктері шектеусіз емес және олар салықтық
алымдар алу шарасымен белгіленеді, салықтардың шамадан тыс мөлшері
өндіріске қысым көрсетеді. Қазіргі кезде мәселені әлеуметтік шығындарды
ұлғайту туралы емес, ал алынатын әлеуметтік нәтижені барынша көбейту
мақсаттарында жиналатын салықтарды анағұрлым ұтымды пайдалану және қолайлы
әлеуметтік стандарттарға қол жеткізу жайында қойған орынды. Сонымен,
әлеуметтік қорғау проблемасы экономикалық дауыс, экономикалық аспект бола
алады.
Әлеуметтік қорғау ұғымының материалдық (экономикалық) шаралар
қабылдаумен шектелмейтінін атап көрсету керек, ол өзге де адам
аспекттерін қамтиды. Мәселен, ата-аналар балалардың тәрбиесіне
жауапкершілік алғысы келмейтін немесе ала алмайтын отбасыларда бала
әлеуметке жат қылықтың сорақы түрлерімен күн сайын кездеседі, олар:
маскүнемдік, жезөкшелік, арамтамақтық, ұрлық, ондай балалар шын мәнінде
қараусыз болып табылады. Мұндай балалар ең алдымен осы жағдайда әлеуметтік
қорғаудың түрі болып табылатын қалыпты тәрбиеге мұқтаж болады.
Әйелдердің әлеуметтік қорғалуы туралы мәселе қозғалғанда, бірінші
кезекте оларды ауыр және зиянды еңбек жағдайларынан, еңбек төлеміндегі
кемсітуден, жыныстық сұраншылықтан, жәбірлеуден, ұрып-соғудан және адамның
қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттерден қорғау ұйғарылады. Халықтың
өзге санаттары-жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, науқастар да сондай
араласуға, рақымдылыққа және әлеуметтік көрсетудің өзге де экономикалық
емес шараларына мұқтаж.
Алайда көпшілік жағдайларда өздігінен алынған құқықтық және әлеуметтік
аспекттер сөздің тар мағынасында халықты әлеуметтік қорғаудың мазмұнын әсте
тәмамдамайды. Ондағы басты, негізгісі-экономикалық құрамдас бөлік. Сонымен,
кең мағынада халықты әлеуметтік қорғау ұғымы халықтың, оның жеке
топтарының, жіктері мен таптарының тіршілік әрекетін жақсарту, адам
дамуының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, саяси, әлеуметтік, ұйымдық
және экономикалық шаралар жүйесін көрсетеді.
Біздің ұғымымызда ( түсінігімізде) халықтың маргиналды (шектеулі)
(әлеуметтік осал) жіктерін әлеуметтік қорғау механизмі небәрі соның бір
бөлігі болып табылады да, тұтас нәрсені, яғни әлеуметтік қорғаудың бүкіл
жүйесін қамтымайды. Оны (маргиналды топтарды әлеуметтік қорғау механизмі)
әлеуметтік қайыр көрсету немесе әлеуметтік көмек ретінде (соңғы термин
айтуға анағұрлым қолайлы, бірақ дәл емес) сипаттауға болады. Одан басқа,
әлеуметтік көмек табыстар мен жалақыны қорғауды, бөлу қатынастарын
жетілдіруді және өзгелерді қамтиды. Бизнесмендердің де әлеуметтік қорғауы
болуы мүмкін, бірақ олар халықтың маргиналды жіктеріне жатпайды.

2.1. Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері

1992-1997жж. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы негізінен
экономикалық құлдыраудың, жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың келеңсіз
әлеуметтік-экономикалық салдарларын жұмсарту жолымен жүрді. Атап айтқанда,
бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және азаматтардың
әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсеу жөніндегі мекемелердің желісі
құрылды.
Өтпелі қоғамдарда, соның ішінде Қазақстан да, шын мәнінде еңбекке
берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу және медициналық
қызметтер түріндегі және т.б. халықты әлеуметтік қорғаудың ескі үлгісі
бұзылып, ал қалыптасу үстіндегі әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгіс үшін
қаржылай қаражаттар ұдайы жетіспейді. Қазір қолайлы табыстар алуға,
жұмыспен қамтуға, тамақ және халыққа медициналық қызмет көрсетуге
байланысты өте қиын жағдай орнады.
Осы жағдайда халықты әлеуметтік қорғауды дамыған индустриялы елдердегі
сияқты тек ақшалай-өтемдік деңгейде ғана жүзеге асыруға болмайды. Жаңа
тәуелсіз мемлекеттердегі әлеуметтік қорғау мазмұнына әлсіреген экономика,
бюджеттің төмен қаржылық әлеуеттері (потенциялары) және халық арасында
кедейшіліктің кеңінен таралуы елеулі түзетулер енгізеді.
Ұдайы және қатаң бюджеттік-қаржылық шектеулер жағдайларында бұрынғы
социалистік өзге елдердегі сияқты Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау
жүйесі де көмек көрсетуге дейін қарапайымдалған және жүйелік белгілерлі
жойған. Ол қоғамдағы әлеуметтік катаклизмдерді (көпшілік тәртіпсіздігі,
аштық жариялаулар және т.б.) болдырмау қолдарынан келетін халықтың жеке
жіктеріне немесе еңбек ұжымдарының ақшалай-өтемдік сипаттағы шұғыл шаралар
қабылдауымен астасып кетті.
Қазақстан халқының әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың ерекшелігі, мұнда
әлеуметтік сақтандырудың қосалқы жүйелері мен әлеуметтік көмектің
(әлеуметтік қамсыздандыру) арасында айқын меженің жоқтығы болып
табылады.Мәселен, 1998 жылдан бері халықтың көптеген маргиналды (шектеулі)
жіктеріне еңбек үлесін ұйғаратын зейнетақылардың орнына ақшалай
жәрдемақылар бере бастады, олар соңғыларының төмен мөлшерлеріне қарай
зейнетақылық төлемдерден шамалы ғана төмен болды.Осындай тәсіл әлеуметтік
қорғаудың негізгі қағидаларының бірін бұзды, өйткені дұрысында әлеуметтік
сақтандыру бойынша төленетін төлемдер олардың еңбек сипатының салдарынан
әлеуметтік көмек бойынша төлемдерден жоғары болуы тиіс еді.
Бюджеттік бөліс қағидатына сәйкес әлеуметтік шығындардың ауыртпалығы
барған сайын жергілікті бюджеттерге көптеп ауысуда. Халықты әлеуметтік
қорғауда коммерциялық емес (бейкоммерциялық) ұйымдар да біршама (әзірше
мардымсыз) роль атқарады.
ҚР халқын әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының есебінен әлеуметтік
қорғау 1996 жылғы Міндетті сақтандыру туралы тиісті Заң арқылы 1999 жылға
дейін реттеліп келді, осы заң бойынша елдегі азаматтарға әлеуметтік
кепілдіктердің мына түрері берілетін еді: зейнетақылық қамсыздандыру,
уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа және босануларға байланысты
жәрдемақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер, міндетті медициналық
сақтандыру,жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау көрсету, бала туғанда
берілетін жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін жәрдемақы.
90-шы жылдардың бас кезі мен орта шеніндегі экономиканың дағдарысы
әлеуметтік сақтандыру жүйесін де дағдарысқа ұшыратты, ол жарналарды
төлетудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан, сондай-ақ жарна
төлеушілердің жарналарды әлеуметтік қорларға толық және уақтылы аударуға
құлықсыздық көрсетулерінің салдарынан әлеуметтік сақтандыруға жарналар
жинаудың төмен деңгейінен көрініс тапты. Бұл зейнеткерлер мен жәрдемақы
алушылар алдында ірі ауқымдағы берешектерге ұшыратты. Әлеуметтік қорлар
қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлер мен жәрдемақылар
алушылардың күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады және
қорлар индекстеу қажеттілігін туындайды.Сондай-ақ экономикаға жоғары
ставкадағы аударымдардың келеңсіз ықпал ету проблемасы мен өндіріс
шығындардың азайту үшін оны төмендету қажеттілігін пісіп жетілді.
1999 жылы әлеуметтік қорларға төленетін төлемдер бірыңғай әлеуметтік
салыққа ауыстырылды. Оның қаражаттары бюджетке түседі, бірақ қатаң
мақсаттық тағайындауда болулары тиіс, яғни олар Зейнетақы төлемдері
жөніндегі Мемлекеттік орталыққа, Медициналық қызметтерге төлем жасау
жөніндегі Мелекеттік орталыққа және жұмыспен қамту қызмет орындарында
жолданулары керек. Алайда қазіргі кезде олардың мақсатты пайдаланылуларын
қадағалау қиын. Осы кезеңде әлеуметтік салық туралы жаңа ереже талқылануда.
Бірақ талқылау нәтижесіне байланыссыз, салық төлеушілер әлеуметтік салаға
жасайтын төлемдеріне баламалы мөлшерде әлеуметтік қамсыздандыру алулары
үшін, 2 мезетті-жалпы бюджеттің ашықтығын және әлеуметтік салықтың
мақсаттық тағайындалуын реттеу қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың мына бағыттарын
шартты түрде бөліп атауға болады: жұмыссыздарды қорғау, медициналық
қызметтер ақысын жарым-жартылай төлеу, әлеуметтік көмек (жәрдемақылар
беру), зейнеткерлік қамсыздандыру. Осы бағыттардың әрқайсысын толық қарап
көрелік.

2.2. Әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары
Жұмыссыздарды қорғау.Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесінде белсенді
және енжар шараларды даралайды. Белсенді шараларға кәсіптік даярлау мен
жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және жаңа жұмыс
орындарын ашу жатады.Енжар шаралар жұмысқа орналастыруды, жәрдемақылар
төлеу мен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуді қамтиды.
Дамыған елдерде де жұмыспен қамту саясатына белсенді және енжар
компоненттер кіреді. Белсенді іс-шараларға жаңа жұмыс орындарын ашуға,
қайта мамандануға, мүгедектерді еңбек қатарына қосуға және т.б. барлық
шығындардың 25-30% жұмсалады. Қалған қаражаттар жұмыссыздық бойынша
жәрдемақылар төлеуге пайдаланылады. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық кезінде (1-2
жыл) жұмыссыздар аз қамсыздандырылған азаматтар санатына көшеді де,
кедейшілік бойынша жәрдемақылар ала бастайды.
Қазқстанда 1991-1999 жылдары халықты әлеуметтік қорғаудың енжар
нысандарына екпін берілді. 1991 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
мемлекеттік қоры құрылды, қорға бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар мен
ұйымдар, ал 1997 жылдан бері бюджеттік саладағылар да жалақы қорынан 1-2%
ақша аудара басталады.
ҚР Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы (1991ж) бірінші Заңына сәйкес
жұмыссыздардың бұрынғы жұмыс стажына, асыраудағы жандарына, жұмыстағы
үзілістердің ұзақтығы мен өзге факторларға қарай жұмыссыздарға сараланған
жәрдемақылар белгіленеді. Әлеуметтік қолдау көрсетудің анағұрлым жоғары
деңгейі штаттың қысқаруына немесе кәсіпорындарды таратқан жағдайға
байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге кепілденді. Сондай-ақ
мамандыққа оқыту мерзімінде жұмыссыздарға стипендиялар төлеу қарастырылды.
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Халықтың
жұмыспен қамтылуы туралы жаңа Заңы күшіне енді, ол жұмыспен қамту
саласында белсенді саясат жүргізуге, азаматтарды жұмыс іздеуге уәждеуге,
халықтың ең осал санаттарына әлеуметтік қорғау көрсетуге бағдарланды. Осы
заңға сәйкес жұмыссыздық бойынша жәрдемақы едәуір азайтылды және ол айлық
есептік көрсеткіштің 3,5 еселік мөлшерінде есептеле бастады. Бұрын жұмыс
істемегендерге төленетін жәрдемақы жойылды. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау
(қайта даярлау) кезінде төленетін стипендиялар айлық есептік көрсеткіштің 3
еселік шамасында сақталды. Қазақстанда жұмыспен қамтудың белсенді саясаты
мен еңбек рыногының жаңа парадигмасына көшудің амалсыздан және қаржылық
пайымдардың мәжбүр етуінен болғанын атап кеткен жөн. Бюджет жағдайының одан
әрі нашарлауы небәрі 3 ай өтпей жатып-ақ жаңа Заңға түзетулер енгізуді
талап етті.
ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан
Републикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы Заңына сәйкес белгіленген
тәртіпте жұмыссыздар болып танылған азаматтарға жұмыссыздық бойынша
жәрдемақы төленбейтін болды. Оның орнына жергілікті бюджеттің қаражаттары
есебінен атаулы көмек көрсету қарастырылды, оны аудандық (қалалық) еңбек,
жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету (халыққа әлеуметтік көмек
көрсету орталықтары) бөлімдері жүзеге асырады.
Материалдық көмек- біздің жағдайларымызда өте бұлыңғыр (көмекті) санат
( категория). Ол кедей азаматтарға (соның ішінде жұмыстан айырылғындарға
да) жергілікті бюджеттердің қаржы жағдайын ескеру арқылы беріледі (тұрғын
үйді пайдаланғанда дотация, азық-түлікпен, отынмен, киім-кешекпен заттай
көмек көрсету және т.б.). Қазақстанда шағын несиелендіру бағдарламасы 1998
жылы біраз дамуын тапты (жұмыссыздар мен кедей азаматтарға 400 АҚШ
долларына баламалы мөлшерде шағын несиелер бөлу), оларды жұмыспен қамтудың
жаңа салаларын (жұмыс орындарын) ашу және әлеуметтік көмек ретінде қарауға
болады.
Алайда қаржылай қаражаттардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл бағдарлама
2000 жылы қысқартылды. Сонымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатына көшу
мән жағынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды жоюды білдіреді, ал жұмысқа
орналастыру мен кадрларды даярлау жөнінде нақты қадамдар жасалған жоқ.
Жоғарыда мазмұндаған мәселенің аспектінде Қазақстан Республикасының
халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы әбден уақтылы және керек болып
табылды, ол Үкіметтің 2001 27 маусымдағы Қаулысымен мақұлданды, қаулыда
жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғауға арналған арнайы бөлім бар,
бөлімде әлеуметтік қорғаудың екі деңгейлік құрылымын енгізу қарастырылған:
жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік қайта даярлауға,
жергілікті бюджеттердің есебінен ақылы қоғамдық жұмыстар беруге жәрдемдесу
жолымен әлеуметтік қорғау.
Екінші деңгей: белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік сақтандыру
жүйесінен ресми сектордың қызметкерлеріне төлемдер беру. Әлеуметтік
сақандыру жүйесінен төлемдер алуға азаматтардың құқығы , егер азамат
заңнамада белгіленген тәртіп бойныша жұмыссыз болып танылса және жұмыс
іздеумен белсенді түрде шұғылданса, сондай-ақ жүйеге нақты салым ақша
салған жағдайда пайда болады. Төлемнің мөлшері жалақының деңгейі мен
сақтандыру аударымдарының ұзақтығына байланысты болады.
Жеке құқық бұзулар үшін түрлі дәрежедегі мамандықтан айыру жүйесі
қолданылады, ол төлемнің мерзімін созуға, азайтуға немесе оны бұзуға
құқылы, мәселен, егер мамандағы мен біліктілігі бойынша жұмыс сәйкес
келіп, ол осы жұмыстан бас тартқаны, өз еркімен жұмыстан босатылуы және
т.б. үшін. Міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмыссыздарды
қамтамасыздандыру жүйесін едәуір жақсарту мен кеңейтуге жағдай жасайды, ал
жәрдемақы төлеу мерзімін шектеу белсенді түрде жұмыс іздеуді ынталандыратын
болады.
Осы құжаттың мазмұндық жағына тоқталмастан, мынаны айтып өтеміз,
міндетті әлеуметтік сақтандырудың есебінен сыйақы беруге жататын әлеуметтік
қауіптердің тізбесіне жұмыстан айырылу қаупін кіргізу 2003-2005жж.
жоспарланған отыр. Бұл -өте үлкен мерзім. Сонымен бірге жұмыссыздарды
әлеуметтік қорғаудың бас стратегиясы негізгі 3 мақсатқа қол жеткізуді
көздеуі тиіс: экономиканың нақты секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын
жасау үшін әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту; кәсіпорындардың жаппай
банкротқа ұшырвулары мен қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермейтін
жұмыс істеп тұрған өнідірістерге бар мүмкіндігінше қолдау көрсету; жұмыспен
қамту орындарын жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден
айырмашылығы, жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден
айырмашылығы, жекешелендіру жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мен қайта
оқытуды шұғыл және икемді түрде жүзеге асыруға септігін тигізген болар еді.

Медициналық сақтандыру. Қажетті медициналық қызметтерді алудың
кепілдіктері әлемнің көптеген елдерінде медициналық сақтандыру негізінде
іске асырылады. Ол халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады, қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы-адам
капиталын ұдайы өндірудің экономикалық -әлеуметтік үдерістеріндегі ролі
біршама қомақты.
Осы роль медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуіндегі маңызды
принципті ерекшеліктерге негізделеді: қоғамдық ынтымақтастықта құру, іс-
әрекеттерді орталықсыздандыру, ұйымдастырудың міндетті нысаны, ол
(теориялық тұрғыдан бізді жағдайларымызда) барлық азаматтарға қажетті
медициналық қызметтер рыногын кепілдейді. Медициналық сақтандыру әрекеті
медициналық қызметтер рыногын тудырады, рыноктағы осы қызметті
өндірушілердің-медициналық қызметтер рыногын олардың қызметкерлерінің, жеке
практика туындайды, олар нақты бағаға ие болады.
Одан басқа, медициналық көмек тұтынушылары ретіндегі пациенттерде емдеу-
профелактикалық мекеме мен нақты дәрігер таңдау құқығы пайда болады. Ол
сақтандырушының тарапынан пациенттер мүдделерін қорғаумен ұштасады, ол
көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне сараптық баға
беріп, емдеу нәтижелеріне паразылықтар көрсете алады, ал қажет болған
жағдайда емдеу мекемелеріне немесе практика жүргізуші дәрігерге
экономикалық санкция (ықпал шара) қолданады.
Қазақстандағы сақтандыру медицинасы 1995 жылдан бері дами бастады, сол
кезде заң қабылданды жіне Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ-ФОМС)
құрылды. Қор қаражаттарын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істейтін
халыққа арналған жалақыдан үш пайыздық аударымдары мен студенттерге,
зейнеткерлерге, оқушылар мен жұмыссыздарға бөлінетін бюджеттік қаражаттар
құрады.
Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына сақтандыру
оқиғаларының (аурулар,жарақаттар) тізбегі кірді, сол оқиғалар болған
жағдайда Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржаттарының есебінен
медицианлық ұймыдар тарапынан көрсетілген қызметтер бойынша жұмсалған
шығындар өтелетін болады. Сондай-ақ осы бағдарлама арқылы қажетті дәрімен
қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың жеке
санаттарының дәрілер бойынша жеңілдіктері қарастырылды. Базалық
бағдарламадан бөлек мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау органдары арқылы
қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілденген көлемі қамтамасыз
етілді.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек сапасының
бақылау көзделді, оның мақсаты-міндетті медициналық сақтандырудың базалық
бағдарламасы және медициналық көмектің қолданыстағы стандарттары арқылы
кепілденген көлемдерде, сапа мен талаптарда медициналық көмек алуға
азаматтар (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.
Практика жүзінде басшылықтың ірі қаржы бұрмалаушылықтары мен өзге де
себептерден ММСҚ жұмыс істеуі көптеген наразылықтар туғызды. Оның қызметі
едәуір шамада қаражаттарды, әсіресе бюджеттеік қаражаттарды жұмыс
істемейтін халықты емдеуге уақтылы аудармадан дағдарып қалды. Өз кезегінде
Қор емдеу мекемелеріне қаражаттардың мезгілінде және толық көлемде аударып
тұрмады. Сол арқылы сақтандырылған халықтың құқықтары бұзылды. 1999 жылдан
Міндетті медициналық сақтандыру қорының базасында медициналық қызметтерге
ақы төлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздарды қорғау
Кешенді аумақтық жоспарлау қолданбалы ландшафттың маңызды саласы ретінде
Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы
Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
Аумақтық орталықтардың функциялары
Халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сақтандырудың теориялық негіздері
Оптикалық қорғау құралдары
Саясат тарихы туралы ақпарат
Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау
Макроэкономикалық тұрақсыздық және жұмыссыздық
Пәндер