Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
I - Бөлім. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері . . . 7
1. 1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні . . . 7
1. 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі . . . 17
1. 3. Шағын кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі . . . 22
II - Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы . . . 30
2. 1. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың объективті қажеттілігі . . . 30
2. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі ахуалын талдау . . . 35
2. 3. Шағын кәсіпкерліктің даму мәселелері . . . 46
III - Бөлім. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары мен бағыттары . . . 57
3. 1. Шағын кәсіпкерліктің ҚР-дағы нормативті-құқықтық негіздерін нығайту жолдары . . . 57
3. 2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі және жетілдіру жолдары . . . 62
Қорытынды . . . 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 79
КІРІСПЕ
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Президент Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы “Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын нығайту мен кеңейту қажеттігін атап өтті.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі - шағын кәсіпкерлік болып табылады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-сы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты - шағын кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет: айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; импортқа тәуелділігі; инфрақұрылымның нашар дамуы; аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл аталған экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын кәсіпкерлік дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамыс бір бөлігі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік жағынан да функциясы - жаңа қосымша орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бар мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік - экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР - індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен - кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін - өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық - құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай - ақ мемлекеттік секторында - мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар. Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне қарай: толық, аралас, шектеулі болып бөледі. Акционерлік қоғамдар - бұл жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Олар екі түрге бөлінеді: ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді».
Жұмыстың өзектілігі: Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруға қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік - экономикалық дамудың маңызды факторына айналды. Өндіріс саласын көтермей әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Ал өндірістегі кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамастан ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық, бір тұтас, өзара байланысты көптеген құбылыстарды сипаттайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен шешілмек мәселелерін экономика тұрғысынан зерделеп, шағын кәсіпкерлікті республикамызда нақты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындарды дамыту бағыттарын зерттеу;
- нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің басым бағыттарын анықтау;
- шағын кәсіпкерліктің шет елдерде даму жағдайының ерекшеліктері мен артықшылықтарын талдау;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған факторларды анықтап, олардың шешу жолдарын ұсыну.
Басқаша айтсақ, шағын кәсіпкерлікті қазақстан экономикасының елеулі, аялы және де қазіргі нарықты экономиканың маңызды субъектісі ретінде қарастыру.
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасында қызмет етіп отырған шағын кәсіпкерлік пен кәсіпорындар.
Ақпараттық базасы: ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігі, интернет ресурстары, сондай-ақ отандық экономикалық әдебиеттер мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер, ҚР-ның Конституциясы мен шағын кәсіпкерлікке байланысты заңдар жұмыстың негізгі ақпараттық көзі болып саналады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі: Кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың кіріспесінде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, зерттеу нысаны, ақпараттық қамтамасыз ету нысаны және жұмыстың құрылымы мен көлемі қарастырылған.
Бірінші бөлімде шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, кәсіпкерлік ұғымы, оның экономикалық мәні және кәсіпкерліктің теориялық негізін қалаған ғалымдардың пікірлері мен ұсынған анықтамалары қарастырылды.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның қажеттілігі және шағын кәсіпкерліктің қазіргі ахуалына талдау жасалынды.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің нормативті-құқықтық негіздері, оны дамыту мен жетілдіру жолдары қарастырылды.
Қорытындыда дипломдық жұмыста қарастырылған мәліметтер мен ақпараттарға сүйене отрып Қазақстанда да бәсекеге төтеп бере алатын шағын кәсіпкерлік атмосферасын қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолдары қарастырылды.
I НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрғыда ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 10-шы бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердік өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады» делінген.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері мемеджмент функцияларымен байланысты екендігін көруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты - олардың субъектісі мен объектісі. Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.
Ал кәсіпкерліктің объектісі - ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:
- жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
- бизнес-жоспарды құру;
- қажетті ресурстарды іздеу;
- құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір - бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде, барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе - бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілерінің бірі - шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты - барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзектілігі мен еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел - жоспар мен болжауды қарастырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара - қатынасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі - ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
- төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т. б. бөлу.
Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданда және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Қазіргі уақытта ғалым - зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсенді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет ету жүйелері.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылған ұғымдық аппаратының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, шағын кәсіпкерліктің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып және айқындаған орынды, тек содан соң «шағын кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нақтылау қажет.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. XIV ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның алдынғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды шаруашылықтың тауарлы - ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез ығыстырулы болды және мұның бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне мүмкіндік туғызады.
Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммерциялық қызметін, кәсіпкер деп - саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда - бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.
XVII ғасырда «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік табыс» түсініктерімен қатар «кәсіпкерлік қауіп» түсінігі пайда болды. Кәсіпкерлердің жеке өсімқорлармен, мемлекетпен бірқатар жұмыстарды орындау немесе өнімді жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімдерге отырудың нәтижесінде, өмірдің өзі бұл түсініктің пайда болуына себепші болды. Сонымен бірге, қаржылық қарыз алдын ала ескертілді, бірақ пайданы алу қауіппен және кәсіпкердің сәттілігіне байланысты болды.
XVIII ғасырдың басында кәсіпкерліктің бірінші тұжырымдамасы дайындалған болатын, оның авторы Ричард Кантильон. Жеке өнімдер сұранымы мен ұсынымы арасында пайда болған ерекшелік арқасында әр түрлі субъектілерде нарықта біршама арзан бағалармен тауарларды сатып алып және оларды қымбат бағамен сату мүмкіндігі пайда болды. Ол нарықтың берілген субъектілерін кәсіпкерлер деп атады (француз тілінен аударғанда «делдал») . Енді «кәсіпкер» түсінігі бірнеше мағынада қолданылады. Оларға көпестерді, қолөнершілерді, фермерлерді, қарақшыларды жатқызуға болады. Ал кәсіпкерлік табыс өнім бағалары арасындағы айырма ретінде анықталады: арзан бағамен сатып алу және едәуір жоғары бағалармен қайта сату. Сату бағасы жоғары болған сайын, соғұрлым кәсіпкерлік қаупі төмен. Ол, кәсіпкер міндетті түрде қызмет ететін капитал иесі емес деген пікірді қолдаушы алғашқы зерттеушілердің қатарында болды. Қырық жыл өткенннен кейін қолдауын тапқан ой XIX ғасырда өзінің ақырғы құптауына иемденді.
Енді делдал, кәсіпкер ретінде, ұдайы өндірістің басқа процестерінің белсенді қатысушысына айналады, оның қызметі айырбас процестерімен, қаржылық операциялармен ғана сипатталып қоймай, сондай - ақ өндіріспен байланысты. Осы мезгілдегі ғалымдар кәсіпкрлеоге бірінші кезекте қызметі мемлекет жағдайының жақсаруына ықпал етіп, сауда мен өнеркәсіптің негізгі қозғаушы күші болып табылатын меншік иелерін, яғни жер иелері мен капиталистерді жатқызды. Олар еңбек бөлінісінің пайдалы жақтарын ұтымды пайдаланады, өндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады және «елеусіз қол» олардың еркі мен ниеттеріне тәуелсіз жақсы нәтижелерге, қоғамның жоғарғы мақсаттарына бағыттайды. Капиталистің кәсіпкерлік табысы - бұл «кәсіпкерлердің материалдар мен жалақы түрінде авансталған барлық капиталына пайда төлеуге» бағытталған жұмысшылармен жасалған құнның бір бөлігі. Жер иесінің кәсіпкерлік табысы - «жерді өңдеуге жұмсалған, еңбек өнімінен бірінші шегеруді құрайтын» рента. Жалпы алғанда кәсіпкерлік табыс бұл капиталистің немесе жер иесінің капиталдарды салғандағы тәуекелділігі үшін алатын ақшасы.
Сонымен, кәсіпкерлік теориясына қатысты Ж. Б. Сэй ілімінің түсінігі келесі түрде көрінеді: кәсіпкер - «қандай да бір өнімді өндіру үшін, пайда табу мақсатында өз атынан тәуекелге бара алатын адам. Өнімді өндіру немесе өндірістік процесті ұйымдастыру үшін қажетті жер, капитал және еңбек тәрізді үш факторды біріктіру кәсіпкердің басты функциясы болып табылады».
Ж. Б. Сэй бойынша кәсіпкер келесі қасиеттерге ие болуы керек:
1) төлеуге қабілетті, парасатты, сақ, шыншыл және тұрақты болу;
2) займ түріндегі капиталды тарту мен несиелерді уақытында қайтара білу;
3) өз бойына әділеттілік, қайсарлық және бизнесті жете білу сияқты моральдық қасиеттерді сыйғызу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz