Мамандандырылған құрылыстық басқару «Фрайз» кәсіпорнының шаруашылық және экономикалық көрсеткіштерін талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қажеттілігі мен мәні . . . 7

1. 2. Жегілікті кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін факторларын анықтаудың методикалық әдістері . . . 13

1. 3. Өндірістің негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсарту жолдарын анықтау әдістерінің сипаттамасы . . . 22

II. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БАСҚАРУ «ФРАЙЗ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ . . . 28

2. 1. Кәсіпорынның экономикалық шаруашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы . . . 28

2. 2. «Фрайз» кәсіпорыны қызметінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 30

2. 3. Шаруашылық қаржылық қызметтің нәтижесінің тиімділігін талдау . . . 36

III. Жергілікті кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жақсарту шаралары . . . 49

3. 1. Негізгі қорды жалға беру тиімділігін талдау . . . 49

3. 2. Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерін жақсарту шараларының нәтижелерін талдау . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

КІРІСПЕ

Экономика - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату, пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым. Яғни адам қызметінің саласы боып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы обьектісі болып табылады.

Шаруашылық өмірдегі ең маңызды және ең көкейтесті процсетерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Теориялық және экономиканың негізі болып саналатындар: экономикалық дамуды зерттеу, жалпы халық шаруашылығы саласының жұмыс істеуін және жеке кәсіпорындарды (фирмаларды) зерттеу, экономикалық саясаттың принциптерін алдын ала зерттеу. Кәсіпорын экономикасы пәнін түсіндіру үшін алдымен негізгі экономикалық мәселелерді шешуде кәсіпорындардың алатын орыны мен рөліне сүйенуіміз қажет.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі обьективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктік сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өмінм өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т. б жұмыстарды іске асырған жөн.

Өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылық өндірістік мақсаттарды іске асыруға, шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

Кәсіпорын экономикасының даму негізіне, қоғамдық өндірістің дамуына обьективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістік қызмет етеді.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың мәртебесі, құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеу.

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Егер кәсіпорын табыс алуға ниет білдірсе, ол үшін өнімді сату қажет, ал ол үшін оның мұқтаждығын айқындайтын, сәйкес өнім өндіретін, оларды рынокқа жеткізетін бағамен келісетін тұтынушы іздеу керек.

Осы келтірейін деп отырған талдаудың көрсеткені, мамандандырылған құрылыстық-мантажды басқарма «Фрайз» едәуір өнім материалды база мен шаруашылық қызметін жүргізетін жергілікті өндірістік потенциялға ие.

2007 жылдың басында алып жүрген кірістің негізгі қайнар көз бөлігін жоғалтқан кезде, кәсіпорын іске аспаған негізгі қорлардың және өндірістік қорлары сияқты үлкен балансқа ие болар еді. Қиыншылықты шешу үшін әр түрлі тәсілдерді қолдануға болады, оның бір ғана жолы іске аспайтын негізгі қорларды сауда материалдық қордан жою, қызметшілер санын қысқарту, өндірістік ғимараттарды жалға беру, т. б. Берілген саясат қаржылық жағжайды еш жақсартпайды. Ол тек қана СРСУ бірнеше уақыт болуына мүмкіндік береді, бірақ потенциялды экономикадағы өсудің мүмкіншілігі келтірілген шарада едәуір төмендейді.

Ресей өндірістік потенциялдың қазіргі жағдайда үлкен үлесін қамтып алған қиыншылықтар құрылған жағдайды қиындатады, бірақ қаржылық салымның едәуір қайнар көзі болып келетін халықтағы жеткізілетін қаржы мүмкіншілігін менсінбеуге болмайды. Сондықтан, СРСУ басшыларына социалды ортадағы құрылыс оъектісімен халық арасындағы қаржы жеткізуіне бағытталған бағдарламаны өңдеу қажет. Бұл көп пәтерлі үйлер, коттедждер, үлгі бойынша салынған, сонымен қатар жеке жобамен соғылған әр-түрлі үлгідегі гараждар мен қоймалар болуы мүмкін.

Берілген өндірістің бағытын өзгертуі, жаңа кадрлардың қатсуымен, қажет материал мен шикізаттарды сатумен, және тағы сол сияқты байланысты капиталды шығынды қажет етпейтін еді.

I. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қажеттілігі мен мәні

Кәсіпорын мемлекеттің нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады. Ақырғы санында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл ауқатының деңгейіне байланысты болады.

Нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес, жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т. б. қажет етеді. Осыған сәйкес пәннің негізгі мақсат мына төмендегілерден тұрады: кәсіпорындарда әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі экономикаларын қарау; алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудың жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу; мемлекеттің әр түрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасыны мен ұйымдарының ерекшеліктерін зерделеу. Кәсіпорын экономикасы микро және макароэкономикамен тығыз байланысты. Микро экономика - бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы саладағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды тағы басқаларды зерттейді. Микро экономика сала сияқты жекелеген тауарлар өндірудің қалай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін т. б. зерттейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шаруашылығын есептеу т. б.

Сонымен бірге жеке кәсіпорындарының рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады. Макро экономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы экономика бойынша немесе олардың құрылымдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерттей отырып, макро экономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалары арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Әр елідің ұлттық экономикасы макро экономика деп аталады. Қазақтың макро экономикасы аралас экономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық маханизмдер кеңінен пайдаланылады. Себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макро дәрежеде басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизымін кеңінен пайдалануды табап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндіріс өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды. Төмендегі суреттен өндіріс арқылы қызмет қорытындысын шығарамыз:

Адамдар, қызметкерлер: Адамдар, қызметкерлер
:
Өндіріс қаржысы: Өндіріс қаржысы
Өндіріс: Өндіріс
:
Қызмет қорытындысы - өнім: Қызмет қорытындысы - өнім
Ақша: Ақша
:
Ақпарат: Ақпарат

Сурет-1. Қызмет қорытындысы - өнім.

Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар. Ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерлеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми- техникалық жетістіктер және т. б. кәсіпорынның жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу обьектісі, мысалы өндіріс шаруашылығы макроэкономиканың мәліметтері болады. Сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет. Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономика болып табалады. Пәннің мән-мағынасын зерделеу, кәсіпорынның іс-әрекетін әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

Практикалық қызметінде кәсіпорын өзін ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды.

Сатудың жалпы мөлшері - бұл тауарлар және қызмет көрстетудің құны,

тұтынушыларға сатылғанын мына мына формуламен анықтайды:

Q=БxN,

Мұнда, Q - сату мөлшері;

Б - тауарлардың бір өлшелінің бағасы. Теңге;

N - сатылған тауардың мөлшері. Теңге;

Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметін негізгі қортындылайтын баға

көрсеткіш пайда болып есептелінеді. Жалпы пайда - нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материялдар, жартылай рабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары эелементтерінің құнын анықтайды. Шектік таза пайда - бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалар. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады. Шектік таза өнім - бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны, оларды өндіріуге жұмсаған ресрустардың құны арасындағы айырмасы. (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік, төлемдер, амортизациялық аудармалар, жөндеуге жұмсалған шығындар т. б. ) .

Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбегі мынадай көрсеткіштерден қаралады: кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі; өнім сапасының көрсеткіштері; тұтынушының қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері; кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.

Есеп айыруда ең күрделісі - сапа көрсеткіші болып табылады. Сол себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты. Жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары (өнімдер), тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшері процент бойынша бағаланады.

Сурет-2. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің блок - тәсілі

Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең

таралғандары:

1. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері;

2. Өндіріс шығындары құрылымының көрсеткіштері;

Бірінші топқа жататын көрсеткіштер: кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда деңгейі, сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі, шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың ара қатынасы, жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда деңгейі, тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы құнының қор деңгейі.

Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мүмкіндік береді, жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымының шарушылық қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау, тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке алу. Кестеден кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрейік:

Кесте-1. Кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Нысандары:

Нысандары

Артықшылықтары: Артықшылықтары
Кемшіліктері: Кемшіліктері
Нысандары:

Жеке кәсіпкерлік

Артықшылықтары: Құрылуы оңай әрекет бастағандағы елеулі, табысын өз еркімен жұмсайды.
Кемшіліктері: Толық мүмкіндік жауапкершілік, қаржы шектеулі, несиелендірілу мүмкіндігі шектеулі және мамандандыру
Нысандары: Шаруашылық серіктестік
Артықшылықтары: Әрекет етудің ұйымдастырылуы қарапайым, қаржылық , мамандандыру деңгейі жоғары, өндірісті кеңейту үшін және техникалық базасын жетілдіру үшін қосымша инвестициялар тарту.
Кемшіліктері: Қатысушының әр қайсысы қызмет нәтижесі үшін мүліктік жауапкершілікке ие, басқаруда серіктестер мүдделерінің сәйкеспеу мүмкіндігі, иеленушінің біреуішыққанда фирманың ыдырау қаупы туындайды.
Нысандары: Акционерлік қоғам
Артықшылықтары: Капитал таратуға мол мүмкінділігі бар, жауапкершілігі шектеулі, капитал жинақтау артықшылықтары
Кемшіліктері: Құрылуы күрделі, мемлекеттілік тіркеу және құрылымының өзгеруі, екі қайтара салық салу, жиналыста басқару мәселелерін шешуге көп уақыт және қаржы жұмсау.

Әр уақытта мынаны естен шығармау керек. Шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. Шиеленскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін, басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білу, сезінуі тиіс. Ал бұл мақсатқа жету деңгейін мерізімін және ұйым тұрпатын бейнелейтін өзара байланысты жүйелі қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.

Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының

бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коффициенттерді төмендегідей үш санатқа топтастыруға болады: 1) өтімділік (төлем қаблеттілігі) ; 2) пайдалылық (табыстылық) ; 3) активтерді бақылау тиімділігі.

Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер - меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құралады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты. Ол сыртқы кәсіпорындарға сырттан түсетін ресурстар.

Сурет-3 Қаржы ресурстарының құрамы.

Кәсіпорынның өзіндік қысқа мерізімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік саналады. Егерде айналмалы активтерін іске асыра отырп, ол өзінің қысқа мерізімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.

1. Тез өтімділік коэффициенті - қысқа мерізімді немесе қарызарының

Ең өтімділік активтерінің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымға міндеттеменің қатынасын білдіреді.

2. Дебиторлық қарыздардың айналым коффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемнің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебитрлық қарыздардың айналым коффициенті бір жылға неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.

3. Неше қарыздардың айналым кезеңі - бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар қосалқы қорларды басқару, іскерлігіне байланысты болады.

4. Несиелердің орынын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қаблеті) - ол компанияның қызмет табысы неше рет (дивидендтермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерізімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетіді.

5. Төлем қабілетінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.

Бұл коэффициеніт кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді. Кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, солғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және солғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.

Кәсіпорын экономикасы теориялық және методикалық негіздеуде талдау оның барлық іс-әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және саяси ахуалы, құқықтық, әлеуметтік-мәдени, технологиялық, географиялық ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге институтцоналық және ақпарат жүйелерін сипаттайды.

Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі обьектісіне жататындар: кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру; өндірісті бақылау процесін ұйымдастыру; шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу, өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қорландыру, өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материялдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру жоларды ұтымды пайдалану; өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымын құру; өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістік баға саясаты; өндірістік қаржы ресрустары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға; кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар; кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыру ынталандыру.

Сонымен кәсіпорын экономикасы - өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т. б. ) айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, құнды қағаздар, материялдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т. б. ), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.

Кәсіпорын - экономикалық жүйенің негізгі бөлігі. өндіріс процесіндегі кәсіпорынның маңызы және негізгі мақсаттары.

Кәсіпорын-экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арқасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз - өндірістік-техникалық, ұйымдастыру, әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі.

Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімдерін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтер көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады. Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортағы - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады. Ішкі ортаға - еңбек ресрустары, техника және технология бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабылеті бар өнім шығару болып табылады.

Өнеркәсіп кәсіпорынының функцялары мыналар: өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару, тұтынушыға өнімді жеткізу және сату, өнімді сатып бағалағаннан кейін қызмет көрсету, кәсіпорындардағы өндірісті материялдық-техникалық жабдықтау, кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару, кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту, кәсіпкерлік, салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау, мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

1. 2. Жергілікті кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін факторларын анықтаудың методикалық әдістері.

Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептеледі.

Кәсіпорынның құрылымдары: негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, қызмет етуші және қосалқы бөлімдер. Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді: сала түріне байланысты, шаруашылық іс-әрекеттің түріне байланысты, құқықтық жағдайына байналысты, меншік жағдайына байланысты. Меншік формасына байланысты кәсіпорындардың түрі: мемлекеттік, кооперативтік, ұжымдық, жеке. Азаматтардың жеке шаруашылығы. Салалық құрамына байланысты: өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және басқа. Ұйымдастыру формасына байланысты: акционерлік, ұжымдық, мемлекеттік, фермерлік, жанұялық, жалқы (жеке) және басқа. Жеке сектор. Қазақстанда жеке сектор мынадай бөлімдерден тұрады: жеке кәсіпкерлік, толық серіктестік, коммандаттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі қоғам, қосымша жауапкершілікті серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өнрдіріс коперативтері.

Кәсіпорындардың қызмет өтеу механизмдері. Кәсіпорынға қажетті заттар, олар: материял, шикізат, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, есептеу құралдары, ақпарат, отын, отын-энергия, жер ресрустары, ғимараттар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтар, ақша қаражаттары.

Кәсіпорынның шағаратын заттары: белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадағы, көлемдегі дайын өнім, өндіріс қалдықтары, өндіріс шығындары, ақша қаражаттары.

Кәсіпорын жүргізетін процестер: ғылыми зерттеулер, проект (жабалау) конструкциялау, дайындау, жөндеу, бақылау, қызмет ету, сақтау, тасымалдау, түптеу, орау, басқару.

Кәсіпорынды басқару функциялары: статистака, есеп, талдау, жоспарлау, шешім қабылдау, бақылау, реттеу және тағы басқалар.

Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материялды, өнімдерді шығаратын процес. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. әрбі өндірістік кәсіпорын-цехталардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылқытардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың санымен өзара тығыз қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалыы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтардың 3 түрі болады: негізгі, көмекші; қосалқы және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ІТ - инфрақұрылымы түсінігі, оның құрылымдық бөліктері
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Аяқталмаған құрылыс есебі
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайлы
Дүкен менеджерінін міндеттері
ЖШС «Камаш-Строй» құрылыстағы өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Барыс Мунай ЖШС
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында қаржылық ресурстарды басқару механизмі
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz