Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы


Мазмұны

Кіріспе 3

1 Кедендік қылмыстарының жалпы сипаттамасы және оның түрлері

  1. Кеден қылмысының түсінігі және шығу себептері 6
  2. Кедендік қылмыстардың ұғымы мен түрлері 12

2 Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы

2. 1 Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес экономикалық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық 20

2. 2 Экономикалық қылмыстағы кеден қызметкерлерінің жауапкершіліктері 29

3 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтің экономикалық қылмыспен күресудің даму бағыттары

3. 1 Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының экономикалық қылмыстармен күресудегі жағдайы34

3. 2 Экономикалық қылмыстармен күрестегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері 46

Ұсыныстар 50

Қорытынды 52

Пайдаланылған әдебиеттер 55

Қосымшалар 57

Кіріспе

Қазіргі экономикалық дамулар ұлттық экономиканың мемлекетаралық, аймақаралық интеграциялау тенденциясы, еркін сауданың көлемді аймақтарын құруға, тауарлар алмасу кезіндегі халықаралық шарттардың ролін арттыруға ұмтылу үстінде. Ортақ ережелерге, ортақ қағидаларға сүйенген қаржы рыноктары қалыптаса бастады. Ұлттық экономикалар барлық елдерде белгілі бір деңгейде ашық болып отыр.

Сыртқы экономикалық байланыстар экономикалық өрлеудің маңызды факторына айналды. Көптеген елдерде сыртқы экономикалық байланыстар ұлттық экономиканың жай күйін айқындауда және осы тенденция күшейе түсуде.

Бүгінгі қоғамда ешқандай да мемлекет, ол ірі және өзін-өзі қамтамасыз ететіндей болсын, әлемдік тұтастық шегінен шығып кете алмайды.

Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылықта интеграциялануына республикамыздың кеден саясаты белгілі деңгейде ықпал етіп отыр. Сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты қазіргі таңда мемлекеттің сыртқы экономикалық міндеттерін шешудің, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асырудың белсенді құралы болып отыр. Дұрыс ойластырылған және ретті кеден саясаты ғана қазіргі таңдағы ұлттық экономикамыздың одан әрі қарыштап дамуына көмегін тигізеді. [10. 23-бет] .

Кеден саясаты - бұл отандық өндірістің өсуін ынталандыратын, әсіресе экспорттық өнім өндіруде және импорттық тауарларды енгізу кезінде отандық өндірушілерді бәсекелестік жағдайында бейімдеуге ықпал ететін қуатты құрал.

Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясаты өз өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсатта Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады [2. 3-бап] .

Халықаралық сауда саласындағы мемлекеттің негізгі міндеті - экспорттаушыларға өз өнімдерін неғұрлым көп мөлшерде шығаруға көмектесу арқылы оларды әлемдік рыноктағы бәсекелестігін арттыру және импортты шектеу арқылы шетелдік тауарлардың отандық өндірісті реттеу әдістерінің бір бөлігі ішкі рынокты шетелдік бәсекелестіктен қорғауға бағытталады. Әдістердің басқа бөлігі экспортты қалыптастыруда өзіне міндет етіп жүктейді. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару органдарының жүйесінде кеден қызметінің ролі ерекше, бұл сыртқы экономикалық байланыстар көкжиегінің кеңеюімен көбейеді.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету ісінде экономиканың базалық институттарының бірі ретінде кеден ісінің ролі ерекше. «Кеден ісі» термині өте күрделі әрі сан қырлы қатынастардың кешенін білдіреді, бұл қатынастардың барлығы дерлік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатымен тығыз байланысты. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат шеңберінде кеден ісі көп салалы және көп мақсатты сипатқа ие және қоғамның сан қырлы талаптарын қанағаттандырады.

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды [2. 1-бап] .

Кеден жүйесінің маңыздылығының тағы бір қыры - бұл сала Қазақстан бюджетінің кіріс бөлігінің қомақты бөлігін құрайды, республикалық бюджеттің ең тұрақты түсімдерінің бірегейі кедендік алымдар мен салықтар болып табылады.

Кеден жүйесінің қызметін ұйымдастырудың маңызды элементі кеден қызметінің тиімді құрылымын және кеден органдарын Қазақстан Республикасының аумағында тиімді орналастыруды таңдау болып табылады.

Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы.

Сыртқы сауданы Кедендік реттеу құралдары түрлі нысанда болады, айталық тауардың бағасына тікелей әсер ететін (тарифтер, салықтар, акциздік және өзге де алымдар), сонымен қатар келіп түсетін тауардың құндық көлемін немесе санын қысқартатын (сандық шектеулер, лицензиялар, экспортты «ерікті» шектеу және т. б. ) [11. 42-бет] .

Айиалық, 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 1995 жылғы 20 шілдедегі №2368 Заңға сәйкес халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен кеден одақтарын, еркін сауда аймақтарын құрады, халықаралық құқық нормаларын сәйкес кеден мәселелері бойынша келісімдер жасайды. Бұл заң 2003 жылғы бірінші мамырдан бастап күшін жойды да, жаңадан қабылданған Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.

Бұл бітіру жұмысында контрабандамен күрестің мәселелері сөз болады. Жұмысымыздың негізгі тарауларына көшпес бұрын алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды айқындап алуды жөн көрдік.

Бітіру жұмысының мақсаттары. Бітіру жұмысының мақсаттарын бірнеше бөлімдерге бөліп орындауға болады: кеден органдарының экономикалық қылмыстармен күрестегі принциптер мен нормативтік заңи базаларын зерттеу; кеден қылмыстарының алды алу және оларды болдырмау әдістерімен танысу; Экономикалық қылмыстар негізгі түрлерін зерттеу және кеден қылмыстарының осы түрі бойынша құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мәселесін қарастыру; экономикалық қылмыстардың статистикасын қарастыру; Қазақстан Республикасында экономикалық қылмыстағы күрестің халықаралық тәжірибесін қарастыру.

Осы мақсаттарға бітіру жұмысының бірінші және екінші тарауы аранлады. Ал келесі мақсат ең маңызды мақсаттың бірі болып табылады: экономикалық қылмыстармен күрес проблемаларын анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру.

Бітіру жұмысының міндеттері: кеден қылмыстарының ұғымдары мен түрлерін айқындау және оның ішінде экономика қылмысын ерекше бөліп қарастыру; контранбанда түрлеріне тоқталу, олармен күрестің әдістерін сипаттау; құқық қорғау органдарының контрабанданы ашу бойынша қызметтері бойынша тұжырым жасау, контрабанданы анықтағаннан кейін осы факт бойынша ары қарай тергеу амалдарын жүргізу мәселелерін қарастыру; контрабанданың жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын талдау; соңғы он жыл ішіндегі контрабанданың серпінін (динамика) зерттеу; экономикалық қылмыстағы күрестегі халықаралық тәжірибеге тоқталу және Қазақстан Республикасында олардың қалай қолданылып жатқаны туралы мысалдар келтіру; қазіргі таңдағы дүниежүзіндегі және де Қазақстан Республикасындағы экономикалық қылмыстармен күрес проблемаларына тоқтала оларға жан-жақты сипаттама бере отырып, олардың орын алу себептерін анықтау, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру.

Бітіру жұмыстың қорытындысында жасалған жұмыстарға талдаулар келтірілген, жұмыстың алдына қойған мақсаттарға жетудің дәлелдері және алға қойылған міндеттердің орындалу мәселесі сөз болған.

  1. Кедендік қылмыстарының жалпы сипаттамасы және оның түрлері

1. 1 Кеден қылмысының түсінігі және шығу себептері

Біздің мемлекетіміздің қоғамдық, экономикалық терең маңызды саяси қауіп, ол контрабанда әр уақытта да өте кең таралған. Қазақстан аумағында мемлекеттердің қалыптасуы кезінде шекара арқылы тауарлар мен басқа да бағалы заттар белгіленген ережелерді көбінесе бұзып өтетін.

Біздің дәуірімізге дейін I мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз; қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савраматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан соң жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, Иран кілемдері, құнды металдардан жасалған, бұйымдар кең таралып жатады. Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келді. [5. 34-бет]

Айта кету қажет, Қазақстан арқылы өтетін, ең маңызды керуен жолдары көп болатын, көбінесе керуеншілерді жергілікті тұрғындардың көмегімен, кедендік бекеттерді, шекара сызықтарын айналып өтуге, өз үлестерін қосып және сол қызметтері үшін ақы алып отырған, осындай жолмен әкелетін және әкететін тауарлар контрабандалық болып табылады. Қазақстанның нақты белгіленген шекарасы болмады, сондықтан да сол кездегі кеден баждары, контрабанда туралы айту өте қиын болуда. Десе де Ұлы жібек жолымен бойымен атақты Отырар қаласы арқылы бағалы заттар теңдеген керуендер атам заманнан бері өтіп жатқаны туралы тарихтан белгілі. [6. 29-бет] .

Ал Қазақстанмен көршілес Ресейде 17 ғасырдың ортасында, дәлірек айтсақ 1653 жылы кедендік жарғыны (Устав) қолданысқа енгізді. Аталған кедендік жарғыда кедендік тарифтер - шекара арқылы өткізілетін тауарларға кеден баждарының жинағы белгіленген. Ресей мемлекетінің кедендік заңдарындағы шаралар контрабандалық әкелу және әкетуге кедендік бақылауды күшейтуге бағытталған тиісті шаралармен күшейтілді. Сол кездері контрабандалық жолмен көбінесе әкелу баждары өте жоғары және оларды өндіру мен сату құқығы тек қана мемлекеттің құқығына жатқызылатын тауарлар (темекі, арақ және т. б) жөнелтілді. Ресей империясында контранбандамен күресуге бағытталған маңызды шаралардың бірі 1754 жылғы шекара күзетінің құрылуы болып табылады, бұл күзет мемлекеттік шекараны қорғау, күзетумен айналысты. Кейінірек арнайы кеден күзеті құрылды. [13. 18-бет] .

Мемлекеттің құрлық шекарасын күзетуді күшейту және контрабанданың жолын кесу мақсатында 1828 жылы Шекаралық кеден күзетінің құрылымы туралы жаңа ереже қолданысқа енгізілді, оған сәйкес шекаралық кеден күзеті қызметі тұрақты армияның бір бөлігіне айналды.

1904 жылғы кеден жарғысы шекаралық күзетке және кедендік қадағалауға кантрабанда қаупі ең жоғарғы аудандардың бәрә Поляк патшалығының губернияларында ені 875 сажен (2 шақырымдай) аудандағы шекаралық сызықта орналасқан үйлерге, ғимараттарға тінту, тексеру жүргізу құқығына ие болды.

1910 жылғы кеден жарғысы кантрабандамен күрестің кейбір мәселелерін нақтылады, кеден органдарына өз бетінше ел ішінде құрлықтағы шекарадан 100 верст және теңіз жағалауларынан 100 верст мөлшеріндегі аралықта тінтуді жүргізуге және контрабандалық тауарларды алып қоюға бастама көтеруге құқықтар берді, ал 100 версттан асқан шектерде олар бұл қызметтерді бітімгершілік соттарының, сот заседательдерінің және поицияның көмегімен жүзеге асыра алатын болып белгіленді. Осы Жарғыда контрабанда туралы істерді талқылаудың, шағым берудің және орындаудың процессуалдық мәселелері егжей-тегжейлі жазылды. [13. 21-бет] .

КСРО кезінде Қазақстандағы кедендік тәртіптің оның «үлкен ағаларында» белгіленген кедендік тәртіптен аса айырмашылығы бола қойған жоқ.

1917 қазан төңкерісінен кейін «қызыл құжаттары» бар азаматтар үшін одақ көлемінде тауарлар тасымалдауда көптеген жеңілдіктер болды. Ал енді одақтас елдердің арасындағы контрабанда мәселесіне қатысты айтар болсақ, кеңес үкіметі - Халық комиссарлар кеңесі контрабанда жолын кесуге бағытталған батыл қадамдар жасады. Айталық, 03. 01. 1921 жылғы Халық комиссарлар кеңесінің «Реквизиция және тәркілеу туралы» Декреті шықты. Декретке сәйкес контрабанда деп танылған тауарларды тәркілеу көзделді. Осымен қатар декрет кеден қызметкерлеріне жедел және тергеу қызметтерін жүзеге асыруға құқық берді. Шекарадан құпия өткізілген немесе құпия шығарылатын контрабандалық тауарларды табу үшін кеден қызметкерлеріне 7-верст болатын шекаралық жолақ шегінде тауарларды қарауға, тіптеуге құқық берілді. Аталған шектен тыс жерлерде кеден қызметкерлері мұндай тексеруді полицияның қатысуымен жүргізетін болды. Тексеру, тінту барысында ұсталған тауарлар кеденге жеткізіледі, ол жерде тауарларды тізімге алып, тиісті хаттама жасап содан кейін тәркілеуді жүргізді.

Ал 1991 жылдың аяқ шегінде соңғы тарихтағы өмір сүрген әлемдегі ірі империялардың бірі - Кеңестер Одағы қирап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет дүниеге келді. Қазақ халқының ең түпкілікті арман-мұраты орындалып өзінің тәуелсіз мемлекетін құруға қолы жетті. [11. 6-бет]

«Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деп жазылған Қазақстан Республикасы Ата Заңының алғы сөзінде. [1. 3-бет] .

Еуразия құрылығында жаңадан пайда болған, жер аумағы жөнінен (әлемде тоғызыншы орында) ең ірі жаңа мемлекеттер сапына енетін Қазақстан мемлекеті тек қана жаңа мемлекет құру, оны заңдық тұрғыдан негіздеу, халықаралық құқық кеңістігіне тәуелсіз, жеке субъект ретінде ену, құқықтық мәртебесін белгілеу жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ ескі жоспарлы экономиканы қиратып, жаңа нарық экономикасын орнату, ескі тоталитарлық саяси қондырғыны жойып, әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты өркениетті демократиялық саяси басқару жүйесін қалыптастыру сияқты өте күрделі, әрі аса ауыр іс-әрекеттерді қатарластыра жүргізе бастады. «Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономикамен жаңа демократияны көптеген өзге де тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгермеген уақытта құру үстіндеміз» деп жазылған ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында. [7. 4-бет]

Тәуелсіздік алғаннан бергі он бесжыл ішінде кеден органдары күрделі ұйымдастырушылық - құрылу, қалыптасу дәуірін бастан қткерді. Қазақстан Республикасында дербес кеден саясатын жүргізетін кеден органы 1991 жылдың 12 желтоқсанындағы Президент Жарлығы бойынша құрылды. 1992 жылдың қараша айында Қаржы министрлігінің құрамындағы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды. Бұдан кейінгі «қайта құруларды» тізбектесек:

  • 1995 жылдың сәуірінде Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті;
  • 1995 жылдың қазан айында өз мәртебесі бойынша Үкіметтің құрамына, кірмейтін, бірақ оған бағынатын Қазақстан Республикасының Кеден комитеті;
  • 1997 жылдың қаңтар айынан Мемлекеттік кеден комитеті;
  • 1998 жылдың қазан айында Орталық кеден органының қызметі Мемлекеттік кіріс министрлігіне берілді.

Кеден органы осындай «қайта құрудың» тізбегіне ұшырап, оның үстіне әр жыл сайын дерлік оның басшылары өзгеріп отырды. Мұның өзі республикамыздың кеден органдарының құрылымдық қалыптасуына, тәжірибе жинақтар, елдің кеден аймағын толық қамти қадағалауына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Әрқилы деректерге сай республикада кеден құрудың бастапқы жылда елге әкелінетін тауарлардың 50 пайыздан 8 пайызға дейіні контрабандалық жолмен әкелінетін деген мағлұматтар бар. Әрине, контрабандалық жолмен шекарадан өткізілген тауарлардың дәл мөлшерін анықтау мүмкін емес. Дегенмен, контрабанданың өте үлкен мөлшерге жеткенін кеден органдары басшылары да мойындауға мәжбүр болды. 1998 жылғы 15 қаңтарда Тараз қаласында сол кездегі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы Ғани Қасымовтың «Кеден органдарының 1997 жылғы жұмысының қортындыларына» арналған баяндамасында « . . . Немене, контрабанда азайып кетті ме? Ешқандай да. Контрабанда гүлденіп тұр! Фактілердің өзі осыны көрсетуде, тек қана екі аптаның ішінде Маңғыстау облысында 50 млн теңге сомасындағы контрабандалық жүк тиелген 54 автомашина ұсталды» деген еді. [26. 96-бет] . Екі аптаның ішінде бір облыстан осынша контрабандалық жүк ұсталғанда (ұсталмай кеткені қаншама!), республика көлемінде қанша жүк төлемін төлемей тасылғанын болжамдау қиын. Контрабандалық тауар массасының, әсіресе, кеден органдары алғашқы құрылған жылдары өте үлкен мөлшерде болуының себебі мемлекеттік басқарудың, бақылау, тексеру органдарының әлсіздігінен, жетіліспегендігінен, осы органдарды ылғи «қайта құра берудің» кесірінен, кеден құрылымдарының кедендік шекараны толық жабатындай болып дамығандығынан, кеден қызметкерлерімен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстардың жетімсіздігінен, жалпы, қоғамда орын алған құқықтық нигилизмнің әсерінен болды деп ойлаймыз. Бұл аталған кемшіліктерді жою үшін соңғы кезеңде бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Әрине, кеден органдарының құрылымдарын, басқару жүйесін жоғарыдағыдай қайта-қайта өзгерте берген дұрыс емес. Дегенмен, белгілі бір уақыт кезеңдерінде төңіректегі геосаяси жағдаяттардың, сондай-ақ мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай кеден органдарын басқару, құрылымдарын жетілдіру мәселелерін талдап, тиісті құрылымдық, басқарушылық өзгерістерді енгізіп отыру керек деп ойлаймыз. Яғни, орталық басқару органдары жүйесінде кеден органдарының нақты қатып қалған орны, бағыну моделі болуы мүмкін емес, оның орнына әдетте нақты жағдаяттарға сай анықталады.

1998 жылдың 12 қазанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын әрі қарай реформалау туралы» Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі құрылып, республиканың кеден органдары осы министрліктің қарамағына берілді. Республикамыздың кеден комитетінің мемлекеттік кіріс министрлігінің қарамағында жұмыс істеу оның іс-әрекетінің фискальдық бағытына басым мән беріліп отырғанын көрсетеді. Әрине, кеден органдары іс-әрекеттің регулятивтік және қорғаушылық аспектілерін есепке алсақ, ол құрылымдық жағынан мемлекеттік кіріс министрлігіне емес, күштеу ведомстволарына бағынуы мүмкін еді. «Автордың пікірі бойынша, әу бастан кеден қызметінің құрылуын (дәлірек айтсақ, бағынуын) осындай күштеу ведомстваларының (ОҚК немесе ІІМ) шеңберінде жүзеге асыруға болар еді» деген ой айтады С. Т. Әлібеков. [12. 153-бет] .

Мемлекеттік Қаржы министрлігінің алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының фискальдық және кеден саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыру;
  • Кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру;
  • Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мүддесін қамтамасыз ету;
  • Бюджетке салықтар мен төлемдердің және басқа да мемлекет алдындағы қаржылық міндеттердің түсуін қамтамасыз ету;
  • Алкаголь өнімдерінің өндірісіне және айналымына мемлекеттік бақылау жасау;
  • Мемлекетке шығын әкелетін экономикалық қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресу;
  • Экономикалық қылмыспен күресу саласында халықаралық ынтымақтастық.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Кіріс министрлігіне жүктелген міндеттерден көірп отырғанымыздай кеден органдарының іс-әрекетінің экономикалық бағытының басты мән беріліп, оның құқық қорғаушылық, мемлекеттің кедендік шекарасын қорғау, миграциялық саясат ісіне қатысу мәселелері екінші кезекте қаралып отыр. Бірақ республикада кеден қызметі құрылғаннан бері ол күштеу ведомстволарының құрамына енген емес, негізінен атқарушы биліктің жеке органы ретінде немесе Қаржы, Кіріс министрліктері сияқты қаржы-экономикалық ведомстволарына бағынышты болып келді. Ал кеден органдарының Кіріс министрлігінің қарамағына берілуі, жалпы мемлекеттік бюджетті толтыру, экономикалық субъектілерден өндірілетін төлемдерді, кірісті көбейтуге зор маңыз берілуі 1997-1998 жылдардағы алдымен, әлемдік экономиканың соңынан Қазақстан экономикасын жайлаған ауыр дағдарыстан, сол себепті бюджетке түсетін кірістің күрт азаюынан туындаған қадам деп ойлаймыз.

Кеден органдарының маңызды функцияларының бірі - құқық қорғаушылық, жалпы мемлекет қауіпсіздігін қорғаушылық функциясы болып табылады. Профессор Д. Н. Бахрах кеден ісі, біріншіден - экономикалық, екіншіден - кең мағынада қорғаушылық мақсаттарын көздейтінін айта келіп: «қорғаушылық, яғни, елдің ұлттық қауіпсіздігін қаматамасыз ету, соның ішінде экономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы, мәдени құндылықтарды қорғау. Бұл мақсатқа кеден ісінің барлық құрамдас бөліктері: кеден қызметі, кедендік іс-әрекет, кеден құқығы, заңнамаларын пайдаланатын кеден саясаты мен идиологиясы, сондай-ақ контрабандамен және басқа да құқық бұзушылықпен күрес қызмет етеді» деп жазады. [16. 153-бет] .

Кеден органдарының құқық қорғауы бойынша іс-әрекет түрлері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-таптары бойынша тергеу жүргізіп жауап алуды, «Қазақстан Республикасындағы кдеен ісі туралы» заңның 241 және 242 - баптарына сәйкес анықтама жүргізуді жүзеге асыруды қамтиды. Кеден органдарының құқық қорғау саласындағы іс-әрекеті түрлерінде мынадай жұмыстар іске асырылады: тергеу жүргізіп, жауап алу; анықтама жүргізу; «бақылау жасалатын жеткізілім» әдісін қолдануға қатысу; есірткі түрлері мен психотроптық заттарды тексеруден өткізу үшін жеткізіп беру; кеден ережелерінің бұзылуы жөніндегі істерді жүргізу және оларды толықтай тексеріп шығуды жүзеге асыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау
Жедел іздестіру қызметінің тарихи құрылуы мен дамуы
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz