Ақтөбе облысындағы туризімнің қазіргі жағыдайы және болашағы


КІРІСПЕ
Туризм - экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады. Туризмді дұрыс жолға қоябілу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде дамуына әкелетін жүйеге айналады. Бүкіл дүниежүзілік туристік ұйымының маркетингтік қызыметтері зерттеулерінің мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол. Менің бітіру жұмысымның тақырыбы Ақтөбе облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен болашағын ашып көрсету. Ақтөбе облысының туризм жағдайы даму үстінде. . Облыстың туризмі Ақтөбе обылысының әкімшілік тарапынан қолдау табуда. Облыста туризмнің дамуына көптеген мүмкіншіліктер бар. Олар табиғи рекреациялық ресурстар, тарихи-мәдени ескерткіштер. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.
Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан-салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді шетелдіктерге барлық жағаынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмды дамыту туралы жаңа бағыттар ашу керек. Сондықтан біз облыстағы инфроқұрлымды дамытуымыз керек және туристік объектілерді тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануымыз қажет. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында туризімнің қарқынды дамуына бағытталған, тиімді бағдарламалар жасалынып, әрі біртіндеп атқарылуда. Осы бітіру жұмысымда мен Ақтөбе облыстық түризімнің қазіргі жағдайы және болашағы, оның дамуының ерекшеліктері, мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарстырдық. . Ал Ақтөбе облысы болса қазіргі туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыра алатын, ерекше туристік мүмкіншілігі бар орталық болып дамып, жетіле алады. Өйткені облыстың басқа аймақтармен салыстырғанда төмендегідей өзіндік ерекшелігі бар, олар: Экономика салаларының дамуы; тарихи-мәдени ескертіштердің ерекшеліктері; Мұражайлардың, мәдени-көңіл көтеру орындардың, этнографиялық жүйелердің болуы. Сонымен Ақтөбе облысы қазіргі кезде мықты туризм инфраструктурасын дамытуға арналған барлық ресурстар мен факторларға ие. Осылардың барлығы облыста туризм саласының қарқынды дамуына өте үлкен ықпал етеді.
Мен осы тақырып бойынша бітіру жұмысымда алға қойған мақсатым мен міндетім Ақтөбе облысының туризмінің қазырғы мәселелерін зерттеп туристік индустриясының дамуына аз да болса үлесімді қосу. Тақырып бойынша жұмыс істеу барысында біршама мәліметтер жинақтап оларға талдау жүргізіп, тақырыпты өздеңгейімде ашып жаздым деп ойлаймын. Осы бітіру жұмысым үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде Ақтөбе облысының туристік географиясы мен аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігін қарастырдым, екенші бөлімде облыстың әлеументтік-экономикалық жағдайына талдау жасадым, үшінші бөлім ең маңызды бөлім болып табылады, себебі мұнда облыстың туристік инфрақұрлымына және дамуға қолайлы туризм түрлері мен оны дамытуына жаңа бағыттары талдау жасалып ұсынылған. Ақтөбе облысы болашақта ел іші - сыртындағы туристерді баурайтын туристік орталыққа айналу үшін инфрақұрылымды, қызмет көрсету деңгейін жоғарлату қажет. Мысалы, туризм саласында инвеситициялық саясат қалыптастырып, облыстағы туризм инфрақұрылымының нашар дамығанын және қаржының шектеулілігін ескере отырып инвеситициялар және жеке капитал тарту есебінен саланы қарыжыландыру мәселесін шешу керек және де облыс ішінде кәсіптік маман даярлау қажет
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ
1. 1 Географиялық орны, тарихы
Ақтөбе облысы материктің тереңінде орналасқан, Қазақстанның батысында 300 мың кв. Километр бар үлкен аймақты алып жатыр. Солтүстігінен оңтүстігіне қарай 700 километр алып жатыр, шығысынан батысына қарай 800километрге созылып жатыр, Орал көлінен бастап Арал теңізінедейін созылған. Оның батыс шекарасы жер шарындағы каспий тұрақтылығының ең соңында жатыр, ал шығысы торғай даласы арқылы өтеді. Облыс алып жатқан территориясы бойынша Қазақстанның тоғыздан бір бөлігін құрайды және үлкен Европа мемлекеттерімен бәсекелесе алады. Рельефне қарай облыс территориясын 5 геоморфологиялық аудандарға бөле аламыз: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі алқабы, Торғай жазықтығы, үстірт алқабы, Каспий тұрақтылығы. Мұғалжар таулары бұл кішкене жоталар мен аласа беткейлер тобының меридионалдық тізбесі болып табылады. Ал солтүстігінде Ор өзенінедейін, оңтүстігінде
еңдікке дейін созылады. Ең үлкені болып Мұғалжар тауларының оңтүстік бөлігі табылады. Бұл жер ең биік нүктесі болып табылады. Батыс Қазақстанның ең үлкен нүктесі теңіз деңгейінен 657м биіктікте орналасқан Мұғалжар таулары Европа мен Азияны бөліп тұрған, белгі ретінде көрінеді. Батысында теңдік созылған. Бұнда Елек пен Ембі, Хобда, Ойыл, Сағыз, Темір өзендері өтеді. Оны Орал - Ембі алқабы деп атайды. Өзендердің аңғарлары кең. Орал-Ембі алқабы оңтүстік батысқа қарай, Каспий теңізіне қарай ақырындап төмендейді және Каспий тұрақтылығына өтеді. Онда Ақтөбе облысының оңтүстік батыс шеті жатыр. Ембі өзеннің аңғарында оның ең төменгі жері орналасқан. Егер Мұғалжар тауларынан шығысқа қарай жүрсек үлкен Торғай теңдігінде боламыз. Үстірт пен Торғай арасында орналасқан жерді кейде солтүстік Арал депте атайды. Ол Арал теңізінің жағасына дейін созылады. Бұл теңдікте Ақтөбе облысындағы үлкен құмдар жатыр. Солтүстік Арал ауданы Торғай теңдігінен шартты түрде Ырғыз өзенінің төменгі ағысындағы кең жермен бөлінген. Ақтөбе облысының әр түрлі табиғи жағыдайларынан әр түрлі өсімдіктерінен және жануарлар әлемінен, климатынан ерекшеліктерін көруге болады. Республиканың солтүстік-батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысы терістігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен батысында - Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында - Қостанай, оңтүстік-шығысында - Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 қала типті қалашық бар. Әкімшілік орталығы - Ақтөбе қаласы.
Жер бедерінің сипатына қарай облыстың аумағы 5 геоморфологиялық аудандарға бөлінеді: Мұғалжар таулары, Орал-Жем үстірті, Торғай-Арал маңы жазығы, үстірт беткейі және Каспий сырты ойпаты. Оңтүстік Оралдың жалғасы болып есептелетін Мұғалжар таулары /Орал тауынан Жайық өзенінің аңғарымен бөлінген/ облыстың орталық бөлігінде орналасып, меридиандық бағытта 450 шақырымға, солтүстік ендікте 48 градусқа дейін көлбеген, бұл тау жотасы бір-бірінен тау етегіндегі кең ойпат бөлген солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Шамамен 50 "градустық солтүстік ендікте аяқталатын Солтүстік Мұғалжар Елек пен Ырғыз өзенде арасындағы ені 200 шақырым кеңістікті алып жатқан өркеш төбелі биіктіктер. Солтүстік Мұғалжар Op өзені арқылы батыс және шығыс тармақтарға бөлінген. Солтүстік Мұғалжардың батыс тармағы /Ор-Елек cy айрығы/ Орал тауының орталық және cy айрығы бөліктеріндегі, теңіз деңгейінен биіктігі 440-460 м. жалғасы болып жатқан үстірті секілді. Үстірт cy айырығынан батысқа қарай ағынды сулармен тілімденіп, ұсақ шоқыларға айналғаң ал шығысқа қарай Op өзенінің сол жақ салаларымен тарамдалып, төбешікті жазыққа ұласады, оның бастауындағы биіктігі 509 м. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты /Op және Ырғыз өзендерінің арасы/ теңіз деңгейінен биіктігі 340 м жететін біркелкі жазық болып келеді де, Op өзеніне таман төмендей түседі. Өзен аңғарының етегінде мүжіліп, бөлшектенген жерлер кездеседі. Оңтүстік Мұғалжар жоталы таулардан тұрады және ол облыстағы ең биік аймақ болып табылады. Оның басты тізбегі - сол Мұғалжар жотасы оған иек артып жатқан Орал-Жем үстіртінен 200-300 м. биікке көтерілген. Оның кейбір неғұрлым сүйрік тұстары теңіз деңгейінен 450-650 м биіктікте. /Бақтыбай тауы 657 м/. Оңтүстік Мұғалжардың шығысы жатықтанып, аласа келеді, оларда биіктігі 20-30 м шамасында сирек төбешіктер тізбектері кездеседі. Теңіз деңгейінен 280-300 м биікте жатқан бұл жайпақ үстірттер Ырғыз өзенінің оң жақ салаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалған. Орал-Жем үстірті облыстың батыс өңірінің үлкен бөлігін алып, көптеген өзендермен және Ойыл, Сағыз, Жем бассейндерінің yaқытша ағын суларымен жыраланып, бөктерлі-төбешікті жазықтыққа айналған. Олар өзеннің cy айрықтарында теңіз деңгейінен 400-500 м биіктікке жетіп /солтүстік-шығыста/, өте біркелкі болмаса да батыс пен оңтүстік-батысында әркелкі келіп, 100 м дейін төмендейді. Үстірттің бедеріне тән жағдай - биіктігі 100-150 м болатын /Сағыз бен Жем өзендері арасында/ останцо-эрозиялық бөктерлер, сол сияқты денудация-эрозиялық процестердің үзіліссіз өтіп жатқандығын білдіретін түрлі биіктегі денудациалық-эрозиялық төбешіктер, адырлар, шоқылар. Адырлар арасындағы кең ойпаттарда шағылды және адыр-бұдырлы құмдар, ойыл, сағыз және Жем өзендері алқаптарындағы құмдар немесе сортаңдар жатыр. Сонымен бірге үстірттің осы бөлігінің жоғары жағында бос сулар /көктемде қар суларыментолатын сорлар/ кездеседі. Торғай-Арал маңы төрткүл жазықтығы /Торғай үстірті/ облыстың шығыс бөлігін алып жатыр. Оның биіктіктері батысы мен солтүстік-батысында теңіз деңгейінен /Мұғалжар тауының баурайында/ 320-280 м., оңтүстік-шығыс бөлігінде /Торғай, Ырғыз өзендерінің аяғында және Шалқар-Теңіз еңістігінде/ небәрі 70-50 м. Үстірттің рельефіне ондаған метр биіктігі бар тік жарлар, кейбір жерлері cy арналарымен тілімденген төрткүл биікгіктер болып келеді. Үстірттің бетінде, әсіресе, Торғай, Ырғыз, Өлкейек өзендерінің аяқтарында және Арал маңының терістігінде бос сулы көл ойпаттар, сортақты құйылыстар мен тақырлар көп. Жазықтың оңтүстік бөлігі - Арал маңы ойпатындағы биіктіктер 80-150 м. аралығында құбылады. Мұндағы алқаптарды көлем, құмдар алып жатыр. Солардың ішінде ең ірілері Ұлықұм, Kіші құм. Өсімдіктер өскен төбе құмдардың елеулі бөлігі Үстірттің шыңшоқысы, Шағрайжоны және Ырғыз өзенінің төменгі маңы.
Тарихы Евразия деп аталатын алып кұрлықтың Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі кең байтақ далалық аймақтарында есте жоқ ескі замандардан өмір кешіп, бүгінге дейін жалғасқан ұлттар мен ұлыстардың бірде жаугершілік, бірде ауа-райы себепті бірде бірігу, бірде бөліну тарихының айқыш-ұйқыш түскен здерінің айқын табы Ақтөбе облысы өңірінде де сайрап жатыр. Мұндa дa тарихы, кем дегенде, тас дәуіріне кетіп, өсуі мен өркендеуі сол замандардың жағдайлары мен талаптарына ыңғайланып өмір сүрген қауымдар болатын. Алайда сол көне дәуірлердің әсіресе apxeoлгиялық ескерткіштері тым аз зертелгендіктен Атыраудан Аралға дейінгі ұланғайыр apaлыктың тарихында ақтаңдақ беттер әлі көп. Археологиялық зерттеулердің Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдері мардымсыз болғаны белгілі. Бұл саладағы кейінгі істер, негізінен республиканың орталық және оңтүстік өңірлеріне ойысып, елдің батыс бөлігі, оның ішінде Ақтөбе аймағы назардан тыс қалды. Оның негізгі себеп-терінің бірі - республиканың орталығы мен оңтүстігін ерекше көрсету мақсаты емес, сол аймақтар жөніндегі көне мәліметтердің әсіресе шетелдік жазба әдебиеттерде неғұрлым молырақ сақталуынан еді. Ақтөбе облысы территориясындағы алғашқы apxeoлогиялық зерттеулер осыдан 114 жыл бұрын басталған болатын. Оны 1887-1888 ж. орыс археологі Ф. Д. Нефедов жүргізді. Оның осы жылдары атқарған істері жөніндегі есебі Мәскеуде 1899 жылы жарық көрген "Шығыс губернияларының археологиясы бойынша материалдардың" үшінші томында жарық көрді. Ф. Д. Нефедов-тың баяндауы бойынша Оралдың шығыс етегіндегі алғашқы қазба жұмыстарын 1864 жылы Челябинск уезінде Р. Г. Игнатьев бастаған. Ал Торғай мен Орал облыстарының далалары 1884 жылға дейін археологтар үшін беймәлім болатын. Сол Ф. Д. Нефедов пен К. А. Фишердің 1884 жылы Електің сол жағасындағы Тамарөткел деген жердең "алтын" қорғанды қазуынан кейін археологтар Торғай даласына мықтап назар аударды. Ф. Д. Нефедов жоғарыда айтылған есебінде облыстың қазіргі шекарасы тұсында бірнеше тарихи ескерткіштер мен apxeoлогиялық орындар барын еске салған. Олар: Ұлыборсық құмы бағытында ертеде болған Балғасын қаласының қалдық тары. Қала күйдірілген кірпіштен салынған бірер жеке ғимараттар болмаса, негізінен құм астында қалған. Осы жерге кейін 1897 жылы келген А. Матов және 1907 жылы келген И. А. Кастанье бір кездері Балғасын деп аталған мұнараның енді тек қалдықтарына ғана кезіккен. Бұл -1960 жылы жарық көрген Қазақстан археологиясы картасы кадастарында № 2024 санымен тіркелген. Орынбордан Ақтөбе бекінісіне қарай бағытталған жол бойымен 185 верст жердегі бес жұлдыз формалы қорған сипатталған. XVIII ғасырдың 30 жылдарында Кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін, патша өкіметі өзінің /болашақта қазақ жерін бағындыру үшін/ алғашқы мемлекеттік шараларын жүргізе бастады. 1734 жылы арнаулы Орынбор экспедициясын ұйымдастыру туралы екінші Екатерина жарлық жариялады. Онда қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ жері арқылы Орта Азия хандықтарымен сауда қатынасын жасау үшін сауда жолдарын ашу, Op өзенінің сағасында қала салып, оның атын Орынбор деп атау, Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр сағасында қала салып, теңіз арқылы сауда жолын жалғастыру мәселелері аталды. XVIII ғасырдың 70 жылдарына дейін Ресей үкіметі алғашқыда қзазақ жерінің шекара маңына, кейін ішкері ене отырып, көптеген бекіністер салды. Кіші жүз жерінде салған бекіністерге қазақтарды әкеліп орналастырып, оларға жер беріп, қазақтардың мал жайылымдарын қысқарта бастады. 1735-1742 жылдарда Кіші жүз және Орта жүз жерінде Ойылдан Жаңа Eртіc аралығына, яғни Жайықтан Өскеменге дейін 3, 5 мың шақырым бойына бекіністер салынды. [1]
1. 1 Табиғаты
Климаты. Облыс құрылқтан шалғай, мұхиттар мен биік таулы жүйелерден алыста жатыр. Қыста аумақ Сібір антициклонының ықпалында болса, жазда жылы, шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз, еркін жетеді. Облыстың климатына құрғақ континенталдық сипат тән. Aуаның температурасы. Облыстың аумағында ауаның орташа жылдық температурасы солтүстікте /Родников кенті/ 2, 8 градустан оңтүстікте /Ақтұмсық/ 7, 8 градусқа дейін құбылады. Жыл ішіндегі aya температурасының барысы қыста тұрақты аязды күндермең көктемгі қысқы күндерден кейін жеделдеп, ыстық жазға жалғасуымен сипатталады. Ауаның айлық неғұрлым төменгі орта температурасы /-12°, -18°/ қаңтар және ақпан айларында. Температураның ең төменгі абсолюттік шамасы кейбір жылдары - 48 градусқа дейін түсіп кетеді /Ақтөбе қ. 12. 1. 1940/. Жылдың, ең жылы айы шілде, бұл айда ауаның орташа температурасы 20, 7 градустан /Родников/ 26, 4 градусқа /Ақтұмсық/ дейін өзгереді. Ең жоғары абсолюттік температура 44 градус /Ақтұм-сықта, 5. 8. 1955 ж. / тіркелді. Ауаның орташа тәуліктік температурасының 0 градустан ауысуы көктемде әдетте 25-31 наурызда оңтүстікте және солтүстікте 6-10 сәуірге келеді; күзде тиісінше 1-10 қараша мен 29-31 қазанда. Орта тәуліктік температурасы 0 градустан артық болатын күндер саны 200-ге жуық. Аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130-140 күнге, оңтүстігінде 150-160 күнге созылады.
Атмосфералық жауын - шашын. Облыс аумағында орташа жылдық ылғал мөлшері 160 мм-ден 360 мм-ге дейін құбылып, ең аз ылғал Үстірт жазығына түседі. Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып тұрады. Жауын ерекше жиілеп, қар қалың түскен жылдары облыстың солтүстік аудандарында ылғал тереңдігі 576 мм /Мәртөк, 1956/, оңтүстікте - 371 мм /Аяққұм, 1958/ дейін жеткен болатын. Қуаңшылық жылдарда жауын-шашың 70 мм-ге дейін /69 мм - Ырғыз метеорологиялық ст. 1929/ азаяды. Жыл бойы ылғал тегіс түспейді. Оның негізгі мөлшері жылы мерзімге келіп, салқын кезде жауын шашынның жылдық мөлшерінің шамамен 30 - 40% ғана түседі. Ылғалдың айлық мөлшерінің ең молы маусым немесе шілде айларына келеді: жауынның айтарлықтай тағы бір көп мөлшері-қазан айында. Ылғалдың ең азы - ақпан айы. Жауын-шашын көп те, көлемді де емес, тек ара-тұра ғана біршама ұзақ жаңбыр, күшті нөсер кездеседі. Жаздағы ылғалдар күннің ыстықтығынаң шөлді жерлердің көптігінен тез буға айналып кетеді. Жауын-шашынның тәу-ліктік ең көп мөлшері 50-70 мм. болып, кейде 110 мм /Темір, қыркүйек, 1911/дейін жетеді.
Өсімдігі. Түр-тұқымына қарағанда облыста өсімдік ѳте-мөте әртүрлі. Мұнда тамырлы өсімдіктің 417 тегіне, 92 тұқымдасына жататын 1057 шамасында түрі шығады. Шөп бітіктігі негізінен екі түрмен сипатталды: далалықта - дақылдық, қуаң далада - жусанды өсімдіктер. Облыстың солтүстік құрға далалығында болғандықтан, негізінен дақылды әртүрлі /бетеге-ақселеулі/ шөп өседі. Оның сортаң жерлері-кәдімгі бетеге, ақ және қара жусанды. Мұғалжардың тастақты беткейлерінде сирек кездесетін бұталар мол. Таудың өзенді аңғарлары мен қойнауларында көктерек, қайың өскен. Op, Жем және Елек өзендерінің cy айырық жерлерінде қайың шоғырлары бұлақ суларымен қоректенетін батпақты жерлерді жиектеген. Шөлейт өңірде жусанды-дақылды шөптер өседі.
Аң-құстары. Географиялык орналасуы мен ландшафты-климат жағдайының әртүрліліг себепті облыста аң-құстар түрі де сан-алуан. Өңірде сүт қоректерінің 62, құстардың 214 және балықтың 24 түрі кездесіп, сүт қоректілердің 10 және қүстың 35 түрі ҚР "Қызыл Кітабына" енгізілген. Сүт қоректілерден кездесетіні - Елек, Қарғалы, Қобда өзендері мен олардың салалары бойындағы, сол сияқты Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарындағы орманды жерлерде мекендейтін бұлан. Оның саны көп емес. Бұлан мекендеген аймақта еліктер де тіршілік етеді, бірақ олардың саны көп емес, 252 шамасында. Бұл өңірлер белгілі бір шамада лицензия бойынша ғана әуесқойлық аңшылық: құратын объекті болып eceптеледі.
1. 3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мумкіншілігі
Обылстың аудандары. Ақтөбе облысы 12 ауданнан тұрады. Әрбір аудан геологиялық ерекшеліктерімен, тарихи түбірлерімен, мәдени мұраларымен ерекшеленеді. Ежелден Ақтөбе жері көшпенділердің шаруашылық ісімен байланысты болған. Мыңжылдық тәжірибелері қазіргі уақытқа дейін табиғатын ғасырдан-ғасырға сақтауға көмектесті. Қазіргі туризімнің инфрақұрлымын құра отырып, барлық қатысушылар қоршаған ортаны сақтаудың міндеттерін, тарихи-мәдени және табиғый объектілерге қамқорлық қатынастарын, ұлттық дәстүрлер мен салттарды сақтауды шешу керек.
Әйтеке би ауданы Ырғыз өзеннің жағалауында орналасқан. 1997жылы салыстырмалы жас Комсомол және ежелгі қарабұтақ аудандарын қосқанда пайда болды. 20ғ 60жылдары тыңайған жерлерді игеру уақытында белгілі болды. Қарабұтақ бекінісін 1848жылы Арал теңізін зерттеу үшін бағытталған ғалым-саяхатшы А. Бутаковтың патышалық әскери тобы құрған. Отрядта белгілі украин ақыны Тарас Шевченко болды. Бұл кескіндеме Айке, Сұлу көл сияқты өзендер бар далалық аудан. Толыбай және басқа да тарихи-мәдени көз тартарлықтары бар: халыққа белгілі Былшық бидің отаны, жазушы Қуандық Шаңғытаевтың, Раймбергеновтар әулетінің отаны. Ұлттық аңшылықты дамыту үшін және спорт түризмі үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Жасалып жатқан темір жол көлік проблемасын шешеді.
Алға ауданы Елек өзеннің жағасында орналасқан. Алға қаласының аудан орталығы 1933жылы Орынбор-Тәшкент темір жолының станциясы ретінде құрылған. Бестамақ ауылында қазақ мемлекетінің құрылуына үлкен күш қосқан. 17ғ-дың соңы мен 18ғ-дың ортасындағы кіші жүздегі мемлекеттің және әскери қызыметтер Көкіұлы Есет батырдың мемориалдың кешені орналасқан. Жоңғар, бұлғар қалмақтарының, башқұрлардың және түркмендердің қазақ жеріне шапқыншылығы кезінде ол батыр, әрі қабілетті қолбасшы болып көріне білді. Алға қаласы Алға орта мектебінде оқыған Кеңес Одағының батыры СССР-дың ұшқыш-космонавты Виктор Пацаев туған жері.
Жазушы ғалым Ахметовтың, ақын Изтай Мамбетовтың отаны, аудан сауықтыру туризмін дамыту үшін ынғайлы: Ақтөбе қаласының маңайында жолдық инфрақұрлым бар, туризм инфрақұрлым объектілерін жыл бойы салу үшін мүмкіндік бар, демалыстың қысқы түрлерін дамыту мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz