Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
I. Тарау Шетел қазақтары тарихи отанына оралудағы теориялық аспектілері
1.1 Қазақ иммиграциясына қатысты мемлекеттік саясат ... ... ... ... ... ... .7.15
1.2 Оралмандарды қоныстандырудың ұлттық ерекшеліктері мен бағыттары ... ..16.28
II. Тарау Оралмандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу және интеграциялау
2.1 Оралмандарды бейімдеу орталықтары мен ортаның негізгі рөлдері ... ..29.41
2.2 Оралман жастарға білім беру және ортаға бейімдеу мәселесі ... ... 41.48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49.50
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.53

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттау факультеті
Әлеуметтану кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
Орындаушы:
4-курс студенті
Хуатай Еркін
___________2007ж
Ғылыми жетекші,
Соц. ғ.к. доцент :
Әбдікерова Г.О.
2007ж
Норма бақылаушы:
Авсыдыкова Қ.А.
2007ж
Қорғауға жіберілді
___________2007 ж.
Әлеуметтану кафедрасының
меңгерушісі,социология
ғылымдарының докторы,
профессор:
Садырова М.С.
Алматы 2007 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6
I. Тарау Шетел қазақтары тарихи отанына оралудағы теориялық аспектілері
1.1 Қазақ иммиграциясына қатысты мемлекеттік
саясат ... ... ... ... ... ... .7-15
1.2 Оралмандарды қоныстандырудың ұлттық ерекшеліктері мен
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-28
II. Тарау Оралмандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу және интеграциялау
2.1 Оралмандарды бейімдеу орталықтары мен ортаның негізгі рөлдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-41
2.2 Оралман жастарға білім беру және ортаға бейімдеу
мәселесі ... ... 41-48
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... .49-50
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...52-53
КІРІСПЕ
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс
және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр
түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала
бастады. Сондықтан оларға оралман атауда берілді. Басқаша айтқанда,
халықаралық деңгейде репатриат деп аталатын бұл құбылыс өзінің
өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ
халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір
сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына
оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен
қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен
шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы
халыққа жолдауында – Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала
дайындау , қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға көбірек
зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар
жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады халыққа нұсқау беруі
оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және
бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек.
Оралмандарды елге көшірудің ең басты мақсаты халқымыздың демографиялық
жағдайын жақсарту және депопулизациядан құтылу болып отыр. Алайда елге
оралған қазақтарды әлеуметтік жағдайының, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің
көңілі толмайтыны белгілі, олардың күнкөрістері және баспана, жер,
азаматтық алу, оқу, жерсініп кетуі т.б. проблемаларын жетерлік.
Әлемде 13 млн-дай қазақ болса, соның 8млн жарымы Қазақстанда тұрады.
Сонда әрбір үшінші қазақ өз елінен тыс жерде өмір сүруде. Ирреденттер
(қазақтар) бірқатары өзінің ата-бабасының тарихи жерінде отыр, бірақ шекара
сызығын бөліскен кезде басқа мемлекеттің азаматы болып шыға келді. Кейбірі
қазақ тарихиндағы қасірітінің қиыншылығынан, саяси қудалаудан еріксіз
отандарын тастап кетуге мәжбүр болғандар. Осындай күрделі қиын заманда
басынан өтікізген босқындардың ұрпақтары елдің тәуелсіздігінің сыйы ретінде
ұрпақтары отанға оралуда.
Қазақтар дүниежүзінің 40-тан астам елінде, басым көпшілігі
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде тұрады. 2005 жылы 25 қыркүйекте
Астанада болған дүниежүзілік қазақтардың құрылтайында шет елдегі
қазақтардың саны туралы деректер келтірді: Өзбекстанда 967200, Қытайда
1258500, Ресейде 687800, Түркіменстанда 87000, Монғолияда 83000,
Қырғызстанда 42000, Түркия 20000, Ауғанстанда 28000, Украина 10500,
Тәжікстанда 10000, Әжірбайжанда 4000, Иранда 3450, Грузияда 3000, Латвияда
1000, Литва 800, Германия 700, Эстония 700, Жапонияда 40, Бельгияда 28,
Францияда 172 отбасы, АҚШ 23 отбасы,
Осы ұлттық көші-қон мәселесі күні бүгінге дейін еліміздің өзекті
проблемасының бірі болып келеді. 90 жылдары ұлттық саяси демографиясы
оралмандармен шешеміздеп мемлекетіміз әлеуметтік мәселеге тап болды.
Он алты жыл уақыттың өзі көші-қон барысындағы жетістіктерімен, бастан
кешірген қиындықтарға және жіберген олқылықтарға толы кезең болып отыр.
Көші-қон саясаты мен көші-қон тәжірибесі елімізде жинақталмағандығы көші-
қон мәселесін күрделендіріп жатыр. Қазіргі таңда әлемде тұратын
қазақтардың 7-8%-ы ғана көшіп келді. Онда бұл көштің басы болса, ендігі көш
бағыт қалай жүретінгігін анықтау мәселесі күн тәртібінде тұр.
Мемлекеттік көші-қон саясатын немқұрайлы жүргізілген салдарынан
бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі
(немесе басқа облысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі кездесетін
жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-і тұрған жерлерін ең азы 3
рет көбі 10 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі әсіресе ауылдық
жерде қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеді. Оралмандарды нақты бір
жерге қоныстандыру қоныстарын қайта – қайта өзгертуге жол бермеу.
Сонымен қатар ескі жүйенің сан жылдар қалыптасқан бұғауынан шығу,
экономикадағы өтпелі кезеңнің құлдырау мен дағдарыстан шығып, келесі бір
даму сатыға көтерілуде. Шеттегі қазақ диаспораларының мәдени және
әлеуметтік даму деңгейі біршама басқашалау. Қоныстандырудың мәдени-
әлеуметтік тәсілін еске ала отырып, мемлекеттік стратегиялық жоспарды
мақсат етіп еліміздегі маңызды елді-мекендерге қоныстандыруды қазіргі күні
талап етіп отырған мәселенің бірі. Осы проблеманы шешу жолы тек мемлекеттің
қатысуымен ғана шешімін таппақ.
Халықтық көші-қон туралы Заңын , ұлттық көші-қон саласына негіздеп
саяси әлеуметтік көші-қон бағыттарынының функиясын нақтылап жетілдіруді
мәселесі сұранысқа ие болып тұр.
Миргациялық процестерді тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды,
дұрыс қоныстандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дәрежедегі
мемлекет болып қалыптасуына кесерін тигізері анық. Сондықтан да бұл бағытта
бізге тек миграциялық заңмен реттеу функциясын жасау маңызды.
Зерттеу пәні: Тарихи отанына оралған қазақтардың бүгінгі және ертеңгі
жағдайлары қандай болу керек. Оларды ортаға қалай сіңдіру мәселесіде
ойландырмай қоймайды. Оралман деген атауды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырмау.
Қоғамдық психологияны дұрыс бағытқа бұру.
Қазақтың жерінде қазақтың демографиялық үлесінің азшылығы, осы мәселені
оралмандармен толтыру. Және бүгінгі, ертеңгі қазақтың мәселесін шешу
жолдарын талдау.
Зерттеу обьектісі: Оралмандардың әлеуметтік мәселесі болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты:
• Қазақ диасорасының әлеуметтік ортасын зерттеу;
• Еліміздегі жүргізіліп жатқан репатиациялау үрдісін зерделеп,
зерттеу;
• Оралмандар елімізге келгенде тап болатын әлеуметтік мәселелері
анықтау және әлеуметтанушылық шешу методикасын көрсету;
• Көші-қон саясатын талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
• Оралмандардың қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен әлеуметтік топ
екенін анықтау;
• Көші-қон саласындағы корропцияға жол бермеу және жою.
Бітіру жұмысының міндеттері:
• Оралмандар туралы толық ақпараттар жинау, оның ішінде БАҚ-нан,
ҚР заңдары мен заңдық актілерін, оралмандар мәселесімен
айналысып жүрген ғалымдардың еңбектерін қарау;
• Көші-қон саясатының бағытын қарастыру;
• Жиналған мәліметтер нәтижесінде оралмандардың қазіргі жағдайына
баға беру, проблемаларын ашып көрсету;
• Оралмандарды әлеуметтанушы ретінде сараптау;
• Мемлекеттің оралмандарға арналған әлеуметтік саясатына, істелген
жұмыстарын сараптау, кемшіліктерін анықтау;
• Қазақстандағы репатриация үрдісінің болашағына бағдар беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі кезде оралмандар мәселесін нақты баға
беріп, және репатриация процесінің жүруін зерттеу әлі тиісті деңгейде қолға
алынбай отыр, дегенмен аталған тақырыпта бірқатар ғалымдардың зерттеулері
мен жұмыстары бар. Мәселен, ғалым Мақаш Тәтімовтың Дербестігіміз
демография атты еңбегі оралмандар туралы жақсы тәппіштеп жазған. Философия
және саясаттану институтының ғалымдары ұсынған Қазақ диаспорасы: бүгіні
мен ертеңі атты шығармада өте керемет зерделеп, шетелдегі қазақтардың
болағашы және оларды қалай сақтау туралы концепциялар қадап айтылған.
Мейіржанов С.Т. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және
саясат деген туындысында, еліміздегі көші-қон процестеріне көп тоқталған.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ұсынған Әлемдегі қазақтар Астанада бас
қосты бұл кітапта екі жақты қарастырылған. Шетелдегі қазақтар мен
оралмандардың әлеуметтік мәселесін шешу жолдарын министрліктермен бірге
талдайды. Зардыхан Қинаятұлының Оралмандар олардың азаматтық құқығын
қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі туралы мақаласына шолу жасалды. Сонымен
қатар еліміздегі барлық аймақтарда тұратын оралмандар арасына жүргізілген
әлеуметтік зерттеулерде ескерілді. Мәселен Оралмандар: қазіргі жағдайы,
проблемалар және перспекивалары, атты зерттеу жасаған Әлеуметтік зеттеу
орталықының да жұмыстары қаралды. Сонымен қоса еліміздегі мерзімді
басылымдардағы көші-қон және оралмандар мәселесі туралы мақаларға шолу
жасалды. ҚР-ң заңдары, Президент Жарлықтары, Үкімет Қауылдары, Халықтық
көші-қон туралы Заң пайдаланды. Және оралмандарға қатысты нормативтік-
құқықтарға да шолу жасалды.
Бітіру жұмысынан күтілетін нәтиже:
1. Оралмандардың нақты мәселелерін анықтау;
2. Зерттеу әдістерін көрсету;
3. Мемлекеттің көші-қон саласындағы кемшіліктерді анықтау;
4. Болашақ көші-қон мәселесін зерделеп, шешу жолдарына бағыт беру;
5. Отанға келген қазақтарға моральды жағынан көмек беру;
6. Құқықтық, психологиялық қолдау жасау және ҚР-ң толыққанды азаматы
ретінде қалыптастыру.
Осы мәселелерге байланысты оралмандарға мемлекет тарапынан жасап жатқан
әлеуметтік көмектер бар. Бірақ та сол көмектері күрделі процестерге толы
және кемшіліктер жетерлік. Осы кемшіліктерге жол бермеу және оны жою
мақсатында пайдаланғанымыз дұрыс деп санаймын.
• Шетел қазақтарын сыртқы саяси мақсатқа қолдану;
• Азаматтық алудағы көп құжаттардың санын азайту;
• Тұрақты тіркеуді талап етпеу;
• Баспанамен қамтамас ету;
• Үй салуға жер тілімдерін беру;
• Шағын кәсіпкерлікті қолдау;
• Несие беру;
• Оралмандарға бөлінген 2 пайыз грантты 10 пайызға көтеру ;
• Бейімдеу орталықтарында ағарту саласында ілім беру;
• Осы сияқты т.б проблемаларды жоспарлы түрде шешуді қажет етеді.
Бітіру жұмысының жаңалығы: Қазақстандағы қазақ көші-қон саяси процесін
ғылыми деңгейде тәппіштеп, репатриаттарды әлеуметтанушы тұрғысынан
анықталды. Оралып келген қазақтарға әлеуметтік-мәдени баға беріп, оның шешу
жолдары көрсетілді.
Назарға ұсынылып отырған бітіру жұмысы оралмандармен әлеуметтік зерттеу
жүргізу жөнінде арналып жазылды. Жұмыс кіріспе, екі тараудан және
қорытындыдан тұрады. Сілтеме мен пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
Жұмыс жалпы 53 беттен тұрады.
I.Тарау Шетел қазақтары тарихи отанына қайта оралту мәселеснің теориялық
аспектілері
1.1 Қазақ иммиграциясына қатысты мемлекеттік саясат
Еуразия кіндігінде орналасқан, географиялық кеңістігі кең Қазақстан
ғасырлар бойы көшпенділік өмір салтының бағзы заманнан бастап қалыптасқан
көші-қон және демографиялық процестерде болған. Қазіргі таңдағы әлемдік
көші-қон мәселесіне Қазақстанда тыс қалған жоқ. Сонымен қатар ұлтттық көші-
қон саласында әлемдегі төрт мемлекеттің , яғни Германия, Ресей, Израиль
және Қазақстан репатриаттарын тарихи отанына көшіруді қолға алуда. Мындай
көші-қон саясаты біраз мемлекеттер басынан өткізді. Мысалы айта кетсек 1947
жылы Израил тәуелсіздік алғаннан соң дүние жүзіне шашырап кеткен еврей
ұлтын репатриациялау саясатын жүргізді. Ең алдымен Көші-қон министрлігін
ашты. Сол саясаттың нәтижесінде 30 жылда 2 миллион еврейді отанына көшіріп
алды. Негізгі көшіріп алу саясаты мұсылман әлемінен қорғанудың бір амалы
және ұлттық демографиялық үрдісті көбейту. Қазіргі таңда Израильде 4
миллиондай еврей тұрса, дүние жүзінде 10 миллиондай еврей ұлты тұрады.
Шетелде тұратын еврейлер сол мемлекеттің экономикасы мен ақпарат
құралдарына үстемдік етеді. Сонымен қатар 1960 жылдары Францияның отары
болған Африка мемлекеттері бірінің соңынан бірі өз тәуелсіздіктерін
жариялай бастады. Осы тұста Франция Президенті Де Голль мырза Көші-қон
министрлігін ашып, отарлау мақсатында барған француздарды еліне көшіре
бастады. Бұл көші-қон саясаты 2 жылда жүзеге асып, 2 миллионға жуық
мигранттар көшірілді. Сөйтіп Көші-қон министрлігі миссиясын сәтті аяқтап
жабылды.
Жалпы қазақ көшінің эмиграциялық және иммиграциялық себебін тоқтала
кетсек.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінің саяси-тарихи басынан өткен
стратегиялық мәдени, экономикалық, урбанизациялық, ұлттық көші-қон саясаты
болған. Көші-қон мәселесі тек XXI-ғасырда пайда болған үрдіс емес, ежелден
келе жатқан процесс. Еуропа, Еуразия сонымен қатар Қазақтың ұлы даласында
сан ғасырлар бойы көшпенділік өмір салты болғанын біліміз.
Қазақ диаспорасының қалай қалыптасқанын әлеуметтік–тарихи кезеңдермен
бөліп қарастыруға болады.
1.Абылай хан заманындағы аумалы-төкпелі кезеңдегі жоңғар шақпын-
шылығы, яғни 1723 жыл Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламасы. Демогроф
М.Тәтіновтың зерттеуі бойынша жоңғар шапқыншылығында 1 млн 100 мың қазақ
азаматтарының саны азайғанын айтады.
2. 1750 жыл қазіргі Қытай Алтайына Жәнібек Бердіқұлұлы бастаған керей
руының көші, Абылай хан заманында саяси билікке келіспеушіліктің әсерінен
туындады. Бұхар жыраудың керей қайда барасың деген өлең шумақтары дәлел
болады.
3. 1864 жылы Қытай және Ресей мемлекеттер арасындағы Шәуешек
халықаралық шекара бөлісу келісімі жасалды. Міне осының әсерінен қазақ
ирреденттері мен қазақ диаспорасы пайда болды. Екі үлкен державалардың өз
мүдделері үшін жасалған келісім мүлде жергілікті ұлтпен санаспады.
Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс және Шығыс өңірлері Қытай патшалығының еншісіне
берілді.
4. 1916-19921 жылдар аралығындағы соғыс зардаптары.
5. 1928-1932 жылдардағы қолдан жасалған саяси тәркілеу мен ашаршылық
кезінде миллиондаған қазақтар бас сауғалап шет мемлекеттерге кетуге мәжбүр
болды. Тіпті орны толмас қайғыға ұшыраған миллиондаған адам тағдыры
опассыз жүргізілген саясаттың құрбаны болды. Ауқатты қазақтардың малын
тәркілеу себебіде қазақ эмиграциясына сөзсіз әсерін тигізді.
6.1937-19938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін заманы. Қазақ зиялылары мен
діндар азаматтарды кеңес саясаты басты нысанаға алғанын білеміз. Мұстафа
Шоқай, Халифа Алтай бастатқан саясаткерлер сол кездегі саяси ықпалдардың
әсерінген атажұртын тастап кетуге мәжбүр болды. Кейбір статистикалық
деректерге сүйенсек, халқымыз 1645-1945 жылдар аралығында 5 млн. 50 мың
адамнан айырылған екен. 1897 жылы жалпыхалықтық санақтың мәліметтері
бойынша, республикамыздың қазіргі шекара аумағында қазақтардың үлесі 81%
болса, 1962 жылы бұл көрсеткіш ең төменгі-нүкте 29 пайызға түскен [1].
1991 жылы тәуелсіздік алған кезде 36-40 пайызды құраса, 2005 жылы
қазақтардың үлесі 57 пайызға өсті. Яғни елімізден көшіп кеткендер мен көшіп
келгендердің есептей отыра анықталды.
Осындай әлеуметтік саяси-тарихи құбылыстардың әсеріне қазақ ұлтының
екіге жарылып отыр. Яғни жергілікті қазақтар (Қазақстандағы) және қазақ
диаспорасы (шетелдегі қазақтар). Диаспораса грек сөзі, шашыранды өсу деген
мағананы білдіреді[2]. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің
немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын
репатриаттар дейді. Ал қазақ ирреденттері мемлекетаралық шекаралар
бөліскен кезде басқа мемлекеттің аумағында қалып қалған азаматтар. Олардың
атақонысы баяғыдан бері тұрып келе жатқан мекені. Мәселен, РФ-ғы
Орынбор,Омбы, ҚХР-ғы Алтай, Тарбағатай т.б.
Қазақстанмен жапсарлас болса да, тыс жерде саны қалың шоғыр күйінде
қалған және шалғай жерлерде тарыдай шашырап кеткен барша қазақ
диаспорасының 1998 жылы жалпы саны 5 млн. жарым мың деп есептеледі. Олар
барша саны 13 миллионнан асқан қазақ халқының 35 пайызын құрайды. Қазақтың
тыстағы осыншама мол шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан қырғыз
халқынан біршама көп, ал түркімендермен бірдей, башқұрттардан үш еседей
артық.
Ал Қазақстандағы көші-қон саяси процестері қандай және қалай болып
жатыр деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Жалпы көші-қон иммиграция
саясатын тарихи-әлеуметтік екі этапқа бөліп қарауға болады.
Бірінші 1954-1962 жылдар арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Шинжан-
Ұйғыр автономиясындағы ирреденттер мен қазақ диаспорасының үдіре көшуі. Бұл
көш қазақ иммиграциясының басы болды. Сондағы қиын-қыстау, жоқшылық заманда
қалай оларды қарсы алды. Қытайдан көшіп келген қазақтар мен қоса ұйғыр ұлты
да көшіп келді. Олардың нақты саны 130 мың. Ұлттық иммиграция саясатын
жүзеге асуы, көшіру науқаны сол кездегі қазақ ұлтының демографиялық
азшылықтан құтқаруға өзіндік үлес қосты. Әрине мұндай демографиялық ахуал
өте күрделі тіпті үрей туғызатын жағдайға әкелді. Қазақстанның әлеуметтік-
демографиялық жағдайын словяндар, еуропалықтар, кәрістер т.б. ұлт өкілдері
толтырды. Соғыс жылдары жер аударғандар және 1952-1954 жылдары аралығында
тың игеруге келгендер 2 млн-нан астам келімсектер келіп жетті. Бұл
дегенінің отарлау саясатының ұлттық келбетті өзгерту немесе ұлты эзотикаға
ұшырату. Соның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Тілімізден, дінімізден, салт-
дәстүрімізден айырлып қалдық.
Қытайдан елімізге көшкен қазақ азаматтар Қазақстанның әр түрлі
территориясына орналастырды. Көбі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және
Алматы облысына қоныстанды. Кеңес өкіметі оларға белгілі деңгейде жағдай
жасады. Үш айдың ішінде көшпенділерге жеке құжаттарын рәсімдеп берді. Кеңес
үкіметінің совхоз құру харакетіне таптырмайтын еңбек күші болды.
Көшпенділерді көбі мал шаруашылығымен айналысты. Сол кезде де әлеуметтік
проблемалар туындаған. Мәселен тұрғын үй, жұмыспен қамту, оқу мәселесі,
құжат алу, т.б. Нақты айта кетсек Нарынқол, Шелек, Панфилов, Кеген және
Ұйғыр ауданына қоныс тепкен ағайындар колхоздың өте нашар жөндеу көрмеген,
едендері де жоқ адамдар тұруға келмейтін үйдерде паналады [3]. Қазақ ССР
Министрлер кеңесі көшіп келушілерге жеңілдік жасау үшін үкімдер мен
қауылдар шығарды. Осындай көші-қон саясатын ең төменгі жергілікті басқару
органдары жүзеге асырды. Негізінде совхоз, колхоз директорлары қоныс
аударушыларғы жалпы әлеуметтік жағдай жасауда олардың еңбектері шексіз
болғанын ескерген жөн. Бұл проблеманың шығуы жоспарсыз көші-қон саясатын
жүзеге асыруы. Үш күнде 100 мыңдай азаматты орналастыру қандай қиын екені
түсінікті. Осындай қиындыққа қарамай әлеуемттік мәселені шешуге тырысты.
Тіпті жоғалтып алған құжаттарын жасап берудің заңдарын қарастырды. Бұл
процесс жылдам және тиянақты кең ауқымды жүрді. Азаматтарды құжаттандыру
үрдісі үш айда миссиясын аяқтады. Жұмыстың жылдам бітуі кеңес
бюрократиясының зор әсері болды. Ең басты Дінмұхаммед Қонаевтың елеулі
еңбектерінің бірі деп атап айтқан жөн.
Қазіргі таңда сол көпшенділердің жалпы жан саны 1млн-дай. Міне,
отарлық саясаттың этникалық азып немесе жұтылып кетпеуіне бірден–бір әсер
еткен қазақ миграттары болды. Қазір олардың ұрпақтары Қазақстан
Республикасының жоғарғы лауазымды қызметтерінде қызмет етуде. Мәселен
Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, Қазіргі Қызылорда облысының
әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сұлтан Жанболатов жазушы, белгілі ақындар
Марфуға Айтқожина, Оразақын Асқар т.б. көптеген интеллектуалдардың келгенін
еліміздің интеллектуалды дамуына шексіз үлестерін қосты. Қоғамдағы саяси
және әлеуметтік индустрияларды реформалау кезінде мәселен совхоз, колхоз,
зауыттар құруда айтарлықтай дамытуға атсалысты. Міне, ұлттық миграцияның
қазақ қоғамына тілдік, діндік, мәдени салт-дәстүрімізді өзімен бірге ала
келді. Бұл да қазақ елінің өз келбетін сақтап қалуға айтарлықтай әсері
болды. Кейбір зерттеушілердің мәліметіне жүгінсек, келген қазақ мигранттар
Қазақстандағы қазақ тілін сақтап қалуға бірден-бір қазақ тілді ресурстар
күші болды.
1954-1962 ж.ж аралығында мигранттардың тез ортаға сіңіп кеткені кеңес
қоғамының жан-жақты реформалардың жүргізіліп жатқанына тап келді. Ол
кездерде халықтың өмір сүру психологиясы біршама өзгерістерге ұшырауға
мәжбүр болды. Соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси құбылмалы өзгерістерге
қоғамның нақты мүшесі болып, Қытайдан қоныс аударған ағайындар етене сіңісе
алды. Бұл қазақ көші-қон иммиграция саясатының жемісі. Біздің тарихымыз,
өмір сүру салтымыз, жалпы көшпенділік процестер болған. Тарихи-әлеуметтік
көші-қон мәселесіннің факторы ретінде талдау маңызды.
Екінші шетел қазақтары тарихи отанына оралу немесе қоныстану үрдісі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктен бұрын басталып кетті. Сонымен көштің
басталуына Алматы обылысы, Керібұлақ ауданы атқару комитеті төрағасының
орынбасары В.М.Колупаев және ауыл шаруашылық бірлестігінің төрағасы Нұрбай
Жантілеуовпен жасалған алғашқы еңбек келісім-шарты 1990 жылы желтоқсанның
27-сі күні Сарыөзекте дүниеге келді. Содан 1991 наурыздың 17 күні
Монғолиядан Еңбек келісім-шарты бойынша ұлы көш тарихи отаны ҚР-ның
Талдықорған облысына 72 ағайын көшіп келді. Осы көштен кейін Қазақ еліне
алыс және жақын мемлекеттен де көшіп келе бастады. Бұл көштің басталуына
Монғолия Республикасының экономикалық-әлеуметтік дағдарыс пен тоқырауыға
ұшырауы да себеп болды [4]. Сонымен қатар мұндай факторлардың әсері болды;
жекешелендіру, жұмыссыздық, қазақ жастарының қазақша ЖОО–нда білім алудың
қазақ тілінде кеңістігінің тарылуы. Жалпы көшті басқарушылар МР-ның Еңбек
министрлігінде қызмет атқарған Жапарұлы Зуқа, Заханқызы Сағат, Тұрыспен
Аятхан сияқты ағайындар еді.
Бұл көш еңбек келісім-шартымен басталып, одан кейін мемлекеттен үлкен
қолдау тапты. 1991 жылы қарашаның 18 күні Басқа республикалардан және шет
елдерден Қазақстанның ауылды жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші
байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары
туралы мен Азаматтарды құжаттандыру туралы Қазақ КСР Министрлер
кабинетінде 711 қаулысы қабылданды. Бұл қаулы сырт елдерден тарихи отанына
қайта оралғысы келетін қандастарымыз үшін өте бағалы құжат болды.
Кешікпей, ҚР-ның Президент Н.Ә. Назарбаевтың Алыстағы ағайындарға ақ
тілек атты хатты жариялады. Бұл хатта шеттелде тұратын бауырларымызды
тарихи отандарыңа қайтыңдар деген ұран тастайды. Қазақ басшысының ұранынан
кейін елге көшушілер лег-легімен ағыла бастады. Қазақстан тәуелсіздік алған
кезден бастап, жалпы шет елдердегі этникалық қазақтарды атажұртына көшіріп
алу саясатын жүзеге асыруға кірісті. Елбасы саясатын қолдау мақсатында
Қазақстанның өнер жұлдыздары әлемде қазақтар тұратын мемлекеттерге
гострольдік сапарлар жасап, Елбасының және мемлекеттік саясатты жүргізу
миссиясын жақсы атқарды. Өнер жұлдыздары әлемде тұратын қазақтарды тарихи
отанға қайтуға ұйғарды. Бұл миссия өте сәтті аяқталды.
Экономикалық және тарихи тұрғыдан этникалық қазақтардың тарихи отанына
көшіп келуі мемлекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және ішкі
тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.
Қазақстанның этникалық иммиграциялық саясатын айқындауда 90-жылдары орын
алған экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, сондай-ақ, эмиграцияның
шарықтауы шешуші рөл атқарды. Өткен уақытта орын алған әр түрлі
репрессиялар мен қуғындардың салдарынан болған әділетсіздікті жою үшін
қабылданған этникалық иммиграциялық саясат халықтың орнын толтыру
жұмыстарын жүргізуде де маңызды орын алады. Осы тұрғыда қазақтардың
этникалық иммиграциясын дамыту ұлттық көзқарасты дамыту үрдісімен, ұлттық
ерекшелік пен мәдениетті сақтап қалуда және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын
қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Ұлттық иммиграция саясатын жүзеге асыру үшін нақты заңдардың
қажеттілігі керек болды. Сөйтіп, 1992 жылы 26 мамыр айында Көші-қон
туралы заң қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес, этникалық қазақтарға
тарихи отанына көшіп келуге құқық берілді. Заң жүзінде оралмандарға
иммиграциялық квота бекітіліп, этникалық иммиграция бойынша жұмыс істейтін
Еңбек министрлігінің жанынан Көші-қон басқармасы құрылып елге келген
оралман ісімен арнайы айналысты. 1992 жылы 23 қыркүйекте Министрлер
кабинеті Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасында
болған кезіндегі әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету
туралы № 791 қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасының Президентінің
жарлығымен 1996 жылы қабылдаған Шетелдегі ағайындарға қолдау көрсету
туралы мемлекеттік бағдарлама жасалды. Әрине бұндай құжаттар халықаралық
ұлттардың құқықғы болып табылады. Мәселен, бізден бұрын жоспарлы
стратегиялық бағдарламаларды қабылдап оны іске асыруда Ресей Федерациясы
орыс диаспорасына қолдау көрсетуге мақсат қойып, шетелдерде тұратын орыс
диаспорасын саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын жүзеге
асыруына, ұлттық ерекшеліктер сақтауға қолдау көрсету болып табылатын РФ-
ның шетелдеге отандастарына қатысты мемлекеттік саясат туралы бағдарлама
бойынша жұмыс істеуде. Ал біздің билік өкілдері болса, көрші мемлекеттің
бағдарламасының көшірмесін елімізге жасауда.
Тағы бір маңызды құжат 1997 жылы қабылданған 2000 жылға дейінгі көші-
қон саясатының негізгі бағыттары туралы деген пәрменді құжаттар қолданысқа
енгізіліп, оралмандардың құқықтық мүмкіншілігін кеңейтіп берді. Елбасы
айтқандай көші-қон ісі шынында да біздің еліміз үшін ең басты проблемаға
айналғаны шындық, Қазақ Елі газетіне берген сұхбатында.
Көші-қон саясатының маңызды құқықтары реттеу үшін 1997 жылы қайтадан
Халықтың көші-қоны туралы заң қабылданды. Бұл заң Оралман ұғымына
анықтама беріп, оралмандарға қатысты бірқатар мәселелердің басын ашып
берді. Сондай-ақ осы заңның 29-ші бабында оралмандарға берілетін 14 түрлі
жеңілдіктер, өтемақы мен басқа да атаулы көмек түрлері белгіленді. Демек,
елімізде оралмандар проблемасы осындай заңды күші бар Үкімет қаулылары және
Парламент қабылдаған, Президент қол қойған заңдар арқылы реттеліп келеді.
Әрине, заманның жаңаруы қоғамның дамуына байланысты Халықтың көші-қоны
туралы Заң әлі де жетілдіре түсу, толықтыра беру қажет екендігі белгілі.
Дегенмен Үкімет пен Парламенттің қазірге дейін қабылдаған қаулылары мен
заңдары аясында оралмандарға, әсіресе оралман жастардың оқуына үлкен
жеңілдіктер жасалып отырғандығын атап айтқанымыз жөн. 1997 жылы бұл
өкілеттік мемлекеттік орган Еңбек министрлігінің жанынан Көші-қон және
демография агенттігі құрылды. Агенттің басқарушы болып Алтыншаш Жағанова
ханым жайғасты.
Квота бекіту жүйесін енгізу, оралмандардың көшіп келуін және олардың
бейімделуін қадағалау Еңбек министрлігінің көші-қон департаментіне
жүктелген болатын; КҚЦА-ның бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан, ал
оның 16 жергілікті басқарламалары 14 аймақтарда және Алматы мен Астана
қаласында орналасып, тікелей Президентке бағынышты болды. 2004 жылы
қарашада КҚДА Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы
Көші-қон комитеті болып өзгертілді, бұл өз ретінде бақылау қызметінің
Президент Әкімшілігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне
ауысуына себеп болды. Көші-қон мәселесі мемлекеттік маңызды мәселесінің
бірі болса да, мемлекеттік мекеменің мәртебесін көтеру қажет етіп тұр.
Мәселен Көші-қон комитетінің құзреті төмен болғандықтан да жұмыс істеу
құқығыда тары болады. Сондықтан Көші-қон комитетін Көші-қон министрлігі
қылып қайта құру керек. Міне, сонда еліміздегі миграциялық проблемалар
шешуін табар еді.
Көші-қон комитетінен басқа оралмандармен әр деңгейде жұмыс істейтін
мемлекеттік органдар бар. Оларды тіркеуде, квотаға енгізуде, азаматтық
алуға арналған өкілеттіктер тек қана бір органға берілмеген, сондықтан да
бұл қызметтерде бюрократияға орын берілген. Сонымен қоса үкіметтік емес
ұйымдар (ҮЕҰ) оралмандардың әлеуметтік құқықтық мәселесімен айналысады.
1997 жылы Асар оралмандардың бірлескен ұйымы құрылған, т.б.
Әр түрлі органдарда дайындалған құқықтық үрдістердің қиындығы және бұл
жұмыстарды бір жерден үйлестіре алмау оралмандардың кейбір мәселесін
шешуге негіз бола алмады. Ендігі өзекті мәселені шешу.
1991 жылдан басталған Қазақ көшінің дәуірін үш кезеңге бөліп қарауға
болады.
Егемендікке қол жеткен тұстары өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі
атамекендеріне көшіп кетті. Ауыл шаруашылығына адам күші жетпеді. Қазақ
көшінің басталуы – Моңғол жерінен 10 мың отбасын қазақ жеріне шақырып
алудан басталды. Олардың басым көпшілігі жаңа ортаға бейімделіп кетті.
Біразы жайы болмай, кері кетіп қалды.
Екінші кезең, менің пайымдауымша, 1993-1998 жылдар. Жасыратыны жоқ, ол
жылдары жағдай өте қиын болды. Алдыңғы көшпен келгендер алдындағы
қарыздардың соңы 1998 жыл, тіпті күні бүгінге дейін созылып келе жатыр.
Үшінші кезең, 1998 жылдан 2004 жылдың ақпанына дейін жалғасты. Сол
аралықта атамекенге оралған қандастарымыз елге келу тенденциясы арта
бастады.
Жалпы оралман деген кім? Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны
туралы Заңының 1-бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ азаматтығы
жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеуге келген шетелдіктер болып табылады [5].
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің миграциялық комитетінің
мәліметі бойынша, Қазақстанның бірінші онжылдығында тарихи отанына
оралғандар саны 60 мың қазақ отбасын құраған. 230 мыңнан астам басқа
елдерден келген адамдар баспана алып, көлік шығындары мен жәрдемақы
төлемдері төленді. Жергілікті атқару органдар, кәсіпорын жетекшілері мен
ұйымдар айтарлықтай көмек көрсетті, көрсетіп жатыр. Оралмандар басқа
иммиграция субъектілері сияқты Қазақстан респу-бликасы территориясына
тұрған күннен бастап бес күн ішінде тіркелуі тиіс. Тіркеу жеке куәлігі
арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар қатары мен
тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Оралман мәртебесі не береді? Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан
Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады .
Ондай жеңілдік түрлері мыналар:
• Жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға
көмектесу;
• Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
• Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары
қызметінен босату;
• Орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
• Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын
алып беру;
• Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
• Бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар
қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;
• Қазақстан республикасын кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан
босату;
• Заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
• Қазақстан республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік
көмек көрсету;
• Кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
• Тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соныңішінде
сиыр);
• Келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат
бөлу.
• Иммиграция квотасы бойынша келген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер;
Иммиграциялық квота бойынша келген оралмандар квотаға жатпайтын
оралмандардан ерекшелігі бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер мен
төлемдер беріледі :
• Кеден төлемдері мен салықсыз шекарадан өту ;
• Тұрғылықты мекендеуге және мүлкін өткізуге кететін шығындарды өтеу ;
• Баспана алуға және бірреттік жәрдемақы төлеуге қаржы бөліну .
Сонымен қатар қосымша төлемдер республикалық бюджет есебінен бөлінеді
Оралман міндеттемелері; Халықты миграциялау туралы заңның 15 бабында
Қазақстан Республикасының консулдық немесе дипломатиялық өкілеттіктеріне
оралман ретінде танылулары туралы жолдау хат жазушылар мынаған міндетті :
• Уақытша орналасу орталығына 3 күн ішінде барып қайтуға жолдама алу;
• Миграциялық жағдайдың территориялық қызметіне сәйкес тұрған жері
туралы мәлімдеп, Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткендей ішкі
істер органдарына тіркелуі керек;
• Уақытша орналасу орталығында тұрудың бекітілген тәртібін сақтау;
• Денсаулық сақтау органдарының талаптар бойынша медициналық тексеруден
өту, егілу, сонымен бірге денсаулық сақтау органдарының жазғандарын
орындау;
• Сәйкес миграциялық қызмет орындарына жолдама хатты қарау үшін мәлімет
беру.
Жол-көлік шығындары үшін бірреттік жәрдемақы ҚР Үкіметінің 18.08.1999 ж
№1194 Оралмандарға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты мақсаттық
пайдалану ережесін бекіту туралы қаулысы оралмандарды жол-көлік
шығындарына бірреттік жәрдемақы төленеді. Республикаға өз бетімен көшу және
жүк тасу шығындары квота есебіне төмендегідей мөлшерде беріледі : әр
оралманның жол жүру төлемі жол жүру билеттерін көрсеткен кезде тегін ,
бірақ онреттік жәрдемақы мөлшерінде , жеке мүлкін тасуда оралман отбасына
бесреттік жәрдемақы есебінде төленеді. Мемлекеттік құзыреті мекемелерімен
бірлесе отырып оралмандарға осындай жеңілдіктер жасалады. Көп жағдай да
оралмандар өздерінің құқықтарын жеттік білмеуінен мемлекеттік жәрдем
ақыларынан қағылып қалуда. Еліміздегі заңдар мен қауылдар жақсы сөзбен
жазылады да бірақ оны жүзеге асыру шабан жүреді. Кейбір оралмандар осындай
жеңілдіктерді алу үшін парақорлықтың әсеріне көбі ала алмай жүр. Бұл қаржы
әлдекімдердің қалтасында жатқанын немесе айланымдарға салып жіберітін
алаяқтардың амалына мемлекет қарсы тұра алмай жатыр.
Айтулы бір кезең еліміз тәуелсіздік алған соң, әлемдегі қазақтар ғасыр
аяғында тоғысқаны болды. Әлемдегі қазақтар бастарын біріктіріп, алқалы
жиын өткізді. 1992 жылы күзде Алматыда дүние жүзі қазақтарының алғашқы I-
ші құрылтайы өтті. Осы жиында дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы құрылып,
оның төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Тікелей Елбасы қарауына
алып, ұлттық миграцияны шешудің жолдарын қарастынды. Он жылдан кейін
түркілердің рухани астанасы Түркістанда 2002жылы қазанның 23-24-і күндері
дүниежүзі қазақтардың II-ші құрылтай болды. Құрылтайдағы Елбасы сөзі,
Құрметті бауырлар! Сіздерді дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайының
ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Түркістан төрінде ұлы жиынның
өтуі-халқымыздың тарихында ежелден жалғасын келе жатқан жақсы дәстүр. Әйтсе
де биылғы бас қосудың бұрынғы жиындардан айырмашылығы бар. Сіздер
тәуілсіздіктің он жыл өткен, әлемдік Қауымдастықтан өз орнын алып,
әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтерілген Қазақ Еліне келіп
отырсыздар. ҚР-ң өсіп-өркендеуі бәріміз үшін де ортақ қуаныш. Сіздердің қай
жерде жүрсеңіздер де атамекенді қадір тұтандарыңызды, бабаларымыздан
дарыған қазақы қадір-қасиетімізді, ұлттық мәдениетімізді, салт-
дәстүрлерімізді, ана тілімізді көздеріңіздің қарашығындай аялап
сақтайтындарыңызды біз жақсы білеміз. Атажұртқа келген игі сапарларыңыз
сәтті болсын! - деп айтты [6]. Ал, III-і дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
2005 жылы қыркүйектің 28-30 күндері Астана қаласында өтті. Құрылтайға
әлемнің 32 елінде тұратын қазақ диаспорасының 300-дей өкілдері шақырылды.
Сондай-ақ, бұл жиынға ҚР Президенті Н.Назарбаев,Қазақстан Парламентінің
депудаттары, Республика Үкімет мүшелері, барлық облыстар мен Астана және
Алматы қалаларының делегаттары, зиялы қауым, түркі қоғамдық ұйымдар мен
бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Бұл құрылтайда қазақ болашақағын және
оны сақтаудың ой елегіне өткізді. Жалпы құрылтайдың мақсаты әлем қазақтарын
диолог жасай отырып, ұлттық миграцияны шешудің механизмдерін жасау, және
шет елде тұрып жатқан диаспораларды мәдени-саяси қолдау болып табылады.
Қазақ диаспорасын қолдау мақсатында шет елде тұратын қазақтар арасында
кіші құрылтай өткізіліп келеді. 1997 жылы Түркияда дүниежүзі қазақтарының
кіші құрылтайы өтті. Оған 11 елден 50-ге жуық өкілдер келіп қатысты. Сол
елде қазақтардың мәдени орталығы ашылды. 1997 жылы Баян-Өлгейде қазақтардың
кіші құрылтайы жалғасын тапты. 2004 жылы Ресей қазақтарының кіші құрылтайы
Омбы қаласында болды. Бұл қалада да мәдени орталығы ашылды. Ташкентте де
болды. Бұл кіші құрылтай Еуропа қазақтарының арасында да болда. Германияның
Кельн қаласында, Швецияның Вестерос қаласында және соның нәтижесінде осы
қалаларда қазақтардың мәдени орталықтары ашылды.
Саяси және
ақпараттық қолдау диаспораны халықаралық талап балып табылады. Елімізде
шетелдегі қандастарымыз Қазақстандағы әр бір мәселені жібермейді. Ақпарат
мәселесі шешімін тапқан. Қазір КазСат спутнигі арқылы, Caspionet спутник
арнасы арқылы Еуропадағы қазақтар еліміздегі оқиғаларды біле алады. Сонымен
қатар Хабар, Еларна, Қазақстан телеарнасы Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия,
Ресейдегі қазақтар көре алады. Алтын Бесік, Қазақ Елі, Көш, т.б
басылымдарды оқуға мүмкіншілігі бар. Интернет желістері qazaq.kz,
kazaktar.kz т.б көптеген сайттар ашылған. Әрине әлемдегі қазақтарды
ақпаратпен қамтамас етуді жаңа тәсілдерінде дамыту керек. Ақпараттық
байланыстардың қазіргі заманда маңызы өте жоғары. Біз олардың ұлт болып
сақталып қалуына міндеттіміз. Және шетелде тұратын қазақтарды
мемлекетіміздің сыртқы саяси секторларына пайдалану керек. Сонымен қатар
халықаралық бизнес саласында қолдау көрсете отырып өз мүддемізге айландыру.
Оларға үлкен саяса қолдау жасау әлемдік тәжірибе болып табылады. Мәселен
Ресей, Изриаль мемлекеттер сияқты бізде диаспорасы оңды және тиімді
пайдаланудың механизмдерін жасау қажеттіліктен туып тұр.
1.2 Оралмандарды қоныстандырудың ұлттық ерекшеліктері мен бағыттары
Қазақстан әлемде жер көлемінен 9-шы орында 2,7 млн. шаршы шақырым
территориясы бар. Халқы 15 млн-нан астым, 1 шаршы шақырымына 5,6 адамнан
келеді. Бұндай үлкен кеңістікті игерусіз бос қалдыруға болмайды. Қазақ
халқының кең байтақ даласына шетте жүрген бауырларымызды мақсат қойып
көшіру маңызды.
Бұл тақырыпта оралмандар туралы нақты қай территорияда тұратынын
және берілген нақты мәліметтер бойынша көрсеткіштер берілген, соның ішінде
демографиялық ахуалы жайлы, қоныстандырудың географиялық ерекшеліктері
және қайталанған көші-қон үрдістері мен ұсыныстар да талқыланған.
Сонымен қатар статистикалық көрсеткіштер ресми деректерден және халықтан
әлеуметтік сауалнама қою арқылы жауап- тар зерделенген. Демографиялық
көрсеткіштер бойынша 2006 жылы қыркүйекте Қазақстанда тұратын жалпы
оралмандардың саны 464426 адам болды, ал отбасы бойынша есептегенде
117 698-ні құрады. Жас ерекшеліктеріне арай талдау көрсеткендей
оралмандардың шамамен 43% - і жастар, ал 52% -і жұмысқа қабілетті адамдар,
ал 5%-і зейнеткерлер болып табылады. Оралмандардың жыныстық құрылымы
Қазақстан халқының жын-ыстық құрылымына сай келеді, 48% ерлер және 52%
әйелдер. Қазақстан халқының жалпы құрылымы 49% (ерлер), 51% (әйелдер). Көші-
қон комитетінің мәліметтеріне қарағанда 163 376 адам (35%) некеге тұрған.
Шамамен оралмандардың 76%-і 1992 жылы азаматтық алған. 21%-і азаматтық
алуды күтіп отыр. Немесе белгілі кедергілердің әсерінен, яғни тұрақты
тіркеудің болмауы, тағы бір себебі еліміздегі тоңмойынды бюрократтардың
оралмандарға дұрыс жұмыс істемеу немесе азаматтық алуға өтініш беруге
дайын, 3%-і азаматтық алғылары келмейді. Азаматтық алғылары келмейтіндер
сауда-саттықпен айналысып жүрген азаматтар. Келесі бір тобы зейнеткерлер
болып табылады. Олардың елімізде әлеуметтік статусының төмендігіне
байланысты заң бойынша ең төменгі зейнетақы тағайындалған сол себептенде
оралман зейнеткерлер азаматтық алудан бастартады. Қазақстандағы келіп
жатқан иммигранттардың жалпы санында оралмандар 33% құрайса, 2005 жылы
оралмандардың саны елге көшіп келген жалпы иммигранттардың 80% құрады. Яғни
тарихи отандарына оралып жатқан ағайындарымыз жылдан-жылға көбеюде.
Оралмандардың көшіп келген елдері. Оралмандардың көшіп келген елдері
Шығыс Азия мен Таяу Шығысқа дейін созылып жатқан Батыс Еуропаны қамтиды.
1991-2005 жылдар аралығында оралмандардың көшіп келген елдері Өзбекстан
(285 409), Монғолия (71 507), Түркіменстан (41 787), Қытай (22 117), Ресей
(18 632). Көшіп келген елдердің ішінде Иранды, Түркияны, Ауғанстанды,
Пәкістанды, Қырғызстанды және Тәжікстанды да атауға болады; кейбір
оралмандар ТМД елдерінен, Шығыс Еуропадан, Даниядан және Израильден көшіп
келді. Соңғы 10 жыл көлемінде көшіп келгендер туралы ақпаратға қарағанда.
Жыл сайын Өзбекстан мен Монғолиядан көшіп келіп жатқан оралмандар туралы
ақпаратты байқауға болады. 2001 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға 24859 адам,
2002 жылы 87596 адамға дейін көшіп келді. 2004 жылы бұл көрсеткіш 46787
адам болса, 2005 жылы қыркүйекте тағы да күрт өсті (78 123-ге дейін).
Олардың көшіп келу себебін сол кезде Премьер-министр Иманғали
Тасмағанбетовтың тікелей ықпалы болғанын жасыруға болмайды. Сонымен қатар
көштің әсері көшкен елдерінің экономикалық жағдайының тұрақсыздығы мен
қатар қазақ ұлтының тұрған жерінде потенцаналдары әлсірей бастауы.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы қақтығыстар. Қазақ мектептері
жабылуы, ұрпақ тағдырына алаңдаушылықтан т.б. себептер болды.
1.сурет Оралмандардың көшіп келген елдері
Оралмандар Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрады. Оңтүстік Қазақстан
облысында оралмандардың басым бөлігі тұрады (122 131). Бұл шамамен
Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандардың 26%-н құрайды. Екінші орында
оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бөліп көрсетуге болады. Бұл жерде
61 737 барлық оралмандардың 13%-ті тұрады. Алматы және Жамбыл облыстарында
60 770 және 49 365 оралман тұрады. Ең аз оралмандар тұратын облыстарға
Батыс Қазақстан, Атырау облысы мен Алматы, Астана қалалары жатады.
Мұндай қоныстандыру жағдайы әр түрлі факторлармен түсіндіріледі.
Біріншіден, квота өңірлік бөлініске бағытталған, сондықтан да квота өмір
сүру жерлерін шектейді. 90-жылдар квота көбінесе Солтүстік Қазақстанға
бағытталған болатын. Бұл етек алған солтүстік және орталық аумақтардағы
эмиграциялық ағымдардың халық санын төмендетуге әкеліп соққан залалдарын
жабу мақсатында жүргізілген болатын. Миграциядағы өзгерістерге сай квота
кейінгі жылдары оңтүстік облыстарға жылжи бастады, бұл оралмандардың
ұсынысы мен талаптарына бойынша қоныстандыру үдерісіне (географиялық
бағытына) сай келеді. Мысалы, 2005 жылы квотаға енгізілген оралмандардың
73% (15 000 отбасының 10 885-і) Өзбекстаннан көшіп келіп, Оңтүстік
Қазақстанға қоныстанды. Квотаға енгізу өтінішін бергендер қай облыста
тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Таңдау өкілеттігі бар облыстық Көші-қон
департементіне өтініш бойынша квота лимитіне негізделген нақты шешім
қабылдайды. Белгілі бір облысқа өтпей қалған өтініш берген оралман басқа
облысқа квотаға енгізілмейді. Егер оны сол облысқа квотаға енгізбесе, ол
тіптен ешқандай квотаға енгізілмейді. Квотаға енгізілмегендер өтінішін тек
қана келесі жылы қайта бере алады.
Оралмандарға квотаны анықтау. Оралмандардың иммиграциясының квотасы
халық санының өзгеруіне, елдің экономикалық және қаржылық жағдайына
байланысты әр жылға анықталады.
Квотаның көлемі ҚР Президентінің жарлығымен бекітіледі. 1993 жылы
бірінші рет жылдық квота бекітілген болатын, осы квотаға сәйкес 10000
(шамамен 40000 адам) отбасының көшіп келуіне немесе репатриация жасауға
мүмкіндік берді. 90-жылдары квотаның көлемі едәуір өзгерді, 1999-2000 жыл-
дары 500 отбасына дейін төмендеді. 2002 жылы экономикалық жағдайдың
жақсаруымен байланысты квота көлемі біршама көтерілді. Оралмандардың 2005-
2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасының
Президентінің 2004 жылғ 27 желтоқтандағы №1508 Жарлығынан кейін квотасы
көбейе түсті. 2005 жылы 15000 отбасына дейін жоғарылады. 2007-2010 жылға
дейін әр жыл сайын 15 мың отбасын көшіру бағдарламасы жасалу үстінде.
1. Кесте
Оралмандарға бөлінген квота (жылы, отбасы)
1993 10000 1996 4000 1999
Солтүстік 28.8 34.6 24.2 5.6
Оңтүстік 42.5 19.7 15.4 7.4
Батыс 46.4 13.7 23.6 4.8
Шығыс 26.2 18.4 24.6 17.2
Орталық 31 28.4 29 10.6
Алматы қаласы 28.2 33.6 18.1 16.1
Республика 34 25 22.5 10.1
бойынша
Жалпы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда оралмандарға деген сыни
көзқарас келесі аймақтарда басым болып отырғанын байқалады:
Шығыста - немқұрайлы (24.6%) және нашар (17.2%);
Орталықта - шыдамды (28.4%), немқұрайлы (29%) және нашар (10.6%);
Алматы қаласында - шыдамды (33.6%) және нашар (16.1%).
Бұл тұрғыда Солтүстік және Батыс аймақтар орташа ойды білдіргенін көруге
болады:
Солтүстік - шыдамды (34.3%) және немқүрайлы (24.7%);
Батыста - жақсы (46.4%) және немқұрайлы (23.7%).
Оралмандар үшін ең қолайлы аймақ оңтүстік өңірі болып отыр сауалнамаға
қарасақ;
- жақсы (42.5%), шыдамды (19.7%) және немқұрайлы (15.4%).
Респонденттердің оралмандарға мінездеме бергеніне яғни,
қазақстандықтар шет елдерден келген қазақтарға қандай сипаттама
беретіндігіне де көңіл аудара кету өте маңызды. Аталған зерттеу
көрсеткендей оралмандардың әлеуметтік статусына респонденттер түрліше ой
білдірген. Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігінің қоғамдық санасында
жағдайын жақсартқысы келгендер деген пікір басым болғанын көреміз. (2
кесте қараңыз)
Қазіргі таңда әлемде тұратын қазақтарды 7-8%-ы ғана көшіп келді.
Көштің басы болған соң оларды қалай орналастырды жостарлы түрде
қоныстандыру маңызды. Шетелден келіп жатқан оралмандарды нақты қандай
территорияға қоныстандыру деген мемлекеттік концепция жоқтың қасы. Тек
мемлекеттің қауіпсіздігі үшін Солтүстікке қоныстандыру бағыты ғана болған.
Қазақтану саясатын жасау біздің мемлекетіміздің негізгі мақсат болып
табылады. Сондықтан да менің ұсынарым оралмандарды қоныстандырудың негізгі
бағыттары;
1. Солтүстік Қазақстан территориясына орналастыру керек.
Бұл дегеніңіз ұлттық қауіпсіздігіміздің, ұлттық саясатымызды нығайтуға бір-
бірден амал болып табылады. Қазақ ұлтының Солтүстікте азшылығы әрине
мемлекеттік саясатты жүргізуге кейбір кедергілері бар. Еліміздегі
диаспоралар (орыс) топтасып орналасуы қазақ қоғамына бейімделуді тежеп
отыр. Міне, осындай мәселені оралмандарды Солтүстік өңірге қоныстандыру
арқылы ұлттық саясатты жүзеге асырамыз. Мәселен, қоныстандыруды мақсат ете
отырып белгіленген елді-мекенге 100-200-дей отбасынны біржолата
орналастыру. Қоныстандырған кезден бастап олардың әлеуметтік мәселесін
шешіп беру керек. Мәселен, қазақ тілінде оқитын мектептер ашу, балабақша,
мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге жағдай
тудыру. Ағайындарды тарихи отанына көшіріп алып келіп, орастандыру
процесіне ұшыратпауымыз маңызды.
2.Қазақ диспорасы Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарына
байланысты қоныстардыру.
Мәселен, географиялық және климаттық жағдайы, мәдени салт-дәстүрдің
байланыстығы бар екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz