Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Негізгі заңдардың дерек көзі ретінде пайда болуын сынау.

2. Негізгі заңдардағы тарихи мәліметтердің деректік маңызы.

Қорытынды.

Сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Моңғолдардан кейінгі уақытта Қазақ хандығы шеңберінде ХҮ ғасырдың екінші жартысы - ХҮІ ғасырдың басында Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның (Жетісу), кең-байтақ далалық аймақ Шығыс Дешті Қыпшақтың ұзақ уақыт бойы саяси бөлшектеліп келген халқы, жалпы мемлекеттік дамуға мүмкіндік алды. Мұны ұлттық мүдделер мен мақсаттарға сәйкес, қоғамдық қарым-қатынас ережелерін реттейтін, құқықтың, яғни мемлекеттіліктің негізгі белгісі болып табылытын, мемлекет механизмінің құрылысы мен іс-әрекеттерін реттейтін заңдық жүйенің, қазақ хандығы тұсында болуымен сәйкестендіреміз.

Алғашқы қазақ билеушілері Жәнібек пен Керей хандар мен олардың мирасқорлары Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан және басқа қазақ хандарының іс-қимылдарындағы негізгі бағыт, жаңадан пайда болған мемлекетті нығайту, саяси біртұтастығын сақтау, сонымен қатар территориясын қорғау міндеттері тұрды. Осы айтылған мәселелерді шешуде, әсіресе Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан үлкен қажырлық танытып, саяси көрегенділік көрсетті. Яғни, қазақ халқының ынтымағын, бірлігін, салт-дәстүрін бір жүйеге келтіріп, мемлекеттің саяси әл-ауқатын нығайтып отырған ұлы хандарымыз “Қасымханның қасқа жолы”, “Есімханның ескі жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы” - қазақ хандығы тарихының негізгі дерек көзі болып табылатындығына талас жоқ. Демек, ұлы хандарымыздың шығарған қоғамдық қатынастарды реттейтін, бүкіл халықтың дау-дамайын шешіп ауыз біршілікке шақыратын, қазақ хандығы тарихының құнды дерегі болып табылатын заңдар - елді тұтас біріктіру жолында табысқа жетудің кілті болды.

Қазақ хандығының нығаюы, оның құрамында этникалық аумақтың бірігуі ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ хандарының билік ету кезеңімен байланысты. Бұл кезең біршама зерттелгенімен, қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық жүйелеріне зерттеушілер әлі қалам тартпаған. Яғни, “Есімханның ескі жолы”, “Қасымханның қасқа жолы” заңдары түп нұсқасы анықталмай, тек ауызша тараған. Бұл заңдар зерттеуді қажет етіп, өз зерттеушісін күтіп отырған мәселелер болса, ал Тәуке ханның жарғы заңын тек заңгерлер заңдық тұрғыда зерттеген. Демек, қазақ хандығы тарихының негізгі дерек көзі болып табылатын қазақ хандарының негізгі заңдарын деректік тұрғыда зерттеу бүгінгі таңның аса маңызды мәселесі.

“Өткен өміріміздің тарихын білмей тұрып, қазіргіні болжау мүмкін емес”, - деген екен ұлы ғалым әл-Фараби. Құқықтық жүйенің қалыптаса келіп, конституцияға ұласу тарихын әрбір ұлтжанды азамат білуі тиіс.

Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген кезеңде өткен тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан саралап, тарихымыздың “көлеңке беттерін қайта қарастырып, тарихи тұлғаларымызды түгендеп жатқан тұста, тарихтың бір саласы деректану ғылымы арқылы деректерді іздеп табу, таңдау, жүйелеу, сыни талдау және сыныптау арқылы жазылған бітіру жұмысына негіз болып отырған бұл мәселенің өзектілігі бұрынғыдан да арта түсері хақ.

Кеңестік тарихнамада қазақ қоғамындағы таптық бөлініс біржақты көзқараспен зерттелген еді. ХҮ ғасырдың ортасынан - ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүрген тәуелсіз қазақ хандығының саяси тарихы, яғни хан, би, сұлтан тұлғалары өз бағасын ала алмай келді. Ал ұлттық сана-сезім жоғары дамып отырған уақытта мұндай қателіктердің басын ашып жаңаша талдау аса қажет деп ойлаймын. Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайын ашып көрсететін, сол қоғамдағы заңдардың зерттеу объектісіне айналмағаны, әрине, ғылым үшін орны толмас өкініш. Осы орны толмас өкініштен ұлт тарихының тағдырын аман алып қалу, біздің, яғни ұлтжанды жастардың қолында. / 1/ Сондықтан таңдалынған өзекті тақырып өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі маңызды қажеттілік деп ойлаймын.

Тақырыптың деректік негізі . Қазақ хандарының саяси-құқықтық сипаттағы заңдар жүйесінің құжаттық немесе сол кездегі жазба нұсқасы бізге жетпеген. Тіпті қазақ хандығының ішінен болмаса да, бір дәуірде өмір сүрген алыс және жақын шығыс мемлекеттерінің жазбаларында да ондай мағлұматтар осы күнге дейін кездеспеген.

Орта ғасырдағы қазақ хандығы кезеңінің тарихын, хандардың мемлекеттік саясаты туралы деректерді негізінен алғанда Шығыстың Қазақ еліне шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазбаша деректемелердің материалдарынан және орта ғасырлық араб, парсы тарихшыларының еңбектерінен кездестіреміз. Бұл деректерде қазақ хандарының заңдарының нақты түпнұсқасы жазылмаса да, қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, құқықтық тағы басқа мәселелерінен мол мағлұмат аламыз. Қазақ хандарының заңдарының мазмұны бағдар, мақсаты - хандардың мемлекеттік саясатымен тығыз байланыста құрылып, өзара үндестікте өрілген.

Әсіресе, ХҮІ ғасырдың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и-Рашиди” шығармасында жазылған қазақ хандығының алғашқы тоқсан жылдық тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалады. / 2/ /3/

Сондай-ақ, ХҮ ғасырдың екінші жартысы - ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегі кезеңіне байланысты Моғол және Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер мәселенің дерек көзі болып табылады.

Қазақ хандығы кезеңінің тарихы бірнеше шығармаларда баяндалады. Олар авторы белгісіз “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме”, Молла Шадидің “Фатх-наме”, Камал ад-Дин Бинайдың “Шайбани наме”, Ақсақ Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін салған, ұлы жазушы Бабырдың “Бабырнама” атты еңбектері / 4/

Абдаллах Мұхамед бен Әли Насруллахтың “Зубадат-ал-асар” шығармасында ХҮІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығы мен шайбанилық Мауереннехр арасындағы саяси қатынастар туралы көптеген құнды мәліметтер кездеседі. Сондай-ақ ол кітабында: “Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін үшін туған адам еді, - деп жазады” / 4/

Шайбанилық деректер ішінде қазақтар туралы, олардың шаруашылығы, әдет-ғұрпы, заңдары, діні, Сыр бойындағы қалалардың ХҮІ ғасырдың басындағы жағдайы туралы ең маңызды мәліметтерді Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидың “Михман-наме Бухара” атты еңбегінен табамыз. / 5/

Автордың өзі 1509 ж қысында (3-жорық) Мұхаммед Шайбаниханның қазақ хандығына жасаған жорығына қатынасып, жорықтың себептері мен мақсатын, оқиғалардың барысын және қорытындысын баяндайды. Оның мәліметтері тың, әрі дәлдігімен құнды. Бұл дерек Дешті Қыпшақ пен Қазақ хандығына қатысты оқиғаларды бір жақты, яғни шайбанилық әулеттің ресми көзқарасы тұрғысынан баяндалып, қатаң цензураны басшылыққа алғанына қарамастан қазақ хандығы дәуірінің құнды дерек көзі болып табылады.

Парсы тарихшысы Искандар Муншидің “Тарих-и алмара-йи Аббасиында” Есім хан заманы мен оның жүргізген саясаты, қоғамдық жағдай жақсы баяндалады. Өз жұртынан қуғындалып, қазақ елінде, Есім ханның сарайында құрметті мейман болған Әбілғазы-бахадұр хан атақты “Шежіре-и-түрік” кітабында құнды мәліметтер қалдырған.

Әз Тәукенің кеңесшісі Қожаберген жыраудың жырлары да деректік қорымыздың алдыңғы сапынан орын алады.

Мәселенің зерттелу деңгейі (тарихнамасы) .

Орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан тарихын зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап берік негізге ие болды. Ол В. В. Вельяминов-Зернов пен Ш. Ш. Уәлихановтың есімдерімен тікелей байланысты. Аса көрнекті ориенталист, шығыстанушы В. В. Вельяминов-Зернов өзінің 1864 жылы жазған “Исследование о Касимовских царях и царевичах” атты еңбегінің екінші томында алғаш рет ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ тарихына назар аударып, ғылыми тұрғыда зерттеді /6/. Онда Қазақ хандығының тарихы рет-ретімен баяндалып, бұл мемлекеттің құрылуы туралы пікір айтылады.

Орыс шығыстанушылары есімдерінің арасында қазақтың тұңғыш шығыстанушы-ғалымы, этнограф Ш. Ш. Уәлиханов көрнекті орын алады. Оның бірқатар еңбектерінде («Қырғыз шежіресі», «Қырғыздар туралы жазбалар» т. б. ) қазақ хандарының генеологиясы, Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасының арасындағы саяси қатынастар, ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік жағдайлары, әдет-ғұрыптары туралы жазады. Қазақтың аса көрнекті ғалымы, ағартушысы, ойшыл демократы еңбектерінің толық жинағын 1960-шы жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясы дайындап басып шығарды, ал 1980-ші жылдарда қазақ және орыс тілдерінде қайта басылып шығарылды /7/.

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында, яғни Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдарда арнайы Қазақстан тарихына арналған, соның ішінде қарастырылып отырған кезеңге мейлінше көңіл аударған зерттеулер пайда болды. Бұлар А. П. Чулошниковтың, /8/. М. Тынышбаевтың /9/. С. Ж. Асфендиаровтың / 10/ еңбектері. Ақын һәм философ Ш. Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” деген шығармасын да атап өтуіміз керек /11/. Аталған еңбек қазақ халқының тарихын Әбілғазы, Н. А. Аристов, В. В. Радлов еңбектерінің негізінде ана тілінде жаңғыртуға әбден сәтті жасалған әрекет болатын.

1943 жылы тұңғыш ұжымдық еңбек - “Қазақ ССР тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) ” жарық көрді /12/. Кітапты авторлар ұжымы - Б. Д. Греков, А. М. Панкратова, Е. Бекмаханов сынды ғалымдар жазып шықты. Онда ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының саяси тарихы мықты да құдыретті деп сипатталып көрсетілді. Бірақ бұл еңбек Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитеті тарапынан, феодалдық өткен заманды дәріптеушілік деп қатаң сынға алынды.

Соңғы орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан тарихының негізгі проблемалары, ішінде көрнекті ғалымдар: Н. Г. Апполова, Г. Ф. Дахшлейгер, Ә. Х. Марғұлан, В. Ф. Шахматов сынды авторлар ұжымы 1957 жылы “Қазақ КСР тарихының” жаңа екі томдық басылымының 1-ші томын шығарды. /13/. Онда ХІІІ-ХҮІІ ғасырлар тарихына, яғни Қазақстан моңғол үстемдігі кезеңінде; қазақ халқы мен Қазақ хандығының құрылуы; Қазақстанның ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастары мен саяси құрылысы жан-жақты қарастырылды. Әлбетте, Бұрындық және Қасым хан билігі тұсындағы кезеңдерге қорытындылар жасалды.

1960 жылдары қарастырылып және парсы және түрік тіліндегі деректерді анықтап, жариялау мен зерттеуге зор үлес қосқан С. К. Ибрагимов болды/ 14/. Орта Азия тарихын зерттеуші, шығыстың түпнұсқа деректемелерін жариялау арқылы кеңінен мәлім болған тағы бір тарихшы А. А. Семенов ХҮ ғасырдағы шайбанилер әулетінің тарихы, оның ХҮ ғасырдың аяғы - ХҮІ ғасырдың басындағы қазақ хандарымен қарым-қатынастары зерттелген еңбектерін жариялады /15/.

Бұдан кейінгі кезеңдерде қазақ қоғамындағы ішкі құрылымының әлеуметтік ахуалын анықтауда зерттеуші-тарихшылар М. Х. Әбусейітова / 16/. Б. Б. Кәрібаев, /17/. В. П. Юдиннің, /18/ және Т. И. Сұлтановтың /19/. еңбектерінде зерттеу тақырыбымызға өзек болып отырған мәселелер жан-жақты талданып, зерттелді. Әсіресе Т. И. Сұлтановтың еңбектерінде Қазақ хандығы тарихы мәселелерінің барлық жақтары қозғалды деуге болады. Мәселен, зерттеуші - Қазақ хандығын біртұтас мемлекет деп жазып, сонау Шыңғыс ханнан бастап ХҮІІІ ғасырдың басында билік еткен Тәуке ханға дейінгі билеушілерінің генеологиясы таратылған / 20/.

Мәселенің тарихнамасын қозғағаннан кейін, зерттеуші А. Исиннің есімін және оның зерттеулерін айтпай кетуге болмайды. Ол ХҮІ ғасырдағы Қазақ хандығының, әсіресе Қасым хан билігі кезіндегі тарихын зерттегенде орыс мұрағатының, елшілік бұйрықтарының материалдарын пайдаланған.

Мәселенің зерттелуі ХІХ ғасырда Ресей шығыстанушыларынан бастау алып, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған соңғы жылдарға дейін жалғасып келеді. Осы жылдар ішінде, ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы Қазақстан тарихы жан-жақты зерттелді деп айтуға болады. Оған ХХ ғасырдың 50-70 жылдары орта ғасырлық парсы және түрік деректерінің көптеп табылуы, олардың аударылып ғылыми айналымға енгізілуі үлкен септігін тигізді. П. И. Рычков, /21/ П. С. Паллас, /22/ И. Г. Георги, /23/ И. И. Андреев /24/ сынды Ресей тарихшылары алғаш рет қазақ шаруашылығы, саяси өмірі туралы мағлұмат береді. Әсіресе П. И. Рычков Кіші жүздің саяси тарихы мен патша өкіметінің Қазақстандағы, әлеуметтік-құрылымы туралы біршама жазған. Ал, П. С. Паллас қазақ халқының мәдени өмірі мен әлеуметтік құрылысы туралы айтып өткен. Сонымен қатар, И. Г. Георги еңбегінің де маңызы бар екенін айтуымыз керек. Оның еңбегінде ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы едәуір нақты деректер негізінде мәліметтер келтірілген. Бұл еңбектің деректік құндылығы жоғары, өйткені, мұнда хандар шежіресіне қатысты жүздерге байланысты мәліметтер кездеседі.

Ал, ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген орыс тарихшылары Г. Спасский /25/ А. Е. Левшин /26/ бүгінгі күнге дейін өзіндік маңызын жоймаған тарихи зерттеулер қалдырды.

А. Е. Левшин еңбегінде қазақ халқының тарихи-этнографиялық және географиялық жағдайы кеңінен қамтылған. Сондай-ақ, ХҮІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың басы аралығындағы саяси жағдайлар баяндалған. Бірақ баса көрсетіп айтатын мәселе А. И. Левшиннің патша саясатының отаршыл ниетінен шыға алмай қазақтарды “тағы”, “жабайы” деп дөрекі түрде қателіскенін айтуымыз керек. Г. Спасский болса “Жеті Жарғының” алғашқы қағазға түсірушісі болды. Ол ұлттық тарихымыздың әдеттік-құқық жүйелерін зерттеуде, 1816 жылы өзі қатынасқан экспедиция бойынша қазақ халқының тұрмысынан хабар беруші ретінде алатын орны ерекше.

Қазақ халқының әдеттік құқықтарын жинау, зерттеу бағытындағы жарық көрген еңбектер Л. Ф. Баллюзек, /27/ П. Е. Маковецкий, /28/ Д. Я. Самоквасов, / 29/ Л. А. Словохотов, /30/ В. В. Бартольд, /31/ И. И. Крафт / 32/. еңбектері де әлеуметтік-экономикалық даму, тарихи оқиғаларға байланысты талқылау үшін өзіндік құны жоғары зерттеулер. Жалпы алғанда орыс зерттеушілерінің еңбектерінде бір жақтылық сақталған, олар қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктерін жете түсінбегенін, сөйтіп оған тек артта қалушылық сипатта түсінік бергенін баса көрсетеміз. Сондай авторлардың бірі А. В. Радлов, /33/ А. Е. Алекторов, / 34/ Аристов / 35/. еңбектерін атауға болады. Қазақстандық зерттеушілер ішінде бұл кезең тарихын қарастырған Е. Б. Бекмаханов /36/ С. З. Зиманов / 37/. Тәуке ханның “Жеті жарғысына” кеңінен талдау жасаған еңбектің бірі С. Созақбаевтың “Тәуке хан. Жеті жарғы” монографиясы /38/. Қазақ хандарының заңдары философиялық, құқықтық, отан тарихы саласынан көптеген кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Атап айтар болсақ, Кемелбеков Қ. Б. “Қазақтың әдеттік-құқықтық мәдениеті және оның қалыптасу кезеңдері” /39/ атты тақырыпта философиялық тұрғыдан, Өсеров Н. “Қазақтың әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсерін зерттеу” / 40/, деген құқықтық тұрғыда зерттелген және отан тарихынан Телеуова Э. Т. жазған “Тәуке тұсындағы қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық аһуалы”, /41/ т. б. ғылыми жұмыстар тақырыптың тарихнамалық шеңберін кеңейте түседі. Қазақ халқының құқықтың дүнесінің жиналып, зерттелуіне зор үлес қосып жүрген халық жанашыры С. З. Зимановтың жетекшілігімен “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан он томдық “Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер” еңбегі қазақ халқының заңдарын зерттеуде бағыт беретін бірден-бір еңбек. Осы он томдық еңбектің ІҮ томында қазақ хандарының заңдары, яғни “Қасым ханның Қасқа жолы”, “ Есім ханның Ескі жолы”, Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңдары, олардың тізімі мен нұсқалары, зерттеулер мен пайымдаулар, пікірлер жазылған. Бұл еңбекте қазақ заңдарын зерттеушілер С. З. Зимановтың “Қазақ хандары заңдарына шолу және олардың ерекшеліктері”, Е. Аманжоловтың, Ә. Марғұланның, Бай Суичин Пожыпицтің, Қ. Салғараұлының, М. Ибраевтың, З. Ж. Кенжалиевтің, Б. Кәрібаевтың, Б. Ж. Қуандықовтың, Ж. Жағыпарұлының, Е. Саққұлақұлының, Н. Өсеровтың, М. Мағауиннің “Қасым ханның қасқа жолы ” мен “Есім ханның Ескі жолы” жайлы пайымдаулар мен пікірлері және Е. М. Абенов, Е. М. Арынов, И. Н. Тасмағамбетов, Е. Адам, Б. Айсынов, Н. Г. Апполова, Н. С. Ахметова, Г. З. Қожахметов, М. Вяткин, Г. Гавердовский, Н. И. Гродеков, Я. Гурлянд, Т. М. Культеелев, Қ. Қамбаров, З. Қинаятұлы, С. Өзбекұлы тағы басқа көптеген ғалымдардың “Жеті жарғы” жайлы зерттеулері, сондай-ақ, “Жеті жарғының” бізге А. Левшин, Г. Спаский, К. Шукралиев т. б. арқылы жеткен нұсқалары және басқа да келелі мәселелер қамтылған /42/. Қазақ хандарының заңдарын зерттеуге деген құлшыныс соңғы кездері жиі байқалады. Бұл қазақ хандығы заңдарының толық зерттеліп, тарихнамасының тереңге тамыр жаятынын көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ хандығы тұсындағы қазақ хандарының негізгі заңдарын құнды дерек көзі ретінде талдап, зерделеп, мазмұнын ашып, деректанулық негізде жазып, қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының тұнып тұрған дерек көзі екенін дәлелдеуді алдыма мақсат етіп қойдым. Мақсатыма жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауды көздедім:

- Қазақ хандарының заңдарына қатысты жазба деректерді іздеу, табу, жинақтау, жүйелеу.

- Осы кезеңнің деректерін пайдалана отырып, оларды танып-білу, терең меңгеру, зерделеу көптеген деректің ішінен шынайылыққа жақын, дәл деректі саралау, анықтау.

- Қазақ хандарының заңдарын зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастырып, оларды бір-бірімен салыстыру, сын көзбен қарау.

- Заңдардың бізге жеткен нұсқалары мен пайымдау-пікірлерді қарастыру.

- Қазақ хандарының заңдарына ішкі, сыртқы сын жүргізу, яғни негізгі заңдардың пайда болуын сынау, қазақ хандары заңдарының бастауын анықтау.

- Негізгі заңдардың түпнұсқалық мәселесіне назар аудару, ғылыми болжамдар жасау.

- Абай жазған заң - қазақ хандары жарғыларының заңды жалғасы болу мүмкін деген пікірімді дәлелдеу. Жеке тұлғалық пайымдаулар мен батыл көзқарастар айту.

- Негізгі заңдарды ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше түрлері, белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу, яғни қазақ хандарының заңдарын алғаш рет сыныптау.

- Қазақ хандарының негізгі заңдарын тарихи тұрғыдан объективті бағалау.

- Заңдардағы тарихи мәліметтердің деректік маңызын ашып көрсету. Заңдардың қоғамдық қатынастардағы ролін байыптау. Қарастырып отырған негізгі заңдардың баптарын талдау, тарихи тұжырым айту.

Диплом жұмысының хронологялық шеңбері. Көне дәуірден бастау алған қазақ қоғамындағы құқықтық ескерткіштерге шолу жасалынып, негізінен қазақ хандығы дәуірінің (ХҮ ғ. ортасы- ХІХғ. ортасы) өрлеу кезеңіндегі үш ғасыры ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр аралығы, яғни Қасым хан (1511-1523), Есім хан (1598-1645), Тәуке хан (1680-1718) билік құрған кезеңін қамтиды.

Диплом жұмысының құрылымы. “Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі ”деген тақырыптағы диплом жұмысым кіріспеден, екі тараудан тұрады: бірінші тарау негізгі заңдардың дерек көзі ретінде пайда болуын сынау, яғни ішкі сын, сыртқы сыннан тұрады. Мұнда шынайылық деңгейін анықтау, өкілеттілік проблемасы, деректердің сақталу формалары, мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемасы, пайда болу уақытын анықтау, деректің пайда болған жерін анықтау, дерек авторын анықтау(атрибуция), тарихи деректің әлеуметтік функциясы мәселелері қарастырылды. Екінші тарауда негізгі заңдардағы тарихи мәліметтердің деректік маңызы анықталынып, заң баптарына сыныптау, талдау жүргізілді. Қорытынды бөлімде диплом жұмысын тәмәмдап, одан туған ой-пікірді сараптадым және қазіргі Ата Заңымызбен салыстырулар жасадым. Сондай-ақ, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Негізгі заңдардың дерек көзі ретінде пайда болуын сынау

Бірнеше мың жыл бойы Евразия көшпелілерінің нақ ортасында Алаш туының астында болған қазақ рулары мен тайпаларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХҮ ғасырдың ортасы екендігі белгілі. Керей мен Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеясының өміршеңдігі үшін күрес - одан кейінгі қазақ хандары кезінде де өз жалғасын тапты. Яғни, мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа немесе бір негізге келтіру, ішкі және сыртқы саяси аһуалға заңдарды ыңғайлау мәселелері болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Қазақ хандығына 550 жыл
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz