Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі



Кіріспе
І. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1 Өсімдіктің дәрілік қасиеттері туралы зерттелген мәліметтер ... ... ... ... ... ...6
1.2 Өсімдіктің жасына байланысты өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Құлқайырлар тұқымдасына (Malvacea puss) және жалбызтікен туысына (Althaea L.) жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4 Altheae officinalis L өсімдігіне ботаникалық және фитохимиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.5 Altheae officinalis L өсімдігін медицинада, халық медицинасында пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

II. Ғ ӨК “Экос” жағдайына физико.географиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... .18

ІІІ. Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

IV. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
4.1 Өскіннің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
4.2 Altheae officinalis L өсімдігінің онтогенезіндегі морфологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
4.3 Altheae officinalis L өсімдігінің онтогенезіндегі анатомиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
4.4 Altheae officinalis L өсімдігінің нақтамалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті

Ботаника кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік
мүшелерінің онтоморфозгенезі

Орындаған:
Болатбаева А.Н.

Ғылыми жетекші:
б.ғ.д., профессор
Мұхитдинов Н.М.
(қолы, мерзімі)

Норма бақылаушы:
Абидкулова К.Т.
(қолы, мерзімі)

Кафедра меңгерушісі:
б.ғ.д., профессор
Мұхитдинов Н.М.

қорғауға жіберілді
(қолы, мерзімі)

Алматы, 2005 ж

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмыстың тақырыбы “Althaea officinalis L (Дәрілік жалбызтікен)
өсідігі вегетативтік мүшелерінің онтоморфогенезі”
Жұмыс көлемі – 45
Кесте саны – 7
Фотосурет саны – 13
Пайдаланған әдебиеттер саны – 51
Кілттік сөздер – эпидермис, алғашқы қабық, паренхима, шырышты
клеткалар, склеренхима, флоэма, камбий, ксилема, ксилема өзектері, ортаңғы
бөлік, ортаңғы бөліктің сәулелі өзектері, бағаналы мезофилл, кеуекті
мезофилл, үш буынды бір клеткалы қарапайым түк, шоғыр аралық камби, кальций
оксалатының шоғыры, крахмалға толы клеткалар.
Жұмыстың мақсаты – дәрілік жалбызтікен онтогенезінде тіршілік
кезеңдерін және тіршілік күйлерінің басталу және аяқталу мерзімдерін
анықтап, мофологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін сипаттау.
Зерттеу әдістері – тұқымдардың сапасын, тіршілік ету қабілетін, олардың
лабораториялық және далалық жағдайларда өнгіштігін зерттеу барысында
М.К.Фирсованың, өсімдіктерді бөліп алу барысында және олардың жастық
күйлеріне морфологиялық және анатомиялық сипаттама беруде Т.А.Рабатнов,
И.Г.Серебряков, А.А.Уранов жұмыстарындағы негізгі әдістемелік ережелер
басшылыққа алынды.
Нәтижелер:
1. Тәжірибе нәтижесінде далалық жағдайға қарағанда, лабораториялық
жағдайдағы тұқымның өніп шығу қабілеті мен көктеп өсу қуаты
жоғары.
2. Дәрілік жалбызтікен жастық кезеңдерден өту барысында жапырақтары
мен сабағының құрылысында айтарлықтай өзгерістер байқалған жоқ,
алайда өсімдік тамырының анатомиялық құрылысын зерттеу барысында
бұл түрді басқаларынан ажырататын бір қатар белгіліер анықталды.

Мазмұны

Кіріспе

І. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 6

1. Өсімдіктің дәрілік қасиеттері туралы зерттелген
мәліметтер ... ... ... ... ... ...6
2. Өсімдіктің жасына байланысты
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Құлқайырлар тұқымдасына (Malvacea puss) және жалбызтікен туысына
(Althaea L.) жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11
1.4 Altheae officinalis L өсімдігіне ботаникалық және фитохимиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5 Altheae officinalis L өсімдігін медицинада, халық медицинасында
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
II. Ғ ӨК “Экос” жағдайына физико-географиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .1 8

ІІІ. Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 25

IV. Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26

4.1 Өскіннің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26
4.2 Altheae officinalis L өсімдігінің онтогенезіндегі морфологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
4.3 Altheae officinalis L өсімдігінің онтогенезіндегі анатомиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
4.4 Altheae officinalis L өсімдігінің нақтамалық белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан жерінің жасыл әлем дүниесі алуан түрлі адам тіршілігіне
қажетті өсімдіктерге бай, оның ішінде қазіргі таңда Республикаға ең
маңыздысы, ол дәрілік өсімдіктер.
Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал - азықтық, дәрілік маңызы бар
сан – алуан өсімдіктердің тобы табиғи өсімдік ресурстарының қорын құрайды.
Сондықтан да, олар өндірісте, тағам өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында және
медицинада кеңінен қолданылады. Ботаника және медицина мамандарының
мәліметтері бойынша еліміз флорасында өсімдіктердің емге қолданылатын жалпы
түрлерінің саны 216 деп есептейді. Ал мұндай мол байлықты республика
медицинасында тиімді пайдалану, еліміздегі қазіргі дәрілер тапшылығын
шешуге бірден – бір өз септігін тигізері айқын 1.
Бұрынғы Одақ көлеміндегі барынша берік қалыптасқан ресми медицинаны
дәрімен қамтамасыздандыру аса күрделі химиялық – синтетикалық препараттар
арқылы іске асырылғаны мәлім.
Ал қазіргі Республиканың егемендік жағдайында бұл жолмен дәрілік
препараттарды даярлау ел экономикасына мейлінше ауырлық тигізері белгілі.
Ал, екінші жағынан елімізде өндірілетін дәрілік өсімдіктер шикізатын
даярлау әрі тез және де қаржылық жағынан тиімді, технологиялық жеңіл,
шалғай ауыл, аудан дәріханаларын уақытылы шипалы дәрілермен қамтамасыз ету
жеңілдейді.
Үшіншіден - өсімдіктерден алынған биоактивті заттардан жасалған
дәрілердің адам ағзасына кері әсері, химия – синтетикалық препараттармен
салыстырғанда барынша төмен, ал кейбір жағдайларда олардың әсері мүлдем
жоқтың қасы. Демек, дәрілік өсімдік шикізатындағы биоактивті заттар
табиғаты органикалық, яғни адам ағзасына үйлесімді, оңай бөлініп шығады.
Қазіргі кезде өсімдіктерден алынған препараттар 40% құрайды 1.
Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер ғылыми медицинада
әлі күнге дейін белгісіз болуда. Өнеркәсіпте дәрілік шикізаттың күннен –
күнге керек бола бастауына байланысты, олардың республика көлемінде өсетін
жерлерін зерттеу және қорларын анықтау маңызды міндет болып табылады 2.
Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерді зерттеу және емдік қасиеттерін анықтап,
таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл бағытта
Медициналық Институттың Фармакология кафедралары, Ботаника және
Фитоинтродукция Институты, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің Ботаника кафедрасы және басқа да ғылыми зерттеу
институттары үлкен еңбек етуде.
Кейінгі кезде табиғат пен адамдар арасындағы қарым – қатынаста
жіберілген қателіктер саны көбейіп кеткені заңды. Міне, осының салдарынан
кейбір дәрілік өсімдіктер мүлдем жоғалып барады. Қазақстанның Қызыл
кітабында 40- қа таяу дәрілік өсімдіктер құрып бітуге айналған 2.
Сондықтан да біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қоюды ғана емес,
оларды қорғауды да білгеніміз жөн.
Жұмыстың мақсаты : Дәрілік жалбызтікен өсімдігі онтогенезінде тіршілік
кезеңдерін және тіршілік күйлерінің басталу және аяқталу мерзімдерін
анықтап, морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін сипаттау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
-тұқымдардың лабораторияда және далалық жағдайда өніп шығу қабілетін
(өнгіштігін) және көктеп өсу қуатын (өну күші) анықтап көрсету ;
-арнайы екпе жағдайында ҒӨК “ Экос” участігінде өсірілген дәрілік
жалбызтікен онтогенезінің жалпы ұзақтығын анықтай отырып, бұл өсімдік
түрінің өсу кезеңдерін және әрбір жылдық кезеңдеріндегі күйін зерттеу;
-осы аталған түрдің онтогенезі барысында, оның вегетативтік мүшелерін
анатомиялық тұрғыдан зерттеу ;
-бұл түрдің нақтамалық белгілерін табу.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Өсімдіктің дәрілік қасиеттері туралы зерттелген мәліметтер

Академик Н.В.Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер
тексеріліп, Растительное сырье Казакстана (1944) 7, деген еңбегі
жарыққа шығып, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы жан – жақты айтылған.
Соңғы уақытта құрамында иілік заттары бар дәрілік өсімдіктерге көп
көңіл бөлген. Қазақстанда иілік затты өсімдіктердің құрамын анықтау ісімен
Т.К.Чумбалов (1966) айналысып, кермек, қымыздықтан аса бағалы препараттарды
алудың негізгі жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, иілік затты өсімдіктерді
тексерумен О.С.Лушпа (1958), Р.М.Кунаева (1966) 8 шұғылданған.
Дәрілік өсімдіктер – дәрілік препараттарды алудың негізгі қайнар көзі.
Дәрілік препараттар әртүрлі ауруларды емдеу кезінде қолданылады. Медицинада
жүрек, қан тамырлары аурулары кезінде қолданылатын дәрілік препараттар
мөлшері – 77%, бауыр – асқазан ішек ауруларында - 74%, жатын ауруларында -
80%, қақырық түсіретіндер - 73%, әртүрлі құрт ауруларына қарсы - 72%, қан
тоқтатуға қарсы - 60% 10.
Әртүрлі дәрілік өсімдіктерде әсер етуші заттары өсімдіктің әртүрлі
мүшелерінде жинақталады: тамырда, тамырсабағында, жапырағында, гүлдерінде
және тіпті күлтелерінде жинақталады.
Сондықтан дәрілік өсімдіктердің әртүрлі мүшелерін жинау және кептіру
өздерінің ерекшеліктеріне қарай жасалады. Мұны әсіресе дайындау кезінде
ескеру қажет. Сол сияқты жинау мерзімін ескерген жөн, өсімдіктердің әртүрлі
мүшелеріндегі дәрілік қасиеті бар биоактивті заттардың орналасуы бірдей
емес және бұл заттардың әсері даму фазасына байланысты өзгеріп отырады 9.
Дәрілік өсімдіктерді емдеу кезінде қолданылатын себебі, олардың адам
организміне келіп түскеннен соң, оған әсер ететін химиялық қосылыстар
болады. Негізгі әрекет етуші химиялық қосылыстарға: иілік заттар немесе
таниндер, алколоидтар, гликозидтер, кумариндер, эфир майлары жатады 12.
Танинді препараттар сыртқы жараға тұтқыр және бактерицидтік дәрумен
ретінде қолданылады 13. Алколоидтар белсенді заттар болып табылатын
күрделі органикалық қосылыстар. Медицинада стрихнин, морфин, эфедрин,
сияқты препраттар алколоидты шикізаттың ұнтақтары жүйке жүйесі және ішкі
мүшелердің аурулары кезінде қолданылады. К.В. Доброхотова, А.А Писарев
(1980) болжамдры бойынша алкалоидтар гүлді өсімдіктердің құрамында коп
мөлшерде кездеседі 11.
Витаминдер – адам организміне ең қажетті химиялық заттар. Витаминді
препараттар медицинада гиповитаминоз және авитаминоз кезінде қолданылады.
Табиғи витаминді ресурстар ішінде және поливитаминді препарат даярлау
кезінде өте жоғары биологиялық белсенді болып итмұрынның жемісі саналады
14,15.
Итмұрын жемісінің құрамында С-аскорбин қышқылы, А-провит, Е-токоферол,
В-тиамин, В-рибофлавин витаминдері кездеседі 16.
Эфир майлы өсімдіктерді А.Ф. Демидовская (1975) бес жыл бойы Оңтүстік
Қазақстанда зерттеген. Күрделігүлділер, ерінгүлділер және т.б. тұқымдастар
– эфир майлы өсімдіктердің ішінде ең бағалысы болып саналады. Эфир майынынң
негізгі құрамды бөлігі – терпен, одан таза түрде медицинада камфора,
ментол, эвгенол, тимол алынады 17. Көптеген ғылыми жұмыстарды талдау
кезінде ермен және кермек жусанында эфир майлары болғандықтан олардан
жасалған дәрілердің асқазан бездерінің жұмысын жақсартатын, тамаққа тәбетті
қоздыратын қасиеттері бар екндігі анықталды. Осы қасиеттеріне байланысты
халық медицинасында кермек жусан микробтарды жоятын, қабынуға қарсы әсер
ететін, несеп айдайтын, өт жүргізетін, денедегі ауырған жерлерді басатын
және жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады 18.
Гликозидттер – молекуласында көмірсулар қантсыз қосылыс агликонмен
байланысқан табиғи заттар. Агликонның химиялық тьабиғатына байланысты
гликозидттер мынадай топтарға бөлінеді: сапонин, антрогликозидтер 19.
Гликозидттердің тұрақсыздығына байланысты емдік мақсатқа әртүрлі қалыпта
алынған қайнатпалар қолданылады. Гликозидтері бар өсімдіктердің көбі улы,
сондықтан емдік мақсатқа шағын мөлшерде пайдаланады.
Сапонин – лалагүлділер (Lamiaceae Lindl), бұршақ (Fabaceae L.),
қалампырлар (Caryophyllaceae Juss) тұқымдастарында кездеседі.
Өсімдіктердің құрамында кездесетін тағы бір химиялық қосылыстардың
бірі кумариндер болып есептеледі. Кумариндер – табиғи органикалық
қосылыстардың негізгі тобы. Бұл қосылыс күннің ультракүлгін сәулесіне адам
терісінің сезімталдығын күшейтеді. Кумариндер өсімдіктер дүниесінде кең
тараған, әсіресе бұршақ (Fabaceae) және сельдерей (Apiaceae)
тұқымдастарында мөлшері мол. өсімдік мүшелерінде, тамырда және
өсімдіктердің жемістерінде жинақталады. Соңғы жылдары Ә. Іскендіров (1982)
Қазақстанда кездесетін 130-ға жуық дәрілік өсімдіктердің ботаникалық
сипаттамасын, өсетін жерлерін, химиялық құрамын, фармакологиялық
қасиеттерін емдеу кезінде қолданылатын тәсілдерін сипаттап жазған 20.
Қазіргі кезде дүние жүзі халықтары ғылыми және халықтың медицинасында
дәрілік өсімдіктердің 12 мыңдай түрін пайдаланады 21.
Қазақстан флорасында кездесетін дәрілік өсімдіктерді 4 топқа бөлуге
болады:
1) Мемлекеттік фармокопия комитеті пайдалануға ресми түрде рұқсат
берген түрлер.
2) Химиялық құрамы және клиникалық қасиеттері белгілі дәрежеге
дейін зерттелген келешегі бар түрлер.
3) Халықтық медицинада қолданылатын түрлер.
4) Фольклорда кездесетін түрлер 22.
Осы топтың алғашқы екі тобына жатқызатын дәрілік өсімдіктер саны 204
шамасында 23.
Адамзат тәжірибе жүзінде дәрілік өсімдіктердің әсерлерін біліп, емдік
қасиеттерін әртүрлі ауру сырқауға қарсы қолдана бастаған. Айта кету керек
дәрілік өсімдіктерді қолданудың маңыздылығы соңғы 10 жылда шексіз өсті.
Қазақстан өсімдіктер дүниесіне бай және олар алуан түрлі деуге болады.
Республика аймағында 6 мыңға жуық өсімдік түрлері кездеседі. 9 томдық
Қазақстан флорасы атты кітапта өсімдіктердің 126 тұқымдасы, 1022 туысы,
5630 түрі сипатталған 3.
Дәрілік жалбызтікен туысының Altheae деп аталып кетуі гректің altaia
дәрілік зат деген сөзіне байланысты. Altaia сөзі мен althomai етістігінің
түбірі бір болып табылады. Емделу және сауығу деген мағынаны береді.
Жалбызтікен өсімдігі ежелгі дәуірде дәрілік шөп ретінде белгілі болды,
бұл шөп жайында Теофраст, Плиний, Деоскорид, Авиценна т.б. жазып кеткен.
Мысалы, Диоскорид былай деп жазып кеткен: Бұл шөп өзінің көптеген емдік
қасиеттері үшін аltaia деп аталған. Авиценна бұл өсімдік туралы былай
деген: Бұл атау грек тілінің көп нәрсеге пайдалы деген сөзінен шыққан.
Өсімдік түріне officinalis анықтаманың берілуі де оның қолданылуына
байланысты болып табылады. Оfficinalis – дәріханалық, дәрілік деген мағына
береді.
Орысша проскурняк, прсверник деп аталып кетуі ежелгі орыстардың
жазба ескерткіштерінде кең қолданылған просфора - проскура яғни, кейбір
діни жорамалдарда пісірілетін дөңгелек ақ нан деген мағынаны білдіреді.
Жалбызтікеннің бұлай аталуының себебі, оның тұқымдарының пішіні ұннан
дайындалған өнімдерге ұқсайды 5.
Халық арасында тараған аттары: жабайы көкнәр, жабайы раушан,
гольхетма, проскурняк, прсверник 33

1.2 Өсімдіктердің жасына байланысты өзгеруі

Өмірінің ұзақтығына қарай өсімдіктер бір, екі және көп жылдық болуы
мүмкін. Бір жылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп,
жеміс беріп, сонан соң бүтіндей өледі. Бір жылдық өсімдіктер монокарпты
(грек. монос - бір, карпос - тұқым) өсімдіктер тобына жатады. бұлар
бүкіл тіршілігінде бір-ақ рет жеміс беретін өсімдіктер. Екі жылдық
өсімдіктерде (қант қызылшасы – Beta, сәбіз – Daucus және т.б.)
монокарптыларға жатады.
Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді
де, әр жыл сайын өздерінің бүршіктерінен қайта дамиды. Бұл өсімдіктер тобын
поликарптылар (грек. поли-көп), яғни өзінің өмірінде көп рет жеміс
беретін өсімдіктерге жатқызады.
Бірақ табиғатта көп жылдық өсімдіктер қатарында да монокарптылар
кездеседі (агава, бамбуктер). Тек бір жылдық өсімдіктерден айырмашылығы
вегетациялық кезеңі ұзақ жылдарға созылады. Көп жылдық шөптесін
монокарптыларға күрделігүлділер және шатыршагүлділер тұқымдастарының
көптеген өкілдері жатады. бұл өсімдіктер орташа 5-6 жылдай жертаған түрінде
өмір сүріп, сосын гүлдеп, жеміс байлап (бір рет) сонан соң өледі.
Өсімдіктер де басқа организмдер сияқты өз онтогенезінде жасына қарай
физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Өсімдіктегі морфологиялық
өзгерістерді, олардың тамыр және өркендер жүйесінің біртіндеп алмасуынан
вегетативтік және генеративтік мүшелерінің арақатынасының өзгеруінен
байқауға болады. Бірақ өсімдіктің абсолютті дәл жасын анықтау оңай емес,
өйткені даму барысында мүшелердің тұрақты алмасуы – ескіргендері өліп,
ыдырап, жаңалары пайда болып отырады. Сондықтан Тіршілік циклы деген ұғым
енгізу қажет болды.
Өсімдіктің тіршілік циклы – оның бүкіл онтогенезі, ол тұқымдағы
ұрықтың дамуынан бастап индивидтің және оның барлық вегетативтің ұрпағының
табиғи өліміне дейінгі аралық. Өсімдіктердің тіршілік циклдарын төрт
кезеңге бөлуге болады:
1. Жасырын (латенттік) – бірінші толастық кезеңі.
2. Прегенеративтік – тұқымның өсуінен бастап дербес организмде ересек
өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және тамырладың
басым болуына дейін.
3. Генеративтік – генеративтік өркендердің пайда болуынана бастап,
олардың кенет азаюына дейін.
4. Постгенеративтік – тіршілік формасының қарапайымдалуы, генеративтік
өркендердің болмауы, бірте-бірте жалпы тірі өркендердің болмауы (1-
кесте).

1-кесте тұқымды өсімдіктердің жастық кезеңдері және тіршілік күйі

Кезең Тіршілік күйі Индексі
Жасырын (латенттік) 1. Тұқым Im
Прегенеративтік 2. Өскін pl
3. Ювенильді J
4. Имматурлық im
5. Виргинильдік w
Генеративтік Жас G1
Піскен G2
Қартайған G3
Постгенеративтік Субсенильдік SS
Сенильдік S
Қурап бара жатқан Sc

Жоғарыда келтірілген кезеңдер өз кезегінде, бірнеше этаптарға немесе
тіршілік күйлеріне бөлінеді.
Енді жоғарыда көрсетілген (1-кесте) келтірілген өсімдіктердің жасына
байланысты тіршілік күйлеріне қысқаша сипаттама беріп өтейік:
1. Im – алғашқы толастық күйіндегі дербес организмдер тобы;
2. pl – алғашқы жапырақтар ассимиляциясы және тұқымдағы заттар
есебінен аралас қоректену, тұқыммен морфологиялық байланысы бар,
ұрықтық құрылыстың сақталуы, тұқымжарнақ алғашқы тұқымжарнақтық
өркен, тамыр;
3. J – дене құрылысы қарапайым ересек, дербес организмдерге сәйкес
белгілері және қасиеттері қалыптаспаған: жапырақтарының формалары
және орналасуы ересек өсімдіктерге қарағанда басқаша, өсуі,
бұтақтануы басқаша, тұқымжарнақтық тамыр және өркен сақталады.
Тұқыммен байланыс үзіледі және тұқымжарнақ жойылады;
4. im – ювенильдік кезеңмен ересек кезең арасындағы өтпелі кезеңге
сәйкес белгілер мен қасиеттердің болуы: жартылай ересек
өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және тамырлардың
дамуы;
5. W – ересек өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және
тамырлардың басымдалағы;
6. G1 – ересек өсімдіктерге тиісті құрылыстардың ары қарай дамуы:
генеративтік өркендердің пайда болуы, тамыр және өркен жүйелерінде
өсу және қалыптасу процестерінің күшеюі, қурау әлі жоқ немесе тек
алғашқы белгілері ғана бар;
7. G2—тіршілік формасының біржолата пайда болуы: өсу процесінің
жоғарғы өнімділігіне байланысты өркен және тамыр жүйелерінің
жоғарғы дәрежеде дамуы, генеративті өркендердің жоғарғы дәрежеде
пайда болуы, жаңадан пайда болуы мен қурау процестерінің тепе-
теңдігі;
8. G3 – тіршілік формасының қарапайымдалуы: генеративтік өркендердің
кенет азаюы, өркен және тамыр жүйелеріндегі өсу және қалыптасу
процестерінің нашарлауы, қурау процесінің жаңадан пайда болу
процесінен басымдылығы;
9. SS – тіршілік формасының одан ары қарапайымдалуы, генеративтік
өркендердің болмауы, бұтақтану қабілетінің жоғалуы, бұйыққан
бүршіктерді қайтадан имматурлы күйіне тән өркендер пайда болады:
қураудың жаңадап пайда болу процесінен көп басымдылығы;
10. S – тіршілік формасының шегіне жеткенше қарапайымдануы:
өсімдіктердің қурап өлген бөлшектері жиналады, дербес организмдерде
ювенильді күйіне тән жапырақтар пайда болады, жаңару бүршіктерінің
пайда болу қабілеттілігі жоғалады;
11. Sс – тірі өркендер жоқ, өсімдіктің өлген бөлшектері басым, өте
сирек бұйыққан бүршіктер кездеседі.
Поликарпты өсімдіктерді жоғарыда аталған тіршілік күйлерне бөлуге
болады. Монокарпты өсімдіктердің генеративті кезеңінде бір ғана жасына
байланысты күйі болады, ал постгенеративтік кезең тіпті болмайды.
Өсімдіктердің жасына байланысты тіршілік күйлерін сипаттау үшін
қосымша биометриялық көрсеткіштерді мысалы, сандық сипаттама беретін
биоморфологиялық, анатомиялық, экологиялық және физиологиялық белгілерін
пайдалануға болады 31.

1.3 Құлқайырлар тұқымдасына (Malvaceae Puss) және жалбызтікен туысына
(Altheae L) жалпы сипаттама

Жасыл өсімдіктер әлемінде қаншама мың шипалы өсімдіктер бар, міне
өсындай шипалы өсімдіктердің бірі – дәрілік жалбызтікен.
Дәрілік жалбызтікен құлқайырлар тұқымдасының, жалбызтікен туысының
өкілі.
Бұрынғы КСРО-да 12 туысы және 72 түрі бар. Қазақстанда 7 туысы, 18
түрі кездеседі 32. ТМД-да жалбызтікен туысының 12 түрі бар, Қазақстанда 4
түрі кездеседі:
1. Altheae officinalis (L) – Дәрілік жалбызтікен
2. Altheae cannabina (L) – Кендір жалбызтікен
3. Altheae armeniaca (Ten) – Армияндық жалбызтікен
4. Altheae broussonetiifolia (Iejin) 3,4.
Құлқайырлар тұқымдасы өкілдерінің гүлдері әрқашан қосжынысты деуге
болады, тостағаншасы бес жапырақшалы, өте сирек жағдайда үш-төрт
жапырақшалы, олардың түбіне қарай біраз жері бір-бірімен бірігіп кеткен,
түйнектің жетілу барысында тостағанша бүктемелі, яғни қалпақшалы болады.
Гүл тәжісі бес күлтежапырақшадан тұрады, сирек жағдайда мүлде болмайды.
Түйнек жетілген кезде ол оралған болады, тозаңдықтары көбінесе екі шкңбер
құрап орналасады, олардың ұзындықтары бірдей болады және де сыртқы шеңберін
құрайтын тозаңдықтар кейде ұрықсыз тозаңдықтарға, яғни стаминодилерге
айналған, ішік шеңбердегі тозаңдықтардың жіпшелері ұзын түтік құрай қосылып
кеткен, ал тозаңдықтарының жоғарғы бөлігі көптеген жіпшелерге бөлінген, ол
жіпшелерде екі ұялы тозаңқаптар орналасады, тозаңқаптар трансверзальді
түрде ашылады. Тозаңы ірі, өзіне тән кедірлі-бұдырлы кескіні бар және
тікенектеу болады. Жеміс жапырақтары үшеу немесе көптеген болады, олар
жоғарғы жатыны бар бір аналыққа жабысқан, мойыны жеміс жапырақтарының
санына тең немесе олардан екі есе көп тармақтарға бөлінген, тармақтардың
ұшында көбісінің басы бар отырықшы шашақтары болады, тұқым бүршіктері әрбір
ұяшықта біреуден немесе көп-көптен жатады, олар аталық қазанының (тұқым
қап) бетінде отырады. Гүлдің астында көбінесе тостағанша асты бөлігі
дамыған болады, тостағанша асты бөлік біресе бос жататын, біресе әртүрлі
жолмен бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жапырақтардан құралған, жемісі
құрғақ, ол көптеген бір тұқымды жемісшелерге ыдырап кетеді немесе ол үш
көбінесе бес ұяшықты қорапша түрінде болады, сирек жағдайда жиде тәрізді
болады 3.
Ағаштар, бұталар, шөптер көпшілігің жапырақтары кезектесіпе орналасқан
және жапырақ серіктері болады.
Жалбызтікен туысының (Altheae L) гүлдері қос жынысты, салыстырмалы
түрде алғанда онша үлкен емес, сыпырығыш тәрізді жапырақталған гүлшоғырында
орналасқан, тостағанша асты құрылымы 6-12 түзу жолақты немесе ұшы
сүйірленіп келген жапырақтардан тұрады, ол жапырықтардың төменгі бөлігі бір-
бірімен бірігіп кеткен; гүл тәжінің ұзындығы 20мм, сирек жағдайда 30мм
болады, күлте жапырақшалары түбіне қарай сүйірленіп, ені соған қарай бірте-
бірте қысқарып мүлде кішірейіп кетеді, күлте жапырақшаның сыртқы беткейлері
талшықты – түкті болады; тозаң түтігі цилиндр тәрізді, үлпілдік
талшықтармен қапталған, емізікше сияқты болады; жемісі бөлшекті, бір
ұяшықта 8-25 жемісшеден тұрады, жемісшелерінің бүйір құрылымы болмайды,
арқасы дөңес және әдетте шығыңқы, ұзына бойы орналасқан өзекшесі бар,
жемісшелері тегіс, жалаңаш немесе талшықты болады; тұқымдары бүйрек
пішінді. Бір немесе көп жылдық өсімдіктер, жапырақтары кезектесіп
орналасқан, бүтін, жалпақ тілімделген, тісті келеді 32.
Жалбызтікен туысындағы дәрілік жалбызтікенмен қатар армияндық
жалбызтікенді де қолдануға болады. Ол бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде,
Қазақстанда, Орта Азияда және Кавказда өседі. Бұл сабағы түзу, ұзындығы 50-
200 см болатын көп жылдық өсімдік. Жапырақтарында сағағы бар, гүлдері
алқызыл 33.

1.4 Altheae officinalis L өсімдігіне ботаникалық және фитохимиялық
сипаттама

Дәрілік жалбызтікен – ұзындығы 60-150 см болатын көпжылдық шөптесін
өсімдік. Сырты жұлдызша тәрізді немесе ұштары тармақталған түктермен
қапталған, жоғарғы бөлігінің және де жапырақтарының сырты барқытты жібек
сияқты болады.
Тамыры:
Тамырсабағы жуан, қысқа, көп негізді тамырға бөлінген, өзегі ретінде
саналатын тамыры мықты, жоғары бөлігіне қарай ағаш тектес болып келеді.
Тамырсабағы қоңырқай – сары, оның ақшылдау келген етті және тармақталған
тамырлары болады.
Сабағы:
Біреу немесе бірнешеу болады, цилиндр тәрізді, құрылысы қарапайым,
кейде шамалы тармақталған, тік сабақ болып табылады және үлпілдек түкті
болады. Сабағының ұзындығы 1,5 м дейін болады.
Жапырақтары:
Кезектесіп орналасқан, жапырақ серіктері жіңішке ұшына қарай сүірленіп
кеткен немесетүзу жолақ түрінде болады және олар ерте түсіп қалады. Жапырақ
сағақтарының ұзындығы 2-4 см, ал жапырақтарының ұзындығы 2,5-14 см, ені 3-
11 см, төменгі жапырақтары жалпақ енді, жұмыртқа тәрізді немесе домалақтау,
жүрек пішінді, ортаңғы жапақтарының түбі дөңгелектеніп кеткен немесе
сопақша келген жұмыртқаға ұқсайды, сүйір; түбіне қарай шеті домалақтанып
келеді немесе сына тәріздес болады, барлық жапырақтарының жиегі әркелкі
түрде ара тістері сияқты қиылған, төменгілері әдетте қалың түкпен қапталып,
үлпілдектеу келеді. Жапырақтарының түсі сұрғылт – жасыл болады 33.
Гүлдері:
Айтарлықтай ірі, диаметрі 20-30 мм болады, түсі - алқызылдау. Гүлдері
жоғары және ортаңғы жапырақтардың қуысыда және де сабақтың жоғарғы ұшында
шоғырланып жатады 32.
Гүлінің құрылысы:
5 жасыл жапырақтардан тұратын тостағаншадан, оның асты 8-12
жапырақшалардан құралған тостағанша асты бөлігінен, 5 күлте жапырақшалы
алқызыл тәжден және өздерінең жіпшелері түтікше болып бірігіп кеткен
көптеген тозаңдардан, сондай-ақ көптеген бағаналардан және жоғарғы
бөлігінде жатыны бар аналықтан тұрады. Сонымен қатар, гүлдері көп-көптен
қысқа гүл табандарында шоғырланған, гүл табандары жапырақтардың қуысына
кіріп жатады. гүл тостағаншасы 23 бөлікке бөлінген, бөліктер жұмыртқа
пішінді – үшбұрыштау, ұщына қарай сүйірленген болады. Күлте жапырақшалары
жалпақ, пішіні жұмыртқаның ұшын төмен қаратқан күйіне ұқсаған, ұшы доғал
түрде тілімделген. Тозаңдардың түтігі мен жіпшелері шашыраңқы орналасқан,
қысқа кедір – бұдырлы емізікшелері болады.
Сабақтың жоғарғы бөлігінде масақ тәрізді гүлшоғырын түзейді.
Гүлсағақтарының ұзындығы 2-6 см, сирек жағдайда 12 см – ге дейін болады;
гүлдерінің ұзындығы 2-10 мм болып келетін қысқа гүлтабандарында көп-
көптен, кейде 2-3 шоғырланып тұрады. Кей жағдайларда жапырақтарының
қуысынан жеке гүлдер шығып тұрады, себебі: олардың гүлтабандары ұзын 2-4 см
болып келеді, сондықтан бұлар жалпы гүл сағақтарымен қатар тұруы мүмкін.
Тостағанша асты бөлігінің ұзындығы 3-6 мм, 8-12 түзу жолақты жапырақтардан
құралған, жапырақшалар түп жағына қарай бірігіп кеткен. Тостағаншасының
ұзындығы 6-12мм, 23 бөлігіне дейін үшбұрышты жұмыртқа пішінді сүйірленген
бөліктерге тілінген, жеміс пайда болған кезде сүйірленген бөліктер соңынан
түіледі; күлте жапырақшаларының ұзындығы 10-20 мм, ені 6-17 мм 32.
Жемісі:
Жемістерінің диаметрі 6-9 мм, 14-20 жемісшелерден құралған,
жемісшелерінің ұзындығы 3-3,5 мм, жиектері доғал, аздап дөңгелектеу келеді,
жұлдызша тәрізді түктермен қапталған, үлпілдек, тек астыңғы бөлігінің тең
жартысына дейінгі жері жалаңаш келеді, бүйір жақтары көлденең – қыртысты;
ұзындығы 3мм, ені 2,5мм; тұқымдары бүйрекке ұқсас, ұзындығы 2-2,5 мм, ені
2 мм жетеді. Түсі күңгірт – қоңыр, жалаңаш және тегіс. Жемістерінің екі
жағы ойыс болып келген дөңгелек тәрізді, көп дәннен тұратын құрама түрінде
болады, ол кейінне жеке- жеке дәндерге бөлініп ыдырайды 3.
Таралуы:
Дәрілік жалбызтікен – бұрынғы КСРО – ның Европалық бөлігінде, Кавказ,
Орта Азия, Орталық Европада, Кіші Азияда, Иранда және Қазақстанның барлық
аудандарында кездеседі. Мойынқұм, Балқаш, Алакөл, Іле – Күнгей – Алатау,
Шу-Іле тауларында да кездеседі 34,35.
Өсетін жері:
Далалы аймақтарда, сазды, ылғалды және де сортаңдау шабындықтарда,
өзен бойларында, көлдердің жағалауларында, тоғайларда, бұта – шіліктер мен
ши тоғайларының арасында өседі 32.
Гүлдеу мерзімі:
Маусымнан қыркүйек айларына дейін 1.
Шикізаттың сыртқы көрінісі:
Негізгі тамырдың ағашталынбаған бөлігінің және цилиндр тәрізді бүйір
тамырларының ұзындығы әртүрлі, ені 0,5-1,5 см болады. Сұр қапшығынан
тазартылған тамырларының сырты сұр – қоңыр түсті, ұзынынан кеткен
қатапрлардан тұрады; тазартылған тамырлары – ақ түсті, сарғыш рең береді.
Көлденең кесіндісінен қарағанда барлық тамырларының шеткі бөлігі қабықты
талшықтардан құралған, ұзын тарамдардан тұрады, ортаңғы бөлігі кедір –
бұдыр. Иісі әлсіз, дәмі тәттілеу, шырышты сияқты болады. Дайын болған
шикізаттың ылғылдылығы 14%-тен жоғары болмауы керек, қабыршағынан шала
тазартылған және ағаш тектес тамырлар 3%-тен жоғары болмау керек.

Химиялық құрамы:
Өсімдіктердің барлық мүшелерінде болатын шырыштың биологиялық
белсенділігі (35%-ке дейін) бар, ол бейтарапталған полисахаридтерден
тұрады. Тамырларында: 37%-ке дейін крахмал, 25-30% шырыш болады (шырыш суда
ерігіш келеді, құрамы 22% галактуронқышқылынан, 48% глюкозадан, 8%
пентозалардан т.б. тұрады) және тамырында сондай-ақ 2% аспарагин, бетаин,
лецитин, фитостерин, 5-10% қанттар, 10% фосфаттарға бай минералда заттар
және 0,02% эфир майы, органикалық қышқылдар (алма қышқылы т.б.), С
витамині, тұтықтырғыш заттар бар.
Жапырақтары мен гүлдеріне эфирлік заттар, шырыштар, каротин және С
витамині болатыны анықталған.
Дәрілік жалбызтікеннің тамырында 8,65% күл, макроэлементтерден (мгг):
11,2- калий, 17,4- кальций, 4,0- магний, 0,73- темір кездеседі. Ал
микроэлементтерден (мкгг): 0,1- марганец, 0,47- мыс, 0,25- мырыш, 0,1-
кобальт, 0,1- хром, 0,46- алюминий, 0,29- ванадий, 5,71- селен, 0,15-
никель, 0,63- стронций, 0,05- қорғасын, 0,1- йод, 0,2- бор болады.
Темір мен селен көп мөлшерде жиналады 5.
Егіп өңдеу тәсілдері
Дәрілік жалбызтікенді жерасты сулары онша терең емес жатқан (2-3 м)
жеңіл немесе орташа механикалық құрамды топырақтарға егу керек. Жалбызтікен
тұқымдарында тығыз қабықша болады, оның тығыздығы біраз уақыт өткеннен
кейін төмендейді, сондықтан да, егу үшін 1-2 жыл сақталған тұқымдарын
пайдаланады. Тез өніп шығуы үшін тұқымдарды егу алдында жылы суға салып 20-
250С температурада бір тәулік бойы сақтайды, сонан соң оларды толық
кептіреді. Егу барысында көкөніс тұқымдарын немесе астық дәндерін егуге
арналған тұқымды онша терең емес себетін машиналар арқылы егіп отырғызады.
Тұқымдарды себу мөлшері: 8-10 кгга. Тұқымның себілу тереңдігі 1-2 см.
Қалыпты жағдайларда жалбызтікен 8-10 тәулікте өніп шығады, қолайсыз
жағдайларда тұқымды сепкеннен кейін 18-20 тәулік өткен соң өнеді. Күтім
әдеттегідей. Қалың ну болып өсіп шыққан жағдайларда оларды сиретеді.
Жалбызтікен тыңайтқыштармен өте жақсы өседі 5.
Шикізатты даярлау және жинау
Медициналық мақсатта дәрілік жалбызтікеннің (жабайы өсетін түрінің де,
арнайы өсірілетін түрінің де) тамыры күз уақытында әзірленеді. Күз –
биологиялық белсенді заттардың тамырға ең көп мөлшерде жиналатын кезі болып
табылады. Ерте көктемде де әзірлеуге болады, себебі бұл кезде биологиялық
белсенді заттар тамырда әлі де болса қажетті мөлшерде болады. тамырларды
даярлауға өсімдіктің тамыр жүйесі берік болып қалыптасқанда, яғни 2-3
жылдық өсімдіктерді алады. Жерден соң жер сабағын (тамырсабағын), негізгі
тамырдың түбірін және ұсақ тармақтарын кесіп тастап, негізгі тамырдың
жұмсақ бөлігі мен ірі бүйір тамырларын алып қалады да, ол шырыштанып қалмай
тұрғанда тезірек жуып алады. Жуылған тамырлады ұзындығы 10-20 см болатын
бөліктерге кеседі, ал өте жуандарын ұзынынан бөледі де сыртқы сұр қабыршығы
пышақпен алып тастайды. Дайын болған шикізатты тез арада жылы, желденетін
жерде немесе температурасы 45-600С-тан жоғары емес кептіргіштерде
кептіреді. Тамырларды өңдеп, кептіруді тез жүргізу керек, өйтпеген жағдайда
шикізат бұзылып, түрі бүлінеді. Құрғақ шикізаттың үлесі 23-25% болады.
шикізатта 20 кг-нан қапшықтарға салып буады. Құрғақ желденген жерлерде
сақтайды, ылғылдылық жоғары болған жағдайда шикізатты зең басады немесе
қоңыр-сары дақтар қаптайды.
Жалбызтікеннің дәрілік шикізаты – тамыр сабағы мен тамыры болып
табылады. оларды күзде немесе көктемде дайындайды. Тамырларды қазып алған
соң оларды топырақтан және ұсақ тармақтарынана (өсінділерінен) тазартады,
ағаштанып кеткен (ағаш тектес) бөлігін алып тастайды да, жуып, сыртқы ең
үстіңгі қапшықты қабыршағын сылып тастайды, сонан соң, ірі тамырларын
бөлшектерге бөліп кеседі, 2-3 күн ашық ауада қақтайды, кейін
кептіргіштерде, пештерде немесе темір төбенің астында 400С температура
аралығында кептіреді. Дұрыс кептірілген тамырлар сарылау немесе сұрғылт ақ
түсті болуы керек, дәмі тәттілеу болуы тиіс. Ауауда сақталған жағдайда
шикізаттың ылғалдылығы жоғалып, құрғап кетеді, сондықтан оны құрғақ және
тығыз жабылатын жерде сақтау ұсынылады 32.

1.5 Atheae officinalis L өсімдігін медицинада, халық медицинасында
пайдалану

Медицинада қолданылуы. Жалбызтікен препаратында көп мөлшерде шырышытң
болуы олардың тыныс алу және асқазан – ішек жолдарының ауруларына қарсы
қолданылуының негізі болып табылады. жалбызтікен тамырының сулы сығындысы
жұмсартқыш, қорғаныштық, қармап – астарлап алушы, қабынуға қарсы
қасиеттерге ие және қақырық түсіргіш, ауырсынуды басатын әсері бар.
Созылмалы бронхит, лорингит, бронхопневмония, бронхиальді демікепе
ауруларына қолданған жағдайда шырышты заттары зақымдалған аймақтарды
астарлап – бүркеп алады да, ондағы жүйке талшықтарының ұшын тітіркендіруші
факторлардың әсерінен қорғап қалады. Шырыштардың тағы бір пайдалы жағы –
олардың бетіне дәрілік заттар шөгіп, жиналып отырады, бұл дәрілік заттар
әсерінің ұзаққа созылуын қамтамасыз етеді. Гастрит, асқазан және он екі елі
ішектің ойық жаралары кезінде олардағы шырышты заттар эрозияға ұшыраған,
ойылған аймақтарды қоршап – жамылып алады да, әртүрлі қоздырғыштық
бөліктердің әсеріне қарсы қорғаныштық қабат құрайды 32,35.
Сонымен қатар, қабынуға қарсы әсер көрсетеді, әсіресе басқа сәйкес
препараттар мен біркелкі пайдаланған жағдайда олардың қабынуға қарсы әсері
күшейе түседі.
Жалбызтікен препараттарының қорғаныштық әсері асқазан сөлінің
қышқылдығы жоғары болған сайын күшейеді және ұзаққа созылады, олардың
құрамындағы шырыштардың тұтқырлығы асқазан сөліндегі тұз қышқылымен
жанасқан сайын жоғарылайды. Жалбызтікен тамырының шырышты заты улардың
сіңірілуін баяулатады, сол себептеноның препараттарын кейбір уланулар
кезінде қабылдау ұсынылады.
Сондай-ақ экзема мен псориозға қарсы қолдану ұсынылады. Жалбызтікен
тамырын сырттай да қолданады, онымен булайды, клизма жасайды 33.
Жалбызтікен тамырларының тұндармасы мен олардан жасалған дәріханалық
препараттар (жалбызтікен шырыны, жалбызтікен тамырының тұндармасы, тамрының
сұйық сығындысы, тамырының құрғақ сығындысы) негізінене алғанда көбінесе
тыныс алу жолдарының ауруларына қарсы, олардың қабыну кезінде, жөтел,
көкжөтел, бронхит пен бронхтық демікпе кезінде пайдаланылады.
Сондай-ақ жалбызтікен тамыры асқазан, ішек жолдарының ауруларына қарсы
қолданылады, атап айтқанда, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары,
гастрит, колит, әсіресе іш өту арқалы жүретін колит кездерінде
пайдаланылады, өйткені жалбызтікен тұтқырлық зат ретінде әсер етеді 37.
Жалбызтікен препараттары медицинада және ветиринарияда ежелгі заманнан
бері қолданылады. Олар көптеген елдердің, соның ішінде бұрынғы Кеңес
Одағының фармокопиясына да енген.
Францияда жалбызтікенді жөтелге қарсы жұмсартушы, астарлап-бүркеп
алушы ретінде, тұндырма және қайнатпа түрінде пайдаланады, сондай-ақ
тамақты шаю үшін ұсақталған тамырын суық суға салып жібітеді.
Болгарияда тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары қабынған кезде,
жөтелде, көкжөтелде, зәр шығару және жыныс жолдарының қабынуында
жалбызтікеннің екі жылдық тамырын қыртыссыз пайдаланады.
Австрияда тамырын, жапырақтарын, гүлдерін салқын тұндырма түрінде
бронхитке және тамақтың ауруларына қарсы дәрі ретінде, сондай-ақ көзді жуып-
шаю үшін қолданады. өсімдікті үйдегі дәрәләк заттармен бірге сақтауды
ұсынады.
Жалпы, дәрілік жалбызтікеннің тамырын әртүрлі қоспалармен бірге
сырттай таңу арқылы жұмсартқыш ретінде пайдаланады.
Жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы – иісі жоққа тән, түсі сұрғылт-
сары, ерекше тәттілеу дәмі бар ұнтақ болып табылады.
Жалбызтікен тамырының сығындысы – сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән тәтті
дәмі бар, иісі жоққа тән, қоюлау сұйықтық болып табылады. жалбызтікен
тамырыныңы тұндырмасы – ұнтақталған шикізат, оған бөлме температурасындағы
суды қосып қабылдайды.
Жалбызтікеннің шырыны – шырынның құрамына жалбызтікен тамырының 2 г
құрғақ сығындысы мен 98 г қант шырыны кіреді.
сонымен қатар, жалбызтікеннің шырышты – полисахаридті комплексі
эпителийдің қабынған клеткаларынан бөлінген микробтық, вирустық және улы
өнімдерді өзіне сіңіріп, сорып алады және олардың белсенділігін жояды 5.

Халық медицинасында қолданылуы. Халық медицинасында жалбызтікеннің
гүлдері мен жапырақтары және тамыры пайдаланылады. Гүлдерінің тұндырмасын
көздің шырышты қабықшасының қабыну процестерін емдеу үшін және тамақты шаю
үшін қолданады. Жалбызтікенді цистит және зәр шығару жолдарына тас біткен
кезде де, созылмалы простатиттер мен предстат бездерінің ісіктерінде,
буындағы ауырсыну сезімдерін басып, тыныштандыру үшін, баларадың еріксіз
зәр шығарып қою кездерінде, дизентерия мен диспепсияға шалдыққан кезде
пайдаланылады.
Сондай-ақ ыстық тұндырма түрінде тістің қызыл иегі, тамақтың бадамша
бездері мен жұтқыншақ қабынған жағдайда ауыз қуысын шаю үшін пайдаланады,
ал салқын тұндырма күйінде көздің және терінің шырышты қабаты қабынғанда
компресс жасау үшін қолданады 32.

2 ҒӨК “ЭКОС” ЖАҒДАЙЫНА ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА

Топырақ жер шарының тіршіліктегі аймағы – биосфераның басты
компоненті. Топырақ түзуші факторлардың ең маңыздысының бірі - өсімдік, ал
өз кезегінде өсімдік тіршілігі топырақсыз мүмкін емес. сондықтан да, екпе
жағдайындағы өсімдікпен жүргізілген ғылыми зертеулердің қайсы бірі
болмасын, ол топырақтың құрамдық ерекшелігімен қоса қарастырылады. Өйткені
топырақ өсімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПАПОРОТНИК ТӘРІЗДІЛЕР БѲЛІМІ (ПАПОРОТНИКОВИДНЫЕ) POLYPODIOPHYTA
Жалбыздың қасиеттері
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен гүл табанының құрылысында
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis L. ) биологиялық ерекшелігі және оның пайдасы
Розмарин қышқылының фармакологиялық белсенділігі
Пәндер