ҚР екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибесіне талдау


МАЗМҰНЫ:
KІРІСПЕ . . . 3
І. Қарыз алушының несиелік жобасын талдаудың теориялық негізі . . . 5
1. 1 Қарыз алушының несиелік жобасының мәні . . . 5
1. 2 Несиелеу принцптері мен несиелеу шарттары…. . …… . . . 12
1. 3 Жеке тұлғаның несиелік жобасын бағалау . . . 17
ІІ. ҚР екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибесіне талдау
(Мысалға, «Туран Алем Банкі АҚ-ның материалдарында) . . . 22
2. 1 Банктегі несиелеу процесін ұйымдастыру . . .
2. 2 Жекелеген секторларды жоба бойынша несиелеу механизмі . . .
2. 3 «Туран Алем Банкі АҚ-ның несиелік саясаты . . .
ІІІ. Қарыз алуышының несиелік жобасын жетілдіру жолдары . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ажырамас бір бөлігі. Банктің дамуы қашанда тауарлы өндірістің дамуымен тығыз байланысты келеді. сондай-ақ банктер көрсетілетін қызметтің сандық және сапалық өсуімен дамып отырады.
Көптеген отандық банктердің банкротқа ұшырауы, мерзімі өткен несиелердің өсуіне байланысты болып отыр. Ол банктердің және жалпы банктік жүйенің даму барысында орын алып отырған өзекті мәселелердің біріне айналуда. Нақтырақ айтатын болсақ, бүгінгі отандық банктердің кез келгенінің несиелік портфелінің жағдайы өте төмен, өйткені, ондағы проблемалық несиелердің үлесі 35-40% шамасын құрайды. Ал, бұл көрсеткіш Германия және американдық банктер тәжірибесінде 5-6% мөлшерінде. Салыстырып қарасақ, біздің банктеріміздің несиелік портфелдегі проблемалық несиелердің 6-7 есе жоғары болуы, банктік тәжірибеміздегі ондай несиелермен жасалатын жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан да, алдағы уақыттарды жедел түрде бұл мәселелерді шешу барысы өз кезегінде, көптеген ғылыми тұрғыдағы ізденістерді қажет етеді.
Банктердің экономиканы несиелеуге ынталы болмауы, тек төменгі деңгейде табыс алуына байланысты емес, сол сияқты несиелердің қайтарылмау ықтималдығынан олардың жоғарғы тәуекелге баруына да байланысты болуда. Басқаша айтқанда, біздің елімізде алдағы уақытта Қазақстан экономикасына жұмыс жасайтын банктер жүйесін құру міндеті тұр. Бұл да бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады.
Банктік несиелеудегі шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе - бұл несиелеуге байланысты арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұсқаулардың жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетен бағалау әдістемесін жетілдіру тек өркениетті әлемде қабылданғандай және банктер тәжірибелеріне сүйене отырып, несиелік мекемелердің бұрынғы әдістердің тиімді жақтарын қалпына келтіру жолымен ғана мүмкін болады. Нарықтық қытынастар жағдайындағы қарыз алушының несиелік қабілетін зерттеу, белгілі экономистеріміздің еңбектерінде әр жақты құбылысты береді. Сондықтан да, қазіргі банктердің көрсететін қызмет түрлерінің дамуындағы орын алатын мәселелерді анықтау және оларды ғылыми тұрғыда оқып білу магистрлік жұмыстың тақырыбын анықтап берді.
Диплом жұмыстың мақсаты - қарыз алушының несиелік жобасын бағалау әдістемесін жетілдіру жолдарын қарастыра отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелеріне талдау жасау болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
- қарыз алушының несиелік жобасы ұғымын қарастыру;
- несиелік механизмнің құрылымдық элементтерін және өзіндік ерекшеліктерін зерттеу;
- Әлемдік тәжірибедегі қарыз алушылардың несиелік жобасын бағалау ерекшеліктерін оқып-үйреніп, олардың кейбір тиімді жақтарын ұсыну;
- ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелеріне талдау жасау;
- Банктердің несиелік портфелін талдау;
- Қарыз алушының несиелік жобасын бағалау әдістемесін жетілдіру жолдарын жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісіне ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметі және олардың несиелік портфелінің құрылымы жатады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің банктік несиелеудегі орын алатын мәселелер туралы зерттеулері пайдаланылды.
Сонымен қатар, ғылыми жүмыста келесідей шетелдік экономистің ғылыми еңбектері И. Д. Мамонова, А. Я. Ротлейдер, О. И. Лаврушин, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская, М. Х. Лапидус, В. Платонов, М. Хиггинс және т. б. және отандық экономист-ғалымдардың Ғ. С. Сейтқасымов, Д. М. Мәжитов, С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс, Д. Т. Боқаевтың еңбектері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері және несиелеуге байланысты әр түрлі жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелеудің дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
І. Қарыз алушының несиелік жобасын талдаудың теориялық негізі
1. 1. Қарыз алушының несиелік жобасының мәні
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік жобасын анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік жобасы - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік жобасын оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік жобасы - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілетін білдіреді.
Қарыз алушының несиелік жобасынан бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік жобасын бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік жобасының деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік жобасының мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі) .
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу жобасы қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік жобасының ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының қапиталы оның несиелік жобасының біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
- оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициенті негізінде талданады;
2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий - бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен банк клиентінің несиелік жобасын бағалау критерийлері несиелік жобасын бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
- іскерлік тәуекелді бағалау;
- менеджментті бағалау;
- қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- қаржылық коэффициенттерді бағалау;
- ақша тасқынын талдау;
- қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
- орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік жобасын бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның төлем қабілетінен көрінеді: 1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру; 2) несиені қайтару; 3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу; 4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу. Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік жобасын банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік жобасын талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген “Қарыз алушының несиелік жобасын банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы”, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: ”Кәсіпорын балансы” (№1 форма) ; ”Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма) ; Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма) ; сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы ”Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№1 - Ф - мерзімді - тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№5-з - мерзімді - тоқсандық- жылдық формалары) .
Қарыз алушының несиелік жобасын бағалауда отандық банктік тәжірибеде мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:
Кесте 1. Қарыз алушының несиелік жобасын бағалауда пайдаланылатын көрсеткіштер
1
2
Ағымдағы активтер- запастар
/ағымдағы міндеттеме
4
5
6
Меншікті капитал рентабельдігі
Пайда/меншікті капитал
7
Ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельдігі
Пайда/ұзақ мерзімді несие және займдар
8
Қаржы тұтқасы коэффициенті
Заемдық қаражттар/ меншікті қаражаттар
9
Тіркемелі активтерді өтеу коэффициенті
Тіркемелі активтер (ғимараттар және құрылғылар) - амортизация / қамтамасыз етілген несиелер
Қарызға қызмет ету коэффициенті
Пайда /қарыз бойынша шығындар
Қор қайтарымы
Жалпы пайда- түсім/активтер
Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндірді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, запастар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:
- ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары) ;
- жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк ссудалары және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген ссудалар бойынша жұмысшылары және қызметкерлерімен есеп айырысу) . Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда “өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу” бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
- жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылықтар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары) .
Өтімділік коэффициенті ақшалай қаражаттар мен жеңіл іске асатын талаптардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы есептеледі. Өтімділік коэффициенті (Кө) келесідей кестеде есептеледі:
Тез іске асырылатын активтер
Кө = (1)
Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1, 2 мен 1, 5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:
- қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады) ;
- өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы) ;
- өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі) ;
- материалдар запасын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді қаражаттардың айналысы),
- жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар жатады:
- ағымдағы қызмет зияндары;
- өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;
- өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
- күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.
Өтеу коэффициенті қысқа мерзімді сипаттағы өтімді қаражаттардың (ақшалай қаражатар мен жеңіл іске асатын талаптардың және жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық бағалылықтар) қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы есептеледі. Өтеу коэффициентінің (Кө) есептелуі төмендегідей кестемен беріледі:
Тез іске асатын активтер + Өтімді активтер
Кө = (2)
Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы
Қарыз алушы кәсіпорынның салалық сипатына қарай, өтеу коэффициентінің оңтайлы мәні 1, 2-ден 2, 0 аралығында болғанын қалайды. Өтеу коэффициентінің ең төменгі мәні: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және байланыс үшін -1. 5, ал сауда және материалдық-жабдықтау ұйымдары үшін - 1. 0 болуы тиіс.
Өтеу коэффициенті қарыз алушының қарыздық міндеттемелерді жабуға арналған барлық қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды. Коэффициенттің мәні қаншалықты жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы үлкен сомада несие алады.
Өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты аяқ асты ауытқып отыруы мүмкін. Оның мәніне төмендегідей факторлар ықпал етеді:
- жөнелтілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу формалары;
- өндіріс циклінің ұзақтығы;
- айналым қаражаттарының айналымдылығы;
- тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы.
Өтімділік коэффициентін және өтеу коэффициентінің арасында кері байланыс болады. Өтеу коэффициентінің артуы өтімділік коэффициентінің азаюына әкеледі және керісінше.
Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету көрсеткіші де қарыз алушының негізгі көрсеткіштер қатарына жатады. Мұнда қаншалықты меншікті қаражаттарының мөлшері айналым капиталында көп болса, соғұрлым клиенттің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу қабілеті жоғары немесе қарыз алушы тұрақты болады. Меншікті айналым қаражаттарды ұлғайтудың негізгі және тұрақты көзі пайда болып табылады. Меншікті қаражаттардың болуын баланс пассивінің бірінші бөлімінен активтің бірінші бөлімінің сомасы мен зиянды шегеру арқылы есептеуге болады. Меншікті айналым қаражаттармен қамтамасыз ету көрсеткіші (Кмқ) келесідей кестемен есептеледі:
Пассивтің І бөлімі - (Активтің І бөлімі + Зиян)
Кмқ = (3)
Активтің ІІ бөлімі + Активтің ІІІ бөлімі
Бұл көрсеткіш қарыз алушының меншікті қаражаттарының мөлшерін сипаттайды. Қаншалықты меншікті айналым қаражаттарының үлесі жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты болып келеді. Егер де, Кмқ-ның орташа мәні 50%-ға тең немесе жоғары болса, онда ол оңтайлы болып келеді. Кмқ-ның ең төменгі мәні 20%-дан (сауда және материалды-техникалық жабдықтау) 50%-ға (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және байланыс) дейін ауытқып отырады.
Жоғарыдағы келтірілген үш негізгі көрсеткіш негізінде қарыз алушының класын анықтауға болады. Үш көрсеткішті пайдалану банкке қарыз алушының несиелік жобасын толық бағалауға мүмкіндік бермейді. Ол үшін қосымша көрсеткіштер қатары қолданылады.
Қарыз алушының несиелік жобасын бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz