Банктік қызметтер нарығын талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Банк қызметтерінің нарығы . олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... 6
а) несиелік қызмет нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ә) депозиттік қызмет нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... 13
б) инвестициялық қызмет нарығы ... ... ... ... ... ...16
в) комиссионды.делдалдық қызмет нарығы ... ...19
2 ТАРАУ. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ТАЛДАУ (ЕДБ МАТЕРИАЛЫ НЕГІЗІНДЕ ) ... ... ... 22
2.1. Қазақстан Республикасының несиелік нарығын талдау ... ... ... 22
2.2. Қазақстанның депозиттік нарығының бүгінгі қызметі ... ... ... ... 30
2.3. Электронды қызмет көрсету нарығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ...39
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.1. Қазақстанда банктік несиелеудің перспективалық бағыттары..49
3.2. Валюталық нарықтың даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... 55
3.3. АҚ «ТұранӘлем банктің» валюталық нарықтағы орны ... ... ... .65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР
НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...5
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Банк қызметтерінің нарығы – олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... .6
а) несиелік қызмет
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 8
ә) депозиттік қызмет
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ...13
б) инвестициялық қызмет
нарығы ... ... ... ... ... ...16
в) комиссионды-делдалдық қызмет
нарығы ... ...19
2 ТАРАУ. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
( ЕДБ МАТЕРИАЛЫ НЕГІЗІНДЕ ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1. Қазақстан Республикасының несиелік нарығын талдау ... ... ... 22
2.2. Қазақстанның депозиттік нарығының бүгінгі
қызметі ... ... ... ... 30
2.3. Электронды қызмет көрсету нарығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ..39
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...49
3.1. Қазақстанда банктік несиелеудің перспективалық
бағыттары..49
3.2. Валюталық нарықтың даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... 55
3.3. АҚ ТұранӘлем банктің валюталық нарықтағы
орны ... ... ... .65
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...72
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның банктік қызметтер нарығының
бүгінгі жағдайының, ТМД елдері банктері жүйелерімен салыстырғанда жақсы
көрсеткіштерге ие болып, халықаралық стандарттарға қол жеткізуі, банктік
қызметтердің қалыптасқан түрлері мен қатар жаңа түрлерін енгізуі қарастыру
болып отыр.
Қазіргі кезеңде қазақстанның банктік жүйесі біршама тұрақты және
сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған
негізгі мәселелер – қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік – құқықтық
базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем
жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту.
Сонымен, қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі
көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі
болып отыр.Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдарының -
бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау.
Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе
банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алуда.
Салымдардың банк клиенттері арқылы жинақталатыны сөзсіз, олай болса
банктер қаржы тартудың жаңа көздерін іздестіруі тиіс. Тиімді қаржы тартуда
банк мекемесі алдында тұратын өзекті мәселе, клиенттер қызығушылығын
арттыратын, оларға сенімділік беретін жаңа қызметтерді іске қосу.
Соңғы кезеңдерде ақпараттық құралдарда және экономикалық басылымдарда
Қазақстанның банктік секторының оңтайлы дамуы жайында көптеген мәліметтер
кездеседі. Қазақстан Республикасының банктік секторы соңғы 15 жыл
аралығында қарқынды даму үстінде. Ол ТМД елдеріндегі ең жоғарғы
капиталдандырылған коммерциялық банкі бар алғашқы ел – бір банктің орташа
капиталдандырылуы 29.1 млн. АҚШ доллары көлемінде.
Осындай жағдайлардың орын алуы барысында өте маңызды мәселелердің бірі
– жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын күшейтті. Банктік жүйе қаржылық
жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін көптеген қызметтерді атқарады. Оларға
банктердің уақытша бос қаражаттары бар тұлғалармен осы қаражаттарға деген
уақытша қажеттіліктері пайда болған тұлғалар арасындағы делдалдық
қызметтері, тәуекелдерді бағалау, есеп айырысуларды жүзеге асыру және ақша
– несиелік саясатты жүзеге асыруы жатады. Алайда банктер қызмет етуі
барысында тәуекелге, өтімділігінің төмендеуіне және төлем қабілетсіздікке
ұшырауы мүмкін.
Қаржыландырудың басқа жолы - несие. Алайда қазіргі несие берушілердің
инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер
қаржымен қамтамасыз ету алдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын
мүлік салу (бұны несие алушылардың барлығының қалтасы көтермейді)
Электрондық есептеу жүйесі қазіргі заманның ағымына сай, пластикалық
карточкалар, олардың иелігіндегі операциялар, іс жүзінде банкоматтар арқылы
жұмыс жасайды: сауда орталықтарында банктік қызметті үй ішінде көрсету,
жұмыс орнында.
Пластикалық карточка ол біртұтас термин, бұл карточкалардың қай түрі
болмасын, қандай іс әрекетіне айналса да, осы замандағы алдыңғы қатарлы
дамып келе жатқан электронды құралдардың бір түрі.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы банктік
қызметтердің әр түрлілігімен, ұқсастығын, мәселелері мен перспективаларын
айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Қазақстан Республикасында банктердің жүргізуіне рұқсат етілген
операция түрлерімен танысу;
• Банктік қызметтер нарығының ерекшеліктерін көрсету;
• Банктік нарықтағы өзгерістерге зерттеулер жүргізу;
• Банктік қызметтер нарығына талдау жасау;
• Банктік қызметтердің даму мәселелері мен перспективаларын
айқындау.
Зерттеу объектісі: банктік қызметтер нарығын және оны дамыту
жолдарын зерттеу.
Диплом жұмысына әдістемелік және мағлұмат негізі ретінде, Қазақстан
Республикасының банктік жүйемен, банктік қызметтерге қатысты заң, ереже,
нұсқаулары мен нормативтік – құжаттық актілері, отандық және шетелдік
авторлар еңбектері, журналдар, интернет-сайттар және т.б. қолданылды.
Теориялық маңызы, дипломдық жұмыста Қазақстандағы банктік қызметтер
нарығы – олардың жіктелуі, банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
қарастырылған.
Практикалық маңызы, банктік қызметтер нарығын екінші деңгейдегі
банктер арқылы талдау жасау және оның даму перспективалары, бағыттары
қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, 3 бөлім және оған сәйкес
тақырыпшалардан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

НАРЫҒЫ
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын
жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, банктер клиенттердің
салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені – депозитті құрады, ал
жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыға береді.
Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық
капиталдарға ие болады. Олар делдалдық қызметтің негізінен шығып, ұдайы
өндірістің барлық фазасының салаларына дендей енеді. Несие жүйесі сыйқырлы
күшке ие және ең қатерлі жолмен нақты өндіріске араласуы ықтимал. Басқа
тұста К.Маркс Сауда мен өнеркәсіпке үстемдігін жүргізетін ағылшын банкісі
секілді мекеменің орасан зор билігіне назар аударады. Банктер шаруашылық
өмірдің орталығына, барлық экономиканың ең басты жүйке торабына айналды.
Банктердің рөлі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің қызметтерін
орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптері
сақталғанда анықталады.[8.264б]
Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты
білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал, әрбір
қоғамның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретінде алға шығады, ал,
экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, оның қозғаушы факторы болып
табылады. Осыған қарай экономикалық әдістердің көмегімен басқару
экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденің осындай ұғымына қарай
былайша тұжырым жасауға болады: оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру
арқылы әсер етуге болады және басқарудың экономикалық әдістеріне жүгіну
арқылы банктермен, мысалы, әр түрлі несие қаражатына мұқтаж әр қилы
экономика буындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелеу жолымен
немесе қоғамдық өнімнің ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін, экономиканың
тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жолымен ықпал етуге
болады. Банктер уақтылы қайтарылмаған несие үшін жоғары пайызды, мерзімі
кешіктірілген төлем үшін өсімақыны, есеп айырысу операциясы барысында
бұрмаланған ереже үшін айыппұлды өндіріп алу арқылы өз мүдделерін ғана
емес, сонымен қатар, осы операцияларға қатысушы басқалардың да мүдделерін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау процесінде қызметтік (экономикалық)
салалық (министрліктер, ведомоствалар, компаниялар, фирмалар) және аумақтық
(жергілікті органдар) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты болады,
яғни әрекеттеседі.
Банктер экономикалық басқарудың органдары болып табылғандықтан, өз
клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта
__________________________________
*Сейітқасымов Ғ. Ақша, несие, банктер Оқу құралы, Алматы 2005,ж.
болады.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты
банктердің алдынан мүлдем жаңа көкжиектер ашылды. Меншікті мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік формалары, кооперативтік қозғалыс кеңінен дамып,
аралас меншік түрлерінің негізінде кәсіпорындар құрылды.
Қоғамда тиісті класы бар кәсіпкерлер мен коммерсанттар пайда болды.
Экономика мен қоғамда нарықтық қатынастың дамуына қарай банктердің
экономикалық рөлі артып келеді. Олардың жұмыстарында әкімшіл-әміршіл
әдістер ығыстырылып, экономикалық әдістер қолданылатын болды. Экономикаға
әсер етуде банктік құнды аспаптардың маңызы артып келеді.
1.2. Банк қызметтерінің нарығы – олардың жіктелуі
Кез келген елдің экономикасының маңызды кұраушысы банктік сектор болып
табылады, өйткені банктер төлем жүйесіне енгізілген, депозиттердің иелері
мен заемшылар арасындағы делдал ретінде жұмыс істейді, мемлекеттің ақша-
кредит саясаты іске асыру кезінде агенттік қызметті орындайды. Банк
бизнесінің негізгі принциптері оған тікелей байланысты, не қоса жүретін
тәуекелдерді бағалау және басқару болып табылады. Банктер барлық
тәуекелдердің ішінде өтімділікті және төлем кабілеттілігін жоғалту
проблемаларына неғұрлым алаңдайды. Мұның өзі банктердің заем каражатының
жоғары үлесімен операциялар жасауына және қаржылық, тұрақтылық, жағдайында
ғана салымшылардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткілікті болып
табылатын өтімді активтердің осындай деңгейін ұстап тұруына байланысты.
Банктер қаржы делдалдары ретінде акция рыногында айтарлықтай бөлігі қысқа
мерзімді депозиттерден тұруы ықтимал болатын өтімді ресурстарды тартды жэне
оларды өтімділігі азырақ және ұзақ, мерзімді несиелерге және
инвестицияларға орналастырады. Банктер активтерінің негізгі бөлігі
тәуекелділік деңгейін барлық уақытта шынайы бағалау мүмкін бола бермейтін
қарыз алушылардың басым бөлігіне берілетін несиелерге орналастырылады.
Осыған байланысты депозит иелері банктерге, күйзеліс болған кезде зардап
шегуі ықтимал болатын әлеуетті қатер туындайды, осының нәтижесінде
депозиторлардың тұтастай алғанда банк жүйесіне сенімсіздігі ұлғайып,
депозиттердің банктік сектордан әкетілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осындай
жағдайды болдырмас үшін елдер соңғы сатыдағы кредитордың және депозиттерді
сақтандырудың, әдетте реттеу және пруденциалдық қадағалау функцияларын
қамтитын қаржылық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырады.
Сонымен, „ҚР-ғы банктер және банктік қызметтер туралы” ҚР заңына
сәйкес, Банк дегеніміз – банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға. Қазақстан Республикасының заңы бойынша
лицензияға сәйкес жүзеге асырылатын, яғни ел территориясында жүргізуге
рұқсат етілген қызметтер мен операцияларға (30 - бап) мыналар жатады:
1) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
3) банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және
жүргізу;
4) тазартылған бағалы металдардың саны нақты көрініс табатын жеке
және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
5) кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру,
қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау;
6) аудару операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын
аудару жөніндегітапсырмаларды орындау;
7) есептеу операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың
вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу;
8) заем операциялары төлем, мерзім, қацтарым талаптарына сәйкес:
ақшалай түрде несие беру;
9) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент
банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысуларды жүзеге асыру;
10) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген тұлғаның мүддесі
үшін және оның тапсыруымен ақшаны тазартылған бағалы металдарды
және бағалы қағаздардыбасқару;
11) клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және
растау, сондай – ақ олардың өзара төлемдерін өтеуін жүзеге асыру
және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
12) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй – жайларды
жалға беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттамалары мен құндылықтарын сақтау
жөніндегі қызметтер;
13) ломбард операциялары: сақтауға алынып жеңіл өтетін бағалы
қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып қысқа мерзімді
несие беру;
14) төлем карточкаларын шығару;
15) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және
жолдау;
16) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
17) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельді қоспағанда);
18) чек кітапшаларын шығару;
19) бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
20) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша
міндеттемелерді орындау;
21) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
_______________________
*"Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметтері туралы” заң
(өзгерістер мен толықтыруларды қоса) 31 тамыз 1995ж.
22)үшінші тұлға үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл
болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.[1.98б]
Банк қызметтер нарығын былай жіктеуге болады:
а)несиелік қызмет нарығы;
ә)депозиттік қызмет нарығы;
б)инвестициялық қызмет нарығы;
в)комиссионды-делдалдық қызмет нарығы.[8.401б]
Оларға келесі сұрақта қысқаша тоқталатын болсақ.
а) Несиелік қызмет нарығы
Қазiргi кездегi банктiк жүйе - бұл алуан түрлi және дәстүрлi емес жаңа
банктiк қызметтердi клиенттерге көрсету. Соның iшiнде банктердiң дәстүрлi
қызметтерiнiң бiрi - несиелiк операцияларды iске асыру. Елдiң жаңа
экономикалық қатынастарға түсуi, оның жалпы экономикаға тиiмдi ұштасуы,
оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, несиелiк қатынастардың
қолдануынсыз, оны дамытпай жүзеге асуы мүмкiн емес. Несие – өндiрiстiк
күштердiң дамуын ынталандырып, капитал көздерiн құрудың, ғылыми-техникалық
процестiң нәтижелерi арқасында өнiм өндiру негiздерiн жеделдетедi.Қарыз
алушылардың несиелiк көздерге деген жолын мемлекет реттеп, олар үшiн
мемлекеттiң кепiл болуы, банктi мемлекеттiң жалпы ұлттық даму
бағдарламасына сай жұмыс жасайтын кәсiпорындарға деген сұраныс арқылы
оларды несиелеуге ынталандырады. Банктердiң тәжiрибесiнде қолданылатын
несиелеу процесiнiң өзiндiк алғышарттары болады. Әрбiр банкте
пайдаланылатын несиелеу механизмiнiң элементтерi несиелiк операциялардың
сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi.
Жалпы несиелік қызмет дегеніміз, банктің уақытша бос ақша қаржыларын
қайтымдылық, табыстылық, мерзімділік қағидасымен ресурстарға сұранысы бар
қарызгерлерге ұсынуы болып табылады. Банк несиелік ресурстарды:
o қысқа мерзімге (1 күннен 1 жылға дейін);
o орта мерзімге (1 жылдан 3 жылға дейін);
o ұзақ мерзімге (3 жылдан жоғары мерзімдерге) ұсына отырып кіріс
алуды басты қағида ретінде ұстанады.
Несиелеу алғышарттары келесiдей:
● несиеге деген өтiнiштi қарау;
● несиелiк қабiлетiн талдау;
● несиелiк келiсiм шарт жасау;
● несие беру;
● несиелiк мәмiленiң орындалуына бақылау жасау.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер Қазақстан
Республикасының ұлттық банкi туралы 30.03.1995 ж. және Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктiк қызметтер туралы 30.08.1995 ж. ҚР
Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын басшылылыққа алады. Несиелер төлем
қабiлетi бар қарыз алушыларға несиенi қайтарудың нақты көздерiнiң
және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай
берiледi.[22.98б]
. Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi
қарау. Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi,
түрi, мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң
қоятын талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар
сипатына байланысты құжаттар берiледi. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн
әртүрлi құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Қажет жағдайларда банк қарыз
алушыдан несиенi қайтаруын қамтамасыз ететiн басқа да құжаттар мен
мәлiметтердi талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелiк
қатынаста болатын қарыз алушылар үшiн кейбiр құжаттар тiзiмi қысқаруы
мүмкiн. Қарыз алушы банкке несие алуға өтiнiш жасаған уақытта, банк
несиелеудегi оның мүмкiндiгiн алдын-ала бағалау үшiн есеп карточкасын
толтыруы мүмкiн.
Екiншi алғышарт. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау. Яғни, оның
қарыз бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабiлетiн
бағалауды бiлдiредi. Несиенi қайтара алмау тәуекелi әртүрлi факторлардың
әсерiнен болуы мүмкiн, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешiм
қабылдамас бұрын оның несиелiк қабiлетiн талдайды. Бұл көрсеткiш банктiң
өтiмдiлiгiне ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Қарыз алушының несиелiк
қабiлетiне талдау жасау барысында келесiдей факторлар есепке алынады:
( қарызға қатысты қабiлеттiлiгi. Қазір алушыға қарызды бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық құжатын анықтайтын жарғысы
және нұсқаумен танысуға тиiс;
( қарыз алушының iскерлiк репутациясы. Несиелiк мәмiлеге тиiстi
репутация деп, қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес,
сондай ақ келiсiм шартқа байланысты барлық мiндеттемелердi орындауы
түсiндiрледi;
( табыс алу қабiлетi. Банк қарыз алушының қарызды қайтаруға жеткiлiктi
қаражатты табу қабiлетiне баға беруi қажет;
Қарыз алушының табыс алу қабiлетiн анықтау барысында сату көлемiне,
баға шығындарына, шығыстарға әсер ететiн факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсiпорынның орналасқан жерi, оның тауарлары мен
қызметтерiнiң сапасы, шикiзат құны қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi жатады.
Несиелеудегi шетелдiк тәжiрибедегi бұл факторларға қоса жарнамалау
тиiмдiлiгi, бәсеке сияқты факторлар ескерiледi. Қарыз алушының несиелiк
қабiлетiн бағалаудағы басты фактор оның қаржылық жағдайы болып табылады. Ол
қарыз алушының қызметiн көрсететiн көрсеткiш ретiнде қызмет ете отырып,
меншiктi және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану
________________
*Мамыров Н.Н. Предпринимательство.Алматы. Экономика – 1998г
құрылымдарымен, сондай ақ пайданы алу, бөлу және тиiмдi пайдаланумен
сипатталады. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның төлем қабiлетiнен
көрiнедi:
➢ шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы
қанағаттандыру;
➢ несиенi қайтару;
➢ жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
➢ бюджетке төлемдер мен салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық мiндеттемелер
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктiк талдау шектеулi және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау үшiн оның
тиiмдiлiгiн, төлем қабiлеттiлiгiн, шаруашылық-қаржылық қызметiн жан жақты
бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер жүйесiн ұсынатын көптеген
әдiстемелер қолданылады. Қарыз алушылар негізгi коэффициенттер көрсеткiшiне
байланысты несие қабілеттiлiгiнiң үш классымен анықталады. Қарыз алушыларды
класс бойынша бөлiп қарастыру Қазақстан Республикасының ұлттық банкi ұсынып
отырған коэффициенттер негiзiнде жүзеге асырылады.
Үшiншi алғышарт. Несиелiк келiсiм шарт жасау. Қазiргi несиелеудiң
басты ерекшелiгi бойынша банк қарыз алушының несиелiк қабiлетiн тексерiп
болғаннан кейiн несиелiк келiсiм шарт жасау үшiн несиелеу субъектiсiмен
қатынасқа түседi. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарды банк пен қарыз
алушы келiсiм шарт негiзiнде шешедi. Несиелiк келiсiм шарт екi жақтың өзара
мiндеттемелерiн және жауапкершiлiктерiн анықтайды Несиелiк келiсiм шарттың
мазмұнын келiсушi жақтардың өздерi анықтайды. Бұл жерде екiншi деңгейдегi
банктер оның типтiк формаларын пайдаланады. Несиелiк келiсiм шарттың
мазмұнында несиелеу механизмi, оның негiзi элементтерi (несие түрлерi және
объектiлерi, сомасы, несиенiң бағасы, несиелеу әдiстерi және қарыздық шот
формалары, қарыздың қамтамасыз етiлу және қайтару тәсiлдерi, банк бақылауы)
және банк қарызларының қозғалысы қарастырылады.
Төртiншi алғышарт.. Несие беру процессi. Бұл кезең қарызлық шот
формасын, қарызды берудi құжаттау тәртiбiн (қосымша құжаттар толтырылуы
мүмкiн), қарызды беру тәсiлiн анықтайтын, несиелеудi ұйымдастыру және
техникалық шарттарын қамтиды.
Бесiншi алғышарт. Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау
жасау. Бұл несиелiк операциялардың маңызды кезеңi. Қарыздар бойынша кәзіргі
қайтару тәсiлi қарызлық шот формасында, банк қаражаттарының пайдалану
ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты.
Қарызды қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен
құжатталады: егерде қарыз тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi
мiндеттеме толтырылады, ал қарыз бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр
төлемге әртүрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Арнайы қарыз шот бойынша
банкке қарызы тiкелей осы шотқа келiп түсетiн түсiмдер есебiнен
қайтарылады.[22.59б]
Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындақтарға кезiгуiне
байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн,
бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. сыйақы мөлшерi оны төлеу
мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм
шартта анықталады. сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару
кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн. Банктiк тәжiрибеде қарыз бойынша жай
және күрделi сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай пайыздарды бiрiншiден қысқа мерзiмдi несиелеу үшiн қолданылады.
Олар бойынша пайыздарды есептеу және төлеу келiсiм шартта көрсетiледi:
S=P(1+n*i),
мұнда: S - несие бойынша барлық соманың көлемi
P - бастапқы қарыз
i - пайыздық мөлшерлеме
n - мерзiмi
Банк тәжiрибесiнде күрделi пайыздар ұзақ мерзiмдi несиелеу кезiнде
қолданылуы мүмкiн. Мұнда мәмiле аяқталғанға дейін несие алушыға есептелген
сома төленбейдi, ал негiзгi қарыз сомасы өсiп отырады. Оны мына формуламен
көрсетуге болады:
S=P(1+i)n
Әрбiр банктiң өзiнiң клиентiнiң несиелiк iсiн (несиелiк досье) жүргiзу
жүйесi болады. Несиелеу процесiне жасалатын бақылау банктiң несиелiк
портфелiн мерзiмдi түрде тексерiп отырумен де толықтырылады. өйткенi,
банктiң несиелiк портфелi оның табыс көзi және несиелiк операцияларды
жүргiзу барысындағы тәуекел көзi болып табылады. Банктiң тұрақтылығы,
өтiмдiлiгi және репутациясы көбiне оның несиелiк портфелiнiң құрылымы мен
сапасына байланысты болып келедi. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау
негiзiнде банктер рейтингi бойынша қарыздарды жiктейдi, ол өз кезегiнде
оларға несиелiк портфелдiң құрамын бақылауға және қажет кезде оны қайта
қарап отыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банктiң әдiстемелiк нұсқауларына
сәйкес екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер қарыздар бойынша мүмкiн болар
зияндарға арнайы резервтер (провизиялар) құрады. Резерв мөлшерi есептiк
күнге берiлген несиелердiң жалпы сомасына байланысты.
Банк ұсынатын несиелер сапасы бойынша несиенi қайтару мерзiмiне, қарыз
алушының қаржылық жағдайына, қарыз алушы мен банк арасындағы байланысқа,
несиелiк тарихына, несиенi қамтамасыз етуiне және оның өтiмдiлiгiне
байланысты бөледi
Нарық жағдайында банктердiң өздерiнiң ақшалай қаражаттарын инвестиция
мақсатына жүзеге асыру тиiмдiлiгi, банктiң сол ақша қаражаттарын тиiмдi де
оптималды түрде пайдалана алатын iрi қаржылық ұйым ретiнде танылуы керек.
Және де банктiк қызметтердiң iске асуының өзiндiк құнының
жоғарылауымен де тiкелей байланысты. Осы аталған факторларға байланысты
мемлекет тарапынан банктiк емес қаржылық мекемелердің шағын бизнестi
инвестициялауына ынталандырудың қозғаушы механизмiн жасау керек. Банк
өзiнен ақша қаражатын (несие) сұрап келген клиенттiң несиелiк
қабiлеттiлiгiн бағалау, талдау, анализ жасау, оның сұралып отырған несиенi
сол мақсатқа пайдаланатынына толық көз жеткiзу, әрине банктiң өз мүддесiне
жатпақ. Басқаша айтқанда, банкпен клиенттi (қарыз алушыны) несиелеу
процесi, оның несиелiк қабiлеттiлiгi деңгейi, оның партнерлер алдындағы
беделі, қаржылық жағдайы, нарықта бәсекелестер арасында алатын орны сияқты
жағдайларына аса көңiл бөлiнiп, толыққанды талдау жасалынуы тиiс.
Банк несиелеу функциясын жүзеге асыру арқылы, өздерiнiң өтiмдiлiгiн
қамтамасыз етсе, нарықтық қатынастар жүйесiнде жұмыс жасау тұрақтылығын
қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының даму стратегиясының ең басты
құжаты болып табылатын Қазақстан - 2030 бағдарламасында 1998-2000
жылдарға даму болжамының негiзгi басымдылығы ретiнде шағын бизнестiң
кедейшiлiк пен жұмыссыздық проблемасын шешетiн маңызды экономикалық сектор
екендiгiн айқындаған. Негiзiнде несиенi экономикалық категория ретiнде
түсiну үшiн, шағын бизнес субектiлерiнiң, кәсiпкерлердiң және басқа да
шаруашылық субектiлердiң несиені қалайша қолданған нәтижесi, қорытындысы
бойынша оның мемлекет экономикасына тигiзетiн әсерi арқылы бағаланады.
Әрине, несиемен максималды табыс табу мүмкiндiгi артады, ол жағдай тек
несиелендiру принциптерiн қатаң сақтаған кезде ғана оң нәтиже бере алады.
Несиенiң өндiрiстiң жандауында, оның кеңеюi процесiнде алатын ролi
орасан. Ол негiзгi қорларға (үй, ғимарат) қаражат көзi ретiнде жаңа
технологиялар ендiру, өндiрiстi жаңа техникамен жабдықтау жолында алатын
орны ерекше. Несиенi осы сұраныстар бойынша пайдалану бюджеттен
қайтарылымсыз қаржыландырудан бiршама артықшылықтары байқалады. қайтарымсыз
қаржыландыру арқылы капиталдану, бұл кезде шаруашылық қаражаттарды басқа да
мақсаттарға жұмсаулары мүмкiн, өйткенi ол сұраусыз кеткен ақшалар. Ал,
белгiлi бiр мақсатқа алынған несие тек сол мақсатқа қолданылуы керек, басқа
жаққа жұмсау тiптен ойдан да шығарылуы керек. Және несие қайтарымдылық
принциппен берiледi де, қайтаруды өз уақытынан кешiктiрсе ол үшiн пайыздар
төлеуi керек.
Несиенiң нарықтық экономикалық қатынастардың дамуында атқаратын ролi
Қазақстанның нарықты экономикаға бет бұрып, бiршама ретте несиелiк
қатынастарды дамытуымен байланысты. Сондықтан да нарықтық қатынастардың
қалыптасуы несиемен жалпы ақша айналымының түбегейлi қайта құрылуының
бiрден бiр шарты болып табылады. Бұл реформаның ең басты мақсаты - ақша
ресурстарының орталықтандырылған сипатта бөлiнуiн максималды түрде жойып,
оның қаржы нарығындағы қозғалысына түпкiлiктi өту болып табылса, ол өз
ретiнде бүгiнгi таңда бiршама жолға қойылды. Қаржылық нарықты құру,
шаруашылық субъектiлерiнiң несиелiк институтарын басқару iзiнде,
экономикалық қатынастар жүйесiнде несиенiң ролiнiң артуын жоғарылатады.
Несие Қазақстан Республикасы нарыққа көшу жолында қарыздың капитал
қозғалысы нысанын, яғни қарызға берiлетiн ақша капиталының қозғалысын
көрсетедi. Несие ақша капиталының қарыздық капиталға трансформациялануына
және қарыз алушылар және кредиторлар (екiншi деңгейдегi коммерциялық
банктер) арақатынасын анықтайды. Несиенiң көмегiмен банктiң уақытша бос
капиталы шаруашылық субъектiлерiне уақытша пайданауы үшiн пайда мен
қайтарылатын капитал болып табылады. Бұл ретте банк те кәсiпорын да табыс
таба алады. Кәсiпорын несие арқасында мысал үшiн, айналым қаражат мөлшерiн
ұлғайтып алса, және өз уақытында несиенi банкке қайтарса, ал банк өз
уақытша бос жатқан қарыздық капиталы арқылы табыс (сыйақы) алады.
Жалпы экономикалық басылымдарда несиенiң функцияларын әртүрлi
түсiндiрмелермен бередi. Оған бөлушiлiк, қайта бөлушiлiк, нақты
қаражаттарды ауыстырушылық, қаражаттардың аккумуляциялануы және тағы да
басқа функциялар жатады. Бiрақ несиенiң функцияларына әртүрлi мiнездеме
беру бiршама түсiндiрiлуi мүмкiн, егер, қоғамдық өндiрiс немесе
экономиканың айрықша анықталған кәсiпорынының типi мен айналымының
процесiне терең үңiлсек, оған жауап таба аламыз.
Несие - ақша массасының құрылымы мен көлемiне зор әсер етедi. Несие -
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар экономикасына көшу сатысында
несиелiк қаражаттардың әртүрлi нысандарын өмiрге келтiрiп, қолма қолсыз
есеп айырысулар, олардың әртүрлi формаларын енгiзу арқылы осылардың
дамуының базасы ретiнде қалыптасады. Мiне, осы факторлардың барлығы айналым
қаражаттарының тиiмдiлiгi мен жалпы қоғамдық өндiрiс қуатын жандандыруды
күшейтпек. Несиеге орай, пайданың тез де тиiмдi капитализациялану процесi
артса, мұның жалпы өндiрiстiң концентрациялануына жол ашары сөзсiз.
ә) Депозиттік қызмет нарығы
Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының
ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп
бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады. Кез келген нарықтық
экономикада банктік жүйе негізгі төрт функцияны жүзеге асырады:
• жинақ ұстаушылар мен инвесторларлар арасында делдал қызметін
атқарып, қысқа мерзімді депозиттерді орта мерзімдіге, орта
мерзімді депозиттерді ұзақ мерзімді депозиттерге айналдырады;
• тартылған ақша қаражаттары негізгі және фракциондық резервтік жүйе
жағдайында несиелік ақшаларды қалыптастырады, сөйтіп айналыстағы
ақша массасын көбейтеді;
• банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша
ұсынысына әсерін тигізеді;
• орталық банкпен белгіленген шектеулер шегінде қызметін жүзеге
асыра отырып, оған ақша – несие саясатын жүргізуге көмектеседі.
Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы
да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың
бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады. Қазіргі банктік
тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері
кездеседі. Бұл банктерді бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға
жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға
деген әр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға
ұмтылуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының ҚР банктер және банктік қызметтер туралы
заңында депозит анықтамасы келесідей берілген.
Депозит дегеніміз - бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға –
банкке (соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе
белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала
келісілген сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға)
қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс
ақша сомасы.
Банктік депозит – салымшының, банкке алдын ала келісілген сый ақы
қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.Депозиттік
орерациялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі
көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік
компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік
мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдарының
қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен орналастырады. Бұл
салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін
екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан кіріс әкелетін ақша ретінде, ал екінші
жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.[30.24 б]
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
• банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
• депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
• банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
• банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы
қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциядардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара
байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
• депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4
факторға тәуелді балып келеді:
➢ халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
➢ олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
➢ салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
________________________
*Банки Казахстан журнал, 2006г., №6.
➢ елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық
өнімдердің дамуы.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттерді топтаудың әр түрлі
критерийлері қалыптасқан. Солардың ішінде ең көп тарағандары мыналар: талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға.Әдетте ол
халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып
табылады.Қазақстанда 1994 жылдың соңынан бастап комерциялық банктер
әлеуетті салымшыларды тарту мақсатында әр түрлі бағдарламаларды құрай
бастады. Банктер депозиттердің көптеген жаңа түрлерін енгізді, кейбір
депозит түрлері бойынша қосымша ұтыстар жүргізілетін болды. Осы кезеңңен
бастап банктік депозиттік сыйақы мөлшерлемесі де салымшылардың
қызығушылығын тудыра бастады.
Банктермен тартылған қаражаттардың ең үлкен көлемі банктік емес заңды
тұлғалрдың ағымдағы шоттарында жинақталған. Тартылған қаражаттардың сақталу
мерзімі жағынан талап еткенге дейінгі депозиттердің азайып, мерзімді
депозиттердің өсуін байқауға болады, 2000 жылы мерзімді салымдардың үлесі
барлық депозиттердің жартысынан көбін құрайды. Бұның орын алу себебі,
банктер мерзімді салымдар бойынша талап еткенге дейінгі және ағымдағы
шоттармен салыстырғанды әлде қайда жоғары сыйақы тағайындайды.
Кәсіпорындардан тартылған теңгелік депозиттер бойынша оң нақты пайыз
ставкалары 2002 жылдың қарашасында байқалады: 90 күннен 180 күнге дейінгі
депозиттер бойынша (1,8 жылдық пайыз мөлшерлемесі), 180 күннен 360 күнге
дейінгі депозиттер бойныша (3,2 жылдық пайыз мөлшерлемесі) және 1 жылдан 3
жылға дейінгі депозиттер бойынша (3,2 жылдық пайыз мөлшерлемесі). Теңгемен
салынған депозтиттер арасында нақты депозиттік ставкасы ең жоғарғылары – 3
жылдан астам мерзімге және 1 жылдан 3 жылға дейін салынған депозиттер
боынша тағайындалған (сәйкесінше, 7,9 және 6,2 жылдық пайыз мәлшерлемесі).
Бұл жерден банктердің кәсіпорындардың теңгелік депозиттеріне қатысты
пайыздық саясатын байқауға болады, ал халықтың салымдарына қатысты банктер
өзінің депозиттік базасын ұзақ мерзімді депозиттерге жоғары пайыз
мөлшерлемесін тағайындау арқылы “ұзартуға” ұмтылады.[30.31б]
Республикамызда теңгеде салынған депозиттердің үлесін арттыру үшін
банктер бірнеше шаралар қолданды. Оның үстіне, 1999 жылдың 15 қарашасында
құрылған жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық
кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қайтаруды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес
теңгелік депозиттердің басқаларына қарағанда біршама артықшылықтары
туындады. Қор 2000 жылдан бастап қызметін жүзеге асыруына байланысты,
депозиттерік нарықтағы теңгеде салынған депозиттер үлесі арта бастады.
Қазіргі кезде, халыққа қызмет көрсету нарығында төрт негізгі жүйе
құраушы екінші деңгейдегі банктерді қарастыруға болады. Олардың қатарына
мынадай банктерді жатқызамыз
- Қазақстан Халық Жинақ Банкі;
- Казкоммерцбанк;
- Банк Туран Алем;
- Банк Центр Кредит.
Қаражаттарды тарту және басқа да банктік өнімдерді ұсыну және
қызметтер көрсету аясында да негізінен осы банктер бәсекеге түседі.
Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы екінші деңгейлі банктердің
бәсекелестік үлестерін келесі сурет арқылы бейнелеуге болады.
1-сурет ЕДБ – ң бәсекелестік үлестері
Аталып кеткен банктер стратегиялары бәсекелестердің қаржылық
жағдайына, олардың қызметін жүзеге асыратын нарық сегментіне, клиенттеріне
және басқа да себептерге байланысты ажыратылады.
б) Инвестициялық қызмет нарығы
Инвестиция - өнім немесе қаржы түрінде болашақта кіріс алу мақсатында
ұзақ мерзімді салымдар жасау операциясы болып табылады. Инвестицияның кең
қолданылатын екі түрі бар:
o тікелей инвестиция;
o портфельді инвестиция.
Тікелей инвестиция әр түрлі өндіріс орындарын дамыту, өнім өндіру
саласына қосылатын салымды білдірсе, банктер портфельді инвестицияны
қалайды, бұл негізгі құралы - бағалы қағаз болатын салым.
__________
*АФН деректері
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігі бар.
Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің
ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Ал, тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу
мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен
жүзеге
асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін
біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне
инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат
орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай
бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға
болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.Банктің инвестициялық операция
жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және
коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік
куәліктер).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
1)мемлекеттің бағалы қағаздары;
2)мемлекеттік емес (корпоративтік)бағалы қағаздар;
Векселдермен операциялар дегеніміз - ол банктік қызметтің қажетті
бағдарының бірі. Бүгінгі күнге дейін осы операцияны бірыңғай жүзеге асыру
механизмі болмаған басқа банктік операциялармен салыстырғанда аз дамыған.
Бірақ, 28 сәуір 1997 жылы Қазақстан Республикасының Вексель айналымы
туралы заңы шығып, аудармалы және жай вексельдермен операцияны жүзеге
асыру тәртібі белгіленді.
• Вексельдер айналымы әр түрлі салаларды қамтиды , олар банктік қарызды
ұсыну кезінде банктер мен клиенттер арасмындағы қарым-қатынас, қоғам
мен мемлекет арасындағы қатынас және банк клиенттерінің әр түрлі
тұлғалары арасындағы қатынасын белгілейтін вексельдер қолданылады.
Заңға сәйкес ел территориясында айналымға екі түрлі вексель рұқсат
етілген.
• жай вексельдер;
• аудармалы вексельдер.
Қазақстан Республикасы қаржы агенттігінің лицензиясы негізінде,
екінші деңгелі банктердің вексельдермен келесідей операциялар жүргізу
құқығы бар:
➢ инкассоға вексельдерді қабылдау;
➢ делдалдық тәртіпке вексельдерді акцептеу;
➢ инкассоға қабылданған вексельдер бойынша төлеушіге қызмет көрсету.
Чек - банк клиенттерінің шотынан ақша алушы шотына ақша аудару жөнінде
арнайы бланкте жасалған банк клиентінің банкке берген тапсырысы.
Біздің Республикамызда чекпен есеп айыру Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкімен 1998 ж. 25 желтоқсанда бекітілген № 266 Қазақстан
территориясында чектерді пайдалану ережелерімен реттеледі. Бүгінгі күні
_________________________
* Мақыш С. Банк ісі Оқу құралы, Алматы 2005ж.
Ұлттық банктің жарлығы бойынша тек депонирленген чектерді пайдалану
көзделген.
Қолма –қолсыз есеп айырудың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды
қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан
Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша
массасының негізсіз өнімін қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып
ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік
сипатына қарай төмендегідей 1 кестемен беруге болады.
1 кесте - ҚР мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты
Түрі Шығару мақсаты Орналастыру Айналыс Номинал құны
тәсілі мерзімі
Ұлттық банктің Айналыстағы Аукционсату 7 күннен 90 100 теңге
қысқа мерзімді ақша массасын күнге дейін
нотасы реттеу
Ұлттық банктің Еркін өзгермеліНоталар 35 күн 100АҚШ
арнайы валюталық валюта бағамынапортфелін доллары
нотасы өтуге жинақ зейнет
байланысты ақы қорларымен
жинақ зейнет айырбастау
ақы қорлардың
активтерін
қорғау
Арнайы валюталық жинақ зейнет Мемлекеттік 5 жыл 100АҚШ
мемлекеттік ақы қорлардың облигациялар доллары
облигациялар активтерін портфелін
(АВМЕКАМ) қорғау жинақ зейнет
ақы қорларымен
айырбастау
Мемлекеттің арнайы Ұлттық банкке 10 жыл 1000 теңге
қазынашылық Үкіметтің
міндеттемесі қарызын қайта
(МЕАКАМ) рәсімдеу
Мемлекеттің қысқа Республикалық Аукцион 3,6,9 және 100АҚШ
мерзімді бюджеттің 12 ай доллары
қазынашылық ағымдағы
валюталық тапшылығын
міндеттемесі қаржыландыру
(МЕКАВМ)
Мемлекеттің Республикалық Аукцион 3 ай және 1000 теңге
индексацияланатын бюджеттің одан жоғары
қазынашылық ағымдағы
міндеттемесі тапшылығын
(МЕИКАМ) қаржыландыру
1 кестенің жалғасы
Мемлекеттің қысқа Республикалық Аукцион 3,6,9 және 100 теңге
мерзімді қазыналық бюджеттің 12 ай
міндеттемесі ағымдағы
(МЕККАМ) тапшылығын
қаржыландыру
Мемлекеттің ішкі Республикалық Жазылу жолымен364 күн 1000 теңге
займдық ұлттық бюджеттің
жинақ облигацияларыағымдағы
(ҰЖО) тапшылығын
қаржыландыру
Ескерту - Мақыш С.Б. Банк ісі Алматы 2005ж.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге
бөлінеді:
- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықтаинвесторларға
жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып,
номиналдық құны бойынша өтеледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын
дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай
табыс аласыз:
100-75=25 теңге немесе 25 теңге: 75 теңге (бастапқы салынған
инвестиция) * 100% = 33,3%
Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3% :
91 күн = 0,3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659% * 364 күн =
133,19% тең.
- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс
әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке
дейін төленеді.
- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы
қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт
түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарына жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы
қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты
тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс
төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.[5.126б]
в) Комиссионды-делдалдық қызмет нарығы
Банктің комиссионды-делдалдық қызметіне траст және валюталық
қызметтер жатады. Траст ағылшын тілінен аударғанда сенім деген сөзді
білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты
анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Сонымен, банктің траст қызметі – бұл банктің өз клиенттеріне көрсететін әр
түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитын
мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және
оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз
меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден,
тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын
талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті
басқару қызметтері жатады.
Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар,
үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару
құрайды.
Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссионды сыйақы алады.
Валюта қызметтердің анықтамасын беруден бұрын валюта терминінің
мәніне тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы заңына
(24.12.1996ж.) сәйкес, валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы
ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер
мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар түріндегі
қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-
ақ шоттардағы, слның ішінде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бірліктеріндегі қаражаттары.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік
операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өқілетті
банктер ғана орындай алады. [8.102б]
Ал, енді шетелдік валютада жүргізілген операциялар бойынша
бухгалтерлік есепке алудағы жазбалар бухгалтерлік есепке алу шотында
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген баға бойынша қайта
есептелген қазақстандық теңгеде көрсетілуі тиіс. Бұл орайда шетелдік
валютадағы операция бухгалтерлік есепке алуда бастапқы көрсету үшін
операция жасалған күндегі бағамды қолдану арқылы бағаланады. Операция
жасалған күн жекелеген операция түріне байланысты және қосымша сәйкес
айқындалады. Шетелдік валютадағы операция теңгемен көрсетілген жазбамен
қатар есеп айырысу (төлем) валютасында номиналы бойынша көрсетілуі тиіс. Іс
жүзінде бұл үшін әртүрлі тәсілдер қолдануға болады: мәліметтерді бөлшек
арқылы жазу немесе есепке алу регистрлерінің екінші жиынтығын жүргізу.
Корреспонденттiк қатынасты орнатудағы сынның бiрi банкке
пайда табу болып табылады. Банкаралық қатынастарды жасаудағы пайда
ұстаулармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz