Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесінің тәжірибе жүзінде қолданылуы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1 Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану . . . 6
1. 1 ҚР ның Болон үрдісіне қосылуы . . . 9
1. 2 Болон үрдісінің мақсаты, міндеті, ерекшеліктері . . . 10
1. 3 Кредиттік оқыту жүйесінің ҚР ның білім беру жүйесіндегі маңыздылығы . . . 13
1. 4 Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама . . . 15
2 Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесінің тәжірибе
жүзінде қолданылуы ( В1 деңгейіндегі оқушыларға қойылатын талаптар) . . . 16
Қорытынды . . . 26
Әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Жас ұрпаққа беретін жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса кеміген емес. Оны қоғамның дамуына ықпал етіп қана қоймай, оның сұраныстарын да қамтамасыз ететін әлеуметтік институт деп білуіміз керек. Өйткені, бүгінгі ғаламдық аймаққа шығып кеткен кең ауқымды және жан-жақты мазмұнға ие экономикалық қарым-қатынастар ең алдымен жоғары оқу орындарында кәсіби дайындалған әмбебап мамандарға деген сұранысты қалыптастырып отыр. Мұның өзі жоғары білім беру жүйесін жер жүзіндегі озық ғылым мен техниканың жеткен биігі болып есептелетін “әлемдік стандартқа” талпынуға итермелейді.
Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссабон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын. Осы мәселе негізінде, бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне шет тілін меңгерудегі Еуропалық деңгейлер жүйесін енгізудегі ерекшеліктері мен қатар артықшылықтары мен кемшіліктері де жайлы тілге тиек етпекпін.
Бір үлкен шаңыраққа айналған бұл әлемде ұлтаралық, мәдениаралық қатынастар күннен күнге шекарасын одан әрі кеңейтіп, нығаю үстінде. Осы әлемдік маштабтағы үрдістен қалмай, оған өзінің де үлесін қосам дегендер, елінің болашағын ойлайтын азаматтар әртүрлі тілдерді жан-жақты меңгеруде. Бірақ өзге ұлтпен тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болу үшін сол елдің тек қана тілін меңгеру жеткіліксіз екені атқа таңба салғандай. Сонымен қатар, сол елдің тарихын, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, менталитетін, құндылықтар жүйесін, бір сөзбен айтсақ, мәдениетін білген абзал болар.
Мәдениетаралық компетенция мәселелері жөнінде Н. Н. Васильева, Л. В. Екшембеева, Ж. А. Нұршаихова, Г. С. Суюнова тағы басқа да ғалымдары өз еңбектерінде сөз қозғаған. Құзірет, яғни компетенция, дегеніміз «сөйлеу барысында қолдану мүддесінде тілді үйренген адамның алған білімінің, тілді үйрену барысында қалыптастырған білік-дағдыларының жиынтығы, білімі мен білік-дағдыларын қолдана білу қабілеті» [1, 154 б. ], ал коммуникативтік құзірет «нақты әлеуметтік жағдаятта тілді пайдалану нормаларын білу» дегенді білдіреді [1, 124 б. ] . Осыдан келе мәдениетаралық құзірет ол көп тілдік қоғамда
тек қана меңгеріп жатқан екінші тілдің тілдік заңдарын білумен шектелмейді, сонымен қатар тілді сол елдің мәдениетімен сабақтастырып оқытуды, алған білімін практикада мейлінше дұрыс, объективті қолдана білуді қарастырады.
Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында өрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес символдары халықты және оның сипаттарын, мәдениеттiн, салт-дәстүрін айқын суреттеп береді. Мәдениетаралық компетенция екінші тілді меңгеру барысында үлкен рөл артқарады. Оның қалыптасуы шеттілдік кодты меңгеру мен тұлғаның қоғамға әлеуметтік-мәдени тұрғыдан сіңісуіне тікелей байланысты. Мәдениетаралық компетенция белгілі бір қоғамда жағдай, тақырыпқа байланысты дұрыс, сәйкесінше қабылданатын сөйлеу мәдениеті ретінде қарастырылады.
Мәдениетаралық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде болжауға келетін түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл мәселе оқушыда тілдік және мәдениетаралық компетенцияларды сабақтастыра қалыптастыруды көздеген лингвоәдістемелік міндеттердің шешімін талап етеді. Осы міндеттер екінші тілді меңгеру барысында ұлттық мәдениеттің заңдылықтары мен сөйлеу әрекетінің этномәдениеттік стереотиптерінің қалыптасуын қарастырады [2, 12 б. ] .
Мәдениетаралық коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі, кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктер қарастырылып жатқан ұлттың мiнез-құлығының анық айырмашылығын көрсетеді. Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлықтары шет тiлін және мәдениетін оқып жүргендерге елтану білімінің және мәдениетаралық компетенцияның құрылу факторының бай қайнар көзі болып табылады.
Осыған сәйкес екінші тілді меңгеру барысында оқыту процессінде мәдениетаралық компоненттердің қолданылуы өзекті болып табылады. Бұл мәселе көптеген атақты ғалымдардың еңбектерінде зиялы орын алған. Мысалы, ресейлік лингвистердің айтулары бойынша, мәдениетаралық коммуникация процессінде кездесетін мәселелердің көбі үйреніп жатқан тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігі бар компоненттер туралы білімнің аздығы, сонымен қатар, олардың мән-мағынасын түсінбеу себепкер болады екен.
Өзге тілді игеру барысында «бөгде» тіл мен оның мәдениетін өзінің туған тілі мен мәдениетімен салыстыру қолданылады. Бұл салыстырудың нәтижесінде оқушыға екі ұлттың тек өздеріне тән ерекшеліктері айқын көрінеді. Үлкен коммуникативтік тәжірибе «бөгде» тіл мен оның мәдениетінің айырмашылығын жоққа шығармайды, ал керісінше өзінің туған тілі мен мәдениеті сияқты оның тіршілік ету құқығын мойындайды.
В. И. Карасик бойынша екі мәдениетті салыстырғанда, ең алдымен қарым-қатынастың әрі қарай дамуында маңызды ықпал ететін аксиологиялық ерекшеліктерге, яғни әр ұлттың өзіндік құндылықтарына басты назар аударылады. Мәдени шекараның болуы мәдениетаралық коммуникациясының негізгі себебі. Мәдениералық қарым-қатынасқа түскен әрбір коммуникант өзін және әңгімелесушісін «өзінікі» немесе «бөгде» деп қарастырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні. Күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Оқушыдан дәл осындай тұлғаны қалыптастыру - қазіргі білім саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Мәдениетаралық коммуникацияда коммуникант өзін еркін сезіну үшін ол өзімен қарым-қатынасқа түскен ұлт өкілінің тілімен қатар мәдениетін, салт-дәстүрін, мінез-құлықтарын білу керек. Сондықтан өзге тілді оқыту барысында тілді сол елдің мәдениетімен, ұлттық ерекшеліктері бар компоненттерімен сабақтастырып оқыту нәтижелі көрсеткіштерге әкелетіні анық.
Зерттеудің мақсаты. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде шет тілін меңгерудің маңыздылығын айқындау. Еуропалық шет тілін мегеру деңгейлеріне толық сипаттама беру арқылы осы деңгейлер бойынша оқытудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеу
2. ҚР ның Болон үрдісіне қосылуының ерекшеліктері
3. Болон үрдісінің мақсаты, міндеті, ерекшеліктеріне талдау жасау
4. Кредиттік оқыту жүйесінің ҚР ның білім беру жүйесіндегі маңыздылығы мен шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама беру және тиімділігін көрсету.
Зерттеу нысаны. Орта мектепте шет тілін оқытуды және бағалауды Еуропалық тілді меңгеру жүйесін негізге ала отырып ұйымдастыру.
Зерттеу пәні. Еуропалық тілді меңгеру жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыру әдістемесі.
Зерттеудің жетекші идеясы. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде шет тілін оқытудың басты мақсаты болып табылатын мәдениетаралық компетенцияны қалыптастырудың ең тиімді жолы бола алады.
Зерттеудің теориялық негізінде мәдениетаралық компетенция, инновация, технология, кредиттік жүйе
Зерттеудің практикалық негізі. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыруда Еуропалық деңгейлер жүйесін негізге ала отырып тілді үйренушілерді оқытуда және бағалауда қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
1ТАРАУ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары оқу орны негізінен жақсы білім алған, сондай-ақ, болашақтағы кәсібін білетін оған бейім оқуын жалғастыруға бағытталған жастардың түсуіне мүдделі. Г. И. Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты болады. Жоғары оқу орнына түскен кез келген студентке тиімді білім беру ақпараттық технологиялар негізінде іске аспақ. Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүнииежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің инновацияның даму деңгейімен анықталмақ. Инновация -бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі. «Инновация» термині ғылымға ХIX ғасырда енді, ағылшын тілінен тікелей аудармасы «жаңашылдық», «жаңалық енгізу» деген ұғымды білдіреді. XX ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері аталып көрсетілді. Инновациялық процестің толық түсінігін XX ғасырда экономист И. Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің «жаңа комбинациясын» талдады. 30 жылдары И. Шумпетер, Г. Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап «инновация», «инновациялық процесс», «инновациялық потенциал» терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол-жүйе элементтерінің және әртүрлі сфераларының сапалық және сандық өзгеруі. Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты енгізу деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық тәрбиелеу дегеніміз - жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі таңдағы кейбір жаңалықтар жүйесі - ескінің айналып келуінен немесе өзгеріске түсіп, қайталауынан туған болмыстың сипаты. В. Г. Белинский: «Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып өзгеше сипат беріп, жаңалық ашуға болады» деген болатын. Мысалы, В. Т. Шаталовтың тірек конспектілері педагогикада бұрыннан қолданылып келе жатқанымен, мектептердің қазіргі даму жағдайына байланысты оны «жаңа» бір әдіс-тәсіл ретінде, яғни белгілі бір өзгерістерді өмірге енгізу арқылы мұғалімдердің жұмысында кеңінен пайдалануға болады [3] .
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен елімізде болып жатқан түрлі Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған түрі технология термині. « Технология » ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім,
ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен технология - шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т. б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Ақпараттық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) . Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап өсуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін негізгі ақпараттық технология құрамына қағаз, қауырсын, сия, статистмкалық есеп кітаптары кірді. Коммуникация құжаттарды мекен-жайға бағыттау, жіберу арқылы жасалды. Ғалым М. С. Мәлібекованың ғылыми сараптаған пайымдауларын негізге алатын болсақ, адам баласы орта есеппен 0, 1 парақ бет ақпаратты меңгеріп өңдей алады екен. Болашақ педагог-психолог мамандарды жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Себебі біздің қазіргі өмір сүріп отырған дәуір-ұлан-ғайыр әлеуметтік өзгерістердің дәуірі. Қазіргі кезде оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың мәні көптеген факторлармен айқындалады:
-жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау;
-оқу материалының көлемін арттыруға мүмкідік жасау;
-оқу процесіне ақпараттық технологияларды, қазіргі телекоммуникациялық құралдарды енгізу [4] .
Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың студенттердің білімін көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрондық оқулық немесе жаңа инновациялық оқыту технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын туғызады, ол өз кезегінде оларды сапалы және тұрақты білім алуына жағдай жасайды. Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табылады. «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т. б. топтаушы деген мағынаны береді. Н. В. Клемешова мультимедиа терминін оқу материалының мазмұнына дыбыстық және визуальдық түрде интерактивтік форма беретін, сезімдік қабылдау процестердің тиімді өтуіне қолайлы жағдай туғызатын, студенттердің жеке қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызатын компьютерлік құрал деп түсіндіреді. Мультимедиа бағдарламасында ақпарат үш құрал арқылы -сызба, аудио, видио арқылы беріледі. Оқытудың кез келген түрінің тиімділігі студент пен оқытушының ара-қатынасына, педагогикалық технологиялардың пайдалануына, оқу-мазмұнына, әдістемелік материалдардың құрастырылу деңгейіне тәуелді [5] .
Қазіргі кезеңде әлемдік қоғамдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекет ретінде танып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып қысқа тарихи кезеңде Қазақстан экономикада алдыңғы қатарға шықты, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы анықталды. Қоғамдағы өзгерістер білім жүйесіне де ықпал етті. Білім беру жүйесінің рөлі мен мәні артып, оған үлкен міндеттер жүктеліп, оның қоғам сұранысына сай болуы талап етіліп отыр.
Қазақстанның жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттарын анықтау үшін, жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім берудің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынды. Онда білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандарға берілетін білім сапасын арттыру, оларды кәсіби даярлаудың жаңа бағыттары мен инновациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы, білім беруді және ақпараттық технологияларды жетілдіру мәселелері көрсетіледі.
1. 1 Қазақстан Республикасының Болон үрдісіне қосылуы
Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесіне кіру үдерісі 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясын ендіруден басталды. Осы үдерістің алдындағы Қазақстанның «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына қосылуы, ҚР «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы елімізде кредиттік оқыту жүйесінің ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту технологиясын ендіру және оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясы және жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді қажет етеді [6] . Еліміздің Лиссабон Конвенциясына қол қоюы, Болон үдерісіне қосылуы ұлттық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға әкелді. Бұл заң арқылы Қазақстанда білім берудің жаңа мүмкіндіктері ашылды:
- болашақ мамандарға өздері қалаған жерде білім алу мүмкіндігін беру;
- жоғары білім берудің бағдарламалары мен формаларының оқытудың барлық түрлерінде қолдануы (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқыту, сырттай) ;
- кез келген басқа ұлттық білім беру жүйесімен сәйкес келуі;
- халықаралық сынақ ауысымын жасау мүмкіндігі;
- дипломдардың жалпыевропалық дипломдарға сәйкес келуі [7] .
Болон үдерісі жоғары білім берудің жалпыеуропалық кеңістігін қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешуге тікелей байланысты болып табылады. Зерттеу барысында Болон үдерісі жайлы құжаттармен танысудан оның еуропалық және ресейлік жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге ықпалы туралы еңбектерден кредиттік оқыту жүйесін қабылдауға объективті жағдайлар мен себептердің болғаны анықталды. Бұл елдердің ұлттық білім беру жүйелерінде өзгерістер жасауға жалпы әлемдік беталыстар мен Еуропадағы қалыптасқан жағдайлар себепкер болды.
Кәсіби маман даярлау жүйесінде өзгерістер жасау қажеттігінің себебі барлық дамыған елдердің экономикасындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты болып табылады. Жұмыс берушілер тек жоғары кәсіби білімді маманды ғана емес, жаңаша, түрлі күрделі кәсіби-өндірістік проблемалар туғанда шығармашылықпен шешім қабылдай алатын және мекеменің жұмысына бірден кірісіп кетуге практикалық дағдысы бар, стандартты емес түрде ойлайтын жастарды жұмысқа алуға тырысады. Өндіріспен байланыспаған білім жүйесінің практикалық жұмысқа дағдысы бар маман дайындай алмайтынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ЖОО-ның ғылыммен ықпалдастығы болып табылады.
Алайда қазіргі қоғамда мекемедегі жұмыс маманнан кәсіби білім мен білікке қоса басқа да құзыреттіліктерді: компьютерде үш деңгейде (өңдеушілік, желілік, кәсіби бағдарламалар) жұмыс істей білуді, кемінде бір шет тілін білуді, маркетинг негіздерін, психологиялық әдістемелерді, менеджерлік дағдыларды игеруді талап етеді. Мұның бәрін ЖОО қабырғасындағы болашақ маманның ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында қамту мүмкін емес. Сондықтан студентті болашақ кәсібіне жан-жақты дайындау үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргізу керек. Сол себепті дәстүрлі оқыту формалары мен өмірдің талабы арасындағы алшақтықты, маманның тиімді кәсіби әрекет жасауына қажетті ғылыми білімнің көлемі ұдайы артуы мен мамандардың нақты даярлануы арасындағы алшақтықты жоятын және толыққанды білімді қалыптастыруға, өздік жұмыс пен өзіндік білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқыту жүйесі қажет болды.
1. 2 Болон үрдісінің мақсаты, міндеті, ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz