Түркі тілдерінің жіктелуі



Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім.
1.Түркі тілдерінің жіктелуі.
2.Тілдің жіктелулер жайында жалпы мәлімет.

Әдебиеттер
Кіріспе
Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық. Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бер-мейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды. Төмендегі сөздерді салыстырып көрейік:
қазақша қыз су же- бар- қарын аяқ көз арқа
чуьашша хер шыв си- гур- хырам ура кус суран
қазақша бар тірі арт кір қазан сүт балық балта
чувашша пур чере қыс кер хұран сет пула пурта
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің [мыс, чуваш пен қазақ тілдерінің] туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте кеп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін ғана жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген ру-тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда [Ноғай ордасы мен Өзбек ордасының қүрамында] өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде ортақ белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-фин тілдес тайпалардың орта-сында қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп, қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне байланысты болса керек.
Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау — көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-тырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына байланысты. Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық зерттелінген тілдерге жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта алмаймыз. Тіпті зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған түркі тілдерінің өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық деп айтудың өзі қиын. Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т. б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін, ролі ерекше .
Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе — бірде-бір «таза» тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі ха-лықтарыньщ тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы негізі бір туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Дәлел ретінде өзбек тілін кәрсетуге болады. Өзбек тілі, кеп-шілік тілшілердің пікірінше, түркі тілдерінін, қарлұқ тобына жатады. Бірақ
Әдебиеттер

1.Қайдаров.Ә. Түріктануға кіріспе.-Алматы,2001.
2.Қордабаев.Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999.
3.Исаев.С. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996.
4.Қарабаев.Т. Түркология және қазақ тіл білімі.-Алматы,1998.
5.Аханов.Қ. Тіл білімінің неғіздері.-Алмата,2000.
6. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы., 1992 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
1.Түркі тілдерінің жіктелуі.
2.Тілдің жіктелулер жайында жалпы мәлімет.
Әдебиеттер

Кіріспе
Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол.
Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін
көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық.
Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау
оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің
туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің
барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бер-мейді. Мысалы, түркі тілдері
тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып
қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса
да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
Төмендегі сөздерді салыстырып көрейік:
қазақша қыз су же- бар- қарын аяқ көз арқа
чуьашша хер шыв си- гур- хырам ура кус суран
қазақша бар тірі арт кір қазан сүт балық балта
чувашша пур чере қыс кер хұран сет пула
пурта
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей
тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп
жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті
кейбіреулерінің [мыс, чуваш пен қазақ тілдерінің] туыстық қатынасын анықтау
арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да,
жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де
байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте
кеп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа
тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін
ғана жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген
ру-тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда [Ноғай ордасы мен
Өзбек ордасының қүрамында] өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде
ортақ белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен
Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-
фин тілдес тайпалардың орта-сында қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп,
қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер
арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне
байланысты болса керек.
Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде
іштей бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау — көптен келе жатқан ғылыми
дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-
тырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп,
біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде
болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына
байланысты. Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық
зерттелінген тілдерге жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта
алмаймыз. Тіпті зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған
түркі тілдерінің өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық
деп айтудың өзі қиын. Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т.
б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс
шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін
жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін,
ролі ерекше .
Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе
— бірде-бір таза тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл
кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі ха-
лықтарыньщ тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-
қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз,
дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы
негізі бір туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе
бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
Дәлел ретінде өзбек тілін кәрсетуге болады. Өзбек тілі, кеп-шілік
тілшілердің пікірінше, түркі тілдерінін, қарлұқ тобына жатады. Бірақ
өзбек тілінің құрамына қыпшақ тілдері мен оғыз тілдерінің элементі де аз
емес. Егер жалпыхалықтық өзбек тіліне, оның диалектілік құрамына талдау
жасасақ, онда қарлүқтан басқа көптеген қыпшақ пен оғыз элементтерін
кездестіруге болады. Сондықтан да тілдер аралығында ылғи да болып жата-тын
осындай байланыстың тамырын олардьщ өткендегі
тарихынан іздеген жөн.
Түркі тілдерінің туыстығын қазіргі күнде дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген мәселе. Туыстығымен бірге бұл тілдердің
әрқайсысы бір-бірінен өзіндік [фонетикалық, лексикалық, грамма-тикалық]
ерекшеліктерімен де жіктеледі, бөлінеді. Мәселенің ең қиын жері — олардың
осы ерекнделіктеріне қарай алыс-жақындығын анықтап, топ жасау.
Осы іске алғаш ат салушылар да, оны жалғастырушылар да баршылық. Түркі
тілдерін алғаш классификация жасаған ғалымдардан: И. Н. Березин, Н. И.
Ильминский, В. В. Радлов, Н. А. Аристов, Н. Ф. Қатанов, Ф. Е. Қорш, А. Н.
Самойлович т. б. есімдерін атауға болады. Совет түркологтарынан бұл салада
С. Е. Малов, В. А. Богородицкий, Н. А. Батманов, Н. А. Баскаков, А. Н.
Кононов т. б. еңбектерін шетел түркологтарынан М. Рясянен, И. Бенцинг, Қ.
Г. Менгес, Т. Текин т. б. ға-лымдардың аттарын атауға болады.
(Түркі тілдеріне ең алғаш талдау жасаған ғалым — Махмұд Қашқари. Ол
түркі тілдерін 1) Қашқар қаласынан Жоғарғы Шынға дейінгі аймақты мекендеп
келе жатқан тайпалар тілі, 2) Румға дейінгі жерлерді мекендегеи тайпалар
тілі деп екіге бөліп, олардың фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін
көрсеткен болатын.
Батыс ғалымдарынан алғаш рет [1820 ж.] түркі тілдерін жүйеге келтірген
А. Ремюза болатын [100]. Ол түркі тілдерін: якут группасы [саха тілі],
ұйғыр группасы [ұйғыр, шағатай, түрікмен тілдері], ноғай группасы [Қырым-
Астрахань төңірегіндегі татарлар тілі], қырғыз группасы, түрік группасы деп
беске бөліп қарайды. А. Ремюза өз классификациясында түркі тілдерінде
сөйлейтін халықтардың тұрған жерлері мен олардың тұрмыс-тіршілігінен
қосымша материалдар да берген Дегенмен, бүл жіктеуді түркі тілдерін толық
қамтыған, ғылыми принципке негізделген деп айтуға болмайды. Түркі
тілдерінің классификациясын жасауда отандық орыс ғалымдарының еңбегі зор.
Солардың ішінде В. В. Радлов, Ф. Е. Корш, А. Н. Самойловичтердің жасаған
классификациясының орны бөлекше.
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне сүйене отырып, В. В. Радлов
оларды: 1) шығыс группа, 2) батыс группа, 3) Орта Азия группасы және 4)
оңтүстік группасы деп 4 топқа бөледі [97]. Бұл топтастыруда тілдер дің
орналасу мекенжаиы негізге алынса да, олардың фонетикалық белгілеріне
сүйенген. Мысалы, щығыс группа деп аталатын түркі тілдерінің тобына
Сібірдегі түркі тілдері енген. Олардың негізгі фонетикалық белгісі ретінде
автор: 1) и [і] дыбысының болуын; 2) о дауысты дыбысының өзінен
кейінгі қысқа дауысты дыбыстарға ықпалынын бәсеңдігін; 3) ө дауысты
дыбысының өзінен кейінгі қысқа дауыстыларға күшті ықпал етуін; 4) түбір
сөздердің қатаң дауыссыздардан басталатындығын [бас деудің орнына пас
деуін]; 5) ш, т дыбыстарына аяқталатын түбірге дауысты дыбыстан басталатын
қосымша қосылса, олар ұяңға айналуын [тиш + и — тижи; тут + ар —
тудар}; 6) сез соңындағы қатаң п, қ, к дыбыстар дауысты дыбыс алдында
ұяңдалуын; 7) л дыбысының әрі ұян, әрі қатаң айтылатыь варианттары
болуын; 8) сөз құрамында мұрын жолды дауыссыздар болған жағдайда сөз
басындағы б дыбысы да мұрын жолды дыбысқа айналуын қарастырған. В. В.
Радлов шығыс тобына саха тілін қоспастан, оны жеке тіл ретінде қараған.
Батыс тобына автор Батыс Сібір татарларынын, Еділ татарларының
тілін, сондай-ақ қырғыз, қазақ, башқүрт тілдерін енгізеді. Бүл топтағы
тілдердің фонетикалық ерекшелігі ретінде мыналарды атап керсетеді: 1) сөз
басында қатан дауыссыздардан қ, к, т және п дыбыстары қолданылады [гүн
орнына — күн]; 2) сөз басында ұяң б дыбысы қолданылады [пас орнына —
бас]; 3) сез соңында үнсіз дауыссыздар қолданылады; 4) сөз басында д
дыбысының қолданылуы; 5) сөз соңындағы қатаң дауыссыз дыбыстьщ дауысты
дыбыстың алдында түрып ұяңға айналуы [кітап — кітабі, етік — етігі], 6) сөз
соңындағы т дыбысы дауысты дыбыстан басталған қосымша алдында өзінің
қатаңдық қасиетін сақтайды, 7) л [жуан] л [жіңішке] дыбыстарын ажыратады;
8) с, з, ш дыбыстары сөздің барлық позициясында қолданылады; 9) с ш, ч ш,
ч ц дыбыстарының сәйкес келуі (қырғызша таш, қазақша тас; чай; қасымов
татарлары тілінде цай); 10) э и., ө ү, о у дыбыстарының өзара сәйкес келуі
[қырғызша қол, татарша құл] т. б.
В. В. Радлов Орта Азия_тобына өзбек және ұйғыр тілдерін жатқызады да,
ола"рдыц мынадай ерекшелігіи кәрсетеді:1) еріндік о, ө дыбыстары түбір
сөздін бірін-ші буыкында қолданылады; 2) ы және и(і) дыбыстары өзгеріске
ұшырайды; 3) сез соңында ұяң дауыссыздар қолданылады; 4) сөз соңындағы -ығ
көрсеткіші -ық вариантымен ауыстырылады [үйғырша сериқ, өзбекше сорық]; 5)
етістіктіқ түбіріндегі қ, п қатаңдары дауысты дыбыстың алдында тұрып
ұяңдамайды [қырғызша чығат орнына чықады], 6) л және Л дыбыстарының
конвергенциясы байқалады т. б. Осы группа ішінде та-раншы тілін [Құлжа, Іле
өлкесін мекендеген түркі халқының тілін] жеке топ етіп береді. Шын
мәнісінде, та раншылар да — ұйғырлар.
Төртінші етіп оңтүстік топты көрсеткен. Бұл топтың құрамына түрікмен,
әзірбайжан, оңтүстік және Қырым татарларының кей говорларын қосқан.
Бұлардың өзіндік белгілері ретінде: 1) ө, о дауыстылары тек бірінші
буында ғана қолданылады; 2) ы және и (і) дыбыстары бір-бірінен ажыратылады;
3) қосымшалардағы қысаң дауыстылар еріндік дауыстыларға айналады; 4) кірме
сөздер өте көп болғандықтан дауысты дыбыстардың буын үндесуі
[сингармонизм] толық сакталынбайды; 5) сөз басында д, г дыбыстары көп
қолданылады; 6) сөз соңында ч және т дыбыстары өзінен кейін келген дауыс-
тылардың ықпалымен дж және д-ға өтеді [түрікменше ач + ыаджы, эт +
ередер] деп көрсетеді.
Академик Ф. Корштың жіктеуі түркі тілдерінің әрі фонетикалық, әрі
морфологиялық ерекшеліктеріне негізделіп жасалған [61, 76]. Ол
топтастырудың фонетикалық белгісі ретінде ғ, г дыбыстарының екі түрлі
қолданылу ерекшелігіне сүйенген: 1) ашық дауысты дыбыстардан кейін ғ және у
дыбыстарының орын алмасу мүмкіндігі [тағ—тау]; 2) қосымшалардың басында не
қысаң дауыстыдан кейін сөз соңында г, ғ дыбыстарының қолданылуы не
қолданылмауы [-ған,-ан, қалғанқа-лан, сарығсары].
Морфологиялық ерекшелігі ретінде: а) көсемшенің -а, -е, -й формасы мен
қалып етістігінің тіркесуі арқылы осы шақтық мағына беруін, ә) есімшенің -р
формасыньщ қолданылуын [келурмен] негіз еткен. Осы екі белгіге
[фонетикалық, морфологиялық] сүйене отырып, Ф. Корш түркі тілдерін төрт
топқа белген.
1. Солтүстік тобы. Түркі тілдерінің бұл тобына алтай [ойрат], қырғыз,
қарачай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т. б. тілдерді енгізген. Бұл топтағы
түркі тілдері тағ сәзінің соңындағы ғ дыбысын у дыбысына алмастырып [тау],
осының негізінде созылыңқы айтумен ерекшеленеді. Яғни тағ—тау—тоо
[қырғызша] туу [чувашша].Бұл топтағы тілдерде қосымшалар басындағы -ғ
дыбысы сақталынған [қалған, қалан емес], бірақ түбір соңында қысаң
дауыстыдан соң ғ түсіріліп айтылады [сарығ орнына сары]. Осы шақтық мағына
көсемшенін –а-е, -й қосымшалары мен қалып етістігі арқылы жасалатын
аналитикалық формамен [келе турурмен] беріледі.
II. Батыс тобы. Түркі тілінің бұл тобына автор түрікмен, түрік,
әзірбайжан, гагауыз т. б. тілдерін енгізген. Бұл тілдер қосымша басындағы ғ
дыбысын жоғалтқан [қалан] болса да, сөз соқындағы ғ дыбысын [тау орнына
тағ] сақтап қалған. Сондай-ақ, қысаң дауысты дыбыстардан соң түбір соңында
ғ сақталынбаған [са-ры]. Осы шақ мағынасы — р аффиксінің қосылуы арқылы
жасалады.
III. Шығыс тобы. Бұл топқа автор көне орхон, көне ұйғыр, шағатай,
қыпшақ [половец], қарағас т. б. тілдерді қосады. Бұл тілдерде сөз соңында ғ
дыбысы сақталып [тағ], қосымшалары ғ-дан басталады [қалған]; сөз соңындағы
қысаң дауыстылардан кейін де ғ қолданылады [сарығ]. Осы шақ мағынасы, -р
қосымшасы арқылы беріледі [келүрмен] т. б.
IV. Аралас топ. Бұл топқа автор жоғарыдағы тілдер мен байланысы жоқ
саха, чуваш және Орта Азиядағы халықтардың кей тілдерін жатқызған.
В. В. Радлов пен Ф. Корштың жіктеуі түркі тілдерін топқа бөлу кейінгі
ғалымдарға тигізген көмегі қанша мол болса, кемшілігі де аз болған жоқ.
Мысалы, В. В Радловтың классификациясы түркі тілдерінің фонетика лық
ерекшелігіне негізделсе де, ол ерекшеліктер толық көрсетілмеді. Батыс
тобының негізгі ерекшелігі ретінде сөз басында қ, к, т дыбыстарының
қолданылуы жәнс с, з, ш дыбыстарының буын талғамауы кәрсетілген. Бірақ
бүл қасиет тек батыс топтарына ғана емес, басқа топтарға [оңтүстік, Орта
Азиядағы тілдерге де] тән қасиет. Сондай-ақ, о, е дыбыстарының, сөздін
бірінші буынында қолданылуы Орта Азия түркі тілдері тобынын және
сонымен бірге, оңтүстік түркі тілдерінің ерекшелігі деп берілген. Ф. Корш
үстанған принцкп те түркі тілдерінің ерекшеліктерін толық қамти алмады.
Түркі тілдерінің езіндік ерекшелігін кеңінен қамтуға әрекет еткен
топтауын А. Н. Самойлович жасады . Академик А. Н. Самойлович Радлов пен
Корштың топқа бөлуін қостай отырып, оған азын-аулақ езгеріс енгізеді. Ол
түркі тілдеріндегі алты [тоғыз, аяқ, бол, тау, сары, қалған] сөздің
фонетикалық, морфологиялық белгісіне қарай отырып, оларды алты топқа
бөледі.
1. Р — тобы немесе бұлғар, чуваш тобы. Бүлар мынадай ерекшеліктерге
ие: тохор, ура, пул, тауту, сари, қалан түрінде айту. Бұл топқа көне
бұлғар тілі мен қа-зіргі чуваш тілдері енеді.
II. Д — ұйғыр немесе солтүстік-шығыс тілдері. Олардың негізгі
ерекшеліктері: тоқуз, адақазақ, пол, тағ сариғ, щалған. Бірақ автор бұл
топтағы тілдерді іштей тағы үш топқа бөледі: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауысты дыбыстар жүйесі
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Дауыстылар жүйесі
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Түркі тілдерінің жіктелуі туралы
Түркі тілдерінің классификациясы
Қазақ тілі фонетикасы
Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер