Компьютердің аппараттық құралдары



1964 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын — арифмометрді құрастырды (4-сурет). Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарында орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытга орыс өнер тапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды (4-сурет).
Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.
Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
1833 ЖЫЛЫ ол бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады (5-сурет). Бұл машиада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналғап жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген бағдарлама бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды
(5-сурет). Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте

КОМПЬЮТЕРДІҢ АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1964 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып,
өзінің механикалық есептеу машинасын — арифмометрді құрастырды (4-сурет).
Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал
күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту,

тіпті квадрат түбірін табу
амалдарында орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді.
Бұл бағытга орыс өнер тапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті.
Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды
(4-сурет).
Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру
құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер
тізбегін анықтап басқарады.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш
техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша
адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай
алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді,
сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
6-

7-сурет. Холлерит машинасы.
1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын
жасады (5-сурет). Бұл машиада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі
құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналғап жад,
жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген
бағдарлама бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы,
деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды
(5-сурет). Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте
күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге
асыра алмады. Басқару бағдарламасы перфо карта деп аталған қатырма
қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Дүние
жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада
Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп саналады.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық
машина құрастырды (6-сурет). Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес,
сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.
Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды
және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та
жүргізілген халық санағының құжаттарын өндеуге пайдаланылды. Өз машинасының
көмегімен Холлерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш
жылда орындап шықты.
Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың
негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ
фирмасына айналды.
Біздің ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. Электр
механикалық реле — екі қосылған және ажыратылған (өшірілген) позициялары
бар ауыстырып қосқыш. Оның бұл қасиеті ақпаратты кодтауда екілік кодты
пайдалануға мүмкіндік берді.
1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарнард университетінде
бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге
негізделген Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды (7-сурет).
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады.
Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі — ол бір-ақ адам жұмыс істеуге
арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында
ұқсастық та бар. Бұл тарауда біз дербес компьютер қандай құрылғылардан
тұратынын, яғни дербес ЭЕМ-ның архитектурасын және олардың жұмыс істеу
принциптерін қарастырамыз.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады
(1-сурет). Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды — бұлар монитор, жүйелік
блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа
құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс
істей алады.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажыратып-
қосқыштар арқылы байланыстырғыш баулармен (шнур) өзара жалғастырылады (5-
сурет).
Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы 2-суретте
көрсетілген. Блок-схемадан көріп отырғандай, дербес
монитор
жүйелік блок

мудьтимедиа колонкасы пернетақта маус

1-сурет. Қазіргі дербес компъютердің негізгі құрылғылары.

компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары
болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т.б. Әрбір
сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар — адаптер немесе
контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей
контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы т.с.с. жалғасады.
Контроллер немесе адаптердің міндеті — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтердің негізгі құрылымы
Қалыптардың басқару элементтері
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Ақпараттық технологиялар
Есептеу жүйесі. ДК архитектурасы
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
Компьютермен оқытудың негіздері
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
Операциялық жүйелер туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫ
Пәндер