Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде



Кіріспе

1. Заң психологиясы . психология ғылымының бір саласы ретінде
2. Заң психологиясының пәні
3. Заң психологиясының міндеттері
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер
5. Заң психологиясының жүйесі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Заң психологиясы
Жоспар:
Кіріспе
1. Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
2. Заң психологиясының пәні
3. Заң психологиясының міндеттері
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер
5. Заң психологиясының жүйесі
Қорытынды
Кіріспе
Құқық қорғау қызметінің мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу тарихы
жүздеген жылдарды қамтиды. Ол сот өндірісі мәселесі мен Сот психологиясы
атауынан бастау алады. Мұндай жағдай Заң психологиясы ғылымы пайда
болғанға дейін, атап айтқанда 70-жылдарға дейін сақталып келді. Бұл ғылым
саласының атауының өзгеруі оның пәніне жаңаша қарауды талап етті. Қоғамды
құқықтық тәрбиелеудің, заңдылықты нығайтудың, құқық қорғау органдарының
кадрларымен жұмыс істеу және оларды басқарудың, сотталғандардың түзелуінің
психологиялық мәселелерін зерттеу басталды.
Қазіргі уақытта психологиялық ғылым едәуір түрде дамып, адамдар қызметінің
барлық салаларына енді. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдары мен лауазымды
тұлғалардың жұмысын жетілдіру үшін де қолданылады.
Заңгердің психологиялық мәдениеті қарым-қатынастың жоғары мәдениетін
қамтамасыз ететін психологиялық білім, тәжірибелер мен әдістердің дамыған
жүйесінің заңгерлерде болуын талап етеді. Психологиялық мәдениет заң
саласындағы қызметтердің тиімділігін арттыруға әсер етеді.
Бұл жұмыстың өзектілігін дәлеледеп, заң психологиясы тақырыбын ашу үшін
мынадай мақсаттар қойылады:
* Заң психологиясын психология ғылымының бір саласы ретінде қарастыру;
* Заң психологиясының пәнін, әдістерін, міндеттері мен жүйесін ашу.
1. Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Психология – адамдардың психикалық қызметінің заңдылықтары мен
механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология термині гректің психе (жан),
логос (ғылым) деген сөздерінен шыққан, яғни адамның ішкі,
субъективті әлемі туралы ғылым болып табылады. Психология ұзақ уақыт бойы
философияның құрамдас бөлігі болып келді және тек XIX ғасырдың ортасында
ғана жеке ғылым саласы болып бөлінді. Қазіргі уақытта психология күрделі
және көп тармақты ғылым саласына айналды. Психикалық қызметтің жалпы
заңдылықтарын қарастыратын жалпы психологиядан басқа психологияның жеке
және қосымша салалары бар. Нақты қызмет түрлерімен айналысатын адамдардың
психикасының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін қосымша салаларына
мыналар жатады: еңбек психологиясы, оның ішінде жекелеген бөлімдері –
инженерлік, авиациялық, ғарыш психологиясы, тану психологиясы,
педагогикалық, әскери психология және заң психологиясы.
Заң психологиясы ғылымның әр түрлі салаларының белгілерін қамтиды және ол
психологияға да, заңтануға да тиесілі болып табылады. Заң психологиясы
қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, т.б. әр түрлі құқықтық
қатынастардың салаларындағы адамдардың психикасының заңдылықтарын
зерттейді.
2. Заң психологиясының пәні
Қазіргі уақытта ғылымның дамуы 2 жағдайда қарастырылады: бір жағынан,
ғылымдардың өзара бір-бірінен ерекшеленуінен көрінсе, екінші жағынан,
салалардың өзара араласуынан, интеграциясынан көрінеді. Бұл процесс
ғылымның жаңа саласының пайда болуына алып келеді. Міне, заң психологиясы
да психологиялық және құқықтық ғылымдардың араласуы, бірігуінен пайда
болған.
Кез - келген ғылым саласының пәні болады, ол пән ретінде осы ғылым саласы
зерттейтін қатынастар болады. Заң психологиясының пәні болып құқық
әрекетінің саласында пайда болатын психикалық құбылыстар, механизмдер,
заңдылықтар табылады.
3. Заң психологиясының міндеттері
Қоғамдағы адам өмірі көптеген жазылған және жазылмаған нормаларға
тәуелді. Қоғамның негізгі міндеті- өмір сүріп отырған қоғам талап етіп
отырған мінез – құлық нормалары мен үлгілеріне сай жеке адамды
қалыптастыру. Заң психологиясы психология мен заңтануды біріктірген
қолданбалы білім саласы болып табылады. Заң психологиясы пән ретінде заң
аясында пайда болған психикалық құбылыстардың даму заңдылықтарын үйрету
болып табылады. Заң психологиясы ғылым ретінде өзінің алдына біршама
міндеттер қояды. Оларды жеке және жалпы деп топтастыруға болады.
Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерге синтез
жасау. Заң категорияларының іргелі психологиялық мәнін ашу болып табылады.
Жеке міндеттеріне:
1. заң нормаларының тиімділігінің психологиялық шарттарын зерттеу;
2. қылмыскерді психологиялық тұрғыдан зерттеу, қылмыстық мінез –
құлықтың мотивтерін ашу;
3. қылмыстың алдын алудың қоғамдық психологиялық негізін әзірлеу;
4. түрлі заң қорғау іс - әрекетінің психологиялық заңдылықтарын зерттеу
(тергеушінің,прокурордың, судьяның т.б.);
5. түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың түзету мен қайта тәрбиелеу
шараларының психологиялық заңдылықтарын зерттеу;
6. заң орындары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруда, ұсыныстар
әзірлеу.
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер
Әрбір ғылымда пәніне және ғылыми зерттеу әдістеріне қатысты өзіндік
талаптар болады: оқыту құбылысы өзіндік ортасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психологияның даму тарихы
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Қазіргі психологияның міндеттері
Заң психологиясының даму тарихы
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Психология ғылымының салалары
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Пәндер